Психология-жан сыры рух қызметшісі.

«Сөнген ойды жандыруға жан беретін сөз керек. Жанды жоқты нандыруға Жан керек қой милырақ. Молдалардан дін сұрасаң, Сандырақтап сандалар. Пәншілермен бас құрасаң Жан, құдай жоқ, дер тұрақ.» (Шәкәрім сопы) Діннің пайғамбарлар, елшілер арқылы түсірілген нұсқаулар, хикметті істері терең сырлы ой толғаныстармен насихатталып кейіннен философия ғылымы болып арнаулы білімге айналып отыруы тарихи ақиқат. Енді философиялық жан беретін сөздерден нәр алып, хикметі істердің нақты бейнелеуін зертеген милы ғалымдар жан сыры деп психология білімін меңгергендер, өз еншісін алып белгілі бір білім саласы ретінде бөлініп шыққан. Жалпы дін философиясы енді «фиқһ», сұхбат, үгіт, насихат болып бірте-бірте тек діннің рәсімдік, тәрбилік, тазалық жағын ғана дәріптейтін «Фиқһ» деген атты еншілеп алып оны тағы мазһабтарға бөлшектеп түсіндіруді әдетке дәстүрге айналдырып алды. Ал діннің жан сырын ішкі құпия, өзгерістерімен түрленуін қалыптастыруды және тазартып кемелденуді қалыптастырған тура жолдың тарихат, мағрипат, ақиқат саласын қамтитын қағида негіздерден бастау алған тәжірибе, зертеулердің тұжырымдарын психология пәніне айналдырып арнаулы білім ретінде қарастыра бастадық. Бұл пәнің түп негізін діншілер «тасаввуф, мұтасауфтар» ғалымы немесе сопы ғалымдар деп аталуы әдетке айналды. Сонан барып Шәкәрім атамыздың ескерткеніндей молда, имамдар философия мен, психологияға мән бермей, ал пәнші ғалымдар мүлде құдайды жоққа санап, білімдерін адам ойлап тапқандай ақыл-ойдың тұтастығын, тұрақтауын бөлшектеуге ғана үлес қосты. «Өлмей жетер бірталай жасқа адам, Бірақ адам өз жанын танымайды…Жаным жоқ деп болады масқара адам. Жалам емес, жазыпты пән деп мұны, Не демес ойы жетпей сасқан адам. Жанның бастан барын байқамапты, Психолг ғылымын ашқан адам. Жан жолдан қосылды деп, пән де дін де, Ақылды байлап қойған соған мүлде.» деп Шәкәрім атамыз қазіргі біздің пайдаланып жүрген психология ғылымының және мазхабшыл дініміздің ең басты қателігі мен адасуының қайда жатқанын көрсетіп кетіпті. Енді сөзіміз дәлелді болуы үшін және қазақ аталарымыздың әлемдегі жан сырының құпиясын меңгергендігін көрсету үшін және жоғарыдағы басылым басында ескерткен ата жолын қудалап, сотауға мәжбүрлегендердің қайдан және қандай психологиялық білімен қаруланғанын көрсету мақсатында сол заңгерлерді дайындауға арналған оқу орындарының «Жалпы психология» оқулығын ғана алып салыстырып көрсек жеткілікті болар. Оқырманның күмәнін туғызбас үшін Қазақтың «Дарын» ғылыми кеңесінің шешімімен шыққан басылым иесі ғалаым Сәбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев) болса оған пікір жазып қолдаушылар доктор, професорлар К.Б. Жарықбаев, Ж.І. Намазбаева. Жалпы оқулықтың қазақ тілі мен философиялық ойшылдығына келсек жоғарғы философ ағайындармен қойлары қоралас, сөздеріде араласып қатынаста жүргендігі көрінеді. Енді аудармашылықтары дін тәпсіршілерімен ағайындас болып қазақтың жан сырына сөзіне жан беруге құлшыныстары мүлде «өлген». Мысалға; «Ес процестері (көрністері, бейнеленуі, шартары т.б), идинтификация, рефлексия, экзистенциализм, психо сексуалдық энергиясы, профронталь бөлігі, апраксия жағдайында, адам абулия ауруына, акумулятор сипатары, ретукулярлы формация қамтамасыз, нақты оперетивтік, бақылау локусы, интектуалистік теория, тұжырымдары эклективті, сана үйлесімсіздігі теориясы, сезімнің комунативтік қызметі, ретукулярлы формациялар, идиосинкразия сырқатының, стеникалық және астеникалық эмоциялар, амбивалентті құбылыс, психологияда фрустрация, эмпатия жағдайында, лентосоматик, мотивтік сезім, жеке адам мотивтері, абырой қажеттілігі, мүделі мақсат, ішкі бақылаулы, ырықсыз жүрек, жетекші ниеттер, икемдесу қызметін, темперамент жөнінде…» т.б толып жатқан ана тіліне жан ашитын оқушының жай күйін бір жабайы адамдардың арасында тіршілік етіп жатқан сезімдерге бөлеп, ғалымдықтарына таңдай қағып таң қалғаннан басқа түк түсінбейсіз. Бірақ негізінен әрбір аурудың себебін табу үшін шыдымдылық керек сондықтан қолдан келгенше түрлі-түсті бояулармен сызып, белгілеп шамам жеткенінше жеткізе айта алмаған ойларын қазақшалап, қойшы әйтеуір қайта-қайта құран ғылымы, пайғамбарымыздың өсиеттері мен інжіл аяттарымен қайта-қайта салыстырып, жылына сан рет қайталап оқып отырумен екі-үш жылда көптеген мағлұматтар мен негізгі қателіктерін жан сырының аталарымыздың айтқан нақылдармен, өсиеттерімен және Абай- Шәкәрім аталарымыздың психологиялық тұжырымдарымен көптеген пікірлері мүлде жақындамай керісінше кейде шатастыруға апарып соқтыратынын білдім. Жан, рух тән арасындағы ара қатынастардың ерекшеліктері мен адам «физологиясының» адам санасының қалыптасуына және оған сыртқы әсердің толық ықпалы бар екенін көрсете алмаған. Ата-баба рухымен адамзат нәсілдік сипатарының өз ара байланысы және шежірелік «ДНК», нәсілдік «РНК» байланыстары болатынын мүлде ескермеген. Мысалға; «Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы (нанымның ұясы???) бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзі де адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамнаң түс көретінін сезіп, білген. Осыған орай адам ұстамға келетін тәннен және көрінбейтін жанан бір-бірінен бөлінбейтін дербес екі бөліктен тұрады деген сезім туындатады..жан оның тәнінде жасап, өлгенен соң тәннен шығып кетеді-мыс. Бірақ мұның бәрі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дәлелсіз. Оларды біз (ғалымдар, психолгтар) күнделікті тұрмыстық тәжірибемізден ғана үйренбестен, көркем әдебиетен, халық ауыз әдебиетінен үйреніп, ертектерден, мақал-мәтелдерден үйреніп, түсініп келдік..»(5-бет) деп бүкіл діннің ата-бабаларымыздың мұраларын, тәжірибесін жоққа шығарумен қоймай жалпы дінге, Ясауи, әл-Фараби, Абай, Шәкәрім еңбектеріне де ашық қарсылығын білдірген тұжырымдарды көп кездестіресіз. «Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда-жан туралы ғылым, кейінен жансыз ғылым, ақырында санасыз ғылымға айналды…» (9-бет) деп жалпы зертеген, айтқан тұжырым пікірлерінің өлшемін, орнын қалай пайда болып, немен әрекетесуін, сыртқы әсерлердің реттілігі мен басты себептерін білмейтіндіктерін де мойындайды. Ең басты қателік сана қай жерде, қалай қалыптастыруға болады немен өлшенеді және сезімнің мекенін, сан мен сапасын және түйсікпен қатынас ара жігін ажыратпай екеуін де бір топқа жатқызып қарастырған. Ал сөздердің қалай қанша белгілерден пайда болуымен естің алуан түрлі сапасының, адам физологиясы мен ақылының хайуаннан қандай ерекшелігі болып, ал есте сақтау қабілетінің күрделігімен айқындалатынын, оны тек адамның ғана жан сырын бақылау арқылы ғана анықтауға болатынын білмейді де екен. Соған байланысты итпен, адамды біртекке жатқызып сана мида қалыптасады деп жаңылыс пікірлер айтқан. Адам «физологиясының» және жан сырының табиғат ортамен, аталарымыз ескерткен 40-әулие, шілтенмен, тау-тас, жермен, сумен қатысының маңыздылығын мүлде теріске шығарған психология пәнішілерінің басты қателігі. Дәлел; «… жануарлар қылық әрекеттерінің ерекше бітістерін дәл түсіну мүмкін емес..Сонымен бірге естен шығармайтын жәйт, психология ғылымының пәндік негізін құрайтын деректермен еш уақытта биологиялық деректермен баламастыруға болмайды...» (15-бет) Адам балсының осы хайуанмен де, жаратылыс нәрселерімен де биологиялық ұқсастығын тек естілікпен, ар-ұят заңдылығы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрмен ғана қорғанып, болмаса қайта сол түп негізге қайта оралатынын тозақ деп атайтын заңы бар екенін киелі кітаптармен келіспейтінін дінге, рухани жетілу себептеріне мүлде қайшы пікірлер келтірген. Сананың еске немесе, ақылға және зейіннің оған қатыстылығының өлшемін былай қойғанда зерде туралы мүлде пікір дәлел жоқ. Сондықтан сөзді үш немесе екі белгіден пайда болады деп жан сырын мүлде қайшы пікірлер айтып дәлелдеуге тырысқан. Оның қарапайым үлгілері сөздің алты белгіден тұрақтайтынын, және сананың сызықтық бейнелеріне дейін Өтеубойдақ атамыз 15-ғасырда–ақ көрсетіп кеткен. Құранда негізінен 4 және 6-санымен көрсеткен. Бірақ бұл психология ғылымын мүлде жоққа шығырудан аулақпыз, керісінше бүкіл діншілермен, жазушы, әкім қаралардың «аруақ жоқ, сөйлеуі, тірі болуы, адаммен қатынасы мүмкін емес»- деп айыптаған «шерік» т.б көрінбейтін тылсым нәрселерінің, періштелердің қызметінің бар екенін нақты көрсете білген ғылыми негіздеген де өкінішке орай қазақша мағынасын білмегендіктен білімді, зайырлы, парасатты аталған оқымыстылармыз болашақ ұрпақ алдында бедел жинау орнына, барды бағалай білмей, өздерін зұлымдыққа салған үлкен ұятқа қалатындай жағдай туындаған. Тек алда оны жоғарыдағыдай сансыз, сапасыз сөздерге айналдырып тұраған керемет маңызды атауларды қазақшалап қайта жүйелеп жан сырының ғылымын аталарымыз қалай түсіндіргенін, айырмашылықтарымен діндегі жетістіктерін арнаулы мысалдармен тоқталамыз. Бұндай шала піспеген рухани азықпен нәр алып жетілген заңгерлеріміз, ел басшы, сөз басшыларымыздың жағдайының мұндай өз тіліне, рухани қазынасына, әдет-ғұрпына қарапайым халықпен ойларының ниетерінің қабыспауына бірден бір себебі де өзге елге еліктеген осы білім министірлігінің мамандарының сансыз білімнің, сапасыз сөз ғылымының ана тіліне мән бермеген философиялық, психологиялық рухани мешеулігінен ғана туындайды. Ал әзірше бұл талқылаған философиялық, психологиялық оқулық кітаптардың құрастырушылары бірі Ахмет Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» медалімен марапатталған болса бірі өздерін «Дарын» деп атапты. Сондықтан негізінен бір ой ғылымның саңлақтары болғандықтан, ойшыл атамыздың өз сөзімен бағалатып көрейік; «Сасық ми, салқын жүрек санасыздар Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр.» деп «Жалаң аяқ жалаң бас, жөндеріміз қиюсыз, етектеріміз жиюсыз ашылып, шашылып жатқан қамсыз халықпыз» деп ескерткеніндей, қазіргі таңдағы етегін өзі әзер жапқан әйелге «к..тін» ашқан әйелді мәдениет ошақтарының төріне шығарып, қызмет беріп, ақыл айтырып қойған ел ағаларында қандай діні, зайыр-парасаты, ұлтық намысы, ел алдына арсыз көрнісімен ақыл айтырып қойған қатындарының қанында қандай ұят, ардың ділі болып, сөздерінде жан сырының, жанды сөздің пәтуасы болмақ? Сөз түзелмей елдің түзелмейтінін ескертіп; «Бұзықтық бай жарлыға бірдей нәрсе, Пиғылды түзетпейді дәулетпен бақ.» «Ұлтың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл» «Сөзі жоғалған жұртың өзі де жоғалады.» «Өзіндік даралығы жоқ, қуыс кеуде адамдар қандай болса, ұлттық белгісі, бет бейнесі жоқ халық та сондай.» «Сөздің шырайлы ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек; ұнамды, орынды, дәмелі болуына сыншылық керек, маңызды болуына білім керек.» Жалпы толып кеткен дінші атанған жалаңбас қажыларға Шәкәрім атамыздың қытай патшасының, ми ашымас үшін жасаған «Қол шатыр бұйрығын» түсініп оқып көрсе және қазақтың зиратшы қауымды қудалап, дәстүрлі дінге қарсы тұрушыларға; «Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адассаңдар, арттарыңнан алаш адасады: артарыңнан ергендердің обал-сауабына сендер қаласыңдар.» «Қазақтың бас (бөрік киген төрелері,қажылары, ғалымдары, ойшылдары) адамдары! Әуелі сендер адаспаңдар: адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер!» (Ахмет Байтұрсын ұлы) Абай атамызда әрбір жаратылыстың реттілігін сақтап, қызмет міндетін білуді «иман тағаты» яғни ғибадат, дін рәсімі мен шариғат ережесі деп ескертіпті. «Бас жоғары жаралған, мойын төмен, Қарашы дене біткен ретіменен. Істің басы-ретін танымақтық, Иман білмес тағатты қабыл демен.» Ал қазақ елінің басы- үкімет, саясатшы, ойшылдар болса; мойны- баспасөз, дін муфтияты, ояздармен, әкім қаралар болып; денесі- халық болып есептеледі. Енді дененің сұраған қажетін ақылмен өлшеп тауып беретін, мақұлдатып орындататын несібесін ерекше жаратқан мемлекетіміздің басқару орындарында иман жоқ болса, тағатын, ғибадатын денеден талап еткенен артық надандық жоқ. Қарпайым мысалмен қортындылай кетсек; Иманның белгісі құдайдан қорқып, өлімді үнемі естен шығармай, жанның жаратушыдан келіп, қандай жағдайда, қашан алса да еркі бар екенін мойындап, соған байланысты көрсеткен, үйреткен тағаттарды, ғибадаттарды әлі, шамасы жеткенше орындауға тырысудан пайда болады. Сонда бүкіл елдің ойының бұзылып, өлімді ұмыта бастаған кезінде жаратушыдан үнемі түрлі сынақ, ауру ескертулер келіп, елдің есіне өлімнің хақ, егесінің тәңір екенін ескертіп отырады. Сондай ескертуді кейде сүйген құлдарына көрсетіп амалын жасауды ескертеді. Ал біздің үкімет басшыларымыз кейде сондай ескерулерді айтқан, жазғандарды керісінше халықты өліммен қорқытуға болмайды деп заңмен қудалап, керісінше қорықпаңдар біз сондай апат болғанда не істеу керек екенін көрсетеміз деп өздерін құдаймен шартқа отырып келісіп алғандай, түрлі жаттығулар жасап, халықты өлімді еске алмауға, апатардан құдайдың ескертуінен қорықпай тыныш ұйықтап, халықтың жинаған жын-шайтандарын өлімен қорқытып қашыруға емес, қайта жүктеліп міңгізіп алуға шақырады. Ал Құдайдан шын пәрмен болса өздері де біреуге жәрдем бермек түгіл, өздерінің де жапондықтар сияқты құралдармен бірге қырылып, өліп қалатынын немесе өздері де керісінше құдайдың және халықтың жәрдеміне мұқтаж болып қалатынын қаперіне де алмайды. Ал діншілеріміз өлімді еске алуды ұсынғанмен, адам жанын алуды орындаушы Алланың достары әмбилер емес жын-шайтан алатындай уағыздармен, олармен күресу, қулық амалдарын үйрету орнына жынмен, шайтанмен, шеріктермен қорқытып; «шерік, серік» қосылып кетеді деп, керісінше халықтың қанымен келген иман тағатын-ғұрпын жойуға, үкімет басшыларымен бірлесіп, шайтанға жәрдемге тұрып; ауырсаң қорықпа дәрігер жаныңды аман алып қалады, апат келсе үкімет қорғайды, қарның ашса, қиындыққа, зұлымдыққа түссең ел басыдан бастап саған ақша төлеп жәрдем беруге асырауға, міндетті, болмаса көшеге шығып жиналып алып басшыларды қарғап-сілеп талап ет! Әлемге жар сал, арыз жаз, ел намысын емес өлсеңде дүние қайғысын ойлап, халықты дүрліктір азғыр-азғыр, арыңды сат, тіліңді, діліңді сат бірақ дүниеден кем болма! Құдайыңды, мұсылмандық қараздарыңды, дініңнің рухыңның талабын ұмыт! Осындай заманның келетінін болжаған Абай атамыз; «Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен… Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке. Болымсыз қулық тойымсыз Болады балаң жергөкте. Ішімен жау болып, сыртымен Кім тояр қылған құрметке?.. Қызық пенен тыныштыққа Қазақ тұрмас тұрықтап. Қаңқылдап біреу ән салса, Біріне-бірі жуықтап, Тебінісіп қамалар, Тоқтатып болмас сырықтап. Түзу бол деген кісіге түзу келмес ырықтап. Сырдаң қағып, қашады, Ұстайсың қайтып құрықтап?» Міне осындай үкіметіміздің ойшылдық «зайырлы» дінінің арқасында өлімді ұмытқан үлкендердің ішіне шайтандары той тойлап, өмірмен өлімнің ара қатынасының жан сырының не екенін ата-анасының жөргектен алмаған тәрбиесімен де, білім ордаларымен де үйретпеген жастарымыздың үстеріне ата-анасынан келген жын-шайтандары мініп, ішімен жау болған сезімдерін меңгеріп, қаңқылдап ән салғанын «жұлдыз»-әулие санап, білгенін істетіп жатқанына «жалаң бас» басшыларымыздың шатыры кетіп ми ашығаннан, сары су басып; ойы, тілі, сөздері еншілері бөлініп, басқа ақыл болып, ене алмай, ғылым-біліммен жинаған бар ақылын іліммен тазартпағасын иістеніп, сондықтан дүние жинаудан әзірге қолдары да ойлары да босамайтын түрлері бар. Оған енді дененің өзі, өзіміздің жеке несібеміз жұмыр басымызды жауып, тазартып басымызды ақыл-ойымызды іске қосу үшін, дінді меңгеріп, кісімізді жер кезіп іздеп, тау тасымызды «ойпатымызды» аралап, қам қылмасақ болмайды. Болмаса; «Өкініштің үлкені-ойы тарлық, Ондайда ақыл болмас жұбанарлық…Байқалар-көрнеу таса, жоқ пен барлық. Азат ақыл ойланбай мида жатса, Шіріп, тозып тартқызар ол бір зарлық.» (Шәкәрім ата).