Әлем тағдыры жеті жол.

«Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқанымыздан хабарсыз емеспіз».(Мүминұн-17)

Жоғарыда көрсеткендей күн және ай жолдарының әлемдік немесе ғасырлық сипаттағы жолдары жетіге бөлінеді. Адамзат баласы да сонымен бірге жеті түрлі өзгеруге тиісті, яғни ғылым білім және жер бетінің ықылым (климат) өзгерістері болу шартты үкім. Сол жолдардың негізінен алғашқыда қалай басталып өсіп кеңісе, кері қарай өз қалпына өзгерген түрде бастапқы қалпына келу керек. Яғни аспан әлеміндегі жұлдыздардың қозғалысымен орындарын ауыстырып және жаңа жұлдыздардың пайда болып кейбір жұлдыздардың жоғалуымен ерекшеленеді. Енді сол орын ауыстырулар үлкен апаттар және өзгерістерді туындатады.

Арапша «кальпа» деп атап қиямет қайым сол кезде болады деп ғылымдар бас қалпын іздеуде. Нұх қауымы кезінде осындай қалыпта болып көптеген апаттар болып, ғасырлар өтіп 5-ші аспан кеңіді. Негізгі кеңістік дамуының белгісі болып жердегі өзендер пайда болып тастар құлап таулардан жол ашылып, жер бетіндегі өзгерістер Мұса пайғамбар уақытында болған. Ол уақытта көк шекарасы жақын болған. Мұса пайғамбардың Алламен тілдесуі де осы ерекшеліктен мүмкін болды. Сонан кейін мыңдаған жыл өтіп Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлар тұсында жындарды меңгеру болып 4 аспан үстінде тағы жұлдыздардың жарықтың пайда болуы яғни 5-ші аспан жоғары көтеріліп 6-шы қабатқа айналып тағы 5-ші аспанның жарық жұлдыздары пайда болып көк 6 қат болып қалыптасты. Інжілдің түсуімен Ғайса пайғамбардың келуімен тағы да бір аспанның түзілу ерекшеліктері пайда болып жер бетіндегі түрлі апаттар т.б. соғыстар арқылы дамудың тағы бір сатысы өтіп 7 аспан болып жер, көк дамуы аяқталып, сонан кейін ғана Құран түсіп және Мұхаммед пайғамбар арқылы жаннаттың жоғарғы төрт сатысы пайда болды. Жаннат ұғымы жарықпен байланысты. Жарықтың жоғарғы сатыдағы түрленуін айтады.

«Мұсылмандарды жаннатпен айырбастай алдым» деп ескерткен Құранда. Негізінде көктің және жердің жаратылуы соңғы нәтижесі жаннатты дамыту еді. «(Мұхаммед пайғамбар) бәрінен бетіңді бұрып, жүзіңді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді». (Рұм-30) Ислам діні соңғы нәтиже яғни Алланың нұрына қосылу болып есептеледі. Әрине айға дейінгі қабаттардың да кемелдену өзгерістері болды. 4 кітапқа байланысты 3 аспан өз түстерін өз міндеттерін алды. «Әй кітап иелері! Сендерге кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді. Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық кітап келді. (15) Алла (т) өз ризасына үйлессе, сол кітап арқылы есендік жолдарына салады және өз нұсқауымен қараңғылықтардан жарыққа шығарып тұп-тура жолға салады». (Мүминұн-16) Құран бір жағынан Тәуратты қайталап Забур мен Інжілді растап намаз амалдарын біріктіретін соңғы дін болып есептеледі. Жер бетіндегі ғылым білім яғни Алла бірлігін танып құлшылық қылу Тәураттық болып табылса, ал құпия қуат белгілерін танып яғни тәңіртану Забурліктерге берілген. Енді адам жанының кемелденуі арқылы сөз ғылымын меңгеріп рух арқылы яғни құдай арқылы Алланы тану Інжілге берілген. Ислам дініне берілген басты ьмақсат құлшылық істері арқылы жанды тәнді дамыту және көктік байланыс және құпия білімді амыту жүктелген және болашақ алдағы басылымда талқылаймыз, ол ман ғылымын меңгеру арқылы төот діннің басын қосу болмақ. Ислам діні өркендеп шарықтап дамып мың жыл жер бетінің ғылым білім және өркениеттің дамуына септігін әсерін тигізді. Сол кездерде пайда болған ашылған ғылымның құпиялары толық ашылып әрі қарай адасу да басталып, жер бетінде мұсылман мен мұсылман өз ара соғысып, басқа діндегілердің де азғындауы, жер бетіндегі әртүрлі дандайсу белгілері басталды. Сондықтан енді адамзатты тағы өркендеудің екінші сатысына көтеру үшін жақсы мен жаманды ажыратып електен өткізіп тәрбиеден өткізу қажеттілігі туды. Ол 5-ші жолдың басталуы болып ертекке айналып ұмыт бола бастаған әңгіме «Ғайса пайғамбар жерге түсіп Мәді жерден шығу тиіс болатын». Демек енді ислам дінін күшейтіп оған христиан дінін қосып жақсылыққа қарай түзеу қажет болды және бұл уақиға алдын ала жаратушымыздан жазылып та қойған еді. «Әр үмметтің бір пайғамбары бар. Оларға пайғамбарлары келген заман, араларына тұралықпен үкім болады. Сондай-ақ олар зұлымдыққа ұшырамайды. (47) Олар «Егер шыншыл болсаңдар осы уәде қашан болады» дейді (48) (Мұхаммед пайғамбар) «Алланың қалауынан басқа өзіме пайда зиян келтіру күшіне ие емеспін. Әр үммет үшін бір ажал бар. Қашан олардың белгілі мерзімі келсе бір сәт кешіктірмейді де ілгерлетілмейді де (49)Сенен олар: бұл шындық па? Деп сұрайды .Әрине Раббыма ант етемін, сөзсіз ол хақ. Сендер Алланы әлсірете алмайсыңдар де». (Юныс-53) Әрбір өзгеріс бір халыққа жақсылығымен келсе келесі халыққа сынағымен келу керек. Екі дін бірдей әлсірегенімен бірі қалуы тиісті, онда қалған дін басқаша көрніспен және ол көрністің жойылуға тиісті дінде өз орны белгісі болу керек емес пе? Адамзат баласы нансын мейлі нанбасын сол үкім шықты нұр болып аспаннан түсті!

Ғайса пайғамбар жерге түсті «христианмен» деген үміттерге ажал келді. Себебі аятта: «Әр үмметтің бір пайғамбары бар. Оларға пайғамбары келген заман, араларына туралықпен үкім болады» деп ескерткен жаратушымыз тағы да жоғарыда ескерткендей жаратылыс кейін қайтарады – деп Христиан діндегілерге апаттар, аурулар, тылсым құпиялары арқылы түрлі ескертулер болып даму өсу өркендеу тоқтап, халық саны азайып жаратушыға жалбарына бастайды , арпалыс басталыпта кетті. «Иса-масих» құдай деген елдерге азаптар басталып шын құдайды іздеуіне тура келді. Сондықтан өзіне жақын дінге көршілерге қарай өте бастайды. 670 жыл шамасында христианмен дегендер мүлдем жоққа айналады. Жартысы Тәурат шыларға қалғаны бөлшектеніп ислам дініне бір бөлігі табынушыларға қосылады. Бұл 5-ші жол Құран және Інжілдің қосылуы болып 5-ші көктегілер толық жер бетіне ауысады. «Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындық бойынша, бір мезгіл белгілеп жараттық. Ал сондай қарсы болғандар, ескертілген нәрседен жалтаруда». (Ахқаф-3) Енді 2000 жылдан кейін қиямет күні туады «Олар Алланы шын мәнінде қадірлей алмады негізінде қиямет күні жер бүтіндей оның уысында. Және көктер де оң қолымен бүктеледі. Ол олардың қосқан ортақтарынан пәк. Әрі жоғары»(3үмәр-67) Жер бетінде күн тұтылып алапат өзгерістер болады.

Жұлдыздар жерге жақындатылып енді қалған шоқынған елдердің азып-тозып ислам дінін қабылдай бастайды. Тағы 2000 жыл өткен соң тағы көк бүктеледі де алтыншы жол сонымен аяқталып, жетінші жол 2000 жылдың мерзімінде бүкіл жұлдыз (сайрандар) бір белдеуге келтіріліп бастапқы «кальпа» ға келіп қиямет қайым басталады. Әбден азып тозған жандар тозақтан шығарылып соңғы мүмкіндік беріліп тазарған сынақтан өткен жандар басқа жерге ауыстырылады. Оған 6000 жыл уақыт қалды. Сол жеті жол белгісін Құранмен белгілесек: Құран соңғы және нұр болғандықтан бар кітаптың түсіндірмесі болып табылады.

Фатиха сүресі Құранның барлық сүрелерінің мақсатын айқындайды, құранның анасы деп те атайды. Сондықтан әзірше аят есебіне жүгінсек:

Бірінші аят: «Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын». Израил халқына түскен даналық мейірімділік және Мұса пайғамбар арқылы сөйлесу, тілдесу, тура жолды көрсету. Жер бетіндегі жайбарақат өмірлер уақыты, дамудың алғашқы кезеңі және түрлі хикметтер уақыты болып саналады. Алла тағаланың жаратудың басты белгісі сөз мейрімді аты деп есептейміз. (Алхимияның сиқырдың даму уақыты.)

Екінші аят: «Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән» Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларға даналық және жер бетінде басқару үкім беру белгісімен бірге Забурді берді. Аллаға мадақ, тасбих, зікірдің мақамының түсуі Забурмен байланысты . Екінші тура жол болып Раббтың тәңірлік сипатын тану болып саналады».

Үшінші аят: «Аса қамқор ерекше мейірімді» Алла тағаланың адамзатқа берген басты сыйы рух болып есептеледі. Сондықтан Ғайса пайғамбарға рухты үрлеп аруақтармен тілдесетін, ғайыппен байланысты ерекше қасиеттер беріп ем шипа және уағыздарды Інжілді түсіріп адам мүмкіндігінің шекарасын белгіледі.

Төртінші аят: «Қиямет күнінің иесі» Жаннаттың киесі Мұхаммед пайғамбар болып қиямет күнінің тек мұсылмандар үшін ғана жақсылық болатындығы ескертілді. Жарықтың жоғарғы сатыдағы дамуы басталды. Дыбыс сөз тербелісінің киесі берілді адамзатқа.

Бесінші аят: «(Әй Алла) Саған ғана құлшылық қыламыз. Әрі сенен ғана жәрдем тілейміз!» Жер жүзіне апаттар, ауру ажал арқылы тек бір жаратушыға құлшылық етуге мәжбүрлеу. Жер бетіне киелер хикметтер түсіп Аллаға құлшылық амалдарын түзету қалыптастыру басталды. Адасқан елдерді және дін ішіндегі қарама қайшылық жағдайды білдіріп өліктерді сөйлестіреді.

Алтыншы аят: «Бізді тура жолға сала көр!» Бүкіл шоқынған, табылған діннен адасқан елдерді тек Тәурат және Құранға бағындыру мәжбүрлеу. Жындарды сиқырларды бағындыру. Әлем халқына тура жолды көрсету кезеңі болып таулар қозғалып жер жүзінде әлемдік апаттар арқылы халықтардың бірігуі басталады.

Жетінші аят: «Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!» Тек Құран ғана тура жол екенін дүние жүзі мойындап жер бетінде тек бір діннің үкімі ғана жүріп адасқандар жер бетінен жойылады. Жер жарылып құрлықтар бөлінеді.Апаттардан аман қалған халық үшін үшінші кезекті өмірге өту дайындығы басталады яғни «Қиямет қайым!»