Мықты сөз- таңба тегі.

Сөздің басы сыбырдан (тербеліс) басталса «( Мұхаммет) көрмедің бе? Шәксіз Алла көктер мен жердегіні нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші. (мүжадәле-7) «Сөз жоқ» деген ескертуге назар салсаңыз бұл таңба немесе сан, сәуле туралы ұғым. Енді мықты сөздердің басты белгісі «АЛЛА». Қалай оқылсада мағына сандық тербелістік, сызықтық бейнесін сақтайды. Енді «А» таңбасы үш сәулленің қиылысы, «Л» таңбасы негізінен екі сәуленің қосындысы. Барлығы он сәуле болып, он саусақты белгілейді. Яғни екі қолдағы саусақ белгісі. Жалпы дінге байланысты қандай атаудың сандық мәні бар және құранда белгілі есептік сипаты бар. Енді «А» таңбасымен басталған құранда төрт аят болса сол аяттар осы таңбаның мағына мәнін қасиетін анықтайды және сондағы аяттар санымен төрт төрттен тағы қосымша сүре шығып, жоғарғы аяттағы ескерту белгілердің қандай нәрселерге байланысты болмағын білеміз. Сол сияқты «Л» таңбасына байланысты екі сүре болса, тағы аят есебінен екі сүренің мәнін табамыз. Сандық мәнімен «АЛЛА» сөзі төрт дін сипатының белгісін анықтайды. «А» таңбасы қайталанып келетін Тәурат және Құран болса Зәбур мен Інжіл «Л» таңбасымен екі кітаптың тақтық, жұптық белгісімен және төрт сәулені береді. «Алла(т) сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де ахиреттеде мықты сөзбен бекітеді. Алла залымдарды адастырады. Сондай ақ Алла қалағанын істейді.» (Ібраһим-27) Жалпы бүкіл өткен ғұламалар тәпсірлерінде бұл аятты тек; «Алладан басқа тәңір жоқ Мұхаммед оның елшісі!» -деген ұғыммен түсідіреді. Әрине сол қорған сөзді калима деп атағап мұсылманның басты куәлігі болып табылатыны сөзсіз. Бірақ бұл жаратылыс қағидасына қайшы келеді. Бірақ сөзбен бікіл жаратылыс әлемі басқарылып тұр деу қисынсыз, себебі әлем бүкіл жаратылыс сөз арқылы яғни мықты сөздер арқылы басқарылады, түрленеді. Өкінішке орай дін танушы қауым оны да таққа айналдырып, кейбір залымдар калиманы зікір қылып, адам баласының білім қуатын шектеп жатыр. «һ» таңбасын қосқанда калима 37 санын беріп тұрақты сандар тізбегінде жоқ «Радиология» ғылымындағы сәуленің өлшем бірлігін береді. Калима негізінен жалбарыну сөз жиынтығы болып, мұсылман қорғаны болып табылады. Жалбарыну тілектің қабыл болу саны 70 болса, (мағарыж саны) калиманы екі рет айтса (Аллаһ емес Алла) 70 санын береді. Ал 35 санымен «Фатыр» сүресі екі, үш, төрт қанатты періштелер туралы мағлұмат береді. Енді «Аллаһ» сөзімен 37 санымен белгілесек, «Саффат» сүресімен бүкіл саптағы періштелерді яғни перілерді шақырып дауыстап айтсаң «Жын-пері» келеді. Осы тәсілмен «тарихатшы Нахшпандиліктер» «Зікіршілер» т.б әртүрлі топтағылар аяннан ажырату тәсілін меңгертіп жатыр. Жоғарғыдағы есепті енді дін танушылардың (шариғатшылар) оңды солды пайдаланатын «шерік» сөздерін Фараби балнамасын жасап, ықтимал тізбегіне орналастырса қай сөзді қай дінге байланысты шыққанын, тарихын, кімге айтылғанын білуге болады. Әрбір сөздің ғайыпқа байланысты үш белгісі, нәрселік атауларға байланысты 4 атау сипаттары болатынын және басты мақсат сөз астарын шешу екенін үнемі басты назарда үстау керек. Енді оған дейін толық есебіне жету және түсінікті болу үшін әлі талай өткелдерден өтеміз. Әзірше олардың (аруақ жоқ деушілердің) қарсылық білдіргені дұрыс, онсыз сынақтар туындамайды. Тек тығырыққа тіреліп, болашақта ғалымдарымыз өздері тікелей құранан үгіт алуды меңгерсе, ақиқат ақталып, бет пердені сыпыратын кезде туар . Негізінен атаулар мен есімдер екі түрлі мақсат мүдені қамтиды. Егерде белгілі таңбаға немесе белгілі бір сипатқа сүйеніп сөзбен белгілесек, онда ол ат қойу болып, есім деп аталады. Ал белгілі бір ғылымды белгілеп есепті түрде сөзбен немесе таңбамен белгілесек мықты сөз болып есептеледі. Сондықтан зертелуге тиісті сөздер тегін құран сүрелеріндегі таңбалар атаулары арқылы есептеп, жүйелеп анықтауға болады. Сол арқылы болашақта әлемдегі ортақ атауларды бір жүйеге келтіру қажеттігіде туындайды. Құран сүрелеріндегі негізгі сандық мәні өзгермейтін сөздер тобына екінші дәрежедегі көркем сөздер болып; Тәңір, Құдай, Раб, Ол, Нұр, Сәжде, Нас, Ыхылас, Фатиха, Фәлақ.т.б сүре атаулары да жатады.Мүззәміл, Мүддәсір, Сәбә, Шұғара, Хыжыр, Хаж, Тин т.б құран сүрелерінің атары түсініксіз болғанымен таңбаларға жіктеп атаулар тегін табуға, сандарға бөліп негізін анықтауға болады. Сондықтан аталарымыз «Түгел сөздің түбі бір» деп ескерткені бекер емес. Енді сөз есебімен; Тәңір 5 санын беріп, екі сипатта болса (көктік және жерлік) толық он санын белгілеп (тәңір+тәңір=10) Аллаға қосылып 14 саны шығады. Ал жеке рабқа қосылып (тәңір+раб) 7 саны, құдайға қосылып (құдай+Алла) 9 саны, тәңірмен 9 саны болып белгілі тұрақты сан мәндерін береді. Аятта одаз аз және көп деген ұғымқа келсек «сан» ға «а» ны қосақ сана, «қыл»ға алдына қосылып ақыл сол сияқты «қыл»-ды ақылмен меңгеріп, ұғымды «ұ» білсек «құл» болып, орап белгілеп «лұқ» десек даналық белгісі болар, оған «а»-ны тауып ана тілін ата-ананы құрметтесек, «Лұқа» немесе Лұқман болып білімді дана адам тегін белгілейді. Олай болса Аланың сүйікті құлына айналу қарапайы ғана есеппен өлшесек 5-парызбен ғана емес оған қоса тағы 31-5=26 борыштық міндетердің қанға жерге байланысты істердің бар екенін білдіреді. Ал 26-шы санның ішкі сыры 227 болып адамзатың бойын қалыптастырып және толық иман келтіру санын білдіреді. Сондықтан да құран сүрелерінің атының да болашақта зертелетін құпия белгілерімен мәні болып, сүре ішіндегі сандық орнында жаратылыста, адам тәнінде, жандық өрісінде белгілі бір орны маңызы бар. Әрбір жаратылыс нәрселеріндегі, мейлі киелі кітаптардағы немесе күнделікті қолданылып жүрген болмаса ұмыт бола бастаған жеке сөздер болсын белгілі бір әлемге ортақ атаулар тегін мағыналарды белгілейді. Сол сияқты таңбалар (әріптер) тегінің орналасу қайталану мәндеріне қарай қуаттық шамалары жұптық тақтықтық та мәндеріне байланысты және қандайда бір іс қыймылға қатыстылығын немесе қандай елдердің атаулар негізін құрайтынын сандық мәнін анықтап, бағдар алуға болады. Мысалға дауға түскен «Һ» таңбасының шығу тарихын, қайда пайдалануға болатынын, қуаттық шамасын, һұд сүресімен анықтаймыз. Аятта: «Алламен бірге басқа тәңір жасама! Онда қорланған түрде отырып қаласың.» (Ісра-22) Алла+һ деген сөз 5 санын беріп тәңір ұғымын белгілейді. Енді бұл сөзді жеке айтуға немесе зікір қылып айтуға болмайды. Және «Һ» таңбасы арап тілінде «һи» болып айтылады, сондықтан Иллаһи (оллаһи, билляһи) болып айтылып ант беру болып шығады. Демек Қорланған түрде деп, аяннан ажырап, өрістің жабылуын ескерткен. Оған дәлел «Һ» таңбасын жеке бейнесін суретесек; отырушы адам болып шығады. «А»-бас пен қол, «Л»-аяқ яғни көкпен жерден басқарушы. Және А-мен Л-таңбасының басқа таңбалармен ортақ ұғымы жоқ. Бірі дауысты, бірі дауыссыз. Мысалға Д=Ж, Һ=Х сияқты таңбалармен ауысып сөздер мағынасында ауысып отырады. Сондықтан «АЛЛА» атауының ешқандай ортағы жоқ тек сипаттарын; Бір Алла, Рабб Алла, Ол Алла т.б белгілейміз. Сондықтан Алла атауын жеке таңбаларға қосуға болмайды. Тек бөлек жеке таңбалар түрінде ғана қосылады, түрлендіріп біріктіріп тұрады. Үштен жоғары төртіншісі болып қана есептік мақсатта қосылады. Ал құранда «Һ» қазақ үндестігімен таңбасы соңынан келгенде тек «Туһ»= тыныш отыр!- деген кейістік сөзінде ғана кездеседі. Ал Алла деп айтсақ шексіздік дыбыс үндестігін яғни бүкіл дыбыс үндестігіне және сөз жүйесінің үндестігін бұзбай қасыла алатын қасиеті бар. «Һ» таңбасы жалпы Інжілде бейнесі жүректе белгіленген, яғни жүрекке түсетін пердеге немесе зейнетке-мөрге байланысты қуаттың шамасын береді және сөз соңынан келсе дыбысты шектеп тұрады. Жалпы «Һ» таңбасы күн асты тәңірге табынған елдерден келіп қосылған екендігі аяттан болжауға болады. Оқушыға түсінікті болу үшін алда кейбір атауларды, сөздерді жеке талдап отырамыз, ал есеп жүйесін алымдылар есептеп немесе түзете жатар, негізгі бағыт аяттар жүйе есебінен ауытқымаса болды. Жалпы тәураттықттарға нағыз Алланы тану Раббты табу амалдары берілсе, забурліктерге тәңір арқылы тану, інжілдіктерге құдай арқылы, исламдықтарға сол үш танымның басын біріктіріп, сәждемен намаздарды толықтырып нағыз Алланы барлық сипатымен тану міндеттеген. Мұса пайғамбарда сәжде жасағаны аятта ескертілген. Себебі сәжде- деп шыққан жаратылыс тегін яғни сөздің құпия мағыналарын, ғылымын біліп, сол арқылы ізгілікті амалдармен, жаманшылықтан құтқару және сол жамандыққа қарсы тұратын сөз қасиетері мен киелерге, себептерге тағзым ету, құрмет көрсету амалы және көркем сөздер арқылы жалбарынып, жоғарғы тектен белгі қуатын алу арқылы, бойды, санды, сананы қалыптастыру болып табылады.