Құран кітаптардың жинағы-Құдай сөзі.

«Әуел баста сөз болатын. Сөз Құдайда болатын. Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.» (Жоханан. 1 тарау 1-5) Құдайдан қорқу деген ұғымды намаз оқу немесе бір діни рәсімдерді орындау деп түсіндіреді діншілердің философиялық ойлау әдістерінде. Егерде бәрі сөзден жаратылып, Құдайдың өзі- нұрлы сөз болса қазақша «ақ сөйле» деген осы құдайды сыйла, қорық деген мағынаны береді. Аталарымыздың бір ғана астарлы сөзбен талай дауды шешіп, тіптен кәпір аталған жоңғар билеушілерін де сөзден жеңілгенін мойындап, талай дұшпандық ниеттерінен бас тартқыза білген билеріміздің тарихы халықтың есінде мәңгі орын алған. Ал Құдайдан қорқу дегенімізді сөз қадірін біліп, сөзге тоқтап, жаман сөзден тиылу деп түсінгеніміз абзал. Сөйлей білгеннің бәрін ақылды деп есептейтін заман туып қазіргі таңда, есті сөз бен, ессіз сөздің арасын ажырату ел бақарып отырған данышпандарымыз, зияларымыздың көбінің қолынан келе бермейді. Бұндай сөздің қадірі кетіп сапасы да, дәмі де бұзылған надандықтың белең алғаны сонша, адам баласының сөзі түгіл жаратушы сөзін, үкімдерін де шыбын шаққан құрлы көрмейтін діншілеріміз, хазіреттеріміз бар арамызда. «Олар сөзді зертемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме?» (23-68) Бұл аятпен құранды тек араптарға ғана түсіріліп, сөз ұғымдары, аят құпияларын түсіндіруші кітаптармен және ата-бабаларыңа келген сөздерді (кітаптарды) зертте деп ескертеді Раббымыз. 2З–ші сүре негізінен тәуратты яғни бүкіл жаратылыс тәңірлік сипаттардың, қуаттық кітабын көсетсе. Ал 68-осы кітаптың атам –ата қауымынан бері елдердің нәсілдік белгісімен және пайғамбарлық, елшілік белгілерді ескертеді. Ал жалпы 23+68=91саны Қазақтың ежелгі ата-бабаларымыздан келе жатқан 91-ді жеуден тыйым деген шариғаттық ұстанымымыз нәпсіні тазарту тақуалық кітабы, Салих пайғамбарға берілген негізгі кітап, кейінен көптеген елші, абыздар арқылы толықтырылған кейінен Укаша сахабаның өз әскерлерімен Мұхаммед пайғамбарымызға арапып таныстырған «Насият-Ізбөрі» кітабы болып шығады. Мұхаммед пайғамбарымыз осы кітаптың негізінде қосымша өсиетермен толықтырылған хадистер жинаға 92-ші кітап негізін тақуалықты меңгеру кітабы болып табылады. Құранда бұл кітаптардың насихатын қысқаша санмен белгілеп 91, 92-ші сүрелермен жалғануын көрсеткен. Құранның аударма мәнінің жойылуына бірден-бір басты себептің негізі осы аятқа қарсы келіп, әрбір үмметтерге келген кітабын, сөздерін назарға алмай аяттарға ортақ қосып барлық ұғымдардың құран сөздерінің, сандық ғылымдық мәнін емес араптардың жетілмеген тұрмыстық тілінен іздеуден пайда болады. Менің бір өмірімде тәнті болғандай бірнеше жағдайлар бар; бірі Абай атамыздың еңбегін оқып отырып орыс классиктерін аударудағы қазақша сөйлеткені өз түп нұсқасынан да мәнді түсінікті және құран аятарының философиясын, ұғымдарын нақты көрсетуінде тұр. Екінші; аты белгісіз бір кісінің түркия елінен басылып шығарған Інжілдің өз түп нұсқасының философиялық мәнін қазақ сөзінің терең ұғымдарымен бейнелеп және толық жеткізе білуінде. Енді құран қазақша аудармаларын салыстырып зертеу барысында Халифа Алтай аудармасына сөз қиындықтарын толық түсіне алмай күмән келтіргенім бар. Сонан бір күндері уахи-аян алдым. Үш құранның аудармасын алдыма қойды. Біріншісі Сағди, екіншісі Хафиз, үшіншісі Халифа Алтай және бір уақыттан кейін екі адамның аты пайда болды. Екеуіде түркі есімі яғни қазақ фамилиясы «ов» «ев» болып аяқталады. Толық есімдері есімде қалған жоқ. Демек қазақ және түркі халқы үшін тек бес аударма ғана жаратушы ұлықсатына ие болады екен. Және біздердің «ОВ,ЕВ» ларымыз орыстардың бізге таңған зорлығы емес жаратушының үкімі бойынша болашақта толық құпиясы белгілі болатын есімді сипат және ұлт аралық түсінісу бірігу көпірі болып шығады да болашақта бір тұтас түркі тектес халықтарға айналу славян халықтары нәсілдік түрленуге түседі деген белгі. Және ныпсымызға қосылған қосымша сандық мәні бар есімдік сипатты көрсететін белгі деп түсігеніміз де абзал. Осы «ов» «евтер» арқылы жандардың арасындағы ақпараттық қатынастардың алмасуын және славян халықтарымен, орыстармен тылсым байланысын ғылым-білім меңгеруді де қамтамасыз ету керек деп түсіндім. Бұрынғы елші, пайғамбар, абыз болған аталарымызда міндетті түрде кемі 4-аты болып оның бірі құпия тылсымнан берілген есімі болып саналады. Сондықтан қазақ елінің пайғамбарлары тарихта белгісіз бірақ киелі кітаптардың негізін қалайды. Құранда да көбі «Әлисақтар» болып келеді. Бұндай халықтардың тылсымдық байланыс негізін құрайтын есімдік белгілерін қысқартқандар өзінің нәр алған ағашын кескенмен бірдей. Оны орыс тілінде «Д-ЕР-ОВ-О» атап, сөздің атын зертесек; Д-дене, бой; Ер-сөз, сабақ; ОВ-тамыр; О-от, жапырақ болып жіктеледі. Әрине қазақ халқының славян халқынан сөзі де үні де ұзын ділдік санымыз, орыстардан да, араптардан жоғары тұр. Сондықтан үндік таңбаларымыз яғни Шәкәрім атамыз ескерткендей «үн-ыдыс» деп, үндік, сөздік несібеміз де қай елдерден де жоғары тұр. Бұл жаратқанның біздерге берген үлкен дәрежесі мен бағы деп түсініп, ғылыми сараптап дұрыс пікірге келуімізді керек етеді. Енді Халифа Алтай аудармасына мән беріп өзге осындай көптеген құран аудармаларымен, тәпсір түсініктермен салыстырып зертеп көрсем, құран аудармасы діншілердің зу еткізіп оқи салатын өлеңі, жыры емес, әрбір тыныс белгі бас әріптермен басталатын сөздер, тырнақша ішіндегі сөздер, және әрбір аятта ұқсас сөз орындары сөздің басында, аяғында, ортасында келуінің өзінде үлкен мәні және ойға салмақ түсіруге негізделген насихаттық, ғылыми маңыздық түсініктері бар екенін түсінуге 3-4 жыл уақыт кетті. Ал сандық мәнін анықтау есептік жүйе арқылы оқудың шала сауатына 7-8 жыл уақыт кетті. Енді оқыған сайын біздердің құран оқудағы сауатымыздың мүлде жетімсіз екенін және кейбір хазіреттердің, дін ғалымдарының аударған құран аудармасымен салыстыра отыра қазаққа жаратушымыз қандай бағалы кітаптың түсіргенін айқын ұғына бастадым. Екінші жағынан менің арап тіліне деген қөз қарасымды өзгертіп, арап тілін меңгеруден тежелуіме де себеп болды. Құран сөзі тек араптың тұрмыстық тілі емес одан әлде қайда биік және таза аудармашылықты меңгеру кез келген тілдегі аударма мамандығын меңгергеннен әлде қайда жоғары және арнаулы жаратқаннан белгі ұлықсатта керек деп түсіндім. Сондықтан болашақ жастардың өсіп келе жатқан даналарымыздың алдында мазақ болмас үшін өзімнің ана тілімді зертеп Абай-Шәкәрім тілін, сөз астарларын толық түсінуге мақсат қойдым. Енді осы құнды құран аудармасындағы ескеретін және өкінішке орай Халифа Алтай атамыз қандай арап тілін жетік меңгерген ғұлама болғанымен аяттардың философиясын тәпсірлеу бөлек ғұламалық екеніне көз жеткізуге болады. Оған негізгі дәлел аудармадағы жақша ішіндегі сансыз дайын тәпсірлерден пайдаланылған түсініктердің кейбіреулері тіптен адам ойын шатыстыруға ғана арналған. Олай болса біздердің мақтаулы ислам дін универиситетердің дайындап жатқан құранды арапшадан төте оқып тәпсірлеушілер, діншілер, имамадар анық серік қосып, Аллаға яғни аяттарға ортақ қосушылар деп айтсақ жаңылыспаймыз. Оған енді нақты дәлелдің бір жаратушымыздың басты үкімі; «Қандайда бір нәрсені, мейлі жанды, жансыз және сөзді де жұп және пар қылып жараттым, Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» деген аяттардың ұғымына және әрбір сөзге байланысты; «(Мұхаммед) көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласа; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла…» (58-7) деген аяттардың ғылымыи маңызын теріске шығарып әрбір сөздің, атпен, атаудың жұбы төрттен, пары үш-үш 6-дан тұру керектігіне және одан көп, аз есептік насихаттық белгілерден тұратынын білмейді, білседе әдейі серік қосып, аяттарға ортақ қосып зор зұлымдыққа өздерімен бірге елді де ұшыратқанын аңғармайды. Бұл ескертуден ғана Алла адам баласымен сөйлеспейді деген діншілердің надандық пайымдауларын және психологтардың, философтардың білмеген, меңгермеген бірақ жазбаларында кездесетін ғылыми жоба (теорема) шығады. Ал 7 санымен пайғамбарымыздың құранның жеті үнін меңгердім деген өсиеті және 4х10+6 мен 46 саны пайғабарлық кітап болып кейін қарай 64 саны құдай соты және «сөз жоқ» адамзатқа ортақ осынадай санды үнмен сөйлесетін белгісі шығады. Енді ішкі сырларын сөздің пайда болу.т,б жан сырының ахуалы Абай-Шәкәрім аталарымыздың құпия сөздерін ашу барысында құранмен салыстырып дәлелдерміз. Сондықтан күрделі құран сөзін зертеу тәсілін меңгермек түгіл, ана тілін жетік білмеген аулармашылардың кесірінен әлем халқы асыл діннің маңызына, құдіретіне және сөздердің нәріне қаныға алмай дін де, ғылым да үлкен зиянға ұшырап, өзіміз діннің ортасына қарай кейін кетіп, рухани несібеміз дініміз тарылып, содан бүкід халықтық пейілімізде арап елдеріне ұқсап тарылғандықтан зұлымдыққа түсіп жатқанымызға әлем оқиғалары, сынақтар дәлел бола алады. Мысалға бір ғана киімге байланысты қазақ тіліне; «басты омырауды жабу» деп аударылып жамылғы, бүркеншік мағынасын беретін «хижап» деген атаудың жаздық белгісімен бір қабат қана және белгілі бір түспен шектелген арап ұлтының әйелдеріне сай киім үлгісінің сипатын береді. Ал енді ыстықтық, суықтық райға, заманың уағына (6-мезгіл), мезгіліне, дәрежесіне адам баласының жас кәрісіне, ұлтық ерекшелігін қарай үлгілері мен аттарының да өзгеріп арнаулы мағыналары болатынын теріске шығарып, енді бір ішінде шайтаны, қарама-қарсылығы бар мейлі ел басшылары болсын «хижап» сөзінен жандары түршігіп, іштегі шайтандары жүректерінде қарсылық көрсетіп, бір бүлікшілер қылығы немесе соның өзі келіп қалғандай көрінеді. Осыдан барып ел алдында танымал жазушы, ақын, ғалым, саясатшылардың өзі сұхбаттарында «Қазақта хижап (кимешек) деген болмаған, қыздарымыз жалаңбас еркін жүрген деген жындылық, дінге, жаратушы үкімдерге қарсылық пікір, пәтуалардың айтылып жатқанынан бұндай жалпы халықтық жынданудың, жүректердің жабылуынан ел ағаларын да айналып өтпегенін көруге болады. Осындай түрлі атауларды сол қалпында үндестігін бұзып айтудың, сол қалпында әдеби тілге айналдырумен керісінше адам баласының санасын жабуға, мәңгүттік пен тек айтқанмен жүріп айдауға көнетін, ақылын жұмсау, ойлану қабілеттерін тежеп ессіз жастарды дайындауға қазақ муфтият, діни оқу орындары көп үлесін қосуда. «Дін апиын!»-деп осы арап сөзінің, құран аяттарының өз орнымен, мөлшерімен пайдаланбаса адам баласының санасын улайтынын керісінше зияға алатынын құранда; «Тура жолдыңда қисығы бар» деп ескерте отыра: «..Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізеді де, кейі ортада болады…» (35-32) деп және тағы 69-шы кітап-құраның ардақты елші арқылы түсіріліп; «Расында ол Құран, тақуалар үшін насихат. (48) Сөзсіз сендерден өтірік деушілірдің барлығын анық білеміз (49) Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет. (50) Шүбәсіз ол Құран, анық шындық.» (69-51) Мұхаммед пайғамбарымызға осы сүремен келетін тақуалар насихат кітабы ол Құранның (сәни дәптердің) сол елдегілердің өзі өтірікке шығарып, қасіретке қалатынын ескерткен. Бұл кітапттың інжілмен, тәуратпен байланысты екенін 51-ші белгі дәлелдеп тұр. Бұл құран-кітап «сәни дәптер» екендігі шүбәсіз сүренің ішкі үгіті нақты сақтардан шыққан Һұд, Салих елшілігімен байланысты оқиғалар көрсетіп тұр. Бұл құран-кітапта үгіт, насихатты түркі тілінде өлеңмен баяндалып және сандармен белгіленудің өзінде ғалымдарымыз әлі анықтап түсіне қоймаған үлкен құпия сыр жатыр. Сондықтан ол құранның түсірілетінен пайғамбарға алдын ала ескертумен және насихатын, шындығын алдын-ала растап оған сол елдегі діншілердің өзі қарсы шығып, ақырында қасіретке қалатынын, елге сынақтар түсуін Раббымыз ескертіп отыр.

Сөз тағдыры, дін тағдыры және діннің саудасы.

Аллаға құлшылық немесе Бір Аллаға құлшылық, Құдайға құлшылық деген сөздердің түп мағынасы адам баласынын нанымынан яғни жаратылыстың сырын, өлімнің хақтығын және сол өлімді құдайдан болатындығын, өлім себептерін түсініп; «Құдайсыз қурайда сынбайды» деп білуімізді қазқтың бұрынғы аталарымыз білген наным-біліміз болып табылады. Енді ақылымымыз ғылым-білімді меңгеру арқылы өлім себептерімен күресуді, емдейді үйреніп сонымен бірге нанымызға да өзгеріс енгендігі сонша енді өлімді тек қартайып өлу керек ал өлімнің ажал болып Қырық жыл қырғын болса да ажалды өлер» деген тағдыр жазуына тәуелді 4-сөздің онмен дәрежеленетін 40-санымен өлшенетін себептік ұстанымызды құран түскенге дейінгі де шариғатымызды мүлде ұмытып егер жазатайым ауырып өлсек дәрігерден, емшіден басқалай мезгілсіз ажалдың құрығына түссек соған себеп болғандардан, ауа-райы мен, ықылым өзгерістерінен немесе үкімет пен басшылардан көретін наным қазақтың білімді ортасының діни нанымына айналды. Сонда да болса өзімізді-өзіміз алдап құдайға сенемін деп намаз оқып өлімді алдамақ болып әрекет ету діншілердің де кәсібіне айналғаны даусыз. Адам баласының нанымын бұрын пайғамбарлар, әулиелер, керемет иелері елші әмби, абыздар қалыптастырып жасынан тәрбиемен санасына құйып отырса, қазіргі таңдағы наным біздің ғалымдарымызбен, философ ойшыл, психолг, дін абыздарымен қалыптасып қай жағына сену әркімнің ерік қалауы болып табылады. Ал сенім нанымның ірге тасы мықты болғанда ғана оған қаланатын қабырғасы болып оның шатырын діни рәсімдермен үмметік ерекшеліктерге қарай жабамыз. Егер түпкі ұлттық нанымымыз дұрыс қаланбаса құр сендім дегенмен иман келмейді, санада бекімейді де. Енді қазақтың дін-жанының да жалпы пайғамбарымыздың өсиет етіп кеткен аманаты да ол құдаймен өлім туралы саудаласу. «Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннатпен айырбастап алды. Олар, Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тәратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Мінен осы ірі қол жетушілік.» (9-111) Бұл аяттан тура жолын тапқан адам баласының рухы мен жанының мәңгілік өлмейтінін және жаннаттық болып мәңгі тіршілік ететінін сүйіншілейді. Сондықтантағдырдың сынағынан өз нәпсімен күресіп, ауыздықтау арқылы рухани дарындылықтарды меңгеріп, өзіңе қалағанды өзгеге де жасап, хайырлы, ізгілікті парасатты тіршілік етуді Алла жолында соғыс деп атайды. Адам баласы Алламен саудаға өз жанымен,тәндік мал қуатын қойып, рухани кемелдену тазару барысында түрлі бейнеттерді, сыақтарды сабарлықпен жеңе білуі тиісті. Сондықтан бұл аят туралы пайғамбарымыз; «Адам баласына Алла Тағала 100 себеп өлімді жазған соның 99-нан өтсең 100-ші ақ өлімің болады» деп ескерткен. Ал жаратқанмен арадағы себептерге байланысты сауданың да 3-түрін меңгеруміз керек екен. Оны қалай білеміз? Әрине жартқанмен, періштелерімен тілдесу арқылы әрбір пенде өзіне лайық тапсырмаларын алып отыру керек. Бірақ қазіргі біздің дін ұстанымызда ол мүлде мүмкін де емес, себебі мазһабшыл діншілеріміз адам баласының жаратушымен сөйлесуі мүмкін емес деп халықты нандырып, енді біздер соған сеніп иланумен, дініміз ата-баба дәстүрінен бас тартып әлемдегі «масһабшылдардың» біріне айналып алдық та ақирет саудасын дүнемен есептеп дін пейілімізді надандық дәуірлерше тарылтып алдық. Осындай дін саудасын тарылтқан надандықты Абай атамыз; «Екі ауыз сөздің басын қосарлық нен ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қылымын деп, құр «ой, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?» деп ескертуінің өзі екі кітаптың басын қосуды яғни екі тілді терең қатар меңгере білмегендіктен, аудармашылық сауатсыздықтан пайда болатын жалған ғалымдықты, тәпсіршілдікті ескерткен. Олай болса аятта: «Әй мүміндер! Сендерге жан түршігерлік азаптан(тозақтық, ауру, сынақ т,б) құтқаратын бір сауда көрсетейін бе?» (10) «Аллаға, Елшісіне иман келтірсеңдер; малдарыңмен Алла жолында күресіңдер. Егер білетін болсаңдар, осыларың сендер үшін хайырлы.» (61-11) Аяттағы 11-саны осы құранның 11-түрлі насихатымен 61-ші кітап негізінен Мұса пайғамбарымызға оқылған көрсетілген нұсқаулар болып табылады. Ал 61+11=72-ші кітап Дәуіт және Сүлеймен пайғабарларымыз меңгерген істердің нұсқауы яғни жын сүресі деп біліңіз. Енді аятта; «Түсініңдер, түсіндірейін бе, ақыл жұмсаңдар» деп емес; «Көрсетейін бе?» деген сөздің мағынасына ақыл жүгірткен әрбір саналы адам баласынан жаратушымыз сендермен аяндарды көрсету арқылы уахимен сөйлесемін нұсқаулар беремін деп ескертеді. Бұл қазақтың Адам ата Хау анамыздан бері ұстанып келе жатқан діни наным жоралғымыз және дәстүріміздің негізгі ірге тасы болып табылады. Бұл мәселеде біздің муфтият дін ғалымдарымыз Мазһаб, шариғат аясынан шығып, тарихатпен пайымдаған пікірлері де бар. Мысалға: «Ұлы жаратушының қойған үкімін өзгерту мәселесі бар. Құдай сақтасын, бейне бір «Ол білмейді, мен білемін» дегендей… күнә жасау мен Аллаһ Тағаламен сөз таластыру арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бірі- күнә, бірі- күпір.» (И. Ғ. 41-бет) Енді діншілердің қай сөзіне сенейік деген сұрақ туады бұл пікірден. Дін ғалымдары жаратқанмен сөз таластыруға яғни саудаласуға болатынын біледі екен де, ал көп дінші имамдарымыз Алламен сөйлесемін деген «жынмен, шайтанмен сөйлесемін» деген яғни жынданған адам сөзі деп түсіндіреді де оларға солай нанамыз да, ал жастарымыз түс, аянды шайтаннан деп иман келтіреді. Ал дін ғалымдарының, теологтарымыздың пікірінше; аруақтан бата тыңдап, тылсым үніне құлақ салу мүлде адасқандық яғни қудалап соттауға лайық. Онда олардың «АҺ» -деп өкініп, «аһ» деп күрсініп азанмен Алла Тағаланы шақырып алып мешітерде өздері ғана сөз таластырғандарды білетін болғаны ғой шамасы? Енді заманына қарай құран аяттарының насихатының мүлде басқа қырынан көрініп өзгеретінін; «Себебі, Құранда арабтардың қолданған қара сөздерінде де, өлеңдеріне де ұқсамайтын, жалпы барлық адами сөйлеу тәсілдерден мүлдем өзгеше өзіне ғана тән илаһи (құдайлық) тәсіл бар…Иә, заман ескірген(?? білім) сайын Құран жаңара түсуде. Өткен ғасырларда тәпсірленіп, сол ғасырлардағы аса көкейкесті мәселерге дауа(шипа??) болған Құран аяттары бүгінде басқа қырынан тәпсірленіп, құдды жаңа ғана түскендей адамзаттың шешімін күткен небір заманауи күрделі күрмеулері мен сансыз сауалдарына жауап беруде және қияметке дейін бере бермек. Сөйтіп, өзінің сарқылмас қазынаға толы мәңгілік мұғжиза, ескірмес иләһи кітап екенін дәлелдей бермек.» (И.Ғ.199-бет) Осындай пікірлерді оқығанда қалай таң қалмассыз? Сонда қалай құран арап тілінде қияметке дейін өзгермейтін болса оның үгітін де өздері тек бұрынғы сахабалар, табиғындар, мазһабшылар түсінігімен ғана шектеп тәпсірлеуді ғана ұсынып отырса, онда заман өзгерісі, сөздердің жетілуімен, жаңа ұғымдардың қалыптасуына қарай, сансыз сауалдармызға сонда кімдер арқылы қалай жауап береді? Демек аруақ бар екенін және құдаймен екі арада елшіліктің хабаршының болатынын ашық жазып, ал бұл сөздеріне, пікірлеріне іс жүзінде ашық қарсы шыққандарды кім деп атауға лайық? Екі жүзділік пе, әлде өз жазғанын өздері де ұғымын түсініп, аңғармайтын надандық па? Қазақ халқының әдет-ғұрпын, асыл дінін жасанды қылықтарға, тозған білім нанымына айналып тұқымымыз тұздай құрып бара жатқан кезде қарапайым халық арасынан елшісін тағайындап, дін ниетінің саудасын көрсеткен құдайдың түсірген ашық мұғжизасын және тылсымнан әліде оқылып жатқан сананы қалыптастырып, талай өлімнің тұзағына түскен пенделерін ұйқысынан оятуға себепші және үлкен қозғалыстың басшысы болған және осы жаратқанның түскен жаңадан үкіміне, аяттардың ауытыруына сәйкес мұғижа көрсетіп жүректердің көзінің ашылуына серпін беріп жол көрсеткен «Ақ ұлымызды» және жүз мыңдаған халықты ислам дінің құндылығына, ата-баба салт-дәстүріне, өзге ұлтарды да тізе бүктіріп, мыңдаған шәкірт ертіп Ясауи ілімін жалғаған азаматымызды, «боқ дүниенің» есебімен өлшеп, неге қаралап ақыреттік сапарға өтуіне себепкер болдық? Және әлі кезге дейін осы ғалымдарымыздың аузынан «Ата жолының бухалтериясын 15-жыл бұрын тексеру керек еді.» деген көгілдір терезеден берген сұхбаттарын тыңдай отырып, тіліңді тістеп, дінді дүниемен, ақылды арқанмен, шүкірлікті намаз оқумен өлшеген, есі кемістерді де анасы құрсағын жарып, ұлтын қорғайтын ұл тудым деп қалжа жеді –ау деп, ең болмаса ата-баба аруағын тыныш жатқызса екен дейсің. Халық болып руына, туысына қарамай қиналғанда жылу жинап, бір қазаннан ас іштіріп, туысқандық қатынасты үнемі бекітіп отырумен және қонағын құдайындай сыйлап, аштан өлем деп дүниенің бетіне қарамай жалғыз сауын сиырын, болмаса астына мінген атын, жалғыз тайын сойып қонағының батасын алатын қазақты, дүниенің тірлігімен алдап, дінін тарылтып, естің бірлігін емес, қулыққа естілерді қалыптастырытын, дүние туысқандық, шық бермес шығайбайлармен ақылы азған қарынбай болуға шақырып; «Өлі риза болмай, тірі байымайтын» ата заңымызбен туысқандық, дін ағайындық бірлікті жалғайтын, Алланың досы әулиелерінің ризашылығын алуға тышқақ лағын да қимайтын «жапарқұл» мырзалардың дін-жанын қолдайтын ата заңымыздың, несібелік нанымымыздың адамның емес атасының баларының дорбасының күзетшісі, қызметшісіне айналғанын қай ойлы қазақ білмейді дерсің? Бұндай елдің пейілін тарылтуға бағыталған, ағайынның арасына от салатын қазақтың мұндай кеселін Абай атамыз; «Жоқ бірлік-ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалынып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді шаруа іздемейді. Әуелі бір-біріне пәле іздейді.» Жоғарыдағыдай сөзі мен ісі қайшылықта болатын пенделерін жаратушымыз «Мұнафықтардың сөзіне таң қаласың, олар қуыс дөңбек сияқты» деп ескерткен. Ал ғылымда екіжүзділік болған елде және дін ниеті тек малды, дүниені көбейту мақсаты тұрған жерде ешқандай бірлік те тыныштық өмірде, тағдырдың сындарынан да шығынсыз өтуде, бақытты шуақты тіршілікте болу мүмкін емес. Сондықтан: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла (Т) оны толық біледі.» (3-92) Және әрбір дінді, ғылымды меңгерген және тура жолын таптым деген адам баласы кітап егелері болып саналып міндетті түрде Ғиса пайғамбардан уахи бағдар алу тиісті. Сондықтан аятта: «Кітап иелері, Ғисаға өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға (иман келтіргеніне, уахиды тыңдағанына) куә болады.» (4-159) Қазақ елінде өліктердің аққу сұңқарлар сөйлеу мұғжизасы Ғиса пайғамбар рухы (аруағымен) тікелей байланысты екенін бідгеніміз абзал. Інжілден: «Ал басқаша тәлім беріп, Иеміздің (Раббымыздың), Иса Мәсіхтің шынайы сөздерімен (рухтан хабар-бата) және Құдайға ұнамды өмір салтына (ұлтық салт-дәстүрге) жетелейтін іліммен келіспейтіндер-кеуделерін көтеріп, ешқандай шындықты білмей, тек сөздер туралы (жеке аяттар, хадистер мен сөздің ұғымдары) айтыс-тартысқа деген зиянды құмарлықпен ауыратындар. Бұл қызғаныш, дау-жанжал, жамандау мен арам күдік тудырып, ақыл-естері уланған, шындықты білуден ада болған адамдардың арасында үздіксіз ұрыс-керіске себепші болады. Ондайлар Құдайға ұнамдылық-байлыққа қол жеткізудің жолы деп санайды. Расында да Құдайға ұнамды өмір сүріп, барға қанағат ету зор рухани байлыққа жеткізеді. Бұл дүниеге ештеңе де әкелген жоқпыз, ештеңе де алып кетпейтінімізде айдан анық. Сондықтан ішер ас пен киер киім болса, соған қанағат етейік. Ал басқаға ұмтылғандар азғыруға ұшырап, өздерін апатқа, құруға алап келетін көптеген ақымақ та зиянды құмарлықтардың торына түседі. Өйткені ақшақұмарлық-әр түрлі жамандықтың түп тамыры, кейбіреулер осыған бола сенімдерінен адасып, өздерін көптеген қайғы-қасірет пен өкінішке душар етті. Осы дүниелік мал-мүлікке байларға ескерт: олар менмен болмасын; сенімдерін өткінші байлыққа емес, Құдайға артсын! Ол рақатын көру үшін игіліктердің бәрін сыйлайды. Байлар жақсылық жасай беріп, игі істерге бай, әрі жомарт болып, басқалармен бөліссін. Осылай өздеріне келешек заман үшін игілікті негіз болатын рухани қазына жинап, мәңгілік, шынайы өмірді берік ұстанбақ. Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір кешуге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан иені көре алмайды».