Рух таразысы сынақ. Ой, ес, ақыл, ар және Рух танымы.

Жер асты жолдарын су және басқа да байланыс белгілерін құранда; (Ғанкәбүт) «арна» деп атаған. Сол арнаның әрбір мемлекет, қалаларда белгісі бар, оны апан деп атайды. Жер сілкінуден бастап бүкіл табиғат апаттары осы жолдармен белгілі мерзімде атқарылып отырады. Ай жолдармен аспан қабаттарымен тікелей байланысты. Аспан әлемінде сол жолдарды өсіруші көркем сөз болса жер асты жолының бұтағы да жемісі де теріс дыбыс, жаман сөз, Алла тағалаға қарсылық ниеттер тербеліс қуаттарына айналады. Аспан әлемінде аспан денелерін жұтатын қара апан болса жерде де сондай оқпан бос кеңестік пайда болады. Апан деп жойылу, жоғалу және жұтылу, қирау орын белгісін айтады. Пенделердегі пайда болатын арна белгісін ажал дейміз. «Сендер бір жағдайдан, бір жағдайға өтесіңдер». (Іншиқақ-19)

Сол жағдайдың болу уақытын қиямет деп атаған. Қияметтің де төрт мезгілі бар. Ерте ме кеш пе болу уақытын тағдыр деп аталады. Соған себептерді жаратып сынақ уақытын белгілеген. Енді мемлекеттер үшін де белгілі бір тербелістік даму жүйесі бар. «Әр әлеуметтің белгілі бір мерзімі бар. Олар, сол мерзімі келген сәтте, бір дем кешікпейді де ілгерілемейді».(Ағраф-34) Ал сол мерзімдерді қалай білеміз. «Әр жыл бір, екі рет сыналғандарын көрмей ме? Сонда да олар тәубе қылмайды»(Тәубе -126). Жалпы әрбір пенде үшін және әлеумет үшін үлкенді-кішілі жылына бір немесе екі рет сынақ жүреді. Сол сынақтар арасы мерзімдік сипаттары бар. Және де ай орнына байланысты жүреді. Мемлекеттер үшін де әртүрлі су, от апаты соғыстар, түрлі аурулар т.б. сынақтар түрінде ескертулер түсіп отырады. «Ол сендерді үстеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге, не сендерді топтар түрінде ұрыстырып біріңе-біріңнің кесірін таттыруға күші жетеді де». (Әнғам-65) Және әртүрлі пенде арасында немесе мемлекеттер арасында болсын ұрыс жанжал немесе соғыстар арқылы сынап жазалап отырады жаратушымыз. «Жер жүзінде кезіңдер де жаратуды қалай бастап, сосын екінші жасауды да жасайды. Көріңдер! Расында Алланың әр нәрсеге күші жетеді де» (Ғанкәбүт — 20) Болмаған жағдайда үлкен апаттар арқылы жер бетінен мүлдем жоқ етуі де мүмкін және сондай апаттардан сабақ алу үшін белгілер қалдырып отырады.

Әр сүренің өзіне тән таңбасы немесе аты бар. Ғанкәбүт – арна және апан деген ұғымды білдіреді. Енді апандар белгісін тізбектеп жіктеп көрсек.

1) Нух қауымы — әр түрлі зұлымдық шектен шыққан дандайсулар жасаған, апат белгісі топан су болды.

2) Ыбырайым қауымы – Алладан өзге тылсым құпияларына (жындарға) табынған, шоқынған апат белгісі – от.

3) Лұт қауымы – арсыздық нәпсіқұмарлық бір жынысты қарым қатынастар жасаған, салт дәстүрден алшақтаған, апат белгісі көктен пәле жауған.

4) Мәдиян елі Шұғайып қауымы – Алланың бұйрығына қарсы шығып елшіні түскен белгіні, хикметті мойындамай, жазықсыз жазалаған күш көрсеткен. Апат белгісі жер сілкіну.

5) Ғад, Сәмуд елі тек жақсы тұрмыстың соңынан түсіп шайтанға еріп дінсіздік жайлап, қалай болса солай өмір сүру арқылы елшіні тыңдамай, жер сілкіну және белгісіз себептермен ғимараттардың қирауы жойылуы болған.

6) Мұса қауымы –Жер жүзінде дандайсып, зәулім ғимараттар салып, ғылым дамып, өздерін басқа елден үстем көріп, күш көрсету өзіндік заңдарымен өмір сүріп және соған басқаларды да мәжбүрлеген.

Әр түрлі апат белгілері түскен:

1) Сиқыр арбау істеріне – тас жаудыру немесе жанар таулардың атқылау апаты болады.

1) Дандайсып жаратқан иесін ұмыту — ащы дауыс боран жел апаты.

2) Зәулім құрлыстар салып көкке өрлеу – құрылыстарды жер жұтады

3) Осы барлық белгілер бір жерде пайда болғанда суға батырып топан сумен қирау апаты болады.

«Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп түзушілік істемейтін 9 кісі бар еді» (Нәміл-48)

Тоғыз түрлі бүліншілік белгісі болып жер жүзінде және сондай бүліншілік ұйымдастыратын тоғыз кісі үнемі шығып отырады деп ескертеді. Аятта: «Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды біледі, өтірікшілерді де біледі (3) Немесе жамандық істегендер, бізден қашып құтыламыз деп ойлай ма? Олар нендей жаман үкім береді!». (Ғанкәбүт -4)

Ол үкім, дінді мемлекеттен бөлу, және ата-баба салған жолдан ажырау дін істеріне тыйым салу.(Орамал, дінге байланысты киімдерге тыйым салу.)

«Олай емес негізінде Құран, өздеріне ғылым берілгендердің көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді». (49)

Енді мына аятқа мұқият зер салсақ: «Олар көрмеді ме? Алла жаратуды қалай бастайды, сосын оны қайтарады. Расында бұл Аллаға оңай» (19) Жаратылыстың да тербеліс жүйесі болады, яғни бір шегіне жетіп кейін қарай қайталанады сол белгілер соңынан бастап қайталанады деп ескертеді. Сондықтан сол апаттарды кейін қарай есептеп шықсақ, ірі қирау белгілерін көруге анықтауға болады.

«Рас Нұхты еліне жібердік. Сонда олардың ішінде тоғыз жүз елу жыл тұрды. Сол уақытта оларды топан басып алды, олар: залым еді.» (Ғанкәбүт – 14) Алғашқы ескерту мен жойылу арасы 950 жылды құрайды.Сол уақытта әрбір 95 жыл сайын үлкен ескертулер болып отыруы керек. Және мезгілдік тербеліс жиілігімен қайталанып отырады. Әрбір 9 ай сайын апаттардың ерекшелік белгілерін көруге болады.

Соңғы апат суға батыру белгісі жер бетінде жүріп жатыр. Ол жәй ескерту ғана. Қалған ұсақ ескертулерге ғана тоқталсақ. Негізгі шоқыну жазасы, от апатымен ескертіліп Ибрайым пайғамбар белгісі болып есептеледі. Англия мемлекеті бір жынысты некеге рұқсат берді. Үш күннен кейін май қоймасына көктен пәле түсті. Түркия орамалға тыйым салды. үш күннен кейін әуежайы өртенді. Ол Лұт пайғамбар белгісі. Ресей т.б. мемлекеттерінде жер сілкіну болып Шұғайып пайғамбар белгісі түсіп жатыр. Ащы дауыс боран және су басу Америка құрылығы Тайланд, Қытай т.б. мемлекеттер (Лұд, Салих) елшілер белгісі болып ескертіліп жатыр.

Алматы қаласының әуе жайы өртеніп, белгі түскен еді. Ол орталықтың ауысуы мен Астанаға қарай кетті. Желтоқсан айында шырша құлап, қонақ үй өртенді. Сонан кейін 25 қабатты ғимарат жанды. Әрине оны кездейсоқ дей саламыз. Апат мерзімін есептеп көрейік 9 ай және 18 ай арасын құрап отырады. Жоғарғы лауазымды пенделер арсыздыққа қарсы заң шығарып шара көрсетпесе қайталана бермек. Кезекті ескерту 2007 нің ақпан айының келіп Астана мен Алматы арасындағы темір жолға келіп ескеру болды. Сол ескерту наурыз айына келіп одан кейін мемлекет болып қортынды шығармаса үлкен ескерту болмақ. Тек адам шығыны болмаса деп тілейік. Себебі жылына екі келген ескерту келесі жылға адамдар өлімімен болары ақиқат. «Алла көктер мен жерді хақиқат бойынша жаратты. Расында бұнда иман келтіргендер үшін бір дәлел бар. (44) Егер олардан: «Көктер мен жерді кім жаратты және күн мен айды кім іске қосты?» -деп сұрасақ әлбетте: Алла дейді. Сонда қайда лағып барады» (61) Осы аяттардан апаттар екі уақытқа бағынышты. Айға және күнге. Екі есеп уақыты бар ескертуге байланысты. Мұсылман күнтізбесі және күнге байланысты римдік санау жүйесімен. Құпия белгісі де бар. Мұнай таусылып қалады деп есептеп босқа әуреленгенше, осы қасіреттің болатын уақытынан сақтанайық, есептейік шара қолданайық, ағайын! Қазақ халқында да шоқыну белгісі өз нәтижесін бере бастады. Мекемелер орамалға тыйым салып, дәрігерлерге дейін қайызғағы бұрқырап жалаңбас емдеп, әйелдеріміз жаман иісі бұрқырап тамақ дайындап, бүкіл еркектерді тамақпен улап белсіздер қауымына айналдырып жатыр. Жуық арада Англия «өркениетіне» қуып та жетміз. Тайландта тура 18 айдан кейін апат қайталанды. Тағы күнге байланысты да ескертулер түсіп жатыр. Әрбір ескертуден қортынды шығармай қайталанған сайын апаттар да жан құрбандығы көбейе бермек. Үкімет басшылары мән бермесе қазақ жерінде де халық шығынымен апатардың 9 –ай, 11-ай және 12-айлық сынақтар ескертулер болып қайталанатыны сөзсіз. «Сондай олар, мемлекеттерде шектен шыққан еді. (11) Сонда олар, ол жерде бұзақылықты көбейткен еді. (12) Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырады (13) Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы». (Фәжір-14).

Енді кімнен үлгі алуды қай елдің қаншалықты шындықты тапқанын білгіңіз келсе құрметті оқушым, Алладан аман болсақ құрбан айында жер бетіне азап қамшысы жауады. Апаттар, соғыс, өрт, қирау бұзақылықтар болмақ. Оған дәлел; «Ағарған таңға (1) Құрбан айының алғашқы он кешіне (2) Әр жұп пен таққа (3) Өткен түнге серт. (4) Бұлар ақыл иелері үшін серт беруге арзымай ма?» (Фәжір -5) Таң мезгіліннен басталып, Құрбан айының алғашқы он күні үлкен қауіп болса, тағы әрі қарай жұп және тақ күндеріне сәйкес апаттар, түрлі уақиғалар түнге қарай ауысады. 2006 жылғы желтоқсан айының 21-нен 22-сіне қараған түннен бастап 31-ші желтоқсанға дейін үлкен апаттар белгісі жүрді жер бетінде. Оны алдын ала ескерткенмен құлақ салған пенде болған жоқ. Алматыда жәй ғана жер тербелісімен басталып, соңы 19 шы қаңтар айында европа еліндегі бүліншілікпен әртүрлі қирау белгілерімен аяқталды. Қазақ елінде әзірше жәй ғана ескертулер түсіп жатыр. Ойлансын деген мүмкін жоғарыдағы лауазымды бауырларға ескерту болар. 2007 жылдың құрбан айының алғашқы он кеші 12 желтоқсанға келіп 22-ші желтоқсан арасында негізгі апат ескертулері болса жер жүзіне содан кейін тақ немесе жұп күндеріне ауысып құрбан айы біткенше сынақтар жылда міндетті түрде қайталана бермек. Одан басқа басты елшілер келген қазақ елі болып табылатынын ескрткен түрлі ғылымның да адам баласының да ақылы жетпейтін ауру түрлері, улану, жазылмайтын жаралар, жындану және әйел өлімі арта бермек. «Қапшалаған жан-жануарлар бар қорегін көтеріп жүрмейді.Алла (Т) оларды да, сендерді де қоректендіреді. Ол тым естуші, білуші». (Ғанкәбүт -60) Мұнай болсын басқа байлық болсын беретін де алатында тек Алла тағала екенін ескертеді Құранда.

Европадан батыстан озамыз деп бүкіл азғындық мәдениетін (өркениетін) қабылдап, солай өмір сүргісі келген бауырларға; «Алла (Т) көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындық пен белгілі бір мерзім үшін жаратты, өздері жайында ойламай ма? Шынында адамдардың көбі Раббыларына жолығуға қарсы келеді» (8)

«Көктер мен жерді жаратуы тілдеріңнің, түстеріңнің, қарама қарсылығы да, оның белгілерінен шексіз бұларда білгендер үшін белгілер бар». (Рұм-22). Әуелі өзіңді тану дәстүр тілді меңгеру парыз екендігін ескерткен және Алла алдында есеп береміз. Әуелі артыңа қарап өзіңді ойла тек қазақ болып қана, саотыңды қадірлеп Алла тағала ризашылығына бөленуге болатынын ескертеді. Ендеше әйелдеріміз етегімізді жауып, ерлеріміз есімізді жинап аулымызға қайтайық ағайын! Әдебі жаман ауылға әйелін де апармаған аталарымыз.

«Көктерде және жерде қаншалаған дәлел бар. Адамдар оған көңіл бөлмей өтеді». (Юсып-105)

«Бастарыңа келген бір ауыршылық қол екі істегендеріңнің салдарынан болады. Және Алла көбін кешіп жібереді». (Шура-30) Қанша бодан да болып, өзімізді де ұмыта бастасақ та, кешірімді мейірімді Алла тағала қазақ халқына жол сілтеуге жетекші жіберуді ұйғарыпты. “Қашанда адам баласына тура жетекші келсе, оларды иман кетірулеріне және Раббыларынан жарылқау тілеулеріне кедергі болған нәрсе, бұрынғыларға келген апаттың; өздеріне келуін немесе азаптың қарсы алдарына келуін тосулары” (Кеһф-55) 1000 жыл айналып Яссауи жолы қайта көктей бастады. Тек енді сол қазынамызды ақылмен зерделеп, іс жүзіне айналдырсақ кешіреді Алла тағала әліде қателіктерімізді, күнарапаларымызды және тура жолға салады. Ол үшін тағдыр атты сынақтар тұр қазақ халқы алдында. «Тағы біз әрқандай кентке елші жіберсек, олар жалбарынсын деп, ол жердің тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық (94) Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіпті артылып та кетті де: «Аталарымыздың басына да таршылық, кеңшілік келген екен» десті. Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымызды өздері де білмей қалды». (Ағраф-95)

Қазақ халқына келген жақсылық кездейсоқтық емес, жер де қазына байлықта жаратушымыздан беріп жатқан сый және сынақ. Жақсы мен жаманды айырып, болашақ ұрпаққа отын мен азық және жаңа дәуір жандарын електен өткізу сол қуаттарды меңгеретін болашақ ұрпақты сыннан өткізіп жатыр. Сондықтан да тәубеге келмесеңдер кенеттен қолға аламын деп ескертеді. Қиыншылық сынақтан өте білген адам баласына берер рахмет жақсылығы бар, сол жақсылықтың алғашқы қадамы әр пенде өзін тани білу керек! Сондан кейін ата- анасын, тарихын білсе, тіліне жеріне халқына деген көзқарасы қалыптасып, өзіне өзі есеп беруді үйренсе және өзі туралы күзетшісі қандай баға беріп, қайда бағдар бергенін ести біліп, сол ізді тапқан қазақ баласы, Алланың жіберген бір жібінен ұстап бақыттың есігін ашар.

Ой, ес, ақыл, ар және Рух танымы.

Әр халықтың дүние танымдық, салт-дәстүрлік және жаратушы негіздерін тану ерекшелігі болуы, өз өмір сүрген ортасына, ішіп-жем, тұтыну бұйымдары қоршаған ортаға тигізетін зиянды-зиянсыз әсерлеріне тәуелді болып келеді. Бір халыққа ортаға бейімделу дәрежесінде жақсы зиянсыз әсер еткен нәрсе, келісі бір халыққа кері әсер беріп, жұмбақ немесе аз мағлұматы бар болып танылады немесе басқа қырынан белгілі болады. Бұл жаратушымыздың адамзат баласына беріп қойған есебі. Әр халықтың бақытты өмір сүру сол арқылы жаратушыны тану жолдарын қалыптастырады. Бақыт түсінігі бір тек барар жолдары, іздері бөлек.

Жалпы танымал нәрсенің барлық қырынан белгілі болған жағдайда ол туралы талас тудырмайды. Ол белгі тек ақиқат ғылымы ғана. Ал сол танылу қажетті болған нәрсеге шала ғылыми негіздеу, шала танымдық белгіні, тұжырымды туындатады да сол туралы пікір таластар пайда болады. Сонан барып кейбіреулер еліктеу әсерімен немесе сол негіздің екінші жағын іздеумен қате түсініктер, нанымдар пайда болады.

Бұл таным негіздерінің әсері кей халықтарда айқын кей халықтарда орташа кей халықтарда құпия болып сол нәрсеге, танымға көз қарасы қалыптастырылады. Ізденіп дамытып талапқа талғамға сай келтіріп, немен аяқталатынына көз жеткізе алмау адасуға немесе бір тоқырауға әкеліп тірейді. Тек ізденіс қана шындыққа жетелейді. Көп жағдайда шындықтың танымдық істердің бұрмалануына күдіксіз сенім, яғни білімсіз, ғылымсыз сенім негізгі жатады.

Осы сенімге еге болған биікке жеткен, көпке танылған адамдардың кейде өзі де толық меңгере алмай қате түсініп,шындықты білместікпен бұрмаласа, ол кейбіреулері мақтанмен өз дәрежесін көтеру мақсатында өзі түсінбеген, ойы жетпеген нәрсені айналып өтіп, жалғандыққа бұрмалайды. Ал кейбір ғылыми дәрежесі бар пенделер түсінде аян арқылы көріп толық мәнін шеше алмай қате түсініктерге тұжырымдаулар жасап, шындықтан бұрылып кетіп жатады. Кейбіреулер өзі жеткен биігін сақтау мақсатында сол түсінікке өзі де сеніп өзгені де сендіреді. Ондайға халықта «дүмше молда дін бұзар, арамза ғалым ел бұзар» — деген.

Сондықтан бағыт бағдар алам десеңіз жамандық белгілерін ажырата білу қажет.Оған жататындар:

— Бірінші бұрынғы заманнан еріп келе жатқан үнемі бой көрсетіп отыратын қоғам ауруы — өмір сүре білу үшін жеңе білу қағидасы – қарсылық заңы. Өз Отаныңды сыртқы жаудан қорғау, семьяңды қорғау ол адамгершілік парыз болса, ол оны әдетке айналдырып пайда келтірмейтін нәрсенің бәрін жою керек, құрту керек,немесе басқа түрге түрлендіру, айналдыру болады.Яғни әрбір істен, қимылдан тек пайда табу, пайда көру мақсатын іздеу болады.

— Екіншіден осыдан хайуандық тәсіл қасқырларда кездесетін жеңіске жету, өз мүддесін көрсету мақсатында қырып – жою,өлтіру.Сол арқылы,үстемдігін жариялау бақытқа жетелейді деген қағиданы жеке адамдар, топтар, ұлт арасындағы кездесетін мінез жамандыққа жолықтырады.

— Үшіншіден адамдар өз дәрежесінде еркіндікте болу керек, бір – біріне ешқашанда тәуелді болмау,ол тәуелділік тек пайда көру мақсатында сыртқы әсермен ләззат, қызық көру т.б. қажеттіліктер қатынасы да жамандықты туындатады.

— Төртіншіден өз қажеттігі үшін ғана бағындыру немесе бағыныштылық. Өз қасына бағынышты адамдарды топтастыру арқылы келесі өзімен теңдес болатын адамды бағындыру немесе артықшылығын көрсету. Атақ құмарлық ,шен құмарлық жамандық белгісі болып табылады.

— Бесіншіден тек бір мақсаттағы мүдде үшін қарым – қатынаста болу.Өз руының немесе туыстық белгілерінің басқа сондай рулардан,туыстардан артықшылығын, ерекшелігін білдіру мақсатындағы қарым – қатынас жамандықпен аяқталады.

— Алтыншыдан отырған, қоныстанған, барған жерге ғана байланысты мәжбүрлік қарым – қатынаста болу да жамандыққа жолықтырады.

— Жетіншіден көрген қорлық, қиындыққа байланысты бір – біріне тәуелділік немесе ауырдың асты, жеңілдің үстінде болып қарым –қатынас, бірге жолға шыққан адамдар арасындағы барар жерге жеткенше өз басын қалай сақтаудан, тіршілік қарекетіне сәйкес келеді.Бақытты өмір сүру дегеніміз тура жолды таба білу. Жеке жалғыз бастың бақытты болуы мүмкін емес. Бақытты болу жанмен — жанның мүлтіксіз қосылуы. Сонымен бір – бірінің қарама – қайшылық жағдайын теңестіру,жан теңдігін сақтау. Ол ата – ана мен ұрпақ өз ұлт арасындағы жан теңдіктерінен бір түпкілікті негізгі мақсатқа бағытталып, жаратушымыздың берген есебін шығара білу және өз жетістігімен, бақытымен бөлісе білу ғана және олар бір жерде тоғыса білсе ғана түсінушілікті тудырады да қоғам бақыты болып саналады.

Енді оның баспалдағы тәнді қалыптастыру арқылы жанды қалыптастырады.Тән жанның бесігі, немесе уақытша қонақ үй. Солд үйді күтіп ұстап, ішкі мүлкіне сырт көздің сұғын түсірмей, есіктерін ұқыптап жауып тек керекті мүлікті жинауға парыз қағидасы бекітілген жаратылыстан. Сондықтанда әрбір істі қимылға, сол істің нәтиже болмысына және дамыту өсіру деңгейіне жеткізе алғанда (керекті дүние алғанда) жан рахатын, жан шуағын сезуге болады. Бұл сезім бақыт белгісі. Оған ақылдың жарығы мен ғана жетеді. Ақылға сәуле жаратушымыздан беріледі. Соны жарыққа айналдыру үшін 5 қуаттың 19 түрлендіруінен тәнде нұр пайда болады

Ой жұтылады қашанда. Қараңғылыққа түседі. Қараңғылық нәпсіні қозғап жалған ләззат қақпанына түсіреді. Қараңғылық ой сынағы. Оны тек ақыл – ой үнемі тартыста болып сол істің шешімін тауып қиындықтан шыға білсе, ес тазарып жақсы іс қимылдар туындайды.

Тепе – теңдік жоғалса 5 қуаттың алмасу жиілігі бұзылады. Теңдік жоғалған пендеде керекті қажетті нәрсеге жиіркеніш пайда болып, зиянды, керек емес нәрселерге құмарлығы артып, бірінші жан ауырады, сосын тән бұзылады. Ең қауіптісі жан ауруын сезбеу. Оны тән сезе бермейді,ақыл ғана өлшейді. Түс белгісін беріп анықтайды.

Тән ауырса жан сезер,

Жан ауырса кім көрер

Жібін үзсең ақыл – ой,

Бақытқа жолың кесілер.

Әзәзіл кірсе жүрекке,

Қанағат қабың тесілер.

Тойымсыздық кіріп көңілге,

Ойымен, ақыл таба алмай,

Қор болды талай есіл ер!

Сондықтан да адам баласына жаратушымыздан ақылды табу, күту белгілерін ескерткен ол үшін:

Жаратылыс басын себебін ажырата біліп үйрену шарт.Осы екі арадағы табиғат арасындағы байланыс себеп-салдарын, рухқа дейінгі жолды ажыратып, айқындай білу керек.

Табиғат жаратылыс нәрселерін және оның пайда болу және жойылу заңдылықтарын, одан қандай әсерлер пайда болатынын зиянды, зиянсыз қатынас бөліктерін ғылым біліммен ажыратып қорытынды жасай білу қажет.

Адамның өсіп жетілу даму заңдылықтарын құрылыс ерекшеліктерін, ахирет заңдылығын байланыс қатынас жүйеліктерін, одан туындайтын себеп салдарын білу, меңгеру.

Тарихты зерделеу, содан қорытындылар шығара білу өз бағыт бағдарын анықтау, яғни дәстүр заңдылығын білу, меңгеру қажеттілік.

Дәстүрге байланысты туындайтын өмір қағидаларын, жақсылық, жамандықты тудыратын себеп, салдарды бақыт пен бақытсыздық белгілерін тарихтан салыстыра отырып ажырата білу шарт.

Білімімді жетілдіріп ғылыммен шектеп, ақынмен ойда тоқып өз ортаңдағы тіршілік әдеттерін қалыптастырып, көп жағдайда өз ой-өрісінің жетпеген нәрселерді өз қателіктеріңді мойындай білсең де ондай ақылды адамның (көпшілік мойындаған) артынан ілесе білу де ақылдылық белгісі болып табылады.

Ақылды іс қимылға, сөзге, бір шешімді тұжырымды бағытына қарай ар қалыптасады. Ар көрінбейді, білінбейді ғайып. Адам өмірінің ғұмырының жемісі. Рухтың іске сөзге қимылға айналып сол белгілі өлшемдегі орындалу мөлшері болып, ар жиналады. Рух жаратушыдан беріліп толықтырылып отыратын жоспар шамасы. Пенде де белгілі шамада қалыптасуын сана деп атаймыз. Ой мен сана есті қалыптастырып, ес пен білім тоғысып жад яғни жете болып күнделікті тіршілік жоспарына айналады. Тек ақыл ғана толықтырып, шегеріп, шектеп бейнелеп сөзге белгілі бір іс қимыл нәтижеге жұмсап отырады. Көру, есту, түсіну қабілеттерін біріктіруші ар жанның табысы жарықпен өлшенеді. Негізі от болып пенде баласының қоршаған ортада қарсылық шамасын белгілейді. Кейде ұят кейде намыс болып адам баласының әдебінің көрнісін айқындайды. Ар тозуға , жоғалуға тән сипатта болмақ. Сондықтан үнемі адам баласына арды күтіп бағу өсіру парыз болып үкім берілген жаратушымыздан. Екіншіден рухтан белгілі бір үлес алу арқылы Ар өседі дамиды кемелденеді. Сондықтан біз оны адамның, елдің халықтың «Рухы» деп атаймыз да. Сондықтан ахиретте оны біртұтас адамдар деп атаған Алла тағала. Сол біртұтас адамдарда халықтың, елдің мыңдаған жылдардағы тарихы жазылған және жазыла бермек болашақта. Екінші ұғымы «Шежіре» депте атайды. Ол әр халықтың тамыры немесе ғылыми тілде «Гендік код». Осы жазылған көрінбейтін құпия тарихты немесе ғұмырды «Уақ» деп атаймыз. Уақ сөзі түбі сақтан тамыр алады тарайды деген ұғымды ескертеді. Ал сақтар түбі нәсілдік белгіні Нух қауымынан алады. Қазақта Аруақ сөзінің пайда болуы сол түпкі тауға үңгірге тығылған бабаларымыздан тарайды. Аруақ киелі рухпен арасындағы байланысшы аралық жандық жүйе. Ол жүйені тәндік, рулық немесе ұлтық жүйемен салыстыруға болмайды. Ол құпия тек құранда. Сондықтанда «Адамдар нашар жаратылған» деп ескертеді Алла тағала, пендеге рухты, сәулені тікелей тура қабылдау мүмкіндік берілмеген. Себебі құранды алуға таулар да жер де бас тартты, тек адам ғана алды деген аяттың астарында қаншалықты құпия жатыр. Аруақ қана міндетіне алады рухты меңгеруге сонан тамшылап жеткізіп отырады. Адам жаны Алламен кездесуге ары әлсіз өртеніп кетеді, сондықтан көптеген сатылардан өтіп барып жақындайды. Пайғамбарымыз ғана жүздескен онда да қаншама перде сыртынан ғана. Сол перделер саны пайғамбарлар жаны мен Алла арасындағы саты болып есептеледі. Аруақтың да сатылары бар. Пайғамбарлар, елшілер, әулиелер арқылы байланыста сапта тұрады. «Кітап иелері! Діндерінде артық кетпеңдер. Аллаға байланысты шындықты айтыңдар. Шынайы түрде Мәрием ұлы Масих Ғиса Алланың елшісі әрі Мәриемге жалғастырылған сөзі және Алла тарапынан рух». (Ниса -171)

Ана тілі арқылы жалғасты келіп тұратын көркем сөз рух. Демек рух сәулесі Ғиса пайғамбар тарқылы жалғанса, сөз тегі Мариям ана арқылы жалғанады. Қалған төрт сәуле қалай жалғанған? Қасиетті кітаптар арқылы ғана сол тектер сипат тізбегін анықтап қана ақиқатты көреміз.Ол ақиқат шеңберіндегі әр халықтың сөздік қоры рухтан бөлінген бөлшегі болмақ. Тек жақсылық жағына дамып жетіліп толықтырылып отырған сайын ғана халықта ілгері дамып өркендеп отырады. Әрбір пенде ақылымен ойлап, көркем сөйлеп, сол теңізден өз үлесін өмір қылып алуы парыз етілген. Сол өмірден алынған жазу ғұмырды «жан сыры» деп атаған Әулие бабамыз. Оны тек қасиетті кітаптармен Жаратушымыздың даналық ақыл насихаты болып түсірілген уақи аяндар ғана жан сырын қалыптастырады.

Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар,

Ынталы жүрек сезген сөз

Бар тамырды қуалар…

Ғайсадай жан беретін таңның желі,

Қайғымды желге ұшырып, тірілт мені!

Ақылым кәрілікке жабырқама,

Талпынып тағы да ақтар дүниені.

Қайратым, қарсы тұрып қайраңдап шық.

Әдейі сақтағанмын соған сені,

Тілім, сен барша жанға пайдалыны айт

Ақынсып айта бермей әлденені

Шебер тіл жүйрік ойды шеше білсе

Таусылар деп ойлама сөздің кені

Жыр өлең, насихат сөз, мақал, тақпақ

Тауып айтса-дауасыз дерттің емі

Сырты сау, іші науқас елдің дені,

Алдап айтқым ақыл көп – тіл шешені

Жайдары сып құйрығын жайғақтатар

Жүрегінің сыры сөйлегені.

Жан сыры нұрға айналып сол жинаған нұрға қаншалықты Жаратушыдан Рухтан үлес алып қабылдай аласа әрі қарай жанда өсіп өнуге жолдама алады. Болмаса сол дәрежеге жету үшін біртұтас жандар біріктіріледі.

Әзірейіл келіп Арыстан Бабам жанын алды

Хорлар келіп жібек тонмен кебіндеді.

Жетпіс топ періштелер жиылып келді

Сол себептен алпыс үште жерге кірдім.

Жаназасын оқып жерден көтерді де,

Бір сәт ұжмақ ішіне жеткерді де.

Рухын алып жаратқанға жеткізді де

Сол себептен алпыс үште же (1 хикмет)

Жолбасшы мен жаратушының зікірі күшті

Пірмұхан сөздерінен алса патуа,

Жан сыры ғарышты бұзып табар пана,

Қолымды ұстап жолға салған, ей жолбасшым

Жан адам өмірінің зейнетінің, бүкіл қасиетінің сарайы болса, Рух – көркем сөз адамзатқа берілген таусылмайтын теңіз қазына болмақ. Жан Рухтан сәуле алып, жұмсаған нәтиже Арға жарыққа айналып көру, есту түсіну қабілеттерін өсіріп үшеуінің біріккен жиынтығын Аруақ деп атаймыз. Жан мәңгілік өлмейді және қайта жер басып үнемі дамуда қозғалыста болады. Тек қызмет орны және шамасында ерекшелік айырмашылық болады. Сондықтан құранда берілген жан ғылымында Аруақтың даму сатысы бар. (Ол үшін жаннаттар құпиясынан мағлұматтар береміз келесі кітапта.) Аруақ өседі, дамиды ол нәтижені ахирет өмірі деп атайды. «Біліңдер! Шын мәнінде дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән және өз ара мақтанысу, сондай-ақ малдарды, балаларды көбейту ғана. Бұның мысалы: Өсірген өсімдігі кәпірлерді таңырқатқан жаңбыр сияқты. Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің. Сонан кейін үгінді болады. Ахиретте қатты азап әрі Алладан жарылқау, ризалық бар. Негізінде дүние тіршілігі бір алданыштың ғана нәрсесі. (20) Раббыларыңа жарылқауға және кеңдігі жер мен көктің кеңдігін дей: Аллаға, елшісіне иман келтіргендер үшін әзірленген жаннатқа жарысыңдар. Ол Алла (т) ның мәрхаметі. Оны қалаған кісісіне береді. Алла (т) зор кеңшілік иесі» (Хадид-21) Тек кісіге киеге айналып қана жандар жаннаттық бола алады.

Жер мен көкті, тозақтарды жүргізіп тұрған жаннаттықтар! Ол тек сынақтардан сүрінбей өткен жандар үлесіне тиісті. Бақыттың тегі. Аруақтар мекені жаннаттар ғана. Болашағын болжап өмірін соған ғана лайықтап мәңгілік өмір шуағымен ләззатын іздеген соған лайықты іс қылып өз тамырынан қорек алған жан ғана бақытты аталмақ, жемісі өсіп өнген қасиетті ұрпақ болмақ.