Құлшылық танымы.

Құлшылық деп, Алланың берген нығметтерін өз әлінше шамасына қарай,тіршілік ізгі істерді, шаруашылық қыймылдарды меңгеріп, ұлт ерекшелігіне, дін ұстамына қарай берілген парыз ғибадаттарды шамасына қарай орындау болып табылса, ал күнделікті өмірде біреуге байланысты, тек сол пенденің үкімімен ғана өмір сүруді бұйырған адамды пендені «құлдықта» жүр деп атайды. Яғни белгілі міндет жүктелген өздігінше басқа тірлік істеуге жоқ пендені айтамыз. Ал Аллаға құл болу деген ұғымды құлшылық ету сөз мағанасымен біріктіріп дін танушылар намаз оқу деп түсіндіреді. Енді құран аяттарына жүгініп зерделесек; «Көктер мен жердегі әркім Аллаға ғана құл болып келеді.» (Мариям-93) Демек адам жанынына байланысты тіршілік көктеде жерде де жаны бар әр кімдер құл деп аталады. Алла тағала бүкіл нәрселерді адамзат үшін жаратып, ішіп жеп, өсіп өну үшін бірін бірі жақсы көріп, ұрпақ өсіріп, жақсы жаманды айырсын деп, әр түрлі жамандық тудыратын қарама қайшылық нәрселерді қоса жаратқан. Жақсымен жаманды түсініп, білу үшін де соғыстар, апатар жіберіп сынап тұрады. Ол тепе теңдік заңы болып әрбір жартылған нәрсенің 2 жұптан белгісі бар екенін ескерткен Рағыд сүресінде. «Сондай пәк Алла, барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және білмегендерінен болсын.» (Ясин-36) Демек жаратылыс нәрсесінің де, жанды мақұлықтардыңда, әр пенденің де көрінбейтін, көмес және көрінетін де жұптары бар. Сол сияқты Құран аяттарының да, ілімнің де білімнің де осындай жұптары бар. Әрбір жұп пардан яғни 3-белгіден яғни 6 белгіден тұрады. Онда Құранда жұп және 12 белгісі бар. Енді жұптықтың екінші қозғалыс, қуаттық сипаты екі жұп 4 түрлі сипаттан тұратын болса, онда жалпы сипаттық сандық болмыстық сипатамасы да сондай болуы болу шарт. 2х2=4 4х4 (түр,рең) =16 белгіге тұрақтайды. Демек барлық жанды нәрсенің негізгі 16 қозғалыс жаратылыс сипаты болса, онда құлшылықтың да бекітілген 4 түрі екіден жұбы барлығы 16 болу шарт. Енді айқындық белгісіне қарай өзіміз көріп, сезіп жүрген нәрселер сипатымен көрінетін яғни білінетін 2жұп, көрінбейтін яки білінбейтін 2 жұп бар деп ұқсақ, бір біріне қандай тәуелділікте, тіршілікте қатынаста болуын анықтауды ғылым деп атап, сол іс жүзінде айқын болғанын білім дейміз. Ал барлық жанды жаратылыс саны2х3=6х3=18х1000= 18000 ғалам болып, 18, 180 сандары тұрақты баған болып ғылымда «сорос» яғни қайталану саны болып табылады. Ал сол ғалам қайда деп ойлайсыз әрине. Негізгі нәрселік, жерлік жаратылыс басы екі болып, көктік сыры үшке айналып, қозғалысқа түссе, сол бес қуаттан 2 сипат бөлініп шығып оны жаратушымыз 10-ға көбейтіп, дәрежелеп отырады. Сол ғаламның кіші (микро) көрнісі адамның жанында ақылмен бейнеленіп 2-менмен адамзаттың бүтін ғалам саны 20 болмақ. Сол 20-ның 18 ғаламы бар және 25 сипатқа еге болған ішкі қасиеті болмақ. Әрбір жаратылған нәрсенің өлшемі шамасы болу шартты болса сөздің әрбір ұғымның істің, құлшылықтың өлшемі шамасы бар. Өлшем құпия заңдылық сандар әлемі. Өмірдің заңдылығың дамуы да сол құпияның көптігінде. Адамзатқа берілген басты қасиет осы өлшем шамасын анықтап ажыратып іске айналдыра білу болып табылады. Неғұрлым өлшем бірлігін дамытып, соған байланысты құралдар ойлап табу ғылым мақсаты. Адам баласы үшін құпия нәрсе азайса, өмір тоқтап аза бастайды. Теңдік заңы бұзылады. Яғни адамзат баласы ұзақ уақыт дәлелденген бір ғылыммен өмір сүріп ғайыпқа болжам жасап, сәйкестендіріп дамытып отырмаса, аза бастайтынын көп ғұламалар ескертіп кеткен кезінде. Заман өзгерді деп байбалам саламыз да, бірақ ғылымды сол мыңдаған жыл қалпында өзгеріссіз пайдаланамыз. Ал одан бері тілдік таңбалық, үндестік белгілеріміздің өсіп кеткендігіне мән бере қоймаймыз. Демек жанның талабы да соған сай өскенін білмейміз. Сол құпияны оймен немесе біліммен анықтау мүмкін емес. Оны тек ақылмен болжап, ойға тоқып ғылым болып жүйелеп отыру керек. Ал жанның даму заңдылық құпиясын өз ақылымызбен немесе ойымызбен анықтай алмаймыз, себебі ақыл адам білімімен ғана шектелген, өлшемді қуат оған үнемі сыртан қосымша азық беріп отырмаса өспейді. Сондықтанда жаратушымыз ғайыптан хабар беретін қасиетті кітаптарды түсіріп, үнемі танымал болған ғылыммен салыстырып және тарихтан үлгі алуды ескерткен де ал ілімінің құпиясын заманына қарай толықтыру үшін үнемі өз іштерімізден елшілер арқылы түсіндіріп отырады. Демек салтық дін ұстанымыз ақыл азығының өрісі. Ал егер діннен ата бабаларымыз қателессе, неге әлі кезге дейін мазарлары құламай әлем халқын таң қалдырып, халыққа шапағаты тиіп, ұрпақтары әлемде теңдесі жоқ жерге қазынаға ие болып жатыр? Сонда жаратушымыздың әлемдерге көрсетіп қойған теріс белгісі болғаны ма? Олай деп ойлаудың өзі Құдайды әділетсіз, сотаушы емес деп дінен шығуға болады. Сондықтан білінген анық болған, тарихта айқындалған себептердің, нәрселердің 4 жұбын толық анықтап өлшеп, сызып көре алмасақ онда әлі білім толық емес. Енді сол айқындалған нәрселер, бірінсіз бірі тіршілік қатынасын жүргізе алмайтын болып, өзінше түрлене алмаса, онда бәрі бір заңдылыққа бағынатыны ақиқат! Енді балаңызға ер жеткенше әрбір іс қыймылына бағдар беріп, немесе өзіңіз бір мекеме басшысы болып, әрбір іске өзіңіз араласып, қадағалап белгілі бір өнім шығарып көріңіз, немесе бірін біріне қадағалатып, ара жік қатынас тәртібін заңын бекітіп, белгілі бір жұмысты соған жауапты пендеден сұрап, қателігін қалай түзейтініне дейін алдын ала дайындап жоспармен бекітіп, біріне бірін себеп қылып, айлығын беріп, жетпесін толықтырып отырған дұрыспа? Қайсысы ақылға лайық? Алла тағаланың күнделікті мені ұмытпасын деп, ең болмаса қарапайым түрде танысын деп, біздерге түсірген білім сипаты. Қарапайым патшалықтың дәлелі. Сондай істерді ара қатынастарды жүйелеп, бірін бірі басқару үшін, көрінбейтін (көмес) елшілерді де (мизанды) әділетті тұрыңдар деп түсірген және ұдайы өзгерістерге ұшыратып, түсіріп отырады.. Әлем атты патшалықтың теңдігі бұзылмас үшін, құпиясын ғылым дамыған сайын есептеп ашып, соған өмір заңдылықтарын сәйкестендірсеңдер, бақытты өмір сүресіңдер деп, кітаптар(ақылдар) түсіріп, соны түсіндіруге өз араларымыздан пайғамбарлар тағайындап, кейінен қателіктерді түзейтін елшілер болатынын ескерткен. Бірақ бәрінің 4 жұп болатынын біле білмейміз. «МИ» сөзі үндестік дыбыс заңдылығы. «ЗАҢ» өлшем қағидасы. Аң белгілі бір тылсым жүйесіне тәуелділікте қылықпен өмір сүру ерекшелігімен айқындалатын хайуан түрі болып табылады. Демек ақыл-ойдың дамуы дыбыс заңдылығына тәуелді, онда әр елдің ұлтың дыбыс заңдылығы бар ол «СӨЗ-дің үндестік» ерекшелігі. Сондықтан адам баласы бір текті болып, біліммен, оймен болжап, өмір сүру қажеттілігін заң шығарып, бәрін қамту мүмкін емес. Даму заңдылығын сақтап, алдын ала болатын өзгеріп тұратын замана құбылысына бейімделіп, өздігінен адамзаттың рухани дамуы тіптен мүмкін емес. Қарапайым ғана мысал, 50 жылдан кейін болатын, заман өзгерісіне табиғат құбылысына, бесіктегі балаңызды бейімдеп, тәрбие тәлім беріп көріңіз немесе соған байланысты алдын ала қалыптастыру үшін заң шығарып көріңіз. Мүмкін де емес. Өзі сөйлемесе, тіліне, көкейіне сөзде сала алмайсыз. Немесе компазитор қылып шығара аласыз ба? Заң сол уақыттағы болып жатқан өзгеріс заңдылығына бағыну немесе жаманшылықтарды шектеп, зиянды құбылыстарға қарсылық шаралары болып табылады. Сондықтан да қоғам және адамзат даму үшін, ұлтық тілге, жынысына байланысты көрінбейтін елшілер жіберіп, қоршаған ортаға заманға сәйкестендіріп заңдарды жетілдіруді жаратушымыз үйретіп отырады. Оған дәлел көрінетін сипатына жататын қоғам қайраткерлері, ақындар, өнер адамдары, ғалымдар,көріпкел қасиетті адамдар,емшілер т.б ерекше адамдар жатса, енді тағыда, әрбір пендені сөйлетіп, көргізіп, ой салып тұратын көмес тек түсіңде әр түрлі сипатта бейнеленетін елшілер қызметі. Енді тағы осыған екі жұп болу керек емеспе? Құранан іздеп табу, түсіну жолын көрсетеміз алда әлі. Құлдың да екі сипаты бар, ерікті және еріксіз. Фәни жалғандағы құлдар, біздер белгілі уақыт ішінде еріктіміз. Ішіп жеу, ойнап күлу, дүние табу немесе ұрпақ өсіру т.б ерінсең, жалқаулансаң істемей-ақ қой, өз еркіңде. Ал ақиреттен, тылсымнан келген елші, төбеміздегі тұратын еріксіз құл. Себебі қателіктерді түзеуге, немесе міндетті бір қасиетті меңгертуге жаратқаннан үкім, жұмыс алған. Ол тапсмырмаларды орындату, орындатпау тағы ерікті құлға байланысты. Бірақ ол жартқаның негізгі құлдары бізге қарағанда ерікті, себебі күнделікті ішіп жем т.б ыстық суық, дүниеге біздердей тәуелділік жоқ. Адамзатты заттық сипаттан қуаттық, жарықтық сипаттағы өмірге тәрбиелеп және өзіне орынбасар етіп белгілі бір істерді жүргізу үшін жер, су, көк элементерін адам жанына сіңіру үшін бір жағдайдан келесі жағдайға өткізіп отырады. Яғни төменгі періштеліктен, жоғары періштелік дәрежеге жету үшін міндетті түрде үш кезеңнен өту шартты үкім. Сондықтан тозақ қақпасынан өту әрбір адамзатқа міндетті қағида. Судың да сұрауы бар деген сөз сонан қалған. Қош, енді сізге фани жалғаннан өту міндетті болса, өткеннен кейін міндетті түрде еріксіз құлға айналасыз. Қайта ол өмірге сәби болып туыласыз, бірақ періште болып емес, белгілі ісіңізге қарай түрленуге, тазаруға содан кейін жаңа өмірге яғни ата-баба артынан сапқа тұрасыз. «Атаңа не істесең алдыңа сол келер» деген дана қазақ. Ол Алла тағаланың бізден бұрын жаратып дайындап қойған білімі. Жер әлем өзгергенше еріксіз құл болып қалуыңызда ғажап емес онда да тозақта. Тозақ дегеніміз діншілер айтқандай отқа жану емес сондай қиналу сатыларынан өтетін азапты тіршілік егесі болу. А егер сіз өзіңізді тежеп, Алла тағалаға мойын ұсынып, берген кеңшілігінен несібе алып, (аянмен) өзіңізді ізгілікті тек жаратқанның бұрығымен жүретін, құдайдан қорқатын еріксіз құлға айналдыра білсеңіз, ахирет қақпасынан өтіп, белгілі бір жұмыс алып, ерікті болып, сол белгіленген шек ішіндегі ізгілікті шапағат етуші көмекші құлға айналасыз. Жалпы жаратушымыздан есту, көру, ойлау қасиеттерін беріп, жаратқан пендесінің бәрі құл болып табылады. Себебі бәрін жүргізіп тұрған жан бар, ол тек Рабымыздан. Құл сөзі- қасиетті кітаптарда тек жанға байланысты айтылған, соған тоқталғанымыз абзал болар. Алдағы уақытта тағы жаңылыспау үшін. Енді құлшылық сөзі Алла тағаланың сол ортаға, тілге, заманға, қасиетке сәйкес берілген жоспарды шамасына, ден саулығына қарай атқару болып табылады. Құлшылық жасаудың жер әлемінде 4 түрі 2 жұп болып бекітілген. Тәурат Құран бір жұп болып, ортасын толтырып тұру үшін Зәбур мен Інжіл бір жұп болар. Бірақ 4 кітап біріктірсе, жер бетінің бүкіл өмір сүру заңдылығын қамтиды. Құранның ерекшелігі сол кітаптардағы белгілер тек құпия түрде үгіт болып түсірілген, қамтылған. Тек дінге нану, нанбау, илану жағынан ғана кәпір мұсылман болып бөлінеді. Сондықтан мұсылман да кәпір бола алса, християн да құлшылық ізгі ісімен мұсылман аталмақ. Ислам дінінде құлшылық ету парыз етілген амалын, намаз деп атаймыз. Ол да орындалу тәсілімен 4 түрге бөлінген. Жалпы иманның бір белгісі, бұлжымас қағидасы, барлық жақсылықта, жаманшылықта тек бір Алладан деп қабылдау шарт. Ал Алла «бір» деп сандық мағынасымен ұқсақ қателесуді туындатады. Себебі «1» десек демек оның алдында «0» тұруы керек ал нөлсіз тағы өлшенбейді. Аятта Алла жалғыз деп ескерткен демек сандар басы Алла! Ал нағыз Алланы тану төрт кітапты біріктіріп жер бетіндегі қуаттық дәрежелерді ғылым арқылы түсіне білуді айтамыз. «БІР» сөзі Алла тағаланың адамзатты «бірлеу» заңдылығы яғни тозақпен жәннаты басқару патшалық қағидасы. Сондықтан да ақылмен тап деген, Алла тағаланың сынағы ислам танушыларға. Негізгі адамға қызмет жасайтын 19 бірлік періштесі бар, қосындысы 10 болатындай бірлеу қағидасые меңгеру шарт. Бұл заңдылықты аманат немесе дін дейміз. Дегенмен Құранды мұқият оқыған адамға түсінікті бола бастайды. Себебі бәрі жанға және өмір сүретін ортаға тәуелділікте үндестік заңдылығы мен тілге байланыстылық ереже, қатаң сақталған қасиетті кітапта!