Қиямет немесе адамзатқа ортақ азаптың белгілері.

Қиямет деп адамзаттың үйренген қалыптасқан жағдайын Алла үкімімен күрт өзгертуді, басқа бір тосын күтпеген жағдайға өтуді айтады. Өткен кітапта мезгілдік түрлер және сипат есебін келтіргенмін. Әл қиса пайғамбарымыздың кезінде бір кәпірлермен соғыс үстінде Әзіреті Әлі қалқанын түсіріп алып, көзіне түскен темір есікті жұлып алып қорғанған екен жауларынан. Содан соғыс жеңіспен біткеннен кейін, пайғамбарымыз орнына салып қоюды бұйырады сахабаларға. Әлгі есікті жеті, сегіз адам зорға көтеріп орнына қойған екен. Сонда пайғамбарымыз тұрып Әзіреті Әлиге «Рүстем Дастандай іс қылдың» деген екен. Ішінен өзіне-өзі риза болып мақтан кірген ол; «Оларда мен сияқты болған шығар» деп ойға кетіпті. Пайғамбарымыз ойын түсініп, бас шайқап кете беріпті. Әзіреті Әлі түнде түс көріп түсінде қызық бір іс көріпті. Ертесіне сол түсті жорытпақ болып пайғамбарымызға келіпті. Әңгімесін бастатпай-ақ, пайғамбарымыз былай депті; «Түс көрдің, ұзаққа сапар шегіп, түсіңде бір иттің ішінде күшіктері сыртқа шықпай жатып үріп жатыр екен соған таң қалдың. Болашақ менің үмбеттерімде жас балалары өмірді көріп білмей жатып, халыққа ақыл айтатын болады» деген екен. «Сонан кейін алдыңнан кесіп өтіп бара жатқан жыланға таяғыңды тосып едің, таяғыңа оралды, сөйлеп едің қолыңа оралды, айқайладың, мойныңа оралды, амал жоқтан жалындың, сонда ғана жөніне кетті» депті. «Ия солай болды» депті Әзіреті Әлі. «Ол сол заманның әйелдері сондай болады, еркектің жолын кесіп, сөйлесе қолынан қағар, ұрысса мойынға оралар тек жалынып теңдігін, еркіндігін беріп құтыларсың. Сонан кейін бір үйді көрдің, әсемдеп бірінің үстіне бірін қабаттап салыпты, бұл қандай әсем сарай деп ішіне кіріп, сасық иістен шыдамай, қашып шығып құлазыған тамды көрдің сонан шыққан жұпар иіске таң қалып амалсыздан дем алып тынығуға аялдадың» депті пайғамбарымыз. Солай болған – депті сахаба. «Сол менің үметтерімнің тұратын жайлары сондай болар, бірақ дүние соңында жолынан адасар, үйлерінде құран оқылып, Алланы еске алмай сасып ескіден әдетерінен жаңылысады, ал жұпар иіс тек ескі бейітте аталарында ғана қалар. Сонан кейін әсем бақшада сайрап тұрған бұлбұлға қызығып алдында тұрған асына нәжіске таң қалып; «Япырымау бұлбұл да боқ жейді екен-ау дедің». Сол заманның молдалары сөзі керемет, бірақ ісі қылығы мұсылманнан бөлек болар. Сонан кейін бір ақсақалды шалды көрдің, торсығы жерге түсіп кетіп, өңгеріп жіберуге өтініш айтты. Сен көмектеспек болып, үш рет ұмтылып көтермек болдың, бірақ көтере алмадың, ол шал саған миығынан күліп таяғының ұшымен сен көтере алмаған торсықты алдына өңгеріп жүріп кеткен жоқпа?» деп сұрапты пайғамбарымыз. «Ия сондай ұятқа қалдым» деген екен Әзіреті Әлі. «Ендеше сол Алланың атын аңызға айналдырып қалдырған Рүстем Дастанның өзі болар. Кешегі ойыңа Алладан келген жауап, қанша күшті үстем артық бола бер өз замандас қатарыңнан, бірақ бұрынғы өткен бабаларға бәрібір жете алмайсың» деп жауап беріпті пайғамбар. Енді ойланайық, иманды пенде барлық жақсылықты адамнан демей Алла тағаладан деп қабылдау шарт болса, болып жатқан жақсылықтарды теріске шығарып, діннен аталарымыз қателесіпті деп, өзімізді білімді керемет санап, өзге елдің амалына жүгіну надандыққа жатпайды ма екен?Әлде құран аяттарындағы жан есебінің құпия сырларын тылсымнан жалғасын көріп, білмегендіктен емеспе екен?

Қарасай ауданы Алғабас ауылы. ( Кітап болып басылған уақыты 2007 жыл сәуір айы. «Tandem-2» баспасынан басылды)