Діни сауаттылық және Құдайдың құлы болу туралы насихат.

Лұқман Хакімге бір сопысымақ адам бір жиналыста: «Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә. Тәңір жіберген қаза –пәлесіне қарсылық қылып, тоқтаушылық етемін деген болады» -депті. Сонда Лұқман айтыпты: «Олай болса, осы айтылған сөздерің жазылған кітапты келтіріңіз. Сенімді кітап болса, тәубе етіп, дәрігерлікті қояйын.». Сопы бұл сөзді естіп еш кітаптан көре алған жоқ, кітап алып келе қоям деп айталмады. Жиылып отырған жұрт шулап қоя берді: «Сопы! Лұқман жетім-жесірге атадай болып, неше мұңды бишаралардың көз жасын құрғатты. Сен бұл істі күнә деп білсең, кітабыңды көрсет, болмаса қазыға алып барып жазаландырамыз»-десті. Істің бұлайша зорайып бара жатқанын көріп, Лұқман жұртан өтініш етіп, сопыны тысқа оңаша алып кетіп айтты: «Алла разы болсын, моллам, білген шамаңызша күнәдан тыйуға айтқаныңызға. Бірақ бізден де сізге бір ақыл айтылсын. Қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмсаңыз. Ақылыңыз дұрыс десе, көзіңіз көріп, жөнін танып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз. Екінші, сіздің айтқан сөзіңізден оқып жетіспегеніңіз көрінді. Жасаған адам денесіне лайықтап түрлі мүше берді. Қол берді жұмыс қылуға, көз берді көруге, құлақ берді естуге, аяқ берді жүруге, ақыл берді ойлап жақсы-жаманды айыруға. Сол берген дененің мүшелерін тиісті орнына жұмсамасаң, Тәңірдің бұйрығына қарсылық болып табылса керек. Сол себепті жүрмей, тұрмай, көрмей, естімей, Құдайға құлшылық етіп болмайды. Осылар секілді, жансыз нәрселердің де керексіз жаратылғаны жоқ. Бір шөпті у етіп жаратты. Екінші шөпті оған басытқы етіп жаратты. Бұларды да танып, біліп, бұйрықты орнына жұмсамасаң, күнәлі боласың. Не нәрсені пайдалы орынға жұмсаудан обал болмаса керек»,-деді. Осы әңгімедегі насихатты және жоғарыдағы аяттармен, дәлелдерді енді үкіметіміздің зиратағанан, әулие аралағанан шығынға ұшырап және дінде жаратушыны әлсіретеді деген 2008 жылы тиым салып жетіммен, жесірін ауру-сырқауларын қудалаған жақсылыққа тиым салған, елдің берекетін қашыруға арналған адасқан, ойдан шығарған «ата заңымен» мүфтият пәтуасымен салыстырып ақыл таразысына салып көріңіз.