Жын – періште және Кісі. Жын – мал және бала.

Жын – періште және Кісі.

Дүние айналған мұхит? Жер бетінің басым бөлігін су алып жатыр. Әлемнің шырағы күн. Ол барып әлемдік зор мұхитқа шомылады. Онан көтерілген бу аспанға ұшып, бұлт болып айналады. От пен судың шарпысуынан жел туындайды. Сол жел бұлтты айдап, аспан әлемінде от пен судың ұшқыны шарпысады. Найзағай жарқылдай, күн күркіреп, нөсер жауады. Тіршілік, қимыл тербеліс басталады. От пен су тілсіз жау. Тіл бітірсе қайда болса да бағыттап, қажетіңе жұмсауға болады. Адам ерекшелігі де, жаратушымыздың берген ұлы жобасы да сонда тұр. Су мен желге тіл бітіріп, отты бағындыру. Сол қозғалыстардың құпия арғы атасы болу керек емес пе? Құранда Алланың ғаршысы су үстінде деп ескерткен. Қазақта «Арсы-күрсі» жүреді деген қуатты адамдарды. Сол қуат негізі су үстінде. «Сендерге түтінсіз жалын, отсыз түтін жіберіледі өздеріңді құтқара алмайсыңдар». ( Рахман 35.)

Осы екі негізден бірі өлім, екіншісі — жан, болып өмір өлім арпалысынан оттың жалыны пайда болып, қозғалыс басталады. Алла тағаланың адам баласын өзіме орынбасар етемін деген уәденің тегі осы екі теңдесі жоқ қуат көзі. Отсыз түтін жан болса соны жұмсайтын, ал түтінсіз жалын нәтижесі кісі болар.

«Жындарды да түтінсіз оттан жаратқан едік». (Хыжыр -27) Жындар оттан пайда болып жалынмен қосылып жалынға қызу беріп түтінсіз жалынға айналу шарт. Яғни жындар тегі шырақ. Май араласқан от. Майдың тегі иіс.

«Расында адамды нағыз балшықтан жаратты». (Мүминұн -12). «Ол адамзатты құмырадай сыңғырлаған құрғақ топырақтан жаратты». (Рахман -16). Әуелі топырақпен су иленіп балшыққа айналды. Оны түтінсіз отпен кептіріп, сүйек пайда болды. Шыққан жалыннан жын пайда болады. «Жындарды оттың жалынынан жаратты» (Рахман-16). Жындардың екінші тобы нәрселерді жасау дәрежесінде пайда болды. «Енді олардан сұра: «Оларды жарату қиын ба? Шын мәнінде оларды бір жабысқақ балшықтан жараттық». (Саффат-11) (Жабысқақ балшық май қабаттары, яғни иіспен араласқан ылғал балшық.) Қайта балшыққа араластырғанда оттың жалыны жабысқақ балшыққа айналды да жын болып келген бүкіл белгілерді қабылдап сақтау қабілетін атқаратын болды. Құранда «Сәжде» деген ұғым бар түп негізі қызмет қылу. Жынның негізі екеу. Содан барып түрлі-түрлі жындар тарайды. Түтінсіз оттан пайда болған жыннан Ібілісті жасаған.Негізгі тегі от. Нәрселік заттық сипаты темір, сұйықтық сипаты күкірт болып, иіске айналып жалынмен қосылып кісіге айналады. Алланың үйреткенін белгілерін қабылдап сақтап, іске қыймылға айналдырып түрлендіру үшін сол құпияны ұстай сіңіре білетін екі түрлі нәрсені жаратқан бірі – су, екіншісі – от. Су негізінен топырақ бөліктері құрамында араласып түрленсе , екіншісі от негізі темір болып түрленеді. Темір тегі от түрленген ортасы күкірт. «Әй, Ібіліс, сен неге сәжде қылушылармен бірге болмадың» деді. (Ібіліс) «Сен бейнелеген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан жаратқан адамға сәжде етуіме болмайды» деді. (Хажыр 32-34). Қара балшық түрленіп кепкенде көрінбейтін өріске айналар.Ал күкіртпен қосылып сүйек, ет және тері болып тәнге айналар. Ал темір көбейсе тән азар. Сондықтан Ібіліс қызмет ете алмайды тек қорғайды. Оған дәлел аятта: (Мұхаммед ғ.с) бір кезде саған: «Негізінде Раббың адамдарды баураған деген едік. Саған миғражда біз көрсеткенді және Құрандағы қарғалған ағашты адамдарға бір сынақ қылдық. Оларды қорқытуымыз зор қателесуді ғана арттырады.» (Ісра -60) Темірсіз өмір жоқ. Адаммен бірге жерге Ібіліс –темір тегі қоса түскен. Адамзат баласын баурап, қорғап қыздырып тұрған түтінсіз от (Ібіліс). Сондықтан Ібіліс бас тартты. (Себебі Ібіліс адамда тәнінде жаратылыс басынан бар, жоғалмайды қайта өсіп түрленіп тіріледі.) Темірдің қасиеті тотықтану яғни теріс қуаттарды қараңғылықтарды өзіне тартады. (Ғылымда «фото зффект» деп атайды) Ауада да, суда да темір құрамының белгісі бар, от тегімен кездескенде өзінен өзі жанып, жарық береді. Содан барып оттың жалыны жын пайда болады. Адам тәні осы бүкіл жындарды өсіруші бағбан. Адамзат тәні арқылы жындар кісіге айналады. Жындардың белгілі бір дәрежедегі керекті керексіз белгі қабілетін алған қосындысын «жын шайтан» немесе нәпсімен қосындысын «жын пері» деп атаймыз. Адам тәнінде пайда болатын, қызмет етуші тәндік жиіліктегі жындарды «мал» деп атаған жаратушымыз. Сол малдарды бағып, күтіп, өсіру адам еркінде. Сондықтан адам баласы болыпта есептеледі. Ібіліс те сол малдардың қарама қайшылықта өсуіне ықпал етеді. Малдардан керексіз белгілерді өшіріп қажетті белгіні ғана қабылдап іс қимылды меңгерген жынды кісі деп атаған. Адамзат баласына төменгі жиіліктегі Ібіліс қашан Аллаға тура жол тапқанша сынақ. Пенде баласының барлық сезім, ой, есту, көру қасиеттеріне жындарға малдарға бір-бірін араластырып қатыстыру себебінен әртүрлі аурулар түрі туындайды, жаңылыстырып, шатастырып, пенде баласына сан түрлі шешуі қиын жұмбақтар беріп отырады. Шеше алсаң тура жолды табасың, шеше алмасаң тозақта күйдіріп ажыратып тазарту керек. «Раббым, мені қайта тірілтетін күнге дейін кеңшілік бер» (36) Расында саған кеңшілік берілді белгілі мерзімге дейін (38). (Ол): «Раббым мені қаңғыртқандығың үшін; әлбетте адам баласы жер жүзіндегі нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығын адастырамын (39) «Бірақ олардың ішіндегі нағыз құлдарыңды адастыра алмаймын(40). Маған келетін тура жол осы» деді (Хажыр -39). Ібіліс тек дұрыс өмір сүрген адам жаны арқылы ғана Алла тағалаға жақындайды періштеге айналады. Ібілістің үш сипаты бар. Ібіліс: іс – қуат, іл – білім, іб – сөз тегі,(темір,тербеліс,түтінсіз от) әрқайсысы бөліктерге бөлініп адам малының, оттың жалынына араласып тіршілік етеді, адам баласының қызметшісі, әрі аздырып тоздырушы, әрі бақылаушы қызметтерін де атқарады. Адам баласы үшін жаратушымыздан берілген үлкен сынақ. Сондықтан пайғамбарымыз; «Адамдар жаны әртүрлі заттардың қосындысы. Өз ара ұқсас адамдардың жандары жақындасады, ұқсамайтын адамдардың жандары бір-бірімен қарама-қайшы келеді.» (х-319) «Кез келген сәби таза әрі тілі шықанға дейінгінің бәрін қабылдауға қабілетті болып туады, осыдан кейін барып қана ата-анасы оны иудей немесе христианин, яки бұтқа табынушы етеді.» (625.х)

Жын – мал және бала.

«Алла тағала сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты. Тағы сендер үшін малдардан сегіз түрлі пайда қалды. Және сендерді аналарыңның ішіндегі үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. Міне осы Раббыларың Алла тағала патшалық оған тән. Одан басқа еш тәңір жоқ. Қайда бұрылып барасыңдар» (Зүмәр -6). Белден шыққан бір тамшы кісіден (жыннан) пайда пайда болып. кісінің жыныстық белгісі де сол еркек ұрығында болады. Содан 8 бөлікке түрге бөлініп, 9 жын ана сүтінен пайда болып, 3 қараңғылықта өседі, қалыптасады. Олар 1-ші сүйек майында және сүйекте; 2-ші ішек және іш құрылыс майында; 3-ші ет пен тері арасындағы май қабатындағы арасындағы бос кеңістікте қалыптасады.

«Расында адамды нағыз балшықтан жаратты содан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық (13)(І) Сосын ұйыған қан жасады; (ІІ)ұйыған қанда кесек ет жасап, (ІІІ) кесек етті сүйек жасадық та, (ІҮ) сүйектерге ет қаптадық (Ү). Сонан басқа жаратылыс қылып жан салдық. Жаратушының шебері ұлы Алла. (Мүминұн -14)

Бұл сүреден 5 түрлі қуат көздерінің пайда болуын көреміз. Бүкіл топырақ құрамы еркек ұрығында болса, соған байланысты түрлендіруші бөлшектер ана қанында болмақ. Қазақта «Ұлдың жақсы болкы нағашыдан» деп ескерткен. Жан тек басқа жаратылыс тегіне айналғанда ғана пайда болады. Жалпы жындар қуат, қозғалыс қыймылдар тегі болып, «адам баласы» деп аталады.

«Енді олардан сұра: «Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды бір жабысқақ балшықтан жараттық» (Саффат -11) Жабысқақ балшық деп май қабаттарын атайды. Есте сақтау, жад жындар қызметі болып бір тамшы судан пайда болып, жан арқылы тәрбиеленетінін ескертеді.

«Шын мәнінде сендер үшін малдарда ғибрат бар. Малдың қарнындағы қаны мен жынның арасынан шыққан ішушілерге сүйкімді нағыз сүтті сендерге ішкіземіз. (Нахыл 66)

«Нағыз сүт» ананың сүті. Сүт ет пен қан тамырлар арасындағы маңындағы дене қышқылынан пайда болады. әйел адамның балтыры және жамбас бел қарын, сүт бездері болып ең бір құпия жабық жер болуы шарт! Енді сол қуат көздерінің тұрағын малдар деп атаған.

Неге мал деп атаймыз? Аятта: «Ол сегіз түр жаратты. Қойдан екеу, ешкіден екеу. «Алла екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырдағылар қосыла ма: егер сөздерің шын болса маған біліп түсіндіріңдер» де(143) және түйеден екеу, сиырдан да екеу. «Екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырыңдағылар қосыла ма? Немесе Алла сендерге осыны нұсқағанда бар ма едіңдер?» — де. Білмесе де адамдарды адастыру үшін Аллаға өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Күдіксіз Алла залым елді тура жолға салмайды». (Энғам -144) Адамдар күш қуат барысында 4 түрге (малдық сипатқа) бөлінеді де әйел, еркек малдар белгілері міндетті түрде тәнде араласып келеді. Сондықтан әр еркек, әйел кәсіптерің бөлек деген ескерту бар Құранда.(Тәрбие ерекшелігі және жыныстық мінез) Себебі пенде бойында екі жыныстық белгі қатар жүреді. Негізінен 4 түрлі малдық іс қыймыл мінезден 8 түрлі түрлену болу керек. Жер бетінде төрт түрлі халықтан әр қайсысынан 8-ден түрленсе 36 түрлі негізгі ұлттардың санын береді. Және бүкіл жаратылыс жұп болуы шарт болса онда негізгі ұлттық мінез жын ерекшелік 72 болу керек. Ал тіл қасиеттік түрленуге дыбыстық үндестікке жатады бірақ ол тоғызыншы қуат жанға байланысты болып 144 санын беру керек. Яғни әлемде 144 түрлі тілдік ерекшелік бар. Бұл белгіні ғылыммен дәлелдеу болашақ ұрпақтарымыздың үлесіне қалдырайық.