Шайтанның саудасы.

Көп дін танушы ағайындар баспасөз, көгілдір терезе беттерінде қазақта дінді танынтатын басылым, шығармалар аз деп шағым да айтып сондықтан ислам туралы насихаттарды өзге елден көшірумен ғана айналысады. Ал шындығына келгенде жалпы дінді тек Аллаға құлшылық-деп, құлшылықты намаз оқу деген надандықтан осындай пікір қалыптасқан. Қазақтың бұрынғы өткен қай ақынын, жыршысын немесе жазушыларын, би, хандарының өсиет, өнегелерін, насихаттарын, астарлы сөздерін түсіне білген оқушыға дін туралы яғни ар-ұят, ұждан, әдептен шариғат, киелі кітаптардан ғибрат айтпағаны жоқ десек өтірікші болмаймыз. Енді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақтың шариғатының ертеден қалыптасқанынан ғибратнама жазып кетіпті. «Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай, Шақылдап көзге түстім сауысқандай. Түлкінің қызылдығы өзіне сор, Болғандай, болдың маған өнер-білім!.. Бір нақыл, жұрқа таңсық, жәдігер сөз, Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан;.. Базарға жұрт жиналған келе жатқан, Лағына (шайтан) жол үстінде ұшырапты кез..Ол малғұн келеді екен жолмен айдап, Он қашыр, бес есекке жүгін артып. –Жаныңа шын сөйлесең пайда,-дейді. Дінің қатты, құр тілің майда,-дейді. Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып; «Барасың,-Лағынға айтты,-қайда?»-дейді. –*Сен шықтың тура жолдан асып,-дейді. Біздерге жол қисығы нәсіп,-дейді. «Жалпақ жұрт бара жатқан ду базарға, Барамын мен де қыла кәсіп»,-дейді. -Топыраққа бас ұрмаймын деп қылап ар, Бұрынғы дәуреніңе (періштелік) сен болдың зар. Басқа жұрт тері-терсек, жүн сатады, Сататтын, малғұн, сенің, не пұлың бар? –*Жүгім бар көрмеймісің он бес көлік, Келемін айуанға артып екі түлік. Жұртта тыныштық, бүтінін ойламаймын, Саламын көп бас қосқан жерге бүлік. –Қашырды есекпенен танып тұрмын, Өтірікті шындай қылдың, нанып тұрмын. Біле алмай артқан жүгін не екенін, Тамаша айран-асыр қалып тұрмын. -*Артқаным бір есекке ылғи жалған, Жалғанда өтірік жоқ мұнан қалған. Нанбасаң еріп бірге көр көзіңмен, Базарға қызығымды қалай салған. Күншілдік-бір есекке тиеп артқан, Жібек, кендір арқанмен буып тартқан. Базарға бұрын көп барғанмын. Жерім жоқ бұл саудамнан залал тартқан. Артқаным бір есекке өңкей зорлық, Есепсіз мал табамын қылмай ұрлық. Мен алмай, оның малын кім алады, Иттер бар көріп жүрген малдан қорлық. Пайдасыз бос орынға жүрмейміз тек, Көрінген бір жерім жоқ ешкімге тек. Мастанып артқандықтан-тәккәпарлық, Жүре алмай бара жатыр мынау есек. Естумен тақсыр Ғайса таң қалады, Көзбен көріп, көңілмен аңғарады; -Киер киім, ішер ас, тамақ емес. Керек қып бұларыңды кім алады? -*Базарға айдап барып салам қатар, Алдымен жетіп келер алып сатар. Түк қоймай өтірігімді талап алып, Ол да алдар көрінгенді, дәмін татар. Көтерме өтірікпен менен алған, Олар да бар әлінше сөйлер жалған. Кім болса бұл заманда сол әкетер, қор болып қашан өтірік жерде қалған. Білмейді ешкім менің улығымды, Майлықпен көріп бірдей сулығымды, Қатынның ең жаман, ит ап кетер, Талау мен мікір-хайла, (қулық-айла, ит мінездік) қылығымды. Закон (ата заң) жоқ жерде мұны қалдыруға, Бұларға өзім ерікті алдыруға. Білмеймін дәнемені жаман ұстар, Мікірмен (ұятсыздық) алдар бойын нандыруға. Базарға алып барса не қалады, Қараумен әр нәрсеге көз талады. Білетін күншілдіктің қадір құнын, Оқыған көп оқуды молда алады. Шаршарсың базар барсаң, басың қатып, Сөйлеп тұр өз білгенін әркім шатып. Жұрт билейтін ұлықтар таласумен (партия құрып), Алады зорлығымды пұлға сатып. Неге болыс болады малын шашып, Қашан болып шықанша жанталасып? Текке тиын біреуге кім береді, Зорлықпен алдамаса үкімі асып. Қарсы келсе бетіне басын шайнар, Құнсыз, бұлсыз кедейдің соры қайнар. Өзі апарып ұлыққа тығар малын, Ішпес, жемес, шық бермес Шығайбайлар. Біреу ұн, біреу пұттап май алады, Біреу қой, біреу тайынша, тай алады. Тәкәпарлық, жүгімді қалтасы мол, Жетілген надандыққа бай алады. Томпайтып қалтасына жүрген сыймай, Беруге ешбір жанға көзі қимай, Алған соң тәккапарлық сатып менен, Дүрдиер өз үйіне өзі сыймай. Бай біткен болғандықтан қара бауыр, Арқасы ер салмастан болар жауыр. Не айтып, не қойғанын білмес өзі, Тырнадай өзіне-өзі болып ауыр. Сиырдай қатып жүрер дәл болған құрт, Көмейде жоқ, бос сөзбен толтырып ұрт. Желбірер ентігумен екі танау, Семіз деп құр көрумен айтсын деп жұрт. Жүргенін білмес өзі батпақ саздап, Үлкендік айтып қояр аздап-аздап, Арлан тазы бұтындай бұлтиюмен, Едірейіп екі көз шыға жаздап. Ғайса айтты: -тоқта, малғұн, болды,-деді, Айтқан сөзің құлаққа қонды, -деді.-Апарып оны қайда өткізесің, Он қашыр тиеп артқан пұлды?-деді. Бұл күнде тіліңді алған жас пен кәрі, Азған жұртқа тура сен ем, дәрі. Жүгің не он қашырға артып алған, Немен толып жатқан соның бәрі. -*Ол бір жүк шиыр емес, соны-деді, Бұлардан он есе артық құны,-деді. Бұл жерде алушы жоқ шаршамаймын, Өткізіп қайтқанда айтам оны,-деді. Мұнымен шайтан-дағы базар барды, Он бес көлік жүкпенен топты жарды. Лезде апа-сапа қылды бәрін, Ұйқы-тұйқы көбейтіп дауды- шарды. Алдынан алушылар даяр жетті, Қолдан-қолға түсірмей талап кетті. Қайтқанда тағы ұшырады рухоллаға, Мән жайын саудасының баян етті. -*Бес есек өзді-өзінің орнына өтті, Жүк еді он қашырда бір ретті, Артқаным бәріне де тамин (дәме, тілемсектік) еді, Біреуін тілеушілер (намазхандар) талап кетті. Иіне ала қоржын салған алды, Қайыр сұрап жұрт тынышын алған алды. Пірге қол берген сопы, бірәдарлар, Жұртан пұл жинап, қажыға барған алды. Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті, Тоғызы өтпей біраз тентіретті. Қожа, молда, ишандар елді жеген, Дағдарып тұрған шақта солар жетті. Ақсақал, қажы, қожа саттым шалға, Бейнетпен мал таппаған жүріп жалға. Қожа, молда көтеріп алды бәрін, Еңбексіз тапқұан жұртан тегін малға. «Біз үйде қалай шыдап жатамыз,-деп, Мұны алсақ, қарық олжаға батамыз,-деп, Шайтаннан көтерме алған бұл тамтиғы (дәмесі) Қыдырып үйден-үйге сатамыз»,-деп. Бұл пұлмен бірі мешіт салмақ болды, Бірі мүлгіп ишан боп қалмақ болды. Біреуде шай, біреуде ет қайнаттырып, Жұртан пайда шығарып алмақ болды. Олардың және айтайын қылған ісін, Бұлдайды кейбіреуі көн терісін. Бас-басына бір мисуақ омырауында, Егер өткір қылуға тамиғ (дәме) тісін. Басына дағарадай сәлде салды, Жұрт қоршап, «ой, тақсыр» деп ортаға алды. Түлкінің құйрығындай бұлғаңдатып, Құйрығымен сәлденің тапты малды. Тәпсіні жыбыр-жыбыр серпіп тастап, Надандық қисық-қыңыр жолға бастап, Онысы-жерге шашқан бидай, тары, Торғайды келу үшін торғай бастап. Бұлардың қылған ісін қылмайды ұры, Құйылған кеудесіне шайтан қоры. Мол қылып жайнамазда жайып салып, Алғуам, кәл һауымға (көршілікке, шәкіртікке) жайған торы… Тамиғтың (дәменің) тырнауышы болсын деп сол, Қажы барып алып келген сақал тарақ. Қапшығын қайыршылық тоқып алған, Өнер жоқ (мақтан, дәреже) бұлар білмей қапы қалған. Жұртан зекет алуды дұрыстауға, (заңгер, қаржыгер) Байлар бала оқытты жиып жалған… Жүзі қараның айттам деп арсыздығын, Қылмайын ақ қағаздың жүзін қара. Шайтаннан қылды сауда көтерме алып, Орнына бұлар жүрді, шайтан қалып. Басында бақ, үйінде дүние мол, Алдына жүздеп, мыңдап малын салып. Байқамай жазып өттім бес-алты жол, Еркіме қоймаған соң қызығып қол.. Дін қайда осы күні, ғылым қайда, Тұрған жоқ анық көңілім бір құдайда. Лақ (шайтанмен) пен тоқты (сабыр қуаты) алам деп жүрген жаннан, Ойлайсың тиеді деп кімге пайда. Айт, тауып жастанайын босағасын, Молданы бала оқытқан Құдай үшін… Айтсаң тіліңді алмайды қатын, бала, Енді мұны айтамын кімге ғана? Өзіңді «жынжы» дейді, «шайтан» дейді, Не қылсаң өзің қылдың хақ тағала… Хақлықта, (нақтылық, шындық) туралықта тұрамын деп, Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай… Махұрым ете көрме Раббым қадыр, Рахмет қазынаңнан құр қалдырып, Дүниенің фитнәсіне шырмалдырып, Кірлетпе абыройымды тілеймін көп…Дариядай кемімейді аққан бұлақ, (дін ғылымы) Бір күні миллион шелек төккенменен. Бергені бір құдайдың нық болмаса, Болама құр көбікше көпкенменен…» Бұл ғибраттан ұқанымыз шайтан адам баласын аздыру үшін 15-түрлі жүкпен жүректі кірлетеді екен. Оның төртеуі надандық есекктік мінез болып; жалғандық, күншілдік, тәккәпарлық, зорлық болып, ал бесіншісі қатындық қулық-айла, сатқындық қазіргі таңдағы ерккектерге де тән иттік мінез екен. Шайтан жүгінің екі түлікке бөлінуінің өзі бірі надандық, сауатсыздықпен, екіншісі көп оқып, артын тексермеген дәреже қуған, мақтанға айналдырып, халықты аздырған пайдасыз іліммен байланысты. Сондықтан он қашырлық жүк; жаратылыста ақ пен қараның 10 ғана жұбы болып, осы ақпен қараның өлшемін жоғалтқан, ала жіпті атаудан пайда болатын; тектік, гендік азудың ұлт болмысын, жыныстық, кәсіптік жоғалтуға бағыталған адамның жалған білімінен және ой жорудан пайда болған дәмелендіру, билікке құмарлық, өзге елдің әдетіне, жылтырына еліктеушілік, «жұлдыздық», мақтаншақтық жүктер екен. Оның бірін надандар тобы яғни қол жайып тілегіштікті «намазхандар», пірәдарлар, бел ауыртып жұмыс істемей, жұртың есебінен күн көретін, ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүруге құмарлар және атақ дәреже арқылы қызметке құмарлар мен түрлі дәрежедегі ет ауыртып жұмыс істемейтін, тек дайынға құмар сыпайы қайыршылар алады екен. Осы бес түрлі жаман қылықтан арылу үшін де Абай атамыз; « Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол!» деп сақтану жолын да көрсеткен.Және шайтанның саудасын ел болып жабылып жүргізетін заманның келе жатқанын болжап; «Шошимын кейінгі жас балалардан. Терін сатпай, телміріп, көзін сатып, Теп-тегіс жұртың бәрі болды аларман.» «Саудасы-ар мен иманы, Қайрат жоқ бойын тыйғалы. Еңбекпен етті ауыртпай, Құр тілмен жиғаны (намазхан, әнші)… Сиырша, тойса-мас болып, Өреге келіп сүйкенер. Күлмеңдеп келер көздері, Қалжыңбас келер өздері. Кекектеп, секек етем деп, Шошқа туар сөздері.» деп, еңбектің қадірі кетіп дәме мен тіленшілік дертінің жастарды меңдеп келе жатқанын ескерте отыра; «Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште (рух) төменшіктеп, қайғы жемек, Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болды көмек. Сыртсынбақ, қусынбақ, өршілденбек, Сыбырмен топ жасап бөлек-бөлек. Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ, Өзімен-өзі бір күн болмай әлек Өзін түземей ел түзегіш, топтарға бөлінген, діншілдер, партияшыл, түрлі гендіршілдерді де осы шайтанның қызметшілері дейді атамыз. Осындай қоғам дертінің асқынып; «Уайым аз, үміт көп, Ет ауырмас бейнетке, Бүгін-ертең жетем деп Көңілге алған дәулетке… Құйрығы шаян, беті адам, Байқамай сенбе құрбыға! Жылманы сырта, іші арам Кез болар қайда сорлыға.» деп адамзатың, дәме босқа үміт мастық дертінің белең алуымен, үлкендердің де әсіре әйел затының шайтанға айналған кейпі құйрыққа май жинап, шаянға ұқсағандардан және жалпы қайқы құйрықтардан абай бол деп ескертеді. Шыңғысқан атамыз кезінде қайқы құйрық адамдарды кім болса да, «бұдан тек азғын құл туады»-деп таңба басып, қара жұмыс, бейнет істейтін құлдардың қатарына қосып, «құйрығын жегіздіріп» қан тазаруын қалыптастырған екен. Абай атамыз болашақта шайтанның саудасының үстемдігімен сөз қадірінің кетіп, халықты надандықтың түнегі басатынын, діннің азатынын да ескертіпті. «Наданның көңілін басып тұр, Қараңғылық пердесі. Ақылдан бойы қашық тұр, Ойында бір-ақ шаруасы. Кітапты (аян, түс, шарио) молда теріс оқыр, Дағарадай сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр, Бүркітен кем бе жем жесі? Жүректе айна жоқ болса, (жүрегі ашылмаса) Сөз болмайды өңгесі. Тыңдағыш қанша көп болса, Сөз ұғарлық кем кісі Осындай сөз қадірінің, тілдің қуаты жоғалуымен халықтардың жүрек айнасы яғни есту, түсінік қабілеттері жоғалып, кісіліктің бұзылатынын қазіргі қазақ елінің нақты бейнесін көрсетеді. Қазіргі таңда 10 қашырдағы «дәме» жүгінің бірі жалпы мақтан бүкіл халыққа ортақ болып, ал қалған 9-қашырдағы шайтан жүгі, елдің мәдени және әлеуметік қызмет саласындағы ғалымдар, оқығандар, дін ғұламаларының еншісіне тиіп, көтере сатып алып, шайтанның саудасын жүргізіп, шайтанға өзі істейтін қазақ елінде жұмыс қалмай ұзақ уақытқа демалысқа жібердік. Шайтанның нағыз сыбайласы оқығандармен, басшылар арасынан шығатын, 9-түрлі «кісімшілік» бұзықтық істердің, «үміт, мақтан, дәме» жүгінің де өз егесін тапқанын жоғарыда білдіңіз. Бірақ оның қатары қәзіргі заманда, бұрынғы аталар дәуірінен 10-есеге артқанын және жүгенін сыпырып, «еркін жүр»- деп, шешіндіріп көшеге шығарып жіберген әйел затыда қалмай жартысына жабысып, шайтан саудасын жүргізіп қан қоймай, шайтаның ұрпақтарын құйрықтарында өсіруге көпшілік алдында «к..н» ашып жабыла кіріскенін өтірік дейтін ақылды қазақ болмас. Абай атамыз бұл жағдайды шайтанның сөзін сатушылар деп; «Көп Тәңірі атқан мақтай ма, Ол Тәңірі атқан болмаса? Жоқты-барды шатпай ма, Көптің өзі оңбаса?.. Жұртың бәрі сөз сатқан, Сатып алып не керек? Екі сөзді Тәңірі атқан- Шыр айналған дөңгелек.» Тәңір атқан көп елдің әдетімен, сөзін сатып алмай-ақ тағдырыңа нәпсі болып жазылған, 2- түлік нәпсілік (аяқтың арасы мен екі ерін арасын) сөзіңді түзеу үшін, ұлтық шариғатың «шарыңды» түзе, тәңір атқан көпке ілесіп шайтан сөзін алма деп ескертеді. Бұл біздің Абайшыл діншілермен, ақын, жазушы, тілшілердің ауылына да айтылған ескерту болар. Құранның, Інжілдің сандық мәнімен жалпы 10-саны; әдет-әдеп, ынталандыру, айтар ақыл, сенімен жүректі бекемдеу, бос ойлар, үмітену, қасиеттерді меңгеру т.б болып табылады. Ал 9-саны; сенім, кісілік, нәсіп, нәпсіден тазару, жүректегі сезім, қажет нәрселер орны, еркектің қабілеттер, білімсіз хабарларды жеткізу т.б болып аяттар оқылады. Бес есектік жүк адамзатқа өнерге, нәпсіге берілген негізгі қуаттар саны. «Бесті беріп, алтыны аласың!» Алтыны «ойпатардан» (зират орындарынан) іздейді. Осы қарапайым мысалдан ғана қазақта дін ғылымын меңгермеген немесе аталарымыз тура жолын таппаған деп, қандай діншінің оқымай, зертемей айтуға аузы барады? Жалпы адамзатқа берілген дін ғылымына жүгінсек бес парызбен, тоғыз тәубе сатыларымен тақуалықтың қағидасы шығады. Намаз оқу осы тәубенің бірі ғана екенін біле бермейміз. Ал жүректің тақуалығы, жан ғылымының негізі шайтан жүгін өртеу арқылы (15+рұқ=18, оң қол) ірге тасы болып; күнәдан ақталу, артық хайыр жасаумен қаланатынын, «ақ жолдың» інжілден басталатынын ұмытпаңыз дінші болсаңыз. Пайғамбарымыз шайтан қанда болады деп ескерткен екен. Мемлекет тұтас дене болса оның қаны ата заңы болып табылады. Енді өзін-өзі яғни шайтанын өлтіруге Құдайдан пәрмен келіп, көп қазағымыз ұмыт қалаған ғұрпымызды жалғастыруды бастап елді, дін шайтандарының айдап салуымен, ел басқаратын шайтан адамдар халыққа шайтанын өлтіруге тиым салып, болмаса ұлықсат қағазбен ақша төлейтін заң шығарып, әлемде шайтанына дем беретін алғашқы мемлекетке айналдық. Осындай шайтан туысқандарынан жапа көрген; «Елге көнсем, ақ жолдан адасамын, Көнбей жүрсем, көп итпен таласамын, Тек отырсам, тепкілеп шыдатпайды, Енді қайтіп бұл елмен жарасамын. Бір момынның (Тәурат) ұстасам түзу ісін, Жөндейін деп ғаріптің (аруақтың) жөн жұмысын, Ақтан(аруақтан) безген ары жоқ өңкей залым, Ырылдатып жабады ит пен құсын.» деп Шәкәрім атамыз өз мұңын шағып, өзін енді «Мұтылғанмын» деп атап кетіпті. Ұлағатты сөз ешқашан өлмейді. Сондықтан қазақтың дінің тура жолының кірпіші болып қаланған, қайтпас қара шалдары «Мұтылғандары»-да ешқашан өлмейді, тірі! Оны сезбейсің, түсіңде көресің, сөзін естисің!