ТІЛ МЕН ЕРІН. ТІЛ БЕЛГІСІ — СӨЗ.

ТІЛ МЕН ЕРІН.

Осы үшеуінің бірлігі ауызды құрайды Ауыз –мен. «Аузына келгенді сөйлеу — наданның ісі. Аузына түскенді жеу хайуанның ісі» дегендей іс нәтиже белгісі ерін. Ол сенің өткен өміріңнің белгісі және де болашаққа бағдарлама. Еркеліктің де, кенжеліктің де,адамдық,хайуандық істердің де белгісі ерін болып табылады.

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп

Шымырлап бойға жайылған,

Қададан шауып,

Қасынан тауып

Тағыны жетіп қайырған,

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлейтін десең өзің біл.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар баһра ала алмас.

Қиналма бекер тіл мен жақ,

Көнілсіз құлақ –ойға олақ… (Абай ата)

Тіл- жан тазалығымен ой өрістің, сананың кеңдік белгісі. Санамен тән қалауы ұштасатын сыртқы белгісі ерін мен екі езу. Езу тән тазалығың белгісі.Үшеуі бірігіп үш қайнар бүлақ- жан, сана және тән.

Жан қалауынан достық,

Сана қалауынан сыйластық

Тән қалауынан құмарлық туады.

Осы үшеуінің қосылуынан өмірге деген құштарлық махаббат пайда болады. Көз қалауы тек нәпсіні оятады. Тіл жаратушымыздың пендеге сыйлаған ерекше байлығы. Ана тілі –ғұмырыңның өлшемі, ол болашағың, өткен шағың, ең соңғы алатын бағаң «мен». Оның қалыптасатын орны ерін, көрінісі жыныстық мінез. Әйел –еркек. Тәті көркем сөз бен, қарғыс, боқтық, лас сөздер белгісі тағы да ерін. Өзің суретте өзің әсемде.

Шетел тілі, тіршілік күресінің қаруы болса, ана тілі арың.

«Сүйемін туған тілді –анам тілін,

Бесікте жатқанымда — ақ берген білім!

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін» (С.Торайғыров)

«Қанша айтсаң да, ана тілі қашанда ана тілі болып қала берді. Шешіліп бір сөйлегің келген кезде бірде-бір француз тілі басқа кірмейді, ал бір жарқ етіп қалғың келеді екен, онда мәселе басқа». (Л.Н.Толстой.)

«Тіл ғылыми ойлаудың тіршілік ету, өмір сүру формасы болып табылады яғни тіл ойдың көрінуі, ендеше бүкіл ғылым тіл арқылы өрнектеледі, осы арқылы баяндалады, білім алынады» (Әл-Фараби).

ТІЛ БЕЛГІСІ — СӨЗ

«Мен сендерге екі көз, екі құлақ,екі ерін бір тіл жараттым» деп жаратушымыз «Сонда да түсінбейсіңдер ме?» деп тілді, ана тілін құрметтеу үкім етілген және түсінік тек ана тілі арқылы қалыптасатынын ескертеді. «Раббыларынан қорқыңдар және ол күні әр емізушінің ұмытқанын және буаз жәндіктің іш тастағанын көресің». Тілінен айырылу іштегі баласынан айырылған жәндік қасіретіне ұқсас «кім құрмет көксесе негізіңде бүкіл қадыр құрмет Аллаға тән. Көркем сөз Алла жаққа шығады. Ал сондай жамандықтың тәсілін істегендер, олар үшін азап бар. Олардың тәсілдері ол, өзінен-өзі жоқ болады» (Фатыр-10). Көркем сөз деп тек арап тілін айтсақ ол үлкен қателік, жалпы ұлтқа тән үндестікпен таза өз тіліңде сөйлеу көркем сөз деп аталады. Алла жақты ғайып көрінбейтін өмір деп ұқсақ, көркем сөз үндестік әуезге айналып, ғайып өмірден белгілі орынын алады.

Жалпы дінде иман келтіру деген ұғым бар. Жалпақ тілде оны тек сену, сенім білдіру, нану деп түсінеміз. Негізінде құранда олай емес. Иман ғылым, білім арқылы түсіну және соған байланысты іс-қимыл жиынтығы болып табылады. Иманның белгісі түсінік. Әрбір жаратылған нәрсененің төрт жағы болуы шарт. Сондықтан түсінік әрбір танымал болуға тиісті болмыстың, немесе істің, нәрсенің төрт жағын айқындағанда ғана анық немесе шындық болып есептеледі. Тіл әр ұлттың рухани даму заңдылығы. Есепсіз заңдылықта пайда болмайтыны сияқты, тілдің де өзіндік ұлтық заңдылық ерекшелігі болу керек. Және адамның ойлау, болжау, есептеу және көру қабілетімен жүйеленген. «Тілі шолақтың ойы шолақ» деген дана қазақ. Ескерте кетейік алда бұл кітапты толық түсіну, тек өз тілін жете меңгерген және әр түрлі ғылым саласынан хабардар оқушыға ғана мүмкін болады. Енді мынау біздің бүкіл ғаламды «сөз» деп аталатын шамшырақ нұрландырып тұрмаса, оны қара түнек тұмшалайтыны ақиқат. Сөз негізінен дыбыстар үндестігінен туындайды. Ал үндестік заңдарын сақтау арқылы музыка, ән шығады. Дыбыстың бәрі бастапқыда әлеммен бірге жаратылған. Есті (есте сақтау қабілетін) қалыптастыратын осы үндестік жүйесі. Адам даусының немесе аспаптардың, құстардың,аңдардың дыбыс үндестіктерін ішкен тамақпен салыстыруға болады: Үндестігі бұзылғандары артық ішкен аспен тең. Сөз жүйесін ана тілін дұрыс сөйлемеу, тым ащы, жаңғырта шығатын табиғи емес аспаптардан шығатын дыбыстарды құрайды немесе шала пісірілген дұрыс дайындалмаған тағам тәрізді. Адам сезім түйсіктері табиғи немесе табиғи емес болып келеді.Бесік жырын тыңдап өз тілінде сөйлеп үйренген бала табиғи белгі алса, ана тілін білмеу табиғи емес сезімдерді қалыптастырады. Табиғи сезімді неден аяқталып неден бітетінің білу қашанда жан рахатын таттырады. Ал табиғи емес сезім белгілі бір жетімсіздікті тудырады. Жетімсіздік болса белгілі бір ауру белгісін туындатады. Ал дыбыстың негізі жарық. Жарық болса аспан шырақтарымен байласты туындайды. Аспан шырақтарын барлық өмірдің көзі деп түсінген адамзат баласы қашанда ісін соған байланыстыруға тырысқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда аспан шырақтары жол көрсетуші белгі ғана емес, негізінен аспандағы әрбір шырақтардың, жер заттарында уәсілі (белгі) бар және керісінше,әрбір жер затының аспан шырақтарында (киесі) иесі муәкілі бар. Әрбір уәкілдің аты, әрбір муәкілдің атымен байланысты. Ол атаулар өзі әріптерден құралған. Ал әріптер аспан денесімен байланысты. Айдың аспан денесінде 28 жерде аялдайтын орны бар 28 әріптің жартысы ай, жартысы –күн әріптері болып саналады. Бұлай аталу себебі дұрыс жазып дұрыс оқылуға себепші. Арап сөзі табиғат үндестігімен сәйкес келсе, ем шипа рахмет болып, жан сарайының емшісі болады. Қазақ тілі қазіргі таңда танымал болған бүкіл жаратылыс ғылымының дыбыстық жүйе белгісін анықтайды. Негізгі дыбыс саны 40.Қырық шілтен белгісін көрсетеді. Жіңішке,жуан екі әріп белгісі ол әрекет қызметін атқарып, ай,күн белгісін береді. Арап тілінің үндестігіне 16 дыбыстық белгі жетпейді. Арап тілін таңбалар ортасы деп белгілесек әлі 16 таңба ойлап табуымыз керек. Демек алфавит аспан жұлдыздарымен байланысты.Оны Әл –Фараби бабамыз былай болжап кетіпті:

Жайнаған бейне бір гүл әлем сыры,

Құбылған мөлдір нәзік Гауһар нұры.

Даналар талай нысан тапқанымен,

Тапқан жоқ тектер тегін әлі бірі.

Таңбалар тегі жанның өсуімен байланысты болса, жан- ғылым білімнің дамуымен және сол арқылы айқын болған болмыс нәрселерге ат қоюмен өседі. Жанның сыры –ар. Ардың тегі көркем сөз, гүл болып құлпырып өседі. Демек біз сезе алмайтын иісі бар. Дыбыстар тегі жарық, орыны жұлдыздар. Музыка (әуез) мен тілдік дыбыс үндестігі және сөйлеу мәндері туысқан екенін айтып кеткен кезінде ғұлама бабамыз.

«Бұл өнер,(музыка) грамматика өнеріне туыстас, өйткені логиканы ақылға (ой түзеу) және ақылмен қабылданатын нәрселерге қатынасы грамматикалық тілмен сөзге қатынасындай болады». Ғалымның пікірінше, логиканың (жүйелеу) мән – мәнісі белгісізден белгілеуге бастайтын ойлау жүйесінде жатыр, ол математика арқылы танылады және негізделеді.

Негізінде дұрыс сөзді қалыптастыратын ақыл, логика (жүйелеу). Қалай ойласа солай сөйлей салу, жан саулығына әсер етері сөзсіз. Ерін сөз мінезінің белгісі. Тіл ғылымын жоғарғы орынға қою қазақ елі үшін басты бағыттың бірі екендігі ақиқат, оған жаратушымыз белгісін көрсетті оны тек ғылымен анықтамаса қарпайым өмірде байқамаймыз. Ана тіліне деген қаблетсіз ұрпақтар көбейіп келеді қазақ елінде. Тіл ерекшелігінен айрылу сезім мүшелерінің хайуандық сипатқа айналуына әкеліп соқтыратыны даусыз. «Ең қиыны өзіңді — өзің танып білу, ал оңайы – басқаларға ақыл – кеңес беру» деген екен даналар. Адам өзін танып, ана – тілін білу, ол жаратушымыздың үкімі. Себебі әрбір мәлім құбылыс тіл арқылы ғана білуге меңгерілуге, танылуға тиісті.

«Адамдарды мен, бекерге жаратқаным жоқ» деген аятта. «Кім құрмет көксесе негізінде бүкіл қадір – құрмет Аллаға тән. Көркем сөз Алла жаққа шығады. Ал сондай жамандық тәсілін істегендер, олар үшін азап бар. Олардың тәсілдері ол, өзінен — өзі жоқ болады» (Фатыр – 10).

Боқтық, лас, аралас сөздер адамға ой өрісіне әсер ететін дыбыс тербелісін құрап қараңғылыққа айналады. Оны жаман әдет, тәсіл «шайтан» — деп айтады. Иманның бірінші белгісі тіл. Тіл әр адамның ойлау, болжау, есептеу және көру қаблетінің нәтижесі дыбыстар үндестігі. Ең жоғары белгісі және жетістігі таңба болса, Құран барлық үндестік пен сөздер есебінің биік шоқтығы болып табылады. Сондықтан болар құран аяттарының сырының әлі құпиясы ашылмай қаншама ғұламалар бүкіл өмірін жұмсап зерттелсе де, әлі де талай ғасырларға адамзатқа жететін рухани азық табылары ақиқат. Осы рухани қазынаның көзін енді өзімізге таныс 40 белгі, қазақ сөйлеу емле жүйесі мен жіктеп көрелік. Тек қазақ тіліне жаны ашып, сол бұлақтан сусындай алған «ымды» білетін бауырларымыз бен дін қандастарымызға ғана алда түсінікті болады. Себебі сіз бен біз құлақ естіп көз көрмеген уақиғаларға ғажайыптарға құранның аяттарының астарына үңілу арқылы куә боламыз. Сәл шыдаңыз тек сөйлеу, ойлау қабілетіңіз қазақша болса болғаны. Халифа Алтай атамыз қандай көркем ағаш өсіріп кеткенін білмей өткенін шығар бұл жалған дүниеден. Аудара алмадым тек «меал» (түсіндірме) түрінде жақындаттым –деп жазып кетіпті. Құран аяттарының тек қазақ тілінде ғана көптеген құпиялары ашылып қазақ халқы әлемге құран арқылы әйгілі болады! Таң қаласыз. Егерде жасыңыздан сырлы әлемге өскен ұрпақ болсаңыз, және астарлы сөздің мәніне үңіле білсеңіз болады. Қазақ тілінің байлығын кезінде (орыс ғалымы) В.Радлов баяндап кеткен. Филология ғылымның кандидаты В.Владимиров болса, «колокол тревог Герольда Вельгерда» деген мақаласында (мысль. журн. №2. 2003) Ағылшын тілінде шамамен 240 мың нақты сөз бар. Дальдін сөздігі бойынша 53 жыл зерттеп 200 мың сөз тіркесін жасаған. Ал 34 – орыс сөздің жинағында 300 мың сөз тіркелген. Ал 1937 жылынан басталған қазақ сөзі тіркемелі есебінде 1972 жылы 2 миллион 550 мың сөз құрайды делінген. Оған қоса қазақ ұлттық музыка академиясын профессоры О. Дүйсен ағамыздың айтуынша ұйғыр танушы турколог К.Р. ғылым академиясының мүше корреспонденті Әбууали Қайдари жинақтаған тіркемесінде 500 мың түсінік қазақ сөз тіркестері бар екен. Бұл қазақ тілі орыс, ағылшын сияқты тілдерде тұп – тура он есе бай деген сөз. Басқаша айтқанда өзге ұлт өкілдері қазақ тілін толық үйрену үшін, орыс ағылшын тілдеріндей он тілді үйрену керек, керісінше, қазақ тілінде сөйлейтін кісі орыс ағылшын тілін үйрену үшін өз тілін оннан бірдей ғана сөз қорын игеру керек. Міне осындай қазақ баласының ойлау қаблеті шығады. Және қазақ тілінде сөйлеу ойлана білу күрделі болғандықтан көп қазақтың ана тіліне деген құлқының шамалы болатындығы.

Осы күнгі ғылым тілімен айтқанда, қазақ тілі басқа тілдерден он есе кең және терең жетілдірілген компьютерлік бағдарлама, не болмаса жүйелігі терең, «матрица» (жоба). Ол әрине, ескі де жетілдірілмеген бағдарламадан терең де ауқымды есептерді шеше алады!

Бұл мысалдарды келтіріп отырған себебім алда әлі қалай? неге? деген сұрақтар туындайды. «Себебі құран қанша тілге аударылса да» осы аяттар қалай байқалмаған» — деген сұрақ туады. Әрине Валерий Порохова, Э.Д. Кулиев аудармаларында аудару барысында қателіктер жіберген. Себебі таңбалар жетімсіздігімен сөздік қордың аздығынан туындаған. Оған әр оқушының аударма құран түсініктерін салыстырып көз жеткізуге болады. Тіл байлығының қан тазалығына берер әсері орасан зор. Бұрынғы өткен ғұлама ойшылдар Аристотельден бастап Әл – Фараби, Низамиі Ахмет Яссауи, Абай, Шәкәрім, т.б ойшыл аталарымыз өз тілін толық меңгеріп, қосымша басқа тілдерді оның ішіне арап тілін меңгеру арқылы сананың озық дәрежесін қалыптастыруға қол жеткізген. Сондықтан тіл ілім ағашының бір бөлшегі, яғни ағаш тамыры деп қараған жөн. «(Мұхаммед.Ғ.С.) көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді: «Көркем сөз, тамыры мықты бұтағы көктей бір көркем ағаш тәрізді» (24) «Ол (ағаш) Алланың бұйрығымен әр уақыт жемісін береді. Алла (Т) адам баласына насихат алуы үшін мысал келтіреді (25). Ал енді жаман сөз, жердің бетінен қопарылған орнықсыз ағаш сияқты Алла (Т) сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де ақиретте де мықты сөзбен бекітеді. Алла қалағанын істейді» (Ибрагим – 27) Көркем сөз бұтақтап көкте өз орнын алып, белгілі уақытта жемісін беріп тұрса, жаман сөздер жер бетінде қалып жоғалып отырады.

«Құлдарыма аят! Енді сыпайы түрде сөйлессін өйткені шайтан араларына бұзақылық салар. Расында шайтан адамдар үшін ашық дұшпан». (Ісра – 53) Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп оларға білместер тіл тигізсе де: «Сәлеметшілік деп, дұрыс жауап берді» (Фурқан — 63). «Олар, Көркем сөзге көндіріліп, мақтаулы Алланың жолында салынғандар». (Хаж – 24). Жалпы құранның арап тілінде түсінуінде кітапта ондаған мысал бар. Себебі арап тіл дыбысталу үндестігінен бар тілден жоғары тұр. Сондықтан бекітуші сөз болып «мықты сөз» деп аталады. Яғни жер жүзінде бар халықтың көркем сөз дыбысын қамтыған, әріп саны мен ортасында тұр. Демек әр нәрсенің екі жағы қарама қарсы белгісі болса мықты сөздіңде екі жағы болуы шарт. Дұрыс орнымен пайдаланбай жете меңгермесе кері әсер беріп, зиянын тигізеді. Сондықтан болар аятта: «Осылайша сендерді орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың, сондай – ақ Пайғамбардың сендерге куә болу үшін…» (Бақара -149)

Яғни арап тілі дінің нәр алатын емшек сүті. Жаратушымыздың үкімдерін ғылымға білімге айналдыру кімге жүктелген? Құранда хикмет сөзі кездеседі. Хикмет – терең білім. Иесі ол Алла.

«Алла (Т) хикметті (терең білім) қалаған құлына береді. Ал кімге білім берілсе оған көптеген игілік берілетін болады. Бұны ақыл иелері ғана түсіне алады». (Бақара – 269) Көптеген игілікке жататындар; Адамдар тылсыммен аянмен байланыс санада сөйлесу және ерекше қасиеттер. т.б жатады. «Әй кітап иелері! (араптар, еврейлер) сендерге кітаптан жасырған нәрселерінің көбін ашық түсіндіретін және көбірегін елемей өтіп кететін елшіміз келді. Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық бір кітап (құран) келді». (Мәйда – 15). Діннің сан салаға бөлініп ақыры қырқысуға әкеліп соғып жатқаны осы аяттағы ескерткен Пайғамбарымыздың елемей өтіп кеткен аяттарында тұрған сияқты. Неге еленбей қалған? Халықтың білім түсінігі ол уақытта жеткіліксіз болмады ма екен? Енді осы аяттарды кім толық ашты екен? Яғни ол аяттар түсінігі тек ғылыммен байланысты деген мағынаны білдіреді. Сол түсінікті меңгеру үшін, екінші белгі есеп жүйесін меңгеру керек.