Тіл теңдіктің, еркіндіктің жаршысы

«Мөлшері бойынша теңдік, абыройы бойынша теңдік» (Аристотель) Қандай да бір халықтар, адамдар арасында және әйел мен еркек арасындағы теңдіктер егерде адамдарға белгілі рухани өнім бермесе немесе ләзат сезімдерімен, тіршілік әсемдігін қалыптастырып бейнелей алмаса, жалпыға екі жаққа бірдей рахат сезімдерін қалыптастырмаса ондай пайдасыз теңдіктен енгізінен теңсіздіктер және бағыныштылық әділетті. Әрбір теңдіктің немесе әрекетердің соңғы нәтижесі пайда, табыс болу керек. Ондай табыс адамзатқа тән ортақ өлшеммен яғни бақытпен белгілі болу керек. Ал бақыт дегеніміз істеген істердің немесе ізгіліктің қайтарымы емес, сол ізгіліктің өзі болу керек. Ол ізгіліктің қайтарымы базардағы сауда емес, керісінше адам баласының тіршілік нәтижесіндегі жаратушы арасындағы саудан күткендеге ғана нәтижелі болмақ. Сондай жағдайда ізгіліктің қайтарымы ізгілік болып бақыттың көрнісін табады. Қазақта ізгілігін «Құдайдан қайтсын» немесе «Жасымда бейнет, қартайғанда зейнетін бер» деп тілеген. Бақыт адам баласының өз қауымына береген еткен барлық ізгілік жолындағы еңбектерінің, жаратушы тарапынан алған жалақы сыйы. Олай болса табыс кәрілікте, теңсіздікте, соңғы нәтижеде. Ақсақалын құрметей білген ел бақытты! Әйелмен еркек теңдігі тек өз құмарлықтарын еркін қанағатандыру үшін ғана керек. Нәпсіні қанағаттандыру тек тойымшылық сезімін ғана туындатады, ал мөлшерден асса жиркеніштен басқа нәрсе жоқ. Әрбір ләззатты сезімдердің соңғы нәтижесі тек қанғатпен ғана шектелмесе түбінде жалығумен аяқталады. Сондықтан өз құмарлықтарымызды тежеп қана қалыпты және тұрақты ләззат алуға болады. Ал өз біздер құмарлықтарымызды тілімізді, нәпсімізді ноқталаған үшін бақытты емеспіз, керісінше бақытты болу үшін оларды ноқталауға және теңсіздік қағидаларын меңгеру арқылы ғана бақытты болуға қабілетті етеді. Тойымшылықтан, дүниелік ләзатты сезімдерден бас тартқандар бақытсыз болса пайғамбарлар, әулиелер, ғұламалар қайдан шығады? Сүйіспеншілікпен, ғашықтық, құмарлықтар тек жастықпен, мастықпен байланысты болатын бақыттылық болса, онда өткінші пайдасы аз, өйткені жастық өтпелі , мастық түбі тарқайды, одан дұрыс және нәтижелі болған кәрілік пайдалы. Егер бақыт, ләзат сезімдері достықпен байланысты тұрақты болса, онда кейде жауың досыңнан қауіпті болмайтын кездер де болмай ма? Ал біліммен, білгіштік тұрақты бақытты құрай алмайды, білімді таңдамай қажетіңе дұрыс жарата алмай тек мақтанға, атаққұмарлыққа айналдыру түбінде қайғыны туындатады. Даңқта да бақыт жоқ, өйткені кез келген жағымпаз сені тауып алады. Олай болса бақыт қайда? Бақыт-сәттілік, кездейсоқтық, бізге бағынбайтын тағдыр әлемі тылсым тілімен, сырында. Екінші белгісі- өмірден қанағат алу, ләззат алу қуаныш тілін дұрыс меңгеруде. Үшіншіден- жоғары игілікпен ізгілік жасаудың тілін біліп және соған ие болуда. Төртіншіден- ләзат алу мөлшерінде емес, бір сәттілік қуанышта емес, сыртқы игіліктерге ие болуда емес, ол бүтіндей өмірден толық, ұзақ қанағат алу, қайғы қасіреттерге адамша төзімділік таныта біліп, болмыстың, ақиреттің қасиетті, қабілеттік мәндеріне өзіндік тілге ие болуда. Сонда ғана адам баласы нағыз бақытың дәмін татады. Олай болса нағыз бақыт адамның өзін-өзі танып, өзінің өмірге келгкен шын мәнін біліп, соған өзінің қабілетік, қасиетік сәйкестілігін яғни ішкі әлемінің қажеттілігін, сыртқы әлемнен орнын белгілеп, сәйкестендіре білуінде. Ол теңдікті ар-ұят теңдігі ұждан заңдылығы деп атайды. Сондықтан; «Төртеу түгел болса төбеден рұх болып енеді, зейнетеледі.» Ол бақ, қалай қонады? «Бақ қарайды, қыдыр болып дариды!» Бақ бастағы ақылыңа ойыңа қарайды ал қона алмаса, онда үркітетін бәлең бар. Сондықтан «Басқа бәле тек тілден келеді.» Жаратқаннан адам баласының тіл еңбегінің нәтижесі түбінде өлім арқылы жалақы болып төленеді. Ақ өлім, игі түстер нәтижесі ізгілікті істер соған байланысты өмір жасың, ден саулығың ар байлығың несібе болып өлшенеді. Ал ақ өлім- мәңгілікке бастар өмір баспалдақтары.