Рұқ және құдай патшалығы.

Жалпы Құдай деп жаратқанның қандай сипатын және құдайшыл болу дегеніміз не? Осы сұрақ дін ішінде әсіресе ислам ішінде кейінгі кезде аталмауға және ататпауға тырысып тек Бір Аллаға немесе Раббымыз Аллаға болмаса Алла тағалаға жалбарынып құлшылық ету керек деген ұғым толық қалыптасты деседе болғандай. Бірақ осы айтылған атаулармен біздер Тәурат, Інжіл және Забурде берілген нұсқаулармен намаздарды тілмен айтып ойша қарсылық білдеретінімізді білмейміз. Енді әзірге бізге ең жақын Інжілге жүгініп көрсек; «Әуел баста сөз болатын. Сөз Құдайда болатын, Сөз құдай еді.(1) Құдай бәрін сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған.(3) Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді.(4) Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек нұрды жеңе алған емес. (5)…Сөз адамға айналып арамызда арамызда өмір сүрді(14).. Құдай ата-бабаларымызға Тәурат заңын Мұса пайғамбар арқылы берді, ал рақым мен шындық бізге Иса Масих арқылы жетті.(17) Құдайды ешкім ешқашан көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты. (18)» Ал енді Құранда; «Әй Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаға байланысты шындықты айтыңдар. Шынайы түрде Мәрйем ұлы Мәсих Ғиса, Алланың елшісі әрі Мәриемге жалғастырған сөзі және Алла тарапынан бір рұх. Ендеше Аллаға және елшілеріне сеніңдер. Әрі (Алланы) «үшеу» демеңдер, (одан) тыйылыңдар. Сендер үшін жақсы. Шынайы түрде Алла бір-ақ Тәңір. Ол баласы болудан пәк. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. Алла уәкілдікте жетік.(171) Ғиса да, Аллаға жақын періштелер де Аллаға құл болудан әсте арланбайды. Кім Оған құлшылықтан арланып дандайсыса, сонда тұтас өз тарапына жинайды. (4-172) Олай болса бүкіл жаратылыс тұтастықта ғана Алланың белгілі бір сипатын беріп; бір-ақ Тәңір дегеніміз «Бір» сипатын беріп, Бір Алла дегеніміз Құдай яғни Алланың рұхы немесе сөзі деп түсінгеніміз абзал. Сондықтан; Рұх- Сөз, Сол, Ол, Оны, Оған, Нұр, Раббымыз белгілі дәрежеде осы рұхтың көрністік, қасиеттік сипаттарымен аталады және әрбір сипатардың сандық мәндері мен өз ара қатынастары бар. Сондықтан біртұтас біренуін тұтастық сипатын Алла деп атаймыз. Ал жеке-жеке періштелерді немесе басқалай қарсылық егелерін Алла деп айтуға болмайды. Әр нәрсенің белгілі бір шамасында ғана түп негізге ұқсау белгісін жаратқан қасиетіне қосылғанда жалпы Раббымыз Алла деп атаймыз. Енді барлық жаратылған періштелер адамзатқа қызмет жасап яғни бір тұтастыққа айналып тозақ сатыларынан өтіп ұлы періштелерге Жаратушының орынбасарына айналу керек. Ондай Алланың сүйікті құлдарын үкімді орындаушы періштелер болып, және Алланың ұлықсатымен шапағатшылық дәрежесі де беріледі де «Біз» деп аталады. Сондықтан құдайшылдық қағидасы аятта; «Адам баласына бір қиыншылық душар болса, Бізге жалбарынады. Сосын оған жанымыздан бір игілік берген сәтте: «Бұл маған білгіштігіме ғана берілді.» дейді. Жоқ олай емес, ол бір сынақ. Бірақ олардың көбі түсінбейді.» (49) Расында бұлардан бұрынғыларда соны айтқан болатын. Бірақ олардың істегендері кәдеге жарамады. (50)..Олар білмей ме? Расында Алла тағала кімді қаласа, оның несібесін кеңітеді де тарайтады. Сөз жоқ, осыларда сенген ел үшін өнегелер бар.(52) (Мұхаммед): «Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейрімді» де» (39-53) Бұ аяттардың ұғымы бойынша; Негізінен адамзатқа кітап берілгеннен бері құдайларыңнан сұрап, Бізге жалбарынып келесіңдер, сол сынақты түсінбей кейңін қайтып тек намаз оқып түп негізді іздегендерің іске аспайды, Алла тек біртұтас елдің, немесе ұлтың күнәләрын жарылқаушы, ал жеке-жеке несібелерді азайтып, көқбейтіп отырушы Алла тағаларың деп ескертеді. Ал Алла тағала сипаты рахмет етіп жіберген пайғамбар, елшілеріңнен іздеңдер солар арқылы Алланың өзіне яғни нұрына, жаратқанға, рұхына Құдайларыңа жалбарынып құлшылық етуді бұйырады. Және ондай өнеге үлгінің сенуші елдің бар екендігін ескертеді. Енді 52-санды аяттармен жүйелеп оқысаңыз «Раббы» және «Мен» туралы қағидалары шығады. Ал қысқаша аятпен қорытсақ; «Және сондай Аллаға, пайғамбарларына иман келтіргендер, олардан ешбіреуінің арасын айырмайды; міне солардың сыйлықтары тезінен беріледі. Сондай-ақ Алла Тағала өте жарылқаушы, ерекше мейрімді.» (4-152) Олай болса Мұса пайғабардың көрсеткен мұғжизаларының қайталаған бүкіл қазақ елінің ақ бақсылық, амалдары мен және қазіргі таңда Ғиса пайғамбарымыздың тазару және емшілік істерін жалғастырып келе жатқан қазақтың барлық салт-дәстүрлік дін ұстанымы әлемге үлгі. өнеге болуға тиісті. Олай болса сол пайғамбарларымызбен аралықта тұрушы періштелерде Алланың құлдары болып табылмай ма? Періштелердің де күрделі және аралық сипатары болу керек. Олай болса әрбір пендесіне күзетшілікке қойылған періштелерді екі сипатта болып, бір-бірінен бөлінген нәрсенің бір тұтастығын қалыптастырып тұрушы жаратылыс егесі. Пері-4 сырта, іште-4 сегіз шектік белгіні тұрақты белгілеуші. Адамзатың тіршілік ету барысында әр түрлі қарама-қарсылық нәрселермен бірігіп бүкіл жаратылыс егелерінің қасиет, қабілеттерін сіңіріп, сол нәрселердің өрістік сипаты адамзатқа бой (аура) болып, кеңістіктен орын алып және әрі қарай жетіліп, түрленіп адамзатқа қызмет жасайтын ең күрделі періштені «Аруақ» деп атаймыз. Аруақ адамзатың араласқан және меңгеруге тиісті жанды жансыз нәрселердің бәрін қамтиды. Сондықтан тіршілік қозғалысының басы, аяғы және ортасын түгел қамтып араласып тұратын Алланың құдірет қолы. Енді «АР» сөзі Абай атамызға жүгінсек сезімдердің көрсеткіші, жиынтығы. Тек адамзатқа ғана емес барлық жанды нәрселерге азды, көпті теріс, оң т.б болады. Өсімдіктеде сезім бар. Бірақ ақыл емес. «Уақ» ойдың нәтижесімен бастапқы періште аралас сөз. Уақ- өте майда яғни «НАНА». Ғылымның енді келген бәрі ішкі негіз «Нана» арқылы басқарылатына қазақта ерте заманнан-ақ ат қойып белгілеген. Тек ғылымның әлі білмейтіні «Нананың» «биоаларгенге» немес еске жататын «Арсыз» өсіп өнбейтіндігінде. Р- таңбасы ғылымда белгіленген адам баласының ауру сезімін туындататын қышқыл. Олай болса Адамзат негізінен 35 алергеннен бастап жаратылады. Құранның да тіршілік ұрықтың пайда болуы тек 35 сүремен ішкі 45 аят яғни сөзден басталатынын көрсетеді. Енді осы сүре періште ішіндегі періштелер сырқы басқа періштелермен қарым-қатынасқа түсу арқылы ғана бір-бірімен қосылып, бірленіп 35+45=80 мәні әулие-әмбилер бастарынан шығатын нұрдың, «гипрогендік» өрістің «Алиф Лам Мим» қуаттық шамасын береді. 36 сүремен дүние есігін ашып 80+3-ті қосып (есту, көру, ойлау) рұх үрленіп, тіршілік қамы басталады. Сондықтан адамзат үшін негізгі намаз, тіршілік есебі тек 36 санынан бастап есептеледі. (Адам ата, Хау ана сандық мәні) Хижрамен 35 (жұлдыз, періштелер қозғалысы) санымен емес! Пайғамбарымыздың туған күнін немесе жыл есебін Хижрамен есептеу таза надандық, есеп білмеген кітап арқалаған есектердің жұмысы! Негізгі тақырыпқа қайта оралсақ; аруақтың сипатына байланысты тозақтан бастап жаннат аралығында атқаратын жұмысына сай дәрежелері бар. Әрбір нәрселік, шамалық сипатына ат қойып немесе басқалай ат беру мүмкін емес. Кейбір елдер жеке-жеке ат қойып соған табынудан шоқыну амалдары немесе әр түрлі пұттардың пайда болуынан.Аруақ ұғымы негізінен аралық «бір» сипатты көрсетеді. Олай болса менің де сенің де, оның да және барлық адамзаттың да аруағы бір тұтастық Раббымыз болып табылады. Ал жеке-жеке қалай атаймыз, күнделікті ауыздан тастамайда жүрген басқа атауларымызда бар. Аятта; «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар. Расында бір қауым, өзін өзгерпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші жоқ.»(13-11) Бұл аяттың түсінігіне жүгінсек; алды артымыздан еріп жүретін өрісіміз періштелер болып, іштегі жанның көлеңкесі көкте болса, сол адамға сырттан ақпарат жеткізуші, қабылдаушы періштелер бір қауым болып олай болса «Аруақ» деп аталады. Аруақ негізінен 5 періштеден тұрады. Ғиса пайғамбарымыз: «Бес торғай екі теңгеге сатылмай ма? Дегенмен олардың біреуін де Құдай ұмытпайды. Тіпті бастарыңдағы шаштыңда саны да Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да қымбатсыңдар!» (12-6) Қазақта; «Төртеу түгел болса төбеден (торғай болып) келеді». деп ескерткен аруақтың түсіңе шырылдап құстың тілімен сөйлесетінін ескерткен. Ал өсиеттегі екі теңге кім? Олда адамзатқа жаратқаннан берілген жанның,рұхтың Абай атамыз айтқандай өлмейтін екі «Менді» Алланың өзі деп атаймыз. Адам баласына екі аманат жүктеліп сол аманаттар жүрекке зейнетелуін және сол аятардың құпиясын Мұхаммед Пайғамбарымыз Миғраждан әкелген. Олай болса 286=16 (мал-лам), 287=17 (аура, ісра). Ал аятағы тағы мен сипат; «Мен сендердің күре тамырыңнан да жақынмын» деп қандағы 11 «жұлдыз» бірлік белгіні ескерткен. Енді осы іштегі яғни қандағы белгіні жалпы қалай атайды? Аятта; «Көместі білуші Алла, оның (азап, ауру) сырын ешкімге ашпайды. (26)Бірақ ұнатқан елшісіне (сыртан ақпарды, көмес сырларын) білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды; (27) Олардың, Раббыларының міндеттемелерін (аян,уахи,түс) анық жалғастырғандықтарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі. Және әр нәрсені санап, түгендеп қойған.» (72-28) Елшілік ел ішіндегі қарапайым молдалық ескерушіліктен пайғамбарлық дәрежесіне дейінгі аралықтағы діни амалдардың меңгеруге тәуелді түрде сатылары болады. Басты белгісі адам баласының жүрегінің тазару барысында, екі аманаттың зейнетелуімен дәрежеленіп, оған сыртағы күзетшілер арқылы беріліп және орындалу барысы да сол күзетшілерге жазылып отырады екен. Яғни жүректің мөрінің ашылуын ескертеді. Жүрегі ашылған пенде баласы елшілік істерді атқарушы дәрежесіне ескертушіге айналады.