Тән қорушысы түккене.

Тұлғалық бітімге тәуелсіз адамның дене түгі 3 түрге бөлінеді. Тықыр жүнді, орта, жүндес болып. Кейбір ерекшеліктеріне қарай, қуат белгісіне, тұлғалық малдардың орналасу ерекшеліктеріне қарай денедегі ішкі және жан өрісінің тербеліс жиілігін теңдестіру және тәнге қажетсіз темір қалдықтарын сыртқа шығару қызметін атқарып, сезім жүйелеріне байланысты қызмет те атқарады. Түк ортасы қуыс болып келеді, ол ғылымда дәлелденген. Түктің түсі ұзындығы және қалыңдығы әр пенденің қуат алмасу қарама-қайшылық белгісін білдіреді. Адам мал баласы 4-ке бөлінеді дедік жоғарыда. Өкше мен тізеге дейінгі арасы ешкі қуатын көрсетсе жүруден, жүгіруден қабілетін ал ұзын қысқалығы жүндес болып келуі мал белгісі болып сол мал мінезінің айқындығын белгілейді. Сол сияқты тізе мен жамбас арасы қой белгісі. Жамбас кеуде арасы сиыр болса, кеуде мен мойын арасы түйе болады. Егер қол кеуде жүндес болып ерекшеленсе түйелігі де басым. Күш қайрат, мінездің екінші жағынан шариғат жолымен жүре алмаса түйелік тағы жынның пайда болуы мүмкіндігі зор. Қолдың басы осы айтылған төрт малдың көрінісі болып бала деп аталады. Ескерте кететін жағдай түк басқан жерлер сол пенденің малына байланысты ең осал жері болып қарғалмаса сол малдың ауруын азуын туындатады. Түктің қалыптан тыс болуы мақтаныш емес кемістік тозақтық ескерту «абай бол деген».

Ал бүткіл денедегі түктің біртектілігі сол ішкі мал қуат мінезінің бір қалыпты дәрежесін көрсетеді. Терінің түсі, түрі қай тозақтан тазарудан өткен ерекшелік белгісін және ойлам қабілет қасиет белгісін көрсетеді. Адам шашы түсіну қабілетін реттеп тұратын және жан мизанның қорғаныс қабілетін айқындап және жан мінезінен белгі де болып табылады. Түсіну қабілетін қалыптастыратын ғайыпты болжаумен көріпкелдік қасиет болып негізделеді. Әйел халында шашы ұзарған сайын,оны күтіп жасарып ұстаса ғайыпты болжау қасиеті артып, керісінше шаш қысқа ашық жүру тозақтық белгілерді қалыптастырып тек өмірді нәпсі көзімен өлшеп, тек еспен білімнің жадта сақталу дәрежесінде ғана өмір өлшемін қалыптастырады. Баста шаш арасында қуат бөлінетін тесіктер болады содан бөлінген бу шаш қызуымен майға айналып кері қарай басқа сіңу шарт. Әрине бұндай жағдай тек әйелдерге қатысты болады себебі әйелдер табаны арқылы жермен қуат алмасу жүріп тұрады. Еркектерде тізеден төмен бөлікте перде болады. Сондықтан еркектерге аяқ үнемі жабық болу керек болса, әйелдерге баста сондай қымталу керек. Еркектер көктік қуат алады ал әйелзаты жерден алады. Бірақ бастың үнемі ашық жүруі еркектер үшін де түсіну қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Түсіну қабілеті қулыққа, айлаға, жад пен еске кері бағытта деп ұққан жөн. Пенденің айлакерлік зымияндық әрекетері керісінше тән кірлеген сайын жоғарылайды. Қара шашты, қара түктілер қуаттың молдығын, мінездерінде тұрақтылық болып уәдеге де нық болып келеді. Әрине ол бала кезден алған тәрбиеге ортаға да тәуелдікте ғана қалыптасады. Дене түгінің қызғылт болып келуі, қара түктілерге қарама-қарсы мінезді көрсетеді. Аумалы-төкпелі дейді қазақта. Тозақта ұзақ болған (әсіресе түйеде) белгі болып табылады. Баланың ақ шашты болып келуі ескерту Алла тағаладан. Азап қиындықтар болатынын өмірінде қауіп қатерлердің сынақтың белгісі болып табылады.. Бірақта ата анасының өмір сүру ерекшелігі мен өзінің Алланы тану барысына қарай өзгеріп те отырады. Европа халықтарында ақ шаштылардың көбеюі болашақ қоғамдық азғындау және апаттар белгісі болып, және сол апатқа ұшыраған бұрынғы елдердің жандарының тозақтан келгенін білдіреді. Тағы да азғындық, түрлі уақиғалар болады деген ескерту. Сондықтан пайғамбарымыз кезінде шашты қараға бояуды ескерткен. Жанның екінші бір дәрежеге өтуі немесе үшінші рет уәде беріп келу белгісі сары шаш болып өмірінің де ала құлалығын білдіріп дұрыс өмір сүрмеген жағдайда өмір жасы да қысқа болып келеді. Бір өзінде жақсылық та жамандық та белгілер тоғысады қалай тәрбие көрсе солай өмір сүреді. Қалай қарай бағытталса солай бұрылады. Тұлғалық, бітістік, пішіндік бейнелеу нәтижесін 5-ке бөліп біріне бірін тәуелді етіп, толымды, толымсыз белгілерді ұштастырып, бейнелеп алақанға жазған Алла тағала. Өзгертуді өзіңе берген. Тозақтық ерекшелікке қарай сол белгіні ұтымды пайдалануға және жақсылыққа тәрбиелеуге жасырын қуат қасиет көздерін сыйлаған. Сондықтан да бес саусақ бірдей емес! Қол бала, ол тағдырға болашаққа жолдама.