«Жаралыс басы қозғалыс қозғалысқа керек қол қабыс» (Шәкәрім сопы.) Жаралыс басы сөз болып, сол сөздерді қозғалысқа келтіру үшін періштелерді жаратып сөздерді қозғалысқа келтіруді үйреткен. Тіл баста періште еді. Сондықтан Адамнан бұрын тіл пайда болды. Кейін жаратушымыз Адамды жаратқанда тілді қызметке беріп, кейіннен тіршілік әрекеттерінің ауысуымен тілден нәсілдерді жаратып, қалай жаратылғанын түсіндіріп, жаратқанның ғана үкімімен жүруді бұйырған да уәделерін алған. Демек тіл біздің алғашқы жаратқанға берген уәдеміз яғни дініміз. Дүние отпен судың әрекетінен тұрса, арасында ой болды. Ойда ұя пайда болып, ұяда әрекет үн, Үннен қайта тілдер туа бастады. Тілден сөздің түрленуінен дауысқа дыбыстарға айналып, одан тіл ағалы қарындасқа айналып адамзат дүниеге келе бастады.
Адамзат шырылдап дүние есігін ашып, өзін сыртқы ортаға дауысы арқылы танытып, бүкіл өмірінің соңында сондай үнсіз даусымен шырылдың үзілуімен аяқтамақ. «Қатынға шыр бітсе шырылдаған нәресте күте бер!» Сол ғайыптан белгісізден келген шыр аққа қосылып әрбір пенденің тіршілік шырағы жанады. Сондықтан; «Ең үлкен байлық алтында, күмісте меруертте емес, ең үлкен байлық тіл! Ай шырағым адамдар түгіл айуанныңда тілі бар. Бірақ біз оны түсінбейміз. Орыс тілін кем білмеймін, қырғыз, өзбекше, арапша, ағылшынша шүлдірлей аламын. Соларды салыстыра отырсам, біздің қазақ тілі бай екен. Түсінемісің бай екен. Сенбесең бір ғана Абайдың тілін түсініп көр..» (Бауыржан ата) Ал енді өмірден өткен кейбір әлемге танымал философ еңбектеріне жүгініп көрсек;
— Тіл түпкі негіз мән, метафизиканың сыртқы болмысы. Бар нәрсенің болмысының мәні неде? Не өмір сүреді? Не нақты өмір сүреді? деген сауалдарды қойып Ол тіл! деп жауап береді философ Хайдегтер.
— Тіл ең соңғы негіз, адамзат болмсысының соңғы нақты тұрағы және сонымен қатар оны игерудің жалғыз «көпшіл» «көп мәнді» құралы.
— Даналыққа құштарлық неден туындайды? Әрине ана сүтімен берілген тіл қазынасы ділден! Ал даналық толық жетілген білім.
— Адам баласы күрделі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін, және дұрыс шешімдер қабылдау үшін дұрыс мақсат таңдай білу шарт. Ал оған қажетті шарт әрбір нәрсенің дұрыс түсінігі.
— Адам баласының қоршаған ортада бағдар жасауына оны өзгертуіне көмек беретін- ғылым. Бірақ біздің кітап жүзінен оқып, көзбен көріп отырған материялды дүние танымымыз дүние таным негізін толық қамти алмайды. Әрбір пенде өз жаратылысына сай әлеуметтік дамудың ерекшелігін, өмір сүру тәртібін белгілеген ұясын қалыптастырған жағдайда ғана көместердің себептерін көріп ғайыптан хабар алу ғылымын меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Оны тылсым тілін меңгеру деп атайды.
— Тіл адамдар мен халықтар қауымдастық өмірлерінің сыры-тарихи есі, жады.
Адам өмірі көбіне көбіне соңы немен аяталатын, тұрақсыздықты, мәнсіздікті сезінумен, жалғыздықпен, азап-шегумен байланысты. Сондықтан адам баласы дін арқылы ғана өзінің нақты болмысын өмірдегі орнын анықтап сезіну арқылы ғылым арқылы уақыттағы болмысын білу керек. Яғни өзінің бүтіндік болмысын қалыптастыру керек. Адам баласының бақыты тіршілік етуіде осындай өзінің ішкі болмысындағы негізгі жаратылыс себебін танып, сол болмысын қалыптастыра білуімен, мақсат, мүдде пайда болып сол игі мақсаттарын жүзеге асыруымен көместі, көрнеуге шығарып өмірден өз мәнін табуымен яғни қасиет ерекшелігімен айқындалады. Ондай өзін ұғыну үшін тылсым тіліне өзінің екінші бейнесіне жартысына құлақ түру керек. Әрбір пенде қандай жынысты болмасын болмысында жарты. Бір жартысы көместе, екіншісі ғайыпта болып үш жартыдан үлкен жарты, қарама-қарсы жартысымен некелесуден бір бүтінге тұтастыққа айналады. Сонда ғана болмыстың болмысы « Алланың өзі» мәнді болып бейнеленеді. Тек тіл арқылы әрбір адам баласы өзін-өзі ашады, өзінен хабар береді, өзінің жағдайын көңіл күйін білдіреді, ал сол арқылы өзінің әлемге деген, өзіне деген қатынасын айқындайды. Сондықтан әр адамның өз ішкі үні «музасы» яғни шертетін күйі бар. Сол күйін дұрыс бағыттай білсе шабытқа жол ашылады. Тек таза бағыталған шабыт қана әлемнің сырларынан хабар жеткізіп, сол арқылы ғана адам баласы өзінің кім екенін, мақсаты мен тағдырын таба алады.