Ой бағушы есепшілер мен сөз сатушы есекшілер.

Бұл басылымды осындай тақырыппен бөліп, айтылған, жазылған мәселелерді қорытып алу үшін ықшамдау да керек деген шешіммен осы тақырыпты арнадым. Әрбір нәрсенің, ойдың да қозғалуы үшін бір себеп керек. «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс» деп Шәкәрім атамыз ескерткендей; Жаралыс басы біздердің қозғалысымызды жаратушы иеміз 4-періштемен яғни төрт қанатпен қамтамасыз етіп оны қозғай үшін екі бірді яғни дін негізін жаратқан. Осыдан барып ғылымның да негізі қозғалыс білімі туындайды. Әуелі бір пайда болмай 4-тің пайда болуы мүмкін емес. Сондықтан ғылымда барлық қозғалыс тақ санмен 1,3,5,9 сандармен қозғалысқа түсіп 11-санымен нәтижеленіп отырады. Біздің мінген көліктеріміз, ұшатын темір қанатты ұшақтарымыз бәрі тегіс осы заңдылыққа бағынады. Енді бұл заңдылық құран философиясында яғни құлшылық амалдарында да сақталған. Сондықтан осы тақтарды, яғни қозғалыс шеріктерін, серіктерін меңгеруді «тақуа» яғни тақты меңгеруші, естуші болып шығады. Құран сүресіндегі «Бақара» екі игіліктің бақтың толық ғылымы болып табылғанмен үшінші сүреден ғана пайда болады. Ал үш, екі бірдің яғни 11-дің көрнісі. Осындай шым-шытырық амалдарды адам баласы ойымен шешуі мүмкін емес, сондықтан жаратушымыз түсірілген кітаптарды үнемі заман өзгерістеріне, жанның жетістіктеріне қарай құпия сырын ашып, адам білімін жетілдіріп отыру үшін көмес кітап аян, уахи болып оқылып, естіліп, түс болып көрініп отырады. Осы екі игіліктің белгілі мен белгісіздің нәтижесінен керісінше үш құлшылық амалы туындап осы амалдар арқылы ғана 4-негізгі парызды намаз қылып, бесінші қарызды тауып қосу осы жазылып жатқан басылымның басты мақсаты болып шығады. Енді жоғарыда ескерткендей бар қозғалыстың бір себебі болады. Бұл басылымның 2007-жылы шығарған Құран сырларының жалғасы болып жалғануына қазақ елінде болып жатқан дінге түсірілген ақыл-ой сынағының ушығып түрлі қайшылық пікір таластардың туындауы себеп болды. Және қыркүйек айында «Хабар» арнасынан берілген «Сонымен солай дейік» деген сұхббатта муфтият бас діни ғалымы Қайрат Жолдыбайұлының; «Ата жолдың бухгалтериясын 15-жыл бұрын тексеру керек еді» тістеніп, өкінішін білдірген яғни осы діни ахуалға басты себепші болғандар қазақтың аруақшыл, құдайшыл қауымы болып, оларды үнемі қудалап, қадағалап отырмаса болмайтынын қаупін білдірді. Екіншіден муфтият ғалымдарынан басқа үкімет, т.б құзырлы баспасаз майталмандары есепті «бухгалтерияны» білмейтін есектерсіңдер 15-жыл оларға дүние жинатып, халықты қанатып қойдыңдар деген жазғыру деп біздерден діни сауатсыздардың солай түсінгеніміз рас. Енді бұл дін ғалымның сөзін жаратушымызда құран философиясын есепке құрылғанын ескертіп; есептеріңді көремін, есепшілердің ең жүйрігімін, есеп күні кездестіремін, есебіңді білдіремін, күнәларың, сөздерің есеппен өлшенеді деп; «Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына берді. Алла зор кеңшілік иесі. (4) Өздеріне Тәурат жүктеліп кейін оны игере алмағандарың мысалы; кітаптарды артқан есек тәрізді. Алланың аяттарын жасынға шығарған елдің мысалы (есекшілер елі) нендей жаман. Алла залым қауымды тура жолға салмайды.» (62-5) Бұл аят бойынша барлық діншілердің жалпы үмметтердің алдына қойылған бір шарт «Төртеуді түгелдеп, бесіншіні алу» яғни Мұса пайғамбарымыз меңгерген біліммен, хикметерді меңгеру пайғамбарлық қасиет болып есептеледі. Және бұл қасиеттің елдік, тілдік үмметтік орындау ерекшелігін де ескертеді. Алдағы басылымдарда бұндай Құран сырларына қайта-қайта оралып, ұғымдарды кеңітіп, талдап қайта ғылымын жүйелеп отырамыз әзірше қысқа ғана есек пен есекші болмаудың маңызына тоқтала кетейік. Құранның әрбір, аяты, сүрелері басқа сүрелермен жаратылыс қозғалысына түсу арқылы белгілі бір қуат, жаратылыс нәрселері көрнеу, көмес болып бейнеленіп, тұтыну, өңдеу барысында сол аят ақпараттар қайта оқылып түрленіп бірленіп, тазартылып отыру дүние тіршілігінің басты қозғалыстық шамасын қалыптастырады. Сол қозғалыс қолқабысының негізін аталарымыз «уақ» яғни қазіргі ұғыммен «нана» деп аталады. Уақ-алты түрлі шаманың араласуынан пайда болатын қозғалыстық, райлық, мезгілдік, замандық шама. Ыстық, суық, жарық, қараңғы, күндіз, түнің алты белгі шаманың бір сәтте кездесуінен «уақ» пайда болады. Сол сияқты жыл мезгілдерінің де райларының кездесетін сәті болады оны да «уақ» деп атайды. Арап елдерінде бұндай жағдай табиғатта кездеспегендіктен уақ ұғымының, білімінің болмауы діншілерді, тәпсіршілерді көптеген қайшылықтарға соқтырған. Және жан сырында да адамның өрістік, ақылдық өнімінің 5-қуаттың бір орында кездесуінен «Уақ» тағдыр уақыты пайда болады. Сондықтан аталарымыз; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп осы уақты қадірлеуді ескерткен. Әлқиса; таң атып келе жатқанда есек айдаған есекші керуеншілер бір жерге тоқтап дем алмақшы болады. Сонан есектерін бос жіберіп өздері ұйқыдан тұрса есектері түгел қырылып қалған екен. Яғн таңдағы алты шаманың кездесетін қауіпті уақытын ескеріп есектерін суытпағандықтан осындай жағдайға ұшырап, бұл уақытты «есекқырған» деп оның шығатын жұлдызын да белгілеген аталарымыз. Осындай тәулігіне алты рет уақтың мезгілі болып оның намаз оқуда да алты болатынын қазақта; «Бес»-«ін» және «екі»-«ін-ті»деп ал Абай атамыз; «Аларманда алтаусың, берермен бесеусің» десе Шәкәрім атамыз; «Ғылымға қанағатсыз болу керек Бес түгіл разы болмай алтыға да.» деп ескертеді. Бес парыз пайғамбарлық білімді меңгеру түгіл алтыға да қанағатсыз болуды ескертеді. Ал бұл «алтылық» яғни 33-санды ғылымды жүйелеген Ясауи бабамыз; «Отыз үш мың шариғатта қайран болып, Отыз үш мың тарихатта сайран болып, Отыз үш мың хақиқатқа қайран болып, Бұл дүниеге дидар үшін келдім достар.» Шариғатта «Ғылмул- иақын» (ғылым деректерін) сөйлеп өттім Тарихатта «Ғайнул-иақын» (Дерек көздерін) сөйлеп кеттім. Хақиқатта «Хаққул- иақын» (хақ туралы ғылым) көздеп өттім.» Әулие ғұлама бабамыз шариғаттың яғни масһабымыздың кітап білімі болып, тарихат уахимен берілетін ғылым көздері, хақиқатта жартылыстың құпия ғылымының ашылатынын, яғни көк мүліктерінің сырын ұғып, Ыбырайым жолын толық меңгеруді ескерткен екен. Бұндай діннің есебін ізденіп, талпынғандарды муфтият ғалымдары өздерінің білімдері жетпегесін дінді бұзған «секталар» атап білімінің шалалығын халыққа білдірмеуге білдімеуге жан талас сөз майданын ашып, ақылы толмаған жастарды белгісіз сөз атауларымен тұзақ құрып, аулап әзірге енді білімді, зиялы деген қауымның өзі соған сеніп құлақтары созылып кеткендіктен әзірге білімін жүйелеп талқылау ақымақтықты ғана туындатады. Енді осы ғылымдарды меңгеру үшін пайғамбарымыз миғражға шығып екі аятты және бес парыз намаз үкімін алып келгеніне ешкім дауласа қоймас. Ал бес парызды Абай атамыз; «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сенде сүй ол алланы жанан тәті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю имани гүл, Иманның асылы үш деп сен тахқиқ (айқын ақылмен) біл… Руза, намаз, зекет, хаж-талассыз іс Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқа үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанымен татымды бермес жеміс.» деп иманның бақшасын үш түрлі гүлден тұратынын тек сол гүлдерді алу арқылы қалған төртеуді түгелдеуді ескерткен. Енді бұл ескертудегі «ХАЖ» сөзін «қаж» деп түсінген діншілер сүренің саны мен мағынасына мән бермегендіктен пайда болған. Хаж-деп артық хайыр жасауды және жеке-жеке аманттарды орындауды атайды. Ал қаж туралы атамыз; «Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап Өтеген қашан ол қарыз?» деп жоғарыдағы төртеудің ішіне қажылықтың кірмейтінін және хаж сүресінде қажылықтың қағбаны тәуап қылудың 29-шы аятпен (3-ші тәуба амалы) белгілгеніне ешқандай шариғат ғалымдарының мән бергенін оқыған, естігенде емеспін. Енді Абай атамыздың ескерткен үш иман гүлін қалай өсіруді және пайғамбарымыздың миғраждан әкелген екі аятың; 285-15; 286-16; болып, 15-саны жүректің тазарып, ақыл бақшасының гүлденуін көрсетсе, 16-ұлтық дәстүрінің құлшылықтың, хайыр жасаудың бақшасын көрсетеді. Абай атамыз да, Шәкәрім атамызды бұл мәселеге көп көңіл бөліп насихаттап, үгітін тәпіштеп түсіндіріп кетіпті. Енді тек Шәкәрім атамыздың астарлы мысалдарынан ғана үзінді келтірсек. Атамыз адам ақылының, құран аяттарының ұжмақтық жемісін, гүлденуін әйел затына яғни ділге теңеп; «Бәйшешек бақшасы» деп атаған екен.

Жемісті, жақсы иісті бұл бәйшешек,

Аралайық, пайдасын көрем десек.

Ұғымды, милы жастың ойын қозғап,

Ұқтырар талай тәлім, талай есеп.

Болса да кейі ұсақтау, кейі кесек.

Тікенсіз гүл, жылансыз кен болмайды,

Тікеннен жиіреніп жеміс жесек.

Жақсы мінез, жаман ой айқындалар,

Осыны ұғайық деп ентелесек.

Тәтті жеміс, нұрлы гүл керек қылмас

Боққа төккен саламға тойған есек.

Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық,

Ақылдың шолғыншысы –ойқұмарлық.

Таза талап талпынып ойды айдаса,

Байқалар-көрнеу таса, жоқ пен барлық.

Азат ақыл ойланбай мида жатса,

Шіріп, тозып тартқызар ол бір зарлық.

Сырын сынар талапты ер табылғанда,

Бұл бақшада мысал көп ой қозғарлық.

Өкініштің үлкені- ойы тарлық

Ондай да ақыл болмас жұбанарлық.

Менің сөзім емес Шәкәрім атамыз өз бақшаңды, діліңді (ана тіліңді) меңгермей құр кітап қуып есепсіз, қасиетті меңгермегендерді жұрттан қалған қалдыққа тойған есек деп атаған. Енді таңдаусыз кітап болса көшіріп алып, өз ұлтының діл бақшасынан нәр алмаған қандайда бір дінші, ойшыл ғалымдарымыз да «кітап арқалаған есектер» деп атаған жаратқан иеміз де. Шәкәрім атамыз жаратушымыздың бәрін жұп қылып жараттым деген жарлығын және пайғамбарымыздың миғраждан алған Алла жолында мал жұмсау 16-санды аятты тағы да ділдің ұлтық намаз орындауы; «Бәйшешек бақшасы» деп атаған екен; «Атақты Атымтай жомарт алғашқы кезде, бір жұмада өңкей білгіш шешендерді қонақ қылып, келер жұмада жастарды қонақ қылып, ендігі жұмада қаріп-қасірлерді қонақ қылыады екен. Бір күні өңкей шешендерді қонақ қылып, әр қайсысы бір мағыналы күлкілі сөз айтып отырғанда, бір кедей кіріп үндемей отырыпты. Сонда қонақтың біреуі әлгі кедейге: «Сіз де бір сөз айтуыңыз жөн ғой»,-дегенде: «Мен сіздердей мағыналы сөз білмеймін, бір аз ғана жыр білуші едім. Соған разы босаңыз айтайын»,-депті. Сонда қонақ болып отырған жақсылардың бәрі де «айтыңыз, айтыңыз» деген соң, әлгі кедей айтыпты:

Мен сияқты бір кедей

Неше күндей аш еді.

Арын сақтап үндемей,

Көзінде мөлдір жас еді.

Ашығып, тоңып шаршаған,

Шығуға таяп шыбын жан,

Алдында тұрған дастархан

Үсті толған ас еді,

Нан алып же демейді,

Келмеж қылды кедейді,

Тоқ кісі не демейді,

Иесі өңкей мас еді.

Сонда кедей сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

Қанағат еді көмегім,

Еңбегім едің қорегім,

Тіленіп нанды жемегім,

Ас емес, маған тас еді.

Бірің жомарт, бірің хан,

Бәрің де шешен данышпан.

Хабарсыз біздей ғарыптан

Не қылған қуыс бас еді?

Көлге жауса көп нөсер,

Көгере ме тау мен қыр?

Шөліркеген ғаріптер

Шөл далада қаңғып жүр.

Кедейді нанға телміртіп,

Аштыққа жүрек кеміртіп,

Тамам байды семіртіп,

Жомарттық па осы тұр?

Ақсақ соқыр шолақ бар.

Солар ма осы қонақтар,

Ақылға салып ойла бір!

Аятта; «(Мұхаммед) сондай дінді өтіріксігендерді көрдіңбе? (1) Міне сол жетімді қақпайлағанды, (2) Міскінді тамақтандыруға қызықтырмайды (3) Сондай намаз оқушыға нендей өкініш!» (107-4) «Қашан оларға; «Аланың сендерге берген несібелерінен тиісті орынға жұмсаңдар» делінсе, сондай қарсы болғандар; «Алла қаласа, тамақтандыратын (аруақтарды, өліктерді, ақиреттіктерді) біреулерді біз тамақтандырамыз ба? Сендер мүлде адасқансыңдар» деді.» (36-47) Сондықтан жаратушымыз: «Әй мүміндер Ғалымдармен машайықтардың көбі адамдардың малын бұзықтық арқылы (дінді бөлшектеп) жейді. Сондай –ақ Алланың жолынан тосады. (Мұхаммед) сондай алтын, күмісті жиып, Оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен шүйіншіле.» (9-34) Абай- Шәкәрім атамыз астарлы өлең, әңгімемен осы аятармен және осыған ұқсас көптеген аяттардың тәпсірін ақылға салуды ескертіп, көрсетіп кетіпті. Қаншама жыл орыс империясына бодан болып өмірден өткен ата-баба аруақтарымен, ескерусіз қалған әулие бастарын көтеріп құдайдың дастарғанын жайып шөлдеген, ұрыстардан, ақсақ, тоқсақ, соқыр және аштан далада өлген аруақтарға құранмен су бермекке, құдай тойына шақырған, халықты соған жұмылдырып көтерген азаматтардың дүниелік «бухгалтериясы» дұрыс болмай, осындай ата-жолының есеп білмейтін «ес»-ті «ек» аталғандардың атынан; муфтият, үкімет мазһабшыл, заңшыл, шешен, данышпан, өздерін біздердей момын, кедейлерге қарағанда ақылға, білімге бай және парасатты саналы санайтын қуыс бастарға Ғиса пайғамбарымыздың аманатын жеткізуді сұраймыз. «От ұшқыны қаншама майда болса да, қалың орманды өртеп жібере алады! Тіл де от іспетті, әділетсіздік тудырғыш. Дене мүшелерінің арасында орналасқан ол бүкіл денемізді арамдап, өзі тозақ отынан тұтанып, бар өмірімізді өртеп құрта алады. Әр түрлі аңдар мен құстар, бауырымен жорғалаушылар мен теңіз жануарларын адам өз еркіне бағындырып келді және бағындыруда. Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды. Тіл-бағындыруға көнбейтін жаман нәрсе кісі өлтіретін уға толы. Біз тілімізбен Жаратқан Ие-Құдай Әкеге алғыс айтып, Оны дәріптейміз, ал Құдай рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратқан адамдарды сол тілімізбен қарғаймыз да! Осылайша алғыс та қарғыс та бір ауыздан шығады… Араларыңда қайсысың парасатты саналасыңдар? Сол онысын үлгілі мінез-құлқымен, парасатты инабаттылығымен көрсетсін. Ал егер жүректерің удай қызғанышқа толып, қара бастарыңның абыройын ойласаңдар, онда даналықтарыңа мақтанбаңдар, әйтпесе шындықты бұрмалайсыңдар. Мұндай жалған даналық көктен келмейді, ол осы күнәкәр дүниеге, өз бетімен жүрген ескі болмысымызға және жын-перілерге тән. Қай жерде қызғаныш пен қара бастың қамын ойлау болса, тәртіпсіздік пен зұлымдық атаулы сол жерде. Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, сонан кейін ынтымақшыл, төзімді, ымырашыл, қайрым мен игі істер жасағыш, ешкімдің алдамайтын әділ қылып, екі жүзділіктен арылтады. Татуластырушылар «тыныштық тұқымын» себушілер іспетті. Бұл тұқымның жемісі болып әділ мінез-құлық орнығады.» Біздер қара халық осындай өздерін парасатты, саналы атаған діншілермен, әкім қаралардың арасынан тыныштықпен, әділдікті көріп отырған жоқпыз. Оған еліміздегі ағайын арасындағы болып жатқан қастықпен, даулар айқын дәлел. «Бұлақ көзінен бір мезетте тұщы да, ащы да судың шығуы мүмкін бе? ..Ендеше араларыңдағы қастандық пен дау жанжал қайдан шығады? Бойларыңдағы соғысып жатқан арам құмарлықтарыңнан туады емес пе? Сендер бір нәрсені аңсап, иемдене алмайсыңдар; сонда кісі өлтіретіндей жек көріп, қызғанасыңдар, ал аңсаған нәрселеріңе қол жеткізе алмайсыңдар. Жанжалдасып төбелесесіңдер, бәрібір иемденбейсіңдер, өйткені оны құдайдан сұрамайсыңдар.» Құдайдан сұрап жолдарын түзеп, жағдайларын да жақсартқандардың дүниесіне көз алартып, дінді ақирет қуанышымен емес дүние қайғысымен өлшеп жын-перінің жетегіне еріп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді менсібей, оны дәріптегендерді соттатып, қудалап шежіре тамырларыңа балта шауып, жалған даналықтарыңмен бүкіл халық алдында ұялмай мақтанасыңдар. «Әй, опасыздар! Осы күнәкар дүниемен достасу Құдайға қастық екенін білмейтінбе едіңдер? Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады. «Өмірімізден орын алған Құдайдың Рухы (аруағымыз) жалғыз Оны ғана сүйіп, Оған тереңдей бағышталуымызды аңсайды» деген бекерге жазылған деп санайсыңдар ма? Ал Тәңір бізге арам құмарлықтарымызға қарсы тұруға рақымын ағыл-тегіл молынан сыйлайды… Бауырласты жамандағандарың не үкімдегендерің Құдай өсиетін (рухын,батасын) қорлап үкімдегендерің. Ал өсиетті (батаны) үкімдегенде оны орындаушы емес сотаушы болып табыласыңдар. Өсиетті шығарушы да, сотаушы да-Біреу-ақ. Ол құтқара да, құрта да алады. Маңайыңдағыларды үкімдейтін соншама сен кімсің?» (Жақыптан; 3-4 тарау) Болашақта өзіне қол жұмсап және азапқа ұшыраған бүлікшіл бауырларымыздың аруағын азықтандыратын рухани ата салттық дәстүрлі дініміздің «ақиреттік бухгалтериямызды» құдай қаласа, әлемге де ұсынбақпыз. Сол кезде төрт парызды да толық меңгермей, бесінші түйінін шеше алмай, 3-саты ғылымының баспалдағын таба алмай жүргендер кім екенін, құлшылықтың 8-қырын, жан ғылымының 1-сырын әлем алдына таныстырамыз. Сонымен Абай атамыздың ескерткен рухтың үш түрлі бақшасынның біріншісін; махаббат жемісінің бақшасы деп, екіншісін мейрім мен шапағат бақшасы деп, Үшінсін енді әділеттің, ата заңымыздың бақшасы болып алдағы басылымдарда үшінші бақшамызды да аралап, діншілердің пәтуасымен салыстырып және осы бақшаларды «харам» атап және аруағынан жиреніп кіре алмай жүргенді әрі қарай талқылап алтын арқалаған дүниеге, қулыққа «ЕС»-ті, оймен, заңды «ЕК»-кіш «..қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен…Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен..» (5-сөз) деген «ЕС»-ке «ЕП»-ті жапарқұлдар мәселесіне қайта ораламыз. Әзірше Абай атамыздың мынандай философиялық астарлы ақиқатымен бұл бөлімді аяқтағанды жөн көрдім. Пайғамбарымыздың; «Үш рет анаңа жақсылық яғни құлшылығыңды арна!» деген ескертуі үш рухтың негізгі бақшасы жер ананың, су ана, хау ананың рухына тағзым жаса дегені деп түсінгеніміз абзал. Барлық адамзат тіршілігі жер ананың рухынан басталып ол бақшаны құранда «Фатиха» аналарың деп ескертеді. Яғни иман да бір, барлық рухани қазынаң жиған да бір! Сол бірлеріміздің нәтижесі ана қанында діл болып, сол діл бақшасынан өсіп-өніп, өлім жетіп, жер бақшасынан қайта бәйшешек болып көктеп шығады екенбіз. Абай атамыз жеміс беретін «жер бесік түйеміздің» рухы жер ананың киелі жерлерін қорғамақ түгіл қорлайтын ұрпақтарының пайда болып «Киелі жерден ат үркер» деген мақалына қайта ит болып киелі жерлерін былғайтын, дін бауырластықтың жоғалуын қазақтың дін-иманын; «Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой күлдәрамен белін буған(аруақ, рұқ). Төркініңнің бергені жауыр айғыр, Бауырыңнан(намазхан Кәрім) ұрайын бірге туған.» деп бәйшешек болып гүлдейтін әйел затымыздың және мұсылмандық бесінші қарызын жоғалтқан, шежіре тарихың дін-жаның шиге айналар деп беспен (әйелдік сан) белгілеп; «Түңлікбайдың (намазхан отырушы, сопы) қатыны, атың-Шәріп(адам баласының шерігі, 5-қуат), Байға жарып көрмеген сен бір кәріп. Сен-шыққан жол үстінде (дәстүрлі дін, зиярат) жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып.»

Басылымға андатпа. Бұл басылымды әрбір тақырыптың басын бір шалып аталарымыздан қалаған аманаттардың есігін ғана ашып кетуді жөн көрдім. Және бұл басылым муфтият дінші қауымға да және білімді аталған, төреліктің төбесіне шығып, өздерін төмендегілермен, біздермен салыстырып биік бағалап, еменге айналған қауымға да арналмайды. Оған себеп өзіңді жақсылармен салыстырып бағаламай, тек жазылғын кітап арқылы білімсіз қауымнан сәл ғана жоғары тұрған ақпараттарға ғана сеніп, ал дін-жаныңның кітабын көріп, оқып яғни түс, аян ерекшеліктерін ажыратып, жорып іс қылмаған қандай да бір хазірет, ғұлама, ғалымның да жүрегі көкірек көздері жабылып, растықтан қашықтап, керісінше тылсымға, таза дінге, ғылымға жүректерінде қарсылық пайда болады. Оған дәлел жын, шайтан, пері, серік туралы жан сырының қарапайым ұғымдары өлшемдері санадан шығып, жастарымызды сол көмес нәрселермен қалай күресуді үйретудің орнына, керісінше мешітке, намазға тығылуды үйретіп жатқанымыз қазақ елінің психология, философия ғалымдығының зұлымдыққа ұшырап, орға құлағанын көрсетеді. Төбеде отырған төрелер бұл ғылымдарды өздері толық меңгермейінше діннің зұлымдығының, апиынға айналып, халықты теріс бағытқа бұру ешқашанда тоқтауы мүмкін емес! Керісінше енді осындай ел басқарған, ғалым, дінші пенделеріне де азап, сынақтар мен өмір жастарының қысқаруы және жан ұяларына түрлі сынақтар түсе бастайды. Жеті түрлі дәрігерлердің өздері де ауыратын аты жаман ауру есік қағып тұр. Сонда түсінер «заңсыз ем» деп ойдан заң шығарған заңгерлер. Денсаулық сақтау саласына үлкен сынақ келеді. Жан киімі, «бойы, үш ағашы» жоқ, жалаңаш арсыз-ұятсыз қатындардың жыныс сулары жоғалып, қоректік сулары ашып; мәңгүт, кеміс балалармен, іш тастауы ай сайын еселеп арта бастайды. Өзіне өзі қол салу мен төтеннен келген ажалдың еселеп артуымен жасына жетпейтін өлімнің артуын туындатады. Аяқтан, буындардан мешел болу мен қан азуы, тері аурулары, қотыр, алапес т.б әлемде алғашқы орынды иемденіп және тағы белгісіз дерттердің туындауынан ауру ата заңымыздың арқасында құдайдың берген жазасы мен азабын үкімет пен дәрігерлерден көріп, соттасумен көптеген пенделер тағынан айрылып, жазаланатын болады. Заман талабына сәйкес келмейтін ақпараттық рухани мешеулікті қалыптастыруға құралған масһабымыз, құран сырларының ғасырлар бойы ашылған құпияларынан байланысты күнәлардың да еселеп артқанынынан туындаған қара күштердің, жын-шайтанан болатын зұлымдықтарды тоқтата алмай, керісінше орта топтық «намазхандық» қылығымыз жын-шайтанмен жүктелуге себепші болып, ғалым діншілеріміздің өздері мен жан ұяларынан да азап қамшысымен, көктен жындардың түсіп, тозақтың баурауы басталады. Құранды босқа жатқа алған жастарымызда ақыл-ойы жетіспей түрлі ағымдарға және зұлымдықтарға ақымақтық әрекеттерге түсе бастайды. Бұл сыннан тек әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік дінімізді үкіметімізде, ғалымдарымызда жалпы халық болып насихаталуымен ата жолымызды, салтымызды, ғұрпымызды қайта аяғынан тұрғызып, ұлтық шариғатымызды ата заңымызбен достастырып, дін -жанымызды ғылым-біліммен, жаратқанан беріліп жатқан хикметті істермен тазарту арқылы ғана әлемге келген бұндай сынақтардан, қасіреттен аман-есен аз ғана шығындармен өте аламыз. Егер бұл мақаларым төрелердің жүргізіп жатқан саясатына, мүфтият ғалымдарының шала діндарлығына және солардың құзырынан шықпайтын басылымдарына сәйкес болса демеуші де, қолдаушы да табылып халық арасына жапай оқуға, сабырға шақыратын жарияланбаған халықтың жүрегіне жақын көптеген мақаларды да таныстырып үгітеуге мүмкіндік болар еді. Өкінішке орай ондай екі жүзділік ұстанымдарға қарсы болғандықтан «білдімандардың» тартпасынан, суырмасынан ары бармай қалуы даусыз. Бір жағынан сондай пенделердің осындай әрекеттеріне аруақтарының қозғалыс болып, жаратқаннан пәрменмен сынақ түсуіне, себепті азаптарының жеңілдетуіне жәрдемі тисе де жарар. Сондықтан бұл ақпараттар жүзін-шариғатын ұлтық төрт 25-ін меңгерген, және барды жоқ деп екі жүзділікке ұшырап, қазақша ойы мен тілі бөлінбеген қожалығын да, тектілігін де жоғалтпаған, бірақ белгілі жағдаймен күресерге дәрмен жоқ, сабыр сақтап биік мансаптың буына түспеген орта топтағы ақын, жазушы, тілші және қазақтық салтын ұстанып, жан- діннен ажырамаған ғалымдар мен көк жиекті көре білетін дін жолындағы жастарымызға және «атасының емес адамның баласы болуға» талаптанған дін қандастарымызға мүмкіндігімізше ұсынып, әліміз жеткенінше таратып көрудеміз. Алда дәлелденетін көптеген асулар, құранның терең құпия ашылатын ғылымдық сырлары бар. Ал, тек діншілермен, жалпы ғалымдардың аталарымыз меңгерген жан сыры мен дін сырының белгілі болған жайтарын ғана шолып шығу үшін ғана алда екі-үш басылым шығу керек. Сонан кейін ғана Ясауи бабамыздың көрген, білген құпияларынан әлем таң қалатын нақты ғылыми деректерді береміз және ата жолының нақты мақсаты ғылымын құран және киелі кітаптармен, тура жолдың қандай болатынын ашып көрсетуге мүмкіндік туары сөзсіз. Әзірге қазақ еліндегі болып жатқан дін қозғалысы інжіл түскендегі елшілерге тәураттықтар мен үкімет басшылырының қарсы тұрып қудалануы мен, Мұхаммед пайғамбарымыздың екі жүзділермен соғысы және қазақ еліне арап т.б мемлекеттер тарапынан түрлі діндердің соғысын қайталануы жүріп жатыр. Тек ерекшелігі бұрын мүлде сауатсыз, надандар арқылы іске асырылса енді білімді мен біліктінің өз ара қайшылығымен іске асырылуда. Інжілді тарату кезінде Саул деген білімді, тәураттық ілімді жетік меңгерген сауатты кісі Ғиса пайғамбарымыздың көмекшілерін заңмен қудалап, ел аралап іздеп жүріп түрмелерге тоғытып ақырында Құдайдың қаһарына түсіп, соқыр болып қалып, оны рухтың әмірімен бір елші ем жасап жазып, кейіннен інжілге, Ғиса пайғамбарымызға иман келтірген ең сауатты, қажырлы, рух әмірін орындаушы елшілердің бір болып шығады. Бұндай жағдай енді осы ата жолын заңмен де басқалайда қудалаған, ілімді, білімді топтың арасына сынақ келіп, зұлымдықтарға ұшырап, болашақ ата-жолының ең жоғарғы елшілік дәрежелеріне көтерілетін қазақ азаматтарының шығуымен қайталануы даусыз. Сондықтан қазіргі жүріп жатқан ақпарттық надандық пікірлерге келесі басылымдарда Абай, Шәкәрім және аталарымыздың қалдырған аманаттары арқылы, сондай адамдардың жазылған еңбектерін және амал жоқ аттарын атап, сынаумен, салыстыру арқылы ғана қазақтың жан ғылымының «аруақ өмірінің», күнәдан ақталу заңдылығын киелі кітаптар арқылы дәлелденетіні ақиқат. Аталарымыз екі игіліктің, қадым мен құс ілімінің басын қосуға шақырып; «Бақ қарасын қыдыр дарысын!» деп бата берген екен. Бақтарыңыз бұлбұл болып төбеге ұясын салып, қыдырыңды іздеп, киелі ойпат жерлерді кезіп тау-тасты аралауды аралауды нәсіп етіп, табандарыңнан таза нәсіл әл-қуат болып даруды нәсіп етсін! Келесі басылым бетінде көріскенше күндеріңіз шуақты, діндеріңіз қуатты бола берсін!

Қазан айы. 2011 жыл. Алғабас ауылы. Бейбітшілік көшесі №6 үй.