Пайғамбарымыздан: «Алла Тағала әлдекімге дұрыс әйел нәсіп етсе, расында оған діннің жартысындай көмек еткен болады. Қалған жартысында Алладан қорықсын, өзін қорғасын. (9-өсиет) «Дүние бір пайдаланатын нәрсе, оның ең жақсысы әйел» (7-ші өсиет) «Дүние барлықпен болады, одан ең қайырлы барлығы, еріне ақиретке байланысты көмек еткен қатын. Әйелі болмаған ер міскіннің міскіні, сондай-ақ ері болмаған әйел де сорлының сорлысы.» (4-өсиет) «4-қасиет бар, бұлар кімге берілген болса, оған дүние, ақиреттің жақсылығы берілген болады: Шүкірлік еткен жүрек, зікір еткен тіл, пәлеге сабыр еткен тұлға және еріне, малына (әурет, тәніне) қиянат етпеген қатын». (11-өсиет) «Қатын көрінуге болмайтын ұятты нәрсе, сондықтан тысқа шықанда шайтан оның соңына түседі». (3-өсиет) «Ұятпен иман бір жерде. Біреуі кетсе екіншісі де кетеді. Еш күмәнсіз, ұлы Алла Тағала қандай да бір пендесін жоюды қаласа, одан ұятты тартып алады. Ұяты алынған соң, ол пенде тек қана ашуға ұшыраған адам болады. Ал ашуға ұшыраған соң, одан сенімділік сипаты-аманат алынады. Аманат алынған соң, ол тек қана қиянатшыл болады. Қиянатшы болған соң, одан рахым-мейрімділік алынады. Мейрімділік алынған соң, оған тек қана лағнет, қарғыс айтылатын болады, яғни малғұндық халге түседі. Лағнетке ұшырап, малғұн болған соң, оның исламен болған байланысы толығымен үзілетін болады.» ((ибн Мәжәдан) Абай атамыз: «Үш төрт жылғы әдетін, өмір бойғы жендетің» — деп сенімнің қалыптасуын бала кезден қадағалауды ескертсе керек. Сенімнің негізгі жауы, жыныстық қуатың жоғалуына соқтыратын қалыптасқан әдетіміз, қызымызға жасынан шалбар кигізіп, сенде еркексің, ұлмен теңсің деп, жамбас сүйегі дамымай, ордаң-ордаң жүрісімен, ер балаға бүкіл болмысымен ұқсайды да, түбінде «Нені іздесең соның күйігіне ұшырайсың» деген аталарымыз. Яғни ол күйеуге шыққан соң я өздігімен бала туа алмай, туса да дауна, бастың қысымы, жетілмеу қалу сияқты жиендерді өмірге келтіре бастайды да, ал дені сау болса ана нәрінен ашыған сүттен бас тартып, «жетім қозы маңырарда отығар» кейіпке түсер. Ана сүтінен нәр алып иімеген ұрпақта қатігездік пен бейтараптық дәні өссе, сонан кейін «Не жаздым?» деген сұрақтар туа бастайды. Не болмаса қызыңыздың дене мүшелеріне еркектік бездер шыға бастайды. Қазіргі таңда жылына 4000-нан аса қазақ әйелдері аналық құқығы төсінен айрылып алдырып тастап жатыр. Сондықтан менің жан ұямды Құдай сақтасын!- деп тілеңіз. Шіркін қыз баланы ата-бабамыздың салт дәстүрімен қызылды-жасылды күйіндіріп көз, тіл сұқтан сақта деп жылтырақтарды тағып «Қызға қырық үйден тыйым» — деп Ібілістің арбауынан сақтап өсіргенге не жетсін! Қыз — өріс. Өрісіміз тарылмасын деп тілейік ағайын. «Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл қызармайды да. «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?» — дейді. Я болмаса «Жә, жә оған мен-ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің» — дейді. Немесе пәленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пәлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емес пе еді? – деп ұялтамын десең, жап-жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? Ұялған десек, хадис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?!» (36-шы сөз.) «Егер өзіңді қадір тұтқан еркек бірте-бірте саған деген ықыласын суытса, кінәнің ең үлкені өзіңде екенің ұмытпа»- деп «Шомылған аққу көлде аққудай боп, Сөзі бар алуан шекер балдан тәтті. Көзімнің жанарындай сәулем едің, Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген, Айқабақ, алтын кірпік қызыл ерін. Қиылған қара қасты сүмбіл шашты.» Сүмбіл шашты екі көзі ботаның көзіндей мөлдіреген қыз бейнесі, қай жігіттің болсын көз алдында өшпес суреттей елес беріп жүрек түпкірінде ұзақ сақталатыны сөзсіз. Анаға сүйген жарға деген құрмет, қарындасқа деген қастерлеу сезім, қыз балаға деген ілтипат, сүйіспеншілік осындай адал сезімдерден нәр алады. Имандылық жүрегіне ұялайды. Айналанды адал көзбен зерделей бастайсың. Басқан ізі білінбейтін балдан тәтті, сөзі бар инабатты періште көз алдыңа елестейді. Ондай тәрбие көрген қазақ қызы, ешуақытта да одыраңдап, салдыр салақ, соғып кететіндей жүруі мүмкін емес. «Ойлы әлемнің әйелдерсіз күні бар ма көктеген, әйтсе де мен әйелге ұқсас еркектерді жек көремін! Еркектерге еліктеген әйелдің аз табары, әр жыныс өз мінезін сақтаумен бағалы.» «Нағыз бақыт тұяғымен тұлпардың. Қиялымен сұңқардың, Өлшенетін мына ұшқар заманда Бірте-бірте құнсызданар бағанда. Мен білемін, шын еркектің алдында, Күн туады қызаратын саған да.» (М. Шаханов.) Әрине рухани сұлулық жинаған әйелді нағыз еркек елеусіз қалдырмайтыны сөзсіз. «Жаңа жер, жаңа елге әнмен келдім, Иіліп тізе бүгіп сәлем бердім»- деген сөздерді көңіліне тоқып өскен ұл-қыздарымыздың барған жеріне тек қана қуаныш, бақыт, тіл жеткізе алмайтын нұр шуақ сыйлайтыны сөзсіз. Бұл біздің ұлттық қадір қасиетімізді қайта қалпына келтіретін, оны байыта түсетін, киелі ұлттық тәрбиеміз. Ұл-қыздарымыз, көргенді сырт көз жүзіне қарағанда көз сүйінетіндей, өздерін іштей «Байыптымын ба?» — деп ойласа, назар салып тыңдағанда, «Дұрыс естідім бе?» — деп бағамды болса, «Өңім мейірбан ба, қимылым ізетті ме, сөзім риясыз ба, ісім орынды ма» — деп топшылайтын болса біз де бақыттымыз. Ұлтымыз да бақытты. Төл тума даралығын сақтай білген халық бақытты халық, ізгілікті болайық. «Жасанды кішіпейілділік жақсы қасиет емес». Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымыз: «Әр нәрсе адамның сөзіне, ісіне байланысты емес ниетіне байланысты» — дейді. «Ей, адамдар тегінде ата баласына сүйеу бола алмайтын, баласы да атасына көмектесе алмайтын күн болатынынан сақтаныңыздар» — деген. Сондықтан бала тәрбиесін бесіктен бастау керек. Құрсаққа біткен қылық қара жерге бірге кіреді, сүтпен біткен ізгі қасиет өлгенше өзгермейді. «Не ексең соны орасың» — деген. «Әкеге ұл, шешеге қарай қыз өсер»,- деген. Ұл-қыздан да жаман мінез шығады. Қырсыз мінез тек әкеден жұғады. «Кімнің ұлы қызы болса тым аяр, соның өзі зар жылар да мұңаяр» — деген тегін емес. Ата-анадан өсіп ұрпақ жаралған жақсы жаман болса бала солардан. Шындығында солқылдап өскен жас шыбықтай әлі сана-сезімі қалыптаспаған айналасына, көз тоқтатып қарай бастағаннан-ақ ата-анасының тәрбиесін көріп өседі емес пе? Сондықтан қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып,болса тәртіп сонда өсер сомдалып. Ал бала ұяда не көрсе өле-өлгенше соны қиядан танитын болады дейді. Сонау ерте ғасырдың өзінде бала тәрбиесіне ой толғаған Жүсіп Баласағұн атамыз «Жас кезінде білім берсең қалайда, өсе келе қолы жетер талайға, балаларға білім өнер берілсін, сұлу мінез әр өнермен өрілсін»- деген жыр жолдарын қалдырған. Атам қазақ: «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас, көргенің білгенін айтпаса аға кінәлі, баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз. Тіліңнен жақсылықтан басқаны айтпа, қолыңды жақсылықтан басқаға жұмсама, адамды сыйлауына қарай оның имандылығы көрінеді»- дейді тағы да. Ал Құранда; «Бізді біреу туралы жаман ойлаудан, өзгенің бойынан кемшілік іздеуден сақтандырады.» «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқай ас бермес әке үлгісін көрмесе». Өткен дәуірде өмір сүрген орыстың ойшыл ғалымы Циолковский айналаға қарай терең күрсініп; «Адамдар табиғатқа шабуыл жасап болды, ендігі шабуылды адам баласы табиғаттан күтеді »- деген екен. Төңірегіңізге ойлы көзбен қараңызшы сол сөз расқа айналып келе жатқан сияқты. «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» – деген сияқты күні кеше ғана қуат алып шуағынан, суынан туған жердің теңізінде жуынған боз даланың боздақтары бүгіндері екі иіннен су кетіп тірлік істеуде. Қысты күні аппақ қырау құрсанып, жазды күні жаңбырдан соң бусанып жататын, маң даланың бетегейі, белдерінде жайқалған ақ селеулі жусанның жұпар иісі де қалмай барады. Сонау Әлімсақтан қазақ, болғалы Ер тарғындар мен Ер төстікке жүкті болып анамыз, туған жерде айтылса да көп аңыз, түмен-түмен тұяқтардан кейін де, қызғалдаққа толмай ма еді даламыз. Сол байтақ даланың, толған айдай көркі мен шырайы жыл сайын орталанып бара жатырса, осының бәріне кінәлі адам баласының, мына сіз бен біздің рухани азып, тозып бара жатқандығымыз бен табиғатпен санаспайтын құлқын құмарлықпен имандылықтан айрылуымыз болып отырған жоқ па? Бәріміздің татып отырған азын-аулақ дәмімізбен, пешенемізге жазылған мына жарық әлемнің, бір күндік қызығы туған жердің тоқымдай ғана бір пұшпағынан бұйырсын дейік. Мөлт-мөлт еткен бұлағын көзінде мөлдіреген тұнық сыр жатқан, туған топырағымыздың тылсым үніне, құлақ түре білейік. Сай саладан сылдырай ағып сылқылдай күліп, сыңғырлай тұнып жататын бұлақтар мен жылғалардан, арнасы кеңіп, арқырай ағатын өзендерде, ұрпақтан-ұрпаққа өркен жаяр өмір тәрізді емес пе? «Жақсылықтын алдында бас иетін, Бабалардың не істейміз өсиетін. Жер жоғалтса не болмақ перзенттерін Ер жоғалтса не болмақ қасиетін? Кінәліміз, жасымыз, кәріміз де Зауал болар табиғат зары бізге. Әжеміз де кетеді «әйел» десек, Адам – десе кетеміз бәріміз де Қырдан безбе, бауырым нұрдан безбе, Жылататын жайттар бар жырдан өзге. Жаһан жайын жабылып қорғау керек! Жердің өзі жоғалмай тұрған кезде.» Бір кереметі дана адамдардың көпшілігінің аналары тамаша адамдар болған. Алып та батырда анадан туатынын, шаңырақты еркектер көтеріп бергенмен, үйді әйелдер тігетінін естен шығармайық. Жасында шапалақты көп жегеннің өскенде өкініші аз болар. Әкеге; «Бұл менің ұлым»-деп мақтануға оңай болғанымен, баласына; «Бұл менің әкем» -деп алжыған адасқан әкені айту қиынның қиыны екенін әрбір әке ескерген жөн.Бұл шағын ғана мысалдардан нені ұғындыңыз? Әр халықтың дінінің ірге тасы иманның жартысы дегеніміз осы-Діл қағидысы! Әдет-ғұрпымыз!
Дін мен Діл өлшемі. Дін ғалымдары дін туралы сөз қозғағанда діл ұғымын жиі пайдаланып бірақ оның қандай шамамен өлшенетінін өздері де білмейді. Сондықтан діл-ұғымын халық намаз оқу, сәзде жасау деп түсіну қалыптасып үлгірді. Дін негізінен еркектерден ғана елшілер тағайындалып үкімдерін қорғап сақтауды бұйырылған болса әйелдерге түсірілген міндетеген парыздар мен үкімдер және соған байланысты әр халықтың ішкі әдет-ғұрыптары болып қалыптасқан дүние тіршілігінен байланысты ұстанымдар діл болып есептеледі. Енді дінінң өлшемін білімі де ал ділді қалай өлшейміз? Энштейін ғұлама студент кезінде оқытушы професорға сұрақ қойып; «Професор осы суық дегеніміз бар нәрсе ма?» деп сұрайды. Професор болса «Бұл не қылған сұрақ? Әрине бар. Сен өмірі тоңып көрмеген адамсың ба?» деп отырғандарды ду күлдіреді. Энштейн: «Негізі сэр, суық дегеніміз жоқ нәрсе. Физика заңдылығына сүйенсек, біздің суық дегеніміз жылудың жоқтығын білдіреді.» Сөзін әрі қарай сабақтаған ол: «Професор қараңғылық бар нәрсе ма?» деп сұрайды Професор: «Әрине бар» деп жауап береді. «Сіздікі дұрыс емес» дейді тағы да. «Қараңғылық дегеніміз жарықтың жоқтығы. Біз қараңғылықты емес, жарықты зертейміз. Ньютонның призмасын пайдалану арқылы ақ жарықты әртүрлі түске бөліп, әрбір түстің толқынының ұзындығын анықтаймыз. Ал қараңғылықты сіз өлшей алмайсыз. Сіз кез келген кеңістіктің қаншалықты қараңғы екенін қалай білісіз? Солай емес пе? Қараңғылық деген түсінікті адам жарықтың жоқтығын білдіру үшін қолданады.» Тағы да жас студент: «Сэр, зұлымдық бар ма?» Професор: «Бағана айтым ғой. Біз оны күнде көреміз. Адамдардың қатігездігі, қылмыстың көптігі мен әлемдегі зорлық-зомбылықтың барлығы осы зұлымдықтың көрнісі болып табылады» дейді. Ал Энштейн болса: «Сэр, зұлымдық жоқ. Зұлымдық дегеніміз Құдайсыздықтан туатын құбылыс. Ол, да қараңғылықтан туатын құбылыс. Ол, да қараңғылық пен суық сияқты Құдайдың жоқтығын көрсету үшін адамдардың ойлап тапқан сөзі» деп жауап қайтарады. Енді біздердің ақылымызға сай өлшем бойынша жаратылыс негізінен сөзден басталса онда баста дін болған жоқ. Сол сияқты Адам тамызды да топырақтан бастап жатаратса баста Адам ұғымы да болған жоқ. Олай болса Адам атамызды жоқтан бар қылғанан кейін біз адамдық шаманы немен өлшейміз? Ал Адам атамыз бар болғанан кейін одан Хау анамызды жаратты. Олай болса Хау анамыз баста бар болатын да ол адамның бір мүшесі яғни адамдық қасиеті еді. Енді дінді пайдалану арқылы оның нәтижесі діл пайда болды. Демек адам баласының ақылына сай бармен ғана салыстырып жоқтың немесе шексіздіктен алған үлесімізді өлшейміз. Онда дін еркектердің дін ұстанымы намаз оқуы, құлшылық амалдары арқылы өлшеніп нәтижеленбейді. Әйелдердің парасатымен, тазалығымен ар-ұятымен яғни бармен өлшенеді. Сол сияқты мемлекетіміздің діні, мәдениеті де шаруашылығының дамуымен немесе ел басшыларының айтатын «светский» (жарық) зұлымдықсыз елміз немесе «зайрылы» (қасиетті) мемлектпіз дегендері серік қосу болып табылады яғни Құдайсыздықты жасыру үшін ойдан шығарылған ұғым. Құранның негізгі ұғымдарын, философиялық үгіті мен сөз насихатын бұрмалаушыларды пайғамбарымыз: «…Сендерден ең сүймегендерім, қиямет күнімде мәжілісімнен аулақта болғандарың (сөзді, құранды, хадисті меңгермегендер). Тәкапарлық, менменсіген түрде ауыздарымен бұрмалап, мақтан үшін сөздерді бөлген бөспе, қырт адамдар. Сахабалар: «Бұлар кімдер?»-деп сұрағанда пайғамбар: «Өзін-өзі көтерген өр көкірек адамдар» деген екен.» (Тірмизиден 20-өсиет) Мемлекетіміздің дінді меңгереген, рухани жетілгендігі бүкіл халықтың намаз оқып күні-түні мешітен шықпауынан емес керісінше дінің жемісі-ділімізбен яғни әйелзатының ар-ұяттылығымен, денсаулығымен, өмірге әкелетін ұрпақтардың жағдайымен ғана анықталады. Діннің нәтижесі –ділі, ұжмақ-бәйшешек бақшасы деп суреттеген Шәкәрім атамыз. Тұрған жеріңнің, өмір сүрген ортаңды қалай ұжмаққа айналдырыуыңа байланысты. Ұжмақтың үш бақшасы бар. Үш иман гүлі оны Абай атамыз там-сарай арқылы қайрымдылықпен, Алла жолында соғыс арқылы алатынын «Мақсұт» атты мысалмен астарлап көрсеткен де аталарымыз: «Бірінші байлық- ден саулық (ақылдың жетістігі), екінші байлық-ақ жаулық (әйел затының тазалығы, періштелігі), үшінші байлық-он саулық (өнер, білім, ғылым)» деп ескеркен. Осы байлықтың бәрі әйел қанымен тазарып, өсіп өркендейді. Әйелзаты-ел үні, әйел-жер үні. Сондықтан аталарымыз: «Жаннат әйелдің табаның астында». «Бақ қойшының таяғынан, келінің аяғынан» деп астарлап ескерткен. Пайғамбарымызда біздің діншілердің пікірлерін теріске шығарған; «Үмметінің машайықтары жаннатқа намаздың, оразаның және садақаның көптігімен кірмейді. Алланың мәрхеметі, нәпсінің жомартығы және жүректеріңнің дұрыстығымен кіреді». (ибн Хасанан 10-өсиет) деген өсиет қалдырыпты. Енді еркекке берілетін Алланың мәрхаметі жақсы ар-ұтты жар, нәпсінің жомартығы да ана қанының тазалығына тәуелді, ал жүрек дұрыс болу тағы әйел затының діліне тәуелді. Пайғамбарымыздан: «Иман жетпіс бұтақ, немесе алпыс бұтақ және ұят иманан бір бұтақ». (4-өсиет Әбубәкір сахабадан) Иманның екі дәрежесі болып, 70-санымен иманың ғалым-сопылық белестерін белгілесе, ал 60-санды бөлігін құранда Ыбырайым жолы деп 60-сүремен толық иманның негізгі шартарын көрсеткен. Аятта: «Әй Пайғамбар! Егер саған мүмін әйелдер, Аллаға еш нәрсені орақ қоспауға, ұрлық қылмауға, зинашы болмауға баларын өлтірмеуге, қол-аяқтарының арасынан бір жала жапауға және ізгілік істеуге, өзіңе қарсы келмеу үшін келген кезде, олардың серттерін қабыл ал. Олар үшін Алладан жарылқау тіле. Өйткені Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейрімді.» (60-12) Алдыңғы басылымда Шәкәрім атамыздың екі мысалмен «Бәйшешек бақшасының» сипатарынан дәлел келтіргенбіз, бірі жүректің тазалығын қалыптастыратын таза, ой ақыл салт-дәстүрімізге ғылым, білімді жетілдіруге, дінімізге, әділетті ата заңдарымызды қалыптастыруға байланысты болса, екіншісі Алла жолында мал жұмсап нәпсінің сараңдығынан құтылу болып, оны «Атымтай жомарт» деп атаған. Ал үшінші бақша жүректің тазалығын «Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашысынан» деп ескерткен екен аталарымыз. Жүрек тазалығының бір көрсеткішін жоғарыдағы пайғамбарымызға ескерткен әйелдердің сертіне қол-аятарының арасынан жала жапауға тікелей байланысты. Құранда жүректің тазалығы 75-ші сүремен 40-аятпен яғни жартылыс себептеріне байланысты 40-әулиемен және жеті қазынамен байланысты түсіндіреді. Ал, 47-саны нәпсімен тікелей байланысты болып құда түсіп «47-қалың мал» төлеу салт-дәстүріміз осы жан сырынан хабар береді. Сондықтан Абай атамыз; «…Адам нәпсі, өзімшіл мінезімен Бос сөзбен қастаспай, түзу келмес. Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жанан тәтті. Адамзатың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл, Иманың асылы үш деп сен тахқиқ (міндет, борыш) біл. Ойлан дағы, үшеуін тартып бақ, Басты байла жолына, малың түгіл...» Бұл үш сүюді Шәкәрім атмыз былай тарқатыпты; 1-ші; Атымтайдай жомарт болу. 2-ші; «Бет сұлулығы-тән сыйы болса, дауыс пен сөз сұлулығы-жан сыйы ғой, әрине, тән сыйынан жан сыйы артық екеніне дау жоқ, бірақ бер сұлулығын әркім-ақ таниды. Сөз бен ән сұлулығын танушы аз.» деп ән сұлулығына қарға мен бұлбұлды мысалға келтірген. Және сөз сұлулығына; «Жаңбырмен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген мақалды түсіндіріп; …Зұлымдыққа түсіп, елді қанап, енді қауымның қарғысына ұшыраған әкімнің тау аралап әлиені іздеп барып әулиеден; «А-Құдай! Мына зұлымдыққа түскен пендеңнің жанын ал!» -деп бата беріпті. Сонда ол: «Мұның қалай!»-деп ашуланса, әулие айтыпты; «Шырағым бұл екі жаққа бірдей пайдалы бата. Сен өлсең, зұлымдық қылудан тиыласың. Ел сенің зұлымдығыңнан құтылады. Алғашықы туыс-бір туыс, әдет-екінші туыс. Алғашқы туысыңнан түзелуге болады. Әдетті тастап түзелу—сендей жуанның қолынан келуі қиын іс… тамам адам баласы бір бауыр, бір дене сияқты, әр адам сол дененің бір мүшесі, бір мүше аурулы, зиянды болса, тамам денені тынышсыздандырады. Мен аурулы мүше екенмін де бұл адамдардың арасынан кетуім керек, не болмаса барша жанға тынышсыз болатын зұлымдықты қоюым керек екен ғой»,-деп ойлаған адам ғана бұрынғы мінезін тастап сауығуы мүмкін. Шырағым! Мен кереметті әулие емеспін. Әулиелік деген түзу жолмен жүріп, түзу ақыл айту болады. Менің саған иберген батам осы әңгімем, бұны қабыл алсаң сен де түзелесің»-деген екен әулие қария. «…Насихатты тыңдаған адамның құлағында қырағы көзі болса, жүрегінде әділ тезі болса, сәті келген дәрідей ем болып, жаман мінезді жазады. Егер ондай болмай, құры ғана қуыс құлақпен тыңдаса, құмға сіңген сумен бір есеп болып, жалғыз тал жасыл шөп шықпайды.» Ал 3-ші иманың асылын; Ләйлі Мәжнүн әңгімесімен мысал келтіріп; «..Әр ақылды адам әлемнің қиын сырын түгел аша алмайды. Ләйліге асық болған көз де, жүрек те сіздікі емес. Ләйлінің анық нұрын көрем десеңіз, менің көзімен қарап, менің жүрегіммен ойлаңыз, Жүсіптің сұлулығына таң қалып, кеспе орнына қолын тураған әйелдерге ұсар едіңіздер де, менің Ләйліге махабатымның қандай дәрежеде екенін білер едіңіз. Дерті көңілде не бар екенін сау көңіл білмейді. Менің жарама себілген ащы тұзды сіз сау қолыңызға себкенімен ащыта ала ма? Жүрегіңізде асықтық қанжарымен жарала да, асықтықтың улы тұзын жүрегіңізге сеуіп караңыз. Өмірінде ара шақпаған кісіге мына арның шақаны ащы болады деп араны көрсеткенменімен, шаққан уын ұға ала ма? Аш кісінің ішін өртеп тұрған аштық пәлесін тоқ кісі ескеріп біле ала ма? Біздің басымыздағы іс сізде жоқ болған соң, бұл туралы қанша айтсақ та, сізге бір мылжың өтірік ертегі сияқтанады»,-депті. Сол айтқанындай, нашардың мұңын, жуанның зұлымдығын қанша айтсақ та ұғушы аз.»
Діл—жан сыйы мен тән сыйы.
Атымдайдай жомарт болып, нәпсінің жомартығына қалай жету мен жуандықпен, зұлымдықты өлтіретін кереметті әулиенің қалай батысын алуға болатынын алдағы басылымға қалдырып, енді пайғамбарымыздың; «барлық құлшылықтың, ортасын табыңдар» деген өсиетін үлгіге алып иман гүлінің ортасы махаббатың негізі сөз сұлулығы мен үн сұлулығына жеке тоқтала кетейік. Сөз сұлулығынан айрылған қандай да бір еркекті-жынды, ал әйел затын-шайтан деп атайды. Оған себеп шайтан негізі судан пайда болғандықтан, судан қорықпайды оттан қорқады және шайтаны өскен қандайда адам баласының дауысы жіңішке және жіңішке нәзік үнді болып келеді негізінен әйел затына тән қасиет. Ал жын жуан дауысты адамдар тобына жататын қуатың, күштің белгісі болып, хайуандарға тән қасиет болғандықтан, жынның патшасы арыстан болып табылады. Аталарымыз: «Қатын дауысты еркекте қуат болмас ерек дауысты қатында ұят болмас» деп ескерткен екен. Сөз тәннің сыйы еркектің тазалығынан пайда болса, үн жанның сыйы әйелзатының ар-ұяттылығынан қалыптасады. Үн судың буы болып, әйел затының бойын қалыптастыратын өріс негізін құрап, ал сөзден от шығып, еркектің зейнет киімін қалыптастырады. От пен судың өнімі зейнеті әуелі неке арқылы жұбайлық өмірде өз ара махаббатпен алмасу болып, бір біріне зейнет киімін сыйлап, ал үшінші рухани киімді жер бетін кезіп 40-шілтенді тауып алуды ескертеді жаратушымыз. Енді осы зейнет кимінің ар-ұяттың қағидасын сақтамаған, зина жасаушы немесе әурет, ұятты жерін қоғамаған әрбір әйелдің зейнет киімі, өрісі бұзылып, оның орнына сөз қуаты шеріктер қосылып тәні де жаны да арамданады. Көкірегін жапайтын, басы мойны жалаңаш әйелдің қолы арасы, аналық бездері арамданып яғни қол арасынан жала жабушы, ауру таратушы болып табылады. Сондықтан аталарымыз: «Ауру астан дау қарындастан» деп ескерткен. Екінші әйел затының алдыңғы жыныс зейнет сызығын «арай жап» деп атап, етекті қыздың, әйелдің жыныс мүшесімен басталып жерге дейін екі аяқтың арасы су буымен, күміс өріспен жабылып оның толық жетілуін бой жеткен деп атаған. Ал еркек затында ондай өрістің болуы мүмкін емес сондықтан шалбар киіп аяқ арасы ашық болғасын «бойдақ» болып аталады. Тек неке арқылы әйелге от киімін беріп, орнына екі аяқ арсындағы өрісін алып және 40-тан кейін ғана «бой-дағы» толық жабыла бастайды. Сондықтан қазақта 40-асқан ер азаматар бұрын үнемі шапан киген. «Жүбайыр; «Маған, сенде тәкапарлық бар дейсіңдер. Негізінде мен есекке міндім, шекпен кидім және қой саудым». Сонда пайғамбарымыз; «Бір адам бұларды істесе, онда тәкапарлықтан әсте бір нәрсе болмайды»-деді.» (Термизиден) Етекті әйелде ғана болатын бұл жан киімін «киіз қазық» деп атап «Тоқпағы мықты болса киіз қазық жереге кіреді» деп, яғни еркек 70-метал-металоидтан тұрғандықтан жереге топыраққа жатады. Әйел аяғының арсындағ киіз қазықтың қандай тазалықғына байланысты еркектің жаны да солай өседі. Ал оны аталарымыз; «мама ағаш», «байтал» деп атаған немесе «адал бақан» деп үйдің шаңырағын тірейтін бақанмен салыстырған. Сондықтан: «Байтал шауып бәйге алмас» деген мақалдың жыныстық кәсіпті ескерткен және қазіргі «трансексуалдық» азғындықты да ескерткен. Осындай екі аша ағаштың үсіне көлденең ағаш қойып оған ат байлаған. Бұл негізінен әйел затының негізгі әурет жерінің адамзатың алғашқы үйінің бейнесін көрсетеді. Сондықтан еркектің жыныстық әуретін «ат» де атап, «Үш ағашқа атын байлай алмаған еркек еркек емес»деп ескерткен. Ал аналарымыздан; «Ат айналып қазығын табар, қазығы менде қайда бара дейсің» деген сөзді бала кезде көп естідік. Осындай адал бақанын қалыптастыра алмаған қандай қызда, әйелде бақытсыз екі аяқтық арасынан жала жабушы және су орнына у беретін «Сұлулығына су құйып ішесің бе?» деген атқа лайық емес азбаған әйел заты қазақта саусақпен санайтындай дәрежеге жетіп, енді ділдің соғысы яғни әйелдердің өз ара соғысы жүріп оған енді жын-шайтанға айналға еркектер бір бөлек, екінші дінші аталған еркектер бір бөлек ақырында адам қаны төгілуге әкелген сынақтар басталыпта кетті. Егер өздерін жуан санаған, қатыны түгіл өзінің басын қалай қорғауды білмеген еркектердің шайтанын жын-шайтаннан тазарту үшін жоғарыдағы әулие мысалындай бата алуға жеткізсе, саналары ашылып, ақ пен қараны ажырататын құлақ көздері ашылып, жүрекпен таразылайтын дәрежеге жетсе, қоғамда үлкен өзгеріс басталып, бұндай сынақтадан аман өтер едік. Құдайдың берген үкімдерін толық орындап, Алла достары, әулелеріміздің бастарынан өткізген халдерін жүрекпен түсініп дінді меңгеру үшін міндетті түрде 40-шілтен жаратылыс әулиесіне жалғану шарт. Және онымен қоса 7-әулиені де меңгеру керек. Бұл әулиелерді аталарымыз; 1. Әулие-дем. 2.Әулие-ат көлік. 3. Әулие-тұз. 4. Әулие-қыз. 5.Әулие-күн. 6.Әулие-жер, ел. 7. Әулие-ит. Енді сөз махаббатын меңгермеген оқушы бұл әулиелікті материалды түрде түсініп мән бермеуі сөзсіз. Бұл әулиеліктің және алдағы талқыланатын тағы 40-әулие шілтеннің негізгі жан сырын теолог, хазіретер, философтардан сұрап іздеп көрейік те әзірше болашақта баяндалатын жан сырының құпиясынан аз ғана мағлұмат берейік. Әулие қыз-үн-діл жемісі. Әулие тұз-еркек ұрығы хлормен, әйел жыныс қуаты натрий екеуінің қосылуынан пайда болатын етті тазартушы «імүн», «креоцеген» «ақ уыз» -тұзы ақ жаулықтың байлығы. Әйел азып, екі қолы мен аяғының арасынан жала (шала) жапса; «Еңбегің еш тұзың сор» болғаны. Оны сопылар мақамында шарап ішу деп атаған. Сол шараптың бар екенін түйсінген еркектер, өз жарынан таба алмай, талай төсектерге қырау тұрып, ажырасу саны көбейудің мәнісі де осы қазаққа тән әулиелігімізден айырылғаннан деп біліңіз. Әулие- ит-жын-мінез, күзетшің. «Күшік асырап ит қылдым, ол балтырымды қанатты!» Әулие-дем… жер кезіп дем алып және иман гүлін алып пайғамбарымыз Мұхаммед деміне қосыл! Сондықтанда «дем-..алыс..» және «алыста» көкте болады. Әулие-күн, бес күн жалған да өзіңдегімен қосы 10-күнге толтыр. Өнер ғылым ізденсең; «Он күнде 100-қой аласың» деп ескертеді Шәкәрім атамыз. Жер мен елдің әулиелігінің әсерін таза ақылы бар оқушы құранан іздеп өзің тауып көр! Ал оны теріске алғандарды баяндап көрейік;