Сенім-жан шуағы-шам.

«Ешкім шам жаққан соң, оны ыдысымен бүркемейді, не төсек астына да қоймайды. Қайта, үйге кіргендерге жарығы түсу үшін шам қойғышқа қояды. Себебі мәлім болмайтын ешбір сыр, жарыққа шығып жария болмайтын ешбір құпия жоқ.» ( Л; 8-тарау) Ғиса пайғамбарымыздың өсиетінен.

Сенімді жалпы жан тану ғылымында да сөз танушыларда, діни сауатыларда дін деп атап дін тек сенімнен пайда болады деген жалпы әлем халқында қате түсінік қалыптасқан. Бұндай жағдай сөздердің ұрланып, қуаттық мәнінің айрылуынан жан ғылымының жоғалуының басты себебі, көрнісі. Әрбір жаратылыстың көрінетін, көрінбейтін заттық емес көрнісінің бәрін сол жаратылыстың діні деп атағанымыз абзал. Егер айнаға қарасаңыз сіздің бейнеңіз пайда болады яғни ол сіздің тәндік қуатық бейнеңіз шамыңыздың жарығы бүгінгі шыныңыз-сеніміңіз. Бірақ ертең, онан кейін қалай өзгеретінене көзіңіз жетпейді. Сеніміңізге шамыңызға риза болсаңыз, көңіліңізге қуаныш кіріп, жұмысыңызды әрі қарай жалғастыра бересіз, ал көңіліңіз толмаса түзетуге тырысасыз. Бұл қарапайым ғана сипаты. Негізінде сенім қуаты шын ақылмен (білім), анық ақылдың (наным) бір бірімен келісімге, қарсылық тартыстарымен пайда болған істен туындаған үшінші қуат жан жағына жол тауып жүруге жарығын түсіруге тиісті. Кейде бір тығырыққа тірелгенде жолыңды ашу керек дейтін әңгіме осы сенімнің жоғалуынан көңілдің қараңғылануын, болашаққа азық алмаудан пайда болғанын ескертеді. Сенім біздің болашақты болжап іс қылуға арналған, өмірдің тәжірибесінен, оқып біліп, өткен тарихымызға, ата-бабаларымыздың өмірлік тәжірибесіне нанып, жинаған азығымыз яғни қуаттық ақшамыз. Яғни дінде-пара, болмаса рухани жалақымыз. Осы қуатымыздың қалай, қайда жұмсауымыздан түсінік атты төртінші байлық пайда болады. Наным-кешегі шын, ақыл-білім, бүгінгі шын, сенім-ертеңге керекті шын. Ертеңгінің болашақтың азығын заман өзгерісіне, уақыттың түрленуіне, әр түрлі шаруашылық нәсіптік байлықтардың өзгерісіне байланысты жаратқаннан дінің қағидасын түсіріп қойған. Сол қағиданы орындауға өзіміздің ақылымыз толық жете қоймағандықтан енді елге жіберілген, арамыздағы уәкілдікке бұйырылған жол-басшы, дін басшы, ел басшыларына сеніп, дінімізді толықтыруға, осы сенім қуатын жұмсауымыз шарт. Діннің заттық сипаты су болып, егер дінсізбін дегеніміз, су ішпеймін деген ақымақтың сөзіне келеді. Әрбір жаратылыс нәрсесінде бос кеңістік болады. Сол бос кеңістікке өз үйін салуды діннің қағидасы деп түсінсек онда сол бос кеңістікті не өмір суымен немесе күнәмен өлім уымен толтыруымыз осы сенімнің жұмысы болып шығады. Сенімнің өнімі май, немесе бал. Оның да қарама қарсы жағы бар. Сондықтан дінді тек адам баласының сенімі деп алсақ, онда сенімде білім, ғылым және ақылдың белгілі бір қалыптасқан шамасы болу керек. Онда адам баласы қайдан келгенін және өз тағдырының немен аяқталатынын, күні ертең алдында қандай оқиғалардың күтіп тұрғанын, қалай өлетінін немесе мүлде өлмейтініне және өзіне керекті денсаулықты, бақытты, уақытты қажетінше алатын мүмкіндігіне де сенімді болу керек. Сондықтан егер білімділігіңе нанып, сенсең-білімің куәлікте; үкіметтің сені барлық азаптан, сынақтан арашалай алатынына нанып, сенсең заңың куәлікте; дәрігердің аурудан емдеп, өлімге араша түсетіне нанып, сенсең- онда дәрігерің куәлікте; ақылыңның сені қандай да бір жағдайдан, тығырықтан алып шығатына нанып, сенсең- онда ақылың тұрақты түрде кепілдікте, куәлікте жүру керек. Сенім сенің тағдарыңның жазушысы, періште орындаушысы, қайғы қасіретте қол созып жәрдемге келетін, адам баласының қасиетінің парасатының көрнісі. Сондықтан кейде денсаулығың, кейде қаражатың, кейде бақытың, кейде басың жоғалатындай жағдайға түскеніңде сол кепілдікте тұрған табынып жүрген, Алланың құдіретін бағыштап, сенім-куәлігіңнен дұға тілекпен сұрағаныңда, тілегің орындалып, жоғалғаның орнына келетін болу керек. Сенім әр пенденің діні қорғаушы желеуші тәңірі, Ол, сенімнің де әр халыққа, ұлтына сай ата-бабасының көкте егіп, кейінгі ұрпақтары орып жемісін жесін деп қалдырған ақыл егіндігі десе де болғандай. Сенімің сол егінді орушы қуатың, тәңірлік сипатың. Олай болса сенімің сенген тәңірің сол егінді орып бастыруға құдіретті ме? Әр пендеге ерекше бір «кәлләдан» беріліп, соған лайықты діні сенімі-ақылы бар. Егер мемлекетіміз діннен бөлекпіз деген заңы болса онда мағынасы; өзімімізге-өзіміз сенбейміз, ішкі еркіндігіміз жоқ, сондықтан рухани яғни ақылымыз тұрлаусыз, басқа сенімді мемлекеттердің бодауындамыз деген ұғымды білдіреді. Мейлі үкімет басқарушылары сенімсіз, еркіндіктері құлдықта бола берсін, бірақ әрбір жеке пенденің өз діндерінің, сенімдерінің арқасында қазақ деген мемлекеттің тұтастығын құраймыз. Негізінен мемлекетке қарап халық құрылмайды, керісінше халықтың сенімінен, ниетінен мемлекет құрылады. Сондықтан ондай егіндіке еркін жіберілгеннен, қарны тойып, күпті болғаннан, аш болған кездегі жағдайын ұмытқасын не айтпайды, кешіре салыңыз иманның бір шарты ғой. Олар егіндікте жайылып жүре тұрсын, біздер әрі қарай талқылай береміз. Өмір бар жерде қаза бар, қайғы бар және қайта тумақ бар, сондықтан міндетті түрде дінде бар. Дінсіз адам баласы хайуан сияқты өліп, артында ізде, белгі де қалмас еді. Өлімді және қайғы қасіреттермен, тіпті қуанышты бір-бірімен бөлісіп қуана білуді де, дінсіз атқару мүмкін емес! Біреуді қуанту үшін, сыйлау немесе сый беру үшін де әр түрлі ортақ ырым, сенім-наным керек онсыз тағы ортақ тіл табысу дін амалынсыз, нанымсыз болмайды. Демек адамзаттың бір-бірімен ортақ тіл табысудың қандайда бір түрі болмасын дін болып табылады. Әр елдің өздеріне тән амандасу, хабарласу амалдары да дін. Мылқаулардың бір-бірімен сөйлесу тілі де дін. Сондықтан хайуанда да да діні бар тек біз түсіне алмаймыз. Енді сол діндерді бір жүйеге келтіріп әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналдырып, оны орындап жүруді міндеттеп, атадан балаға аманаттап тәрбиемен, үйретумен беріліп отырса онда сол елдің, халықтың толық діні немесе нұрландырушы кітабының көрнісі болып табылады. Тек сөз жүзінде қағазға түскенді дін, ал қалғанын адасқан деп шешім беру надандардың немесе шайтан адамының ойы. Олай болса ата-бабамыз қазақта жаратылыстан дініміз болып, дамытып, түрлендіріп, заманға сай сәйкестендіріп, жоғалмасын деп таңбалап, мақалға, нақылға өлең қисаларға айналдырып санамызға жазып қалдырып отырыған. Және құдайға шүкір, жалпы қазақ қалам ұстап білімді аталғаннан бері тегімізді және бабаларымыздың кім болғанын, керемет болғанын жарыса жазып мақтанып, құрмет тұтамыз, «серік, шерік» дегеннен қорықпай ескерткіштер салып, білгеніміз құран бағыштап, зираттап ақиретпен кездесуді іздеп жүрміз, демек онда бекер емес бір сыр бар, онда дініміз болған, тек араптардан ғана үйренбегенбіз, бұрыннан қанымызда бар және әліде өзімізде де болу керек. Тек өзімізге өзіміз баға беріп айнаға емес, рухани болмысымызға үңіліп қарап, сосын тақта отырған дінін жоғалтқан басқарушы көкелерімізге де жабылып түсіндіріп, болмаса жалынып көрейік, өзгенің емес, өз дініңді іздеп, көріп, тауып сенімді адам болшы!- деп. Мүмкін жартылай болса да түсінер. Сондықтан, ол үшін шежіре атты тағдыр кітабымызды зерделеп оқи білуіміз керек. Олай болса негізгі дін кітабымыз шежіре болып, бұрынғы өткен бабаларымыз нені білген, нені ұмыт қалдырған, қандай оқиға, сынақтарда қандай амалдар қолданған, қалай емделген, қалай ұрпақ сабақтастықты қалыптастырған және соған байланысты қандай еңбектерін, өсиеттерін қалдырған? Ал барлық ғылым, біліміміз елдер тарихы шежіреден тараса, осы тарихтың кейбір бөліктерін, оқиғағаларын ғана түсіндіріп мысалдармен, ақылдармен түсірілген төрт киелі кітапта осы шежіренің ішіне кіріп кетеді. Ғылымның негізгі заңдылығы төрт арқылы бесті табу керек. Әрбір бесінші білімнің бұлағы. Құранда да солай ескертеді. Себебі, киелі кітаптар бүкіл адамзаттың тарихын жалпы суреттегенімен, ішкі негізгі оқиғалар басқа кітаптарда жеке халықтар жадында яғни жерден алатын азығында, қанында, көкте. Сол әр халықтарға берген дін кітаптарын негізгі төрт кітаптың қағидаларымен яғни негізгі оқиғалармен біріктіре отыра ғасырлар бойы бір-бірімізге бірігуге тұтастыққа жақындай беруіміз керек. Сонда өзімізге тән ақылымызды өзге елдің ақылымен шығармашылығымен ортақтастыру белгілі бір шешімдерге келіп ғылымын ашып, ортақ ғылым арқылы ғана дін бірлестігін қалыптастыру арқылы жаратылыстада бір ақылдан яғни шежіре тарихымыздың бір жерден тоғысатынын бір ұлттан, бір ата-аналардан жаратылғанымызды түсіне бастаймыз. Ал ақылдан немесе тарихтан емес маймылдан жаратылдық дегендерді қайда қосамыз? Қазақта «кірме» деген сөз бар, мейлі аталары маймыл болса да қазақша сөйлесе, ішеп жеп арамызда әзірше жүре берсін солай. Кейін «кірмелерін» немерелері түсіндірер. Ал сіздер мен, біздер анық ақылдан жаратылып, байқамай жаңылысып, ақылымыз азып, түрлі тілдерде шүлдірлеп сөйлеп, қайта ақылымызды толықтыруды, тазартуды ойлаған, сондықтан оған қосуға діншілер «шерік» деп атаған ақирет сатыларынан өтіп, «тазарған ақылды» іздеуші яғни иман келтіруші қазақпыз. Қош олай болса қазағым қазіргі дінді тек араптан алдық, арапқа ұқсап қана адам боламыз деген не шатпағымыз? Кімдерге қазақты маймылдан таратып, өздері діннен жараттылып, рухани үстемдік құрғысы келетінін келіңіз бірге іздеп көрейік. Егер қандайда болсын мемлекет, ұлт, ұлыс және адам баласы жаратылыс өзгерістеріне; күнге, айға ауа райына және сол жер бетінде, аспан астында өмір сүріп жатқан жаратылыс себептеріне тәуелді болса онда ол міндетті түрде Алланың жолында өмір сүріп жатыр яғни өзіне тән тағдыры діні жаратылыстан белгіленіп жазылған. Егер арап елі әлемдер елімен ешқандай себептік байланысы жоқ, жеке күні, айы т.б тіптен өмір, тіршілік қамы үшін сауда сатығы да тәуелсіз болса онда діндері бөлек, қалған елдер соған ғана себепті байланса онда дінде бағынышты болуымыз керек. Ол мүмкін емес, керісінше арап елінің мұнайын алып, орнына өзге елдің дайын тамағын т.б өнімдеріне де мұқтаж әрі басқа елдегі өзгеріс апат оларға да зиянын немесе әсерін тигізеді. Олай болса дінде тепе-теңдік ортағымыз бар. Ал Алла жолының ішкі қарсылық заңдылығы бар. Ол қарсылықты Ібіліс жолы деп атайды. Сондықтан мейлі надан, мейлі басқалай жартылай адам немесе маймылдан тарап яки «аспаннан аяғы салбырап» түссе де Алла жолында өмір сүріп солай өледі. Енді еркіне қарай тағдырын жақсарту, денсаулығын түзеп, әртүрлі қасиеттерді меңгеру арқылы ерекше бір жетістіктерге жетіп бақытты өмір сүргісі келсе онда дін жолының белгілі қағидаларын орындау арқылы ғана мүмкін болады. Қандай да болсын ғалым, әкім, өнерлі т.б қызмет саласындағы жетістіктер болсын осы діннің белгілі бір қағидаларын орындау арқылы ғана жетеді. Білім алу-намаз оқу, ал жаратқанға жалбарынып намаз оқу да сәжде- намаз оқуы. Бірақ осы оқудың да, ғалымдықтыңда немесе Аллаға жалбарынып намаз оқумен ғана шектеліп, қалған тірлігінде өмір сүреген ортасына, халыққа, тіліне т.б ғана емес, өзіне ғана тілімен, сөздің қуатын жоғалтып зиянын тигізетін болса онда сол оқыған намазымен-ақ сенім қуатын жоғалтып, түсінгі азайып, есі толмаса, онда ақыл кемістігін, ауруды, сынақтарға түсумен дінінің көрнісімен «ібіліс жолы» болып есептеледі. Сондықтан қазақ елі тұтастай Алла жолында өмір сүрегенмен жартыдан көбіміз және ел басқарушыларымыз, дін басқарушыларымыз да ібіліс жолын таңдағандар болып есептеледі. Аз болса да иман жолында болса ұрлық істеп, өтірік айтып зұлымдықтарға ұшырамас еді. Әрине әрбір сөздің, иманмен жиғанның нақты дәлелін, істермен көрсетіп және киелі кітаптарға ғылымға сүйене отыра, сөз ғылымынан дәлел келтіре алмасам немесе ол дәлелдерім ғылымда негізсіз болып шықса онда менде ілімді, білімді меңгердім дегенмен бәрібір «ібіліс жолындағы» пенденің бірі болып табыламын. Өйткені ой жорумен, пәленшекең айтқан екен, атақты ғалам дегенге сүйеніп, таза ақылға жүгінбегендіктен, өзіме-өзім зұлымдық жасағанымен бірге, елді тура жолынан жаңылдырушы нағыз ібілістің көмекшісі болғаным. Сондықтан қандай да бір адам баласы сізге; «Алланың жолында жүрсің бе?» — деген сұрақтарды қойса, онда өзін ібіліс жолындамын деп куәләндіріп тұрғаны болып табылады. Онда адамзаттың сенімін үш топқа бөлуге болады. Жалпы адамзатқа ортақ сенім Алланың жолында болып, қандайда бір тіршілік үшін, өмір қамы үшін қажетті қасиеттерді меңгеріп, білім алып, өнерлерді меңгеріп, ұрпақ жалғастырып, қоғамдастық заңдарын қалыптастырып өмірдің базарын жүргізу. Екінші ібіліс жолындағы сенім өмірді өткінші деп ойлап, қалайда өзінің үстемдігін көрсетіп, біреулерді құлдап, біреулерді алдап, әйтеуір тек өзгеден артық болсам деп, сол жолда барлық ғылымның да, өнердің де жетістіктерін пайдаланып, біреулерді паралап, екінші біреулерді ағалап, «ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жалғанды жалпағынан басып, өмірді кешіп, түбі ұрпағы азып, өмірінің соңы қайғы қасіретке айналатын өмір заңдылығы болып табылады. Ал тағдырдың жіберілген қиындықтарын жеңу мақсатында, сынақтарға мойын ұсынып, немесе берілген нығметтеріне рахмет айтып, әрі қарай нығметерді берекетендіріп, тұрақтандыру жолында діннің белгілі қосымша амалдарын орындау барысындағы тірліктер Алла жолы әрі дін жолы болып саналады. Ал тек өзін ертегіге айналған жаннатқа кіріп, болашақта басқалай мәңгілік өмір сүрмек мақсатында тек дін жолындамын деп басқалай адамгершілік амалдардан бас тартып, өзін-өзі қинап, қалыпты, жан-ұя құрып, тіршілік амалдарын жалғастырудан ізгілікті істерден бас тартып, біреуін шайтанмен, біреуін жынмен қорқытып, келіп қалды, көріп қалды, араптардың шариғатына ұқсамай қалды т.б өзін жаратқанның дінін немесе Алланың кітабын қорғаушы етіп көрсетушілер таза «ібіліс жолын» таңдағандар яғни діннің тұтастығын бөлшектеп қиындатып, ақылға сиымсыз өмір тіршілігінен ажыратушылар яғни толықтай білімсіз, азғырушы, кітаптардың арасын бөліп, бөлшектеуші надандар.

Әрбір адамның жеке діні-сенімі. Сенімді кейде наныммен шатастырып алып ескіліктің қалдығы деп жатамыз. Наным тарихи оқиғалардың кейбір қиындықтарды жеңу, күресу барысында қалған әдеттердің көрнісі. Орнымен пайдаланса қайғы қасіреттерден айналып өтуге болатын жеңілдіктермен, орынсыз пайдаланса керісінше болуы да ғажап емес. Наным ақылдың қатысуымен ғана нәтижесін береді. Сондықтан наным жалпы халықтың дін тарихынан хабар береді. Ал сенім- әрбір пенденің мінезіне, қасиет, қабілетіне байланысты өмірден, тіршілік ету барысындағы түйген ішкі пікірлерімен, алған білген, естіген жинаған, оқыған, тәрбие болып қалыптасқан қылықтарының ішкі ой арқылы бейнеленген көрнісі. Адам баласының жеке діні ақылдың нәтижесіне тәуелді болса, ал негізгі тілдік, ұлттық, жерлік, халықтық мінез қылығы жалпы дінінің көрнісі болып ол естің белгісін, шамасын айқындайды. Ес-парасаттық шама. Адамның жеке діні сөзбен, сөйлеу өнерімен өлшеніп, ақылдылығының көрнісін берсе, ал халық ішіндегі өзінің білімділігімен, ізгі істерімен және ақылды сөздерімен, тәрбие қылығымен оның естік шамасы парасатылығы яғни зайырлығы жалпы дінінің көрнісін береді. Сондықтан қандайда лауазымды қызметте немесе жасы ұлғайып кәмелеттенсе де сөзі дұрыс, ақылды ойлар айтып ісі шеттің, өзге тәрбиенің жетегінде немесе жасына лауазымына ортасына, жынысына кері істермен, қылықтармен ерекшелену; есінің аздығын, парасаттылығының кемістігін олай болса дінінің жетімсіздігін, сенімінің тұрақсыздығын білдіреді. Ондай пенденің өміріндегі жетістіктері де, жинаған қандай да бір байлық, дәулет сол сияқты ұрпақ сабақтастығы да міндетті түрде өзгерістерге, құбылмалыққа тән болып, кейде аяғы қайғы-қасіреттермен аяқталып отырады. Бұндай сенімнің жетімсіздігінің тағы есі тұрақты болып келетін діншілер арасындағы да кері көрністері болады. Ондай діншілер күнделікті істерде есі тұрақты, қоғамға жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, сөзі де дұрыс болып келгенімен, ақылы қақпанға түскендіктен, өздігінше іс істеп шешім қабылдай алмайтын, тек белгілі сызып берілген шеңбердің ішінде ғана жүріп, сөзінің өзі кітаппен ғана өлшеніп адамдар арасында тазалықты бақылайтын жансыз «құл темір» (роборт) тәрізді өмір кешеді. Белгілі шамада ақылды көрінгенмен заман өзгерісінен, жетістіктерінен ақыл ойлары кешеуілдеп қалған тек ескіше ғана ойланып, ертегігіге сеніп өмір сүретін сақалы бар, мақалы жоқ, сондықтан сөздің астары түгіл, тура мағынасында теріс түсініп, қоғамдық ұжымдық өмір салтына жоғарыдағы есі кеміс пенделерден де көп зиянын тигізеді. Сыртқы бейнесіне қарап ондай пенделерге ақылы жетілмеген, көрсе қызар және надандар үйір болады және соңдарынан еріп қатарларын толтыра береді. Жалпы халықтың сананың тежелуіне зор ықпалын жүргізеді. Осы қоғамдағы екі тап та негізінен өздерін; бірі халықтың мүдесін қорғаушы, еркіндікті рахат өмірді көрсетуші, екіншісі халыққа мәңгілік өмір, жаннатық сый, көп еңбектенбей-ақ тура жолды тауып жаратқанның досы болуды көрсетушілерміз деп есептейді, солай үгіттеп өз сенімдерін үйретеді. Бірақ сенімнің заман қиындықтарымен үнемі қаралық, жамандықтарды жеңіп, қиындыққа төзіп, бейнеттер, михнаттар кедергілерінен ақыл, білім, ғылым жетістіктерімен және ағайындық, ұлтық, ұжымдық бірлестіктерді сақтау арқылы және сол өзін жаратушы құдіреттің әрбір қасиет иелерін, белгілерін тауып қарыздарын құлшылық, ізгіліктермен өтеу арқылы ата-анасының, бабаларының ақыл кеңестері арқылы ғана жетуге болатынын біріміз білсек көбіміз қарсымыз. Сондықтан біріміз тек намазды оқып жетуге болады десек, біріміз білімді көбірек алсақ жетеміз, тағы бірлеріміз басшылықты өзгертіп әділетті қоғам құру арқылы жетеміз, енді бірлеріміз экономиканы дамытып, қарынды тойғызсақ бақытты қоғамға айналамыз, немесе шет елдің барлық өнерлерін, қылықтарын меңгеріп, солар сияқты әйел, еркек теңдігін қалыптастырып, бәрін заңмен реттеп отырсақ, бақытты қоғам құрамыз деп, шортан балық суына, аққу көкке, бақа шаян өз ұясына қарай қазақтың тарихи арбасын әртүрлі бағыттағы сенімдеріміз орнынан қозғалтуға шамасы келмей жатыр. Ал бұндай жалпы халықтық ұлтымызға жат сенімдер қозғалысын кімдер, қашан қалыптастырып үлгерді? Бұдан басқа арбаға әлі жегілмеген тек жатып алып, барға көз алартып, байқамаса қымқыра салуға, жоқ болса еңбек етіп іздемейтін немесе үкімет дайындап берсе алуға, тұтынуға ғана арналған сенімдерімізді арбаның қай жағына жегеуге болады? Олай болса сенім әрбір жеке адам баласының да, сол өмір сүрген қоғамның да тарихи дөңгелегін қозғалтатын, ұжымдық арбасын алға сүйрейтін, өмір сүруге деген құштарлықтың, адам баласының бір біріне деген махаббатын, ер мен әйелдің іңкәрлігін және ұрпақ әкелуге құштарлығын қалыптастырып, бір-бірімен жақсылық істеуде жарыстырып қоятын және содан әсер алып, рухани ләззатқа бөлейтін күш болып шығады. Ондай сенім күші жойылған немесе әлсіреген адам баласы, өмірден түңілу, әйел мен ерекек , ана мен бала, ағайындар арасындағы мейрімділік туысқаншылық сезімдердің әлсіреп, қара кері әсер беруші күштердің қақпанына түсіп, теріс қылықтардың мейрімсіздіктің, жаман әдеттердің жетегіне еріп, отан, қоғам жауапкершілігін мойындамай,тек тұтынушы және төгіп шашып, тартып алып, қашып кетіп, т.б азғындық әрекеттермен өзіне-өзінің сенімсіздігін жасыру мақсатында қылмыстарға барып, тіптен өзін -өзі жойып жіберу әрекеттеріне мойын ұсынады. Бұдай әрекеттер жалпы қоғамдық көпшіліктік әрекеттерге ұласса сол елдің апаттармен, аурулармен, ұрпақтардың рухани әлсіздік ауруларына ұшырап, жер бетінен ұлт ретінде жойылуы тиісті тарихи шындық. Олай болса сенім қуатын кімнен алуды, қалай тәрбиелеуді кімнен қалай үйрену керек деген сұрақ туындайды? Сенімді менен немесе бізден үйренсең бақытты боласың деп діни топтар, болмаса қоғамдық ұйымдар құрып, ел кезіп кітаптарын таратып жүргендер жеткілікті, алыстан іздеудің де қажеті шамалы. Әрбір ондай пенделердің артынан еру үшін әуелі сенімнің көрнісін, күшін білу керек. Сенім күші қандай болады? Егер қазақ аталарымыздың сенімі болмағанда аз ғана халықпен әлемде 9-шы көлемді жерді иемденіп отырар ма едік? Және қаншама батырларды, ақындарды, билерді, әділетті хандармен, ғалымдарды дүниеге әкеле алар ма еді? Сондай апаттардан да, қиындықтардан да, өзге елдің бодауында болса да өзіндік ерекшелік қасиетімен белгілі болып, сақтай білген халықтың жақсы жүріп келе жатқан жолынан кімдер бөгеу қойып, шындықтан жаңылыстырды? Бұндай жағдайға түсуге кім шақырып жүр? Құдай емес әрине. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген аталарымыз. Батыс елдерінің әйелдеріне ұқсап, қазақ әйелдерінің де май басып, бала тумай шіріп, артынан тұздың (қыздың) сасуына кімдер мәжбүрледі? Ал «тұз сасыса не себеді?». Сенім деген емі бар еді ғой тарихта? Сондықтан енді бұл жерде ата-баба тарихынан көрсеткен амалдардан жазғанмен пайда жоқ, көбіміздің аталарымызға олардың ұстанған салтына, дініне сеніміміз жоғалды да ертегіге санап, қайта жер басып, жартылып пайда болмайтындай, бас көтергенін керісінше тұншықтырып жатырмыз. Қаншалықты әділетті, сенімді шынымыз туралы білім алу үшін, алдымен жалпы әлем халқының жадында қалған кітап болып жазылған, киелі кітап мысалдарына тоқталғанымыз жөн. Абай атамыз айтқандай; «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адасу керек.» Көппен көреген ұлы той-деп те атаймыз. Бірақ қандай той және қай көптің соңынан еру керек? Құранда жаратушымыз пайғамбарымызға көптің соңынан ілессең адасасың, деп ескертіпті. Және Абай атамыз бар жамандықта, нададық та, зұлымдықта көптен шығады деп өз сөзіне қарсы болды ма? Жоқ, ол көбіміз жер басып жүретін тірілер емес, өлімнен тіріліген тірілерді айтамыз. Сондықтан аталарымыз өлі көп пе тірі көп пе деп астарлаған? Сол көптің ішінен ең озаттарын Алланың сүйген құлдары, достары деп атайды. Сондықтан әр тірі жүрген пенде баласы, өз төртеуін түгелдеп барып, төбеден келетін бесіншісін ақыл құсы жұлдызын табу керек. Онда енді қай елде, ұлтта тылсым ақылын тыңдай білген, өз дінін алған кереметтер, дәлелдер көрсеткен ғұлама әулилері, тура жол көрсеткен елшілері, сенімнің батырлары көп болса сол ел кітап берілген тура жолдағы елдер сапына жатады. Әрбір үйренетін, үлгі алатын ғылым, білімнің бұлақ көзін тауып, оны аршып қайда құйған көлін көпті неге іздемеске? Адамзат тарихында қысқа уақыттың ішінде ерекше белгімен келіп, сенімнің негізін, бұлағын жоғары белгісін көрсетіп кеткен Ғиса пайғамбарымыз болып табылады. Ал адамзат тарихындағы бар діннің тұжырымы, білімі болып және жаратылыс құпияларының бар сырын қамтығын кітаптар жинағы, діні-Тәурат болса, Зәбур-жан сырын ақыл, білім, естілікті жетілдіру кітабы болып, Інжіл келесі ішкі әлем сырын қамтыған адам рухының құпия сыры мен жан сырына Тәураттың жаратылыс біліміне жалғану кітабы болып, ал құран осы үш кітапты намаздарының орындауларын және толық кемел адамды қалыптастыруға негізделген, жаратушы тарапынан бар түсірген кітаптардың кілті болып, діндердің бірлігін қалыптастыруға негізделеді. Бұл діндер бірлігін қалыптастыруға заман тарихи оқиғалар кезеңін, бұрынғы адамзат басынан өткен оқиғаларды қысқартылған түрде қайта қайталану барысында адам баласы білімін жетілдіріп, ақылмен өлшеп, сол діндер оқиғаларын бастан жеке-жеке және бүкіл халық, әлем болып електен өткізіп, түп негізге қайта қосылу барысында тұтастай ислам діні болып қалыптасу керек. Бірақ адам баласы білім жетістігіне мастанып керісінше өз ара көре алмастықтың кесірінінен топ-топқа бөлініп, дінді біріктіру орнына жеке-жеке аталарымыздың бастарынан өткен дін уақиғаларына жалғанып, кейбіреулеріміз өзге елдердің тарихына, қылықтарына жалғану арқылы діндер майда бөлшектерге, секталарға айналып, білімнен, ғылымнан мүлде ажырап, кері қарай надандыққа түскен уақытта дінің тірілуі яғни өліктердің қайта жаппай тіріліп, жер басып жүргендермен байланысқа түсіп, таза рухпен, қара күштердің теріс рухтардың көрінбейтін, бірақ адам тағдырлары арқылы бейнеленетін соғысы басталады. Сондықтан қазақ аталарымыз да халықтың сенімі өліп азған кезде; «Жерден Мәді шығады (дін имамы) көктен Ғиса (періште болып) түседі.» деп ескертуі бекер емес. Жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайды, Құдайсыз қурай сынбайды –деген аталарымызға нанымына сенгеніміз де жөн болар. Ал дін имаммы Мәді кім? Әрине ислам дінінің соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағаты 47-сүре арқылы «Мағди» болып бейнеленеді, кітаптарға жалғанып, ізгілікті хиеметті істер болып жәнесүйікті құлдарымен атқарылады да.