Ой қолқабыс- құл, сөз анасы-ақ. Сөз сағасы-құлақ.

Ой әрбір нәрсенің арасы кездесетін ұясы. Ол ұя ұятың ұжданның үйі немесе шайтанның үйіде болу мүмкін. Тіл таза болса асыл ой, тіл азса сасық ой. Тілдің көрнісі сөз болып осы ойда тіршілік етеді. Ойдың көрнісі сөзде. Сондықтан сөзбен өсіріп, сөзбен өлтіруге болады. Сондықтан қайғы да ойдан, қуаныш шаттықта «ойпаттан» шығады. Ой теңіз болып, асыл сөз гауһар тас, несібе балық оны ұстайтын құрал тіл болмақ. Тіл теңіздің түбін де, көктің жүзінде шарлайды сөз кемесіне мініп алып. Сондықтанда: Білгенге маржан, Білмеске арзан,Жарандар баһра ала алмас, Қиналма бекер тіл мен жақ, Көңілсіз құлақ – ойға олақ… Ақыл ойдың кемесі. Сол кемеге қажетті азығыңды, мәңгілік сапарлас жолдасыңды алып, жаратушының кеңшілігінен несібе іздей білу үшін Адам атамыздың қабырғасы, Хау анамыздың қанынан белгі екі құлымыз құлағымызға намазын оқытып үйрете білуіміз керек екен. Ой көрнісі құлақта. Жан ғылымының негізі анамыздың қанында жер ананың несібесіде осы құлақпен келіп бойды алар. Сондықтанда; Малың жоғалса өкінбе, малды тағы табарсың. Жанның көркі ойың жоғалса өкін! Өйткені ол нәзік нәрсе қайта табу қиын болады. Бәлки таба алмай, надан болып өтуің мүмкін. Жаныңды адастырушы нәпсіден, ойыңды адастырушы шайтаннан сақ бол, аңқау елді адастырушы ғылымы, білімі жоқ арамза молда да сол сияқты. Онан сақтану үшін ғылым үйрену керек. Тек ғылым шындығына табан тірей білу керек. Ондай адамды арамзалар адастыра алмайды. Қиыннан жол тауып өзіңді аздырмай бақытыңды танығың келсе, дінді ғылымды қатар меңгер. Адам ғалам ішіндегі ғалам болса сол екі ғалам үндестігін қайшы келтірмей таба білу, барлық ғажайыптың кілті,өмірдің гүлі болып табылады. Гүлді өсіретін көркем сөз. Құранмен ана тілінің бірлігінен табылады. Бақыт ағашы ақыретпен көпір болып, ана әлдиімен, ана тілімен, бесік жырымен суарылады нәр алады. Ойды жүйелейтін адам денесінде 40 тетік бар. Белгісі өзіміздің қоршаған ортаға байланысты қалыптасады. «Ғайып – Ерен қырық шілтен» — деген аталарымыз. 41 – ші көз жан белгісі «Ғайып» маңдайыңда жазулы тағдырың. Тағдырыңды тәлкекке қалдырмай жаныңмен түсіну үшін қалған 40 белгі таза жұмыс істемесе тағы бекер. Ойды құрайтын есту, көру, сезу қасиеттері. Кейбіреулер тек салмақты құлаққа салады қалай естісе солай ойланады. Біреулер түйсікке салады «Мен білемдер» солардан шығады. Көріп ойлайтындар көпшілікті құрайды. Көрсе қызар нәпсі құмар, қызғанышты оятады. Жаратушымыз сыйлаған қасиет көзі жабылғандар деп біліңіз. Ол маңдайдағы көз емес жүрек көзі, көңіл көзі немесе көкіректің өзі деп біліңіз. Сондықтан болар жаратушымыз «Мүміндер көздеріңді сақтандар» — деп ескерткен. Жан көзімен сезу үшін, таза ақылмен өлшейді көкірек көзімен көреді. Өлшем саны тұрақты ол 40- соңғысы нәтижес ар. Тән тазармай жан тазармас, жан тазармай ой тазармайды оның кілті:

Шошыма, ойым, шошыма,

Келмейді жындар қасыма,

Таһараты жоқ сайтан

Жоламас менің қасыма.

Қажыма, ойым, қажыма,

Қарама тозған жасыма,

Адаспасаң ақ жолдан

Қонады бағың басыңа.

Билет бәрін сабырға,

Кірме ажалсыз қабырға,

Сырласатын күн туар.

Жан қияр жақын тамырға.

Білімділер сөз жазып, зарлағанда,

Ой кезіп жердің жүзін шарлағанда,

Алдаусыз адам өмірін түзетерлік

Әділет, ынсап, мейірім барма адамда?

Әйтпесе мәз боп жүрме қиянатқа,

Зорлықпен бірін – бірі жалмағанға…

Тамам ел өзін — өзі «мен» деседі,

Өзгелерді жатырқап «сен» деседі.

«Біз» дей тұғын бір елді таба алмайсың,

Бұл қайтып әділетпен теңдеседі?…

Европа білімді жұрт осы күнде,

Шыққан жоқ айуандықтан олда мүлде.

Терең ойлап сөзіңнің түбін біл де,

Іштен жыла, шырағым, сырттан күлде.

(Шәкәрім ата)

Таза ақылды табу үшін сөз астарын ұға білу керек. Шындық ешқашанда мен мұндалап тұрмайды. Қазіргі таңда қазақта шындықпен жалғандық, білімді мен надандардың арпалыс кезеңі туды. Соған қарай ғылым өнер, соған қарай әр түрлі әдет – ғұрып, дүниеге көз қарас, түсініктер ауысып бірден – бірге көшіп жатқан заман. Жаратылыстың өлшеуін білмегендер адасады, әлек болады. Оның өмірі аласұрып атанған бір жолаушы құрлы болмайды. Әр нәрсенің шек – шеңбері бар, белгілі белдеуі бар. Адам – кіші әлем. Өзінің жолын, айналыс тербеліс шегін тылсым белгісін білу керек. Сонда ғана ол зор бақытты бола алады. Олай болмаған күнде, ол бақыт мықты тәннен, сән мен тақтан, ерлік атақтан да дәулеттен де жасанды көріктен де табылмайды. Бақытты болу үшін адам, адам болып ғылым, өнер ізде! Еңбек ет, қасиет, қаблетіңді аш, қызмет ет халыққа пайдаңды тигіз, шындықтың көзін аш! Өмірдегі заттардың әсерінен, адамды ақыл – ойы ауытқуы мен абыржуынан құтқаратын, өлшем бірлігі – тек сан мен шама.

Ал санмен шаманы қамтитын ғылым – математика. Әуелі санап барып сол заттың шамасын: — кескін, жағдай, реттелік, үйлесімділік пен жүйелік жөніндегі білім пайда болады. Математика ғана пендемен бірге өседі қартаяды, қайта туып жасарады. Өсіру де өшіру де пенде еркінде болмақ. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де-ақымақшылық.» Абай атамыз ескеткендей осы төрт түрлі адамшылық қабілеттерді толық меңгеру арқылы; «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.» қасиетерімен ғана, «..есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен.» ал ізденуге керек; «Кімде –кім сыртан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді (тылсым сыры уахи, аян, бата) көбейтіп алса, ол-жиғаны бар адам. Ондай кісі жаңа естіп, көріп білгендерін сынап, орынды-орынсызын бағанағы (шежіре, тарихтағы) жиған нәрселеріне қарай есеп қылады. Бұлай етіп қарекет еткен адамды ақылды дейміз.» Олай болса біздің шеттен алған, көрмей білмей өлшемей, бойымызға шақ па, шақ емеспе қарамай өркекниетті ел деп жиған ілім, біліміміз тек ойлау қабілетін көбейткенмен халықтар есімен, ұлтық рухымызды, нұрлы ақылымызды қалыптастыра алды ма? Ғасырлар бойы жинаған аталарымыздың, қорғаған қанын, құрбандыққа тіккен жанын ақтай ала ма? Терең ойлап, ақ сөйлеп тарихтан тергеп көрейік! Тарих таңбадан басталады.