Ертегінің данышпаны Сандыбад туралы мынандай аңыз бар. Баяғы бір заманда бір данышпанның жеті уәзірі болады. Олардың бәрі де бірінен бірі өнерлі, білімді даналардан. Солардың ішінде әсіресе біреуі даналардың данасы асқан данышпан бас уәзәр Сандыбад еді. Патшадан жалғыз ұл бала болды. Патша тағының болашақ мұрагері даналықтың көзінен жас басынан-ақ сусындай беру қажет. Сол үшін оны жасы жетіне толысымен Сандыбатқа оқуға, тәлім-тәрбиеге береді. Зор ынта, асқан шеберлік, үлкен үмітпен тәрбие ісіне кіріскен ұстаз біраз уақыттан соң торыға бастады. Ұстаз қанша тырысса да Шаһзадаға оқу-білім дегеніңіз қонбай қойды. Әліп-бидің қарасын танудың өзіне бірнеше жылдар кетті. Ондық санды білдіру онан да қиынға түсті. Өмір дегеніңіз күннен- күнге көшкен керуендей өте берді. Үйретуге ұстаз жалыққан жоқ, бірақ мандымы аздықтан жігері құм болуда. Алғашқы жылдары есейе келе ақылы кірермен жүрді, бертін келе онан сайын білместікке үйреніп алып, тіпті оқу дегенге жоламауға айналды. Бұл халді естіген патша қатты қапаланады. Сандыбад онан жаман қысылды. Патша баланы тәртіпке шақырып, ұстаздың айтқанын екі етпеуге әмір берді. Енді үйретуге, үйренуге екеуі де ынталанды, бірақ, бәрібір ешбір оқу миға қонбады. Сөйтіп жүргенде баланың хан сарайының ұлы мәжілісі алдында сынға түсіп, емтихан беріп, өзінің патшалыққа мұрагерлік қабілетін көрсететін күні де жетіп қалды яғни бала 22 жасқа шықты, жігіт болды.
Шарты мезгіл жеткен күні, белгіленген сағатта Сандыбад пен Шаһзада сарайға қадам басты. Екеуіде қысылып, аяқтарын әрең басып келеді. Келмеске амалы жоқ, әмір солай. Патша тақта, сарай нөкерлері өздерінің орындарын алған. Ішінде неше түрлі ғалымның білгірлері отыр: ғұлама, софы, би, дәрігер-тәуіп, философ, жұлдызшы, сауықшы, шешен тағысын тағылар. Әрқайсысы тәртіп бойынша, өзіне келген кезегімен Шаһзадаға сұраулар қоя бастады. «Біздің мемлекетімізде қоғамның құрлыс тәртібі қалай деп білесің, құрметті Шаһзадам?»
Отырғандар құлағын тігіп көп күтті, бірақ адам түсінерліктей жауап болмады. «Ел билеуде әділеттілікті-инсаф немен сақтауға болады?» деген сұрақ та солай аяқталды. «Адамның жанын еріткен, көктің күмбезін күңіренкен сарайдың көркі музыка өнері туралы не айтасыз?» Бұл сауал да жауапсыз қалды. «Дертке дауа іздеген, адам жанына араша түскен тиб-дәрігерлік туралы айтсаңыз екен?» Шаһизада бұл жөніндеде бір нәрселерді айтты. Алайда, оның жауабы толық болып шықпады. Мұнан кейін оған тағы екі сауал берілді, біреуі жұлдыз ғылымы һаят (аян)- астрономия туралы, екіншісі һандисат (сызықпен өлшеу) –геометрия ғылымы туралы. Бұларға, әрине, жөнді жауап болмады. Отырғандар біріне бірі қарап, бұл қалай дегендей бастарын шайқасады. Сандыбадта үн жоқ. Әңгіменің осылай боларын ол бұрыннан-ақ білген еді. Өзі өз болғалы Сандыбад данышпанның өзінің дәрменсіздігін мойындағаны да осы болар. Соны сезген жұрт оған жаны ашып, сыйлап, ешнәрсе айтқан жоқ. Араларында әрине, Сандыбадтың патша алдындағы зор дәрежесін қызғанатындар да жоқ емес. Олардың қымы қанып, «болса болсын, бола түссін», дегендей. Шаһзада үй ішіндегі бір нүктеге қарап, тесірейді де қалыпты. Ыза мен намыс қатар кернеп, үндей алмай патша отыр.
Бағанадан бері Шаһзаданың қиянатын аңдып, бақылап отырған бір қарт ғұлама сонда былай депті: «Бабын тапса түлкі алмас бүркіт болмас» деген. Шаһзаданың тәрбиесінде қырық бір тетік бар ғой. Соның қырқын тапқан қайран ер бірін таба алмай отыр-ау! Па, шіркін салмақты құлақтан көрі көзге салар ма еді».
Бағанадан тұнжырап үндемей отырған Сандыбад орныгнан атып тұрып: «Иә тақсыр, маған Шаһзада екумізге тағы алты ай уақыт беріңіз, соның ішінде біз міндетімізді орындай алмасақ, мені уәзірліктен, мұны мұрагерліктен ажыратыңыз. Қарияның айтқан ойы менің өзіме де келіп жүрген еді. Енді оның шындығына көзім жеткен сияқты. Ақырғы рет бағымды тағы сынап көрейін»,-депті.
Сол күннен бастап Сандыбад оңаша алаңға бір сарай салдырды. Сарайдың формасы –төрт бұрышты текше. Оның ішін әкпен, ақ балшықпен қағаздай етіп сылатты. Сонан кейін оның төрт қабырғасына төрт төрт ғылымды суреттейтін нақыш бейнелер салдырды. Ол ғылымдар мыналар: жамиғат (қоғам), тиб (дәрігерлік), музыка, һандисат (геометрия). Үйдің төбесіне Һаят (астрономия) ғылымын бейнелетті, еденіне ғадалат (инсаф-шариғат) туралы өрнектер салғызды. Сонымен текше сарайдың алты жағы алты түрлі ғылым тарауын көрсететін болды.
Бұл бейнеленудің мағынасы мынада болса керек. Шаһзада әртүрлі ғылымдарды жеке-жеке оқып білгенімен, оның бәрінің басын иқосып көз алдына бейнесін келтіріп, ол бейнелердің бірімен бірінің қарым қатынасын шеше алмайды. Сол себептен ол, білімнің бір тұтас түп тамырына мәні жетпей тұрып, шешіліп шешен бола алмайды. Барлық даналықпен ғылымның басын қосатын түп тамырының бейнесін текше (куб) болу керек, өйткені ол табан тірек, жердің бейнесі, топырақтан жаралған адамның тән бейнесі. Осы текшенің алты жағына алты негізгі ғылым тарауын бейнелеп орналастыру керек. Сол текшенің қабырға қырлары мен төбе бұрыштары арқылы айтылған ғылымдардың өзара қарым-қатынастарын көрсету керек. Сол текшенің қабырға қырлары мен төбе бұрыштары арқылы айтылған ғылымдардың өзара қарым-қатынастарын көрсету керек. Тұйыққа келіп кептеліп, тығырыққа тығылып қалған ойдың түйіні бір шешілсе осыдан шешілу керек. Осы оймен сәтті күннің сәтті сағатын есептеп шығарып, сол бойынша Шаһзаданы сарайға кіргізді де, есігін жауып кетті. Сарай ішінде жатар, отырар орын да, ішіп-жем, тамағы да сай-ды. Күтушілікті Сандыбад өз мойына алды.
Шаһзада үйге кірген күннен бастап жан-жағына көзін салып дүниенің хикметін түсіне бастады. Бір жағынан екінші жаққа, бір қырынан екінші қыр, бір бұрышынан екінші бұрышқа жағалаған сайын оның дүниеге көзі ашылып, көкірегі кеңейіп сала берді. Бұрынғы жеке-жеке білгендері, жан бітіп, денесіне қан жүгірген сияқты, тебіреніп, тербеліп бір-біріне үн қосқандай. Сол үнге Шаһзаданың рухы қосылып бір ғана сабаққа бароып құятын сияқты. Қандай қиын, қандай шытырман күрделі деп жүрген ғылым салалары мынау ғажап сарай ішінде өзінен өзі жанданып, сөйлеп, тіл қатып тұрғандай.
Қысқасын айтқанда, алты ай ішінде Шаһзада текше сарайдың алты жағындағы алты беттегі алты түрлі ғылымның сырын айқын түсінді. Уағдалы сағат жеткенде Сандыбад, енді жолым болар-ақ деп жаңа қадам баса бергенде Шаһзаданың бал кітабына көзі түсті, алдында қуаныш пен реніш хатер тұр. Хатер жеті күнге дейін, онан өтсе тағы да ұзақ жақсылық. Тәуекелге бел байлап Шаһзада сарайға келіп кірді. Баяғы ұлы мәжіліс сол қалпында. Сауалдар сол ретінде қойылып жатыр. Шаһзада сұрауларға жауапты терең талдап, мағыналы мәнермен, ханзадаларға лайықты ырғағымен береді. Тыңдаушылардың естіген сайын құлағының құрышы қанып, рахметін жаудырып, баталарын беруде. Мәжіліс аяқталды, сарай қауымы ұлы мәртебелі падишаны да құтықтап жатыр. Мәжіліс арты тойға айналды…
Патша сарайында сұрқия сұлу барды. Сол келіп Шаһзаданы азғырып, өзіне тартпақ болды. Оған көнбеген соң, ол барып патшаға баласын шағыстырды. Патша ашу үстінде балаға өлім жазасын кеседі. Оны орындаушы жендетті бір уәзір тоқтата тұрып патшаға барып бір мысал айтып, істі тексеруге кеңес береді. Ол бір күнге мұрсат етеді. Сөйтіп отырғанда әлгі сұрқия қайтып келіп, патшаға өтірік шағым етіп жылайды. Патша тағы ашуланып жендетке әмір береді. Оны тағы бір уәзір себеп болып алып қалады. Сонымен жеті рет төнген қатерден жеті уәзір себеп болып алып қалады. Қатерлі күндердің шарты біткен соң, сегізінші күні қарабет болған сайқал әйел өзі келіп патшаның аяғына жығылып, шынын айтады: жазасын тартады. Шаһзада өзінің мұрагерлік орнын алады. Сандыбадтың данышпандық қадірі бұрынғысынан да артады. Мүмкін оқырман бұл ертектің басылымға қандай қатысы бар деп ойлауыңыз әбден мүмкін. Әрбір ертектің артында үлкен құпия ақиқат тұрады. Құрандағы 12-ші сүре желісі осы негізде берілген. Яғни Жүсіп пайғамбар тағдыры. Ал енді алда жан ғылымының және Ғиса пайғамбарымыздың астарлы әңгімелерін шешуге бірден-бір үлгі болары сөзсіз. Және осы оқиғаның нақты көрнісі Сайрам қаласы болып, кезінде қырық қақпасымен аты шығып және жеті дарбазасы болған. Сол дарбазаның бесіншісі «Намаз» деп аталып, Арыстан бабамыз орнатқан. Алғашқы ағашын егіп белгі қойған Сандыбад аталған Сансыз бабамыз (Бір-Пір бір адам) Мұхаммед пайғамбарымыз өмірге келместен бұрын өмір сүрген. Тағдырдың жетімен сыналатынын осындай үлгімен, жеті жарғымен және өмір қамының жеті…? құпиясын ескерген. Сондықтанда Құранның жеті оқылу құпиясының насихатын шешу адамзатқа берілген жұмбақ!