Адам – Зат.

Адам – Зат.

Алла тағала күллі өзінің құдірет күші әділдігін әлемге паш етті.Әрбір зат, жан – жануарға қадір – қасиет,түр –тұлға, көрік,сипат берді.Алла тағаланың кереметінің шегін болжауға ешкімнің ақылы жетпейді. Себебі ақыл шекті сана шексіз.

Барлық зат, болмысты бір – біріне себепші етіп қойған. Бір жүйе шамалы ауытқыса, бүкіл нәрсеге әсерін тигізеді. Әрбір жаратылыс нәрсенің алма – кезек ауысып тұратын өзіне тән ғана жүйелі заңдылықтары бар. Егер бұл заңдылық бұзылса, жүйесіздік, тәртіпсіздік белең алып, дүние астан-кестең болады. Осыған орайлас дүние түйсігін де жаратқан. Оны сезім және нәпсі дейді. Дүниеде бір нәрсе пайда болса, ол екінші белгіге айналып, Алла тағаланың әміріне дәлел болады. Сондықтан дүние заңдылықтарына бейтарап қарауға болмайды. Оның оңы терісі,өңі астарынан хабардар болу керек.Адамды көкте жаратқанда оның тек топырақтық тегін, сипатын жаратқан. Бірінші сипаты барлық жақсы-жаман соған себепші болатын нәрселерді қабылдап, соған байланысты түрлендіре алатындығы. Ерікті, еріксіз қозғалысқа түсетіндігінде. Алла рухының шеңберіндегі белгілі мерзім, уақыт шегінде түрлі іс қимылдар атқарып, сол мәліметтерді белгілерді сақтай алатын дәрежесі бар.

«Маған сегіз жыл жалға жүруіңе орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң ол сенің жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын, Алла қаласа мені ізгілерден табасың» (Қасас — 27). Адамда 8 белгі (жын) жалға беріледі. Сол жындарды тәрбиелеу үшін өзіңнен бір белгі ана тілін берген. Яғни әйел заты Адам- ата сөзінен пайда болған. Ұрпақпен бірге пайда болатын жынмен он болады, соны толық өз жаның деп атаған. «Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан». (Ғалақ — 2) Қанмен берілетін басты белгі кісі қасиет арқылы 8 жын-бала пайда болып, 10-шы жанмен келетін белгі елші қасиетпен қосылып, өмір сүру жоспары беріледі.Жан осы 9 жын (жел) белгімен ұштасып тығыз байланыста болады. Енді адамзатта ерсілі-қарсылы алмасып кезектесіп тұратын 9 жолдың торабын тұлғасын сызықтар түрінде бейнелесек, жер текше болса, үстінен мұнара тұрғызып, 5 қуаттың бірі – жерден, қалғаны аспан әлеміне байланысты болса,текше үстінде мұнара салсақ, 9 желдің айналым, байланыс жүйесі пайда болады. Енді осы мұнараның төрт жағы болса,адам баласының да төрт жағы бар. Сол сияқты жанның да төрт жағы болады. Енді ойша осы текше үстіндегі мұнараны киіз үй ішіне орналастырсақ, адам сыртқы өрісі мен сызықтық тұлғасын көреміз (Сүгіретке қараңыз). Осы мұнара Қорқыт ата мазарында аянмен тұрғызылған, «Тілеу хана» деп аталады.Әрине кездей соқ салынған емес. Сол сыртқы үйді пенде «Қағбасы»деп атайды. Ол көрінбейтін адам үйінің заты.Меккеге барғанда жер тұлғасының сыртын (Қағба тасты) айналғанда сол көрінбейтін ғайып үйге кіріп тазарады. Енді 9 желдің бір – бірімен қатынас қырлары да тұрақты 4-тен келеді. Барлығы 9*4=36 ,оны аспан санына көбейтсе 360 демек бұл дүние шеңбері толық айналыс дара жат (градус) саны шығады.Енді желдің жалпы сан қыры 16 болса,ішкі есту,көру және ойлау санын қоссақ 19 санын құрап,Тозақтағы 19 қазан күзетші, 19 періште санын береді. Адам қолындағы 19 буын саны осы кіші белгіні көрсетеді. Жалпы әлем тегі 19 жарықпен айғақталу қорытындылауы керек. Екі қолды қоссақ 38 болып, енді ғайып белгі 40-қа толу керек, сонда екі белгі қайда? Ол — Жанда. Неге екі жан? Сол тектер сипатына үңіліп көрейік.Ескере кететін жағдай бұл адам пішіні сүйек буындарға тәуелді. Желдер саны болса, қимыл – қозғалыс есебін көрсетеді. Ал, жалпы қасиет санына жүгінсек, ішкі ағза, ет, сүйек, тері орындары болып қайталанып, 9 бұрыш байлам санына айналып, бүкіл адам затық сызықтық бейнесін қалыптастыратын болса,осы бейнені өз ортасында айқындап тұратын сыртқы пішінін кемелдендіретін Алладан келетін жан болып, 10 әлемдік санын құрайды.Негізінен толық кемелдену саны 13 санына тіреледі. 11- саны жұлдыздар әсері болса, Күн, Аймен 13 санын беріп,ол клетканың түзілу саны болады.Даналық биіктік шегі де 13 саны болады. Келесі кітапта ақиқатына ой жүгіртіп көреміз.Жалпы желдің саны 26.Себебі сол текше үстіндегі мұнараның текше ішінде көлеңкесі бар. (Пендеде 12 ішкі мүше 12 сыртқы мүше бар) Сонда 12 қабырға, 6 төбе, 8 жақ барлығы 26. 6 төбе, 8жақ 14- оттың санын береді, судың саны- 62. Адам затында 62 тамыр бар. Адам әлемінде 5 тек бар:от, су, жер, жел, эфир ( иісті бу).

Енді жер текшесіндегі алты қабырға алты даналықты танылуға тиісті ғылымдар санын көрсетедіі.1-Қоғамдық ұлттық ерекшелік тарих,тіл. 2.-Тиб (дәрігерлік) тәндік сипатты білу. 3.Музыка, тылсым дыбыстарын меңгеру. 4.Есеп, геометрия ғылымы текшенің мұнарамен жалғасқан беті. 5.Текше төбесі, астрономия ғылымы,6-Текше едені ынсап ,адамгершілік қағида, салт – дәстүр болып, қарапайым өмір сүрудің алты даналығы болып,ал жоғарғы мұнараның төр жағы төрт кітап болып, әлемге көкке көтерілер даналықты белгілейді. Жалпы Адам баласына берілген он түрлі таным жоспардың сызықтық бейне көрнісі. Адам баласы сегіз жақтан сыртқы бір әлемнен, ішкі құпия екі жағы сыры болып, алты ғылымнан хабардар болса, «Сегіз қырлы бір сырлы» дейтініміз осыдан шығады.

Жан сарайының тұрағы дене.

«Кімде – кім құлты таза зерек болмаса, ол ізгі зерек адамның сөзіне де, ойына да жақын келе алмайды.Таза болмаған денеге қанша азық берсең де жауыздық арттырудан басқа ештеңе тумас» — деген шығыс даналары.Сондықтан адам денесі Алла тағаланың ұлылығын, қасиетін тану үшін таза болу шарт. Бірінщі таным әр пнденің өзін тануынан басталады. Алдымен, әрбір жан өзін тани білсе ғана Алла тағаланы да таниды. Өрнекті қабылдамайтын затта өрнек болмайды. Сол өрнек әрбір ұлтық тілдік ерекшелік тек ата-ана арқылы ғана беріледі. Кері қарай өзгерту яғни тасқа балауызбен өрнек салу мүмкін емес. Керісінше таста қандай өрнек із болса, оны балауызға түсіру оңай. Адам тәні Алла тағаланың мөрі десе де болғандай. Біз тірі пенде балауыз болсақ ата-анамыз Алла тағала мөрі деп тұсініңіз.

Өрнектің түзелу кереметіне таң қалуға болады, күмәнданып күдік келтіруге болмайды.Ойлы көзбен көре білу шарт. Сол өрнек атын салт дәстүр деп атаған жөн болар.

Қу – зымияндардың, надандардың, құлқының айтқанын қылып денеңді бейтараптыққа үйретсең, өзіңе атүсті нәпсі көзімен қарасаң, ата – бабаңнан бері жинап келе жатқан асылыңды шашып алу тіптен оңай. Оған жетелейтін мінез болмақ. Мінез тек ана тілімен ғана өрнектеліп сипатталады. Рухтың іске айналған немесе өрнектің өсіп шыққан гүлі. Заман — өзгеріп тұратын құбылыс. Бар болу мен жоқ болудың шегін «Ақиқат» деп атаймыз. Сол екі араны шындық деп атап қашанда заманға сай өзгеріп түрлендіріп тұруға тиісті болып көрнісі тарих деген көл болар. Соған құяр бұлақтарды сөз деп атап бастау қайнар көзі рух болар. Рух саны 12 ден тарап жалпы саны 444 болып бекітілген жаратушымыздан. Сол бұлақтар арнасын ой деп атайды. Қалай ойлансаң солай сөйлейсің демек сол бұлақтан су ішесің. Бәрібір есебін бересің. Ойланған адамға әр нәрсе келуімен басталып кетуімен аяқталады. Бұл заңдылықты тек көңілі қараңғылыққа түскен адам түсінбейді.

Білгенге дүниедегінің бәрі жұп болып таратылған.Тән мен жан егіз,алыс пен жақын,жиырылу – тарқалу,түс, тұлға, асыл тектілік сияқтылардың бәрі жұптылықтың белгілері.

Алла тағала адамзатпен бірге,ризық –несібені қоса жаратты, ішіп –жеуді, нәпсіні жаратты. Алла тағаланың берген ризық – нәсібіне, түр –тұлға көрік сипатына өмір сүру, несібені пайдалану, қасиетті сақтау үшін, соған байланысты заңдылықтарды көрсету үшін Пайғамбарлар жіберіп, кітаптарды түсірді. Сондықтан адам баласы тура жолды өз ақылымен ізденіп тануы шарт. Жан тазалығына жетемін десең, әуелі тәннің таза болуы парыз. «Білім – ақылдың ажар көркі.Жан жиған несібесі. Тазалық күзетшісі. Әуелі денеңді өзіңе бой ұсындыруды үйрету керек – ол дәрет,сонан кейін киім сонан соң таза тамақ. Өз денеңді билей алсаң,сонан кейін қалғанын бағындыруға кірісесің. Егер сен өзіңнің ұрпағың құрмет қылсын десең, сен де ата – анаңды құрметте!. Артыңда із қалдырғың келсе,сол ата – дәстүр салтыңды әуелі өзің үйрен!.Сонан соң ұрпағыңа үйрет.Өз ата –анасын, ата –салтын қадірлей білмеген жан, болашақта қадірлі болам деп үміттенбесе де болар.

Тән несібесі екеу:ол адал ас пен киім. Адал ас туралы айтпаса да түсінікті,ал киім туралы ескерту дұрыс болар.

Аятта «Әй, адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік – бұйым түсірдік.(жараттық) Негізінде тақуалық киім жақсы.Олар Алланың белгілері. Әрине түсінесіңдер» (Әнғам-26) Киім ұятты жерді ғана жауып қоймай, адамның сыртқы ортамен байланыс, қорғаныс шеңберін, қалқанын қалыптастырады. Адам еңбегінің жемісі «Бейнет түбі – зейнет» — деп аталса, киімді дұрыс киініп ыстық, суық екі ортасын тауып өрістің (қуаттың) жоғалмай сақталатын киім үлгісін тақуалық киім» — деп атайды. Ол әр халықтың ата – дәстүрімен өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасады. Өмір сүру ерекшелік белгісі болып, ұлттық тілдік ерекшелігіне тәуелді дамып отырады.

«Әй, адам баласы!Шайтан,ата – аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп,жаннаттан шығарған сияқты сендерге сұмдық жасамасын.Өйткені,ол және оның сыбайластары,сендер оларды көрмеген жерден көреді.Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық.(Әнғам-27) Адам баласының киімі «зейнет» деген қасиетті көрінбейтін ахирет киімін қалыптастырады.Ол зейнетті жоятын арам ас пен жалаңаш тән,ұятты жерлерін жаппай барын базарға салып жүру тозаққа барар төте жол.Дененің азып тозып буын – буындарға артық темірдің жиналуы мидың ашып,есте сақтау қабілетінің тоқтауы, қартайған шақта алжу, аянның жетімсіздігі көріпкелдік, болжам ой қабілетінің тежелуі, әр түрлі ісік бездерінің, ішкі ағзаларының бүлінуі, көз нұрының ерте жойылуы, жыныс қуатының әлсіреуі мен соған байланысты аурулар жалпы адамзатқа тән болса,ал әйелдердің дәретсіз, киімсіз жалаңаш жүруі, ана сүтінің, ашып жойылуы, дененің қалыптан тыс ылғалдылығын жоғалтып, болашақ нәрестенің ауруын, қасиет, қабілет белгілерінің дамуын тоқтатып, «наркомания» «шизофрения», мейірімсіздік, қанағатсыздық ауруларын туындатып ұрпақтың, ұлттың дамуын тежейді.Тежеліп те әлем халқы осы «ертектің»шешімін таба алмай миллиондап қаржы жұмсап тапқанын тек тән түзеуге жұмсайтын мемлекеттерге айналады, айналып та жатыр.

«Ол сондай Алла:сендерге түнді, киім, ұйқыны тынығу етіп, күндізді тарқау мезгілі қылды».(Фурқан-47) Ұйқысы дұрыс емес адаммен, киімі дұрыс емес пенде қуат жоғалтады, қан айналым жүйесі бұзылып ағзасы ерте тозады. Яғни ұйқы түзелу үшін күндіз тән қараңғыда болу қажет. Демек тән көздерінің оянуынан дене ұйқыздыққа ұшырайды.

Құс тұмауы дәретсіздер т.б. арсыздықтар, жезөкшелік өмір сүрген жандардың ауруы болып ,алдағы он жыл көлемінде дәретсіз, киімсіздер ауруы бірінші мұсылман мемлекеттерінде пайда болады. Пайда болдыда әсіресе қазақ елінде. Оған Құранда белгілер берілген.

Кіндік көрсетіп, дәрет шығаратын тесіктерін жариялауға, әсемдеуге құмар қыз – келіншектерде буын аурулары мешеулік, ақсақ және жүйке аурулары болашақта өршиді, індет болып дамиды.Жаратушымыздың уәдесі өзгермейді, ахирет азабы тағы мың есе! Имансыздық орнаған семьяда, мемлекетте бақытсыз!

Ешқандай байлық та, дәуірлеген экономиканың да Алланың қарғысы, сынағы алдында шарасыз! Жан сарайының тазалығымен ғана жанның қалыпты жұмысы қалыптастырып, ізгіліктің шырағын жаға білген пенденің ары өсіп, ақылы толады. Нұр жинаған адамның жан сарайы жарық болып бос нәрсеге күлмейді, босқа ашуланбайды, адал, мейірімді, қызғаныштан аулақ, сабырлы, Алланың адал құлына айналады.Жан сарайы таза пенденің ділі құлты таза. Алла тағала иман келтіру дегеніміз, немесе Аллаға жақын болу үшін әр халыққа ұлтқа бұйырған немесе қалыптасқан дәстүр ерекшелігін сақтап жақсылыққа ғана жарысу болып табылады. Осы амалдар жиынтығын «Намаз оқу» деп ескерткен Алла тағала құранда. Ал «Сәжде» деп Аллаға жақын болуды мойындап, оның құдіретіне бас июдің белгісі болып табылады да ол тек ислам еліне тән. Өкінішке орай сәждені намаз деп қалған амалдарды жинап қойып бар несібені жайнамаз үстінен іздеп кеткеніміз көп арамызда. Ораза тұту – Алла тағаланың құдіретіне бас июді қуаттап, пенделігіңді мойындап, ынсап – қанағатқа келудің белгісі. Егер сен пенделікті мойындасаң, Оның пенделік парызын орындауын шарт!

Егерде сен бала – шағалы болып, қармағыңда жұмсайтын ақыл айтатын ұл – қызың немесе дәрежең болып,қызметкерлерің болса, олар саған адал қызмет қылуға сыйлауға міндетті болса, сенде Алла тағала алдында парыздарын өтеп, адал қызмет қылмасаң онда олардан да адал қызмет, сыйластық күтпе! Дәреттен, парыздан бас тарту – мұсылмандықтан бас тартып, дінсіз қалу орны толмас қасірет.Сондықтан жаратушымыз аятта: «Ұятты жерін қорғаушы әйел,ерге зор сыйлық бар.» (Ахзап – 34)

«Ал аяттарымыз жайында оны күшінен қалдыруға тырысқандар, міне соларға жаман бейнетті азап бар .»(Сәбә — 5) – деп үкім түсірген. Жан тұрағы тек таза дене. Дене истеніп өз міндетінен ауытқыса өлімдіде соған бір себеп қылған.

Жан және мизан дүние қазынасы.

«Әрбір адамның жаны Алланың еркінде, егер қаласа Алла тағала адамдардың жанын түзу жолға сала алады, қаласа ақиқат жолынан тайдырады. Дүниедегі өлшем атаулының бәрі Алланың еркінде. Қаласа бір халықты билікке көтеріп, алға оздырады, ал басқа бір халықты ақырет күніне дейін азапқа салады». (Мұхаммед пайғамбарымыз хадисінен). Жан адамзатқа жаратушымыздың сыйлаған баға жетпес сыйлығы. Адамзаттың бар жинаған жақсы,жаман, толымды,толымсыз дүниесі ақыл қазынасы жанда жазылады, керегі сақталады, өсіп дамып отырады, жарамсызы отқа өртеліп, тозақ отында тазартылады..Жанның құпия өлшемін Алла тағала ғана белгілейді,сондықтан пайғамбарымыз:

«Адамдардың көзінен таса бас нәрсе бар,оларды Алладан басқа ешкім білмейді; ертең не болатынын Алладан басқаға беймәлім;ахирет күні қашан туатынын Алла тағала ғана біледі; адам қай жерде және қашан өлетінін білмейді; сондай – ақ қашан жаңбыр жауатынын да ешкім білмейді». Төрт құпия адам жанында жазылған.

Бес қуаттың өзара қарым – қатынасын арқау деп атайды.Ол денені өрмекшінің ұясы тәрізді айнала қоршап, сыртқы өрмек ет пен терінің арасындағы және ішкі ет пен сүйек арасындағы өрмек болып 3-ке бөлініп 19 басты ошағы тәнде болса, 19 ощақ жанда тұрар. Енді сол әрбір байланған нүктелермен сансыз көрінбейтін күміс жіптермен жан тоқылып,сауыт болып, баста дуылға, әйелдерде сәукеле түрінде болып,төбесінде үкі тәрізді байланыс шашағы болады. Бастағы сауыт сансыз уықтармен қуат керегелермен байланған. Бұл әрине дәрет пен киіммен қорғана білген пенделерде болатын жалпы жан суреті.Ал жалаңбас дәретсіз әйелдерде сағым сияқты жоғары көтерілген сүйір әр түрлі сүңгілер болып, ұйқыдан жаңа тұрған алба – жұлба шаш кейпін береді. Тәннің тозуына қарай биіктеп көлемі ұлғая түседі. Маскүнем т.б. дәретсіз еркектер де осыған ұқсас суретке енеді.

Бастағы дуылға сауыт мизан деп аталады.Жалпы жан туралы пайғамбарымыз былай суреттеген: «Адамның жаны далада шыр айналған бір уыз ұлпа тәрізді» — деген.Аятта: «Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Және күндіз не істегеніңді біледі.Сонан соң сендерді белгілі мерзім толтыру үшін күндіз оятады.Соңыра қайтіп барар жерлерін,сол жақ.Одан кейін істелген істерін түсіндіреді» (Әнғам – 60). Жан мизанда (маңдайда) орын теуіп көктен несібе жеткізіп тұрар. Сондықтанда «шыбын жан» деп атаған бабаларымыз. Күнделікті жоспарды тән мизан арқылы алып, үйқыда тазартылып өзгертіліп отырады. Іс қыймылдар нәтижесі, иықтан төменгі «өсуші жан» немесе «мал» деп аталған өріске жазылып отырады. Жан Алла тарапынан берілгендіктен қорған сарайы болып «Мизан» жан деп аталып қызметшілерін «қасиет» деп, ренделік ерекше белгілер сол қасиеттердің денемен бір тұтас қызметінің жемісі болмақ. Ғайыптан басқару жан сарайының қызмет болып, оны Мизан» немесе қарапайым сөзбен «Таразы» деп атаған. «Өлшеуді кемітпеңдер» деп ескерткен Алла тағала. Сол өлшемнің де төрт түрін берген адамзат баласына. (Сурет бейнеге қараңыз)

Мизан өсуші жан (мал) қорушысы: «Және ол, құлдарының үстіне өктем,сендерге қорушылар жібереді.Біреулеріңе өлім келген сәтте періштелеріміз жанын алады. Әрі еш кемістік етпейді.» (Әнғам -61) Демек көктен келген жан төрт сипаттанан тұрады. Мизан (өлшем, нәпсі),қорушы, күзетші және жан. Мизан ахиреттен берілген жан сарайы екендігі туралы аятта: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизалармен жібердік және елшілерімізбен бірге адам баласының әділ тұруы үшін кітапты, мизанды жібердік. Сондай – ақ темірді пайда қылдық.Онда мықты күш әрі адамзат үшін қажеттер бар. Алла онымен дініне, елшілеріне көрмей – ақ көмек еткен кісіні мәлім етеді. Сөзсіз Алла өте күшті тым үстем.» (Хадид – 25) «Әркімнің үстінде бір бақылаушы бар».(Тарық-4) Әлемдік 10 санын пайдаланып Хадид сүресінің 25-ші аятының толықтауыш аяты 20 мен 30-шы аят арасын 3-ші аят анықтайды.Аятта: «Ол Алла (т) әуелгі әрі соңғы және ол,көрнеу әрі көмес сондай – ақ ол,әр нәрсені толық білуші»(Хадид – 3) Енді қуаттарды қатар –қатар белгілермен тізбектесек.

Бастапқы көрінісі соңғы
Елші кітап мизан
(адам) (рух) (жан)
ТЕМІР мықты күш қажет
Дін елші кісі
Ол Алла әуелгі соңғы
Ол көрнеу нәрсе
Ол нәрсе толық білуші

Осы белгіден жер бетіндегі жаратушымыздың байланыс жүйесінің (пенделерге байланысты жүйе) белгісін көруге болады. Жанның жер бетіндегі соңғы елшісі мизан болып толық білуші кісіге айналады. Яғни толық білуші жазушы темір тегі от болып «Мизан» деп аталады. Жанның сауыты қорушы кісі. Өсуші жан адам өмірінің кітабы болып есептеледі. Оң жақ оң істер болып, сол жақ теріс істер, алдыңғы жақ көркем сөздер, артқы бөлік теріс сөздер және тіл, көз болып бөлінеді.Осы төрт бөліктің толуымен жан өз ісін тоқтатады. Тозақтан өткеннен кейін екі бөлікке жинақталып кітап болып ашылады. Жан сарайын нұрмен оң іспен көркем сөзбен толтырғандар озаттар деп аталса,оң істермен өмір сүргендер оңшылдар болып,ал екеуінен де белгісі жоқтар кітап теріс оқылады. Яғни ылғи жамандықтар мен толтырылған. Кісі – қорушы сауыт қызметін атқаратын Алланың жіберген періштесінің бір сипаты. «Расында Сендерге Рабыларың тарапынан көрнеу дәлелдер келді. Кім оны көрсе өзі үшін. Және кім көрмесе зияны өзіне. Мен сендерге күзетші емеспін.» (Энғам-104) Енді мизан төбеде тұрса оны бізге көруге жазбаған. «Әркімнің алды артынан өкшелеп, қорушылар бар. Расында бір қауым өзін өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді. Сондай-ақ Алла, бір қауымға бейнет тілесе, сонда оны еш қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір өзгертуші жоқ.» Демек пендеге екі кісі бекітіліп беріледі ( есту,көру қасиеттері) екенде ол мизанға бағынышты болады, жақсылығы да жаманшылығы да төменгі өсуші жанға, өсіруші тәнге берілген жоспар жоғарғы жанға байланысты болмақ. Үштіктің төртіншісі мизан Алланың бір белгісі үнемі бақылап қадағалап тұрады. Демек күре тамырданда жақын.

Жалпы пенде баласын кіші әлем деп қарастырсақ онда 7 көктік 7 жерлік белгі болу шарт. Жер мен көк қалай жаратылса адам баласыда сол сияқты қалыптасуы керек. Кіші әлем үшін көк қабаттары «Кісі» болып аталады. Кісі бізге көрінбейтін өмір , тіршілік белгісі. Сол көрінбейтін өмірдің заңдылығы пендеге тән үш нәрсе болса төртінші Алла болып бестің алтыншысы болып кете береді. Яғни үштен бастап тақтың жұбы болып есептеледі. Өмір сүру барысында пенде сыртында 3 түрлі өріс жиілігі қалыптасады. Бірінші өріс құрамы жағынан; Алтын, күміс, мыс тегі болып түзіледі. Осы өріске байланысты себеп өлімнің кезеңі белгіленіп отырады Пенде баласынан бөлінген нәпсі іс қыймылдан тазарудан өткеннен кейін,бөлінген жын (түтінсіз от),екінші сатыға өтіп енді тәнді сыртқы әсерден қорушыға айналады.Яғни тазарудан өткеннен кейін сыртқы кеңістіктегі және адам денесінен шыққан нәрселерді кері қабылдай алмайтын дәрежеге жетеді. Екінші өріс өсуші жан «Бақша» деп аталған өріс. Үшінші өріске пенденің есту көру өрісі жатады. Енді төртінші өріс белдеу болып Алланың бізге беймәлім сипаты. Әр пенденің қабілеті Мизанға және осы өрістерге байланысты. Алла тағаладан пендеге ерік беріп қойған бірден бір сыйы көру, есту ойлау қасиеттері.Тәндегі орнын жын деп оның қызметін мал деп атаған құранда. Мизан қайдан пайда болмақ? Енді адам баласының ажалы жетіп,тәннен босаған өсуші жан және жын бөлек бөлек қажетсіз белгілерден тазарудан өткеннен кейін ахирет пен тән арасындағы елші кісіге айналып,қорушы қызметін атқарып,мизанға қызмет жасап екінші жиілікте өмір сүреді жанға айналады.Адам жанының тәрбиеші жанның күтушісі болып 40-қа келгенше Рухтан белгі жеткізеді.Ұйқы уақытында жазылып тазарады,күндіз тарқатады. Екінші жанның қалыптасуы 40 жаста аяқталып, толық ақылдың басқаруына көшеді. Яғни басқа жоғарыға ауысады «Баланы 2 жасқа дейін емізу керек. 40-қа келгенде ақылы толады»- деген аятта: және «Ағызған, екі теңіз қосылады, екі арасында бөгет бар,бір – біріне араласпайды». (Рахман – 20) Екі арадағы бөгетті «далда» деп атайды Құранда.

Далда адамзатта екі жан арасы болса,әлемде 4-ші аспан мен 3-ші аспан арасы. Жер асты 3-ші 4-ші қабат арасын белгілейді Адамзат даму сатысында тәуелді,тәуелсіз,ерікті,еріксіз даму,жетілу, белгілі мөлшерде Рухтан жоспар алып, меңгеріп түрленуі шарт.Тән болса, қоршаған ортаға ауа райына байланысты жейтін қорек дәмге байланысты денелік түрленуі шарт.Жанның түрленуі Әлемдік бүкіл қозғалысқа тәуелді. Пендеге тәуелсіз, жаратылыс себебіне ерікті түрде, түрлендіруші дамытушы жоғарғы Рух. Азықтандырушы ақыл мен ес. Несібесі ұйқы, киім, тамақ. Бүкіл жаратылған нәрсенің өзіндік сызықтық пішіні болады.Егерде ғылыми негізге жүйелесек, онда тұлғалық бейнесінің көрінісін көруге болады.

Жан көруге жазбаған.Оған тек тылсым арқылы, аян арқылы ғұламалар дәлелденген, сол еңбектер болу керек,табылуы да керек болашақта. Тіршілікте жан – жағымызда күнделікті көріп жүрген белгілері бар, бірақ аңғармаймыз.

Адамзат өмір есебінің басты шарты болып ғайыпты аян арқылы, түсінігін көкейге салу және сана арқылы, берілген мағлұматтарды есеп жүйелерін ғылыммен,біліммен салыстырып айқындап, білімен қоршаған ортамен салыстырып жүйелеу арқылы ғана түсіндіру керек.Мүмкін адамзат ұрпағына да осы жан өрісін көріп бақылап, соған байланысты өмірін жөнге салып қалыптастыратын да дәуірлер болар.Ол құпияны ашу, тек жаратушымыздың қолында.Енді екінші жанды суреттесек; Мизан мұнара болып, төрт жақты беті болып, төрт қыры бір төбеде біріксе,жалпы бейнесі мойын тұсынан көлденең бүкіл иық және аяқ басымен төрт бұрышты текше болып төрт жақты қағба бейнесін береді. (Суретке назар салыңыз, сандық мәні де бар).

Бір – бірін қайталап тұратын текшелерден құралып,өрмекшінің ұя сындай тоқылады.Өсіруші,дамытушы жан болып тәнді қалыптастырады.Тәнмен бірге қасиеттерді өсіреді. Қуат белгілерімен тығыз байланыста болып, 40 жаста рухтың келуі тоқтап бүкіл белгілерді қалыптастырып тек бақылау дәрежесіне ие болады. Ойлау,есту, көру дәрежесі толық қалыптасады. Рухтан белгі алып,ақыл мен есті қалыптастыруға аян бере бастайды. Яғни жоғарғы білімен байланысқа түсу дәрежесіне ие болады. Екінші болашақ жан қызметшілерінің дамуы басталады.

«Расында мен,менің Раббым әрі сендердің Раббыларың Аллаға тәуекел еттім. Ол, маңдайынан ұстамаған ешбір жандық жоқ. Күдіксіз Раббым тура жолда» (Һұд -56) Барлық жаратылған жандық сыртқы жан өрісімен маңдай арқылы мишық жүйесімен байланыста тұрады.

Мизан және жан сауыты

Алла тағаланың барлық жаратқан нәрселерінде бағыты,қырлары суықтық, ыстықтық, жарық, қараңғы белгілерінің айырмашылығы мен өзіндік заттық, нәрселік сипатын алады. Біз көрмеген, көре алмайтын барлық жаратылыс тегінде қасиет белгісі бар. Сондықтан Құранда адам үйі деген аят бар.Енді сол адам үйі ұстаған жолына дініне қарай ерекшеленіп бөлінеді. Тәңірге табыну кезінде зоостризм т.б. жан үйлері киіз үй тәрізді болып келсе, енді Құран түскеннен кейін өзгеріске ұшыраған. Жер бетінде екі дінде ғана тұрақты құбыласы (бет жүзінің айнасы) бар. Яғни ғибадат кезінде жалбарыну кезіндегі бағытын және адам тілек ниетінің бағытталу белгісінің көрінісін аятта: «(Мұхаммед пайғамбар) Жүзіңнің көкке жөнелгенін көреміз.Сондықтан өзің разы болған құбылаға айналдырамыз. Енді жүзіңді «Мәсжід Харам» жаққа бұр(мүміндер) қай жерде болсаңдар да:Жүздеріңді сол жаққа жөнелтіңдер. Расында өздеріңе кітап берілгендер,негізінен құбыланың ауысуын Раббыларынан бір шындық екенін біледі.Алла олардың істегендерінен ғапыл емес»(144) Меккедегі Қағба тасының жоғарғы белдеуінен күнделікті әр жағынан 7 түрлі сәуледен шығып тұрады.Барлығы 28 сәуле болып жердің барлық түпкір – түпкіріне сәуле шашады. Әрине ол намаз (сәжде) уақытымен тығыз байланысты.Сол қағба сәуле тәжін Ахзап – деп атайды. Адам алдыңғы бетінде аяқтың басынан маңдайға дейін сол сәулені қабылдайтын жан үйінде белдеуі бар. Тәуратта толық суреттелген болуы керек. «Өздеріңе кітап бергендеріміз (Мұхаммед пайғамбарды) ұлдарын танығандай таниды.Негізінен олардан бір тобы (ғылымдары) шындықты біле тұра жасырады»(Бақара – 146) «Әркімнің бір бет алатын қыбыласы бар. Сонда жақсылыққа жарысыңдар. Қайда болсаңдар да Алла барлығыңды бір араға жинайды. Күдіксіз Алла(т) ның әр нәрсеге күші толық жетеді».(148)

Негізінен христиан да Иеговашылар мен мұсылмандар жаны бір жерде тоғысады.Тек жалбарыну тәсілдері бөлек. Сондықтан аятта: «Әй Израил ұрпақтары! Өздеріңді дұшпандарыңнан құтқарып,тұр тауының оң жағын сендерге уәде қылдық. Сондай – ақ сендерге Мәннә, Сәлуаны түсірдік». (Таһа -80) Израил ұрпақтары Тұр тауының оң жағына қарап жалбарынуы керек.Яғни нұр түсетін сәуле шығатын қасиетті орын белгісі. Енді «Мәннә» — деп Израил ұрпақтарынан тараған халықтарда оның ішінде христиандар болсын, бастарындағы мизан белгісін айтады. Айшық нұр сәуле басты жауып, көзге дейін келіп тұрады. Шіркеудегі икон суреттерінде бейнесін айқын көруге болады. Бас төбе жабық болмаса және тәннің кірлеуімен қара жолаққа айналып көзден төмен түсе бастайды да пенде баласының мінезі өзгеріп, қылықтары ауыса бастайды. Көз жанарында өзгеріс болады. Мұсылман халқында ондай белгі жоқ. Тек көздерді сақтау парыз үкім етілген. Сондықтан мұсылман қорғаны бес уақыт сәжде және намаздар болса, християн атты халыктарда жан күзетші корғаны «мәннә» болып есептеледі. Және намаздары толық пенде баласында бастан аяқ басына дейін қорған болады. Сол қорғанның ғылымдағы аты жан пердесі немесе «иммуниттет» болып сыртқы сезім әсерінің шек арасын қалыптастырады.

«Сәлуа» баста дуылға болып шіркеудің төбесі сияқты болып,төбесінде Иегова шіркеуінің белгісіндей екі белдеуі бар үнемі айналып тербелісте тұрады. Ал мұсылман жан сауыты мизан одан әлде қайда күрделі болып келеді де басқарушы ардың (рухтың) ерекшелік белгісі болады.

«Расында ол, Раббының ірі белгілерін көрді (18) Лат (ар) пен Ғұззаны көрдіңдер ме? (19). Үшінші басқа менатты? (20). Еркек сендердікі де ұрғашы Алланыкі ме? (21). Онда бұл, орынсыз бір бөліс» (Нәжім – 22) Лат дуылға үстінде орналасқан төрт қырлы мұнара ішінде және үстінде таға тәрізді белгісі болып әрбір ғибадат сайын 7 рет тербеледі. Аятта: «Оның оңынан солынан да екі байқаушы отырады». (Қаф -17) Сол байқаушыны «Ғұзза» деп атайды. Жауырыннан басталып жанында тұратын құс қауырсыны пішіндес қанат.Адам жасымен істеген ісімен тәуелді түрде өседі. Ахирет есебінен кейін қосылып «Зейнет» деп аталып адам ғұмырының нәтижесі болса, ширек ай түрінде түрге еніп солай белгіленеді. Мұсылман пендесінің жерленген жерлерінде бейіт үстінде тұратын, қабірдің оң жағын көрсететін белгі. Мешіттерде де оң жағын көрсететін зейнет белгісі болып және қыбыла бағытын айқындап тұру қажет. Себебі бес уақыт Мекке қаласынан шығатын жеті түрлі сәуле әсерімен толықтырылып тұрады. Енді жоғарғыдағы аяттың еркек пен ұрғашы ғұмырының нәтижесі ахиретте теңеледі біріне бірі қосылады. Тек пенделік, тәндік кәсіптік өзгешеліктер бар, фәни өмірде тең емес. Ал зейнет белгісі неге бейіт пен мешітте бірдей? Демек бір байланыс болу керек емеспе? Алдағы басылымда дәлелдер келтіреміз. Менат дегеніміз қорушы кісі- көгілдір түсті жарық өріс. Негізі Аллаға тура жол тапқан тазарудан өткен нәпсіден пайда болған түтінсіз от. Адам тәнінде дене түгімен шектеліп киіммен қорғалып тұрады. Дәрет және қоршаған ортаға өмір сүру ерекшелігіне байланысты киіну қорғаны болып табылады . Өсіп жетілуі және қуат шамасы киіммен ,дәретке тән тазалығына тәуелді түрде қалыптасады.. Жанмен бірге тыныс алу, тамақтану барысында тәнге тәуелді түрде ұйқы уақытында қалыптасады өседі. Еркек әйелде бірдей белгілер болады тек жыныстық қорғаныс (нәпсілік) айырмашылық болу шарт. Меккедегі қағбаны қоршап тұратын көгілдір сәуле осы Менаттан миллиардтаған есе қуатты негізі бір, «Рағина» деп атайды.Түтінсіз от болғандықтан (Аллаға тура жол тапқан Ібіліс) оны айтпаңдар деп ескерткен. «Ұнзұрна» деп айтыңдар деген. «Ұнзұрна» ол жер ананың жанатпен байланысты белгілі бір жерлерінде бөлініп тұратын нұр жарты ай болып сәуле шашады.Ұлықсат етілген құлшылық орындарында болады. «Рағина» нұрдың күзетші қызметшісі болып табылады. Мәңгілік өмірге жолдама болатын сол нұрды дамыту және толықтұрып тұру үшін әр діннің және ұлттың намаздар ерекшеліктері амалдар болып қалыптасып «дәстүр» деп атаған. Қағбаны айналғанда сол көгілдір сәулемен шектелген бөлігінің іщінде болатын жер ананың ірі нұры «ғұмыры» ішінде 7 рет айналып сол нұрмен адам зейнетін толықтырады. Ол жерде жалаң аяқ жүру себебі де сондықтан. Пенде баласында ер адамда бел омырқаның төменгі жағынан сондай кіші нұр белгісі шығып болады.

Адам баласының алдыңғы бетіндегі қалыптасатын ерекше өріс қыбыла деп аталса,ахирет белгісінде армен қоршалып «диван» болып саналады.(Суретті қараңыз) «Аузынан бір сөз шығарса болды,алдында аңдушы дайын».(Қаф – 18) Қыбыла негізі айтылған сөз, дыбыс, зікір болып, адам жанының өрістік бет жүзі болып түзіледі. Яғни пенде баласының алдыңғы жағы қалың аралас өріс болып, негізгі алты өрістің адам аспанының тоғысқан беті болып, тіршілік барысының айнасы болып табылады. Жұп таққа айналып және белгілі сандық мәнге еге болған өрістер ыдырау дәрежесінде немесе ұйқы демалыс уақытында, сол жақ қанат теріс өріс тақ сандар, оң жақ жұп сандар, артқы жақ аралас қалдық өріс, жаман сөздер және тіл – көз қоры болып келеді. Немесе қара қуат болып тіршілік өмір сүру барысында жағып тазартып отыру шарт және осы өрістен барып жетінші аспан қорған пайда болады. Екі жазушы бөліктен адам тағдырының «ғұмыры» немесе ахирет кітабы болып жазылады.Оң жағынан ашылса, ұжмаққа бастар, сол жағынан ашылса тозақка бастар. Адам үйінің жан есігі артқы жағында болады. Адам жанының ең осал жері арқа тұсы болып артқы жағында қорғаушы болуы шарт. Сол қорғаушының тазалығына байланысты, сол өрістің қараңғылығына кірлеуіне байланысты өсуі тоқтаса себеп өлім туындайды. (Көрінбейтін көлеңке) Құранда ол есікті «Ғафыр» деп атап, себеп апаттарға байланысты сүре түскен.

Қорғаушы кім? Оған жете түсіну үшін періштелер мен жындар байланысын және тозақ жаннәт әлемдеріне сапар шегіп барып айқындалады.

Жалпы адамзат жан сарайының (Өріс үйінің) Құранда сипаты бар. «Егер бүкіл адам баласы бірыңғай болып азбайтын болса еді, әрине Аллаға қарсы болғандардың үйлерінің төбесін әрі жоғары шығатын баспалдақтарын күмістен жасар едік. Үйлерінің есіктерін әрі сүйеніп үстіне отыратын дивандарында күмістен жасар едік.Бұлардың барлығы дүние тіршілігінің ғана пайдасы. Раббының қасындағы ахирет,тақуалар үшін»(Захрұф – 33,-35).

Бұл көрініс адамдық борышын өтеген арам жеп, абыройын ашып азбаған адал өмір сүрген,бірақ Алланы тани алмаған ғибадаты жоқ пенделердің жан сарайының көрінісі. Жоғарғы шығатын баспалдақ көркем сөз күміске (буға) айналып жоғарыға қарай биіктеп отырса, төбеде түсіну қабілеттері күміске айналып, сыртқы есік арқа жағы күмістен және зейнеттері «диван» болып күміске айналып,ал сыртқы үйі алтынға айналып, ерекше қорғаушыға еге болу тек тақуаларға тән.

Сондықтан толық құлшылығы болған пенде жанының жемістері алтын,жақұтқа,інжуге,маржанға айналып жаннаттан орны болары ақиқат! Ібілісте адам тәні арқылы тазарудан өтіп періштелік сипатқа айналып Аллаға қосылады. Алда періштелер сипатынан толық мағлұмат болмаса Құран аяттарының сырына,жаратылыс ғылымына, Алланың хикметтеріне көз жеткізу мүмкін емес. Бүкіл жан,тән,рух және аруақ туралы пікірлер періштелер ұғымынан ажырасады және қателіктерге апарып соқтырады.