Құл туралы әл қиса.

Кезінде аталарымыз ауыз-екі жеткен уақиға қисаларды «Әл –қиса» деп атаған. Әлқиса Ибрагим пайғамбарымыз, кезінде ораза ұстап, тек келген қонақпен ғана ауыз ашатын болған. Бірде осындай кезекті ораза кезінде үйге адам бас сұқпай қалып, ашыға бастағасын, сол кенттен бір жасы үлкен кісіні қонаққа шақырады. Жайласып отырғаннан соң, пайғамбарымыз жөн сұрасып, наным сенімін сұрайды. Сонда әлгі кісі Құдайға сенбейтінін айтып, ешқандай дінді керек етпейтінін ескертеді. Ашуға жеңдірген пайғамбар, дінсіз пендемен дастарқандас болмайтынын айтып, әлгі кісіні үйден шығарып жібереді. Бір уақытта Алладан аян келіп; «Менің 70 жыл асыраған пендемді бір мезетке болса да, үйіңе сыйғызбадың!» деген ескерту алыпты. Содан ұялған пайғамбарымыз, әлгі кісіні ертеңіне іздеп тауып алып, кешірім сұрап, өтініш айтып, қайта қонақ қылып сыйлайды. Тамаққа тойып, көңілі көтерілген қонақ, «Енді түсіндірші өткендегіңді» деп өтініш айтады. Амал жоқтан өтірік айта алмайтын пайғамбарымыз болған жағдайды баян етеді. Сонда әлгі кісі; «Егер сенің құдайың солай бұйырса, онда әділ құдай екен, менде сенің дініңді қабылдадым» деп мұсылман болған екен деген сөз қалған. Қазақта ораза намаз тоқтықта деп айтқан сөз де бар. Сондықтан құлшылық туралы аяттарға зер салсақ, мұсылман жаратылыс тегін біліп, өзінің қалай жаратылғанын және жаратушының жалғыз екендігін түсінген пенде болса, ал кәпір сол жаратылыс заңдылығынан бей хабар, өлім туралы ойламайтын, ақирет өмірін түсінбейтін және арсыздық, адамгершілікке жат істемен шұғылданған пендені айтады. Демек бар ұлтың немесе діннің өз кәпірі мен мұсылманы бар. Тегіміз маймылдан немесе табиғат жаратты, бомаса құдай үшеу.т.б ұғымдарды ұстанатын пенделер кәпірлер. Алла тағаланың хақтығын, жаратушының растығын мойындау білу, текті тану мұсылмандық белгі. Тек әрбір халықтың ұлтың құлшылық ету ерекшелігі болу керек екендігін ғана түсіну қиынның қиыны.