Үлкендіктің әдебі туралы ғибрат.

Үлкендіктің әдебі туралы ғибрат.

Бір жұртың бас хакімі бір баймен сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір кедей адам өтіп бара жатып, иіліп сәлем береді. Оған қарсы әлгі төре жарлыдан да төменірек бас изеп, сәлемін алады. Қасындағы бай: «Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қарап тұрған хакімсіз. Осы бір жаман кедейге неге сонша бас ұрасыз?»-дейді. Сонда хакім: «Ешбір ғылым-білім үйренбеген қара кісі сонша иіліп, әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсізірек болып қалайын ба?»-деп жауап қайтарыпты. Енді бірде Сократ данадан; «Осынша ізетілік пен даналықты кімнен үйрендіңіз?» деп сұрағанда: «Надандармен, әдепсіздерден.»-деп жауап берген екен. Кейде біз жастарымыздың кейбір жақсы қылықтарынан да үлкендердің үйрену керек сияқты;

Кішкентай Нұрмаш бір күні басына әкесінің бөркін киіп, «енді мен үлкен кісі болдым» деп ойлады. Сөйткенімен, бөрік олай ойламады. Үлкен кісі болғыш Нұрмаштың көңіліне қарамастан, дәл мұрынына түсті. Нұрмаш мұны да елең қылмады, қолына бір таяқ алып, аяқтарын маң-маң басып, ана ауылға қарай жөнеліп еді, мұны мал қайырып жүрген Бекбай отағасы көріп қалып, айқай салды: «Әй бөрік! Сен не қылып жүрсің? Біздің Нұрмашты қайда алып барасың?» -деп. Сондықтан ағайын кісілігіңіз бөркіңіз «қажылығыңыз» қалыптасу үшін, адамнан емес құдайдан ұялып, білімі де болмаған аталарымыздың әдебін жасап, төртің бірі төбемізді де жабуды әдетке айналдырсақ төбеден келетін бөркімізді киіп, кісілігіміз де сөздің астарын ұғынатын «патшалығымыз» да қалыптасады екен.

Патша туралы астарлы әңгіме. … Орман аралауға шыққан патша адасып кетіп бір ағаш кесіп жатқан мұжыққа жолығады. Патша: -Жасаған жәрдем берсін, мұжығым! Мұжық;-Маған сол жәрдем керек-ақ болып тұр. Патша: -Көп пе, үй ішіндеге адамдарың? -Екі ұлым, екі қызым бар. –Олай болса, артық көп емес екен. Сен тапқан ақшаңды не орынға жұмсайсың? –Мен тапқанымды үшке бөлемін. Бір бөлімін борышыма беремін. Бір бөлімін қарызға беремін. Бір бөлімін суға тастаймын. Патша ойлайды-ойлайды таба алмайды да: -Бұл не деген сөз; боышыма беремін, қарызға беремін, суға тастаймын деген? Мұжық: -Борышыма беремін дегенім-әке шешемді асыраймын. Қарызға беремін дегенім-ұлдарымды тәрбиелеймін. Суға тастаймын дегенім-қыздарымды өсіремін. Патша айтады:-Нендей ақылды бас. Енді сен мені орманнан шығарып жібер, өзім жолды таба алмаймын. Мұжық:-Жолды өзің де табасың. Осыдан тура жүр, біраздан соң, оңға бұрыл, онан соң солға, тағы да оңға. Сөйтіп орманнан шығасың. Патша:-Сенің бұл сілтеуіңнен орманан шыға алмаймын. Өзің шығарып жібер. Мұжық:-Еріккен кісіні жолға салып жүруге менің жайым жоқ. Жұмыс кісінің күні қымбат,-дейді мұжық. –Қымбат болса төлермін,-дейді патша. –Төлесең айда,-деп мұжық патшаны ертіп жүреді. Жолда келе жатып мұжықтан патша сұрайды: -Өміріңде қанша жер жүріп көрдің? Мұжық: –Біраз жерде болдым. -Патшаны көрдің бе? Мұжық: — Көргенім жоқ көру керек еді. –Көргің келсе орманан далаға шыққанда көресің. –Мен оны қалай танимын?-дейді мұжық. –Жұртың бәрі жалаң бас тұрар, патша ғана бөркін алмас. Міне, бұлар ашық далаға шықты. Жұрт патшаны көрген жерден бөркін алды. Мұжық қарайды, қарайды, патшаны көре алмайды. Енді сұрайды: -Патшаң қайда? Сонда патша айтады: -Көресің бе, осы топтың ішінде бөркімен тұрған-мені мен сен. Екеуміздің біріміз патша шығармыз. Бұл жан ғылымынан хабар беретін ғибратты әңгімені Міржақып атамыз оқушыларға астарлап жазып, ал бұл әңгіменің діни сырын хазіреттер, имамдар және дін басы, философтар оңай шешуі керек. Абай-Шәкәрім атамыз да осы жүйеге құрылған жан сырының құпиясын қарапайымдап түсіндіріп кетіпті. Енді орманға кіру сөз майданына кіріп тура жүру біздің діншілеріміз ұсынған «масһабымыз» болып, ал мал-жандық борыштарды өтеу ата-жолы ата дәстүріміз, дінімізбен ормандағы адасқан патшаны тауып, орманан бірге шығып қауымына қалай қосуды, үш амалмен, төртеуді түгелдеп, бесті тауып, алтыны қалай алып патша болуды өзіңіз шешіп көріңіз. «Ұл жоқ болса, қыз да игі» деген кәне, Азсынба, әлі де шық сан қияға! Ғылымға қанағатсыз болу керек, Бес түгіл разы болмай алтыға да.» (Шәкәрім ата) Бес-дегеніміз қазақ муфтиятының халыққа ұсынып өздері де меңгеруінен жаңылысқан шариғатта қалыптасатын «масһаб» ғылымы болса, алты тарихаттық ғылым болып, жеті дегеніміз көркем мінездің жоғарғы сатысы пайғамбарымыздың көрсетіп кеткен мағрипаттың дәрежесі ақиқаттың есігі болмақ. Ал төртеуін түгелдеуін де ұмытқан масһаб ұстанушыларға аталарымыз меңгерген бұл қағидалардың әлі көлеңкесі де түспегені даусыз шындық.