Ақыл ес және дін мен діл.

Адамзат баласына ортақ қажетті, орындауға, пайдалануға, түсінуге және ұлтық, тілдік ерекшеліктерге де қарамай көрнеу, көмес, ғайыпқа байланысты жасайтын амалдар, заманға тән бейімделуге берілген шаруалар яғни намаздар жүйесі бар. Әрбір халықтың өзіндік шаруасына сай негізігі тегі бір болғанмен сыртқы бейнесі өзгерістерге ұшырап отыру заңды құбылыс. Сондықтан әр нәрсенің ақиқатын нақты бейнесін тану арқылды нанымдар қалыптасып, оны «ғұрып» деп атағанымыз абзал. Нану үшін әуелі сене білу керек. Сол сенімді көп жағдайда «ДІН» деп атап, адам баласының еркін анықтайтын шама-шарқы ретінде пайдаланатын болдық. Сондықтан дінді ерікті немесе еріксіз мойындату турасында әлемде жанжалдар әртүрлі соғыстар мен бірін-бірі құлдап немесе құлданып, екі ағайынның, әке-шешенің де арасына от салып елді біріктіруге емес, бас –басына ту алып бөлшектеуге қызмет етуі неге? Қазақ еліде бұндай құбылыстан аман қалған жоқпыз. Сыртымызды, «түгімізді» қампайып әлемдер алдында мақтанып, діндерді біріктіріп жатырмыз деп күшенгенмен, ішкі әлеміміз түтін сасып, өртеніп, суға кетіп, әйелдеріміз азып, ұрпақтарымыз мәңгүттеніп, әлемге келген індеттердің қайсысынан да сау қала алған жоқпыз. Онда қандай дін? Тура жол? Қандай да аурудың, дерттің себебін біліп содан қорғану тәсілін таппайынша емделем деп ойлама? Әлем халқы білгенінше сол аурудың емі «Шындық» атты діннің дәрісін іздеп жүр. Шындық үш сипатта; ғайыптық, көместік, көрнеулік сипаттары бар. Бізге белгілісі көрнеулік сипаты түсірілген киелі кітаптармен, күнделікті көретін түстеріміз. Көмесі мен ғайыбын тек дінді меңгеру (тура жолды) арқылы ғана анықтай аламыз.Сол бізге көрсетілген түсірілген шындықтың іске айналып белгілі оқиғалар мен ел, жер және жеке адам баласының тағдырына айналуын «Шын» деп атаймыз. Шындықтың шынға айналуы үшін ара ағайыны орындаушысы ортағы «Хақиқат» болу керек. Хақиқат- жаратылыстан бастап, Адам атамызға онан кейінгі келген пайғамбарларға, елшілерге, әр түрлі өнер иелерімен Алланың досы болып саналатын әулие-әмби сүйген құлдарына берілген хикметті істер, нұсқаулар, ескертулер және белгілі болған ғылымды айтамыз. Бірақ шында үшке бөлінеді; бүгінгі шын, кешегі шын, ертеңгі шын. Сол шынды белгілі дәрежеде керегін алып, ескіргенін жаңалап заманына сай өзгерістерге бейімдеп пайдалана білуді яғни жаратушы тарапынан жоспарлы түрде әрбір жеке пендесіне бастап ұлтық, тілдік ерекшелігіне түсіне, түріне қарай беріліп оқылып тұратын ақпараттар жүйесін «Дін» деп атаймыз. Дінді әркім өз қажетіне қарай рухани ризық түрінде алуына да ерікті болмаса еріксіз түрде өмір сүру ерекшелігіне қарай оқиғалар желісі болып тағдырға жазылып отырмақ. Олай болса барлық жаратылыс нәрсесінің белгілі бір өмір сүру ортасы мен сипаты және мезгілі «өлімі» болса, онда түрленуі міндетті болмыс. Демек жаратылған әр нәрсеніңде діні «өлімі» бар. Тек әр түрлі себептермен ғана ішкі қозғалыста болады. Адам баласының дінінің қозғалысы түрленуі, өзгеруі жартылай өзіне қалғаны көместе, негізгі тағдырын ғайыпқа бекітіп қойған. Сондықтан өлім ғайып, өмір ғайып, нәсіп ғайып! Бірақ ғайыпты көмеске, көместі көрнеуге айналдыру амалын да сүйікті құлдары арқылы көрсетіп қойған және дамытып кеңейтіп білдіріп отырады. Ол амалдарды «Намаз» деп атайды. Намаз- заман өзгерістеріне тәуелді түрде, белгілі бір жүйеде, қағидаларда орындалу тәртіптері заманға тәуелді түрде өзгерістерге түсіп тұруға тиісті себепті қозғалыс ғылымы болып табылады. Сол жүйелі қозғалысқа себепші болатын адам баласының ішкі дүниесінің көрнісі яғни «Ниеті» болып табылады. Хайуанда да ниет бар, бірақ күнделікті өмір, тіршілік қамы мен өз ортасындағы белгілі бір мүддеге ғана бағытталған. Ниет- ақылдан ғана туындайды. Олай болса әр адам баласының діні ақылының көрсеткіші мен іс-шараларының жемісі болмақ. Мысалға алсақ; менің дінімнің үш түрлі шамасы бар. Біріншісі- сырқы ортаға көрнісім; тәрбием, тілім, сөз сөйлеу еркіндігім, қылықтарым т.б басқа яғни халық алдында жасыра алмайтын көрінісім. Екіншісі- ішкі сырым; білімім, мінезім, өнерім т.б жағдайға қарай кейде көрнеу, көмес көрніс беріп тұратын өмір сүру қамындағы қалыптасқан қаситтерім. Үшіншісі- тек Бір Аллаға тән құпия істерім, ойлау қабілетім яғни рұхтық (жерлік, отандық, ұлтық) тазалығым. Пенделіктің басты белгісі болып табылатын қылықтардың бірі; кейде осындай ішкі құпиямызды білдірмеу үшін; «ниетім таза болса, болды емеспе?» деп өзімізді-өзіміз кейде алдаусыратып жатамыз. Онымыз жалғандық. Себебі ниет- иман мен тазалықтың жиынтығынан тұрады. Тазалық -пенденің адамдық қасиеті. Оған ұлтына, өскен жеріне, отанына жынысына лайықты қалыптасқан, қалыптастырылған тәрбиесіне тәуелді. Және тән тазалығы, жан тазалығы болып екіге бөлінеді.(алда талқыланады) Иман- ақыл жене ғибадаттан тұрады. Олай болса имансыз ғибадаттың тұл, ақылсыз иманың толық емес. Сөздің де істің де нәтижесі ақылмен ғана өлшенуі керек. Олай болса ақылдың да белгілі шамасы болу керек емес пе? Қалай анықтаймыз? Адамшылдық, парасаттылық яғни зайырлық деген шама бар. Ол шаманы «Әдет-ғұрып, Салт-дәстүр» деп атайды.Ол- әрбір халықтың тіліне , ұлтына байланысты мыңдаған ғасырлар бойы қанмен, термен жазылған өмірлік тәжірибесі! Жазылмаған заңы, үнемі заманына сай намаздар арқылы кейбірі тұрақты, кейбірін жетілдіріп, жаңалап отыру «Дін жолы» яғни дәстүр деп аталады. Ал үшеуі; әдет-ғұрып, салт тек ғылымға, заман өзгерістеріне ғана байласты өзгеруге тиісті. Сөз жасаушы философ, сопыларымыз бәрін дәстүрге (ділдік қарсылық, шипа) айналдырды да қазақты сөзбен тек европаға, арапқа мықтап байлап қойды. Зайырлыққа яғни адамгершілікке жата ма, жатпайма оны оқушы өзіңіз шешіңіз. Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалай бітіргенінен емес. Қанша тілмен иман келтіріп; көңілім түзу, ниетім дұрыс –деп қанша тыраштанғанмен де ақыл жетімсіз болса сол жақсы дұрыс сөздің де өңі қашады. Яғни сыртқы бейнең шайтанға немесе жәндікке, иісің жынға болмаса жартылай европа немесе құм арасында жүрген бедеуилерге ұқсап, өз жерінде қазақ арасында өзін ақылды санау ақымақтар ісі. «У ішеңде руыңмен бол.» Әдет –ғұрып және салт –Алла жолы болып табылады. Алла жолына қарсы жол бар, ол- «ібіліс жолы». Дін жолы осы екі аралықты қамтиды. Дінмен шайтанға, зұлымдыққа да жәрдемші болуға болады. Осы ұғымнан барып мемлекетіміздің діннен іргесін бөлек салып «Зайырлы» яғни парасатты мемлекетпіз деп аталамыз. Орнын таппаған сөз жетім. Асыл сөзді жетімге айналдырған, ұсынған сондай пендені ақылды немесе адамгершілігі бар деуге бола ма? «Білдіманның» нұсқауымен енді сөз сырына үңілмей мемлекетіміз зайырлы деп атаймыз. Ал көшесі, мекемесі болсын әйелдердің жалаңаш жүретін моншасына, мәдени орындары жәндіктердің илеуіне айналған қандай зайыр, қандай мәдениет? Бұл қазақ елінің әлемдер алдында өз дінінің мәдени көрнісі! Ақылдың сауыты, тұрағы елдің әдет-ғұрпы, салтында! Ол сауытты елдік мінез деп атайды. Елдік мінезді меңгеру арқылы әр пенденің жеке қоғамдағы орнына, жынысына, жасына, кәсібіне байланысты мінезді, дәстүрлі істер арқылы қалыптастырады. Дәстүр араласқан жерде заманға сай ақылдыңда бейімделуі болмақ. Ел мінезі тұрақты болып, адам баласы сол елдің ішкі қозғалысын шаруасын, тіршілік харекетін яғни базарын жүргізеді. Сондықтан адам мінезінің жақсысы да жаманыны да, ортасыда бар. Елдің жаманы болмайды деп құранда ескертеді. Ақылды мінез қалыптастырса онда жақсы, жаманын белгілі дәрежеде ортаға қалыптастыру үшін жалпыға бірдей намаздар болу керек. Барлық ислам әлеміне ортақ намаз «ОҚУ» болса, негізгі намаздар «орындаулар» ел мінезіне тәуелді болмақ. Намаз оқу адам баласының білімін, ілімін жетілдіру үшін қызмет етіп, оның да екі түрі болса, мінез бен ақылды жетілдіру үшін жүздеген сауаптық намаз орындаулар қажет. Намаз оқу барлық амалдардың ортасы болып, үнемі ортасына сәйкестендіріп отыру намаздарды орындау амалдарына жатады. Бізге белгілі болған әрбір білімнің ішкі немесе сыртқы сырын сол білімнің ілімі деп атаймыз. Бәрін білдім деу ілімсіздік яғни надандықты туындатады. Ілімді (құпия сырды) іздеу арқылы үнемі білімді жетілдіріп отыру адамзатқа берілген аманат жүк. Білімде ілімді жетілдірумен ақ пен қараны ажыратуға мүделі болмаса, онда өзіне немесе басқаға зиян тигізері даусыз. Құранды да, намазды да зиянға алатындар бар екенін ескерткен жаратушымыз. Олай болса тек ілімді меңгеріп керемет шейхтық дәрежеге жетіпте надандардың қатарынан табылуыңыз мүмкін. Ақылсыз білімді, сананы жетілдірмеген намаз, қашанда қайғыға-қасіретке душар қылады. Зұлымдықпен бүліншілікке ұшыратпайтын, ақ пен қараны ажыратуға қызмет етпейтін намазды кімнен үйрену керек? Сол сияқты ақылды да кімнен үйренеміз көптен бе, аздан ба? Абай атамызға жүгінсек; Сократқа у ішкізген, Ионна Аркты отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, сүйікті пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол-көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал. Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі «виноват». Бұдан қандай ғибрат алдыңыз? «Ата жолы», «Ақ ана», «Зікіршілер», «Тарихатшылар» «Ясауишілер» «Дауғатшылар» т.б толған топтардың жаман болып адасқандар болып аталып тек мешіт «Намазхандары» тура жолда болуының себебі де дін ғұламаларының, әкімдердің, қазақ ғалымдарының, сопыларының жамандығы кінәсі емес пе? Дүниеде жамандық атаулының бәрі көпшілікте болса ермекте, қызықта сонда екен. Бәрінің тұрлауы жоқ баяны белгісіз болса намазды кімнен, ақылды кімнен сұраймыз? Өткенге тарихқа үңілсек бұндай жағдайда көмекке әдет-ғұрып, салт-дәстүр керек екен. Алланың достары көмекке келіп қолдауын береді екен. Алланың досы көппе, әлде дәреже алған ақылшы көп пе? Көп шуылдақтың қозғалсаң болды «ширик», уәжін айтып шежірені еске алсаң «серік». Алланың көркем түсірген несібесінің өзі жартысы харам, сөредегі адал астың жартысы арам болып жатқан түрлі үмітсіздікке түсіріп қаралай ақыл еркіндігін, қайратын жоғалтуға соқтырып жатқан рухани мешеуліктен құтылғыңыз келсе, жамандықты жеңіп үмітіңнің шырағын жаққың келсе, онда намазды толық орында! Егер ісің алға басып ақылды өсіремін десең реттілігін, қалауын тап! Ең жақының ата-баба аруағынан жәрдем сұрау жолын біл! Аруақта руда, жүзде болмайтынын ескер!Сондықтанда Ол- «Алланың құдірет қолы»- қозғалыс тегі! Алдыңа белгілі мақсат қойып, мансапты бол! Тек абай бол, биік мансап –биік жартас екенін ұмытпа! Басына өрмелеп жыланда шыға алатынын , қыранда қонатынын естен шығарма? Байқамасаң мансапқа жеткендердің арасында залымы да, дәреже қуған жалған ғалымы да бар. Сондықтан да мансапты бақпен емес мимен алған абзал. Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық. Бақты, тақты, мансапты берсең ғана әділдікті орнатамын дейтін, партия қуған жел ауызбен, сақалын жамылып мансап қуған, намаз оқуынан басқа амалы жоқ әрекетсіз, ана тілін құрметтемейтін отанын сатқан қайғысыздарданда сақ бол! Қайғылыға жақ бол, сонда сүйенер досың да қасыңнан табылар. Досы бардың сырласы бар, сырласа білсең қайғыңда жүгіңде жеңіл болар. Ақыреттік сырласың болса, түсің түзеліп, ісіңде оңға басары сөзсіз. Ортағың болса бөлісер, шаттықта, бақытта баянды болып тұрағын табар. Әрқашан ұмытпа! Бағың өскенше тілеуіңді өзіңде тілейсің, аруақ атты қамқоршы көместен еліңде тілейді. Бағың өскесін өзің ғана тілейсің, еліңе жеріңе өзгеге де тілейсің. Бодауыңды өтейсің. Намаздар реттілігі, толық орындау деп осыны айтады. Бұл түсіндірме басылымның алдына қойған мақсаты болса, енді осыдан барып ниеті мен мансабы туындамақ.

Діндер болса да құдайсыздар деп кімдерді атаймыз? «Дененің «шамы» көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің нұрға кенеледі. Ал егер аш көз болсаң, өміріңді қараңғылық басады. Сондықтан өміріңде нұр орнына қараңғылық болмасын байқа! Егерде бүкіл өмірің нұрға кенеліп, қараңғы жерің қалмаса, онда ол шамның саған сәулесін төкені секілді түгелдей жарық болады.» (Ізгі хабар 11-тарау. 34-36) Ғиса пайғамбарымыздың ескертуі бойынша ақыл жарығының шамын (шырағын) өшіретін және діншінің ең бір осал жері аш көздік. Қазақ елде болып жатқан дін аралық сынақтардың бір себебі осы жоғары лауазымдағы, діни сауаттылардың және кейбір әкім қара, ояздардың ақылдарының саяздығымен аш көздігінен, тіптен Алла жолында мал жұмсау түгіл өздігімен халықты тазартуға ниеттенген емші т.б сауап іздген пенденің бәрін қудалауда. Яғни інжіл амалдарына шамға «шырақ» жағу амалдарына қарсы. Және діни сауатты аталған топтар, діннің тек жер анамен нәсілдік байланыста, жер кезіп табан арқылы ғана (тәурат, інжіл, забур) өз нәтижесін беретінін ұмыттырып, тек көк арқылы ғана байланысу керек деген ұғымды тықпалауда. Сондықтан мен оларды алда бес парыздан басқаны білмегендіктен «парызшылар» деп атауды жөн көрдім. Сонда «намазхан» тек негізгі үкімдерді қадағалаушы яғни парызшы. Діннің тура жолының бір көрнісі шайтанның ықпалына еріп, ақыл ойы тұтқынға түсіп жүйке ауруына ұшырағандарды жынның ықпалынан арашалап, тазартып, иман (ақыл,ой) есіктерін табу болып табылады. Құранда; «Жақсылық пен жаманшылық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуіңнің араңдағы дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді.(34) Бұл қасиет сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипаттарға зор несібелілер ғана ие болады» (41-35) Осындай иман есіктері арқылы нұрдан үлес алып, емшіліктің жоғарғы дәрежесіне жету діннің биік шыңы болып есептеледі екен. Енді Інжілге жүгінсек: «Бір күні Иса біреуді мылқау қылып қойған жынды қуып шығады. Жын шыққан соң мылқау сөйлей бастады! Жұрт бұған қайран қалды. Бірақ кейбіреулері: «Анау жындарды солардың әміршісі безбүлдің (яғни әзәзілдің бастығымен, шайтанмен) күшімен қуып шығады!»-деп жала жапты. Басқалары Оның билігін (аруақтың құдіретін) сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. Бірақ ойларын білген Иса оларға былай деп жауап қайырды. – Жікке бөлініп, өзара соғысып жатқан әрбір патшалық жойылып бос қалады. Өзара ұрыс-керісте тұрып жатқан әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді. Егер шайтан өзіне -өзі қарсы соғысса, оның патшалығы қалай жойылмай тұра алар еді? Ал сендер мені жындарды безбүлдің (яғни шайтанның) күшімен қуып шығады дейсіңдер. Егер Мен жындарды соның күшімен шығаратын болсам, онда сендердің шәкіртерің оларды кімнің күшімен қуып шығарады? Сондықтан айтқандарыңның бұрыстығын өз шәкіртерің әшкерелейді.! Бірақ Мен жындарды Құдайдың құдіретімен қуып шығамын, демек, араларыңда Құдайдың патшалығы орнаған! Күшті біреу үйін қару-жарақпен күзеткенде оның дүние –мүлкі қауіпсіз. Бірақ онан да күшті біреу шабуыл жасап, жеңсе, әлгінің сеніп жүрген бүкіл қару жарағын тартып алып, қолға түскен олжасын үлестіріп жібереді.» (11-тарау 14-22) Бұл өсиеттің сырын құранда да қайта-қайта ескерткен. Иманың күзетшісіз болса түбінде айрылып жол байлау болатынын ескертеді. Құранда; «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қоғаушы бар. Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге жәрдемші жоқ.» (13-11) Ғиса пайғамбарымыз Құран түспестен бұрын осы аятты түсіндіріп өткен. Сондықтан құдай патшалығының басты қағидасы да, Алла жолында мал-жанымен соғысу болып және емшіліктің құпия сырларын меңгеріп, халықты әр түрлі сыртқы және іштегі кірлерден тазарту амалдарына жатады. Тәурат, Інжілдің негізгі қағидасы жынмен күресіп жеңіп шығу болса онда қазақта әулие бабаларымыздың түгелдей жуық меңгеріп, небір кереметтер көрсеткен. Ал ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ақ бақсылықты, сиқырмен яғни қара бақсылықпен (магия, теріс дұғат.б) шатастырып емшілік істерді дінші ағайындарымыз «шерік қосу» деп ашықтай мазаққа айналдырғанын қалай түсінуге болады? Сол сияқты кезінде «зікіршілер гипноз» деп де дау шығарған діни сауатты діншілеріміз өздері ораза кезінде тарауих намазымен бірге қалай зікір айтады екен? Жаратқан саңырау немесе соқыр ма екен? Әулие бабаларымыздан келе жатқан дәстүрдің бірі қашаннан жын ауруларына шипа тауып емдей де білген. Олай болса қазақ жерінде Құдай патшалығы қашаннан орнаған, болған. Онда Тәуратта, Інжілде, Забурдіңде негізгі намаздар орындау амалдары қазақ халқында деп біліңіз. Енді араптарға түп аталарынан келе жатқан қылықтың бірі немесе әдетті аурудың біздің еліміздегі көрнісі деседе болғандай; «Иса сөзін аяқтағанда бір парызшы кісі Оны түскі тамаққа үйіне шақырды. Иса барып, дастарқан басына жантайды. Оның тамақ ішер алдында діни қол жуу рәсімін орындамағанын ( дұға амалдарын орындамай, тек қол шайғанын) көріп, парызшыл таңқалды. Алайда Иса оған былай деді; — Парызшылар, сендер ыдыс-аяқтарыңа сыртқы тазарту рәсімін жасай бересіңдер, бірақ ішкі дүниелерің алдамшылық пен арамдыққа толы! Ей түйсіксіздер сыртын Жаратқан ішінде жаратты емес пе? Ең дұрысы мынау: иеліктеріңнен мұқтаждарға қайыр беріңдер! Сонда барлық нәрселеріңде адал болады» (11- 37,41) Енді осы өситің сипаты қазақ елінді қайталануда. Пайғамбарымыз ескерткендей бес уақыт намаз есігіңнің алдындағы өзенге бес рет шомылумен бірдей яғни намаз оқысаң сыртқы кіріңнен түк қалмайды. Сондықтан қазақ діншілдері де сол тек намаз оқып намазхан аталсаң болды деп, ал іштегі кірден арылтатын сауап істер мен артық хайыр жасауға тиым салып, ел ішінде аш көздікті қалыптастыруда. Өліктер ұрпақтарының құрбан шалып, ұрпақтарының ақыретті еске алып зираттауына мұқтаж, сол мұқтаждықты өтеуді; бодау төлеу амалы, Алла жолында мал жұмсап артық хайыр жасау деп атаған. Онда біздің мешіттен бастап зиратауға тиым салып аруақты арам дегендердің іштеріне шамнан «шырақтан» жарық түспеген арамзалар болып табылады. Сондықтан ондайларға жаратушы үкімін Ғиса пайғамбарымыздың өсиетімен ескертсек; «Бірақ парызшылар (намазхандар), сендер қасіретке қаласыңдар! Тіпті жалбыз, тасшөп және басқа да әр түрлі майда-шүйде дәмдеуіш шөптердің оннан бірін садақа бересіңдер (намазхандар тек құрбан айтта ғана құрбандық шаласыңдар), бірақта әділдікке және Құдайға деген сүйіспеншілікке (құрбандық, қасиетті жерлерді зиратау, тазару, тәубеге, шүкірлікке) көңіл бөлмейсіңдер. Біріншісін де істеп, екіншісін де қалдырмауларың дұрыс болар еді. Парызшылдар (намазхандар) сендер қасіретке қаласыңдар! Мәжілісханаларда (мешіттер, өлікті жерлеу т.б) төрде отыруды әрі базарларда (ақпарат тарату орындары, баспасөз беттері) қошеметеуді ұнатасыңдар. Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер сендер қасіретке қаласыңдар! Белгі қойылмаған молаларға ұқсайсыңдар жұрт олардың қабір екенін білмей үстімен жүріп арамданады.» (11 тарау 42-44 аяттар) «Сонда Таурат заңын (Құранның арапша мағынасын) үйретуші ғұламалардың бірі: -Ұстаз! Бұл сөзіңіз бізді де ренжітеді,-деді. Иса бұған былай деп жауап берді: -Тәурат заңын (немесе құранды арапша) үйретуші ғұламалар, сендер де қасіретке қаласыңдар! Адамдардың мойындарына көтеруге тым ыңғайсыз борыштарды ( арапша құранды жаттату, шариғат деп ғұрыптық істерге тиым салу, әр түрлі дұғалар, тек арап еліне ғұмыра жасату т.б) арқалатып қоясыңдар, бірақ өздерің сол жүктерге саусақтарыңның ұштарында тигізбейсіңдер.» (11 тарау 45,46) Негізінен Ислам дін ғұламалары, имамдар көпшілік алдында зиратауды теріске шығармайды бірақ өздері сол әулиелерге, киелі жерлерге барып сәлем бермек түгіл қабірлердегілерді ұмыттырып, белгісіз болып кеткен ата-баба аруақтарының бастарын көтеріп белгі қойуға кіріскен керуеннің жолын кесіп, соттатып өздеріде тірі өлікке айналып, белгісіз молаға айналуға жуықта жаратушы тарапынан жауабын алатынына күмәніңіз болмасын оқушым. Себебі өздерінің құранды босқа жаттап мағынасын білмегеннен кейін мойынына кітап болып жүктеле бермек. Таудың өзі құранды толық алуға бас тарқанмен арап танушы діншілер бас тартпайды. Сондай дін бұзар ғұламаларға Ғиса пайғамбарымыз; «Тәурат заңын (құранды) үйретуші ғұламалар, қасіретке қаласыңдар! Сендер құтқарылу туралы білімнің кілтін (аруақ заңдылығын) тартып алдыңдар, өздеріңде кірмедіңдер (зираттамадыңдар) кіргісі келгендерге кедергі жасадыңдар.» (11-тарау 52) Сондықтан Інжіл қағидасымен өліктерге құрмет және емделу, тазару амалдарын орындап қудалануға түскендерге (ата жолын уағыздаушыларға) Ғиса пайғамбарымыз: «Достарым сендерге айтамын; тәнді өлтірседе кейін басқа ештеңе істей алмайтындардан қорықпаңдар! Сендерге кімнен қорқу керек екенін айтайын; өлтіргеннен кейін тозаққа түсіре алатын Құдайдан қорқыңдар! Сендерге тағы айтамын: Одан қорқып, Оны терең қастерлеңдер!» (12-тарау 4) Халықты шындықтан бұру үшін Ғиса пайғамбарымыздың өсиет аяттарын ешқандай ислам ғұламаларының пайдаланғанын көрмейміз. Ал сондай діни сауаттылар інжілдің де сандық мәнімен орын орына қойып есеппен жүйелеп оқыса Мұхаммед пайғамбарымыздың көрсеткен және өсиет еткен шариғат заңдылығының негізі екенін және көптеген құран аяттарының түсіндірмесі шығатынын білер еді. Сондықтан бұл өсиет аяттарды құранда ескертілген даналықтың белгісі Лұқа елшінің жазбасынан алып, Ғиса пайғамбарымыздың өзінің жерге кім болып түсетінін көрсететін, қазіргі таңдағы қазақ жеріндегі болып жатқан діни оқиғалар осы аяттарға байланысты екенін аңғаруға болады.. «Сендерге айтамын: Мені адамдар алдында мойындаған әркімді Мен де Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезде Құдайдың періштелерінің алдында мойындаймын. Бірақ Менен жұрт алдында танған әркімнен Мен де Құдайдың періштелері алдында танбақпын. Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың Киелі Рухына қорлаушыларға кешірім болмайды.» (12-тарау 8-10) Ғиса пайғамбарымыз ешқашанда мен құдаймын демеген, керісінше періште сипатта қиямет мезгілдерінде билеуші болып, яғни періштелерге халықтар дұғасын жеткізуші болып келетінін ескерткен. Алланың сүйікті құлдарына яғни періштелерге тіл тигізгендер тәубасына қарай кешіріліп, ал Киелі Рұхқа- аруаққа тіл тигізудің кешірілмейтін күнә екенін ескертеді. Сондықтан қазақта Алла кешіреді, бірақ аруаққа тіл тигізгендер кешірілмейді, аруақ атқан оңбас- деп бекер айтпаған. Олай болса ашықтан ашық аруақты қорлаған басылымдар және «Рұхқа табыну шайтани іс» деп мақала жазған діншілдер құдайсыздар аталып, міндетті түрде жуық арада жазаларын алмақ! Ал үкімет құзырлы орындарынан тек шаруашылықты (экономика) дамытып адамдардың құлқын толтыру арқылы ғана бақытты «зайырлы» (қайырлы) ел боламыз деп ұрандатып жүрген кейбір дәулеттілер мен әкім қараларға Ғиса пайғамбарымыз; « Бір бай кісінің егіндік жері мол өнім береді. Ол ішінен; «Не істесем екен? Астығымды жинап қоятын жерім жоқ,-деп ойланады. –Былай істеймін; қамбаларымды бұзып, үлкейтіп қайтадан саламын. Сосын өзіме; көп жылға жететін мол қорың бар, енді дем алып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін». Бірақ Құдай оған: «Ей түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып тергенің кімге қалады?»-дейді. Өзі үшін байлық жинап, бірақ Құдаймен қатынасында бай болмаған адамның ақыры осылай болады.» (12 тарау16-21) Шаруашылықты меңгеріп, жер өңдеумен, өндірістің үнемді тәсілдерін жетілдіру еңбек ете білу діннің басты қағидасы, бірақ тек ақшаң болса, артық қоймаң мен қазынаң болса зайырлы, өркениетті елге айналып еркіндікке жеткенмен құдайдың құрығынан ел апаттары мен әр түрлі қасіреттермен, өлімнен қашып құтыла алмаймың деп ескертеді. Сондықтан қазіргі таңда шалағай шыққан заңнан немесе құдайсыз діншілдердің арбауына түсіп жерінен яғни ұлтық дінінен ажырап, әр түрлі жол байлау қыспақтарға түсіп жүрген бауырларға ата жолының ақиқаттың бастауы болып, әлі әлемге қазақ елінің мәртебесін паш ететін уақытыңда таяу екенін аруақтардың яғни Құдайдың Киелі Рұхының атынан құран ұстап алдын-ала ант беруге болады! Себебі сондай қауымға Ғиса пайғамбарымыздың жолдауынан: «Шағын қауым қорықпа! Патшалығын тапсыруға ризалық еткен. Мал-мүліктеріңді сатып (құрбан шалып) мұқтаждарға үлестіріңдер! Осылай өздеріңе «тозбайтын қалта» жасап, таусылмайтын байлықты көкте жинаңдар. Сол жерде оған ұры да жақындамайды, оны күйе де жемейді. Байлықтарың қайда болса жүректерің сонда.» (12-тарау 32) Ал Құранда; «Шүбасыз садақа беруші әйелдер, сондай-ақ Аллаға көркем борыш бергендер, (тиісті орындарға мал сарп қылғандар) оларға неше есе арттырады әрі олар үшін көркем сыйлық бар. (18. –інжіл саны) Сондай Аллаға, Елшісіне иман келтіргендер, Міне солар, Раббыларының қасында шыншылдар және шейіт болғандар. Олар үшін сыйлықтар және нұрлар бар. Ал сондай қарсы келіп, аяттарымызды жасынға шығарғандар, міне солар, тозақтық.» (57-19) «Алаға, ахирет күніне иман келтірген бір елдің; аталары не балалары яқи туыстары болса да Аллаға, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің. Міне солардың жүректеріне Алла иман жазған әрі оларды Өз жағынан бір нұрмен қолдаған. Және оларды астаоынан өзендер ағатын әрі онда мәңгі қалатын бейіштерге кіргізеді. Алла, олардан разы, олар да Алладан разы. Міне бұлар (осы сандық мәндегі), Алланың жамағаты. Жақсы біліңдер. Дау жоқ, Аланың жамағаты, олар құтылушылар.» (58-22) Иман жүрекке зейнеттеледі ол үшін 58 санның құпиясын яғни сүре амалдарынан өту керек екен. Қазақ халқына бұл амалдар оңай. Ол, Құдай заңдылығы, Алланың патшалығын мойындау! Демек елді бірлікке шақырып, салт-дәстүрімізді, ғұрпымызды жаңғырту жолында ата-жолында халықты тазаруға және емдеу шараларын жасап, дінге шақырушыларға шейіттік (сахабалық, елшілік) дәрежелер беріледі екен. Бұл аяттарға байланысты қай елдің көкте мол қазынасы (рухани байлығы) , сол елге де жұлдыздардан (Құраннан) Алланың нұры түсіп, жаңбырда мол, астықта бітік, жер қазынасыда молынан көрініп, қой үстіне боз торғай жұмыртқалайды екен. Сондықтан да Ғиса пайғамбарымыз: «Бес торғай екі теңгеге сатылмай ма? Дегенмен олардың біреуін де Құдай ұмытпайды. Тіпті бастарыңдағы шаштыңда саны да Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да қымбатсыңдар!» (12-6) Саналы сауаты діншілер! Әрқайсыларыңның үстіңде және артарыңнан сол боз торғайлар түс, аян болып ене алмай шырылдап жүргенін үмытпаңдар. Аруақ жоқ деп барыңнан бас тартсаң, өзіңді де жоғалатын тылсымның басты заңдылығы. Сол торғайларды құранда да; «Олар, көктен және жерден алды-артындағы нәрселерді көрмей ме? Егер қаласақ оларды жерге жұтқызамыз не үстеріне көктен кесектер түсіреміз. Рас мұнда Аллаға берілген әр құл үшін ғибрат бар.» (34-9) Егерде осы аяттың ғана сандық мәнімен жұбын, сосын парын тауып одан барып бірнеше сүрелердің пайда болатынын білсеңіздер, ғибрат алар едіңіздерде, өз-өздеріңе және артарыңнан ерген халыққа да зұлымдық жасамаған болар едіңдер құдайсыз діншілер! Бес торғайы екіге қосылып аққу, сұңқарға айналғандардың көбісін әкім қаралармен бірігіп надандықпен аттып тастадыңдар. Аққуды атқанның түбі аруақтың назына қалаты шәксіз. Құс тілімен, құс ілімін (түс ілімін) меңгермеген пайғамбар бола алмайтынын білмейсіңдер діншілдер. Діни сауатты болсаңдар, осындай ондаған құпия аруақ есебін сандық мәнімен шешіп, сүресін тауып көріңдер! Болмаса ел басшылары, сөз басшылары бар, ғалымдарымызбен қосылып ойланайық, ойнасақта біраз жерге барғанымыз анық, бастарыңа кесектер түспей тұрып, аққулар (ақ-тіл, қу-ақыл) мен сұңқарларға (сұң-дыбыс,дауыс,киелік; қар-тазалық, сөз) тас лақтырғанды қойғанымыз абзал болар.