Рұхтың иелігі және Жан ғылымының негіздері.

Аятта: «Олардың жүректеріне Құранды түсінулеріне кедергі және құлақтарына қаға беріс жасадық. Құранда Раббыңды бір ғана-деп еске алған кезіңде, олар жиренген түрде артарына бұрылып кете береді..» (17-46) «Рас Мен Раббыңмын. Кебісіңді шеш. Өйткені, сен қасиетті Туа ойпатындасың» (12) «Сені ұнаттым. Енді уахи етілгенді тыңда» (13) «Рас Мен Алламын. Мененен басқа тәңір жоқ. Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды толық орында.» (20-14) Олай болса Мен-киелі рұхты адам ақылының бастапқы нұрға қосылуын айтамыз. Меннің растық көрнісі Раббымыз болса ал Рас Мен Алла тәңір сипатын беріп жалпы алты сипаттың жиынтығын «Бір Алла» деп атаймыз. Әрбір атаулардың аяттарда өзіндік қуаты сан мәні бар. Сондықтан діннің және құран насихатының басты қағидасы әрбір атаудың басын аяғын ортасын қамтып отырмаса бір аятпен болмаса бір сөзбен ұқтыру үлкен қателіктерді туындатады. Енді бар жаратылыс нәрсесінің белгілі бір сипатын беретін кеңістікте орны өрісі яғни көлеңкесі болу шарт. Сондықтан сол көлеңкелер ғайып, көмес, көрнеу болып үш түрге бөлініп жоқ сипатын жек жаратқанмен нұрмен өлшенеді. Бізге білуге тиісті осы үш сипатта жетерлік. Сол көлеңкеге жоқ болуға яғни бастапқы нұрға қосылуға тиісті барлық өнімі нұрмен (отпен) жазылып отырады. Сол көлеңкелерді әрбір жанды заттың көшірме бейнесін періште –деп аталады. Әрбір жаратылыс жаратқаннан періштелермен бейнеленіп соған байланысты көмес және көрнеу бейнелері пайда болады. Өмірдегі барлық болған және болуға тиісті оқиғалар осындай алдын-ала бейнеленіп барып уақытқа, мезгілге қозғалысқа түседі.