Жан көлігі – пырақ. Ғайып көлігі – аян.

Жан көлігі – пырақ.

Жаралыс басы – қозғалыс,

Қозғалуға керек қолғабыс.

Жан да мейлің бәрі мән де

Сол қуат пен таныс,

Әлемді сол мән жаратқан…

Жасырып тұр жар өзін,

Бас көзімен қарама,

Жүрегіңнің аш көзін,

Жанның сырын арала.

Көрем десең жарымды,

Мас бол, жүрек мазала,

Өртеп жібер барыңды,

Қарсы ұмтыл қазаға…

Оқуың, дінің , дағдың, көп,

Не бір білгіш айтқан деп,

Кетпесін сол жетектеп,

Жарамас үйтіп ой көму

Ақылыңа ұстап қол,

Тура апарар сені сол,

Жардың жолы қиын жол:

Шытырман тоғай, қалың ну!..

Таспиқ сәлде жайнамаз

Тастамайсың қыс пен жаз,

Жүрегің болса тайғақ саз,

Сопысынып қылма наз!..

Ғылымсыз адам- айуан,

Не қылсаң да ғылым біл.

Ғылымға да керек жан,

Ақылсыз болса, ғылым тұл.

Ақылға еркін ой керек,

Матаудан ойды азат қыл,

Әдеттеніп ертерек.

Өрісін кеңіт жылма жыл…

***

Ақыл құсы адаспай аспандаса,

Әлемде нәрсе болмас көзден таса.

Жеті көк жерден оңай басқыш болып,

Ғарышқа қол жетеді қармаласа.

***

Жардың бәрі мендей жар табар еді,

Терең ой, сау ақылмен шамаласа.

Өлім маған өмірден мың есе артық,

Жарға құрбан болуға жан жараса,

Дозақ отын күл қылып сөндіремін,

Жаралы жүрегіме қан тараса.

(Шәкәрім ата.)

Ғылым, білім, ізденіс еркін ой, және ғибадат, дәрет және киінуді меңгеріп құран аяттарын зерделеп түсіну арқылы және зікір мақамын анықтап меңгергенде көкке жол ашылып және құс болып алып ұшатын жалған дүниедегі пенденің пырағы пайда болады. Жоғарғыда «Жүректен қан тарау» деген ұғым денедегі қанның тербелісін және жүйке жүйесінің бір қалыпқа түсуін ескерткен.

Қан тамыры тербелісі 8 ырғаққа бөлініп 4 түрлі белгісі болады. Қай көк тербеліс жиілігіне сәйкес келсе сол көкке көтеріле алады. Сол тербеліс жиілігін көтеретін де төмендететін де Алланы еске алу мен пәктеу зікірі болып табылады.

«Сол уақытта бір кеште Сүлейменге сәйгүлік жүйріктер келтірілді. (31) Сөз жоқ мен Раббымды еске алу үшін атты өте жақсы көрем деді. Ақыр тұлпарлар көзден ғайып болған сәтте “Оны маған қайтарып әкеліңдер ” деп сонда аяқтарын, мойындарын сипай бастады. Расында Сүлейменді сынай тағының үстіне денені қойды сосын ол тәуба қылды». (Сад сүресі)

Сынау үшін Сүлеймен пайғамбарға пырақты беріп зікірді ескертті аянмен Алла тағала, сонда ол тек Аллаға ат қойып зікір айтты да пырақ жоғалып аяннан ажырап қалды. Пырақтың орын белгісін мойыннан жоғары және тізеден төмен бөлік екендігі ескертілген аятта . Көктен алар Алла тағаладан берілетін құпия аян кезінде жан сарайының мойыннан жоғары тізеден төмен бөліктері қосылып барып көкке көтеріледі. Пырақ адамзат баласында тізеден төмен бөлікте пайда болатын ерекше қуат. Адам баласының жалпы сопылық жолдың бүкіл нәтижесі тәнді тәрбиелеп, бүкіл қуат кісіні бір кісіге және бір өрістің қаптың ішінде ұстауға жету нәтижесін айтады. Сол жағдайда ғана Алла тарапынан сыйға пырақ беріледі. Ескерте кететін жағдай Сүлеймен пайғамбар Рабқа ат қойған. Кейіннен қателіктерді түзеткен. Пырақтың бір сипаты жел тегі.

Оған жету үшін бірінші тәубе келтіру керек. Аятта; «(Әй Мұхаммед Ғ.С! ) тәуба етушілер, құлшылық қылушылар, мақтаушылар, ораза ұстаушылар,Ракуғ қылушылар, сәжде етушілер, жақсылыққа бұйырушылар, жамандықтан тыйушылар және Алланың шектерін қорғаушылар осы мүміндерді сүйіншіле».(Тәубе -112) Осындай ізгі істерді толық меңгеру арқылы ғана ғарыш әлемі аспанға жол ашылады. Қаншалықты жан тазалығымен өрістің тазаруының белгісін аянмен ғана анықтайды. Және ол барлық пендеге тән жаратушыдан берілген ортақ белгі.

Ғайып көлігі – аян.

Дін ғылымының мазмұнын қысқаша ашу барысында Фараби бабамыз діннің негізгі қағидаларымен сенімдерін қорғау, дәлелдеу жолдарын келтіреді. Олар:

1) Алла тағаланың кереметтері мен келтірген аяндарын , жаратқан дүниесін тек қана адам ақыл парасаты арқылы түгел біліп болмайды. Түрліше діни көзқарастармен қағидаларды әдеттегі адамдық көзқарастармен, пайымдауларымен және ақыл парасатымен қорғауға болмайды. өйткені тәңірлік аяндардан алынғандықтан биік сатыда тұр, ал оның тағы бір себебі ол сенімдерде адам парасатының шамасы жетпейтін тәңірлік құпиялары бар дейді. Нақ сол сияқты адам дінді аян беру жолымен ғана анықтай алады. Бұл аянды ол өзінің ақыл күші арқылы тани алмайды. Өйткені ақыл бұл үшін өте әлсіз. Бұлай болған күнде жұрт өзінің ақыл біліміне сеніп пайғамбарлыққа да аянға да мұқтаж болмас еді. Бірақ адамдардың қолынан бұл келмейді. өйткені дін ұғындыратын білімдерге біздің ақыл – парасатымыз жете алмайды.

Әл Фараби атамызда аянды толық меңгере алмау адасушылыққа діннің ыдырауына апарып соқтыратынын ескерткен. Діни шындықтардың, қағидалардың адам ақылының өресі жетпейтін биік сатыда тұрған рухани дүниелер екендігі, оны тек жуықтап шамалап танып білуге болатындығы туралы тұжырым, тоқтам Абай шығармаларында да кездеседі. Абай атамыздың отыз сегізінші сөзінде; «Біз Алла тағаланы өзінің білгеніне қарай білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес заты түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерт тіре алмайды. Алла тағала өлшеусіз, ал біздің ақылымыз өлшеулі. Өлшеулі мен өлшеусізді білуге болмайды. Біз Алла тағаланы «Бір» дейміз, «Бар» дейміз, ол «Бір» демелік те ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз». Яғни аянның да өлшемі жан тазалығына байланысты, жан тазалығы қуаттар қатынасының тән тазалығының туындысы.Осы қатынастардың жоғарғы шегін меңгерген Әзіреті сұлтан Яссауи бабамыз. Кіші өлім ұйқыда жан денені тастап шығып белгілі бір жиналған кері теріс белгілерден арылып қосымша белгілер алып отырады да, жан қай әлемге сатыға өте алса сол белгіні ерекшеліктерді қабылдай алады. Яғни адам түсінің ерекшелігі адам өмірінің нәтижесі болып табылады. Бірінші кітапта түс туралы зерттеген ғалымдар еңбегінде қателіктер бар. Түстің керекті, керексізі болмайды. Шым шытырық түстер жаның кірлеуі тозақ белгісі, әр түрлі уақиғалар, өткен шақ, тірі адамдармен араласып жер бетіндегі өмір, тіршіліктер бірінші саты болса, (ондай түсті тез естен шығару керек) болашаққа сапар шегу ескертулер, қайтыс болған жандармен кездесу т.б екінші сатыға жатады. Үшінші саты болса адам ақылы жетпейтін жұмбақ бағдарлама ғалым білімге байланысты белгілер болып табылады. Ал жасампаз ақылмен кездесу тек пайғамбарларда белгілі бір жол басшы тақуалардан ғылым иелері және тақуа жандардың көріпкелдік қасиеті ашылған ерекше қасиет белгілеріне тән құбылыс. Көп жағдайда дін танушылар түске қарсы шығады. Шайтан ісі деп түсіндіреді. Әрине бұл қарапайым құран үгітінде толық меңгерілмегендіктен пайда болған ой жору ғана. Үгітті түсіндіру төрт аяттан құралып отырса ал сол аяттардың біліміне жету үш үштен барлық білімі он аяттпен жүйеленеді. Сондықтан сондай жалған пікірлерге ескерту жасаған Алла тағала аятта:

«Немесе олар: Құранды өзі жасады дей ме? (Мұхамед Ғ.С.) Оларға егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар, сол сияқты жасама он сүре келтіріңдер. Егер шақырғандарың жауап бермесе онда біліңдер шын мәнінде құран Алланың білімімен түсірілген әрі Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ал енді бой ұсынбайсыңдар ма? де» .( Һұд – 14) Яғни бұйрықтар немесе үкімдер он сүре арқылы кімге қандай жағдайда пайдалану керек екендігіне жауап мәнін аша алмаса толық білім емес деп ескертеді. Бой ұсынуға жататын іс, сол көрген аянға жүгіну болып есептеледі. Жоғарыда түс туралы мәлімет берілді. Жалпы түс ай бетіне дейінгі үш аспан қабатымен жер беті белгілі шамадағы жер асты қабаттарын қамтиды. Себебі осы қабаттардың түс (рең) белгісін айырмашылықтарын кемпірқосақтан білуге болады. Қалған жоғарғы аспан түстеріне біздің ақыл шамамыз жетпейді. Ол тек Аллаға ғана аян. Сол жоғарғы аспан қабаттардан келген белгілерді аян деп атаймыз. Түс жалпы ойды түзеу бағыттау көңілді бекіту жүректерді тазалау болып табылады. Ол туралы құранда нақты түсіндірілген. «Сол уақытта Алла, оларды саған түсінде аз көрсеткен еді. Егер оларды саған көп көрсетсе еді, әлбетте қорқар едіңдер де, әрине іс жайында тартысар едіңдер. Бірақ Алла құтқарды. Расында ол, көңілдегілерді толық білуші» (Әнфал -43) Түсте көріністер көп жағдайда қарама-қарсылық жағдайды көрсетіп көңілді бекітіп тұрады. Шешімі оңай жақсылыққа жорып отырады кері қарай көп жағдайда жалпы ұйқы — кіші өлім кезінде есту қабілеті жанмен бірге адамның артқы жағында орналасқан кісімен қосыла сапар шегіп тәндегі көру көздеріне мағлұмат жібереді. Ал аян есту, көру қабілеттері қатар немесе көру кісісі арқылы керісінше есту кісісіне мағлұмат береді. Дауыс беру арқылы нақты құран аяттарын оқыту әр түрлі жазу, білім т.б. аян 4 сатыдан хабар береді. Түс жұмақ, бейіш және тозақ пен жаһаннам арасының хабаршысы болса Аян 4 жаннат хабары үлкен ерекше ақыл ой жетпейтін Алланың ірі жаратқан нәрселерін көру, хикметтерінен белгі Алладан аян болып, адам жанының шарықтау шегі деуге болады. Пенденің тура жолды тапқан нәтиже белгісі болып есептеледі. Бүкіл сопылық, ғалымдық тағы басқа қасиет көздерінің шарықтау шектері аянмен бекітіліп Алладан үкім түсіріп отырады. Әрине бұл жағдайлар жан күзетшісіз және қорушысыз іске асырылмайды. Қорушысыз қауіп зор. “Мен сендерге күзетші емеспін” деп ескерткен жаратушымыз. Күзетші көру қабілеті яғни көретін кісілер. Ғайып көздер. «(Әй Мұхамед Ғ.С оларға .) айт: “Жанымда Алланың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін де демеймін мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін көзді мен көзсіз тең бе? Ойлайсыңдар ма? – де (50)

Раббыларыңның алдында жиналудан қорыққандарға онымен ескерт. Олар үшін Алладан өзге бір дос та қолдаушы да жоқ. Олардың сақсынулары керек». (Әнғам — 52) Жалпы құранда соқыр мен саңырау туралы көп ескертілген жүйелеп ондық есеп арқылы білімін анықтауға болады. Тек түс көріп аян көре алмаған пенде көзі көрмейтін, тек қана құлағы еститін пенде сияқты. Сол сияқты мылқау адам, саңыраудан білімі көп, бірақ түсіндіріп бере алмайды. Себебі есту қабілеті жоқ. Тіл есту қабілетіне тәуелді. Өз тілін білмегендер де болашақта осындай ауруға ұшырайды. Аян көреді бірақ түсінбей өтеді өмірде. Аян – Нұр және несібе жан азығы. Өлшеніп берілген әр пендеге. Сол аянды іздеп қаншама пенделер дін жолында адасып жүр, өздері білмейді не іздеп жүргенін. Аятта: «(Мұхамед Ғ.С.) Сондай күндіз-түні Раббыларына жалбарынып, оның дидарын тілегендерді қума. Олардың есебінен саған ешнәрсе жоқ. Және сенің есебіңнен оларға ешнәрсе жоқ. Сондықтан оларды қусаң зұлымдық қуғандардан боласың». (Әнғам -52) Аян алудың екінші мағынасы жаратушымыздан дидар тілеу деп ескерткен. Оған барар жол зейнет орындарда күні-түні зікір салу, түнеу және оның да тәсілдері болған. Қудалама деп үкім еткен жаратушымыз. Зікіршілерді, зейнет іздеушілерді, зираттаушыларды қудалау зұлымдық белгісі деп ескертеді Алла-тағала. Жалпы зікір көп жағдайда Мешіттерде айтылу керек және уақыты да мерзімі де кезінде болған. Ол да аянмен беріледі ескертіледі. Толық түсіндіру үшін алда әлі талай өткелдерден өту керек сонда ғана дұрыс бұрысын ажырата аламыз. Жоғарғы дәрежелі Алла тағаладан аян алу үшін көкке көтерілу керек. Жанды да көкке жетелейтін ата-бабаларымыздың бақилық жаны өліктер ғана. Және олардың да сатысы бар. Жаннат белгілерінің де өзіндік сатысы ерекшеліктері бар , оны білу үшін аянды меңгеру қажет. Бірінсіз – бірі болмайды орындалмайды. Алла үкімін жеткізуші, білдіруші тек періштелер. Ғайып жаратылыс иелері. Анықтап ат қою адамзатқа берілген рухтық жоспар. Аян ақиқат көлігі болып, мұсылман болсын, кәпір болсын қырыққа келгенше пендеге рухтан жоспарды жеткізіп тұрады. Аятта: “Олар Алланың нұрын өшіруді қалайды, кәпірлер жек көрсе де Алла нұрын тамамдайды.” (Саф — 8) Рух – нұр және жоспар. Қырыққа келгенше Алла нұрын үрлейді. 16 көз арқылы пенде көрмесе де ғайыптан жазылып отырады. Пенде қаласын қаламасын мұсылман бол кәпір бол белгілі жоспар беріледі. Сол жоғарғы ақылдан қосымша үлес алу үшін қасиет көздерді сырт көзден дәрет және киім арқылы қорғағанда ғана аянмен айқындауға болады. Сондықтан: “Расында сендерге Раббыларың тарапынан көрнеу дәлелдер келді. Кім оны көрсе өзі үшін және кім көрмесе зияны өзіне. Мен сендерге күзетші емеспін”. (Әнғам -104) Көрген түс немесе аян болсын сол күзетшілер аманаты деп қабылдап шешім қабылдап отырмаса адам баласы зиянға ұшырайтынын ескертеді. Әр пендеде екі күзетші бекітілген жанмен бірге. Көру және есту қасиет киесі. Рухтың берілген жоспарымен жүріп әрі қарай келген Алланың шапағатын іздеген пенде үшін “Ілімді іздегендер үстінде білімді тұрады” деп ескертіп «Әр кімнің үстінде бір бақылаушы бар» (Тарық-4) «Алла (т) хикметті қалаған құлына береді. Ал кімге білім берілсе, оған көптеген игілік берілетін болады. Бұны ақыл иелері ғана түсіне алады» (Бақара -269) Сопылық жолдың ерекшелік негізі де осы екі жол хикмет (қасиет) және білім. Бүкіл ғылым болсын, жазушылар т.б. өнер салаларында алсақ тек ерекше белгілер аян арқылы бекітіліп санаға жазылып содан шабыт болып келіп қағазға түседі. Ал хикмет ол шексіз ерекше қасиет құпия білім. «Алла (т) адам баласымен көкейіне салу, түрінде немесе перде артынан ғана сөйлейді. Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз ол өте жоғары, хикмет иесі» (Шура -51) Көкейге салу арқылы ғайыптан хабар алу халыққа кеңінен танымал; Оған жататындар көріпкел бақсы емші ақындар т.б. өнер иелері болып табылады. Тек өкінішке орай сондай қасиет иелері шариғат заңдылықтарын орындай алмау себебінен өзіне жеңіл желпі қарап өзін тазартып отыру ғылымын меңгере алмай шайтанның құрығына түсіп қалады. Қазіргі таңда жүзден бір ғана тура жолын тауып меңгеріп жатыр.Аятта; «Алла оны қорғады. Сонда шайтан, әрине құлдарыңнан белгілі бір үлес аламын — деді. және оларды әрине адастырамын , әлбетте оларды босқа үміттендіремін. Әрі оларға міндетті түрде әмір етемін. Сонда олар малдарының құлақтарын тіледі. Сондай ақ оларға әрине Алланың жаратқанын өзгертуді бұйырамын деді Кім Алладан өзге шайтан ды дос тұтса сонда рас ашық зиянға ұшыраған болды».(Ниса – 119) Осы аятты дін танушылардың қате түсінігінен түліктік даладағы малдардың құлағын тілу шоқыну белгісі деген ұғым қалыптасқан ислам елінде. Сондықтан құлағын кескен малды құрбан шалуға болмайды деп тәпсірлеген. Оны қазақта ен салу дейді өз малыңды ажыратып ұрыдан сақтау шаралары ретінде пайдалы. Ал бұл аяттағы жәй сөз емес ғылыми маңызы болашақта ашылатын пендегі тәндік малындағы көрінбейтін құлақтарды ескерткен. Радиобиология ғылым саласында толық шешімі табылары даусыз. Денені ашып жалаңаш жүру, күнге қыздырыну осы құлақтарға сыртқы өріспен байланыс белгілері түседі. Адамдағы асыл қасиет санамен жүйелі байланыс әлсірейді. Өзін-өзі әлмештеп өзгерту, бояну осы құлақтың есту бездерін ажыратып түстің өзгеріп аянның да тоқтауына немесе көру, есту сезімдерінің әлсіреуіне әкеп соқтырады. Біреуді артынан жамандау ғайбат сөздер айту өсек әр түрлі ырым дұғалар жасау сол адамның құлағын тілу болады.

Бір перде арқылы сөйлесу түрі «Алла періштелерімен тілдесу» немесе уақи тіршілікте жиі кездеседі. Адам баласына түс көру уақытында тілдескен періште көрінбейді, дауыс болып естіледі, аманаттар тапсырылады санаға жазылады. Екі дүние арасын бөліп тұратын тербеліс жиілік айырмашылығын перде деп аталады. Сол жиілікке өту ерекшелікті қасиет дейміз. Тек қай жиіліктен қараңғы ма әлде жарықтан хабар алып тұр ма соны ажырату сынақ адамзат баласына жаратушыдан. Ал екінші түрі қасиетті пенделер жүрегі арқылы ерекше тербеліс келіп сөйлейді, онда да Алла тағаланың шапағат ету ұлықсатын алған құлдары арқылы ғана. Оған нақты белгі түсті және оның да шарты бар болмаса «топлазма» арқылы сыртқы кеңістіктегі жындар, шайтандар, перілер, оп-оңай байланысқа түсіп кетеді. Немесе іштегі жылан да сөйлейді. Оған қазіргі уақытта шүкір нақты дәлелдер мен тәжірибеде жиналып та қалды. Емдеу анықтау тәсілдері де бар. Әттең өлшейтін құрал аспаптар болса. Болашақта оған да ұрпақтарымыздың қолы да жетер. Сондай қарсылықтар қайшылықтар тууына қасиетті ұл қыздарымыз да өз үлестерін қосып жатыр. Себебі қаралықты сыртқы жауды бағаламау, бейтараптық және шариғат заңдылығын толық сақтамау, пайғамбар ізгі істеріне немқұрайлылық және ата дәстүрі дін ұстау жолдарына мән бермеу, сол негізгі құндылықтардан айырылуға әкеліп соқтырды. Денені жалаңаштап шынықтыру тәсілін меңгеру түбі хайуан болып тозақ қақпасынан бәрібір өтетініміз ақиқат. Әр заманның өз сынағы бар. Мүмкін кезінде киім бұйымның жеткіліксізінен және қоршаған ортаға байданысты тәнді солай шынықтыру қажет болған шығар. Сыртқы өрістің тәнге тигізетін әсеріне ғылымда мән бермеу салдарынан жазылмайтын ауру немесе жан аурулары көбейді. Болашақта көбейеде бермек. Ал ауырмаудың ең төте жолы киіммен тәнді жауып тек дәретпен таза тамақпен денсаулықты түзеуге болатындығына әзірге көп білімділердің ақылы жетпей жатыр себебі түс көрмейді көрсе де мән бермейді.

Адам мен малдың айырмашылығы тек көру есту және ойлау қасиеттерімен айқындалады.. Сөз негізінен әр жаратылған болмысқа тән тербелістік жиілік ол барлық мақұлықтарда және хайуандарда бар. «Көктер мен жердегі әркімнің , әр қатар – қатар ұшқан құстың Алланы дәріптегенін көрмейсің бе? Барлығы өзіне тән намазын, таспиғын біледі. Алла олардың істегенін толық біледі.» (Нұр — 41) Тек адамғазатқа ғана ерік берген бостан – бос сөйлеуге. Себебі сөз құпияларын ашып меңгеріп және жақсы жаманын анықтап ішкі сырын анықтап, соларға ат қоя біліп, арттағы ұрпаққа аманат етіп білімге айналдырып түсіндіріп кету шарт! Сондықтанда күнделікті жинаған теріс белгілерден тазартып отыруға, түсіну қабілетіне қосымша нұр жарық алуға көркем ғибадаттарды, құлшылықтарды, намаз қылып үкім берген. Қасиеттер жиынтығы соңғы нәтиже түсіну қабілеті ғана рухпен байланысқа түседі. Алла тағалаға жақындайды. Тек оған аянмен пырақ арқылы ғана жетеді.