Тіл еңбегі.

Адам бойында қалыптасқан әртүрлі қимыл іс әрекетер саналы түрдегі қозғалысқа әдетке айналдыру үшін басқа қауымдастықтан көрген, естіген, қозғалыс әрекетердің қайталап оны сөз арқылы бейнелеп қанға айналдыру тіл еңбегінің жемісі болып, кемелденеді. Еңбек пен тіл тіл қатынасына келуімен адам өз істерін бақалардан күтілген бағамен салыстырып, тексеріп бағалайды. Сонымен бірге табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырумен бірге, өз мүдесіне қарай орындағанның бәрін, тіптен қара басының қамы үшін жасалған қарапайым заттың өзін адам тіл арқылы басқаларға арнайды. Адамның тілі өзіне сай қалыптасқан еңбеку құралдарын таба біліп, сол құралдарды қолдану тәсілдерін үйретеді. Адам баласы дүни есігін ашқанда маңдайы (еңбегі) бос болып неге келеді? Сонан кейін қоршаған ортаны танып ата-анасның тілін ымын түсіну арқылы және сол көру, есту тілі және дауыс беру тіл еңбегінің нәтижесінде, тіршілік тіліне деген құштарлықтың арқасында еңбегі сүйекке айналады. Сондықтанда тіл тек дыбыс түрінде ғана емес әртүрлі қимыл, ым, т.б әрекетер арқылы да, адамдар арасындағы қуат алмасу (ақша, қаражат) өтемі түрінде де пайдаланады. Тілді меңгеру жолындағы еңбек заңдылығы бұрын мешіттерден басталатын болса, бұл заманда балалардың намаз оқуы мектептерден басталады. Мектеп мешіттің ірге тасы. Мектебі дұрыс елдің мешітіде елдің тұтқасы, тіл байлығының қазынасы болар. Мектеп тіл, мешіт сөз болып, тіл үнемі сөзге жарығында көлеңкесін де түсіріп тұрады. Тілдің жарығы түскен сөздерден құралған сөйлем ғана тыңдаушының жүрегіне жетіп ойды қозғап, ой сезімге әсер беріп, адам баласының арманына қанат болып жалғанады. Тілінің жарығы жоқ адам асыл сөзді де тыңдаушыға жеткізе алмайды да сосын оңай сөздерді, жаттанды атауларды қайталағыш болып, сөздің түбін білмей ойында дұрыс бейнелей алмай сонан жүрек мүлде жабылады. Тілдің құны жоғалуымен асыл сөздің де мәні жоғалып, сыңар жақ өзге тілге деген құмарлықтың, өзгенің мәдениетімен, әдебіне құштарлықтың пайда болуымен жеке пенденің діні азады тілі құрғап, ділі қараңғыланып, қаны басына теуіп ашу, ызақор «білдіманға» айналуы сөзсіз. Кейбір пенделердің туғаннан тілі дұрыс болып, әуезділігімен ерекшеленіп, әнші болып тілін саудаға салып, сөзді байытпаса тек елінің қуанышына ғана ортақтасатын қайғысын түсінбейтін тойшыл, сауықшыл мінез қалыптасады. Ал елінің ұлтының қуанышына да, қайғысына да ортақтасу үшін тілдің сөзге жарығы түсіп сөздің түбін көре білгенде ғана толық адамгершілік ұлтық мінез қалыптасады. Тілдің 40 ошағы болып ол әйел затына тән қасиет. Сол тіл ошағын ар- ұяттың үйіне айналдыру үшін. Терезесі жабық, есігін құлыптап, қабырғасын мықтап, шатыры жабық болып, сосын іштен жылытаттын отын керек. Сөз- отын, оның қазынасы 30 үйлі еркекте болады. Бірақ сол отынды орнына апарып, отанның отын бықсытпай, түтіндетпей жағу үшін, әйел жанын түсінетін тілмашы таза діні болу керек. Дін арқылы ғана ошағыңның үш аяғы тіл, көз, сөз болып тең тұрса түтіні де түзу ұшар. Болмаса тілмен көзден тән бұзылып, сөзбен көзден жан тозар. Қыз бала тілі судай таза сылдыраған үнімен, ұлтына сай қылығымен діні көрікті болып, еркек жердей сабырлы әңгімешіл болып, ел баласы көпшіл қылып өсірсе, өзі үшін ғана емес өзгелер үші ұяла біліп, жанынан артық жұртын сүйсе, ондай ар-намысты дінімен, ерлігімен еліне жақса; Ел мақтаған жігітті, қызда жақтар. Тіл- қызыл абайламасаң бояушы. Сөз- ақ, қара, жылы, жұмсақ және жыландай суық, қатты. Сөзді бояп әрлеп, қыздырып бой балқытып жылыттатын, періштедей тәніңді жұмсартып, жаныңдыда ағартатын немесе керісінше қандайда қасиетті сөздерді жүзін мұқалтып, тіптен Алланың асыл сөзі киелі кітаптарды да бүлдіргіге соғыс апаттарға да жеткізетін тіл. Тілдің артынан ерсең ұстатпайды, соңыңнан ертіп, ерінбей еңбектеніп тәрбиелеп сөздің соңынан ерте білсең, көлеңкең болып қорғаныңа айналар. Әйел заты да сол сияқты. Сондықтан сөздің ақ қарасын ажыратып, өткеннен өнеге алып, ұрпақтарға ұлтық үлгімен ананың ақ сүтін-ділін ақтауды үйретумен және тілмен сөздің некесін сақтай білген елдің еңбегі жемісті болып қой үстіне боз торғайы жұмыртқалауы даусыз.