Ата-заң және жол-жоба діни салт-дәстүр, бәйшешек бақшасы.

«Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл…» деп Абай атамыз жаннатқа апарар хақтың жолына түсу үшін әуелі иман гүлін-нанымын өсіруді ескертіпті де «Мақсұт» атты қисамен адам баласының түп мақсатын астарлап көрсетіпті. Мақсұт-талап; үш гүлдің үш түрлі сипаты болып, және оның өсетін жерін және қайдан алуын білгіңіз келсе; «…Барса, тамда(зират) бір гүл тұр солқылдаған, Басында үш жеміс бар былқылдаған; Бірі –ақ, бірі –қызыл, бірі –сары, -Таңдап ал, мен берейін бірін саған. Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар, Егерде қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар.» Үш жемісті бір мезетте алу мүмкін емес, бірақ бақытты ғұмыр сүруге адам баласынан үш жемісте керек. Аталарымыздан қалған аманатта; «Бірінші байлық- денсаулық, екінші байлық- ақ жаулық, үшінші байлық- он саулық» деп ескерткен. Ден саулығың, ақыл саулығымен-еспен, ержетумен, бой жетумен, ақ жаулығыңда тән саулығымен еңбек ету қабілетіңмен, жыныстық кәсіп ерекшелігімен және адал некемен байланысты болса, ал он саулығың өнер, кәсіптік еңбегің мен жаратқанға жасаған шүкірлік, ғибадатыңа, алған сауаптарыңа тәуелді екен. Ал бұл үш байлықтың алдыңғы екеуін аталарымыз «Мал» байлығына санап; «Мал жаның аман ба?» деп жан-дінің ақылыңныңның да он саулығының дұрыстығын, түгелдігін сүрауды әдетке айналдырған екен. Он саулықты өнер ғылымды меңгерумен ғана жинауды Шәкәрім атамыз; «…Бойың жалдап қор болма, ойың жалда, Түк өнбес алты ай жүріп алған қойдан. Онан да өнер үйрен тек жүрсең де, Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсең де. Өнер білсең-он күнде жүзді аласың, Басында пайда алмай-ақ көп жүрсең де.» Он саулығың қолыңдағы он саусақтың нұрланып күндей жарық беріп иман гүліне айналуын ескертеді. Ақыл, дәулет, ақ жаулықты асыраушы өнер болса, ал өнер ғылымсыз пайда болмайды. Қанша халық білімді аталғанмен, ұзақ уақыт пайдаланған білім тозып, бала-шағаның, қатын қалаштың ғана ермегіне айналып, ғылымын жетілдімеген, ілімін жоғалтқан ел, жер бетінен жоғалатынын Абай атамыз «Мақсұт» атты поэмамен анық көрсеткен; «Сол заманда-ақ надандар шырыш бұзған, Жалғанның дәмін бұзып, хауіп қылған. Ақыл мен мал екеуін асырай алмай, Арашаны іздепті қатын қыздан. Ендігі не сұрау бұл заманда? Ақыл-ой, ар-намыс жоқ еш адамда. Өлген мола, туған жер жібермейді, әйтпесе тұрмас едім осы маңда…» Қазіргі заманымыздағы гендірлік саясат деп, жалаңаш қатын, қыздарымызды көшеге шығарып жіберіп, талатайтып төрге шығарып, ақылын тыңдап отыратын еркектерімізде яғни ел басшыларымыздан бастап, еркек кіндікті «бөрікті» қазақпын деген бәрімізде де ар-намыс, ақыл-ойларымыз жоғалған. Сондықтан дін атын жамылып, өлген моласын, иман гүлін «Қадырын» тепкен, Арыстан баба, Ясауи, Абай-Шәкәрімдей ғұламаларының жолын, аталарын соттаған, арашаны өз арамыздағы қатын, қызымызды былай қойып, шетен келген азғын надандардан іздеген, кейін ұрпақтарымыздың алдында осындай ақылды бірақ есі кеткен аталарымыз болған тарихта деген атақ алатын «білдіман» қауымбыз. Ал білімді ақылды мен есті яғни қазіргі «Зайырлы мемелекетпіз» деген ақымақтық бос мақтан үшін айтылатын жындылар сөзі екенін түсіне білген ел басқарушы зайырылы адам, иманның ақ жемісінен нәр алса; «-Мен болсам, егер ағын жемек те едім, Ақылды болдым елден бөлек дедім. Мен ақылды билемен, не қылсам да, Мені ақыл билесе керек дедім…Ақылды жан табылмас маған сырлас, Көріне тентек көп надан мойын бұрмас. Әділетсіз, ақылсыз, арсыздарды Көре тұра, көңілде тыныштық тұрмас. Адам дерті болмай ма құса тартып, Тұщы ұйқы ұйықтай алмай түнде жатып. Ептеп бағып, есерге ем таба алмай, Тәтті тамақ жей алман дәмін татып.» Осындай Абай атамыздың қайғысындай қайғы шегіп, әділетті басшы, әділ заң шығарушы, халқына қамқор әкімдер арамызда көп болар еді. Және ондай әділетті ел басқарушысы аса байлыққа құмар болмай; «Сарыны жеп, мен болсам байдың өзі, Аузында тамам жанның болдым сөзі. Пәленшеден бір нәрсе алсақ-ау деп, Тігілер жан біткеннің маған көзі. Жұрт күндер жұртан артық байлық үшін, Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін. Не құылса да, надандар алмақты ойлар, Мал антұрған күйдіріп елдің ішін. Еңбексіз мал дәметпек-қайыршылық, Ақылды ерге ар болар ондай қылық. Оны ойларлық бұл күнде адам бар ма, Пайда ойламай қылады кім татулық?» Қазақтың иманның сары жемісін жеген ақылдылары партия құрып; мені сайласаң, елдің байлығын тегін таратып, талтайып еміземін –деп аз қазақты бір-біріне айдап салып, баспасөз орындарын да бөліп алып, жақсы адамның сыртынан иттерін айдап салып, байқамай сүрініп кетсеңіз, атағыңыз, дәрежеңіз, елге сіңген еңбегіңіз де алған марапаттарыңыз темір-терсекке айналып, тек жаманшылығыңызбен ғана өлшеніп түрмеге тоғытып, қалған өміріңіздің қалай боларын сол заң шығарушы өзін құдайдан былай санамайтын партиялықтарға тәуелді болмақ. Бұл біздің шет жұртан алған еркіндік саясатымыз. Құдайсыз атаған қызыл кеңестің өзінде байқамай жазықты болған пенденің жұмыс істейтін ортасының, тіркелген партиясының, косомолдық ұйымының жиналып берген мінездемесімен санасатын еді, енді ол еркіндік өлген, ақша, байлық деген құдайыңызға шоқынуға ата заңымыз мәжбүрлейді. Сондықтан абайлаңыз, иманның сары жемісін жеудің алдында әуелі партияға кіріп және оның ішінде кімге беретіңізді алдын ала қамдастырып алмасаңыз онда; «Берсең, қалар оларда несі ардың? Бермесең, сен дағы ит бірге болдың. Не өзің ит, немесе бар елің ит, Даусыз бір пәлеге міне қалдың.» Көрдіңіз бе пара берсеңізде ит болдың алсаң да ит болдың. Сондай ит болғысы келмеген ақ-жолдық бауырларымызды арты не болып әлі кезге дейін «бухгалтериясын 15-жыл бұрын тексеру керек еді?» деген өкініштері басылмай жатыр муфтиятымыздың. Баста құдайдың жолын партияға айналдырып үкіметке тіркегенмен, садақадан сарқыт беруді ұмытып кетіпті, мүмкін зияны тиіп итке айналып жүректеріне дақ түспесін деген шығар. Ал елдегі бұл жағдайдан хабарыңыз болмай, өтірік десеңіз иманның ақ жемісін ғана жеп көріңіз сонда көреміз, ұйқыңыздың қалай болғанын. Негізінен қазақ елі және ата-бабаларымыз ертеден иманың жемісін жеген халықпыз. «Қызылды жесем, мені әйел сүйер, Арамдықта жүрмесем, не жан күйер? Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған тиер…» Егемендігіміздің қуанышы болар өзіміз рухани бодандықтан әзер деп көтерем болып шығысымен осы қызыл жемісті тойғаныша жеген еректеріміз, шөлді басу үшін түрлі ойынханалар салып, күлкінің, құмарлықтың, ғашықтықпен, асықтықтың ноқтасын шешіп, қатын қыздарымызды көшеге, мекемелерге де жалаңаш жіберіп еркіндіктің, гендірліктің жынды суын қанғанымызша ішіп, ендігі жағдайымыз; «Болған соң уәделі күн жауын жауды, Судан ішкен жынды боп, ақылы ауды. Күні-түрі шуласып, таласады, Ұмытты тамақ жеу мен және ұйқтауды…Бәрі де есі шығып, жынды болған, Бос шулап жүр кіші іні, үлкен аға…» Бұндай зұлымдыққа түскен аз ғана қазаққа жаратқанның үкімімен нәрлі су ақтың бастауы аруақтың батасы болып, талай жастарымыздың, адасқан қазағымыздың басын жазып,есін дұрыстай бастағаны сол еді өзге елдің жынды суын ішіп келген діншілеріміздің көмегімен, мастығынан айыға алмай жатқан көптің жетегіне түскен ел ағалары, енді өсіп жетіле алмай жатқан көк құрақты ойдан шығарған заңымен отап тынды. «Көптің бәрі осындай, мысал етсең, Көп айтты деп алданып, уағда күтсең. Ғапіл боп көп нәрседен бос қаласың, Аңдамай көп сөзімен жүріп кетсең.» Енді осы жоғарыдағы құлшылықтың үш талабының жемісін жеп біріміз ғалым, біріміз әкім, біріміз бай-мырза, ақылды аталып, халықты менің соңымнан ерсең қор болмайсың дегендей күнді көгілдір терезе мен баспасөздерден түспей жүрген, әнші, дінші, намазхан, жұлдыздарымыздан да кенде емеспіз. Сонда бұл ағайындарымызбен солардың сойылын соғып сөзін сөйлеуші діни сауатсыз, қара халық аталған біздерді қай топқа жатқызамыз?