Сөз сыры, сөйлем дәмі.

Қандай сөздің болмасын қолдану орнына байланысты сөйлем дәмі өзгеріп отырмақ. Тағамды дәмінен бұрын исін білсең сонда нені ауызға алатыныңды ескеріп дайындаласың. Сол сияқты сөздіңде өз орнымен айтылмаса немесе ұғынбаса сөйлемніңде дәмі кетіп мәніде болмас. Құран сүрелерінің басында сондықтанда көп жағдайда «Әліф лам мим» деп ескерткен. Яғни сөз мағынасын астарын зертте деген үкім. «Олар сөзді зертемей ме? Немесе пайғамбарларын танымады ма?» (23- 69) Құран аяттарындағы сөздерді зертеу үшін әрине сандық мәндерімен қай сүреде қандай орында және нені насихаттайтынын ескере отыра сөз орындары арқылы әр ел өз пайғамбарларын және өздеріне тиісті үкім, шараларды анықтау керек. «Сол уақытты еске ал! Ыбырайымды Раббы сөздермен сынады. Сонда ол, оларды толық орындады. Алла: «Әрине сені адамдарға басшы қыламын» деді. Ол: «Ұрпақтарымды ете көр!»- деді. Алла: (ұрпақтарыңнан) залымдар сертіме жете алмайды» деді» (2-124) Ыбырайым атамыздың сөз сынағы түспен көрсетіліп сол сынақтарды мүлтіксіз орындау арқылы Алланың сүйікті құлына айналды. Олай болса сөз сынығының нәтижесі түсте, аянда, уахида болып сандық мәні 124-Әлиф-лам-мим. Сондықтан құранда 83 сүреде осы белгі бар. Яғни көкпен жермен байланысты 83 белгі жіп бар. Ең ұзыны және алғашқысы демек құлшықтың соңғы нәтижесі Бақара сүресіне жалғану яғни Әлиф-жер; лам-орта; мим-көк-үн! Сондықтан тақуалықтың дін сынағының нәтижесі; яғни Алла тағала ризашылығын алу тек сөз сынағынан өткендерге сөз жұмбағын шеше білгендерге ғана берілетін сый болмақ. Ол сынақ негізінен әрбір пендесіне ортақ несібе аян, түс арқылы беріліп отырған. Әрбір елдің үндерінің, сөздерінің, тұрмыстық тұтыну бұйымдарының ерекшелігіне қарай жол-жобалары болып, сол уахимен берілетін жобаларды яғни сөз құпиясын шешетін өз іштерінен елшілер жіберіп, хикметтер беріп тағайындап отырады. Сол құпияның атын пайғамбарлар қисасында «түс» деп атаған. Жоғарыдан түседі деген ұғымды ескртеді. Кітаптар түскеннен кейін сөз құпиясын шешуді «Әліф ләм мим» деп ескертіп, ал білімін аян, уақи арқылы үйретеді. Оған дәлел аятта: «Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.(76) Раббым маған патшалық бердің және түстердің жоруын үйреттің. Көктер мен жердің жаратушысы, Сен дүние, ахиретте иемсің. Мені бой ұсынған күйде өлтіріп , игілерге қос!» (Юсып-101) Демек бүкіл тылсым кілтінің баспалдағы түс көру қасиетіне байланысты болса, ал сол қасиет сөз қадірін меңгерген адам баласына беріліп отырады. Ана тіліне деген мейрім, анаға құрмет. Ал сол сөз қадірін меңгермегендердің аяттарға қарсылық білдірушілер болып, жүректері мөрленіп сонан көктік несібелері аяндары тоқтап, тек кітап іліміне жүгініп «ой жорушылар», шерік қатушылар немесе залымдар деп аталады. Нұрдың бір сипаты көркем сөз болса, ал адамның хайуаннан бөліп тұратын тек көркем сөз ғана. Абай атамыз: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық деп білерсің. Залымдық адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады. Бұлардың емі, халқына махаббат, халық ғаламға шапқат, қайраты тұрлаулы, ғадәләт ісінің алды- арты байқарлық білімі, ғылымы болсын.» Әрбір істің алды да арты салт- дәстүр деген ғылымда жазулы, ол да ғасырлар бойы Алла тарапынан берілген дәлелдерге мән беріп, түсініп жинаған халқымыздың қазынасы деп біліңіз. Сондықтан құранда залым сөзі кездессе Алла тарапынан түскен дәлелге мойын ұсынбаған жандар деп қабылдаңыз. Барлық жаратылған нәрселер ішінде тек адам баласында ғана ерекше белгі және ескерту берілген аятта; «Мен сендерге бір тіл екі ерін жараттым сондада түсінбейсіңдерме» деп ескерткен жаратушымыз. Демек түсінік тек ана тілінде ғана қалыптасады. Тек ерекше белгімен қасиетімен берілген, әуелі арап сосын қазақ болып өмірге келген жандар ғана екі тілді меңгерген. Оларды әулие немесе сопы ғалым деп хазірет атағын берген. Сөз сынағынан өткен адам баласына енді түстердің жоруын үйрету үшін түстермен сынайды. «Оны бір мұлайым бір ұлмен қуантық.(101) Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, қөзқарасың не?-деді. Ол; Әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, соны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың-деді. (102) Біз оған; «Әй Ыбырайым!»,-деп дыбыстадық: (104) Рас түсіңді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз. (105) Шын мәнінде бұл бір ашық сынау еді. (106)» (Саффат) Ілімді адамның басты бірінші белгісі, түс арқылы сөздердің құпиясына жауап ала біледі. Екінші белгісі түс арқылы болатын уақиға құбылысқа жауап алады. Қазіргі таңда дін танушыны түс көру қабілетімен анықтамақ түгіл, тарихатшылардан бастап жалпы мен танитын дінші аты мүлдем қарсы. Демек олар Ибрагим пайғамбарымыздан бастап, бар пайғамбарға иман келтірмеген болып есептеледі, онда залымдар қатарынан табылады. «Егер адассам шын мәнінде адасуым өз зияныма болады. Ал егерде тура жолда болсам, сонда ол, Раббымның уахи еткенімен болады. Күдіксіз Ол, толық естуші аса жақын-де» (34-50) Тура жолда болу тек уахи, бата арқылы өліктермен сөйлесу арқылы мүмкін болмақ. Уахи жоғарғы санамен байланыс құралы. Енді сәл шегініс жасап, осы аятты тексеріп көрейік. Егерде құранда бос сөз болмаса әр сөздің өлшемі бар, онда салмағы да бар. «Алла өте биік және жоғары оған дейін Жәбірейіл періште сендердің күн санауларыңмен 50 мың жылда ал Алланың қасында бір күнде оған көтеріледі» деп ескерткен аятта. Ал жоғарғыдағы аятта; «Ол, Рабб өте жақын толық естуші және уахи береді де тура жолды көрсетеді.». «Сол уақытта Алла, оларды саған түсіңде аз көрсеткен еді. Егер оларды саған көп көрсетсе еді, әлбетте қорқар едіңдер де, әрине іс жайында тартысар едіңдер. Бірақ Алла құтқарады. Расында Ол, көңілдегілерді толық білуші. (43) Сол уақытта сендер жаумен кездескен кезде оларды көздерінде аз көрсетіп, олардың көздерінде азайтуда еді. Бүкіл істер Аллаға қайтарылады.» (8-44) Бұл аяттардың сырына үңілсек түспен көрсетудіңде үш түрлі ерекшелік қасиеті туралы мағлұмат берілген және түспен істерді көрсетеді де, адам баласының күндізгі көру ерекшелігі де сол көрген түстерге байланысты екенін білдіреді. «Қорықанға қос көрінеді» немесе «Көзіңді шел басты ма?» деген қазақта осы аятқа байланысты. Енді бұл құпияға толық түсініктеме беру үшін жан, жын туралы толық мағлұмат беріп алдағы басылымда қайта ораламыз. Ал уахи есту қабілетіне байланысты және оның да адам баласының дінді меңгеру дәрежесіне қарай 3 сатыдан тұрады. Негізіне құранда барлық мағлұматарды «түсірген» немесе көрсеткен, білдірілген деп ескертеді. Жалпы Раббынан келген түс атаулыны аян деп атаймыз. Түс негізінен істердің нәтижесі болып, ал уахи сөздердің құпия көрністері және сызықтық әртүрлі бейнелік белгі түрінде де болады. Сондықтан әзірше тек екі белгімен түсті ашық және жабық деп белгілегеніміз абзал. Болашақта аян болса құпия деп, себебі екі белгінің қосындысы немесе үш белгінің қосындысы болып, түс болса ашық деп ұғамыз. Аян ерекше көрніс құпиямен көрінеді. «Сол уақытта Юсып әкесіне; «Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім»-деді. (4) «Әй балақайым! Түсіңді туыстарыңа айтпа! Саған бір айлакерлік жасар. Расында шайтан адам баласына ашық дұшпан» деді. (5) «Міне осылайша Раббың сені ұнатады. Саған түстердің жоруын үйретеді. Бұрынғы аталарың Ыбырайым, Ысхақтарға нығметтерін тамамдағандай саған және Яғқып ұрпағына нығметін толықтастырды. Шәксіз Раббың толық білуші хикмет иесі» (Юсып-6) Негізінен түстердің жалпы 13 сатысы дәрежесі болып оның жоруын Рабысы үйретеді, сол білімді сынақ деп атайды. Құран аяттарында «Біз» деген ұғым сөз жиі кездеседі, бірақ оған дін танушылардың берген жауабы немесе тәпсірі жоқ. Аятта; «Расында әйел одан ой қылды. Егер Рабының дәлелін көрмесе, Юсып та одан ой қылған болар еді. Юсыптан жамандық арсыздықты бұруымыз үшін өсттік. Өйткені, ол ықыласты құлдарымыздан еді.» (Юсып-24) Бұл аятағы дәлелдің көрінуі түс немесе уахи болып берілген ескерту бата болуы мүмкін. Себебі аятың мәніндегі 24-санын Алла тағаланың жаратқан нұрына қосылып жер бетінде шапағатшылық қызметке тұрған яғни сол нұр мен аралық жалғастырушы бүкіл тіршілік иелерін «Біз» деп атайды. Сол жаратылыс иелері Алла тағала тарапынан қасынан орын алған болса «Бір» деп, бір Аллаға ғана құлшылық ету деп, төрт кітапқа, періштелерге, пайғамбарларға иман келтіру сол бүкіл жаратылыс заңдылығын біліп, құлшылық істерді соған лайықтау болып есептеледі.