Алақан – Алланың ізі. Алланың жібі – он саусақ.

Алақан – Алланың ізі.

Алла тағала рахымды, мейірімді және дана, хикмет иесі. Пәндік тұлғалық ерекшеліктерді бітістіріп тепе-теңдік жетіспейтінін қосып тек қана адамға шебер қолды жаратқан. Өткенге өкінбе өзің түзе деп. Сол қол алақаны өткен өмірің, оң қол болашаққа жолдама. Ғылымда зерттелген, бірақ әлі толық ашылмаған құпиялар тегі алақанда жазулы. Бес қуат бес тек, бес күзетші, бесеуі алтыншы Аллаға есеп беріп отырады. Бес қуаттың араласу алмасу бөлігі тырнақ асты және алақан. Қалай қатысады солай сөз шығады. Тырнақ өткен өмірден хабаршы. Ұзын тырнақтар күш қуаттың кемуі. Тырнақ ұзарған сайын тыныс жол ауруы, өкпенің қалыпсыз жұмыс істеуінен белгі береді. Ұзын тырнақтарда жүйкесі нашар тез, ашулану, ренжу өзіне өз риза болмау қабілеті басым болады. Бір жағынан сыпайы жұмсақ болып та келеді, сурет, өнерге жақындығы құштарлығы басым болады. Дұрыс тәрбие алмағанда, бос қиялға көп беріліп, шындыққа тура қарай алмай өзін-өзі таба алмай түсінбеушілікте өмір кешеді. Шындықтан үнемі қашқақтап жүреді.

Тырнақ өсіруге құмарлық, өмір сүру нәтижесінде осындай мінездің қалыптасуынан да пайда болады. Болмаса нәпсі жетелейді. Адам шайтан азғырады. Тырнақ түбіндегі ай белгісі қуаттардың алмасу дәрежесін көрсетеді. Өте қысқа тырнақтар жүрек жұмысының әлсіздігін білдіреді. Қан тамырлары жүйесінің және жүйкенің нашарлығын көрсетеді. Ал тырнаққа дақтардың түсуі жүйке-жүйесінің бұзылуын ескертеді. Қысқа тырнақтар өздеріне үнемі сын көзбен қарайтын адамдар қатарынан болады. Айналасына үнемі сын көзімен қарап болжау, бағамдау жүйесі артық қалыптасып үнемі әр нәрседен кінә іздеумен, өзіне өзі риза болмайтын жандардың тырнағы өте жіңішке әрі ұзын болып келеді.

Қазақша жез тырнақ деген сөз бар. Ол темірдің тырнақ астына мол жиналып денедегі жүйке айналысын қамтамасыз ететін мыстың жезге айналып сыртқы ортамен (екінші өріспен) (октоплазма) қарым-қатынасқа түсіп адам қылығын өзгертуге әкеліп соқтырады. Тырнақ астында теріс өріс пайда болып ішек майдарында қоздырғыштардың өсуін қалыптастырады және тамақ арқылы басқа пенделерге қоздырғыштарды тасымалдау қызметін атқарады. Тырнақты ерекше ұзартып мақтанға айналдыратындар мінезінде өте айлакерлік, қулық, екі жүзділік белгілері басым болады. Сондықтан, «Ненің соңына түссең соның күйігін тартасың» деген дана қазақ. Қарама-қайшылықта өмір сүру адамзат үшін қажеттілік. Сондықтан арам нәрселер қашанда әсем көрінеді. Електен өткізіп, жамандықты ескертіп, Аллаға жақындататын бірден бір құбылыс сынақ. Сондықтан әр адам өзіне өзі тәрбиеші. Өзін жеңген ашуын ауыздықтан мінезін қалыпқа түсіріп ақылға жеңдірген тарихты зерделеп өткеннен үлгі алған адам ғана текті аталмақ. Соншалықты қарама-қарсылық белгісіне тағы ерекше жаратушыдан тығылуы жатқан қасиет аты көктік несібе қуат бар. Белгісі де алақанға жазылады. Ғылымның көзі оған әлі толық жеткен жоқ. Толық ашу түсіну адамзат баласына мүмкін жазбаған болар.Сондығынан, ол ғайып. Сол қасиет көздерін меңгеру үшін жеті жол белгілеп, әр пендеге, туысқа, ұлтқа, халыққа белгілі бір жүйені тәуелділікті, бірінсіз бірі орындалмайтын қылып сызып берілген. Алда әлі талай сол қасиеттер сырларына ой жүгіртеміз. Пенденің ерекшелік табиғи болмысын айқындап қалыптастыру үлкен сынақ. Тек ерекшелік қасиетін тауып, сол белгіні меңгеру арқылы ғана Аллаға жақындауға болады. Оған жуық арада адамзат баласы көз жеткізеді. Соған ғана бүкіл ғылым білім тіреледі. Бүкіл ауру да деннің саулығы да адамзат тағдыры да ананың аяулы алақанынан басталатынын түсіндіреді Алла тағала. Бірақ көптеген жан құрбандығымен. Халықтар тағдырымен, апаттар жазылмайтын аурулар арқылы сынақтар басталады. Басталыпта кетті. Мысалға жәй ғана әйел адамның шашын қысқартуы жүректің қатайып және мінездің, жыныстық қылықтардың өзгеріп, әйелдік қасиеттің азайуын туындатады.

Түсінік азайып нәпсілік, түйсік өсіп айлакерлік мінез қалыптаса бастайды. Еркектің ойынға, темекі араққа құмарлығы сананың жабылуын жетенің азайуын, есте сақтау қабілетін азайтып хайуандық қылықтарды қалыптастырады. Өзіне өзі есеп беру қабілеті төмендейді.Адамзатқа берілген негізінен жеті ғана жол бар.Әрбір пендені өмірге әкелетін жолдама беретін басты байлық әйел заты – ана.

Жеке пендеге берілген жеті жол жеті қазына арқылы ғана іске асады. Сол қазыналарды бағалай алмай дәм таусылып, қызымыз азып тұзымыз таусылып, ажал белгісі түскен қандастарымыз күн санап көбейуде. Өлім туралы ұмыта бастасаң ажал бар ағайын. Ақ өлім ескертіледі айтып келеді ол үшін дұрыс қартая білу шарт, ажал айтпай келеді ағайын. Түсің түзу ме бауырым? Мал жаның аман ба ағайын?

Алланың жібі – он саусақ.

Жер жүзіне қарасам,

Неше түрлі халық бар.

Дін иманын санасам,

Шыңнан артық анық бар.

Бұл қалай деп ойласам,

Мұның да бір сыры бар.

Терең ойға бойласам,

Дәл мынандай түрі бар.

Жардың шашы сансыз көп,

Ол санауға келмейді,

Оның сыры осы деп,

Әркім бір тал ұстап жүр.

Нұх қауымынан кейін адамдар бейнесін өзгерттім деп ескеткен жаратушымыз. Ал «Нұх сүресін» сүресінен ырыс белгісін санап көрсек 28 және 5 кісі болып 33 санын құрайды. Аятта және олар «Тәңірімізді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұқ және Насырды әсте тастамаңдар» деседі. (23) «Расында олар көпшілікті адастырады. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр». (Нұх 24) Бес бұт деп түсіндіреді тәспілерде. Ол шындығында 5 қуат, 5 саусақ. Бес қуатқа жіктеп ат қойып тәңіріміз солар деп табынған. Белгілері:

1) Уад төбеден шаш арасынан бөлінеді.( Күкіртті иіс өрісі)

2) Суағ – көкіректен екі емшек ұшынан, мойын асты шұңқыры арасын сызықпен қоссақ үш бұрыш шығады. Сол қуаттың белгісі.

3) Яғұс- беттен жалын болып бөлініп тұрады.

4) Яғұқ – екі иық арасына түзу сызық жүргізсек ұштарын көкірек шұңқырымен қосақ үш бұрыш ішіне шығатын қуат

5) Насыр — Көзден маңдай арасы үш бұрыш белгі болып шығатын жандық қуат көзі.

Енді осы бес қуат ошағы сегіз жынмен малдар мен қырық белгі арқылы араласып қырық ырыс белгісін құрайды. Саусақтарға жіктесек әр қолда 19 буыннан 38 саны шықса қалған екеуі тілдік жыныстық мінез болып қырық ырысты құрайды. Шоқыну белгісі болып, негізінен бес қуатты бос жіберіп әртүрлі ырымдармен жындар әлемімен байланысқа түсу болып табылады. Ол үшін сол қуат есік көздерін ашық ұстайды.(Әйелдердің үш бұрыш қылып кеуде тұсын ашып қойуы және үнемі басты ашық ұстау т,б) Сондықтан діннің басты мақсаты сол қуаттарды меңгеріп бір жүйеде қызмет жасатуға үйрету керек. Адам баласы ақылмен болжап оймен таба алмайды тек белгілі дін заңдылықтарын сақтап парыздарды орындап аянмен бағдар алып отырады.

Аянға есік ашылуы үшін денеде негізгі бес белгі пайда болу керек және 3 қараңғылықтан көру, есту, ойлау болып, сегіз белгіні толық алған пенде аянға яғни Алланың жібіне ие болады деп есептеуге болады. Көру қасиеттерінің негізгі ортасы тізе бір белгі. Есту құлақ бездері болып 16 ға бөлінсе негізгі орталығы баста күре тамыр ұйқы безі т.б. тәнде ауысып алмасып келеді. Сыртқы жан сарайының есту байланыс түйіндемесі екі жауырын . Ойлау сезім, түсіну бәрі төбеде жиынтықталады. Бастың жоғарғы жағында белгісі болады. Екінші белгі бөлігі табанда қалыптасады. Қалған бес қуатты (жынды) жіктесек;

1.Уад түйіндемесі желке шұңқыры болып.

2.Суағ түйіндемесі жүрек болып табылады.

3.Яғұс түйіндемесі екі шекеден белгісі болады.

4.Яғұқ түйіндемесі жауырыннан белгісін береді

5.Насыр басқарушы атқарушы бала болып екі қолда түйіндеме белгісі болады. Осы сегіз белгіні алған пендеге аянға есік ашылады. Көктің жібін ұстаған болып есептеледі. Қалған 32 белгісі ол тән жан тазалығының және бір бірімен қатынас жолдарының беріктігіне байланысты. Ондай жағдай тек тақуа жандарда және ерекше қасиетті әулиелерде болатын құбылыс. Сопылық жолдың негізі де осыған тіреледі Бірақ сыртқы қорған үй құрылысына тәуелді болады. Себебі 5 қуат өз мөлшерінде 8 жынмен тербелісте болып 9 шы кісі ана тілі және сүтімен келген қасиет болып, 10 -шы мизан жанмен Алла кеңшілігінен (түс, аян, уақи) жоспарланып отырған жағдайда өз теңдігін тербеліс жүйесін сақтайды, жүргізеді, ұстатады, сөйлетеді әр түрлі сезімде тебірентеді.

Денесінің барша қуаты

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл суаты,

Махаббат қылса тәңір үшін. (Абай ата)

«Табиғат әр бір адам бойына не дәнді дақыл болып, не арам шөп болып өсіп шығады, тәрбиешісі; Біріншісін уақытымен суғарып, екіншісін отап отырсын». (Ф. Бекон.) Әрбір пендеге Алла тағала көрінбейтін көркем бақша сыйлаған оның жемісі тәнде, бұтағы, жапырағы жан сарайында. Күт , мәпеле жемісін көр, пайдалан! «Не ексең соны орасың» деген аталарымыз.

Сол жан сарайының белгілер санына қарай аян төртке бөлінеді және 4-сатысы да бар.

1-ші ұжмақтан хабар

2-ші бейіштен хабар

3-ші жанаттардан хабар

4-ші Алладан аян ерекше құбылыс ақылға сыймайтын ірі белгілерді көру көктің жоғарғы бөлігіне шығу арқылы болады уақи деп те аталады.