Тәпсір мен қазақ діни танымы. Қазақ елінің діни мазһабтық нанымының ғылымдық көрнісі.

«Тәпсірші деген атақ бар, Ой жотамен адасқан тәпсірде талай шатақ бар» (Шәкәрім ата). Абай атамыз құранды тәпсірлегенде астарлы сырлармен қарапайым, қазақ өмір, тіршілік тынысымен бүкіл әдет-ғұрып, сал-дәстүрімізді бейнелеп шықса, ал Шәкәрім атамыз дін ұстану мен өмір қамындағы нақты жан сырын ашып көрсете білген. Тек біздің Абай, Шәкәрім танушыларымыз басын біріктіре алмай жеке-жеке таныған ғалымдықтарынан нақты ішкі сырын ашылмаған. Екінші бір себеп, бұрын қандай бір ғалым және ишан, сопы, хазіреттер болсын бір жоғарғы дәрежедегі жақсымен әулиемен өздерін салыстыра отыра, атақ, дәрежесін орнын белгілесе, қазіргі таңда өздерін кіммен салыстырып жақсы, ғалым, хазірет-шейх аталғанын ешкім білмейді. Сөзіміз дәлеледі болу үшін әзірше жан ғылымы, рухани бастаулар ғылымына тереңдемей-ақ, қазіргі таңдағы қазақтың бар ойшылдарының, ел басқарушы ақылдылардың бір ауыздан мойындап осы дұрыс деп халыққа таратып жатқан дін оқулық кітабтары; «Ислам ғалымхалі, Дін мен Діл, Отбасы ғалымхалы.» атты кітабынан аз ғана деректермен салыстырып ғалымдық өнерлерін қазақ әулиелерімен салыстырып бағалап отырмыз. Негізінен бұл оқулықтарда жалпы дін танимын деген қарапайым оқушыға ислам құндылықтарынан көптеген жақсы мағлұматтар берілген. Бірақ негізгі қателік осы кітапты жазушы ғалымдардың ұлттық рухани тазалығынан кемдігінен пайда болған көптеген елеусіз болғанмен, кейбір ойы таяз оқырмандарға парыз, үкім, өнеге, үлгі түрінде қабылданып санасын өзгертетін мағлұматар яғни «аю тұзақтар» жан сырына, психология, философия, тіл біліміне қате пікірлер жеткілікті. Оның бірі; Отбасы, Ислам ғалымхалінде жаратушы түп негізді «Аллаһ» деп Алламен қосып тәңір шақырылған яғни серік қосылған. Әрбір таңбаның астында жасырын үндік яғни тәңірлік қуат жасырылған. Сондықтан 5-үнмен тек тәңірлік сипатты яғни жаратушы түп негіздің жаратқандық белгілерін көрсетеді. Ал екінші Дін мен Діл кітабында дін ғалымымыз «Аллаһ» атауынан бас тартып Алла сөзін пайдаланған, сонда есімдік атау сөзді өзіңнің қалағаныңша өзгерту, жаратушы үкіміне мән бермеуден қандай діни сауаттылық деген ой пайда болады? Бұндай тіл ғылымына бағынбаған, дін ғылымын үстем деген тәккәпалық пайымдаудан, әлі ақыл ойы жетілмеген жастарымыздың тек осыған еліктеушілігі мен тіл ғылымын менсінбеушілігін ғана қалыптастыруы сөзсіз. Және осындай өз қателіктерін де мойындап, теріске шығарған дұрыс пайымдаулар да кездеседі. Мысалға; «Хадистердің бір мәселеде әр түрлі көзқарастарға себеп болуы, араб тілінің өте ерекше тіл құрлымына ие болуында. Мысалы, бір сөз араб тілінде әр түрлі қалыпта оқылғандықтан, мағыналары да оқылған формаға сай өзгеріп отыруына байланысты ғұламалар бір сөзден әр түрлі үкімдер шығарған.» (Ислам ғалымхалі. 27-бет) осындай пікірмен аудармашылықтың және арап тіл ғылымын өте күрделігін ескертіп, өздерінің теңдесіз арап тілді ғалым екенін дәріптейді. «Құран аяттарының әрбір сөзінің бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі. Тіпті кейде аятта қолданылған әрбір әріптің де өзіндік бірнеше мағынасы болады. Аудармада осы әріптердің өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яки береуі ғана ескеріледі… Сондықтан кейбір сөздің «сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада беру мүлдем мүмкін емес.» (121-бет) Және аудармашылықтың ең жауапты іс болып оған үлкен арап тілінің ғалымдығы керек екенін және әрбір әріптің сандық мағынасы, орны бар екенін ескертеді. Бұл ойға, пікірлерге енді қосарымыз; Құран аяты түгіл пайғамбар хадистері де жеті түрлі үндік ерекшелігімен болады және соған байланысты сөздердің, аяттардың насихаты өзгеріп отырады және оның құпиясы мұқият таңбасы, үні жетілген елдердің тіліне аударылғанда ғана нақты ғылымдық сипаттары ашылады. Сондықтан аятта; «Құранды арап тілінде оңайластырып түсірдік» деп арап тілінде үгіттік шариғаттық қана нұсқасы көрінетінін ескерткен. Олай болса құранды немесе хадистерді арапшадан оқи сала бірден аудару үлкен қателік екендігін, арап тілінің ғалымдығын меңгеру өте күрделі, есеппен байланысты екендігін өздері де мойындайды. Сондықтан аударма ғылымын меңгеру арнаулы жаратқанан елшілік белгіменен арнаулы сүйген құлдарына ғана беріледі. Діннің бірлігі де осы аударма ғылымына мойынсұнып, Абай атамыз ескерткендей «Еденица» болу керек! Оған пәтуаны ғылыми кеңестің және араптардың ғалымдарының кеңесінің шешімі бойынша келісімге келіп, қалған арап тілін зерттегісі келген, құранды аударғысы келгендерге тыйым салатын заңмен арнаулы емтихандар тапсырып ұлықсат бететін иниститут болған жағдайда діннің бірлігі, сөздің тұтастығы қалыптасады. Және құранды жататуға, қарилар дайындауға арналған медіресе, инисититуттар тек надандықпен, рухани тежелуді ғана қалыптастыратынын, ал құран оқуда әрбір халықтың өзіне тән үнімен, пенделердің де өз мақамы, үн ерекшелігі болатынын арапша ғана мұрыннан үн шығарғанды мақтанышқа айналдырғанды надандық деп түсінетін уақыт жеткен сияқты. Дін рәсімін орындау үшін белгілі жаратқанды ұлықтайтын, мадақтайтын, жалбарыну аяттарын ғана ұлттық үнде анық оқитын дәрежеге жетсе, бүкіл құлшылық істеріне жеткілікті болатынын, сопылық, тақуалық жол дегенімізді ертегіге айналдырмай, қазақтың қарапайым ақсақалдары, билері, абыздары, хандары, батырлары да меңгергенін халыққа түсіндіретін, дін тақуалығының қарапайымдылығын насихатағанда ғана бір ұлттың түрлі дін секталарына бөлшектенуден құтылуға болатынын білгеніміз жөн. Тақуалық дегеніміз ұлтына сай әдет-ғұрып, салт-дәстүрін орындай білген ізгілікті, қайрымды туысқаншылық бауырмалдықты білген әрбір елдің тұрғыны бола алады. Яғни әрбір дін-жанын, ниет-пиғылын таза ұстаған тілеген тілегі, берген батасы қабыл болған адам баласы тақуа намаздарын толық орындап, сөз, ар тазалығын сақтаған сопы. Енді осындай қалыптасқан ұлттық дін пейілімізді дінші ғалымдарымыздың көз қарысымен құран оқуымыз; «…өлінің басында ғана тілі күрмелген қарияның үнінде түсініксіз шала шығады… Пайғамбарымыздың (с.а.у-жынды емес) есімі көптеген жүректерден өшіп, сүнетері жарыққа шықпай, екінің бірі оқи алмайтын көне қолжазба кітаптарда қалады. Ораза мен намаз секілді Ұлы Жаратушыға деген шүкір етудің нышаны болған ғибадаттар алыстағы ауылдың кейбір сексенге келген қаһарман қариялары оқып, бейне бір Ұлы Құдайға шүкір ету, қарттарға ғана тән іс-әрекет көрінді.» (37-бет) Бұл мәтінде үш түрлі ойшылдықтың көрнісі бар. Құлшылық негізі адамгершілік парыздармен, мұсылмандық қарыздарды орындау ізгілік істермен ұлттық құндылықтарды сақтауда емес, шүкірлік дегеніміз құранды тілі күрмелемей дұрыс оқумен, жатап алуда екен. Бір жағынын ақсақалдардың тілі күрмелгені құранды бұзушы және мазақ түрінде болса екінші жағынан тілі күрмелеген қарттардың құранды оқуға лайық емес, немесе дұғасы құранды таза оқитын жастардан төмен болады деп ұғуға да болады. Бұл жерде қазақтың ишан, ахун, билері, абыздары, хандары түгіл құранмен, пайғамбар өсиетерін қазақ салт-дәстүріне сіңіріп, қазақша өлеңмен өрнектеген ақын жазушылары түгіл Арыстан баба, Ясауи бабамыз, Пір Бекет, сахабалар және мыңдаған бақсылар, әулие-әмбилер де түкке тұрмайды екен. Шүкірлік деген махабатпен іс қылып, себептің егесіне «маған құлшылық жасап» артық хайыр жасап, ғылым-білімді меңгеріп, ұрпақ тәрбилеп, адамдық құндылықтарды сақтауда, әділеттілік, жаратуға құшталық, адам баласының бір-біріне деген махаббатпен іс қылу дегендер түк емес тек ораза тұтып, намаз оқуда деп түсіндіреді. Сондықтан арап тілінде сауаты бар, құранды судыратып оқи білген пендені тілі күрмелеген ақылшы, батагөй ақсақал, шалдарымыздың орына ауыстырып, халқымыздың болашағы неке қиюды да құранды арапша оқи білген молда болса болды, тақуалығы және ішкі ниеті және дұға тілегін жаратқан қабылдайды ма, санаспай, жастардың отбасылық тағдырын масһабшыл діншілер қолына тапсырып, әулие аруақтарының ұлықсатын алған ақсақалдың, үлкендердің батасымен некесін қиып және ондай жолмен құрылған жан ұяның босағасы берік болатын дәстүрімізді де жоғалтып алдық. Бұндай өзгеге жарамсақтанып, өз салтынан түңілгендерді Абай атамыз; «Наданға арам-ақылды құлаққа ілмек, Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек. Рас сөздің кім білер қасиетін, Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек…Ақсақалдың, әкенің, білімдінің Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек…Алашқа іші жау боп, сырты күлмек, Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек. Бір-екі жолы болған кісі көрсе, Құдай сүйіп жаратқан осы демек.» Шындықта, шында ақсақал мен әкеңнің ұстанған дінінде, жаттың тәуіріне еліктеме, өз ана тіліңнен ата сөзінен, батасынан жиренбе деп ескете отыра; «Күлмең қағып қасқайып, Салынап ап мақтаға. Таң қаламын қампайып, Жоқты-барды шатқанға…Жайы мәлім шошқаның, Түрткенінен жасқанба. Бір ғылымнан басқаның Кеселі көп асқанға. Одан үміт кім қылар Жол табар деп сасқанда? Үйтіп асқан жолығар Кешікпей-ақ тосқанға.» Өзін білімдімін деп жатқа еліктеп, жер емшегімен, шал емшегін емуден жиренген ғылымсыздарды түбі шайтанның тұзағына түсетінін ескетіп: «Мынау келеген Назар ма, Ақсақалды ауыл азар ма? Сұрағанның бір-ақ тай, Бермейді деп сазарма!» деп сондай үкімші шалдар жүген жерде береке мен бірліктің діннің сақталатынын ескерткен. Құдайға құлшылықтың басты мақсаты жаратқанның ризашылығын алып ондай құлдарын жаннатпен сүйіншілейтін болса, Пайғабарымыз; «Жаннаттықтар үш бөліктен тұрады: Әділетті қолы ашық, жағымды ел билеушілері, екіншісі; жақындары мен мұсылмандарға мейрімді қамқор адам; үшіншісі; от басы мүшелерінің көп болуына қарамастан, харам жолмен ақша табудан сақтанып, өзгелерден қайыр садақа сұрамайтын ар-намысты мұсылман.» Бұндай мұсылмандықтың басты шартарын салт-дәстүріміздің ұлтық ережесін білмек түгіл, жастарымыз бен әсіресе шет елден діни оқу бітіріп келген діншілеріміз әдет-ғұрып болып төрт кітаптың да бірлігін сақтайтын дін рәсімдеріміз жерлеудің де, зиратауды және қазақтың өлікке байланысты орындайтын діни салттық жоралғыларына шабуыл жасап, шариғатқа теріс деп қазақтың ғұрпын өзгертпек болғанда, осындай елге келген нәубеттен және түсетін құдайдың қаһарынан, аман алып қалған сол арамызда қалалған ескінің көзі қара шалдарымыз еді. Пайғамбарымыз бір мұсылман дінін қабылдап қайтыс болған таныстарының үйіне сахабаларымен жаназа оқуға барады. Сонда жаназа шығарып құран оқушы арнаулы құранды жетік оқуын меңгерген хафиз қызмет жасап отырады да, кешігіп келген бір кісі; Мен бұл қайтыс болған кісінің жолдасы едім, жаназаға кешігіп қалдым өзім құран оқысам бола ма?-деп сұрағанда, -Әрине болады –деп пайғамбарымыз ұлықсат беріпті. Сонан ол құран оқығанда көптеген қателіктермен және түсініксіз оқиды. Сонан сахабалардың бірі; -Уа Алланың елшісі қай құран оқыған кісінікі қабыл болды, алдығыныкі ме, әлде соңғы келгендікі ме?-деп астарлы сұрақ қояды. Сонда пайғамбарымыз; -Алдыңғы кісі өз міндетін ғана атқарып отыр, ал соңғы таза ниетімен оқыды, әрине соңғысының оқыған құраны қабыл болуға лайық-деп жауап береді. Сондай сауатсыз тілі күрмелген болса да көкірек көздері ашық, ар-намысын таптатпайтын қазақтың қайтпас шалдарына; Ақиретік болғандарына Алла иман беріп, тірілерімізге өмірлерінің берекетін берсін! Ал ол кезде қазақтың ел басқарған, білімді аталған таққа отырғандары да қарсы тұра алмай керісінше құлақтары салбырап еріп кеткен. Әліде армызда сол райынан қайтпағандары жетерлік. Бұндай табаны тайғақ, сенімі әлсіз ағайындарымызға қазақша үмметтік иманын табуды Алла үкім беріп, ата-баба аруақтарын иман жолдасы қылуды нәсіп етсін!

Қазақ елінің діни мазһабтық нанымының ғылымдық көрнісі.

«Расында Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ ғұламаларды алу арқылы арқылы жояды. Ол бірде-бір ғұламаларды тірі қалдырмаған кезде адамдар білімсіз дадандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімді болмаса да пәтуа шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адастырады» (85-100) Адам баласының нанымы сол замандағы ғылым-білімнің, философиялық ойшылдықтың нәтижесіне байланысты болса ал ішкі рухани тұрақтылығы мен сенімі дін ғылымдарының пәтуасы мен ілімдерінің жетістігіне тәуелді болады. Енді біздің дініміздің сапасы мен нанымыздың яғни философиялық біліміздің қалыптасуымен сеніміздің шамасына мүфтият ғалымдарының пайымдауымен ақыл жүгіртіп салыстырып өтейік. «Дін мен Діл» деген мүфтиятың мақтаулы нағыз қазақтың дәстүрін жақтаушы кітабына үңілсек; «Кешегі ұлт санасын улап, рухани құндылықтарымыздан айырған кеңестік дәуірде «өлді, бітті, келмеске кетті» делінген Ислам діні қайта келді. Тіпті келгенде де мүлде өзгеше кейіпте.» (8-бет) Біріншіден ислам діні тек намаз оқу, ораза ұстау болса ол қазақта кеңес үкіметінде де аталарымыз еркін ұстап, Жамбыл атамыз кремілге де барып Сталиннің көзінше намазын қысылмай оқыған. Ислам дінін кеңес үкіметінде ашық уағыздауға тыйм салып, қудаланғанмен қазақтың ұлтық діни құндылықтарына тиым салынған жоқ. Қазіргідей орамал тартқан әйелдеріміз де аналарымызда қудалаған жоқ. Керісінше шалбар киіп қатындарымыздың азғындауына, жалаңаш –жалпы жүріп европа елдері сияқты нәпсініні қоздырытын, шайтан ілімдерін ашықтай үгітеуге, көрсетуге тиым салынды. Ал жалпы жастарға дін рәсіміне тиым салғаны ол ислам дінің өлгеніне жатпайды. Ал «мүлде өзгеше сипатта келді» дегенге қосылуға болады, оған дәлел қазақтың тарихында надандық уақыттарда араптардың, қызылбастардың өздерінің шариғаттарын насихаттау барысында «аруақ деген шерік» деп бір қазақты, бір қазаққа айдап салып елдің бірлігін бұзып, талай қан төгілгенде дана абыздар мен хандарымыз соғыс ашып, келімсек дін таратушыларды елдеріне түгелдей қуып, ата салт-дәстүрімізді сақтап отырған. Әзірге қазақта ондай даналықтың иісі де шықпайды сондықтан сондай рухани өлімді, надандық істерді туындататын қырғынды жаңашыл діншілер қайта салды лаңдарын. «Мұсылман баласы қандай да бір түйіткілді мәселені аттандап, құр айқаймен шешпеуге тиіс. Парасаттылыққа, түсіністікке, сондай-ақ ғылымға сүйенген ағартушылық, бұл-кез келген дерттің емі. Бір жақты ойлау, астамшылық жасап артық кету, бұл-шынайы ғылымның жолы емес. Өзін ақтап, ұстанымын жақтау үшін өзі секілді ойламайтындардың бәрін түрлі жолмен қаралап, тілін былапыт сөздермен былғау, жеке басының мәселесін араластыру мұсылманшылыққа жат.. Мақсатымыз-халқымыздың бірлігі мен ынтымағына ұйытқы болып, сол жолда аз-кем өз үлесімізді қосу..» (13-бет) Осы ғалымның осы пікірі егер өз ойы болуы мүмкін емес, менің және менімен серіктес ата жолының, құдайшыл атаған топтың атынан өздеріне мүфтият пен дінші қауымға арналған жолдау дегенге растыққа сәйкес келуі мүмкін болмаса жоқ. Мені қойшы 7-8 жылдан бері мүфтиятың да, барлық баспасөздердіңде есігін тырналап, ақыры бас мүфтидің орынбасарынан таяқ жегсін ғана ондай әдетімнен бас тартып басылдым. Жазығым мыналарды оқып жауабын беріңдер, пікір таласқа баспасөзден орын беріңдер дегенім. Құдайға шүкір халықты зиратқа апарып, талай адамды қамшымен емдеп жүргенімізден және бата тыңдап аталар аманатын орындап жатқанымыздан хабарсыз екен де, болмаса халықтың ақшасын жинап алып, байып жатыр, аруақпен тілдескен жындылар деп үкіметтің ояздарына ұстап беретін едіңдер. Әйтеуір ел басымыздың жарлығымен көзіміз енді ашылар деген үміттеміз. Біреуін зікір-гипноз деп, бірін намазды дұрыс оқымайды, бірін зияраттап ақша шашқызды деп сотатып жатқан немесе өз еркімізбен арыз беріп, күнәкарлығымызды мойындап, соталып жатқан өзіміз де болуы мүмкін. Қазаншының еркі бар қай жағымен тыңдасада, тыңдатса да әйтеуір. Енді тек мүфтиятың үкімімен жүрмегендер адасқандар дегенге дәлел; «Жоғарыдағы «Би» әрпінен байқағанымыздай, Құран және хадистердің бір сөзі, тіпті, бір әрпі көптеген үкімдерге негіз бола алады. Сондықтан араб тілін жетік меңгермеген адамның бұл мазһабтардың ешбірін ұстанбай-ақ өздігімен иждиһад жасаймын деуі үлкен қателік.» (17-бет) Осы екі пікірдің бірін-бірі жоққа шығарып тұрғанынан-ақ екі білімдегі беткейлікті көруге болады. «тілін былыпыт сөзбен былғау мұсылманшылыққа жат» болса онда «иждиһад» сөзі Халифа Алтай атамыздың аудармасында «дәріптеу, ұлықтау» болып көркем сөзбен берілген. Ал енді «иждиһад жасаймын-ұлықтау жасаймын» деген мағынаны беріп, құран аятын оқып зікір етіп айтамын емес, аятты өзім жасаймын болып, ғалымның тілді былғағанын қалай түсінеміз? «Ижтиһад (ұлықтау, дәріптеу) жасауға ғылыми деңгейі жетпейтін бұқара халық егер де тарихта өзін дәлелдеген Һәм ұстанымдарын Құран мен сүнетке негіздеген Ханафи, Мәлики, Шафағи, Ханбали секілді мазһабтармен жүрмесе, онда жалпы қоғамда анархия, бейберекетсіздік белең алады. Әр адам Құранда өзінше шала түсініп, нәпсілерінің қалауын қарай жорамалдай бастайды.» (19-бет) Енді Алланы ұлықтап, дәріптеуге (иждиһад жасауға) яғни құран оқуға бұқара халықтың масһабшы діншілер болмаса, тіліміз күрмелгендіктен ғылыми деңгейіміз жетіңкіремейді екен. Сонда ғылыми деңгеймен, нәпсінің тәрбиесі арап тілінен тіл сындыруға байланысты болып тұр. Қазіргі бейберекет, қазаққа келген қайғы-қасіретте арап тілін меңгермей құранды шала түсінуімізден туындаған екен. Онда арап елдеріндегі халық өз тіліндегі құранды меңгере алмай, ғылыми дейгейі жепей бірін-бірі қырып жатқанын қалай түсінеміз? Енді жоғары мәртебелі дін ғалымдарының пікірінше мазһаб ұстану жол болып түсіндіріледі. «Намаз (оқу)-күллі шүкірді қамтыған ғибадат… Міне, намазда осы періштелердің ғибадат түрлерінің бәрі бар. Сол себепті, әлем тұтастай Ұлы жаратушыға ғибадатта…Оқыған жақсы қызметім болса дейді. Оған қолы жетсе де қанағаттана қоймайды. Одан әрі жоғары көрінген биікке шықсам деп армандайды. Фәни ғұмырдың ешқасан биігі бітпейді. Бірі бітсе, бірі мен мұндалап тұрады…Қысқасы, фәни ғұмырдың фәни бетіне қараған беті ешқасан адамның жан-дүниесіне рақат әкелмейді. Ал намаз оқыған адамның әрбір іс-әрекеті Аллаһ үшін болғандықтан, қалған 23-сағаты да Аллаһ үшін саналып, күллі өмірі құт-берекеге айналмақ. Өйткені намаз оқушы-ғұмырға неге келгенін ұғынып, өз міндетін қалтқысыз атқаруға тырысып, фәниде өзін «жат жұрттық» санап, мәңгілік бақыт мекені мен өзін сүйіп жаратқан Ұлы Жаратушысына қарай аса сағынышпен қадам басқан адам…» (И. Ғалымхалы. 85-бет) Бұл жерде адамдық борышта, мұсылмандық қарызда, бала тәрбиесі, ғылым-білім, халыққа қызмет ету, отан, ұждан, ар-ұят дегендер намаз оқумен салыстырғанда ешқандай маңызды емес, керісінше хайуан, жаратылыс періштелері үнемі ойсыз, ақылсыз сәжде қылғандай тек өзіңді сүй, өзіңді ойлау ғана маңызды болып соның жолында «жаттанып, тағыланып» жұртыңды, фәни өміріңді дұшпандай көріп, тек жаннатқа кіруді ғана армандауды, мақсұт тұтуға, араптар сияқты мұңсыз ел болуға шақырады дін ғалымдарымыз. Олай болса пайғамбарымыздың мына өсиетін жалғанға шығару керек болады. «Үмметімнің машайықтар жаннатқа намаздаң, оразаның және садақаның көптігімен кірмейді. Алланың мәрхеметі, нәпсісінің жомартығы және жүректерінің дұрыстығымен кіреді.» (Хасанан 10-өсиет) Енді дін ғалымдарымыздың пайымдауынша пайғамбарымыздың менен кейінгі тура жолды жалғап тазартушы Ахмет болатын ұрпағыма жеткіз-деп берілген құрманың хикметті де, мұғжизасы да жоғарыдағы төрт масһабтың біліміне қарағанда ғибадатқа, дін ұстанымына, тарихына жатқызбайды. Бұндай дінің оқиғасын қазақ халқы да түркі әлеміде мүлде басынан өткермеген тәрізді. Бірақ Әбу Ханифа атамыздың көзін көрген қазіргі заманда бірде бір пенде жоқ. Тек қалған айтылған, жазылған еңбектермен онда да тәпсіршілердің өздеріне ұнаған аудармаларымен ғана таныспыз. Және масһаб ережелерін құран аяттарымен санмен байланыстырып, көрсеткен бірде-бір жазбаны өз басым көре алған жоқпын. Ал көзін көрмеген адам болмаса да кешеге дейін мыңдаған кітаптарға лайықты еңбегі, санмен ғылым, білімін нақты белгілеген хикметтері қалған Ясауи бабамыздың Ханафи масхабын меңгеріп, әрі қарай жетілдірмегеніне кім куә бола алады? Ал қазақ халқы үшін өз ішімізден келген мыңдаған шәкіртермен түркі әлемін мойындатқан, Ясауи бабамыздың көрсеткен дін ғылымын мағрипатынан аттап және түркі әлемінде қалыптасып салт-дәстүрге айналған дінің өркендеу тарихатын елемей, ар жағындағы шариғаттың дін бастауларына жалғану ғылымға сүйенсек ақымақтық пен және пайғамбарымыздың өсиетін теріске шығару. Кім пайғамбарымызға ақылмен сенім келтірмесе, онда ол діннен шығады және мұсылман да емес!

Енді ислам ғылымының мәні туралы кейбір құнды деректер келтіре отыра, арап тілінен ғана алған тәпсірлердің яғни Халифа Алтай аудармасын менсінбегендіктен жіберген қателерге тоқталайық; «Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің үстіне орайды» (Зүмәр-5) Араб тілінде «такуир» сөзі домалақ нәрсенің сыртына бір шар тәріздес нәрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді. Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн мен түн үшін «орайды» сөзі қолданылып отыр» (И.Ғ 203-бет) Егер жер шар тәрізді болып оны түнмен жаратушымыз орап тастайтын болса онда бүкіл жер шары бір мезгілде түн, бір заматта күн шығып отыру керек. Ақылы сау адамға түсініксіз. Халифа Алтай атамыз «жабады» сөзі пайдаланған, сондықтан бір елде түн көрпесі жабылса, екінші елде әлі күндіз болып, әр түрлі уақыттардың, жарықтың ауыспалығы жер бетінің мүлде домалақ емес керісінше жарты шарлармен жабылғанын көрсетеді. Сондықтан аятта; «Аспанды тірексіз көтердім» деп ескерткен. Жарты шарларда тірек сол жерден шектік белгімен «аномольды» жерлермен белгіленген. Ал жер домалақ болып аспанда солай болса онда жер бетінде ақпараттық шек аралармен әртүрлі белдеулер қалай жаратылды? «Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың (байқамай???) Ал олар,бұлтардың көшуі тәріздес жылжуда». (Нәміл-88) Ал Халифа Алтай атамыздың аудармасында; «тауларды көріп, табжылмай тұр деп ойлайсың. Негізінде ол бұлт тәрізді жүреді. Бұл әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі. Күдіксіз ол, жасаған нәрселеріңді толық біледі.» (27-88) жылжуда емес « бұлт тәрізді жүреді» және «ойлап қаласың» да тез «ұмытып қаласың» емес «ойлайсың» яғни «есіңде сақтайсың» деп аударылған. Және «Бұл әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі.» деген аятың жалғасын түсінігін жалғасақ, барлық ескі кітаптарда, словян ғалымдарының жазбалары бойынша әрбір берік нәрсенің өрістік көзге көрінбейтін сипаты болады және олар толқымалы қозғалыста болады деп түсіндірген. Алматы қаласының көкте теріс төңкерілген өрістік бейнесі бар. Сол сияқты таулардың да сондай бейнесі бұлт сияқты жүреді біздердің көзімізбен көрінбейді, ғылымда әзірге аспаптармен өлшенбейді, бірақ беріктігі бар алыстап кете алмайтынын ескертеді. Осы сияқты адам баласының пайда болуы да әуелі кісінің кіруімен, ана жатырың өрістік қасиетінің пайда болуымен ғана қалаған ұрықтың өсіп өнуіне байланысты аяттарды мүлде ескермеген. Шығыс даналығында; «Әке-шеше баланы таңдай алмайды, керісінше бала ата-ананы таңдайды» деген нақылын құран дұрысқа шығарады. Ұрпақ ұрықтан емес кісіден яғни «рұхтан» бастап пайда болады. Осындай жаратылыстан бастап түсірген кітаптардың теріс ықпалмен адстырылған қателіктерін түзеген, төрт кітаптың құлшылық амалдарының ең маңызды белестерін меңгерген әулие жағалы бабаларымыздың таңы атып, айы оңынан тууына орта топтағы сауатты ақын, жазушы, ғалымдардың атасының емес, нағыз «адам баларының» ұйқысынан оянып, нанымын тазалап, сенімдерін бекітуге ақ батамен көкірек көздерін ашатын намаздарын орындайтын уақыт жеткен сияқты. Ал біздің муфтиятық дін ғалымдарымыз мазһабтың төрт жарым парыздық ұстанымнан мың жыл бұрын дінің асуынан және ислам сопылырдың ізденген тарихаттық белесінен де асып, ата-бабадан аманатталған дінің тарихи оқиғалармен сұрыпталып ең керекті маңызды шартарының үлгілерін әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналдырып және ол ұлттық, үмметтік шариғи ата заңы- жобасы және дінің өзіндік шежіре ұстанымы болатынын мүлде теріске шығарып өзге елдерден, қайта мазһабтың бастаудан ғана үлгі алмасақ адасқандық деп ұғындырады. Бұған Абай атамыз; «Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлі тіріл, мейлің өл. Танымасың, көрмессің, Қаптаған соң көзді шел, Имансыздық намазда-Қызылбастың салған жол. Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел?» Сонда елді және дінді билейтін кемел адамның шарты мен сипаты қандай болу керек? Әрине жаратқаннан арнаулы кітап алған сұлтандығы барлар дін және ел басында отыру керек. Аяңдап отырып алда оған да жетерміз. Енді дін ғалымдарымыз «Дін мен Діл және Ислам Ғалымхалы» кітаптарын философиялық негізі және халыққа ұсынған бағытымен пайғамбарымыздың мына өсиетіне ашықтай қарсылығын білдірген екен: «Пайғамбарымыздың өмір сүрген уақытында мешітен шықпай ешқандай намазды жібермейтін бір жігітті байқаған Алланың елшісі Сенің басқа ағайын, туысың бар ма?-деп сұрайды. Сонда әлгі жас жігіт; -Иә, менен үлкен ағайым бар-деп жауап береді. –Ол немен айналасады, неге мешітке келмейді?-деп сұрағанда. –Оның жұмыстан қолы босамайды, біздерді асырап күні-түні еңбек етеді деп жауап беріпті әлгі жігіт. Сонда пайғамбарымыз; -Онда сол ағңның намазы дұрыс екен-деп жауап беріпті.» Және бес парыздың негізі масһабшылырымыздың қажылықпен ауыстырып алған, мұсылмандық міндетті өтелуге тиісті қарыздың ғылым, білім ізденуде екенін ескерткен: «Білім алу әрбір мұсылман үшін парыз.» Жастардың 40-қа жетіп ақылы толғанша намз оқудың емес сабақ оқудың соңына түсіп, өнер үйренгені негізгі мұсылмандық парызы болып есептеледі. Оған себеп жастықтың, мастықтың яғни жындылықтың ислам елдерінде қамысқа тиген өртей қаулаған жалынын тек таза білімді жастарымызды қалыптастыру арқылы құтқаруға болады Пайғамбарымыз бұндай қасіретті алдын ала ескертіп; «Жастық-есуастықтың(жындылықтың) бір бөлігі. Әйелдер сайтанның тұзағы.» (512-өсиет) Бұл өсиетен қазақтың салт-дәстүрі, жастардың, қыздарымыздың тәрбиесі исламның таза шариғаты екенін білуге болады. Онда Абай-Шәкәрім аталарымыздың көрсеткен, насихаттаған дін шариғатынан, мұсылымандық қарызынан артық әлемде еңбек жоқ десек қате емес. Сондықтан: «Бір сағат білім іздену, үйрену түні бойы намаз оқып шыққаннан да артық. Бір күн білім үйрену үш ай ораза тұтқанан артық.» (535-өсиет) Ал, муфтият ғалымдарының жоғарыдағы пәтуалары бойынша білім жолына түсіп, елге қызмет қылып, жастардың алдарына биік мақсат қойып, ғылым жолында белгілі бір дәрежелерге жету негізінен намаз оқуға қарағанда түк емес деп сендіреді. Ал пайғамбарымыздың өсиеті бойынша бұндай пәтуаға керісінше; «Расында Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ білімді ғұламаларды алу арқылы жояды. Ол бірде-бір ғұламаны қалдырмаған кезде адамдар білімсіз надандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімі болмаса да пәтуа шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адастырады» (85-өсиет,ашық аят) Сондықтан; «Кімде кім менің атымнан мен айтпаған айтса өзіне тозақтан орнын дайындай берсін» (90-109 өсиет) Енді халықтың сенім артып соңынан ерген ғалымдарымыздың ең басты білімсіздігі жан, рух, тәннің ара қатынасы мен ақиреттік тіршілік қағидалары түгіл адам балсының өмір сүру барысындағы пайда, зиян әрекетерін білмей, зертеліп дәлелденген көптеген философ, психолог ғалымдардың еңбектерін талдап талқылап, құран ғылымы, пайғамбар өсиеттерімен салыстыра отыра пікір таласқа түспей, біржақты білімнің жетілмеген заманындағы тәпсірші ғалымдардың біржақты пайымдаулардың соңына түсіп, халықты да солай уағыздап миллондаған жастардың азғырылуына, тура жолға теріс бағытқа түсуіне себеп болуымен еркшеленеді. Дәлел; «Сахабалардың арасында Пайғамбарларымыздың (с.а.у-жынды емес!) миғражға рухымен бе, жоқ әлде, рухымен қоса тәнімен шықандығы, ол жерде Алла Тағаланы көріп көрмеуіне байланысты әртүрлі көз қарастар болатын…» (38-бет) Бұл сөйлемді құрастырған ғалым бір жерден көшіре салды немесе ғалымдығы жасанды екенін қарапайым сауатсыз қазақ аталарымыз білген жан, тән рух туралы білімінен жұрдай екенін көрсетеді. Мысалы; «Негізінде дәрет алып жатқан кезде һәм дәреттен кейін сүннет ретінде қалған суды ішу, дұға оқу секілді сүннеттерді орындаған кезде адамның жан-дүниесі мен рухы әрқашан ақырет әлеміне кіреді.» (И.ғылмхалі 98-бет) Ал бұл үгіттен адамның жан-дүниесі адам тәненен бөлек тұрып дәрет алған кезде ақырет әлеміне яғни өлгендер мекеніне кетеді екен де бірақ тозаққа ма жаннатқа, әлде ұжмаққа болмаса басқа қандай жерге баратынын көрсетпеген. Егер адам жаны тек ұйқы кезінде ғана бөлінетінін ескерсек, бұл теолог ғалымдардың түсінігі бойынша дәрет алып отырған әжетханада ұйықтап кету керек немесе дәрет суын ішкен бойда естен танып, ауыздан суың ағып, рахаттанып құлап қалу керек болды. Бұндай сезімдік жағдай жанның бөлінуімен естің де қабілетінің тежелумен ғана болады. Ал жан-дүниең ақылмен қоса ақыретке кетіп қалатын болса дәретке шықпас бұрын туған туысқандарыңмен бақұлдасып кетпесең қайтпай қалуың да ғажап емес. Ендігі ғалымдарымыздың басты қателігі ақыл жанмен біге жүреді деп көрсетеді. Шәкәрім атамыз: «Молдалар: «Жан денеден шықанда қатты қайғырады» дейді. Өтірік айтады, неге десеңіз: жан ақылмен бірге шығатын болса, дене тұтқынынан құтылғанына қуанса керек. Егер ақыл жоғалатын болас, қайғыруды білмесе керек.» Жан ұйқы кезінде шыбын болып кеңістікте несібе іздесе, ақыл тәнде қалып басқарып тұрады. Жоғарыдағы ғалымдарымыз жазғандай жанмен бірге кетсе, онда тіршілік те тоқтайды. Осындай жалпы исламдық дінші ғалымдардың жан және рух хикметті сырларынан мүлде сауаты жоқтықтан, пайғамбарымыздың көке көтерілу ақиқатының сырын еретегіге айналдырып, ақылы сау білімді жұртың ислам дініне сенбеушілігін ғана туындатады. Ал адам тәнінің «физологиялық» қабілеті көке көтерілуге миғраж түгіл, бос кеңістікте арнаулы киімсіз ыдырап, жанып кететіні қазіргі космос ғылымынан хабары бар мектеп оқушысы да біледі. Ал құранда ол құбылысты «ІСРА» деп атап 17-санымен адам сыртқы от қабын, денесін яғни адам баласының кемелденген «аруағын», адам ақыл ой, қимыл қуаттарының көлеңкелі жартысын мәңгілік көшірме денесін белгілеген. Және: «Жындар мен адам баласы өтер болсаңдар көктің шегінен өтіп көріңдер, өте алмайсыңдар, бірақ бір қуатпен өтесіңдер.» деп ескерткен аят түсіп, оны шеше білген қазіргі таңда ғылым жоқ тек Ясауи бабамыздың сәни дәптер-құранында ғана бар. Інжілде осы дененің қалай пайда болып, адам ақыл, есінің барлық ақпаратын сақтайтынын толық дәлелдеп көрсеткен. Аталарымыз бұл құбылысты жан ғылымын «Екі жарты бір бүтінге айналу» деп түсіндірген. Сондықтан жалпы ислам «фиқһ» (шариғат білімі) ғұламаларына, хазірет-шейхтарға, дінші құранды төтелеп аударып оқушы «білдімандарға» жаратушымыздың үкімімен; «Інжіл, Тәуратты білмесеңдер түк емесіңдер!» деген аят үкімінен ғибрат алуды ұсынамызда болашақта миғраж ғылымын дәлелдеп көрсетуге ғана уәде береміз. Ал «Ханафи мәзһабы біздің кез-келген мәселерімізді шешетін бай, барша қажеттілігімізді өтейтіндей қолайлы. Себі, бұл мәзһаб бүгін шыққан тегі жоқ жаңа ағым емес. Тарихы бар, сүйенген негізі бар. Бұл мазһабпен кезінде бірнеше ислами мемлекеттер, оның ішінде, әсіресе, жеті ғасырға жуық уақыт Осман халифаты басқарылған.» (41-бет) Қазақ елі дінің жемісін көріп, алтын ғасырда да өмір сүргендігін, жүздеген әулиелердің хикметті істерінің жалғасы қазіргі күнде қайта көктеп өнім беріп жатқанын жоққа шығарып және сүйегі балқып тұрған, ақылы толмаған жастарды «кинизмдік» діни фанатизмге шақырған үндеулерімен шариғат заңдылығын бүкіл ғылыми жетістіктерден жоғары қойған пікірлерді тек надандық деп қарастырып, ал одан да беріде осыдан мың жылдай бұрын Ясауи бабамыз; мазһабты-шариғаттың базары керегіңді аласыңда тариғатқа біліміңді, өзіңді нәпсіңді тәрбиелеуге әрі қарай жетілдіруге өтесің деп ескертіп, мазһабтан кейін де дінде 3-сатының бар екенін дәледеп, мағрипат ғылымын хикметті істермен көрсетіп құранмен біріктіріп жазып, ақиқатың есігін көрсетіп, қалай баратынын біздерге аманаттап кеткенін және кешеге дейін хикметті істерімен белгілі болған әулие-әмби шәкіртерінің армызда өмір сүргенін неге, кімнен қорқып жасырамыз? Ал шариғат істерін, ережесін яғни мазһабты әдет-ғұрып, салттық ата заңымыздың ішіне толық заң түрінде енгізген Әз- Тәуке ханның жеті жарғысын, Қасым ханның қасқа жолы, күлтөбеде күнде кеңестің өзі қазіргі заман тіршілік салттарын толық қамти алмайды да, қайта толықтырып, ғылыми сараптап жетілдіріп негіздеуді қажет ететінін жоғарыдағы Ясауи бабамыздың төртеуді түгелдеу діни жолының 13-сатылығын, Абай-Шәкәрім философиялық, психологиялық дін танымдарын да толық қамтитын жеті жарғыны шығару заман талабы екенін білу дін ғалымдығына лайық болар еді. Сондықтан да пайғамбарымызға иман келтіру үшін, өсиеттерін ашық аяттармен салыстыра отырып, халқымыздың дінің тұтқасын сеніп тапсырған, қолдарына жүгенімізді де шылбырымызды да ұстатып қойған саясатшы, дінші, ғалым кемелдеріміздің еңбектерін оқып зертеп ақылмен білімін өлшеп, аталар батасымен дінінің нақтылығын, ақиқатын салыстырып көрейікте ашық пікір таласқа шақырып халқымызға ел басқарушыларға енді өзіміз таныстырып көрсетейік. Қой бағушы шопандарымыздың анық ғалымдығына көзімізді өзіміздің алған қазақша білімізбен, мәлім болған ғылым жетістіктерімен қазақтың, аталар даналық, ойшылдығымен салыстырып өлшеп көру бұл басылымның басты мақсаты

Тәпсірмен серік қосып, аяттарды арзан ақшаға бағалау көрністері.

«Тәпсірші деген атақ бар, Тура айтсаң молда қақақтар, Ой-жотамен адасқан тәпсірде талай шатақ бар.» «Білмеймі» деген иман ба? Ол ақылға сыйған ба? Айтудан ақыл тыйған ба? Жасырады иманын. Философ сөзін оқыдым, Талайын ойға тоқыдым. Кітабын да көргенмін, Әулиеменен сопының. Бәрінде сынға салғанмын Керектісін алғанмын. Ашып, алып тастадым Тал басының қотырын. Саяз ақыл бас ұрған, Мақтауын көктен асырған Жаба тоқып жасырған Талайдың жардым шиқанын. Ақылдан адас қалмаймын, Дәлелсіз сөзді алмаймын. Бос жетекке бармаймын Көтермеймін қиқаңын!» (Шәкәрім ғалым-сопы) Енді кезінде ғұлама аталарымыз сөздің іріңдеген шиқандарын жарып, сөз қотырын тазартып кейінгі ұрпақтары біздерге табаққа салып тарту қылып осымен жүрсеңдер адаспайсыңдар деп аманаттап кетіпті. Бірақ есек жем түскендей қайта сөздеріміз қотыр, шиқанға айналып, ана тілімізден, асыл сөздерімізден жиреніп, жанымызға жат сөздерді қалай төрімізге шығарып, төбемізді тазға айналдырып қиқаңдағандар кімдер? Алдыңғы басылымдарда философ, психолог ағайындарымыздың шатпақтарынан аталар аманатымен салыстырып аз ғана хабар бергенмін. Енді дін философиясына бір көз жүгіртіп көрейік; жоғарғы мәртебелі арап танушы хазірет-шейхтан діни сауаттымын құранды арапшадан төте оқудан артық білемін деушілер саны қазақта аз болар деген оймен атын атамай-ақ, кім екенін өздеріңіз іштеріңіздегі Алланы еске алудан жібіген «сілелеріңіз» ғана білсін, сол кісінің құранда бір ғана аятты аударған жерінен бір ғана мысал келтіре кетейін. Мысалға; «Сендер біртұтас Алланың жібіне жабысыңдар» деген аятты «Алланың арқанына жабысыңдар» деп аударғанын оқыдым. Алланың жібі дегеніміз біздер өлшеп көре алмайтын ақылы толық әрбір пендесіне ұйқы кезінде жұлдызымен және жер есіктерімен жалғанатын ақыл сәулесін айтады. Яғни әрбір пенде көктегі өз кітабына жалғану керек. Және бұл жіптің ұшын тауып, оны Мұхаммед пайғамбарымыздан уахи-батамен алу керек. Өйткені Раббымыз; «Сен тура жолды бастайсың» деп ескерткен пайғамбарымызға. Ал «арқан»-деп ол қанға, жынға байланысты бұлтпен арадағы жер жүзіндегі ұлтық, рулық шектерді белгілейді де және бұл ұғым ана тіліне, анамыздың арқасына нағашымызға байланысты. Сондықтан ондай туысқандық арқанды; «Үйдің жақсы болуы ағшынан (арқанынан) , ұлдың жақсы болуы нағашысынан (ар және қанынан)» Ар мен қанда 9 «тін» болу керек. Мән бермей оқыған кісіге арқаны не жібі не бәрі бір. Ал аят санымен мүлде ғылыми негізі өзгеріске түседі. Осындай әр сөздің үндік ерекшелігімен аят ішінде өз орнын таба білген ғылыми аударма ретінде Халифа Алтай аудармасы алдағы бір 50 жылдықта құны жоқ аударма Құран болып табылады. Ақиқат бастауы атты кітабымның бірінші бөлімінде үш түрлі қазақшаға аударылған құранды салыстыра отырып аят мағыналарының құран сөздерінің өз орнын сөзбе-сөз аудамағандықтан мағынасының мүлде өзгеріске түсіп бұрмаланытынын көрсеткенмін. Болашақта мүфтият хазірет, ғалымдарының діни пәтуаларымен құран аяттарын мүлде теріске бұрмалағандарын, намаз оқу қағидаларының да құранмен көптеген қателіктерімен, мешіттерде Алламен қосып тәңір шақырып, сонымен дінді тарылтып, елдің де пейілінің тарылуын қалыптастырғанын, дінді аздырушы зұлымдыққа түскенін дәлелдейтін де кез келер. Енді оған тоқталмай –ақ атақты дін танушы арап танушы ғалым ретіндегі Қайрат Жолдыбай ұлының аудармашылық қабілетін яғни діни сауаттылығын салстырып көрейік. «Ол (Алла) саған Құранды түсірді. Онда мағынасы айқын мұқам(??) аяттар бар. Олар Құранның негізі һәм тірегі. Ал басқа аяттар болса, мағынасы ұғынықты емес мүтәшабиб(??) аяттар. Жүректерінде қыңырлық бар жандар(??) «қалай бүлік шығарып (адамдарды адастырамыз Һәм қалай нәпсі қалауымызға қарай) олардың жорамалын жасаймыз» деп мүшабиһ(??) аяттардың соңына түседі. Шын мәнінде, оның нақты жорамалын(??) тек Алла біледі және ғылымда тереңдегендер(??) де, «Біз бұл кітапқа (мұхкамі мен мүтәшабиһына???) толықтай иман келтірдік. Барлығы Алланың құзырынан(??)» дейді» (Әли Ғымыран сүресі-7 аят) Бұндай аударманың тіл сауаттылығына Пайғамбарымыздан; «Дүниеде екі тілді болған, екі түрде сөйлеген адам кісіге қиямет күнінде Алла тағала оттан екі тіл береді» деген» (9-өсиет) «Жалған сөйлемеңіздер, жалған сөз иманға жат (305-өсиет.) Тіл ғылымының заңдылығына бағынбай арап сөзін сол қалпында тықпалау, арап тілін де, қазақ тілінде сол тілде жазатын, сөйлейтін ғалымдармен де санспаудан: «Көпшіліктің назарын аударатын абыройға еге болу-жақсылық емес. Дегенмен ол адамды Алла тәккәпарлықтан сақтаса зияны жоқ.» (326-өсиет) Ал тілге тәкәпарлық жасаудан; «Жамандыққа ұшырамаймын десең, тіліңді тый, бәле тілден.» (336-өсиет) Енді бұл өзін-өзі арап тілін меңгерген, дін танытушы ғалым етіп көтерген және мүфтиятың ғана емес соңынан ерген көпшіліктің де алдында осы қабілеті арқылы абыройға ие болған дін қандасымыздың білімін Халифа Алтай атамыздың аударуымен өлшеп ақылға тартып көрейік; «Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы. Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алла ғана біледі». Сондай-ақ ғылымда озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді.» (Әли Ғымыран-7) Бір ғана аятты бөліп алып серік қосушы деп жазғыра салу негізінен қазақ иманына жат қылық болғандықтан тағы бір аятты салыстыра кетейік; «Алланың қолы байлаулы дейді яһудилер. Өздерінің қолы байлансын! Осы сөздері үшін Алланың рақымынан қағылып, лағнеттелсін! Жоқ, тіптен олай емес. Керісінше, Алланың екі қолы(??) да ашық. Қалағанына қалағанынша (ризығын) береді» (Мәида сүресі, 64-аят) (Дін мен діл 145-бет) Халифа Алтай атамыз; «Және Яһудилер: «Алланың қолы байланған (сараң) деді. Бұл сөздері себепті олардың қолдары байланып, лағнеттелді. Керісінше, Алланың құдірет қолдары ашық, қалағанынша береді. Әрине Раббың тарапынан саған түсірілген (Құран-хадис) олардың көбінің азғындығын, қарсылығын артырады. Сондай-ақ олардың арасына қиямеке дейін дұшпандық, өштік салдық. Сондықтан әрқашан олар соғыс үшін от тамызса, Алла оны өшіреді. Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады. Алла бұзақыларды жақсы көрмейді.» (Мәида-5) Қазақ тіліне жаны ашитын, сөз мағынасынан, астарынан хабары бар пенденің аяттың сандық мәндерімен және құран ішіндегі басқалай жасырын аяттардың ұғымымен салыстырып көрмей-ақ, жоғарғы аударманың мүлде сауатсыз екеніне күмән келтірмеуі сөзсіз. Осындай қазақ еліндегі мәлім болған үш құран аудармасының аяттарын салыстырып, талқылып қатесін жазып қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін дәріптеген «Ақиқат бастауы» атты кітапты Қызылорда обылысында кезінде; дінге қайшы деп мемлекеттік жоғарғы құқық қорғау қызметшілері муфтият имамамдарымен, тілші жазушылармен бірігіп тексеріп тиым салған. Сонан бері діни сауаттылықтың тіл, сөз сауаттылығына қатысы жоқ, «мазһаб» ғылымына ғана бағынатын ереже ме деген пікірге келдім. Менің арап тілінен сауатым болмағандықтан тек есеп ғылымынан хабарым бар екенін және қазақ сөзінің салмағын түсінуім бойынша Мүфтият ғалымдарының Алланың құдірет қолдарын қысқартып тастап, екі-ақ қолы бар екенін қайдан көргеніне, қалай есептеп шығарғанына таң қалып және тәнті болумен қатар, осы аяттарға күдіксіз серік қосып, ортақ қосушы зұлымдыққа ұшырап қалған жоқ па деп қазақ бауырыма жан ашығандық сезімімді де жасырмаймын. Мысалға мынандай пікірлермен өздерін сөз сатқан, аяттарды арзанға бағалап, ертегіге айналдырған тәпсірші екенін дін ғылымынан сауатсыздықтарын өздері дәлелдейді; «Алла еш нәрсеге мұқтаж емес дене ұғымынан(??) пәк. Ол еш нәрсеге ұқсамайды» (Д.Д.159-бет) Інжілдегі Ғиса пайғамбарымыздың рухани дененің қалыптасуы ғылымын жоққа шығарғанымен қоймай жоғарыдағы «Алланың екі қолыда ашық» деген өзінің аудармасын және «Алла Тағаланың көркем есімдерін себепкер етіп, мысалы, «Рахман есімінің құрметіне деп тәуәссил(??) жасау. Бұл жайды Құранда: «Ең көркем есімдер Алла Тағалаға тән. Ендеше, Оның есімдерімен дұға етіңдер» (әл-Ағраф сүресі, 64-аят) делінеді.» (190-бет) Тән, дене дегендер тек тәуәссил (себеп) түрінде пайдаланылған сөз деген ой-жорумен, жаратушының ұлық сипатарының құрандағы «тән» яғни үннен пайда болған жарық яғни біртұтас рухани дененің белгілі бір денелік бейнесі бар мүшесі деген ұғымды береді. Демек муфтият ғалымдары көркем есімдердің белгілі бір сандық мәні бар ортақ денеден тұратын Аллаға тән болып есептелетін рухани денелік сипаттарын жалғанға шығарады. Және інжілдік жан ғылымына ашықтай жала жауып, және оқып зертемегенін білдіреді. Ал, Құранда; «Негізінен Алла сендерді баураған» яғни сыртқы өріс (аура) бақшаларың,«денелерің», «ұрық қабы!» деп ескертудің астарында адам баласын қоршап тұратын көрінбейтін өрістік сипаттағы дененің қабтық (бақ!) құдірет сипатының болатынын ескертеді. «Дін мен Діл», «Ислам ғалымхалы», «Отбасы ғалымхалы», «Имани гүл» кітаптарының басылым иелері негізінен Қайрат Жолдыбайұлы мен Мұхидин Исаұлы, Ата әс-Сынбати т,б және қалған бүкіл муфтият және Нұр Мүбәрәк универисетінің ғалымдар ұжымы пікір жазып, қолдау беріп бір жерден пәтуа алғанымен біріне-біре қарсы пікірлер, тұжырымдар және басылым бойында бірін-бірі және өз сөзін де өздері қайта терістеп отырумен, сөз астарын зертеу түгіл тілмен ойлары бөлек-бөлек, ал негізгі мақсатары халықты тек намаз оқу арқылы «тура жолға шақырып» Ханафи масхабын ислам әлемінде теңдесі жоқ әрі жол, әрі бағыт, әрі көз қарас, әрі күнәдан ақталу жобасы етіп дәріптеп, өздерін тақуа, ғалым тура жолдағы данышпандар етіп, абыройларын мағанасы ұғымсыз атауларды пайдалану арқылы көтеріп, өздерінің өте-мөте діни сауатты екендігіне дәлелдер келтіреді. Ал құран философиясы бойынша тура жолға түсу намаз оқудан басталмайды ақылды жетілдірумен, ізгі қайырлы істермен және сұхбатты көркем сөйлеуді меңгергенен кейін ғана намаз оқып жалбарынуға болады. Намаз оқу әрбір ғибаттаты амалдардың және шүкірлік істерінің байланыстырушысы үнемі ортасында болу керек және ақылдың тазалығымен ғана атқарылатын құлшылық болып табылады. Сондықтан дұрыс сөйлей білмей, есті меңгермей, есалаңдықпен намазға мүлде жақындамаңдар, «болмаса массыңдар!». Әуелі жастық-мастықтарыңнан айғып, ақылға келіп, жындылықтарыңды ауыздықтаңдар да сосын жаратқаннан сұраңдар деп ескертеді. Сондықтан пайғамбарымыз: «Жастық-есуастықтың бір бөлігі. Әйелдер сайтанның тұзағы.» (512-өсиет) жастармен, әйелдердің сезімге беріліп жын мен шайтанның қақпанына тез түсіп кететінін қатаң ескерткен. Осындай мазһабшыл ғалымдардың жазған еңбектерінен, бір ғана кітапты құран және жан ғылымының аталарымызға белгілі болған хикметті істерімен, мақал-мәтелдермен, әулиелер еңбектерімен салыстырып талқылап шығу үшін бірнеше кітап жазу керек екен. Әрине барлық пікірлері дұрыс емес деп күнәлі бола алмаймыз, бірақ дұрыс сөздерін қайта өздері түрлі пәтуалармен оқырманның жүрегін жібітіп, ұлтшыл, дәстүрді сақтаушы, жан ашушы қамқор болып көңілін аулай отыра, байқатпай аю тұзақ құрып, оқушының иманын, ақылын ұрлап өздері де екі жүздіге айналғанын білмейді. Сан ғылымынан, жан сырынан бұл ғалымдарымыз мүлде сауаты жоқ және жаратылыс сипаттарын да, себептік байланысын да мүлде білмейді деп толық кепілдік беруге болады. Бұл мәселеге бұл басылымнан кейін де қайта-қайта оралып тек қана әулие бабаларымыз білген ақпаратты, жан сырынан аз ғана мағлұмат беру үшін ата-жолының дін мақсұтын түсіндіру үшін ғана әлі алда таратуға ыңғайлы, оқуға жеңілдеу қылып 3-кітап шығару керек. Әзірге жан ғылымынан бір ғана мысалға тоқтала кетейік; «Алаһ кімді тура жолға салғысы келсе, оның көкірегін Исламға ашады. Ал кімді адастырғысы келсе, оның көкірегін бейне көкке көтеріліп бара жатқандай қысады.» (6-125) «Пайғамбарымыздың ұшақ жасап, биікте көтеріліп ұшпағанын және өмір сүрген Мекке, Мәдинаның төңірегіне төбесіне шықан адамның кеудесі қысылғандай биік таудың жоқтығын ескерсек, бұл ақиқатты жеткізген Мұхаммедтің (с.а.у) (яғни жынды емес) шынайы пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының қалайша бас имеске?!» (И.Ғ. 213-бет) Енді бұл аятты Халифа Алтай аудармасынмен салыстырсақ: «Сонда Алла, кімді тура жолға салуын қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңітеді. Және біреуді адастырғысы келсе, оның көңілін көкке шығып бара жатқандай өте тарайтады. Өстіп Алла, иман келтірмегендерді қорлайды.» (6-125) Бұл бірдей аяттардың аудармасынан атақты ғалымдарымыз көкірек деп, кеуденің ауа жетпей тұншығуы туралы, тәндік пенделік ой жорумен сауатсыз аударудан және тура жолды мәзһабтық философиялық тәндік сипатта түсіндірмек болып, сондықтан не жазғанын нені меңзегенін өздері де білмейді. Ал екінші аудармадан көңіл деп адам баласының жанының тазарып, кеңуінен, дін пейілі ниеті дұрысталып, арам ойлаудан, дүниеқоңыздықтан арылып және садақа, зекет беруші Алла жолында мал жұмсап, артық хайыр жасауға ынталы, мейрімділіктің, игілікке деген құштарлықтың иман қуатының артуын ескертеді. Ал, «тура жолға салғысы келсе» деген сөздің өзі «келеме, кемей ме?» деген жаратушы ғылымына күдіктенген бос күмәнді және күнәні туындататын Аллаға серік қосып, ортақ қосу болып табылады. Оған себеп Адам атамыздан бастап жаратушымыз тура жолға қалай келуді үкім және адамзаттың парызы етіп алдын-ала білімін белгілеген сондықтан; «Салғысы келе ме, келмей ме?» деп жаратушыға күмән келтіруге мүлде болмайды, демек дін имамдардың муфтиятық тілімен «ширк» яғни сасық сөз. Ал тура жолға салуды кімді қалай қалайтынын пайғамбарлар арқылы нұсқаулармен үнемі ескертіп отырып, ал адамзаттың ғылым-білімінің жетілгеніне қарай рух заңдылығының білімін түсіндіру үшін арнаулы інжіл кітабын түсіріп Ғиса пайғамбарымызды соған басшылыққа тағайындаған. Абай атамыз бұл аятқа, «Көңіл» ұғымына; «Көңілдің күйі тағы да Өмірсіз жанның алды ішін. Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын. Жат жерде елге қосылмай, Сенімді доссыз жалтақтап, Көк қанат бейіш құсындай, Қу ағашқа қонақтап. Ол бұтақтан қозғалмас, Өкіріп дауыл соқса жел. Өзгеге бола жырламас, Ыстық күнді жоқтар ол. Жанымның жарық жұлдызы, Жамандық күнде жарымсың. Сөз болсын ескі ер сөзі, Кейініге қалынсын.» Атамыз тура жолға белгіні келтіретін хикметті «көңіл құсы» яғни ақыл жеткізуші жанның жұлдызын ескіден қалған пайғамбар, әулиелер сөзі «жарық» деп және оның белгісін аталардан қалаған аманат асыл сөздермен, өлеңдерден шабыт арқылы тура жолын іздеуді және өмір мәнін жырлаудан іздеуді ескертеді. Ал ғалымдарымыздың көрсеткен «көкірегі қысылушылардың» шариғатын; «Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпен (тәпсір білімін қуып) көңілін алсам екен(өзге жұртың) деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жаурынан бір қақанға сатады. Тек майордың күлгені керек деп, к..ні ашылса да, қам жемейді...»(25-сөз) Шәкәрім атамыз көңілдің жан сырына көптеген астарлы өлеңмен сипаттап ашып көрсетіпті де және «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен ел көгерер» деген мақалдың сырын ашып беріпті; «…Жер жүзіне нұр жауып, Күн жылынды, шөп өсті. Бие байлап, қой сауып, Буаз малдан төл өсті. Жанған оттай жалындап, Жайлауға қарай ел көшті. Жанбақ түгіл жабырқап, Жаралы жүрек қайта өшті… Жаралы біздің көңілге Бір тамбайды сіркіреп. Таянды ғой өлімге-Қақырық басты кіркіреп… Көңілі жұмсақ адамның Күрмеуін тағдыр шешеді. Рахымсыз, пейілі жаманың Орны дайын деседі…Мен жау болсам, кім досың, Байқадың ба оны өзің? Өзгелерден сен шошын, Жау десең де, мен-көзің» Атамыз көңіл дегенді жүрек көзі және адамзаттың ниет-пейілі деп түсіндіреді және «Мен»-ге тәуелді дейді. Оны біздің халқымыз сенген дін ғалымдары таудың басындағы қысым немесе өкпенің шаруасымен байланыстырғаны дінге, аятқа, жан сырынан арнаулы ұйымдасқан тікелей қастандық, болмаса надандықтың ең шайтан-біліміне айналған түрі. Аталарымыз: «Наданның кешірсе де мың қатесін, ғалымның халық кешірмейді бір қатесін» деп ескертіпті. Егерде жазатайым, мысалға орыстың бір құрмет тұтқан жазушысының шығармасын осылай сөз мағыналарының бұзып түсіндірмей-ақ тек философиялық қателіктермен аударып көр не болар екенсің? Орыстардың білімділері түгіл, өз қазағыңның жазушы, айтқыштарынан ғана сотталмай, кітабыңмен қоса күл төкенге айдалып кетпей немесе айып төлемей құтылсаң қуана бер. Ал құранды осындай екі жүзді ойшылдық, пайымдаулармен хан-талапайға салып қойып үнсіз қарап отырған заңгерлер мен ғалымдар, сопылар, теолог, философтар құдайға да болашақта халық алдында да, өскелең ұрпақтар алдында «ар» сотына түсетін «уақ»-та түсер, ғалымдарымыздың осындай елдің дін көңілін тарылтып кеудеге- көкірекке айналдырып алған ұлтына, тіліне рахымсыз пейілдеріне деген үміт қана бар біздердей «діни сауатсыз» аталған қауымда. Оған дейін сабыр сақтап біздің шаруамыз өз қойымызды (ой- малымызды) бағу ғана. Сондықтан кітап авторының мына сөзіне; «Тіпті реті келсе де де, келмесе де, арнайы кітап, аудио, видио өнімдерін халыққа тартып, мұны өзекті мәселеге айналдырғандарды Имам Мәлік көрсе не дер еді? Жаубын сіз беріңіз!» (154-бет) деп біздердей қара қазақ «діни саутсыздарды» тексермекші. Бұндай тұжырымға; «Әсілінде, жалаң ақылдың бүгін тура дегені ертең қате болып жатады. Бұған кеше ақиқат саналғанмен бүгін шикілігі әшкереленіп жатқан түрлі «измдер» мен кейбір ғылыми болжамдардың өзі дәлел емес пе? Белгілі бір дәуірдің қол жеткізген мүмкіншіліктерінің аясында дұрыспен бұрысты анықтау-әрине қате. (тек арап елінің дінің өркендеген дәуірінен ғана үлгіні алуды ескертеді) Сондықтан бір қарағанда, қисынға қайшы секілді көрінген кейбір сахих хадистерді асығыстық жасап, бірден жоққа шығару өзімізді ертең ұятқа қалдыратын үлкен қателік. Міне, сондықтан Абай жалаң ақылды емес, «Нұрлы ақылды» үнемі насихаттайды (Дін мен Діл 265-бет) Дін ғалымдарымыз Абай атамызды қазақ еліне келген елші сақтың ұрпағы атамыз Имам Мәліктен кем қадірлемейтінін, ақыл аманттарын оқып насихатына иман келтіріп және әулиелердің көріп тұратынан да хабары бар екенін жасырмай, хадистерді арзан жалаң ақылға айырбастаудан болашақ алдында ұят болатынын біледі екен, онда алда дәлелденетін ақиқаттың ашщы шындығы; құран аяттарына бүкіл қазіргі мейлі масһабтық, мейлі толып жатқан «измдердің» дінге жасаған қиянатын, әлем алдына жариялайтын кезге дейін «айтылған сөз, атылған оқ», болмаса «мұнафықтық», екі сөзді ал ісінде басқа, нұрлы ақылды-аяттарды арзан ақшаға айырбастай салған нағыз суайт шайтан адамы болумен қатар, соңына ерген бүкіл муфтиятық, масһабшыл «намаздың» жетілген, «тақуа» барлық «хандарыда» шайтанның жамағаты аталмас үшін мүмкін иманға қайта келер деген үмітпенен; «Нұрлы ақылдан» хабарды аталар аманатын жеткізуді оқырмандардың ар-ұятына тапсырып, Абай атамыз ; «..Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай болып сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр, Бүркітен кем бе жем жесі? Жүректе айна жоқ болса, Сөз болмайды өңгесі. Тыңдағыш қанша көп болса, Сөз ұғарлық кем кісі…» «Қазақтың өзге жұртан сөзі ұзын, Бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін… Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін, Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін… Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін. Адасып алаңдама, жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық, қамалмай.» «Өзіңе сенбе, жас ойшыл, Тіл өнері дертпен тең. Көңілдің жүгін қиял қыл, Ызаға тұтқын бой мең-зең… Өз бойыңа болып сақ, Жан-жағыңа қараңдар! Күн көріп жүр күліп-ақ сенен басқа жарандар… Күлкі болмай, қой жаным, Сен бүйтесің, ол қайтті?» десе Шәкәрім атамыз; «Ас бергенін дейді той, Ол-қасапшы, бұлар қой, Көп мисызда болмайды ой, Бұл не қылған ел еді!» «Алдағанға кетің азып, Әпсін оқып үйреніп. Берді сайтан дұға жазып, Соны қылдың бой тұмар.» «Құлшылық қылдым деме құр Қобызға жаққан шайырды. Жазалы жаның сезіп тұр Жасырғанмен зайырды.» Сондықтан болашақ жетіліп келе жатқан көңілдері туғанан зайырлы жастарымыздың араларынан шығатын даналарының алдында күлікіге қалмас үшін келіңдер, келісіп бір кітапқа жүгінейік! Тіл өнерінің дертінің емі де, тіл ғылымына мойын ұсынып бір сөзге көндірілмейінше қазақ дін танушылар ішінде алауыздық тоқтауы мүмкін де емес екенін ұғынайық. «Дін тазасын дін ішінен ізде!» деп ескерткен Шәкәрім атамыз. Құранның түсіндірмесі (тәпсірі) насихаты жоғарығы лауазым алу үшін есеп беру негізінде емес, көркем әдеби тілде өлең және шешендік сөздермен түсіндіруі керек. Әдеби және ғылымы санмен белгіленіп, әрі көркем шығарма түріндегі толық негізді құран түсіндірмесі Ясауи бабамыздың «Сәни дәптері». Бірақ оны түсініп оқу үшін құранның ғылымдық негізді аудамасын жылдар бойы қайталап оқумен бірге Абай-Шәкәрім еңбектерін сәйкестендіріп оқи білсеңіз өзінен-өзі құраның жан жақты ашылып, сәни дәптердің де түсінігі қарапайымданып сананың жетілуін қалыптастырады. Бұндай философиялық, психологиялық, ғылыми маңызды еңбектер әлемде жоқ, тек қазақтың несібесіне берілген деп біліңіз. Құран құдайдың сөзі, көркемдеп майын шығарған ата сөзімен, бал тамған ана тілімен ғана жүректеге зейнетеледі, сондықтан көп шаршамай ауылға оралыңдар дінші ағайындар, Абайымыз бен Шәкәрім және жүздеген әулие ақын еңбектерінен-ақ іздеген қойларыңды, жоғалтқан малдарыңды тауып аласыңдар! Бұл менің ойым емес аруақтар аманаты, бабалар батасы.

Аманатқа қиянат-ортақ қосу туралы.

Інжіл жазбасынан елшілерге арнау; «Күнәға қарсы тойтарыс берген күрестеріңде сендер әлі де қандарыңды төгіп, жандарыңды пида еткен жоқсыңдар. Көріп жатқан азаптарыңды тәрбие ретінде шыдыңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленсеңдер, онда Оның шынайы рухани балары болғандықтарың. Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер бағынуымыз керек емес пе? Әке-шешелеріміз өз пайымдауларынша шектеулі уақыт аралығында жазалап та тәрбиелесе, Құдай бізді нағыз игілігіміз үшін басымызға қиыншылықтар туғызып тәрбиелейді. Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді көздейді. Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді. «Балам, Тәңір тәрбилегенде Онысын менсінбей жүрме, Ол сені жөнге келтіргенде, еңсең түсіп жүнжіме! Иеміз сүйетін әркімді Түзетіп тәрбиелейді де, Бауырына басқан баласын да. Жазалайды қажет болғанда». Сонымен салдырап, дәрменсіз қалған аяқ-қолдарыңның буындарын бекітіп, еңселеріңді көтеріңдер! Рухани жағынан әлсіреген бауырластарыңның адаспай, сауығып кетулері үшін «түзу жолмен аяқтарыңды нық басып жүріңдер!» Сондай-ақ Құдайдың «құрлышысыңдар». Әр құрлысшының істеген жұмысының сапасы Мәсіх үкім шығарған күні айқындалады. Сол күні әркімнің еңбегін от сынап, шынайы сапасын әшкерелейді. Кімнің салғаны отқа өртенбей аман қалса, сол сыйын алады. Ал кімдікі өртеніп кетсе, сол сыйынан құр қалады. Өзі құтқарылады да, жаны оттан өтіп қашқандай ғана сақталады. Әлде сендер өздеріңнің « Құдайдың рухани үйі» екендеріңді және Құдайдың Рухы өздеріңде тұратынын білмейсіңдер ме? «Рухани үйін» жойғанды Құдай жоймақ. Себебі Құдайдың «рухани үйі»-Оның қасиетті меншігі. Ал осы «рухани үй»-сендерсіңдер! Ешкім өзін-өзі алдамасын! Араларыңдағы қайсыбіреулерің данамын деп ойласа, ол күнәкар дүниенің пікірінше «ақымақ» болып, Масіхтің ілімін ұстансын, сонда Құдайдың даналығына ие бола алады! Өйткені күнәкар дүние нені даналық деп есептесе, сол Құдай алдында ақымақтық. «Құдай данышпан дегендерді қулықтарынан ұстап алады»,-деп жазылған ғой. «Данышпан дегендердің ойларының бекер екенін Құдай біледі»,-деп те жазылған. Сондықтан ешкім адамның жетістіктерімен мақтанбасын! Бәрі де сендерге игілік көрсетуге қатысады. Мақтанғандарың еш дұрыс емес. «Азғана ашытқы бүкіл қамырды ашытады» дегенді білмейсіңдер ме? «Ескі ашытқыны», күнә атаулыны араларыңнан шығарыңдар, сонда «жаңа қамырдай» таза боласыңдар. Өйткені Құтқарылу мейрамына құрбандыққа шалынған тоқтылар іспетті, Мәсіх біздер үшін өмірін қиды, сол арқылы жаңа, пәк таза адам болыңдар. Сондықтан бұрынғы зұлым сұрқия әдеттеріміздің «ескі ашытқысынан» біржолата арылып, қасиетті өмір кешіп, адалдық пен ақиқаттың «тәтті нанының» дәмін татып, тойлайық! Өз сенімдеріңдегі бауырласпын деп атағанымен, азғын, дүниеқоңыз, жалған тәңірлерге құлшылық етуші, өсекші, маскүнем немесе алаяқ болып жүрген ешкіммен де араласпауларың керек. Мұндайлармен тіпті дастархандас болмаңдар.» (Петрден.) «Сүйіспеншілік жолын қуыңдар! Рухани дарындарға Құдайдың хабарын жеткізу дарынына, ие болуға тырысыңдар! Бөтен тілде сөйлейтін кісі адамдарға емес, Құдайға арнап сөйлеп ешкім оны түсінбейді. Ол өз рухымен құпияларды айтады. Ал Құдайдың хабарын жеткізуші адамдарға арнап сөйлеп, оларды нығайтып, жігерлендіріп, жұбатады. Кім бөтен тілде сөйлесе сол өз сенімін нығайтады, ал кім Құдайдың хабарын уағыздаса сол қауымды нығайтады… Бауырластар, мен сендерге келіп, алдарыңда бөтен тілде сөйлей берсем, бірақ Құдай ашқан құпия, не білім, не құдайдың хабары, не тәлім арқылы түсінік бермесем, онда сендерге не пайда? Мысалы жансыз күй аспаптары-сыбызғы не жетіген анық дыбыс шығармаса, қандай күйдің ойнағанын қайдан білеміз?.. Дәл осы сияқты, сендер өз тілдеріңде Құдайдың хабарын түсінікті қып айтпасаңдар, тыңдаушылар не туралы айтқандарыңды қайдан білмек? Сөздерің желмен ұшып кетті ғой.» (Корытындықтарға; 14-т. 1-9) Дінді халықтың ана тілінен, сөз ғылымынан, әдет-ғұрып, сал-дәстүрінен бөліп қараудан өткен аманатқа қиянат болмайды. Осындай амалдардың негізгісі бөтен тілді дәріптеп дінің де, тура жолыңда осы деп, жаратқанның ақыл сөзіне емес өзге тілге, салтына, әдеттеріне табындырудан елдің дін-пейілі де тарылып, жүректер жабылып құр рәсімдердің, мүлгудің соңына түсуден біртұтас халықтың жындануымен сол дінді уағыздаушылардың мастығын ғана қалыптасттырып ақыры халықтың қайғы –қасіретіне апарып тіреледі. Қақ елі осындай тарихи оқиғаларға талай ұшырап данагөй ақсақал абыздардың, батырлардың, ақын-жыраулардың шежірешілердің бас қосып «аруақ!» деп ұрандатып елдің басын қосып арамыздан азғырушыларды жазалап, өлтіріп жерімізден аластаумен қайта бейбіт өмірді орнатып Шыңғысхан атамыздың тұсында жүздеген жыл «Алтын ғасырдың» да дәмін де татқан елміз. Тарихи оқиғалар үнемі қайталанып отыру заманның заңдылығы. Осындай ата салтымызды, дінімізді ашықтай мазақтап теріске шығарып, ақылы толмаған жастарды азғырып, жоғары ақыл айтатын лауазымды орындар мен тіптен сөзін де тексермей ғалым атап, елді азғырған аманатқа қиянат жасаған ойларын халыққа таратуға жәрдем де беріп қойған, жалпы халықтық жындану көрнісін күнде көгілдір терезеден де, жеке басылымдардан да еркін тыңдап оқуға қоса жындануға болады. Бұндай дінін, отанын, ата амантын сатқан қу заманды Абай атамыз; «Сұм-сұрқия қу заман Гүл көрінен жігітке. Қызықты өмір жайнаған, Кеудесі толып үмітке… Сенісерге келгенде, Сене берер талғамай. Жұрты құрғыр сенгішке Тұра ма қулық жалғамай? Ары кеткен алдағыш, Мені –ақ алда, сөкпейін. Балы тамған жас қамыс, Ормасаңшы көктейін!» Жаратушымыз бұндай екі жүзділердің өз араларыңнан шығып оны тек сөз аңғарынан ғана байқайсыңдар деп; «Егер олар, уәделескенен кейін антарын бұзып (аманатқа қарсы шығып), діндеріңе тілдерін тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандарымен (ғалымдарымен, хазіретерімен) соғысыңдар. Өйткені олардікі (сөзді бұзу, тілді бұрмалау) ант емес. Олар бәлкім тиылар.» (9-12) Аятта көрсетілген 12-саны адам баласының ішкен суымен, ана ділімен берілген несібесін ұлттық рухани байлықты ескертіп тұр. Бір күні Пайғамбарымыз үш рет: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы хабар берейін бе?»- деп айтты. Сахабалар: «Әлбетте, уа Алланың елшісі!» -деді. Пайғамбарымыз: «Олар Алаға серік қосу және ата-анаға қарсы келу»,- деп жамбастап жатқан жерінен тіктеліп отырды да, сосын: «Ең үлкен күнәлардың бірі –жалған сөз ғой»,-және ол бұл сөзді қайталай берді, қайталай берді, тіпті біз: «Айтуын қойса еді.» дедік. (Әбу Бәкірден өсиет; 1119, 2654) «Алланың ризалығы әке-шешенің ризалығында. Алланың ашуы әке-шешенің ашуында.» (Ғабдулла Ғамырдан) «Бір адам пайғамбарымыздан: «Әке-шешенің баларындағы хақтары не?»-леп сұрады. Пайғамбарымыз: «Олар сенің жаннатың немесе тозағың яғни олардың ықыласын алсаң жаннатқа кітесің, қарғысын алсаң тозаққа кіресің.» (Әбумаммеден. Маже.) Енді аятта: «Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып; «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық.»-деді. (31-13). Бұл мысалдардан айта-айта жауыр болған «Серік қосудың» үш түрі бар екен. Біріншісі; қандайда бір дерекке сүйенбей ойдан немесе жорамалдап болсын, жалған сөйлеу, жалған куәлік беру. Екінші түрі; ата-анаңа әдет-ғұрпыңа, салт-дәстүріңе ата-баба аманатарына, олардың жаратушыға берген уәделері дін ұстанымдарына қарсылық білдіру- серік қосу амалы болып тек киелі кітап аяттарына, аяттарды ауыстырған заманға сай мұғжиза арқылы көрсеткен жаратушы үкімдеріне қарсы мәжбүрлеген жағдайда тыңдамауға болатынын ескерткен. Үшіншісі; Аллаға серік қосу түсірілген аяттар мен пайғамбарлар көрсеткен нұсқауларды және әр елге өздеріне болған хикметті істермен көрсеткен ашық дәлелдерді жалғанға шығарып, ертегіге айналдырып қарсылық білдіру. Ал, ортақ қосу амалы; амантқа қиянат жасап ана тілінен, ата сөзінің мағынасына, астарына үңіліп зерделемей киелі кітаптар үкімін өзгертумен немесе басқаша жорамалдап түсіндіру арқылы және ақиреттік болған ата-аналар арқылы жаратқанан берілетін ескерту уахи, түс, аянды зертеп, талдамай шайтаннан деген пікірлермен хақиқатты жалғанға айналдыру әрекеттерімен халықтың шежіреге айналған тарихи тәжірибесін дінін жалғанға шығарудан зор зұлымдықтың ортақ қосу амалы болып, халықтар қасіретіне соғатынын ескетеді. Пайғамбарымыз: «Сендерге ең зор күнәдан хабар берейін бе?» Біз де: «Әрине, я рассулла»-дедік. Пайғамбарымыз: «Аллаға ортақ қосу, ата-анаға қарсы келу деді.» (Әбубәкірден) Және: «Алла тағала барлық күнәлардың жазасын қиямет күніне дейін кешіктіреді. Бірақ ата-анаға қарсылық қылғанның жазасын Алла тағала иесіне дүние тіршілігінде, өлуінен бұрын береді.» (Хаким және Аспаһанныйдан) Сондықтан ата салт-дәстүрін, дінді бұрмалап, бөлшектеп тарылту үшін сөз ұғымын өзгертуші, ана тіліне қастандық қылушы шайтан пендесін «Дәжал», ал жалпы дінді теріске бұрмалап, халық арасына араздық отын тұтатушы жын-шайтан пендені «Тажал» деп атайды. Енді қазақ ел, дін басшылырының бірауыздан мойындап ғалым атағын берген және осы тура жолды көрсетуші деп барлық дін басшыларының, ғалымдарының арнаулы ұлықсатымен елге еркін таратылып жатқан «Ислам ғалымхалы», «От басы ғалымхалы» баспа иелері Қайрат Жолдыбай ұлы, Ата Әс-Сыбати, Мұхитдин Исаұлы және пікір жазып мақұлдағандар Нұр Мүбәрәк Египет ислам универиситететінің белгілі ғалымдары Шәмшәдин Керім, Мухаммед Махфуз, Мухаммед әл-Жунди, Рида әд-Дақиқи. « Исламның негізгі парыздарын қамтығын осы кітап та, сол діни басқарманың тапсырмасы бойынша жазылды…Өйткені, Қазақстанды мекендейтін жалпы мұсылман халқы Имам Ағзам қауымына жатады. Задында «мәзһаб»-жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді…» деген бағытың, шариғатың да-жол, көзқарас, пікірің де-жол болып дін тарылып енді шариғат амалы тура жол болып шыға келгенін ақылы сау пендеге айқын. Және «кіріспе» яғни араласпа осы ғана дұрыс деген ескертумен берілген осы кітаптың жалпы қазақтың тіл, сөз сауаттылығына серік қосқан, тұнып тұрған атаулармен, пайымдауларды былай қойғанда құран аятарының мағынасын да бұрмалап, жаратушы үкіміне ашықтай жала қойған, жан, рух сырына мүлде қайшы пікірлермен ақылы сау адамның өзінің миын ашытып, адастыруға бағыталған пікірлерден тұратына көзіңіз жеткіңіз келсе, Абай-Шәкәрім және Ясауи бамыздың «Сәни дәптерімен», Інжілмен, аталар аманат мақал, нақылдарымен Халифа Алтай қазақша құран аудармасымен салыстырып оқып көріңіз. Сөзіміз жалған болып бұл азаматтарды ашық жала жауып күнә жүктемес үшін осы және алдағы басылымдарда аздаған мысалдар келтіре кетеміз, бірақ бұл кітаптарға толық есеп беру үшін арнаулы кітап жазу керек. Ең басты қазақ ақыл-ойына қастандығы біздің ендігі дін ұстанымыз «мазһаб-жол» болу керек екен. Жол дегенді көзқарас, бағыт деп бір ұғыммен атаудың өзі дінге қастандық, серік қосу және «дәжалдық» пайымдау. Егер дін ұстанымыз Имам Ағзам масһабы болып тек сонымен ғана ақыл-ойымызды жетілдіру керек болса онда масһаб құраның Адам-ата дәуірінен, қияметке дейінгі ашық түсінігі насихаты және Имам Ағзам атамыз енді барлық түсірілген нұсқалардан хабар беріп, шапағат етуші пайғамбар болып шығады. Бұндай философиялық жаңашылдықтан; Аспандағы жеті жолға өзіміздегі екі жолды қосып 9-жолды да, заманына қарай құран аяттарының насихатының да ашылғаны сайын соған байланысыт күнәніңде артып, әрбір пендесіне ұлтына, руына мақсат, мүдде мамандық, кәсібіне қарай беріліп отыратын жобаны да 12-ғасыр кейінге шегініп масһабтан ғана бағдар алып, заманның жетіліп жатқан шараушылық ерекшеліктеріміздің көз қарасымызды тағы біздер үшін арап тілін зертеуші ғалымдар мыңдаған жылдар бұрын жазып қалдырған екен. Сондықтан болашақтағы ашылуға тиісті құран сырларын да, жаратушы хикмет істерін де, болашақ келетін ұрпақтарымыздың да несібесін және Адам атамызға дейінгі діннің нұсқауларын енді тек масһаб қана түсіндіріп, намаз оқыған адам баласына төбесінен тесіп құйып береді деген жындылық ой пайда болады. Раббымыз ескеткендей; «Оған екі көз жаратпадық па?(8) Әрі бір тіл, екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе?» (90-11) Абай атамыз бұл аятты; «Берген бе тәңірім саған өзге туыс? Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс. Шарықтап шар тараптан көңіл сорлы Тапаған бір тиянақ не еткен қуыс? Күні түні ойымда бір-ақ тәңірі, Өзіне құмар қылған оның әмірі. Халиққа (жаратушыға) мақұлық ақылы жете алмайды, Оймен білген нәрсенің бәрі-дәһірі (мекенсіз, жалған)Өмір жолы-тар соқпақ, бір иген жақ, Иілтіп екі басын ұстаған хақ. Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ, Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.» Абай атамыз екі жолды аянмен іздеп тәңірінің көрсетуімен табасың, ол жолды кемпірқосақ қылып екі басы бар екенін, және ерін қылып көрсетіп қойғанын ескертеді және туған жеріңе, ана тіліңе байланысты екенін, бағытың да, көзқарасыңда сонымен қалыптасады, құр оймен іздеп босқа шаршама дейді. Олай болса масһабты- дін рәсімін жол деп көрсеткен дін ғалымымдарын кім деп атуға болады? Енді осындай үлкен тілге деген қастандық, зұлымдықтың негізі осы кітапта келтірілген жаратушымыздың көркем есімі «Алаһ» деп Алла-сөзінің теріс ұғым екенін дәлеледеуге тырысқан екен. Ал Халифа Алтай аудармасының түсінік баянында;Құран шәрифте «Алла» деген атау 2697 жерде, «Иллаһ» деген атау 167 жерде бар. «Тәңір» деп аударылады.» деп ескерткен. Әрбір жаратылыстың мейлі жансыз, жанды өлшемі болуы міндетті болса сол өлшемнің бәрі құран аятарының сөзімен бағалануы тиіс. Олай болса есеп бар жерде ғана білім бар. Сондықтан құраның барлық сүрелерінде Алла есептеріңді көреді, біледі, алдыңа қояды, мойныңа жазады, есебіңе яғни сөз, ісіңе кездесесіңдер т,б ескртулер бере отыра; «Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» деп ескертілгендей, Құранда бір бос сөз немесе таңба болмайды бәрінің белгілі орны саны бар. Ала әрбір қозғалыстың мейлі үн, мейлі жарық, суық, ыстық т,б 4-ші және 6-шысы депте ескерткен. Сондықтан осы сөзді есептеуге, зертеуге бұйырған аяттарды негізге ала отыра; «Есеп білмеген есек» атанбауымыз үшін 2697; 167 сандары екілік жүйеде 24; 14 сандарын берсе, бірлікпен 6; 5 сандық нәтижесін береді. Сонда бүкіл құран ұғымы бойынша Алла=24 нұрдың, қозғалыс тегін және Алла=6 рахман немесе сөздің басын жаралыс тегін белгілейді. Иллаһ= 14;5 мәні отың, желдің немесе бес қуат қозғалысты тәңірлік сипатты көрсетіп тұр. Әрине таңбаларды жеке –жеке сандарға айналдырып аятар мәнімен құпия ғылымдық мәнін де көрсетуге болар еді, әзірше оны алдағы уақыттың еншісіне қалдыруды жөн көрдім. Қарапайым үннің сандық мәнімен жүйелесек: 3, 5-таңбалы атаулар тәңір сипатын яғни төрт жаратылыс періштесінің «кісінің» көрнісін, бірліктің нәтижесі 5-ші нүкте тақ мәнін берсе, «Алла»-4 санымен түп негізді және бүкіл әлем есептеу құрғылары тек төрт санымен ғана (1001 бір түн немесе 1000 айдан артық) есептейді, ойланады. Жаратқан сипаттың негізі адам баласының өзіндегі басты белгісі адамзат қанның төрт-ақ топқа бөлінуі және жаратылыс төрт мезгілден, төрт сырдан, төрт тілдік негізден, нәсіптік ризық төрт күннен тұрады да бесінші күн жалған, жалғанушы сипатты береді. Ал алты саны барлық қозғалыс және несібенің негізі; «Бүкіл әлемді 6-күнде» яғни к-үн мен жарық негізінде жаратқан. Құранда «Алла» сөзіне байланысты қосып айтылатын «Тағала»(6), «Рабб»(4), «Ол»(2) «Ол сондай Алла»(6), «Бір Алла»(7), «Рас Алла»(7), «Алла бар»(7) т.б тіркеме сөздердің бәрі белгілі атаулар жүйесімен және сол аттың таңбалық сандық мәніне байланысты жаратқан сипаттарын белгілеп, міндетті түрде сандық мәнімен ғана есептеледі, айтылады. Сондықтан «Аллаһ» (дұрысы Иллаһ) қазақшаға сандық мәнімен «Шүкір»(5) мағанасын беріп және «Тағала»(6) шүкір сөзінің екінші балама ұғым ақпараттар жүйесі «яшик пандора» орнына пайдаланады. Онда «Аллаһ тағала»(11) -шүкіріңе шүкір деп жаратушымызға тілмен серік қосамыз. Себебі үндестік негізінде жалған ұғым! Онда бүкіл қазақ дін танымындағы басылым, әдебет аударманың бәрі (Халифа Алтай аудармасынан басқа) түгелге жуық серік қосушылар, жалғаншылар, тілді шұбарлап бүлдірушілер екендігі айқын! Енді «Олар сөзді зертемей ме?» деген аятты назарға алып «Аллаһ» сөзі қазақ тілінің үнімен «Алла-ақ» болып естіледі, айтылады да. Енді Алла-ақ-тәңір деген ұғымды береді. Ақ сөздің бейнеленген таза қозғалысын тәңірлік сипатын яғни тәңір оғын білдіреді. Және «Аллаһ» сөзі шүкір болса онада Тағала тәңірдің өзі болып адамзатқа байланысты белгісі «шүкір» яғни жаратушының рахметі яғни аруақ ұғымы шығады. Бұл ұғымды Абай атамыздан; «…Аққа тартқан, Жөнге қайтқан, Ақыл айтар (қолдау берер) пенде жоқ.» деп ақты ақыл яғни «қолдау», аруақ деп ескертеді. Демек біздің дін ғұламаларымыз ата-баба, әулиелер аруағына яғни ақылына табыну серік қосу деп халықты жақсылық жасаудан тиым салып өздері жаратушыны, түп негізді «бес элементпен» (християнда 3-элемент-«Бог») белгілеп, аруақпен теңдес жасайды яғни екі тәңір жасап алған. Қазақ тілінен, астарлы сөздердің мағынасынан шамалы ғана хабары бар оқырманның өзіне бұл ғалымдарымыздың теология түгіл философиялық білімі бар екеніне күмән келтіруге болады. Мысалы «Сәзжде» сөзінің ұғымына құранда арнаулы сүре-кітап түсіріліп және оның екі сүреде ұғымы айқын көрсетілгенде адамзат түгіл бүкіл жаратылыс жан иелерінің белгілі Алланың әмірлерін орындап дыбыс, дауыс үн қатуларын сәзжде деп ескерткен. Олай болса; «Сәзжде сөздікте –бағыну, мойынсұну, кішпейілдікпен иілу, жүзін жерге тигізу деген мағыналарға келеді.» (Ислам ғаламхалы 123-бет) Демек адам баласының барлық жақсылық жасауға бағыталған бір-бірінен қызмет, құрмет көрсетуі де сәзжде болып табылады. Енді өздерінің бұл пайымдауларын енді өздері қайтадан теріске бұрмалаған; «Нағыз сәжде-жеті мүшемен жасалған сәзжде. Жүз екі қол, екі тізе және екі аяқ.» деп пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәзжде етуге әмір етілдім» деген өсиетін негізге алып намаз оқу деп барлық ізгілік, игіліктен хайырдан жоғары деп көрсеткен. Ал негізінде пайғамбарымыз жеті сүйектің ағаруын, толық бойдың қалыптасуымен, жеті құран үнін меңгеріп толық намаз орындаудың нәтижесін айтқан. Және көптеген мазһаб ұстаным шектерінің қазақ салтымен қарама-қайшы екенін өздері мойындап оны «Бір Аллаһ біледі» деп қысқа қайырған. Демек мазһаб қағидалары мен түркі дін ұстанымдарының шариғаттарының арасында қайшылықтар бар, олай болса күмәнің артында күдік, дау-жанжал күнәда болып дінде бөлшектену сөзсіз. Барлық ғылымның негізі сызықтық бейнеге, сурет өнеріне келіп тіреліп, мидың қызметінің өзі осы бейнелеу өнерінің негізі болса онда бұл ғалымдарымыз; «Олар (жындылар, адамдар) Сүлейменің қалауынша құрлыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді»,-деп айтылады. Сүлеймен пайғамбардың шариғаты басқа, дегенмен рұқсат беруінің бір сыры ол кезде ел арсында тәухидтің мықтылығынан болса керек.» (Отбасы ғалымхалы 69-бет) Яғни Забур шариғаты яғни негізгі сақ ұрапақтарының ұстанымы бөлек деп дінде өздерінің сауатсыз екенін тек кітаптардан көшіріп, арап тәпсіршілірінің ой жоруын жалғастырған, сол кездегі философия жетістіктерін жалғанға шығарады. Жынды меңгергендер көп жағдайда өнер адамдары болып олардың дінге деген сенімі аз болғандықта құранда жынды деп атайды. Бірақ сондай шаруашылық істерді, өнерді дамытып, түрлі құрал құрылғылыр шығарып жатқан жынды адамдар, қолынан жынды сөз айтудан басқа өнері жоқ жалған ғалымдардан әлде қайда иманды деп айтсақ күнәлі болмаймыз. Құранды және жан ғылымын білмейтіндіктерін және надандықтық ашық белгісі; «Ақындарға азғындар ереді» деген аяттың меңзегені-Құранға қарсы шығып, өлең жазып, елді дінен алстатуға тырысқан ақын-шайырлар. Әйтпесе бұл аятқа қарап өлең харам деуге болмайды. Пайғамбар кезінде сахаба ақындар болған.» (Отбасы Ғылымхалы. 73-бет) Олай болса Раббымыз бұл аят өмірдегі шындыққа мүлде қайшы деген пікір туындайды. Олай болса құранның көптеген осындай аяттарына күмәнмен қарау керекте дін ғалымдарының ғана айтқанымен жүріп құдай қылып алу керек болғаны. Ғалымдық, сөзді зертеу, ұқсас аяттарын табу және сандық мәнінің білімі, әрбір нәрсені жұп және парымен ғана жараттым деген үкім қайда қалады? «Ол, бір ақынның сөзі емес сендер аз сенесіңдер.» (69-41) деген аятпен ақындардың негізінен дінге сенімі тұрақсыз, еліктегіш, сезімге берілгіш сөз ұғымдарын аяттарды бұрмалаушы болатынын ескертеді. Сондықтан ақындардың ішінен тек тақуалықты, тарихат, мағрипат амалдарын меңгерушілер ғылым, кітап берілгендер ғана азғындықтан құтыла алады. «Ақындарға азғындар ереді» (26-224) «Ол, бір ақынның сөзі емес аз сенесіңдер» (69-41) Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргенен кейін кек алғандар басқа…» (26-227) Аятардың парын тауып орнына қойсаңыз аяттың ұғымы ашылып қандай ақындар азғындыққа түсетінін және Алланы көп зікір ететін ақындар басқа яғни Абай-Шәкәрім аталарымыз сияқты иман келтіріп ізгілік істегендер пайғамбарлық қасиетті меңгерушілер, сахабалық дәрежеге жетіп Алла жолында соғысушылар болып есептеледі. Енді осы аятардың сандық мәндерімен зертеп, жұбын және тағы 9-аятпен жүйелесеңіз құранның насихаты ашылады. Бұл әрине жоғары лауазымды пәтуа берууші хазіретердің, дін ғалымдарының міндеті болса, еліміздегі бүлікшіл дін топтары түгіл, ең түркі әлемінің дәстүріне жақын «Нахшпандия» тобы да пірімен қоса екпетінен құранның наситхатына тәнті болып, сәзждеге (бұйрыққа, үкімге) жығылып құлап қалар еді. Философ ағайындарымыздың діннен сауатсыздықтарынан және дін ғалымдарының жалған пайымдауларынан сөз ғылымының беделі жоғалып, әрбір арап тілді білген пенденің өзінше тәпсірлеуінен ислам дінің басты жол көрсетушісі құран аятарын «арзан ақшаға, ертегіге айналдыру» деген түсінік пайда болады. Бұған өздері де Лұқман сүресін қате аударып, өздеріне алдын-ала мойындап үкім беріп қойыпты; «Кейбір адамдар ешбір (дәлелеге) білімге сүйенбестен елді Аллаһтың жолынан адастыру үшін мән-мағынасыз бос сөздерді сатып алып соларды халыққа жаяды. Бұлар өздерін қорлайтын ауыр азап күтіп тұрған адамдар» (31-6) Ал Халифа Алтай атамыз бұл аятты; «Адамдардың түк білмесе де Аланың жолынан адастыру және тәлкекке алу үшін ертегіге айырбастап алғандар бар. Міне солар, үшін қорлаушы азап бар.» (31-6) Енді жалпы тіл ғылымынан аудармашылықтан шамалы хабары бар адам баласы орыстың атақты бір жазушысын осындай айырмашылықпен аударып көріңіз не болар екенсіз? Ал бұл жаратушының адамзатқа берген ең көркем ғылыми астарлы сөздері емсес пе? Бұл аяттар құдайға шүкір мағыналары әйтеуір бір-біріне жақын. Ал бұл кітаптарда атақты жол көрсетуші ғалымдарымыздың осындай өздері аударған аяттарының кейбіреулері тіптен мағынасынан басқа жаққа кетіп қалғандары бар. Енді мынандай қазақ әулие аталарымыздың шариғат ұстанымына мүлде қайшы үлгіден; «..Осылайша ол таң намазына дейін жылады. Шапақ атқанда ғана рүкүғке барып, намазан бітірді..»(О.Ғ. 29-бет) Астапыралла дегенен басқа не айтуға болады. Қатын құсап көз жасын төкенен кейін намаз түгіл дәретте бұзылады. Еркек адам қатын құсап жыламайды іштей үнсіз жүрегімен жылайды егер есі толық болса. Абай атамыз; «Тәңірі сорлы етсе, пенде Не бітірер құр жылып? Жігері жоқ, ақылы кенде, Жамбасынан жат сұлап! «Бір жаман мен бе?»-Дедің бе Көңіліңде?» деп құр жылағанан жігер мұқалып, көңілдің азатынын, өзін өзгеден жаман, қор санайтын пенде ғана босқа жылайтынын, ғашықтың жылауы үнсіз жүректен шығатынын ескертеді; «Ғашықтың тілі-тілсіз тіл, Көзбен көр де ішпен біл..» «Жылағанды тоқтатып, Ынсап қылсақ жарайды, Қоймасаң, қайғы ауыр боп, Тұл бойыңа тарайды…» «Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпендт сулайды. Жеңіменен көз сүртіп Сұрланып жігіт жылайды. Әйелмісің, жылама, Тәуекел қыл Құдаға! Өлең айт, Үйге қайт!..Белді бу, Бетті жу!» Шәкәрім атамыз; «Таза ақылдан жоқ сұрақ. Пәнші нанды бес сезімге, Дінші адасты жолынан, Сал ақылға дұрысы не?…Құбылсаң, Бұзылсаң, Не қызығып, Не именумен. Қайта алмай, Байқалмай, Себепке еріп, Жетектеліп өлдің сен…» Қазақ елінің және ел басымыздыңда діннің керегесін кеңге жайып халықтың дін-жанының және рухани егінінің бақташысы болуға аманатын алған ғалымдарымыздың қарапайым жан ғылымынан мүлде сауатсыз екендігін өздерін-өздері әшкере қылған, жүздеген мысалдармен өздерінің пәтуаларынан көрсетуге болады. Оған оқырмандар өздері салыстырып көздері жетер деген және философ ағайындардың еңбектері сияқты әдеби тілден қашықтап кетпеу үшін шамалы дәлелдер көрсете кетейік. «Сен маған анамның арқасы сияқтысың» деген аятта да ананың арқасына назар аудартуда. Сондықтан ананың арқасы және осыған ұқсас ішкі жағы да жақындарының алдында әурет жері саналады… Мұсылман әйел бөтен ерлердің алдында білектеріне дейінгі қолдары және аяқтарынан өзге денесінің барлық жерлері әурет саналады. Мықты көз қарасқа қарай аяқтарыда ашық болады..» (О.Ғ. 124-бет) Біріншіден әйелзатының аяғы санмен бірге жалғанып адамзаттың негізгі жаратылыс кітабы, белден төмен бөлік аяққа, діл несібесі, аналық сүтінің қоры ыдысқа жатады. Ал мазһаб пәтуасы бойынша әйелзаты балтырын жарқыратып жүрген былай тұрсын, егер «жынды!» «мықты көзқарасы» болса санын да ашуға болады екен. Және бұл пікірді енді өздері теріске шығарып «Басқа жағынан Аллаһ елшісі Әлиге: «Сандарыңды ашпа тірі болсын өлі болсын ешкімнің санына қарама,-дейді» (О.Ғ.128-бет) Осындай өсиетпен пайғамбарымыз еректерге де санын көрсетугше тиым салғанына дәлелді келтірген. Егер «Аяттарды ауыстырсақ оны өзгертуші жоқ» деген Рабымыздың үкімін еске алсақ қазақ әдет-ғұрпында аяқ, балтыр, саны түгіл білектің өзі ашылып қалса ұятқа санағанын қайда қоямыз? Және «Жаннат әйелдің табанының астында» деген ескертуден әйелзатының аяғының бар жері мүлде құпия болып көрінбеу керек деген ескерту екенін де білген жөн. Адам баласының жанатпен байланысатын мүшелері өте сақтықпен, құпия сақталып қорғалу тиіс. Енді «ананың арқасы» деген тәндік ұғымдағы емес құпия күзетші «жүр-ек» туралы болып отыр. Ол күзетші «Ғыфыр» деп аталып яғни көк несібесімен жеті атамен байланысты киесі, жаурындағы байлашысшы құпия көз, ананың киесі болып есептеледі. Жан сырының құпиясын, сандық, сызықтық мәндерін болашақта көресетеміз ал әзірше бұдай теріс ниетке аятта; «Сондай сендердің жұбайларын зиһар еткендер (анамның арқасындайсың-анамсың деп) әйелдері аналары емес. Олардың аналары өздерін тапқандары ғана. Сосын олар теріс өтірік сөз сөйлейді…» (58-2) Осы аятпен дін ғалымдарының аяттардың орны саны түгіл үгітінің өзіне мән бермей құранды теріске алғандарын көруге болады. Ал енді қазақ салт-дәстүрі түгіл жалпы жаратушымыздың түсірген дініне, құранан бұрынғы барлық тәурат, інжіл, зәбур үкімдерімен пайғамбарларға берілген нұсқауларға білдіртпей ғана қарсы шығып көңілі ислам құндылықтарына ашылып бұл азаматардың ғалымдықтарына шүбәсіз сенгендерге байқатпай мынандай аюдың тұзағын құрып қойған; «Кейбір салтанатарда, я болмаса шалғайдан қадірлі қонақ келсе соған арнап мал союған болады… Сондықтан шалынған малдар Аллаһтың (тағаланың) атымен аталып шүкірлік мақсатпен және өмірден қайтқан кісіге сауабын бағыштау әрі оның күнәларына кәффарат садақа ниетімен шалынатын болса, мұның ешбір ағаттығы жоқ. Алайда әрбір кісіні киелі тұтып, яки әулиенің басына барып малды тікелей соған арнап, сол кісінің аруағынан медет күтіп, Аллаһ Тағала емес соған (яғни әулиеге, ата-анасына) жақындайын деген ниетпен Аллаһтың атымен шалса да бұл жерде жасырын серік қосу болғандықтан, шариғатқа қарсы шыққан болып есептеледі. Қашан да үкім берерде Хақ Тағаланың өлшемімен қарау парыз.» (12-бет) Міне біздің халқымыздың берген садақасымен отанымыздан түскен несібемізден, жер суымызды бірге басып жүріп қойында қанжарын тығып; асыңды ішіп дастарханыңды білдірпей тілген-ден осы болар. Байбөрі деген бай болып, Төрт түлігі сай болып, Бір перзентке зар болып, Қорасанға қой айтып, Әулиеге ат айтып…», жер кезіп, әулиелерге тағзым етіп Баба Түкті Шашты әзиз атамыздың басынан тілегін қабыл етіп Алпамыспен, Қарашаштай ұрпақ сүйіп өмірден өткені енді, қазақтың ұланғайыр жерін де, елінің елдігін де сақтай білген асыл діні өтірік, жалған себе серік қосқандар дейді. Сонда өздері қалай жаратылғанын да, қайда барып кімнің алдында есеп беретінін де білмейтін дін ғалымдарына ел басымыз сенім артып, елдің дінінің тізгінін беріп, отанына опасыздық қылатын мәңгүт ұрпақтарды тәрбиелеп жатқана кім тосқауыл қоя алады. Және ең қауіптілігі де ғалымдар арсында өз ара пәтуасы да болмай сондай қым қиғаш пікірлерді бір жерден бір адамның алдынан қол қойдырып өзден өздері мараптай білуінде жатыр. Пайғамбарымыз; «Алла тағала былай дейді: «Мен үшін сәлемдескендерге (пайғамбарлар,әулиелерге салауатпен құран бағыштау), отырыс ұйымдастырғандарға (құдайы тамақ бергендерге), дүние жұмсағандарға (садақа, мал құрбандығы), зиярат қылушыларға мейрім түседі. Ал енді қарсы болғандар кәпір». (596-өсиет). Қазақ халқының бейсенбі күні шелпек пісіріп, иіс шығару, аруақты шақыру деп көршілеріне тарататын салты бар. Пайғамбарымыз; «Әр бейсенбі күннің жұмаға жалғанатын кеште адам баласының ғамалдары Алла тағалаға ұсынылады. Бірақ жақынынан безгеннің ғамалы қабыл болмайды.»( 20-өсиет.Ахмет Ханбелден) «Кімде кім, Аллаға, ақирет күніне иман келтірген болса, қонағын құрметесін. Кімде кім, Аллаға, ақирет күніне иман келтіргенболса, жақындық байланысын (өлілермен) нығайтсын.» (7-өсиет Әбу Хурайрадан) «Алла тағала кейбір адамдарды жаратқанан бері олар ашуланғандығынан мәрхамет назарымен қарамайды. Бірақ кейбір ғамалдарының салдарынан олардың үйлерін жақсартады, малдарын көбейтеді. Бұл қалайша болады? Делінгенде, пайғамбарымыз; «жақындарынмен (әулиелермен, Алла достарымен) жақсы шығысқандарының салдарынан» деп бұйырды» (Ғабас ұлы Хакімнен 13-өсиет) Адам баласына өмірге келуіне себеп болған ата-анасы шықан тегінен, өлілерден басқа қандай жақыны, жақын бола алады? «Өлі разы болмай тірі байымас»деген қазақтың мақалын пайғамбарымызда растап құрбан шалу, мал жұмсау өлілермен жақындық байланысты жалғау арқылы жолдың ашылып, жаратқаның мәрхаметіне бөленетінін ескертіп кетіпті. Осындай ап-ашық аят үкімдерін түсінбейтіндей және пайғамбарымызға ашық жала жауып өздерінің кәпір болуына қазақ дін имамдарының, діншілерінің өздерін-өзі зұлымдыққа салып ата салт-дәстүрімізге қарсы шығуларына не себеп болған? Әлде пайғамбарымыздың, әулие бабаларымыздың асыл сөздері жүректеріне ұяламай жүректері мөрленіп, саналары жабылып қалған ба? Мысалы бұндай әріптес ғалымының ата дінге қарсылық пікірін енді Қайрат Жолдыбайұлы теріске шығарып; « Ал енді ақыреттегі ең ауыр-есеп күні Алла мен құлдың арасында себепкер болу рұқсат етілсе, қисын тұрғысынан мына дүниеде кейбір салиқалы да тақуа кісілердің құрметіне дұға жасау неліктен болмасын? Екеуінің арасында негіз тұрғысынан қандай айырмашылық бар? Шапағатты да қабыл алып, алмайтын да Алланың өзі емес пе?» (203-бет) Әулие-әмбилер деп айтуға аузы бармай бірақ, әйтеуір олардан да төмен тұрған салихалы кісілердің құрметіне мал арнап дұға жасауға ұлықсат беріпті. «Тәуәссулге «Аллаға серік қосу» деп те қарайтындар кездесіп жатады. Алайда тақуа адамның құрметіне Ұлы жаратушыдан мұқтаждығыңды сұраудың Аллаға серік қосумен ешқандай байланысы жоқ.» деп жоғарыдағы ғалымдардың өздерінің серік қосқандағын және аруақшы, зиратшылардың істерінің дұрыстығын дәлеледейді. Олай болса нағыз елінің ұлтшыл салт-дәстүрін әулие-әмбилерін құрмет тұтатын азаматы екен деген ой келеді. Бірақ көп ұзамай шатасып кейде дұрыс, кейде бұрыс деп өзінің бет пердесін ашық көрсеткен: «Ал біздің қарсы шыққан нәрсеміз ол-жартылғанға (адамға) Аллаға етілетін дұғадан да артық түрде жалбарыну… Бұл жерде бір Алладан ғана сұрап, Алламен қоса басқа біреуге дұға етпеу…Бұл жерде айтылған шариғат өлшемдері мен талаптарына сай тәуәссулге байланысты келтірілген дәлелдерді қазіргі таңда «халықты емдейміз» деп алаяқтықпен айналысып жүрген кейбір топтар өздерінің қате істеріне айғақ ретінде қолдана алмайды. Себебі шариғаттың өлшемдерін аяққа таптап, түрлі мүрде, бейітердің басына барып мұң-мұқтаждықтарын Алладан емес, сол бейітте жатқан адамдардан тікелей сұроап, серік қосудың бұл жерде айтылған тәуссулмен ешқандай байланысы жоқ екенін ескерте кетейік.» (Дін мен Діл. 209-бет) Көріңіз есіңізде сақтаңыз «АДАМ» аладан басқа шеріктер тобына жатып яғни адам жаны Алланың «ӨЗІ» емес, адам ақылды іске айналдырушы орынбасар емес керісінше теріске бұрмалаушы Алладан басқа яғни ібіліс шайтанан. Және «Аллаға дұға жасау» дегеніміз Алланы құтқара көр деп тағы бір тәңір жасап жалбарыну болып шығады. Аллаға дұға жасамайды Алланы мадақтап зікір айтады яғни құран оқиды да және өз ниет пікірін де білдіреді. Сондықтан Құран сүресіндегі арап тілінде белгілі Алланы мадақтау, пәктеу аяттары оқылғаннан кейінгі барлық амалдар, тіліктер Аллаға дұға жасау болып саналады. «Алаға етілетін дұғадан да артық түрде жалбарыну..» деген ұғымнан; құран оқып Алланы зікір еткенен кейінгі пайғамбарларға, әулиелерге арнап тілегімізді жеткіз ата-аналарымызға жәрдем бер деп сұраған, себептереге жасалған дұға тіліктің алдында оқылған құран, жаратушыға арналған мадағымыз күшін жойып түкке тұрмай қалады да, онда құран сөздері арапша оқылғанда шайтанан деген ұғымды білдіреді. Сондықтан қазақтың дін ғалымдарының пікірінше ой жорудан пайда болған араптардың «тәуәссулі» негізінде Халифа Алтай аудармасы бойынша «сабыр ету,сабырлық қасиетті меңгеру» болып қазақтың ата жолының намаз орындау қағидасына сәйкес келгендіктен, аударса өтіріктері ашылатын болғандықтан екі тілде сөйлеу діни ғалымдықтың негізгі шарты болар. Ал жоғары лауазымды хазіреті жарықты арқанмен, басқалары қуыс бас, түбі тесік шелекпен сөз ұғымын өлшейтін шариғатардың қағидасымен, масһаб бағытымен салыстырғанда құран да жартушы үкімдері де рух қағидасы- «Бір» деген Алланың бірлігіне, таза ақылға иман келтіруге жіберілген соңғы пайғамбарымыздың бар өсиетімен, істері де түкке тұрмайды және сондай алаяқтың бірі менің де рухтан хабар оқушы ақылшы ұстаздарымының басшылары Абай-Шәкәрім, Ясауи баба, Арыстан баба, Қажы баба, пір Бекет, Қорқыт абыз, Қорасан ата,Марал ишан, Укаша сахаба, Тектұрмас әулие, Қарахан ата, Ысқақ баб, Әбділ Әзиз баба,Түктібай бақсы, Қордай, Қарасай, Ағынтай батырлар, Жақып әулие, Абылайхан батыр, Қоңыр әулие, Қара молда Баябай бақсы,Ақбура, Қарабура бақсылар, Ырғызбай ата, Әлмерек абыз, Райымбек батыр, Бауыржан батыр т.б барлық пір тұтқан әулие-әмбилеріміз, аналарымыз қаншама хикметтердің көрнісімен халықты рухани сауықтырып, жаратқанға иман келтіруге мәжбүрлеп, елді бірлікке, игілікке шақырып жатқан, Құдайдың сүйікті құлдарын жын-шайтанға, шеріктерге «ол, жаратылған» адам өнімі ақылдан жаратылған, ақылды жарата алмайтындарға теңейді. Және сондай керемет иелер Алланың сүйікті құлы бола тұра, біздерді алаяқтыққа, дінді бұзып, серік қосып елдің ақылын аздыруға тәрбиелеп жатқан деп түсіндіреді. Ата-ана ұғымы Адам-ата, Хау-ана дан бастап өзіңнің әке-шешеңе дейінгі аралықты қамтитын Алланың сүйген құлдарына, періштелерге айналған шежіре ағашын білдіреді. Бүкіл пайғамбарлар, әулие-әмбилер, аналарымыз адамзат баласына ортақ ата-ана болып есептеледі. Себебі, бәріміз ортақ бір жанан яғни «Ман»-нан (Адамнан) пайда болып, мұсылман аталамыз. Сондықтан тәңіріміз Бір-ақ тәңір, Ол Алла! Үкіметіміздің «әділетті басқарушылары» осындай ғалымдардың жалған тәңірге (ой жоруға) шоқынған пәтуаларына иланып, ақылдары тұзаққа түсіп аузындағы ірімшігін кез келген мақтаған түлкілерге таратып беріп отырса. «Бір»- «Хақ Тағала» деген ұғымды өздері де түсінбей өз сөздеріне, пікірлеріне қарсы шығып, екі жүзділік ой жоруға түскенін: «Алла адастырған пенделерін түзу жолға салушы жоқ» деген аяттың қандай терең сырлы сөз екенін аңғаруға болады. Абай атамыз; « Имансыздық намазда-Қызылбастан салған жол.(Мазһаб) Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел? Берекесі болса ел-Жағасы жайлау ол бір көл….Берекесі кеткен ел- Суы ашыған батпақ көл…Еденица жақсысы, Ерген елі бейне нөл. Еденица нөлсіз-ақ, Өз басындық болар сол. Еденица кеткенде, Не болады өңкей нөл? Беркеңдң қашырма, Ел тыныш болса, жақсы сол. Рас сөзге таласып ақ жем болма, жаным кел!» Діннің мақсаты елдің береке бірлігін қалыптастырумен ғана тура жол болып нәтижеленеді. Аз ғана қазақтың арасынан сына қағып бір –бірінен айдап салып өзге жұртан үлгі алған бір ұрты арамдардың салған лаңынан тиым салатын тек «Еденицамыздың» қожалығы оянып, әділетті заң шығаруға үкім бермесе әзірше өңшең шуылдақ, ұраншыл кеудесінде сәулесі жоқ- жынды, мас рухани өлі-басшы «нөлдердің» соңына ерген елдің басынан қайғы бұлты қоюланаса түсері Хақ. «..Жақынға еріп, мал салмай, (құрбан шалмай) Жауды көріп (жын-шайтан), жан салмай, Қайдан ғана біледі Ауыр менен жеңілдің (сираттың) Арасымен өтерді?» «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім. Құлағын салмас, Тіліңді алмас Көп наданнан түңілдім. Екі кеме құйрығын Ұста жетсін бұйрығың. Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, (зиратап құран оқу) Онан да шықты жаңғырық. Естісем үнін (тылсымның, аруақтың) Білсем деп жөнін, Көп іздедім қаңғырып (тау-тасты кезіп зираттап)…» «Аямай жанын дос ерер (әулие аруағы), Жолдастықты ақтаса, Алдыңы айдап кім келер, Ерінбей жүріп бақпаса… Енді нені істейміз, Бәрінен де бос қалдық? «Ауызға келіп түс» дейміз, Қылып жүріп құр салдық!» «Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (түске ену) Хүкімші шалдар (өлілер) мәз боп отыр ма онда? Антұрғандық қылығын алла ісі деп, Нандырар қандай сопы, қандай молда?..Сопысынсын, хақ десін, хақты ұмытсын, Әділетсіз бір жастың басын жұтсын, Қайнап тұрған қанымды ішкеніңмен, Қаңсыған, қатқан ішің не жылытсын?!.. Бейкүнә зорлықпенен шыққан жаным Бейішке басшы болар деме залым! Суық қабір-қайғысыз ұйқы орны ғой, Оңай ма жас өмірден айрылғаным?… Менің кеудем сендерге (аруақтарға) сандықпен тең, Мүмкін болса, қақ жарып ашып көрсең. Ішін түгел көрген соң көзіңменен, Тахиқ (анық) мені күнәкар қу демес еңМен- өлі жан, ешкімді талғамаймын, Рақымсыз, билеріңді қарғамаймын.Мен кешерлік сүйтсе де іс қылған жоқ, Разымын деп жалған сөз жалғамаймын..» Жаратушымыз көк несібесін алуды яғни жеті жолға жалғануға: «Әй адам балары! Әрбір құлшылық орнында(ойпатарда, киелі орындарда) зейнеттеріңді ( тағдыр, ақыл кітаптарыңды) алыңдар. Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді.» (7-31) Бұл аяпен 31-санмен белгілеп өз кіндіктеріңе жеті ата-аналарыңа зиратап, мал жұмсаңдар деп ескерткен. Және осындай зейнеттерді толық алмай қажылық жасауға болмайтынын босқа ысырап екенін астарлы ескертеді. Ал негізгі қазақтың хаж қағидасын; «Мұхаммед барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем (салауат айтып,дұға тілек тілеу) Алланың таңдаулы құлдарына (әулие-әмбилерге) лайық. Алла (Бір) жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?»,-деп сұра!» (27-59) Бұл аяттаАлла достарын Бірді Алланың өзі яғни хикметті істерінің белгісі деп ескертеді. Ал ортақ қосуды пайғамбарымыз: «Сендерге ең зор күнәдан хабар берейін бе? Біз; -Әрине расулалла-дедік. «Аллаға ортақ қосу, ата-анаға қарсы келу.. көңіл бөліңдер, өтірік айтудан және өтірік куәлік беруден сақтаныңдар. Жалған сөйлеу, жалған айғақ беруден сақтаныңдар, деп тоқтамастан сөйледі, тіптен сөзін тоқтатпайды екекн деп ойладық» (Тәбәрәниден; 34-хадис) «Біз әрбір үммет үшін, өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан соған бой ұсыныңдар. Мұхаммед ықыластыларды (үнемі зиярат етіп құрбан шалушы), қуандыр. (Шапағат ет, батаңды бер!)» (22-34) Осы аятпен-ақ «Бисмиллаһи рахмани рахим» деп Алланы еске алып құрбан шалғанның өзі жеткілікті, онан кейін кімге дұға қылсаңда ешқандайда серік қосудан сақтайтынын ескертеді. Бұндай санмен пайғамбарымыздың өсиетін белгілегеннің өзінде үлкен даналық жатқанын көруге болады. Бірақ аталарымыз; «Санасызға санды айтқаныңмен түсінбейді» деп ескерткен екен. Тек өкінішке қарай осындай дін қандастарымызды, мейлі қандай ғылым егесі болса да жаратушы иеміз; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан (әулие-әмбилерден, Алланың дастарынан) күдер үзгеніндей олар, ақиреттен (Хақтан) үміт үзген.» (61-13) Өлілерден күдер үзгендерді кәпірлер санатына қосыңдар деп бұйырыпты Раббымыз. «Зұлымдыққа түскендерді құтқарыңдар» деп аманатаған пайғамбарымыздың өсиетін назарға алып, бұндай дін қандастарымызды Алланың азабы толық баурап жан ұяларына, бала шағаларына кесірі тимей тұрғанда, оқушым сіздер қол созып насихат айтып көрсеңіздер. Оларға жоғарыдағы әулиелер санатымен, болашақтағы дін имамдарының бастарына келетін және төніп тұрған сынақ, азаптарын тым ауырлатпау үшін аз ғана есімдермен мысал келтірген әулиелердің және сондай көптеген әмбилердің алдынан өтіп тезірек құрбан шалып кешірім сұрап, халық алдында да қателіктерін мойындамайтын болса үлкен қасіретің бастарына төніп тұрғанын, ал бас тартса ондай жағдайға жуырда оған куә болумыз да сөзсіз. Сондықтан осындай қасіртке, ордың жағасында тұрған теріс пиғылдармен, аруаққа қарсы шығып, кәпірге айналған әкім қаралар мен, ел, сөз басшыларын да иманға шақырып, зұлымдықтан құтқару үшін, алдағы келесі басылымдарда бұл тақырыпты тереңдей зертеп, жан сырын, ғылымын ақиқатын ашып көрсетеміз.