ҚҰРАН –жаратылыс тану ілімі. КЕҢІСТІК — ӨЛШЕМ. ЖЕТІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЖЕР.

ҚҰРАН –жаратылыс тану ілімі.

Жалпы әлемнің алғашқы жаратылу кезеңінен бастап адам және оның жер бетіндегі қызметі құран аяттарында толық қамтылған. Жалпы әлемнің ғарыш әлемінің, дүниенің пайда болуы туралы ілімді құран аяттарының сырын зерттеген ғұламалар еңбегі жеткілікті. Бұл үлкен уақыт аралығын алып жатқан тарихи дәуірде қамтылған жаратылыстар, жұлдызды аспан, күн жүйесі, жер бетіндегі өмір, аспан құбылыстары кәзіргі ғылымда екі бөлікте қарастырылады. Көрінетін және көрінбейтін болып. Көп айтыс тартыстар осы екі арада жүріп жатыр. Ал аспан құбылыстарына толық мән беріп, қайрымды және зұлым жаратылыс иелері, әулиелер, түс көру, тіршілік ету қозғалыс, тербеліс кеңістікте өрбу, өшу, даму заңдылықтары кейбір дін ғұламалары, ғалымдар жоққа шығарады.Немесе толық мән бермей «тек сену керек» – деп тұжырымдаған. Сондықтан құран аяттарын негізге ала отырып Абай, Шәкәрім аталарымыздың пайымдаулары, Әл-Фараби атамыздың, «жаратылыстанудың биік негіздері туралы трактатындағы» көз қарастарын салыстыра отырып Яссауи бабамыздың «сәни дәптерінің» ақиқатына тірелеміз. Фараби атамыздың трактаты бойынша бүкіл әлемнің басталатын кезі, бір Алла белгісіз құпия қазынадан шығып мәлім болуды қалап, сонан соң өз жанарынан бірінші жарықты, яғни нұрды жасау кезі болып саналады. Ол жарықта әуелгіде еш бір қасиет болмаған, ол бір текті және қозғалыссыз жаратылады. Оған ақыл ойлау әрекеті берілген бақыттан соң, қасиет пайда бола бастайды. «Ақылға келсек дейді ғұлама, — ол жарықтан, нұрдан бастау алатын шабыт.» Әлемдік нұрдан және онымен байланысты, одан тікелей жаратылған әлемдік ақылдан барып бүкіл заттың, нәрселік және рухани тіршілік әлемі туындайды, өрбиді, сан алуан түрге келеді. Енді бабамыздың сипаты бойынша; «Ең әуелі Алла тағала өз ажарынан қасиетті нұрынан тіке тарайтын мәртебелі жарықты жаратады. Ол суықта жылы да емес, дымқылда құрғақта емес, еркекте, әйел жынысты да емес еді. Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды барлық жасалынатын, болатын нәрселердің түп болмысының нышандары басынан аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр. Бүкіл нәрселік (органикалық) тірі дүниенің рухани нышандары да осы жарықта болды». Яссауи бабамыз хикметінде:

Хикметімнен баһра алға көзге сүртсін,

Ықыласпен көзге сүртіп дидар көрсін.

Шарты сол дүр: қанағатқа мойын ұсынсын,

Жан пида етіп жан ананы көрдім міне,

Оны жан ана – деп атаған әулие бабамыз. Бірінші жарық – нұр алғашқы да өзінің жаратылған жерінің маңында орналасады да, осы жағдайда бір дүркін тербеліс уақытында (12 мың жыл) тұрақтайды. Бүкіл әлемнің бастапқы да бірінші элементтері пайда болуы үшін, Алланың әмірі мен нұр екіге жаратылып, бір бөлігі жоғары көтеріліп, екінші бөлігі төмен түседі, олардың арасында бос кеңістік орнайды, олардың бастапқы бөліну орнында орта бөлік пайда болады. Осы орта бөлік әлгі екі бөлікті байланыстырып, дәнекерлейтін маңызды қызмет атқарады. Мұндай бөліну кең көлемде әр бір 12 мың жыл дүркіннен кейін болып тұрады,кіші көлемдегі бөлінулер 6 мың жыл, тар көлемдегі бөлінулер төменгі бөлім ішінде 9 айда, 12 жылда т.б. жүріп тұрады. Әрбір бөліністен соң бүкіл әлем заттарында жана сапалар, өздерінің айрықша қасиеттері бар мән – мәністері бар бастапқы, негізгі элементтер (құбылыстар) пайда болады. Дүниеде әлемде бос орын жоқ, әртүрлі күштермен біріккен, жалғасқан және осы күштердің қозғалыстардың әсерінен туындайтын аса қатаң заңдылық бар. Бастапқы жаратылыс негізгі нұр, ол жарық ұғымына қарағанда кеңірек ұғым. Нұр – үлкен қуат егесі. Нұр кең ұғым. Аятта: «Алла (Т) көктер мен жердің нұры. Оның нұрын мысалы: ішінде жарық бар қуыс сияқты жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек бейне інжудей жұлдыз шығыста батыста болмаған зәйтүн майымен тамызылады. Тіпті от тимей – ақ оның майы жарық бергелі тұр. Алла қалаған кісінің өзінің нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді». (Нұр – 35) Жарықтың көлеңкесі болады. Нұр жарықтың кемелденген жоғарғы сапасы көлеңкесі жоқ ыстық, суықтығы жоқ. Жарықтардың тегі деп атауға болады. Адам ақылы нұрға бөленеді. Яғни жарықтан шығатын әлемді танып білу биік шоқтығы нұр. Әлем нұрдан тараған жылу құбылыстардың да, үстіне сәуле шығару, от, қуат көздерін қамтитын кең мағыналы жарыққа лық толы, оның әр жерлерінде осы жарықтың қоюланатын аспан денелері нәрселері орналасқан. Бүкіл жоғарғы бөлік екі жарыққа бөлінеді де қозғалыс қасиетіне ие болады. Алла тағала өзін құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі жасады. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік харакеттің қастерлі ірге тасын қалады. Мұнан соң Алла тағала жарықтың жоғары бөлігінен ғарышты, яғни аспан шырақтарынан және оларды сүйреуші періштелерді және басқада жарық құбылыстарын бар етті» Фараби атамыздың пайымдауы бойынша: «Жарықтың бүкіл төменгі бөлігі қараңғы қозғалыссыз және салқын болады. Бұл бөлікте өзінің жаратылысы жөнінен қозғалыссыз заттар денелер орналасты. Алла тағаланың құдіреті күшімен қозғалыссыз нәрселер жаратылысы салқын, суық болып келеді. Осы нәрселерден түп негізі басқа да көп болатын заттар тас, топырақ жаратылады. Фараби атамыздан осы ғылыми негіздеріне сүйене отырып толықтырсақ, нұрмен қоса 8 жарық бөлігі бар. Нұрдан басқа жарықтың көлеңкесі болады. Яғни 7 қараңғылық бар. Бұдан 8 пейіш 7 тозақ белгісі шығады. Және қозғалмайтын нәрсе жоқ. Бәрі бір өзіндік тербеліс жиілігін құрайды. Аятта: «Тауларды көріп, табжылмай тұр деп ойласын. Негізінде ол бұлт тәрізді жүреді. Бұл әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі. Күдіксіз ол жасаған нәрселердің толық біледі» (Нәміл – 88) Нәрселер арасындағы тартылыс күші Жаратушымыздың әмірімен бір-біріне тартылып болмысын сақтап тұрады, аятта: «Ол көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір ісің болуын қаласа, сонда тек қана «Бол» дейді. Ол бола қалады». (Бақара – 117). Оның да өлшемі, түрі, түсі, жиілік есебі бар.

КЕҢІСТІК — ӨЛШЕМ.

Кеңістік – ғылым мен философияның, дін ғұламаларының даулы мәселелерінің бірі. Өйткені кеңістік ұғымы, материяның ұғымы мен тығыз байланысты. Сондықтан осы кезге дейін материядан заттан тыс бос кеңістік бола ма? Немесе кеңістік әр қашанда материямен сабақтас бола ма? – деген сауалдар туындаған. Ислам ғалымдары Имам Раббани, Мұхиддин Араби, Мевлани Жәми; «Адам тек ақыл көзімен ғана анықтап, тек сезім түйсік арқылы ғана заттар, материяны – бар деп ойлайды сол арқылы өмір сүреді деп тек кеңістікте өмір бар басқа өмір алдамшы» – дейді. «Мектибат» деген еңбегінде «Алланың жаратқан денесі шындығында жоқ… бұның бәрі тек сезім түйсік арқылы ғана біледі… бар қуат тек Алла одан басқа жаратылыс жоқ (II – том. 357 бет мектиб 163 бет) Европа философтары Беркли т.б. осы бағытты ұстанушылар болып табылады. Мевлани Жами: «Бүкіл ғалам тек түйсікпен сезімнен ғана тұрады. Денелердің бәрі айнаға түскен көлеңке тәрізді» — деп пайымдаған. Харун Яхья және жақтастары үш әлемнің жоқтығын дәлелдейді, пайымдайды. Оған байланысты еш дәлел жоқ деп құрандағы мына аятты негізге алады «Рас тозақ үшінде көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректер бар олай да олар онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан әрі адасуда міне солар мүлде қаперсіздер» (Ахраф – 179)

Өкінішке орай аятты басынан бастап тәпсірлемей «олардың» деген сөзінен бастап түсіндіреді. «Бір» — тек Алла тағала. Ал бір аятпен жорамалдау тәпсірлеу ғылыми негіздеу қателік!. Енді Құранда жалпы әлем туралы негіздер көп соның біріне, қарапайым аятқа тоқталсақ «Күдіксіз көктер мен жердің жаратылуында, түн мен күннің ауысуында, адам баласына пайдалы нәрселер мен теңізде жүрген кемеде және Алланың көктен жаңбыр жаудырып, жер өлгеннен кейін оны жандандыруында, әрі онда әр түрлі хайуанды таратуында, желдерді және көкпен жердің арасындағы бағынышты бұлтты басқаруында, әлбетте ойлаған елге белгілер бар».(Бақара – 164)

Енді белгілерді санасақ 1)көк; 2)жер; 3)түн; 4)күн; 5)пайдалы нәрселер; 6)теңіз; 7)кеме; 8)жаңбыр; 9)өлім; 10)жан; 11)хайуандар әлемі; 12)жел; 13)бұлт. Мұқият болыңыз 13 саны әлем шегі- биіктігі. Енді топтастырсақ жер теңізде кеме сияқты жүзіп тұрса, пайдалы нәрселер «жан» жаңбыр арқылы көктен келеді, оны қозғаушы жел — күнмен түннің тербелісі. Осындай тербелістерден сезім түйсік туындайды. «Ол көктен жаңбыр жаудырады да ойпаттар өз өлшеуі бойынша сел болып көпірген көбікті қалқытып ақты. Сондай – ақ сәндік бұйым немесе аспап жасау үшін оған от жағып еріткен металдарда сондай көбік болады. Алла хақиқат пен көбік кеуіп, ұшып кетеді де адам баласы пайдаланатын нәрсе жер бетінде тұрып қалады. Осылайша Алла мысал береді» (Рағыд – 17) Көзге көрінбейтін түйіршіктерден бу (бұлт), бұдан тамшы тамшыдан су, судың алған орны көбікке айналады сол орынды толтырады. Сол сияқты металды кері қарап үгітіп талқандап тозаңға айналдырып тағы да көрінбей кететіндей қалыпқа жеткізуге болады. Сол кеңістік өрістің үш түрлі бейнесі кейпі бар! 1)жазықтық (жайқалған) кеңістік жердегі асқар тау, жазық дала, құмды шөлдер, өсімдіктер өсуі, тамыр жоюы, адамдар баспанасы, жүріп тұруы, қимыл – қарекет кеңістігі және жан – жануарлар жәндіктер өмірі болып табылады. Үнемі бірін бірі толықтырып тұратын: 2)тыныстық өрісті құрайды. Бүкіл жазықтықтың өрістің осы тыныстың өрісте қалаптасқан орны бар. Сол белгілердің шекара сызығы да бар. Жалпы ауа деп атаймыз. Құрамына қарай үш түрге бөлінеді. Жағымды, жағымсыз, желді болады. Жағымсыз өріс таудың ұшар басында және жердің төменгі ойпаттарында болады. Бұл белгілердің өріс ішіндегі белгілі денелердің аз – көп қатысуын білдіреді. Желді, боранды өрістерде белгілі жер бетіндегі денелердің, тіршілік иесінің қатысуына қарай да жағымды, жағымысыз болып бөлінеді.

3) Аралас шайқалып тұратын өріске су және оның іші болып есептеледі. Жер бетіндегі бүкіл тіршілік иесі осы судан жаратылған. Зат негіздері топырақ болса. Жан негізі су. Дәміне қарай татымды, татымсыз болып бөлінсе, құрамына қарай ащы және тұщы болады тығыздығына қарай буға, сұйыққа және мұзға қатты денеге айналып отыруы осы кеңістіктердегі заттардың, тіршілік иелерінің бір жағдайдан екінші бір жағдайға өтуіне байланысты. Дәмі де құрамы да соған тікелей қатысты. Негізінде бәрі жиналып бір тұлғаны қалыптастырады: Ол өзі аспанды жерді қамтыған. Даудың басы осы тұлғаның ішкі қатынасын бірінсіз – бірі қозғалысқа түспейтінін әр денені, затты біріне – бірін себеп қылып бір жағдайдан екінші жағдайға өтіп, үшінші қозғалыста болып, жаратушымыздың тек тепе – теңдік қалпын сақтап, толықтырып өзгертіп отыратын хикметтеріне (терең біліміне) әлі көзіміз жетпейді, ғылымымыз ондай даму шегіне келе қойған жоқ. Өлшемін таба алмай адасып жатырмыз. Оған ол биікке адам ғылым арқылы ғана көтеріле алады. Жолбасшысы «Рух – кітап – Құран». Кітап білім. Рух-тарих және болашақ. Құран-адамзатқа берілген жоспар. Шамамыз келгенше бабалар батасымен қуат алып, аруақтар қолдап сол алтын сырларға өрлеп көрейік.

ЖЕТІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЖЕР.

(Мұхаммед.Ғ.С) «Оларға сендер жерді екі күнде жаратқанға қарсы келесіңдер ме? Сондай – ақ оларға теңеулер жасайсыңдар ма?, бұл бүкіл әлемнің раббы» де (9).

Жерге үстіне асқар таулар жаратты да құт – береке қойып, жер жүзгіндегілердің ризықтарын төрт күнде шамалады. Бұл сұраулар үшін тура жауап (10).

Сосын көке жөнелді ол бір түтін еді сонда әрі жерге ерікті немесе еріксіз келіңдер деді. Екеуі де бой ұсынған түрде келдік». (11) Бұл аятта берілгендей қозғалыс екі түрлі жағдайда жүреді негізгі қозғалыс кіндігі жер екендігі көрініп тұр. Жарықтың әсерімен жер ерікті қозғалысқа түссе жердің әсерімен көк еріксіз қозғалысқа түседі. Көк негізі отсыз түтін, жер негізі түтінсіз жалын. Жалын жарық әсерімен тербеліске түседі.

«Оларды жеті көк етіп, екі күнде жасады. Сондай – ақ әр көктің міндетін өзіне білдірді. Жақын көкті жұлдыздармен әшекейледік әрі қорғауға алдық. Осы үстем, толық білуші Алланың тағдыры болып жеті жерде жер, көк бүкіл әлемнің алты күнде жаратылғандығы баян етілді. Бірақ Алланың қасында бір күн 50 мың жыл» (Фуссилат – 12).

Енді есептеп көрсек бүкіл ғалам әлемдері 6×50 мың жыл ═ 300 мың жылда жеті әлем жеті көк болып жаралған 18 мың ғалам дейтін себебіміз сол.

«Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан және жерді де солар сияқты жаратқан күмәнсіз Алланың әр нәрсеге күші толық жететіндігін білулерін үшін әмірлері жер мен көктің арасына түсіп тұрады. Сондай – ақ Алланың білімі әр нәрсені ішіне алады.» (Талақ – 12)

Жаратушымыз жеті көктің де сыртында, яғни жеті әлемге әмір сырттан үкім жіберіп басқарып тұрады және барлық нәрседе белгісі үнемі бар, бола да бермек. Әр әлемнің өзіне тән шегі қабы бар. Біріне – бірі қосылмайды.

Алланың білімі – екі орта, бөлінген жарықтың арасы болып табылады. Ол Ахирет жер көк арасы,теңіздер, екі орта, күн ай жұлдыздар арасы, жеті қат аспан ортасы, яғни төртінші «Фалақ».

«Жоғарғы және төменгі әлемдік аспан сфераларының өмір сүру әрекетінің басты көзі, бастау бұлағы болып, бүкіл әлемді жарықтандырушы» қызметін атқарады.

«Олар Алланы шын мәнінде қадырлай алмады. Негізінде қиямет күні жер бүтіндей оның уысында және көктерде оң қолымен бүктеледі ол олардың қосқан ортақтарынан пәк. Әрі жоғары». (Зүмәр – 67).

Жер және әлем жаратушымыздың оң қол бөлігінде орналасқанбыз. Жер беті Алланың қадірі болып есептелсе, көк қасиетіне жатады. Жер Алланың алақанына сыйып кетеді. Қалған алты әлем қалай орналасқан адам ақылы оған жетуі мүмкін емес.

Әлем тендігі аятта: «Сендерге түтінсіз жалын, отсыз түтін жіберіледі. Өздеріңді құтқара алмайсыңдар» (Рахман – 35)

Шындық — әлемдегі қуаттар тендігін сақтаушы осы екі сәуле болып табылады оның негізгі «Бол» деген әмір. Жердің пайда болуы екі күн ═ 100 мың жылды құраса, жердегі нәсіпті төрт күнге × 50 мың ═ 200 мың жылға шамалаған. Яғни жер бетінің тіршілік әлемі тек 200 мың жылға есептелген. Ғалымдарымыздың миллиондаған жыл түзіледі деп оны бөліктерге бөліп есептеуі мүлдем қыйсынсыз. «Ол Алла сендерді жерді тұрақ, көкті күмбез қылды. «Сондай – ақ сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі.Және де таза нәрселерден қорек береді. Міне осы Алла,Рабыларың Төтенше ұлы Алла, бүкіл әлемнің Раббы». (Ғафыр-64).

«Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындық бойынша, бір мерзім белгілеп жараттық. Ал сондай қарсы болғандар ескертілген нәрседен жалтаруда».(Ағраф –3). Әлемнің өмір сүру шегі белгіленген уақыты да санаулы.

Жоғарыдағы келтірген екі қуаттың әсерінен және Алланың әмірімен бүкіл әлем тіршілік етіп жатыр.

«Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан жерді де солар сияқты жаратқан. Күмәнсіз Алланың әр нәрсеге күші толық жететіндігін біреулерің үшін әмірлері жер мен көктің арасына түсіп тұрады. Сондай – ақ Алланың білімі ішіне алады» (Талақ – 12) Жаратушымыздың әмірі теңдік қуаттары, өз қозғалыс теңдігін жоғалтқандарды қайтарып 3–ші әлем Алланың біліміне барып кері қайтып отырады. Үнемі осылай орындалып толасыз ерікті еріксіз түрде тербелістерде тұрамыз неге тербеліс? Неге айналмайды? «Сондай Алла, сендерге жерді бесік қылды да онда тура түрулерін үшін жолдар жаратты.» Яғни жер бесік сияқты тербеледі айналмайды. Жолдар жер бетіндегі жолдар емес жердің астындағы және аспандағы жанның тазару жолдары. Жер бетінде тура жол болмайды. Жер негізінен жеті бөліктен тұрады. Көкте қат аспан арасында жеті жол жараттым деген, ол жер астында жеті теңіз тоғыз бұлақ бар – деген Сәни дәптерде. Араларын жер қабаттары бөліп тұрса, «жерді төседім, тауларды қазық қылып қақтым» — деген жаратушымыз. Жер негізінен жазық болып есептеледі де көктер мен қосып бүктеліп жалғанған жерлері таулармен шегеленген аятта: «Қиямет күні, тауларды жүргіземіз де жерді жап жазық көресің және адам баласын: Олардан ешкімді тастамай жинамаймыз» (Кеһф — 47).

Жер жазық көрпе сияқты жеті қабат етіп жаратылған әр кабат арасында теңіздер бар, 9 түрлі бұлақпен жалғанып тұрады. Жалғанған жіктер ашщы су мен тұшщы судың біріне бірі араласпайтын жерлері болып табылады.

«Рас егер жер жүзіндегі ағаш атауы; қалам, теңіз (сия болып) одан кейін оған тағы жеті теңіз көмектесіп, (жазса да) Алланың сөздері таусылмайды Күдіксіз Алла, өте үстем, хикмет иесі». (Лұқман – 27). Бұл аятпен сөздің тегі судың өзі екенін ескертеді жаратушымыз.

«Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат – қабат жаратқан. Рахманның жаратуында еш мүлтік көре алмайсың. Қайта көз сал. Ешбір ақау көре аласың ба? (3) Расында біз дүние аспанын шамдар мен безедік. Оны шайтандарды атауға жасадық. Сондай – ақ оларға жалындаған азап әзірледік». (Мүлік – 6)

«Алланың жеті аспанды қабат – қабат жаратқаннан көрмедіңдер ме? (15) Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды». Ай жеті аспанның ішінде болса, енді жер айналмаса тербелсе күн түн қалай алмасады?.

«Алла: күндіз мен түнді ауыстырды. Рас бұнда, қырғылар үшін әрине ғибрат бар» (Нұр – 44). Жарық пен қараңғылық біріне бірі тәуелді түрде тербелісте тұрады. Көк еріксіз тербеліп ауысып тұрады.

«Ол сондай үгіт алғысы немесе шүкір еткісі келген кісі үшін түн мен күндізді, бірін – біріне ертіп қойды» (Фұрқан – 62). Түн үгіт алу болып болашаққа жоспар беріліп отырса, күндіз шүкірлік тіршілік ету ішіп жеу, қуат жинап несібелік өмір болып табылады.

«Ол Алла түнді күндізгі кигізіп, күндізді де түнге кигізеді. Сондай – ақ ай мен күнді игерді. Бәрі де белгілі мерзімге дейін жүріп тұрады. Біртұтас осылар Алланыкі иелік соған тән. Одан өзге табынғандарын бір ұрық қабығына да ие емес» (Фатыр -13.) Жұмыртқа ұрығы тәрізді бір қабық ішінде орналастырған жер әлемін.

«Оларға түн бір белгі одан күндізді ажыратамыз солар олар қараңғылықта қалады (37) сондай – ақ күн белгілі көлемде жүреді. Міне осы аса үстем әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі. (38) Тағы айдың орындарында өлшеп қойдық. Ескі құрманның бұтағындай болғанға дейін. (39) Күннің айға жетуі мүмкін емес және түн де күндізден ілгерілемейді. Әр бірі көкте жүзеді» (Ясин – 40).

Аспан күмбез болып жауып тұрса жердің қосылған жері екі теңіз арасы болып, бірақ жік білінбейді біздер үшін бір тұтас. Ал көктің жермен түйіскен жері болып, солтүстік мұзды мұхитпен, антрактика бөліктері болып табылады. Аспан көк ұрық қабығының ішіндегідей яғни әлем жұмыртқа сияқты шайқалып тұр. Жоғарғы төменгі қабыққа тығыз бекітілген екі нүктесі бар. Сол тербеліс жиілігі жеті аспанға беріледі де жер тәулігіне бір тербеледі жеті тербеліске сыртқы көк бір қозғалады. Ай өз орнында, өз жолдарында ілгерілі кейінді құрманың бұтағы сияқты жолдарда қозғалыста болады. Астрономдардың жер күнді айналады дегені бекер. Сонда қалай күн түн ауысады? Қазақта күн батады, шығады дейді, Құранда да солай белгілі бір көлемде жүреді деген сөз. Сонда қалай? Енді мына аятқа назар салсақ. «Ол, екі шығыстың Раббы…. Әрі екі күн батыстың Раббы» (Рахман-17). Яғни ғаламда екі жағында екі күн бар кезек – кезек жанып сөніп тұрады. Жалпы жұлдыздар өздігінен жанбайды. Бәрі сол күннен түскен сәуледен шағылысып жанып тұрады. Күн шырақ деген яғни күн батып майланып қайта жанып тұрады. Демек жер бетіне белгілі дәрежеде ғана жарық түседі, ал сәулелер жұлдыздарға бағытталған. «Сондай мол игілік иесі Алла, аспандағы жұлдыздардың орнын жаратып, сонда бір жарық және сәуле беруші айды жаратты.» (Фурқан-61) Айда жұлдыздар орны бар, жұлдыздар сәулесінен жарық пайда болып, сол жарық ай орнына байланысты жерге сәуле болып жетеді. Күн сәулесі белгілі бір мерзімде уақытта түседі. Сол уақытта күн тұтылады. «Сондай-ақ күн белгіленген көлемде жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі.» (Ясин-39) Күн өзіне тән бекітілген көлемде батып шығып түрады демек тербелісте тұрады. Белгілі орбитада жер күнді айналады деп ұғу қателік. «Тағыда айдың орындарын өлшеп қойдық. Ескі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін. (39) Күннің айға жетуі мүмкін емес және түнде күндізден ілгерлемейді, әрбірі көкте жүзеді.» (Ясин-40) Түнде, күндізгі жарықта газ қабаты сияқты қабат кабат аспан болып тек ашылып жабылып тұрады. Ай жердің көлбеу (меридиан) сызығы сияқты тербеліс жүрісте болса, күн өз көлемінде шығыстан батысқа қарай батып шығып жүзеді. Егер жер шарына мұқият зер салсаңыз, біздер үшін күн шығатын шығысымыз америка құрлығы үшін батыс болып шығады. Ал жерді кері қарай жазып түйеге айналдырсақ, астраномиядағы уақыттық, есептік белдеудегі қателіктер щығады. Алдағы басылымдарда дәлелдер келтіріп көреміз. Құран ғылымының әлі талай ғасырлар бойы адамзат баласын таң қалдырары сөзсіз ақиқат! Сонда жалпы әлем 7 жұмыртқа болып үлкен бір жұмыртқаның ішінде шайқалып тұр әрлі берлі құты үлкен шексіз алып клетка тәрізді. Жеті әлем кезек – кезек бір, бірден жеті рет тербелсе сыртқы қабық бір тербеледі. Сонда ішкі әлемнің 12 рет тербелісіне жалпы ғалам 1 рет тербеледі. Екі күн кезек – кезек жанып сөніп тұрады күрделі сағат құрлысы. Біздерің көре алмайтындығымыз, ғалымдардың есептей алмай жүру себебі, аспан үлкейткіш шыны сияқты қорғап тұр қабат-қабат болып. Ол үшін жер мен көктің шегінен өту керек. Қалай? әрине ол үшін мүмкін я сол түстік мұзды мұхиттан, немесе антрактикадан бақылау керек болар. Жерді аспан немесе жердің қозғалысы сонда көрінер еді. Жұлдыздарды да бақылау оңай. Әрине оған дүние жүзінің ғалымдары бас қатырар. 4 қат аспанның жолдарының күніне бір рет тоғысатын уақыты бар ол «сақар» уақыты деген «Яссауи» бабамыз. Жылына бір рет үлкен әлемге сәйкес келеді. Ол қадыр түні. Құрбан айт күндері үш күн 4 аспан есігі ашылады. Тағы Құранда «Түйеден сендерге алатын ғибрат бар» — деген жаратушымыз. Әрине аянмен ескертпесе кімнің ойына келген, жердің картасын кері қарай жазып көрсеңіз аумаған түйе болып шығады. (Суретке қараңыз) Тек америка құрлығы шығыста түйенің мойын басын белгілейді. Енді жер жүзінің бейне суретіне үңілсек, жер жүзінің мемлекеттерінің орналасуында белгілі өзіндік тәртібі және соған байланысты мінезі шығады. Ал шығыстан батысқа қарай жіктесек:

1. Америка – мойын бас бөлігін алып жатыр.

2. Россия – иық мойын, арқа бөлігінде иық бөлігін алып жатыр.

3. Швеция, Норвегия — өркеш.

4. Австрия алдыңғы аяқ басы

5. Индия, — кіндіктің басы түбі.

6. Қытай қолтық жауырын бөлігін құрайды.

7. Жапония – төс бөлігін құрайды.

8. Африка – артқы жамбас.

9. Аравия – емшек.

10. Европа мемлекеттері тік ішек және артқы құйрық бөлігінде орын алған.

11. Қазақстан ішкі жүрек тұсында орналасқан. Ішкі ағзалардың орналасу тәртібімен мемлекет мінез ерекшеліктері шығады.

Иран, Түркия, Египет т. б мемлекеттер ішек құрылысы, тоқ ішек бөлімдерде орналасқан.

«Қараңдар жерді қалай кеміткенімді» — деген аятта. «Теңіз астында құрлықтар бар» — деп ғалымдардың зерттеулерінде шындық жатыр. Жер бетіндегі тіршілік 2-ге бөлінеді. Адам — Ата қауымы және Нух қауымы. Адамдардың құрылысында ішкі 12 мүше өзгермегенмен сыртқы пішіндерінде айырмашылық өзгерістер болған. Түйенің ішкі сыртқы мүшелердің орналасу тәртіп ерекшелігімен әр мемлекеттің өзіндік құрылымы мінезі қалыптасқанын аңғаруымызға болады. Америка құрлығы мидың ойлау қабілетін құрлықта қалыптастырса, европа құйрық солай бұрылады. Россия мемлекеті ой – жота қимыл. Негізінен бастағы ойды жота қимылға айналдырады. Қателесу мүмкіндігі зор. Бас жабық болмаса ми ашиды. Қазақ елінің ас қорыту жүрек тұсына орналасуы тегін емес! Жүрек қана адастырмайды. Негізгі шындық сынақ басқа келеді. Сондықтан көп жағдайда Америка құрлығының апатқа ұшырауы қауіпі зор. «Шындықпен бір ұрсам миын шашылып кетер деген» аятта. Америка құрлығы әсіресе Аргентина,Бразилия майда ұсақ аралдарға, құрлықтарға бөлінеді ол ақиқат. Ол мерзімнің де жоба есебі бар Құранда. «Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғарғы көргендерге көктің есіктері ашылмайды… және олар түйенің иненің көзінен өткенге дейін жұмаққа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз» (Ағраф – 40).

Түйе иненің көзінен қалай өтеді? Ол үшін иненің көзі сияқты жонылуы керек. Жалпы иненің көзі үлкейтіп қарағанда жұмыртқа сияқты. Енді ойша түйенің мойын басын алып тастап сызық жүргізсек, болашақ апаттың көп мемлекеттерді жоқ қылып, жердің жұмыртқа сияқты қалпын алатындығы шүбәсіз! Қашан? Асықпасаңыз оны да білесіз. Қазақ елі бәрі бір ортасында қалады.

«Олар Алланы шын мәнінде қадірлей алмады. Негізінде қиямет күні жер бүгіндей оның уысында. Және көктерде оң қолымен бүктеледі. Ол олардың қосқан ортақтарынан пәк. Әрі жоғары». (Зүмәр – 67) Жалпы құранда жазылған уақыт мезгілі төртке бөлінеді. Құран насихатына жүгінсек екі басты қиямет мезгілі болған жер бетінде. Қиямет күнінен кейінде тіршілік өмір бар. Қиямет күнінде көк тығыздалып жерге жақындатылады. Яғни тіршілік басқа бір жиілікке өтеді деген ұғым. Негізінде Адам-Ата уақытында жердің құрылысы да басқа болған. Толық құрлық болып бір – біріне жалғасып тұрған. Оның белгісі қазақ жерінде тұр. Ол Қазығұртта адам ата, хауа ана тасы немесе «Ғайып ерен қырық шілтен» — деп те атайды. Сыртқы пішіні тура тұмсығы жоқ пілге не өгізге ұқсайды тек тұмсығы доғал. Ал арасындағы жол күн қуатының Алла ғаршысының пайда болатын көкке көтерілер есігі болар. Демек жердің де екі қабат жүйеден тұрып жер асты шекарасы болып үшінші және төртінші қабат арасы ыстық су теңізі болып табылады. Жер ана да аспан сияақты қабат – қабат болып жеті бөліктен тұрады барлығы 14 қабат болу керек.. Басты екі құрлық (Америка, Азия,европа) біріне бірі қарама қарсы жағдайда тербеліп тұрады жеті қат аспан тербелісін қайталайды. Құранда «таулар бұлт сияқты қозғалады» — деген, бірақ біз оны байқамаймыз. Бесікте жатқан бала тәрізді тауларда тербелісте тұрады. Көкте 11- жұлдыз және ай, бәрінің жер бетіне байланысты орны белгіленген. «Жерді айналады, ай жер айналысында айналып жүреді – деп емес бәрін тербеліс заңымен қарастырсақ қанша біз білмейтін құпиялар ашылар еді болашақта ғылымда.»