Киелі рұх және қанаты періште. Кісі және құран.

Аятта; «(Мұхаммед) көрмедің бе? Шәксіз Алла Тағала көктермен мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ (сан бар), төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болсада әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші.» (58-7) Бұл аятпен өзін өзі басқаруға жеткен яғни белгілі ақпараттарды өз ортасында түрлендіруші періштелік дәреженің жоғарғы сипаттарын кісі деп атайтынын ескертіп және кісілік дәрежемен ғана Алла Тағаланың алдында болатынын ескертеді. Енді бұл жердегі 3 саны ол аят ішіндегі емес сүрелік дәрежені көрсетеді. 3-кісінің бір аты немесе елдік белгісі болып ішкі мәні 200 белгіден тұрады. Ал бес кісінің ішкі мәні 120-дан құралады. Сондықтан әрбір аяттың сандық мәнінің ішінде көптеген сандар жасырынып тұруы мүмкін. Әрбір аяттың періштелік дәрежесін тауып отыра сол аяттың құпиясын ғылыми мәнін қоршаған ортадағы орнын білуге болады. Әрбір адамзат баласында Құранның 114 сүресінен, құралады. Әрбір санның сүренің, аяттың оң терісі жұбы және парынан болатынын ескерсек осындай мәндердің нәтижесінен адам баласының парасаттылығы, кісілігі, адамгершілігі немесе періштелік дәрежесі тәңірлік белгісі ақ қуаты қалыптасады, болмаса кері қарай тозақтық сипаты, қара қуаты болады. Адам баласының парасаттылығының негізгі белгісі 4 және 6 сандарының бір-бірімен және басқадай сандармен дәрежеленуінен пайда болса мұнан да басқа аз, көп қасиеттік сипаттардыңда адамдық дәрежелердің де бар екенін есекерткен.

Кісі құран ғылымы бойынша ең күрделі істерді жүргізуші періштелік дәреже. Бірақ періште ақылды сөзді жеткізуші болса кісі қылықтармен қозғалысты меңгеруші. Адам баласының төрт кісісі болу керек. Сондықтан аятта; «Оған екі көз жаратпадық па? (8) Әрі бір тіл екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе?» (90-10) Төрт кісі бір тілге бағынып тіл оларды жұмсап тұр. Қайда қандай мақсатқа жұмсау адам баласының тәрбиесіне, тегіне, біліміне көргендігіне байланысты болмақ. Екі жолды меңгерсе онда бүтіндей 10-ға айналады. Болмаса жарты. Сондықтан құран ғылымы бойынша кісіліктің түрлі өлшемдері бар бірақ олар тоғыздан ғана басталады. Тоғыз тәубе ғылымы, торбықтай түйін. Адамзаттың ахиреттік малы да «үйірімен үш тоғызда» яғни 27-де. Тоғызын қоралап топқа қосалмағандарда 9-түрлі ісік (кісі) пайда болады. Сондықтан аятта; «Қалада жер жүзіңде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді» (Нәміл – 48) Кісілікті күруші сақтаушы қазынасы әйел затында қанында болады . Сондықтан әйел заты күйеуге тиіп міндетін толық орындаса «қатын», балаға әлі толық тәрбие беріп кісілігін то қалыптастырып үлгірмегендер «қала+ш.». Ал өз тілінен жеріп, өзге елдің азған әдетін дәріптеп өмір сүретіндердің кісілігі туралы аятта; «(Мұхаммед) Үгітімізден жалтарып, дүние тіршілігін ғана қалаған кісіден бет бұр. (29) Міне олардың білімі осыған-ақ жетеді. Шынында Раббың жолдан адасқан кісіні де жақсы біледі. Және тура жолға түскенді де жақсы біледі.» (53-30) Кісі адам баласының ондаған немесе жүздеген періштелердің дыбыстық, үндік, сөздік нәтижелерінің белгілі шамадағы қозғалысқа іске айналған бейнесі. Жарықтық немесе қараңғылық сипатына қарай жаратылыстың барлық сатысында тозақтада жаратқанға ерікті немесе еріксіз қызмет етуге тиісті адмзатың көлеңкесі, ақыреттік көшірмесі десекте жаңылмаймыз. Сондықтан құранның насихатын түсіну үшін кісіліктің білімін 3-тің онмен дәрежеленіп, 30 параға қуатық шамаға айналуымен тура жолдағы немесе адасқандығы өлшенеді. Әрбір пенде өлім дәмін татқаннан кейін барлық істеген істері тек кісілік қуатқа айналып өз бейнесінде ақыретте өмір сүріп, жанымен рұх періштесімен қайта қауышуға тиісті. Сондықтан құранның насихатын тәпсірлегенде сүрелердің қандай сандық мәні сол сүрелер ішіндегі аяттардың адамзат өміріндегі, дүниелі, ақыреттік, ғайыптық, көместік немесе көрнеулік мәндерін көрсетеді. Мысалға қаттылық көрністік дәрежелер құранның ортасы 57-ші сүре, темір болса ең ғайыптық жұмсақтықтың шегі 1-ші, 114-ші сүрелер болып табылады. 3-сүре елдік белгі болып, адамзаттың жаратылыс басы мен аяғын қамтиды. Ал 35-ші сүре тілдің ұлтық ерекшелігін адамзат үнін, жүректің тазалығын және қаиеттік шамасын белгілейді. Сондықтан жүректердің бірленуі 70-ші санмен шындықпен анықталады. 3-ші сүре адамзатқа ортақ несібе ризықтың белгісін береді. Кейде тамақтанғаннан кейін; «ішіңе ел қонды ма?» деп осы 3-ші сүремен келген несібені сұраймыз. Адам баласының асқазаны ел қонатын тозақтық жаман орынның бірі. Аятта; «Алланың ризалығын іздеген кісі, Алланың ашуына ұшырап, (малға, азыққа айналып) орны тозақ болған кісімен тең бе? Ол нендей жаман орын.» (3-162) Егер аят санын кері дәрежелесек; 72, 18, 9 болып кісілік белгіні береді және адамзатың қанының құрамындағы белгі болып шығады. «Олар Алланың қасында (тозақта) түрлі дәрежелерде болады. Сондай-ақ олардың не істегендерін толық көруші.» (3-163); 73, 19, 10 Жоғарғыда адамзаттан пайда болған пұттар туралы бес қуаттық малдар (тозақтық періштелер) түрінде болатынын көрсетеді. 163-саны адам баласының дененің (жамабасқа дейінгі аралық) түрлену дәрежесін көрсетеді. Кісінің енді адам баласының денесіндегі күре тамырмен аралықтағы сипатын аятта; «Расында Алла(Т.) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алланың аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді.» (3-164); 74,11,2 сандарының мәні елшілік қасиеттермен және пайғамбарымыздың шапағат беру дәрежесін «Құт аб» немесе «Бақара» қазақта; «Бақ қарасын қыдыр дарысын» деп осындай дәрежеге жетуге бата берген әулие аталарымыз. Діншілер пайғамбарлық қасиеттердің енді жер бетінде қайталанбайтынын яғни ғылым, біліммен түрлі жаңалықтар ашып қоғамды, өмірді алға жетелеуші ғұлама өнерлі және әділетті ел басқарушы адам баласының Алла тарапынан кісілік дәреже беріліп, сол сияқты көріпкел, емші, әулиелердің Елші болып табылатынын теріске шығарады. Сондықтан құраннан дәлел аятта; «…Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.» (12-76) Аталарымыз; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деп ескерткен. Сондай «Ақ»-қа жету үшін не істеу керек екенін құранның 76-шы аяттарын жүйелеп оқып шықсаңыз Алла жолында соғысып, берілген аядармен, уахиларды (батаны) тыңдап оны намаз қылып толық орындау арқылы жетуге болатынын ескертеді. Дәрежелесеңіз; 76=13 санымен көктен келетін үнемі түсіп тұратын тәңірлік қуатты көрсетеді. Қазақ дәстүрінде 13 санымен мүшелді атап осы қуаттардың бірінші сатысын және қалған әрбір мүшелдің 12-мен есептелгенімен ішкі сыры 13-те болып үнемі әр мүшелдік қуат 25 –ке тәуелді. Оның да өзіндік есеп жүйесі бар және құран аяттары растап отырады. Қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі осы адам баласының кісілігін қалыптастырудағы әлемдегі ең толық таза нұсқаулар кітабы, адам баласын тіршілік амалдары ізгі істері арқылы нұрландырушы кітабы болып табылады. Әрине адам баласының кісілігінің басқалайда сынақ түрінде берілетін періштелік шеріктік қуаттар бар оны алда жеке-жеке тоқталғанымыз абзал.