Ата жолының басты парыздары мен бабалар аманаты.

Ата жолының басты парыздары мен бабалар аманаты. Біреуге келген нөсерлеп, Дүние, байлық-бекер, боқ! Нәпсіні тыйсаң «мекер» деп- Бірінші парыз өтелмек! Сипасаң басын жетімнің, Құрғатсаң жасын жесірдің! Көкірегін бассаң кесірдің- Екінші парыз өтелмек! Өтірік, өсек айтпасаң, Тәлім-сауап жаттасаң, Анаңның сүтін ақтасаң- Үшінші парыз өтелмек! Адам боп жүріп бағы асқан, Кембағал жанға қарассаң, Момынды жақтап жақ ашсаң-Төртінші парыз өтелмек! Бағыштап Құран өткенге, Көпір салсаң өткелге, Риза болса көп пенде-Бесінші парыз өтелмек! Алдым деп жанды сауғаға, Жүрсеңіз іштей тәубада, Сенде бір сопы-маулана, Алтыншы парыз өтелмек! «Көтерулі өкшеміз, Бақиға жақын кексеміз»,-деп ойлап құлдық етсеңіз-Жетінші парыз парыз өтелмек! Өткеннен алып өнеге, Жер кезіп, тау-тас аралап, Атаңнан мұра «ізді» ізде! Құрбан-деп малым, дүние, Табалсаң иман серікті, Иманың енді берікті! Кезекті парыз өтелмек! Ақ бата алып аруақтан, Уәдеңе опа етпесең, Амантты ақтасаң, надандықты жеңгенің! Тақуа болып мүләйім, Иманың болып уайым, Ақылмен, ғылым түсініп парқын, Сырлы сөз, үлгілі жауап, біліп нарқын, Салқындап жүрек, сарғайса санаң, Негізгі парыз өтелмек! Алла деп айт, пақырым! «Ата жол» жалғап көпірін, Сабырлықпен сарғайып, сағынып жеттің мұратқа! Тәубе де, баурым тәубе де! Алланың беген уәдесі, адамзатың ақ нұры, кездесерміз «шыр-ақта!» Ата жолының жалауы: «Сіздерде сопы боларсыз, Табатын жолды жанарсыз! Құдіретінен Құдайдың, Қалмаңыз достар хабарсыз- Сөзіме рух бер, Алла!» «Тарықанда тау-кие, Тұңғиықтан үн қатты; Кереметін әулие Мойындамау –биғат-ты! Пақыр жолы-қиналмақ, Құдіретке иланбақ. Лә-иллаһа иллалла! Лә-иллаһа иллалла! Нәпсі-оңай жау деме, Иман кәміл, тәубеде. Жаратушы жар болсын, Түсірместен әуреге! Біз Мұхаммед үмметі, Жол көрсетер сүннеті: Мұсылманның міндеті- Лә-иллаһа-иллалла! Лә- иллаһа иллалла Мұхамадур расулла!»

(Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы Бейбітшілік №6) 2010 маусым-2011 Сәуір айы.