Ахирет қақпасы белгісі – Ажал. Өмір тозақтан бастау алады. Өмір тозақтан бастау алады.

Ұйқы, ұзақ ұйқы, естен тану белгілерінің бәрін кіші өлім деп аталып, ал жанның толық шығу болмысын Ажал деп – атайды. Ажалдың белгілеген орындаушысы бар. Және сипаттары да адамзат тіршілік ету нәтижесіне байланысты болатын құбылыс. «Ақыры олардың әрбіріне өлім келген сәтте – Раббым! Мені дүниеге қайтар! Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы ғамал істермін, әсте олай емес. Рас бұл оның бір айтқан бос сөзі. өйткені олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар» (Мұминұн 99-100) Өлім қайталанатын болса, ал қартайып өз еркімен өмірден озуды ақ өлім деп атайды. Кенеттен келетін бір себептен пайда болатын өлім түрін ажал деп атайды. Яғни адамның жанының екінші жағдайға басқа дүниеге еріксіз өту кезеңі. Адам қараңғылықтан ана құрсағынан білмейтін өмірден екінші бір білетін өмірге өтсе, оның да өзіндік қиындығы, қатері бар. Қайта ана құрсағына өте алмайды, өткісі де жоқ. Таза өмір сүрген адам да сол сияқты қайта жер бетіне келгісі жоқ. Күнәкарлар, тозақтық жандар ғана сұранады. Адам жаны үшін жер беті өмірі қараңғылық. Келесі жиілікке өткенде түсінде көрсеткеннен мыңдаған есе бүкіл өмірін және болашағын көреді. «Оларды жинайтын күні (дүниеде) күндіз бір-ақ сағат тұрғандай болып, олар бірін-бірі таниды. Аллаға жолығуды жасынға шығарып, тура жолға түспеген дер зиянға ұшырайды» (Юныс-5) «Расында алғашқы рет жаратқанымыздай бізге жалғыз-жалғыз келдіңдер. Сендерге берген нәрселерімізді арт жақтарыңа тастадыңдар. Сондай-ақ қолдаушы болады деп ойлаған серіктеріңді сендермен бірге көре алмаймын. әрине араларыңдағы байланыс үзілді. Ол ойлаған нәрселерің сендерден жым-жылас болды». (Әнғам – 94) Ажалдың да есебі бар. Сондықтан бұл құбылысты толық түсіну үшін тән және жан ғылымын зерделеп көрсек. Өлім тек жанға байланысты қолданылатын ұғым болса. Ажал тәннің жаннан жыннан (кісі) ажырау мезет белгісі.Әрбір ажалдың келуі пенденің көрінбейтін жан сарайының көлеңкесіне тәуелді. «Раббың көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе? Егер қаласа, оны тұрақты қылар еді. Сосын күнді көлеңкеге бір дәлел қылдық (45). Сосын ұзын көлеңкені өз жағымызға қалай алдық». (46). Адам затының үш түрлі көлеңкесі бар. Ең тұрақты көлеңке түс мезгіл яғни жастық шағың қызу жан жаққа түседі. Балалық шақ пен кәрілік шақ көлеңкесінің ұзын кезі. Екеуі де қауіпті. Ең қауіптісі екінді мезгілінен бастап. Сол көлеңкеңді ұстап тұру тәннің қалыпты нұрыңа байланысты. Нұрың түгесілсе көлеңкең ұзарып ажырап ажал жетер.(Көлеңке ұғымы пендеге ақиреттен берілген есту, көру «кісі» қасиеттері.) Тән қуаты қалыпты болса жан көлеңкесі үнемі қысқарып отырады, яғни ұзын жағы ахиретке өтіп отырады. Адам баласына сол көлеңкені үнемі өсіріп белгілі берілген санға жеткізу сол алға жіберген несібесі, ахирет азығы деп аталады. Әзірше құран тілімен көлеңке деп атасақ негізінен пенде баласынан шығатын белгілі жазулық сипаттағы жарық.

Қазақта «Жарығы түгесілген» — деген сөз ажалы жеткенде. Жалпы ажал немесе өлім айқындық мерзімі 3 күн болып белгіленген. Аятта: «Сонда да олар оны өлтіріп тастады. «Жұрттарыңда үш күн бойы жасай тұрыңдар. Бұл өтіріксінуге болмайтын уәде» деді. (Һұд – 65) Қайтыс болған адамды 3 күн түнетіп жерлеу қазақ дәстүрі сол көктен келетін үкім уақытына «уәдеге» байланысты. Жан сарайының түсіне түріне тәуелді. «Әй, адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң сонда оған жолығасың. Ал енді кімнің дәптері оңынан тек берілсе, сонда ол дереу жеңіл есеппен есептеледі. Ол үй-ішіне қуанып қайтады. Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе сонда ол дереу өлім шақырады». (Іншиқақ – 6-11) Жоғарғыда ескерткендей әрбір ұйқы кезінде адам жаны есептен өтіп отырады да демек белгілі бір тербеліс жиілігін алып отырады. Өзгерістер алып тұрады. Артқы жағы теріс қараша өріске толған адам жаны «Мизан» өлшемді өрісін ала алмайды, яғни несібесі жарығы таусылады. Яғни пенде баласының артқы бөлігінде қараңғылықтың пайда болуын дәптері артынан келген деп ескрткен аятта. Оған енді «ажал» яғни ыдырататын сәуле келеді. «Негізінде ол әсте Аллаға қайтпаймын деп, ойлады. Олай емес Расында Раббы оны көздеуде еді». (Іншиқақ -14,15) Ол өлім періштесі, «Өлім есірігі» деген құранда. «Жүректерінде дерті барлардың, саған өзін өлім есірігі басқанның қарауынша қарағанын көресің». (Мұхаммед – 20) «Жақын жерден бір айғайшының шақыратын күніне құлақ сал (41). Олар ол ащы дауысты анық естиді. Ол, (жан) шығатын күн» (Қаф – 37)

Өлім есірігі тек үкім түскен адамдарға белгілі жиілікте діріл болып сезіледі. Оны тауық, есек, ит, жылқы ескертеді. Әрине өлім есірігі бірінші жүрекке енеді, содан соң адамның көзқарасы өзгеріп аласұра бастайды. «Өлім есірігі шындықты келтірді. Одан қашушы едің» (Қаф – 19). Ол шындық періштесі түтінсіз жалын немесе « Әзірейіл» деп атаймыз.

«Жылқыларды, қашырларды, есектерді мінулерің әрі әрі зейнет үшін жаратты. Тағы сендер білмейтін нәрселерді жаратады».(83) «Зейнет» (нұр) адам ғұмырының нәтижесі болып жанмен бірге өседі. Ажал көлігі үшеу. Және олармен бірге орындаушылар да бірге болуы керек. Оларды біз пенде баласы көре алмаймыз. Тек қана жануарлар көреді. Өздерінің екінші бөлігін естиді де есек ақырады, жылқы кісінейді, қашыр азынайды. Ал жан ал жан жұтқыншаққа келген кезде не болады? «Сол уақытта сендер қарап қалсаңдар (84) негізінде ол өліп бара жатқанға біз жақынырақпыз. Сендер көрмейсіңдер. (85) Ал сонда егер жазаланбайтын болсаңдар (86) Егер шынын айтсаңдар, оның жанын қайтарыңдаршы» (Уақиға -88) «Біз» деп жаратушымыздың ескерту себебі Алланың достары «Әулиелерде» үкімге қатысады және куә болушылар да бірге жүреді. Сондықтан ондай Алланың шапағатына нығметіне бөленген жанды шапағатшы деп ескерткен аятта.

Үкім түскен пенде жаны және бүкіл қуаттық сезім, ой, нәпсі малдарымен (жын) бірге тәннен ажыратылып (ажалмен арпалысып) жұтқыншақтағы тамақ безінен шығып екі домалақ шар кейпіне айналып ортасында қосу таңбасы болып 4 бөліктен, 2 бөлімнен 8 жыннан және сыртқы өріс зейнеттен тұратын жүкті көлікке артылады. «Малдар: жандардың қиналып, әрең қалаға жеткізетін жүктеріңді көтереді». (Нахыл – 7) Ол қаланың аты Мекке. Құранда ескертілген қадірлі қала. Тәннен бөліп Меккеге жеткізілген жандар қағба есігінде кезекке тұрады. Қағба тастың есігі арқылы ақирет өміріне өтіп, Алладан іс басқарушылар арқылы үкімді алып күнәсына қарай ұжмақ немесе тозақ қызметшілері қарамағына өтеді және өз іс орындарында ұсталады. Бұдан кейін ешқандай шапағатшылар пайдасы тимейді. Осы үкім түсу мезгілі және Мекке арасының қашықтық белгісіне байланысты қазақ дәстүрінде қайтыс болған адамды үш күннен кейін жерге тапсырады. Үкім шықпаса қайта тірілген қаншама дәлелдер бар тарихта. Үкімнен кейін тәнен шыққан жанға тек Алланың рахымы арқылы ғана арта қалған ұрпақтары бодау төлейді де азап сынақ жеңілдетіледі. Бодау төлеуді әр ұлтың шариғат іс ерекшелігімен айқындайды. Ескере кететін жағдай пенденің өмір сүру ерекшелігіне қарай ажал көлігі де 3 түрге бөлінеді. Үкімнің мезгілі 3 күн,(көліктің оралып келуі) қайтарып жіберуі де мүмкін. Сондықтан 3 күн ең қауіпті мезгіл деп есептеген қазақта. «Сендерге уәкіл етілген өлім періштесі жандарыңды алады. Сосын Раббыларыңа қайтасыңдар. Күнәкарлардың Раббыларының жанында бастарын иіп: «Раббымыз! Көрдік, естідік, енді бізді қайтар, түзу іс қылайық Рас нандық» дегендерің бір көрсең!». (Сәжде – 11) Жоғарғы екінші жанмен пенденің көру есту қасиеттері ғана қалады да басқа жиілікте тазару сатысынан өтеді.

«Сол күні мүмкін ерлер, мүмкін әйелдердің нұрлары алдарында әрі оң жақтарында жүгіретінін көрсең: «Сендерге бүгін қуаныш Астарынан өзендер ағатын ұжмақтар бар. Ол арада мүлде қаласыңдар. Міне осы ұлы қол жеткендік» (12).(Пенденің көру және есту қасиеттері жарыққа айналып қозғалу қасиетіне ие болады.) Сол күні, мүнафық ерлер мен мүнафық әйелдер мүміндерге: «Бізге көздеріңнің қырын салыңдар! Нұрларыңнан біз де пайдаланайықшы!» — дейді. Оларға: «Арттарыңа қайтып, Нұр іздеңдер!» — делінеді. Сонда олардың араларына есігі бар бір дуар орнатылады. Оның ішінде рахмет, сырт жағында азап бар»(Хадид -13)(Ұжмақ тозақ арасы жақын деген ұғым)

Ұжмақ, тозақты көріп бақылап тұрады. Тозақтан қашық емес. Ұжмақтық жандар Аллаға күні түні құлшылық жасап берілген несібе нұрмен өз жартысы (кеудеден шыққан жан) тозақтық жақынымен бөлісе алады, қол ұшын беруге мүмкіндігі бар. Себебі арасында қатынас есігі бар. Осымен ахирет өмірі басталады. Егерде таза өмір сүріп рух жоспарын орындаған пенденің жоғары басқарушы жаны (Мизан) бөлек тазарудан өтеді де, екінші дәрежелі орын бейішке қарай ауысады. (Екі жанның қосылуы) Ал өз тапсырмасын орындай алмағандар білмейтін өмір қорына (жер асты ыстық суы) арқылы тазарудан өтіп білмейтін өмір қорында, екінші бөліктің тозақтан шығуын кездесуді күтеді.

Өмір тозақтан бастау алады.

Тозақ туралы қай халықтың да дін таратушы мейлі ғұлама, мейлі молдалардың түсіндіруінше ол ғайып белгісіз бізге көрінбейді, бір жұмбақ болмыс болып түсіндіріледі.Ал шындығында құранда солай ма?

Төрт кітапқа иман келтіру туралы көп айтылады да жалпы мұсылман дін таратушылары басқа кітаптарды оқу күпір, дұрыс емес деп түсіндіретіндер де бар. Ал ғылым ше? Забур немесе «Зоостризм» танымы осы тозақ әлемінің ғылымы болып түсірілген. Бірақ өзгеріске ұшырағандықтан тек Құранға және Сәни дәптердегі қойылған атаулармен жүйелесек:

1. Жаһаннам. «Жаныңды жаһаннамға жіберейін бе?» дейді кейде ашуланғанда қазақта. Сол жаһаннам дейтініміз жер мен көк арасындағы жердің беткі және жер асты қабаты мен жер бетінің және үш аспан кеңістік арасын айтады. Оған әрине бұлттар да кіреді.

2. Ситужын – Ай сәулесі түсетін жер бетінің төменгі ойпаттары үңгірлер қараңғылық қуыстарды білдіреді.

3. Сақар . Жердің қуыс жолдары, жердің жұмсақ қабаттары жатады.

4. Суыр – көкке ұштасып тұратын жер бетінің суық, мұзды бөліктері. Жер бетінің төменгі суықтық бөлігі болып табылады.

5. Лаза – Сәуір айында топырақтан пайда болып шығатын басы оң жаққа қарай бұрылып тұратын 3 бунақты кесіртке және сол тұқымдастар. Шөлді жерлерде шөлді далаларда алып түрлері де кездеседі.(Шағатай тілінде ылғалды жерді мекендейтіндерді мешін деп атаған)

6. Хауна. Екі белгісі болады бірі аспанда бұлттарда аяғы жоқ жансыз көгілдір түсті болып мойны ұзын үш бунақты «динозаврға» ұқсас болып келсе, жер бетіндегі белгісі түйе. Я, кәдімгі шөл далада өмір сүретін түйе тозақ сарайы болып есептеледі..

7. Хатма. Үш бұрышты жақтардан құралған 11 бетті алып мұнара болып ұшы жер кіндігіне бағытталып жоғары төмен қозғалыста тұрады. Жердің ортаңғы қабатында 450 қа бұрылып жарық сәуле шығысқа қарай бағытталады (Бермуд үш бұрышына) және жер асты сулары теңіздері осы алып мұнарамен жылытылып өзі салқындап жер тербелісін жүрек соғысын қамтамасыз етеді. Осы жер тербеліснен көк 7 қат аспан кезек-кезек тербеледі. «Тозақтың жеті қақпасы бар. әр қақпаға олардан бір бөлігі айырылады (Хажыр – 44). Яғни жер бетінде осы тозаққа кіретін жеті белгі бар. Жеті түрлі тербеліс жиілігі болып, сол тербелістерді қабылдайтын орындар белгіленген.

Басты тозақ яғни тіршілік бастауы болып, «Хатма» жер асты ошағы болып саналады. Жаһаннамда жаратушымыз жаратқан нәрселерін санап тауысу қиын да және адамзат білімі жетпейді, үнемі өзгерістерге ұшырап отыруы шарт. Білетініміз бар білмейтініміз әрине одан да көп. Сол жаһаннамда адамзатта тіршілік етеді. Негізгі тұрғыны адамзат болып, басқарушы халифалықта адамға жүктелген. «Сендерден тозаққа келмейтін ешкім болмайды. (Бұл) Раббыңа тұжырымды, міндетті бір үкім». (Мариям -7) «Жер жүзін бір жиналыс жері қылмадық па? Тірілерге де өлілерге де» (Мүрсәләт -71) Демек бүкіл жандардың кездесетін орны жер жүзі болып табылады. «Адамзат еңбегінің нәтижесін жедел көреді (40). Сонан соң еңбегінің бодауы толық береді (41). Күдіксіз раббың тиянақтайды (42) Шын мәнінде күлдірген де жылатқан да ол (43) Өйткені өлтірген де тірілткен де ол» (Нәжім – 44) Қаншалықты жинаған жарығыңа байланысты ұзын өмірге жолдама беріледі. Қайта өмірге жолдама алып отырады. Сондықтанда тозақтық және жаннаттық белгілер пенде баласына туғаннан қасиет ерекшелік жоспары болып жазылып белгісін ерекшелігін көрсете бастайды, бірақ оны оймен білу анықтау мүмкін емес. Тек тәрбие арқылы ғана бір қалыпқа бағыттап, сол қасиеттерді меңгеруге себепші болмақ.

Өмірге келгеннен бастап адам тіршілігінің бар нәтижесі, өз еңбегінің бодауын алып соған қуанып ләззат алу яғни нәтижесі күлу, қуану ризашылық сезімдер жиынтығынан, көрген жасаған тіршілік бейнетінің зейнетімен ғана бақытты сезінеді. Екінші көрнісі қиындық, машақат, нәтижесі жылау қайғы азап өмір деп аталады. Осындай екі түрлі белгімен жан дамыйды болашаққа бағдар алады. Яғни сынақ өмір деп аталады. Осы екі нәтиженің аз көптігімен емес тек ақиреттік есеп нәтижесін болжап, жан ғылымымен ғана бағалап, бақыт деген өмір өлшемі шығады. Демек бақытты болу тақуа болу яғни қанағатты меңгеріп сабырмен өмір сүру тек жаратушы бұйырған ізбен ғана жүру.Себебі адамзат несібе жағынан соңғы нәтижесімен ғана теңестіріледі тек ақиретте. Сол мәңгілік болашақ өмірге шығар баспалдақты ғана бақыт есігі дейміз. Мәңгілік өмір бесігін тербетуге жету. Оған да сынақтар арқылы көтеріледі.

Өлімнен кейінгі өмір.

«Ол сондай Алла жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші» (Бақара – 29)«Әй, адам баласы! Сөз жоқ Алланың уәдесі хақ. Ендеше дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын. Сондай-ақ аса алдағыш та сендерді Алла туралы алдамасын» (Фатыр – 5)

Жер бетіндегі адам өмірінің басты ләззаты өмірден алатын қызығы, көру және есту қасиеттері арқылы айқындалады. Жақсы лебізден мақтаудан нәр алса, жамандау, боқтық лас сөздерден адамның жаны ауырады. Әдеміге қызығады, әсемдік, сұлулықтан, барлықтан көз көріп барып жан қанағаттанады. Үшінші бір белгі түйсік сезім. Ол да тербеліс иіс арқылы туындайды. Бірақ сол сезім мүшелері кірлесе жаман иістен, әр түрлі тербелістерден ләззаттанып қанағатсыз мағынасыз тірлікке түсіп тек түйсік арқылы өмір сүреміз. Осы үш нәрсе ғана адам жанын өсіреді немесе кірлетеді. Қалған белгі, белгісіз көрінетін, көрінбейтін бүкіл жаратылыс тегі адамзат үшін берілген үш белгіге қызмет етеді. Не үшін? «Егер қаласақ сендерден періште жаратар едік те олар орындарыңды басар еді» (Зүхрұф — 60) Иә таратушымыздың қалауы одан да жоғары! Періште тек бір белгілі иеліктің киесі. Ал адам жаны түрленуші, өсуші, дамушы Алланың басты жоспарын орындаушы орынбасар болып саналады. Оған көз жеткізу үшін алда талай белестерден өтіп, аяттар құпиясына көз жеткізіп көру керек.

«Олардың ахирет туралы мәліметі жеткілікті ме? Расында олар одан күдікте, тіп те олар оған байланысты мүлде соқыр» (Нәжім – 67). Ақирет туралы мәлімет бар тек ғылым деректерімен тек ақыл иелері ғана көреді. Сондықтан әр елге жол көрсетушілер жіберіп отырады. Соқыр сенім наныммен ахирет көрінбейді. Құран аяттарын ғылыммен тексеру байланыстыру арқылы ғана түсіндіріледі. Аянмен жүйеленіп бекітіліп отырады.

Адам жаның бөліктерге бөлініп, тозақ және ұжмақ орындарына бағытталып, ажырату Мекке маңында, Аравия жерінде өтеді де өмір сүрген жерде жазасын өтеуге жіберіледі немесе іс орындары бекітіледі. Аятта: «Сендерден ілгері кетуді немесе кейін қалуды қалаған біреулер үшін ескерту (37) Әркім істеген істің орнына ұсталады». (Мүддәсір -38)

Әр пенде қай жерде не істесе сол жерлерде қайта ақирет өмірін өткізеді. Адам рухы бөлініп, жоғары мизандағы жан арқылы ғана жан – тән – рух болып белгілі дәрежедегі байланысшы қызметін атқарады. Адам жанының екі белгісі тұрақ болып, байланыста тұрады. Бірі тәнде болса, бірі ар болып артағы жалған өміриен байланысқа түседі, қосымша нұр жинайды. Сондықтан да артта қалған ұрпақтарының ізгі істері нәтижесінде ғана жан тез тазарудан немесе тозақтан құтыла алады. Баланың әкеге немесе әкенің балаға бодау беруі болмақ. Және де екінші жоғары бөліктің басқа жандармен бірігіп істеген қызметіне де байланысты болады. Адам тәнінде бұғана, омыртқа сүйек ішінде ар (зейнет) белгісі қалыптасып, бүкіл өмір сүру нәтижесінің есебі (чип-зейнет белгісі) сақталады. Сол арқылы жанға өзгеріс қосымша белгі т.б. беріліп есеп жүйесіне еніп отырады. Адам тәнінде екіншіден бүкіл пайдаланған сөздік қоры ет пен сүйекке сіңеді, істер теріге жазылады. 40 күн ішінде тәннен жерге өтіп белгілі бір сипатын алады. Кеңістікте өзіндік белгілі бір бейнесін құрайды. Сөз белгісін малмен (жын) араластырып біріктіріп тұрушы сақтап тұрушы Ібіліс, яғни темір буы. (Күкірт) Жаман сөздер, теріс сөздер құлағы қалқайған, шашы жайылған кішкене қыз бала сияқты бейнеге түсіп, кеңістікте қозғалып ұзақ уақыт ыдырау баспалдақтарынан (Жан және жануарларға) електерден өтіп жерге сіңіп, өсімдік болып өседі, қурап жанып кетеді. Қазақта қаңбақты шайтан шөбі деп атаған. Негіз бар аятта: «Ал енді жаман сөз, жердің бетінен қопарылған орнықсыз ағаш сияқты …» (Ибрагим – 27) Жалпы күнделікті өмір сүру дәрежесіндегі пайдаланылған таза сөздік қорлар гүлге айналып, тербеліске және жұпар иіске айналады. Негізінен адам жаның кісісі ішкі ағзада тігінен үш қараңғылықта болса, көлденең төрт бүктеліп, тобық, тізе, бел, жаурын болып қоршалып, иықтан жоғары бөлігі ақиреттен келген жан бөлігі болып саналады. Барлығы 7 санын беріп, 7 тозаққа бөліну себебі де сондықтан. Бұл белгі негізінен тек тіршілік ойын, сауық және дүние мастардың жағдайы болмақ. Ал тақуалар жанында ,таза қалыпты парыз қарызын өтеген өмірге өз үлесін қоса білген жандар жаны бір тектес мал немесе таза жан болып тез арада ұжмаққа өтері сөзсіз.

Пенденің құлшылық сөздері ғана рухпен байланыста көкке шығар баспалдақ жарық болады. Зейнет — ұжмақта диван қызметін атқарады.

Жалпы 8 жыннан көру, есту сезім қабілеттері ажырап ахирет қақпасынан тозақ есігі арқылы сынақтан өтіп, көру, есту кісіге қасиетке айналады. Ал ойлау, сезім нәпсі қабілеттері басқа жиілікке ауысып, одан тек түтінсіз от бөлініп шығып жан қорғаушысына шыраққа айналуға тиіс те одан бөлінген тербелістер қуатқа айналып өсімдіктер әлеміне өтеді. «Ұстағаның шырақ болсын» деп дұға жасайтынымыз сондықтан. Адам баласынан бөлінген сезім, нәпсі қасиеттер «жындар» деп аталып, иіспен қоректеніп нәр алып,иіс тербеліске айналып желмен қозғалып жүреді. Ондай есту және көру қабілеттері бар аралас жындарды жын-пері деп атайды. Жаман сөз егесі жын шайтан аталып, өзіне тән жаман иістен нәр алады. Әр түрлі арам аспен немесе иістермен тәнге кірсе ойға сонан сөзге айналып, сол қызметші пендені «шайтан адам» деп атайды. Көп жағдайда теріс қылықты сондай иісті пенделер тәніне «жын пері» өтіп жынды атанып. басқа біреудің есімен өмір сүріп сөзін сөйлеп жүргендер қаншама. Қазақтар 40 күнге дейін әйелдерге және жас балаларға зират басына баруға рұқсат етпеген, өрісі әлсіз немесе иісі шығып жүрген әйелге, балаға жынның еріп кететінін білген. Жалаңбас, шашын жайған, еркекше киініп сыртқы қорғаны тесілген, немесе ішімдік ішіп, темекі тартып, әртүрлі иіс шығатын пенделерге де еріп кетіп отырады. Аяқ баспен тығыз байланысты, сондықтан аяқтан қандай иіс бөлінсе бастан да сондай иіс бөлінеді.Күнделікті бас ашық жүргендіктен сезе бермейміз. Лас сөздер жаман иіспен араласады сондықтан жын-шайтан деп біріктіріп айту содан қалған. Жын-пері ол да осы сияқты, бірақ бөлек мінезі болады. Негізінен адам жаны қасиеті аралас жындар қауіпті болмақ. Сол сияқты хайуандар жыны да болады. Адам тәніне еніп, сосын малдардың қуат көзімен (бездермен) байланысқа түседі. Жылан деп аталып адам сыртқы өрісінде және ішкі асқазан, ішек, өңеш жолдарында «Фосфат, кальций» мен «хлорид натрий» деген атпен ғылымда белгілі қышқылдар түрінде көбік сияқты немесе тұман түрінде ақ, сұр, қара жыландар болып адам тәнінде өмір сүреді. Адамның ойлау, көру, есту жүйелерін қалыпты жағдайдан шығарады немесе ісік болып, ауру түрінде ыдырауға түседі. Сөйлейді, ойлайды, көріпкел болып, кейде аруақ атынан бата беріп те жатыр.

Ондай пенделерді ғылыми жүйелеуге, қандай қасиет иесі екенін анықтауға болады, әрине болашақта медицина ғылымы бет бұрыс жасаса. Алда жеке-жеке толық талқылаймыз. Жан-жануарларға, жәндіктер жанына өту ауысу тәсілі осындай негізде өтеді. Жанның бөлінуінің тазаруының соңғы нәтижесі есту, көру қасиеттерінің жаннан ажырап бөлініп жекелей киеге айналуы тиіс.