Сөз сарасы немесе үш талап.

Мен үшін ең қиыны сөзді саралау. Бір сөзден гөрі екінші сөзді ұрымтал деп есептегенде нені басшылыққа аламыз? Біріншіден, сөз ойды мейлінше дәл жеткізу керек. Екіншіден, әуен-сазы келіссе жөн. Үшіншіден, сөздің өлшемділігі оралымдылығы қажет. Ең қиыны осынау басты-басты үш талапты үндестіре қолдану. (К. А. Федин) Сөз ұлы нәрсе. Ұлы дейтініміз себебіміз-сөзбен адамдарды біріктіруге болады, жауластыруға да, жек көрнішті құбыжыққа, дұшпанға айналдыруға да болады. Адамдарды бөліндіретін, бөлінетін сөзден сақтаныңыздар. (Л. Толстой.) Жалпы ғаламды жаратушымыз сөзден жасап адамзатта бір нәрсенің, қасиеттің пайда болуын қаласа «БОЛ» деген үш тербеліс сәуледен пайда қылады екен. Сол сәулелер өсіп, өніп түрленуге түсіп белгілі мақсатын атқарып «НҰР» деген сипатқа ену шарт. Болдың сызықтық сан белгісі 6 санын берсе, нұр 9-санын береді, демек алтыдан тоғыз туындайды бұл; негізгі түрлену шарты! Ал 9-ды онға айналдыратын Құпия сөз ғана. Жалпы жер бетіндегі бүкіл өмірді өзгеріске түрлендіріп тұрған 4 қасиетті кітап тегі «Рұх» екендігіне дауласар пенде болмас. Яғни 4 түрлі негізгі ұлтар ұлыстардың көркем сөз тегі. Сөз болмаса сана, ақыл ой дамымайды кері кетіп өмір тоқтайды. Сондықтан сөз үнемі өсіп өніп, бірігіп жалпыға бірдей түсінікті болған сайын, адамзат түрленіп өзгеріп, үндестік дамып отырмақ. Бірақ сол сөздердің де жақсы жаманы болып және дыбыстық, сандық тақ, жұп мәндері болса, сол сияқты пайдасы зияны қатар болмақ. Тақ сөздерсіз қуат өспейді, өнім бермейді ғылым дамымайды ал шамасынан артса денсаулыққа, қоршаған ортаға зияны тиеді. Адам баласынан мейрімділік қайрымдылық, махабат сезімдері хайуандық сипатқа айналып адам азады. Бұл құпия бұрынан белгілі болған, салт дәстүрде соған байланысты қалыптасқан, бірақ болашақта да жуық арада ғылымда құпиясы ашыла қойуы екіталай, себебі сандармен сөзге дыбысқа айналдырып жердің түпкір түпкірімен хабарласып, бейнесін де көргенмен, сол сандардың өзін көруге шамамыз жетпейді. Қазіргі таңда қазақ елінде әлемде болып жатқан сынақ, апаттардың бар негізгі жамандықтың себебі де сөз қадірінің кетіп, адам санасының жаппай жабылуынан екенін ұғу қиын. Яғни сөз өлшемін дұрыс өлшемей сөз таразысынан ұлтық тілдік болмысымызды жоғалтып бірімізді біріміз алдап, санамызды жеп жатырмыз. Оны кім қалай түзейді? Әрине ол, Алланың ғана үкімімен болатын іс болып табылатыны даусыз. Бірақ осы уақытқа дейінгі тарихқа жүгінсек адамзатқа үкімдер үнемі түсіп пайғамбарлар келіп отырса да, көп халықтар үгітке ермей апаттарға ұшырап отырған. Неге? деген сауал туады осындайда. Жауабы қашанда бір және болмақ бола беретін құбылыс, ол көптің сөз түсіну қабілетінің жойылуы. Қазақта сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді деген сөз ұқпайтын наданға. Сөз түзеліп қана ел түзелер. Енді сол басты сөздің астарына үңілсек «САН+А» деген жүйеден қарапайым ғана «ЛЫ»-мызды таба алмай жатырмыз. Сөзді санауды білсек түсінеміз, ол үшін көкке жалғанатын жібімізді «қыл»-ды біліп, ұлтық қылығымызды түзесек; «САНАЛЫ» аталамыз, демек ар жағында нағыз «АЛЛА»ны тану қашық емес. Ол үшін жалпыға бірдей оқу керек, яғни өз тілімізде сауат ашуымыз керек. Сондықтан жемістің тәті піскен дәні қашанда ағаш басында емес, аяқ астында оңай жерде жатады, төменнен бастап төбеге көтеріліп көрейік ағайын демекпін. Қазақ елі құдайға шүкір оқудан қай елден де кем емеспіз. «ОҚ-У»-ды талғамай сіңіріп, «О-ҚУ» оқымысты ақылдыға айналып, жат жұртың арамза қулығын, залымдығын да тастамай алып жатырмыз. Жанның оғы «У» ды қорытып «Ы»ны тауып «АҚ»қа айналдыру шарт. Сонда негізі тек «УАҚ» болмақ. Енді «Ы»ны табу үшін бүкіл халықтарға ортақ сөз болу шарт. Сол ортақ сөз құран, оны оқуға тек «ықылас» болса болды. Орап айтсақ «сал» «ықы». Сал деп сөздің бір жүйеге түсіруді білдіреді; ән сал, назар сал, азан сал, бір жан сал. Ықы сөзі белгілі қайталанатын жиілік немесе белгілі бір шамада қайталау және тербеліс басы. Құран «Фатиха» сүресімен «АХИ» «ТАФ»тан басталып негізгі бүкіл мағына «Бақара» сүресімен «АРА» « ҚАБ» жасап «Нас»-ты кері айналдырып, «САН»мен аяқталады. Демек барлық нәтиже санға айналады. Сан ғана бүкіл адамзатқа ортақ тіл. Демек барлық нәтиже санға айналады. Сан ғана бүкіл адамзатқа ортақ тіл. Сондықтан бүкіл сандар тегі- он сандар бірлігімен болса, құран сол он бөлікке бөлініп және көктік тербеліс санымен құранның ішкі сыры 30 бөлімнен тұрып, «ықы»ның екі нәтижесін береді. Енді құранда бос сөз жоқ деп ескерткен жаратушымыз, сондықтан қалай неден бастау үшін сол оқылмақ болатын нәрсенің жалпы сырынан мағлұмат болу керек. Сол мағлұматты кітапқа сену немесе кітапқа иман келтіру деп атаған. Ал сенім қалай қалыптасады немен бекітеді және орны қайда деген сұрақтарға әрбір жараттылыс себептерін жеке-жеке талқылау барысында белгілеп, «қаб»-қа салып «ара»- жігін немесе ішкі сыры «жібін» ажыратуды оқырманның өзіне қалдырып отырмақпыз.