Мұсылмандық па әлде надандық па?

Осындай сауалдың шешімін құрметті оқырман өздеріңізге қойдым. Қазіргі таңда қаптап кеткен діни басылымдар кімнің мүдесін қорғап қандай заңдылыққа бағынады осыған сын көзбен қарап бет пердесін ашатын уақыт жеткен сияқты. Осыдан үш жыл шамасы бұрын осындай мақаламды «Ислам өркениеті», «Жас алаш», «Жалын» редакцияларына ұсынған едім, себебі қажы дәрігер атағын жамылған пенделер «Зікір деген гипноз» деген Құран аяттарына қарсы мақаллалар шыққан болатын, бірақ басылмады немесе баспады. Кейіннен түс көріп Айша анамыз ертең 11-30 да кездесеміз дегесін 11 сүре 30 аятта; «Иман келтіргендерді қудаласам, мені Алладан кім құтқарады» деген үкіммен ондай жазба зертеулерді тоқтатқан едім сонда да болса мысал келтіре кеткенді жөн көрдім. «Мұсылман қорғаны» басылымы (Мамыр, 2007 жыл и-09 (59) ) Мақала аты; «Ата жолы «Орда» деп адасушылар» Қысқартылып алынды: « Міне осы «ата жолы» деп ұрандаушылар шариғатқа сай әрекет ете ме, етпей ме көпшілік оны ажыратып жатқан жоқ. Ислам діні бойынша тек қана Аллаһтың (шүкірдің) бұйрығы шариғат жолы (Шариғат шексіздік жолы емес!) ғана бар. Өзге жолдың (Діннің бәрін қосқанда жеті ғана жол бар.) бәрі адасушылық пен Аллаһқа басқа біреуге сыйынса, табынса, (Һұд сүресі 109 аят ата-анасына, әулилерге табынып, жаратқанға сыйынуға болады.) кешірілмес күнә болады.» Енді бұл екінің бірі жіберіп жатқан қателіктер болса ең сорақысы мында; « Аллаһ тағала Құранда: «Аллаһтың кешірілмес күнәсі -өзіне басқа бірдеңені (?) теңестіріп Тәңір тұту. Одан басқа күнәларды егер қаласа кешіреді. Демек кімде кім Аллаһқа әлденені теңестіреді екен-ол зор күнәһар» (Ниса сүресі 48-аят)» Енді мүмкін өзі аударды немесе қазақ ғұлама дін танытушылары аударып берді, сондықтан Халифа Алтай атамыздың түсіндірмесін көрсек; «Алла (Т) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды, Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болды» (Ниса 48-аят) Енді осы аяттарды мұқият салыстырсаңыз қазақтың «Елді арамза молда мен залым ғалымы бұзады» немесе «Дүмше молда дін бұзар» деген мақалы шығады. Осы мақаланы жазушы бірдеңенің әлденесін (аты жөнін) жария етпей –ақ ; Ортақ қосу деп Алла тағала бұйырған деп Алланың атынан үкім айтып құран аяттарын бұрмалау болып табылады . Оның жазасы сәждесі, дұғалары қабыл болмайды және күнәлі болып табылады. Сондықтан пайғамбарымыз; «Болашақта менің үмметтерімнің арасында қызылды жасылды дүние көбейіп адасады, ғалымдардың беделі жоғалады, себебі екінің бірі құранды өзі оқып түсіндіретіндер көбейеді» деп өсиет қалдырған екен. Осы жалпы елімізге келген сөз, тіл, ойлау надандықтарының бірі ғалымдарымыз европалық тымауға ұшыраса, екінші дін мешіт ғұламаларымыз бедеуилер қылығымен тымауратып , ал халықтың мұң мұқтажын өткені мен кеткенін ғайыптан хабар алып шындықты шырқырап айта білетін жазушы ақын қайда? Бақаным бақа екен дегендей жазушының да төрт сипаты бар екен. Тілші, сөзші, көзші осылардың қосындысы газетшілер де бар. Шабыт деген қасиетті ұғымды жоғалтып, қолға ұлықсат қағазы болған пенде жазғыш, үкіметтен арнаулы заң қызметкері немесе әкімдік құқық алса өзі құранның аяттарын зертеп білмек түгіл, дәрет алуды да меңгермегендер құдайға ұлықсат қағаздар беріп тексеруді әдетке айналдырды. Бүкіл мұсылман мемлекттерінде арнаулы иниституттар болып, солар арқылы Құран аяттарымен салыстырып шешетін болса, ал қазақ деген шағын ел пенделердің ойлап шығарған, көршіден көшіріп алған заңдар арқылы шешетін әдетке айналдырдық. Құдай заңдылығын емес, адамдар ойынан жасалған өкімет заңын алға қоятын дәрежеге жеттік. Сол үкімет заң шығарып жауын жаудыра алмайтынын немесе, егінді бітік өсіріп бере алмайтынын, сол сияқты от апаты су апаты, жер апаттарынан қорғай алмайтынын, мерез және халықтар қырғынына апаратын ауруды тоқтатуға шамасы келмейтінін және әр жеке пенденің өз әулетінің ішінде жүретін өлімге жан құрбандығына ұрпақтың азуына апарып соқтыратын апат кесел, сынақтарды тоқтатуға шамасы жетпейтінін көз жеткізе алмаймыз. Сондай түрлі адам қылқаты арқылы ел басына келетін бәлекетерден қорғану, сақтану заңдылығын ғасырлар бойы жаратушымыздың қалыптастырып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналдырып қалыптастырғанын ал көргенді пенде; ауылының, елінің, өз әулетінің ақсақалдарынан бата алып, бұлжытпай орындау арқылы атқарылып келгенін ұмыта бастадық. Қазақ тарихында қай уақыттада ел кезіп сөз жинап, біреудің бір шалыс қадамын аңғарса елге жайып, бірінші мен аңғардым деп ашу араздық отын үрлеген, тілінің сұғын қадап, ауыл мен ауылды, ағайынмен туғанды араздастырып жүретін пенделер болған. Сондай пенделер өз өміріндегі өз отының басындағы бақытсыздықтан жан өрісінің қараңғылануынан менде ешкімнен кем емеспін деп, өзін өзгеге көрсету мақсатында осындай мінезді әдетке айналдырады. Ең қауіптісі осындай пенделер арасынан елін жерін, отанын, тілін сататын ұрпақтар пайда болады. Сондай пенделер қазіргі таңда біліммен қаруланып, ақыл жұмсайтын мекемелерді жағалап, немесе сондай тұтқаны ұстап қалуға жанталасып жатыр. Дәлелі партия құрғыш, еркіндік деген ұранды жамылып, өз елін халқын өзге жұртқа жексұрын көрсету немесе түк істемей дүние тапсам деген қайыршылық әңгімені ұрандатқыш болып реті келсе бақилық болған «Қазақ» деген әкесімен және шешесін жамандап жүр. Әркімнің өз көйлегі өзіне жақын дегендей жоғарғыда дінің бір биік дәрежесіне шыққан пенденің мақаласынан мысал келтірсем, енді менің жерлесім Қызылордада жатып алып «Егемен Қазақстан» №293 (24866) 15 қыркүйектегі басылымда «Орда тобының тірлігі» ой көзімен қарауды қажет етеді деген мақала жазыпты. Кей жерлерінен үзінді келтірсек; 1. «Бір қарағанда дұрыс сияқты» «Қаржы перамидасына ұқсайды» 2. «Алматының түбінде түйнек алған сияқты» 3.«Жақында діни бірлестіктің жұмысын тексеріп, талдау жасап көрген Қызыл орда обылыстық прокуратурасы» 4. «заңның 9-бабында діни ұйымдардың құрылғаннан бастап тіркеуден» 5. «Сол адамдардың арбауына түсіп қалған бейбақтар» 6. «Діннің шындығын өздерінің әрекеттерімен бүркемелеген осындайлардың шылауында жүр.» 7. «Біздің бір танысымыз сол ордалықтардың «Шырақ жағу» деп аталатын алқалы жиынына қатысып қайтыпты.» 8. « Осыдан кейін-ақ әліпті таяқ деп білмейтін бұл дүмшелердің өресінің қай дәрежеде қай деңгейде жатқанын біле беруге болады» Осындай сырт қарағанда керемет дәлел келтірген мақаланы оқыған шындықты оймен іздеген пендеге ата баба дәстүрінен түңілдіріп, араби немесе Иса масих тобына қосылуға жолдама алуға болады. Енді мақала тақырыбы негізіне Құраннан; «Олардың көбі ой жоруға ғана ілеседі. Расында ой, шындыққа қарағанда түкке тұрмайды. Күдіксіз Алла, олардың істегендерін толық білуші» (Юныс 36) «(Мұхаммет) ойын, тәңір жасап алғанды (өз ойының құлы) көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба? Немесе олардың көбін; тыңдайды я түсінеді деп, ойлайсың ба? Олар мүлде хайуандар тәрізді. Бәлкім олар жолдан тым адасқан.» (Фұрқан 43,44) Және олар бұрынғы өткен азапқа душар болушылардың жолын құшады деп ескерткен. Енді 1.-ден; «Бір қарап» анықтау ақымақтық тағы надандық. Естіп, көріп, ойланып, өлшеп, салыстырып, түсініп барып қортынды жасайды есі түзу пенде. «Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп ант ететүн кісіні не дейміз?… «Қылыш арасында серт жоқ» (Тек тіршілік заңына сүйенген) деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрсын.» (Абай ата.13-сөз.) Енді қаржы мәселесіне келсек, сол тірліктің шағын ғана көрнісі; Жақында мен Пір Бекет ата басында болып әрбір істің болашағын білу үшін санын білген дұрыс деген әдетім бойынша бір күнде барған көліктің санын алдым. 70 көлік барып орта есеппен 700 адам барған екен. Енді сол көлік жүргізушілерден сұрадым; олар осындай әулие басына адам әкеліп жан ұясын бағып жүргендігін, көбі банкіден көлікті несиеге алып толық қайтарып, тағы да жаңадан көлік мініп жатқанын айтты. Енді ақыл жұмсап әуреге түспей-ақ ойлы көзіңізбен қарап; сол көлікке кететін жанар жағар майды, соған қызмет қылып жүрген пенделердің жал ақысын және күнделікті шалынып жатқан құрбандықты, оны өсіріп жатқан елдің де жұмысты болып жатқанын және және әулие басында әйелдің етегін жауып, әйел екенін түсініп, елдің өзін қазақ екенін мойындап, бір қазаннан ас ішіп жаратқанның, Құдайдың түсірген құдіреті алдындағы бір парызын кейбірі өмірінде бірінші рет мойындап, артынан сәждеге жығылып, иманды атанып жатқанын есептеп осыған үкімет қаржы бөлмей-ақ халық арсындағы ақша, сауда, тауар айналымын және бүкіл қазақ елі бойынша болып жатқан құбылыстың қаржысын неге есептемейміз? Есі дұрыс адам баласы әрбір істің алды мен артын кешегісі мен бүгінгісін және болашақ нәтижесін салыстырып көреді. Өз елінің ішінде халықтардың әрлі бері қозғалысын жасау үшін, қаншама қаржы жұмсап әртүрі ғимараттар салып шала бүлініп, біздерге қонаққа келіп кет деп жанталасып жатқан елдер жеткілікті жер бетінде. Сол үшін ғана көп мемлекет тек ойын ұйымдастырып, соған бола кешендер салып, өздері де халқында аздырып сынаққа түсіп жатыр. 2.-ден; «Алматыдан сияқты» деп долбар жасағанша келіп көріп, жолығып, сөйлесіп көріп, көптің ойында тыңдау керек еді. Сырта, қашықтан жатып көрмей, құлаққа ғана сеніп ғайбаттау имансыздық және мұсыманға жат қылық, міндетті түрде жазасы бар, өз ұрпақтарыңнан аулақ! 3,4.-ден; Біз түркі тілдес мұсылман мемлекеті болып табыламыз, кеш болмай тұрып бәрібір мойындауға тура келеді, болмаса жаратушымыз үлкен дінге келетін сынақтармен болашақта үкіметті де мойындатады. Сондықтан дінді және өзінің салтық дінін тіркеуге алу немесе мемлекетті сол ұлтық үдісінен бөлектеп қарау жер апаты, су апаты, от апатын, жазылмайтын кеселдерді ғана шақырады. Дінді адамдар ойлап тапқан заңмен тексеріле алмайды ол тек қасиетті кітаппен зертеліп, ғылымын көрсетумен, ғұламлар кеңесіне жүгініп түзетіліп отырады. Ол үшін арнаулы ғылыми зертеу мекемесін ашып ғалымдардың, сопылардың пікірімен санаса білу шарт. Болмаса теріс ықпалды діндердің үстемдігін туындатады. Ал дәретті де мегермеген, шариғат заңдылығын толық түсінбеген, заң қызметкерінің де, тілшінің де тексеруін Құдай қаламайды да ондай пенделердің басына бір-екі, үш жыл көлемінде сынақтар түсіреді. Басқа бәле тілден! 5.-ден; Халық- Алланың бір есімі, халықтың бәрі ақымақ болып, тек білімді пенденің ақылды болуы мүмкін емес! Ақылды үнемі аянмен толтырып түзетіп көктің заңдылығына сәйкестендіріп, естілікті, парасаттылықты қалыптастырып отырмаса пенде баласы білімді ақылмен бәрібір жаңылысады. Менде сондай орданың қызметшісінің бірімін, алдымыздан ғалым да, заң қызметкері, ақын жазушы, діншілер де өтіп жатыр. Міндетті түрде тіркеп отырамыз, жылына мыңдай тағдырға куә боламыз, ішінде бейбақтар (бақытсыздар) кездеседі, бірақ солардың көбі көктен ақыл алғысы келмей, тек өз ақылын ғана жұмсайтындар, білгіштер сол көп оқыған «білдіман» ғана болып келеді. Көп тоқығандар, аз оқығандар «ит үреді керуен кешеді» деп, бәрібір әдет-ғұрыпты қайта жалғап, зираттап тәу етіп жатыр әулие әмбилерге. 6.-дан; Діннің шындығын біліп, ақиқатты айта білген аталарымыз, аналарымыз ақирете несібелі, әулие атанып енді ұрпақтарын тосып жатыр, ең болмаса басыма келіп тізе бүгіп жаратқанға жалбарынып сұраса аянмен көрсетер едім, ақиқатқа көзін ашып жетекке алар едім деп. Ордаларда қазақ бол, ана тілін меңгер, салт-дәстүріңді, ағайын татулығын, елдің бірлігін ұстан, таза жүр, арақ ішпе, арамна аулақ бол, артық хайыр жаса, Алла жолына мал жұмсап сауап ал деп жол көрсетіп жатса, ал қазақтың асарлатып біріне- бірі ақша беріп, сондай иманды қазақтың еліне, дәстүріне, ата бабасын құрмет тұтатын азаматтардың байығанын, жақсы тұрмысын Құдай да қалайды. 7.-ден; Екінші және үшінші біреу арқылы Құранның қасиетті сөздерінің түсіндірмесінен мүлде лағып кеткен. Біреу солай түсінді деп қабылдау тек жындыға, масқа лайық немесе ақылы толмаған баланың әдетті. Шырақ қасиетті сөз есебі Құранда бар! Бүкіл христян діндегілер жылына бір рет әлемдік шырақ және жетісіне бір шіркеулекінде, зират бастарында шырақ жағады. Ал әлемге Мұхаммед пайғамбарымызды шырақ етіп жібердім-деген жаратқанның үкіміне қарсы тұру зор зұлымдық, дінсіздік! Тіршілік басы шырақтан ғана қозғалысқа түседі, оны әлемде қазақтан артық түсінген ел жоқ, нанбасаңыз тарихты зерделе! Қыз баласы адамзатың өсіп-өнетін шырағы! 8.-ден; Білім, ілім деңгейін таразылайтын өлшемді тілші, жазушылар түгіл ғалымдарымыз, хазірет діншілеріміздің өзі таба алмай, жуырда төбесіне жай түскендей оқиғалар болмаса іздер түрі де жоқ. Сондықтан аталарымыз елге күлкі дұшпанға таба болмас үшін «Әліптің артын бағайық»-деп сабырлыққа шақырған. Алдағы басылымдарда сол аталарымыздың әліпті қалай баққанын және оны тілші, дінші түгіл ислам әлемінде Яссауи бабамыздан басқа шешкен пайғамбарымыздың ізгі істерін Құранмен түсіндірген, толық шеше білген оған дейін исламда ғұлама-дана болмағанына дәлел, есеп және ғылымын көрсетеміз. Ордалар арқылы мейлі жақсы мейлі жаман әркім өз білімі, ілімі, ақылы жеткен жерімен әйтеуір халықты бірлікке салтық үдіске шақырып жатыр. Ал әр істің бір нәтижеленетін кезі болады оны тек адам баласы ғылыммен ғана түсінеді. Ақ жол ғылымын толық көрсетуге әлі ерте, себебі жоғарғыдағы мақала авторлары сияқты дүмшелерді жол көрсетіп қайта тәрбиелеу керек. Жалпы дүмше деп өзімде жоқтың өзгеде болмағанын қалайтын пенде. Алланың құдіреті шексіз! Қаласа, болашақта тығыларға тесік таппай, қыспаққа түсіп ордалар арқылы ғана ақ пен қараны ажыратар мезгілдің келетіні сөзсіз. Ол үшін әр тесіктен сығалап немесе біреуден естіп емес, әрбір қазақ үлесін қосып сол керуеннің қисайған жүгін түзетуге тырысса, бірімізде жоқты екіншіміз тауып бере білсек, біріксек қана нәтижесін берер. Халықтар қасіретін туындататын да бейтараптық. Бейтарап пенде Ібілістің шылауына еріп, дүмше атанып түбінде өмірінің қасіретпен аяқталатыны даусыз. Бүкіл дін ойшылдары немесе тілші жазғыштардың көбіне ортақ көз қарасы; ордаларға барсаң жол байлау болды, зиратта деп айтады соған ақша беру керек деген кіна тағылады. Жол туралы әзірше олардан толық мағлұмат берген немесе діншілер тарапынан да басқалай ойшылдардан да еңбектерін көре алмадым. Тек шет елдік ғалымдардың адамда екінші өмір бар екенін, оның сыртқы өріске тәуелді екендігіне мысалдар келтірген еңбектер кездеседі. Пенде баласында екі уақыт бар жүріп тұрған. Тән уақыты мен жан уақытының теңсіздігінен себеп өлім, немесе әртүрлі апат, аурулар пайда болады. Құраннан нақты дәлел есеп жүйесі де бар! Сол екі ортаның тарзысы байланысшы зейнет деп аталады. Зейнеттің 8 тегі, 8 түрі барлығы 64 белгісі болады. Ал сәждедемен (намаз оқумен, парыздармен) 7 түрін, белгісін ғана алуға болады. Қалған белгілер Жер ана, Су ана, Адам ата, Хау ана рұхынан келеді. Төрт рұхтың намаз амалдары төрт кітапта берілген. Басын біріктірген Ясауи бабамыз. Ал қазақ еліндегі жан мен, тәннің теңсіздігінің белгісі; асылып өлуде әлемде 4-ші орында, Әйелдер ісік ауруынан жүз миллиондаған халқы бар елдерден алға шықтық, Алматы қаласы 1-ші орын, жылына 4000 әйел заты аналық құқығыннан айрылып, ағашы у жемісін беріп, төсін алдырып тастап жатыр. Өкпе құрты өртке түскен қамыстай еркектік ауру еді, енді әйелдерге де ауыз салды. Қанша жан ұя баланың күлкісіне зар болып жатыр? Әлі өлім апаты, түрлі рухани азғындықтың салдары қанша жан ұяның шаңырағын ортасына түсірерін оймен анықтай алмаймыз. Осы апаттардан құтылу жолын оңай тәсілдерін өліктерді сөйлестіріп көрсетіп жатса, тек зейнет жинау арқылы ғана адам баласы бейнетінің зейнетін алатынын екінің бірі білмейді. Білгендерді Ібілістің әскерлеріне сапқа тұрған өз қандастарымыз кері үгіттеп дін қақтығысын, өз ара ағайынның жіктелуін, араптар сияқты «тақсырлық» тек көзсіз, ақылсыз бағыныштылық имандылықты ғана қалыптастырып жатыр. Өркениетті деген елдеріміз миллиондаған ақша жұмсап, орталықтар ашып, мамандар даярлап, үкіметтен сол халықтың қалтасынан ақша бөліп, рухани мешеулікті қалай тоқтатарын білмей жатса , Алла тағала қазаққа ешқандай шығынсыз әрбір пендеге жүз жылдай ата бабасынан жиналып қалған зекет, садақаңды әлің келгенінше беріп, зиратта мұсылмандық қарыздан, ата-анаға парыздарыңнан құтыл, әлемде теңдесі жоқ сәулені әулие бастарынан таратып жатса, кедей болып қаласың деп байбалам салып, керуенің алдын кес-кестеп, әулиелерге тас лақтыруға басшыларымызда жабылып кірісіп кеттік. Әрбір істің, сөздің міндетті түрде жауабы, жазасы бар. Алланы осалдату мүмкін емес адам баласына ондай құдірет берілмеген де. Діннің шындығына келсек сәл шыдасаңыз уақытта таяп қалды, енді бір төрт-бес жыл көлемінде, қазақтың дін ғұламалары түгілі, араптардың өзі жаңылыс басқанын және Құранды қазақ елінен артық түсініп, меңгерген халықтың әлемде жоқтығын, Құранның ғажайып ел естіп көз көрмеген сырларын, ғылымын, құпия бабалар шығарған есебін жазатын уақытта келер ұлықсатын да берер! Ақиқат ашылса, жоғарғыдай «шындықтар» тығылар да жер таба алмас. Әзірше осындай мақала жазушы тілшілер мен көріп қана ойлайтын көзшілерден, тек өзі ойлап тапқан заңға сүйенген күнде жиын жасайтын сөзшілерден сақтай көр Алла деп зираттай берейік халайық! Халқымыздың бірлігін тілеп, ұя бұзар тентектерді тезге салуын тілейік жаратқаннан! Алла қаласа әрқашанда басқа, адамның басы Алланың добы. Зираттарың қабыл болып, Алланың жібіне жабысып жатқан «бейбақтарға» бармақтай бақ берсін деп, ал тегін іздеген тектілерге (Аққу, Сұңқар) ұстаған Алланың жібі берік болып, батпандай салмақ берсін деп тілейік ел болып! Қазақта әулие деген атауды көбіне адам баласы өмірден өткенен кейін артында сөз, үлгі істері қалып нәтижесін беріп ақиқаты көрінгенен кейін құрмет тұтуды әдетке айналдырған. Соған қарап өмірден өткен ата-аналарымыздың ішінен артында сөз қалғандардан әулилегі жоқ ақын, би шешендерді, хандарды кездестіру қиын. Осы қазақ еліндегі жағдай бұрында болған оқиғалардың жалғасы, қайталануы немесе Міржақып атамыз осындай болатынын болжап өсиет аманат қалдырыпты.