Жаратылыс негізі-түр, рең, бояу.

«Жаралыс басы қозғалыс қозғалысқа керек қол қабыс» (Шәкәрім ата) «Әуелі баста Сөз болатын. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.» (Інжіл Жоханнан 1-1..5) Ғылымда немесе барлық киелі кітаптарда болсын жаратылыс негізі біздің ақылымызға симайтын жоқтан бірақ негігі бар бір тұңғиықтан пайда болдыда сол алғашқы көрністі жаратылыс негізі деп қарастырамыз. Бастапқы жаратылыс негізі сөз болған. Сөз қандай сипатта болды оны білмейміз. Дін ғұламалары бәрі нұрдан пайда болды деп түсіндіреді. Меніңше жаңылыс пікір. Егер бәрі нұрдан пайда болса онда жаманшылықта сол нұрдан пайда болса, онда сол жаманшылық қаралықа қалай қарсы тұруға болады. Осы жерде; «бастапқы сөз екі сәуле болып оның асты үсті және салқын, ыстығы бар болатын» деген Әл-Фараби атамыздың сәуегейлік пайымдауы дұрысқа жатады. Жаратушы иеміз сөздің нұрын яғни бастапқы ақыл нұрды қоршап, шарға айналдырып жарықты нұрды бөліп жанат атты мекен орын яғни жер жаратты да сол нұрдың ішінде періштелерді жаратты. Бастапқы екі сәуленің және төрт сипаттағы кеңістіктегі орындары үнге айналдырды. Енді сол мекенді кеңістікті тағы қоршап, баурап 18 мың ғаламның негізі пайда болды. Сөздің негізі баста қандай болды? Ғылымға жүгінсек әрбір жаратылған нәрсенің негізі түті , реңі бояуы яғни жарықтық өлшемі болу керек. Олай болса барлық реңнің түп негізі 3 реңнен, түрден басталады. Бастапқы сөз үштүрлі періштелік сипатта болды.; қызыл, жасыл, көк. Осы үш түрге бастапқы қозғалыс сипатарын қарама-қарсылық берген (асты,үсті)кезде тағы 6-түрлі рең пайда болады. Егерде 1-бір деп таңбаласақ бастапқы негізгі сөзді яғни үш түрді белгілейміз. Ал «Фатиха» деп 6-үнді таңбаласақ онда осы 18 мың ғаламдағы бастапқы сөз анасын 6-түрді айтамыз. Осы алты түрдің өз ара әрекеттерінен ғана қалған екі түр ақ пен қара пайда болады. Құранның да сандық жүйелері осы түрлену сипаттарын белгілейді. Сөз періште, ал періштелер үнемі осы сөзді қозғалысқа түсіріп бір-бірімен ұдайы араластырып тұрушы. Енді бояу құйылған қазанға негізгі үш түрге сыртан аздап басқа түрлерден тамшылатып тұрып үнемі тоқтаусыз араластырып тұрса және өзімізге қажетті бояу реңін алғанша әр түстен белгілі мөлшерде қосып отыру керек. Ал алдын- ала қажетті реңді қалыптастыру үшін қай түстен қанша қосу керек екендігі өлшемі өте дәлдікпен белгілену керек болмаса бүкіл еңбек зая кетеді. Жаратушымыз 18 мың ғаламды осындай алты шар қазанда сондай дәлдікпен өз реңінде түсінде жаратып және негізгі орын жетінші жерді бастапқы және қалғандарын үнемі түрерлендіріп жаратушы негізгі нұр сөз ақыл орны етіп белгілеген. Осы жаратылыс негіздеріне байланысты аталарымыз; «Айла алтыда, ақыл жетіде» деп ескерткен. Барлық қозғалыс осы алғашқы және екінші жаратылыс негіздерінің себебімен яғни араласу айласымен атқарылып жетінші ақ пен қараның яғни ақылдың пайда болуын айтамыз. Сондықтан «Фатиха» сүресі алты үнмен таңбаланып жеті аяттан тұрады. Бірақ жетінші аяттың мағынасы екі; «Нығметке бөленгендердің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!» деп екі түрлі амалды екі түсті ескертеді. Енді барлық сандардың нәтижесі 8 болса ал бір аятың іші екі болып 9 саны бірақ бір сан екі жарты бір бүтінді құрайды. Тәубе сүресінің «бісмілласыз» басталып бүкіл сүрелердің ішкі мәнін ескертеді. Осы сөздердің түрлену дәрежесімен салыстыра отыра біз періштелер ұғымын жүйесін қарапайымдап түсіндіруге мүмкіндік аламыз. Бүкіл әлемдік сипатта енді 6-түрлі ірі планеталар осы 6 реңді қалыптастырушы бір тұтастықта «Фатиха» деп түсінуге болады да жеті аятымыз жеті жолды белгілейді. Енді сол жолдардың белгісі кемпірқосақта тұр. Орыс тілінде «Радуга»-6 таңба негізгі түрлерді белгілесе қазақ тілінде соңғы түрлердің нәтижесін көрсетеді. «Рад»-қуаныш, «Уга»-үн,күй яғни қуаныш үні, немесе бақыт күйі адам баласының. Үш негізгі басқарушы түрді бір-бірімен тең дәрежеде қосу арқылы тағы үш реңді қалыптастырсақ, осы екінші дәрежедегі түрлер, бояуларды тағы бастапқы негізгі түрге тең дәрежеде араластырсақ ақ түсті аламыз. Және тағы қосымша үш түрлі рең пайда болады. Оны үшінші дәрежелі рең беруші бояу түрлерге жатқызып тағы бастапқы негізбен араластыру арқылы қара түсті алуға болады. Сонда барлығы 11 түрлі бояу рең пайда болады. Ал кемпрқосақтың реңдік сипаты бес жұп он түр бояу сөздің немесе ақылдың нәтижесін береді. Енді әрбір түрлі түсті бейнелердің көрніс беруі мейлі көгілдір терезедегі, мейлі әр түрлі жарнамаларда болсын тек төрт түрлі түстерден пайда болу керек; қоңыр, көк, сары және қара. Адамзат баласының бейнеленуі осы төрт негізден ғана басталады. Осы төрт реңді яғни түрлер жиынтығын тағдырды бейнелеуші сөз-мөр деп түсінсек бастапқы жеті жолмен барлығы 21 санымен адамзаттың сөз ақыл бастауы мөрі 21 санымен белгіленеді. Адам баласының сөз есебі Құранда 21-ші Әнбия сүресімен белгіленген. Бұл сүре жеті мөрдің сипатын түсіндіреді. Жеті мөр жеті жерден хабар береді. Ал бастапқы үш түрді сөз бастауын соңғы он нәтижемен дәрежелесек 30-параны яғни рухтың негізгі бастауы періштелер санын көреміз. Сонымен алғашқы сөз періштелері пара қуат балып жаратылды. Бірақ олар жансыз еді. Себебі тек сыртан келетін бұйрықтарды орындап қайталайтын ғана еді. Сондықтанда ол періштелерге жаратылыс нәрселері болып, тек белгіленген орында ғана сөз қозғалысын түрленуін қалыптастыруға бұйырылды. Алда бұл жаратылыс негізін әрі қарай жалғастыра берерміз енді бастапқы негізге ақ бастауға қайта оралайық. Періштелер сөз еді. Ал сөзге қуат, ыстық, суық және қозғалыш күш беріп 18 мың ғаламды түрелдіру үшін енді жаратушымыз періштелерді бірлендіріп тілді беріп үнді дыбысқа, дауысқа айналдырып өзінің орынбасарын, киелі рухын жаратып құдайлық сипат беруді ұйғарды. Бүкіл жаратылған сөз періштелерінің тағдырын және ақылды нұрын яғни жаратылыс негіздерінің шежіресін қиямет қайымға дейін белгілеп толықтастырып болғаннан кейін, өзін-өзі басқарып кеңістіктен өз қажетінше сол шежіреден өз несібесін өлшеп алып, әлем түрленуін өсіп-өнуін қалыптастыратын, өзін орынбасар күрделі басқарушы қанаты періштені жаратуды ұйғарды. Ол, періште негізінен жеті қанаттан тұрып, барлық жаратылыс періштелерімен жан егелеріне патшалық жүргізу керек болды. Әрбір қанаты бір жермен, көкпен байланыста болып, сондықтан жеті жер жеті көк болып 18 мың ғалам сол періштенің құзырында, иелігінде болмақ. Төр қанаты төрт негізгі періште болса, үшеуі кім? Құранда сондықтан; Алланың өзіне немесе маған құлшылық жасаңдар- деп бұйырды. Ол Алла, барлық жаратылыс егелерінің себебі, қасиеті, Алланың қадірі! Ал жаратылыс сипатарының киесін білу үшін бастапқы негізгі қозғалыс басымен қолғабыс негіздерінің мәндерін, өлшемдерін жетік білген жөн. Қозғалысқа қолғабыс топен судың әрекетінен пайда болатын, ыстық, суық, иіс, жел әрбірі жеті түрлі өзгеріс сипатын алып 28 саны негізгі басқару белгісі сөздің ортасы болып табылады. Ақ пен қараның кезкек-кезкек алмасуынан негізгі жарықтың күндіздің саны 8 болып шектік санды берсе, ал қара жетінің ішінде болып, түн жеті. Әрбір қозғалыс ішкі сырында үш рет түрленуден және 3 сатыдан ғана аққа айналып 9 санымен кісілік бейнеге түрленуден өтеді. Олай болса 8 жарықтың 9 рет түрленуі 72 болып негізгі қозғалыс санын әлемдегі қылықтар және мінез ерекшелігін береді. Дін қозғалысының 72 топқа бөлінуі осыдан шығады. Дінді меңгеру жетілдіру барысында адам баласы осы 72 түрлі қозғалыс тегін бойға сіңіру керек. Бұрынғы замандарда ол табиғат тылсым күштерін меңгеру арқылы яғни бақсылық амалдармен, ерекше хикметтермен адам баласының бойында көрнісін берді. Ал қазіргі таңда оны білімге бағындыру арқылы жоғарғы санаға, ақыл-ойға сөзге және іске айналдыру керек. Бұрынғы замандағы намаздармен қазіргі таңдағы намаздардың айырмашылығы осында.