Баспасөз беттерінен, әсіресе діни баспасөз басылымдарында, діни сауаттылық ұғымы жиі айтылып, көп жағдайда құранды арапша оқи білген, және намаз оқушы мұсылманды діни сауатты деп, ал енді мейлі қандай да бір білім егесі, академик, професор, прокурор, сот, мұғалім, инженер т.б сияқты мамандық, өнер саласындағы мұсылмандарды діни сауатсыз деп атап, оған көбіміз мойын ұсынып, солай түсінеміз. Қазақтағы бір жақсы әдет, әйтеуір оқығаны бар, сыртқы көзге білімді пендесін, өзімізден жоғары ұстап және сыйлауға да тырысамыз. Одайлардың айтқандарын ақыл жүгіртіп ойланбай-ақ, орындай саламыз. Бұл ерекшелігіміз, бір жағынан бірлік татулығымызды ұстап тұруға септігін тигізсе, бірақ екінші жағынан іштей өз ара күндестікті, араздықты ойлардың жікке бөлінуін туынтатына да мән бермейміз. Енді, қандайда бір лаузымды; акедемик, професор айты, немесе бір білімді, болмаса тақта отырған лауазымды әкім айтты, болмаса имам арап танушы ғалым айтты десе, болды құдайға сенгендей сенетін аңғалдығымыз тағы бар. Жалпы; «Діни сауттылық» ұғымының даналық «философиялық» ұғымы негізінен ішкі зайырлық құпия сыр, парсатылық, ниетті білдіреді. Сонда имамдарымыздың, діншілеріміздің қарапайым халықты діни сауаты жоқ деп кінәлауының өзі ниеттері дұрыс емес, парсатты, арлы емес деген сөзді білдіреді. Абай атамыз: «Тоңқаң, тоңқаң етеді, нәпіл оқып не теңі, ниеттене білмейді» деп, ішін түземей сыртын түзегендер деп сынаған. Ал, діншілеріміз бұндай насихатарды, құран сөзін арапша дұрыс айтпағаннан ниеті бұзылады деп түсіндіреді де, ниетті арап тіл меңгеру немесе құранды арапша жүргізіп оқу, жаттап алу, намаз оқуды меңгеру деп түсіндіреді. Ал, шындығына жүгінсек; дінде таза ниет дегеннің өзі, өлімді, ақирет өмірін түсініп, соған амал жасау әрекетінен пайда болатынын Абай атамыз; « Машхарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейт-соларды қатар қойып сұрар дейді. Дүниеде атақ, абырой, сый құрмет алу үшін қажы болғады, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғанды бір бөлек қояр дейді. Ақиретке бір ғана құдай тағаланың разылығын таппақ болғандарды (әдет-ғұрып, сал-дәстүрді ұстанушыларды) бір бөлек қояр дейді. Дүние үшін болғандарға айтар дейді; «Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзаке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең қарап болған, сонымен қылған өнерлерің де бітті. Енді мұнде құрметалмақ түгіл, сұрау (жауап) беріңдер! Мал бердім, өнер бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарыңды өмірлеріңді бетіңе ақитетті ұстап, дін ниеттеріңді дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылдыңдар?-деп. Ал шын ниетімен орнын тауып, бір құдайдың ризалығы үшін өнер қылғандарға (халыққа қызметқ қылу) айтар дейді; «Сендер бір ғана ризалығымды іздеп малдарыңды, өмірлеріңді сарп қылып едіңдер, мен разы болдым. Сіздерге лайықты құрметі орным бар, дайын, кіріңдер! Һәм (және) ол ризалықтарыңнан басқа машқар ішінде, сендердің осы қылғандарыңа өзі қылмаса да іші еріп, ынтық болған достарың табылса, шапағат қылыңдар!»-деп айтар дейді.» (35-сөз) Абай атамыз ниетті құдайдың ризалығын іздейтін, өлімнің ақиқатын және неден пайда болатынын, ақылмен түсініп, нанумен және өлгенен кейінгі өмірдің адам ризығының ниетілікке тәуелділігін, және жақсылық жаманшылықтың қалай неден пайда болып, соған байланысты сақтану шараларын меңгеру білімін сенім деп түсіндіреді. Олай болса, адам баласының бақытты, бақытсыз ғұмыры да тіршіліктегі діни сауаттылыққа яғни құранды жатап, намаз оқи білуге емес керісінше таза ниетке, халқыңа қызмет ете білген әулиелік қасиетке тәуелді болып, және кейіннен сол әулие, дана аталарымдай болсам, ұқсай алсам, солардай халқымы қызмет қылсам деп табынып қасиетті, өнерлі кісілерді дос тұтқандарға шапағат ету мүмкіндігіне ие болатынын ескертеді. Сонымен Абай атамыз, біздің бүкіл діншілердің әулиелерге табынып, Аллаға жалбарыну дегенді «серік қосу» деген ұғымды жоққа шығарады. Енді біздің ағайын діншілерміз, тілдерімен Абайшыл да, істерімен өсиетіне қарсылық білдіріп, әулие бабалар амантын орындаушыларды; өтірікшілер яғни серік қосушылар қатарына қосып, ал діни сауаттылықты яғни ниетілікті тек арапша хат танып, құранды арапша мағынасына қарамай басынан аяғына дейін оқи білуде деп түсіндіреді. Сөзіміз жалған болмау үшін пәтуларынан мысал берсек; «Құран аяттарының әрбір сөзінің бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі…Аудармада осы әріптердің өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яғни біреуі ғана ескеріледі… Ең бастысы, Құран сөздерінің (арапша) оқыған адамды жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет оқыған адамның жалығары сөзсіз. Ал құран сүрелерін оқығанда адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады.» (И. Ғалымхалы 121-бет) Құранды арап тілінде яғни намаз оқуға, жалбарыну, сиыныуға байланысты жағдайдағы белгілі мақсатты түрде намаз түрінде оқудан, адам баласының сыртқы өрістік бойы, әр түрлі кір ақпаратардан тазарады. Яғни жан өрісінің дәрет алуы деп түсінгеніміз абзал. Ал намаздарды орындау барысында, яғни әр түрлі діни рәсімдерді орындап, және өліктерге құран оқу ол Алланы еске алу яғни жалбарыну болып, артынан түсінікті тілде тілек тілеп мұқтаждықтарыңды сұрауды қысқаша- дұға жасау деп те атайды. Сондықтан да құранды әйтеуір арап тілінде рахат сезім іздеп түсінік, үгітіне мән бермей, басына аяғына дейін жатап алу мақсатымен оқуға жаратушымыз тиым салған. Аятта; «(Мұхаммед) өлең үйретпедік әрі оған, ол лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана (69) Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға шығу үшін.» (36-70) Құранның үгітін түсініп, ескетуінен үлгі алып, жан түршігіп, Алланың азабын еске алып, ақиқатты түсінбей құр түсінксіз өлеңге айналдырып, мақам іздеп, босқа оқудан, қазіргі жастарымыздың таңдау, талғамсыз ертеден кешке дейін өлең айтып, жүрек көздері жабылып, ақылдары азғындап жатқаны да даусыз. Және бұл жалпы мүфтият діншілері ғана емес бүкіл ислам дінінің қасірет ауруына айналып, әлемдегі бүліктердің басты себешісі екенін білу, әзірге жан сырының, философ ғалымдарымыздың ақылынан тыс. Бұған Абай атамыз: «Көзінен басқа ойы жоқ, Адамның надан әуресі, Сонда да көңілі тым-ақ тоқ, Жайқаң-қайқаң әрнесі. Білмейсің десе, желөкпе Дейді дағы Тәңір ісі. Бірінен-бірі бөлек пе Иемнің әділ пендесі? Жүректің көзі ашылса, Хақтың түсер сәулесі. Ішінен кірді қашырса, Адамның хикмет кеудесі. Наданың көңілін басып тұр Қараңғылық пердесі. Ақылдан бойы қашық тұр, Ойында бір-ақ шаруасы. Кітапты молда теріс оқыр дағарадай болып сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр, Бүркіттен кем бе жем жесі?» Құранды теріс оқып қолынан түскенінің бәрін шайнамай жұта беретін, тышқан аулаған бүркіт құсамай бойыңа ақыл жина, хақтың сәулесімен көкірегіңді тазала сондықтан ғылымда жер бетіндегі өмір сүрген халықтар арасындағы, әділ даналардың бір-бірінен айырмасы жоқ, даналардан үлгі алып, жүректің кірін тазалап көзін ашу керек деп ескертеді. Сондықтан осындай дінді, ақылды байытуға емес, тек рухани ләзат алу, сезімдік мақсатта үйренгендерді; «Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, (ләззат сезім, мақтан) білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейрімі асырап алған шешеңнің мейрімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.» Олай болса біздің муфтият және барлық арап тіліне көңілі ауған қазақ ағайындарымыздың діни шешелері арап болып, ата-баба дәстүрлі дінімізге мейрімсіздігі мен көңілдерін қараңғылық пердесі шапқан шала молдалар деп, кейбірлерін надандар деп атуға толық қақымыз бар. Өйткені ана тіліне мейірленген қазақ баласы Абай атамызға табынып, насихатына берген ақылына сенуіміз, аталардан келе жатқан аманат. Ал егер Абайымызға емес дін муфтият ғалымдарымызға сенім келтіретін болсақ, онда қазақтың ғана емес жалпы әлемдік тіл, сөз ғылымын философиялық даналық қағидаларын мүлде жоққа шығару керек. «Абайға табынбаған адам-ақылға табынбайтын адам! Орыс халқы ұлы Пушкинді өзінің бой тұмар-талисманы санағалы қашан! Бұл халық Пушкиннің ұлылығын танудан бастап өзінің ұлылық дастанын жаза бастады.» (Ғабит Мүсірепов) Қазақ елінде керісінше даналарынан, әулиелерінің еңбектеріне табынудан бас тартып, дін-діліміз, жан-тағдырымыз мемлекетен саяссаттан да бөлек,-деген пәтуамен ұлтық дәстүрімізден бас тартып, ендігі тіл ғылымына, ұлылық сөз біліміне, ділімізге сай сауатты жазылған, жазатын бірде-бір кітап, болмаса діни баспасөз басылымы да жоқ. Жоғары дәрежелі дін ғалымы, теолог қазақтардың жазған «Ислам ғалымхалы», «Дін мен діл» т.б кітаптарды ғана алсаңыз қазақ тілінен шамалы сауаты бар адамның жаны түршікпей оқуы мүмкін емес. Жаратушы иемізді бірде «Аллаһ» бір кітабында Алла деп және арап тілі аударылмайтындай жүздеген сөзді шұбарлап арасында арап тілімен дұғаларды өрнектеп, арап танушы, ғалым деп айтсын деген ғана мақтан мен талғамсыз теріп көшірілген еңбек екенін көзіңіз жетеді. Үш жыл бұрын медицина саласының ғалымы М.Ш. Жанәділов деген кісінің « Саулық көздері» деген шығыс философиясы және киелі кітаптарды зертеп, адам ағзасында болатын саулық көздерін санмен, түрлі түсті бояулармен, таңбалармен т.б басқа ғылыми атаулармен белгілген, өте құнды кітабымен танысып, кейіннен сол кісінің өзімен кездесіп, мынандай сауал қойдым; -Сіздің кітабыңыздағы құнды деректермен жақсы таныстым, тек бір әттеген айы бар екен-дедім. –Ол қандай кемшілік? деп сұрағанда. –Жаратушы түп негізді «Аллаһ» деп 5-таңбамен белгілеп, сонан құранның негізгі сырларын қамти алмағансыз. Жаратушы сипаттарының негізгі себептерінің көрнісімен ағзаның себептік байланыстарын, сыртқы әсерлердің есептік мәнін көрсетпепсіз. Сондықтан тәннің ішкі сырын жақсы меңгеріп, ғаламдық сыртқы бейнені, денені шығара алмағансыз. Бұл ақпараттың үзілуіне «Алламен қосып тәңір шақырма, қорланған түрде отырып қаласың» деген аяттың үкімі Алла сөзіне тағы таңба яғни тәңірлік белгі қосудан яғни түп негізді 4 емес 5 деп алудан үлкен қателік пайда болған- деп құран, інжілдермен салыстырып байқағанды көрсеттім. Сонда ол кісі, бұл кітапты шығармас бұрын, дін мүфтиятында болып ғалымдарға таныстырып, бас хазіреттің өзі қағазға жазып «Аллаһ» деп жазуды ұсынып, солай белгілеуді тапсырғанын айтты. Енді бұндай бір қателіктен қаншама мың адамның түсінігіне және бір ғалымды да адастырып, Алланың жолынан тосуға себеп болғанын, миллиондаған басылған кітап, жазбалардың болашақта жарамсыз болып, ысырапқа айналатынын жастарымыз біліп, аға буының осындай жалған ғалымдығы сынға ұшырайтынына құран ұстап ант беруге болады. Ал, ендігі жастарымыз түгіл ақылы толған білімді қауым өкілдері де «Бір Аллаға табынамыз» деп, бірліктер негізі мен біртұтас аруақтардан, теріс бұрылып, сонда, Бір Аллаға қалай табынады? Табыну үшін хикметін, сипатын, қалай және кісілігіне ұқсап үлгі алуын білмесе? Ал, басы, аяғы, ортасы шегі және біздердің ақылымыздан тыс, жаратушы болған Аллаға қалай табынып, қалай ұқсап, қандай әлі келетін істерінен үлгі, ғибрат алмақ, кімдерді жаратпақшы? Сонда өзін құдайға, тәңірге айналдарып алғаны да болмай ма? Және сенімнің ар сауытын қалыптастырып, ал иманың жан білімін қалыптастырып, кітап алу болып сандлатынын да мүлде жоғалтумен, енді Құдайға сенген пендені иманды атап, немесе намаз оқып, бірі жалған, бес парыз орындағандардың иман келтірдім деп әулиеге, намаздың хандарына айналып жатқанын қалай түсінеміз? Осы жағын философ ағайындарымыз және дін ғалымдары ойланып, ақылмен сөзді өлшеп көрсе екен деген де үміт бар. Сол сияқты осыдан 2-жыл бұрын ғана мешіттерді аруақтарға құран бағышталу дұрыс деп қабылданды. Оған дейін жалпы муфтият ұстанымы бойынша «серік қосу болып» танылған болатын. Сол сияқты 7-8 жыл бұрын Ясауи жолын ұстанушымыз деген дін тобын «зікір-гипноз» деп қателік кемшіліктерімен, діни бағырына нақты баға беріп, дұрыс-бұрысын ғылыми қауым ортасын талқыға салудың орнына жамандаумен, қудалап арты немен аяқталғаны және зікір деген дұрыс деген сөз енді өздері айта бастады. Сонда зікірді қалай салып, айтып, оқып, орындап жасайтын амалдарын әлі өздері де білмейді. Бұл құран аяттарын қалай зейнетке алып, ем-шипасынын меңгеруден хабарсыздықтан, ілім сауатсыздығынан болып жатқан кері тартпа әрекеттерден, айналып келгенде қазақ ағайындарымыз ғана, тура жолды іздеген бауырларымыз зардап шегіп зұлымдыққа түсуге кім кінәлі? Сол сияқты 20-жыл дін баспасөздерінен діншілер аузынан түспеген «Хижап» сөзі, енді ғана дұрыс емес, қазақша аталса өзіміздің ұлтық киіміздің сипаты болады деген ойды дін хазіреттеріміз айта бастады. Сонда оны жастардың, халықтың миына әбден сіңіруге, баспасөз, кітаптардың мағынасын ашпай қолдануды ұсынған ауылдың ақсақалдары болғаны ма? Абай атамыз; «Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеген кісіден садаға кетсін!» (32-сөз) деп сөзді түземей, оймен тілді бөлуші ел басқарушы, ойшылдарға, саятшы партияшыларға ескерткен. Бұндай адам баласын құранда; «(Мұхаммед) егер қаласақ, мұнафықтарды саған көрсетер едік те оларды бет бейнелерінен таныр едің. Әрине оларды сөз аңғарынан таныйсың. Алла істегендеріңді біледі.» (47-30) Сөзімен ісі бөлінген, Аллаға тілмен, дұғамен ғана жол іздеген адамдарды «мұнафықтық»-«екі жүзді» деп олардың дінде, үмметте ерекшелігі болмайды өзіңнің дін қандасың деп ескертеді жаратушымыз. Енді діни басқарма ұлықсат етуімен шығарылып, жүз мыңдаған данамен таратылып жатқан арапша, бірақ негізі Сүлеймен пайғамбарымыз кезіндегі періштелерге, яғни ғұламаларға түсірілген сиқыр дұғалар «Мұсылман қорғаны», «Шипалы дұғалар» т.б толып жатқан тура жолдан адастырушы кітаптардың діни сауаттылығына кім күмән келтіріп, кім қадағалау керек?- деген сұрақты кімге қоямыз. Бірақ біздердің мұндай саулымызға, жоғарыдан заңмен бекітіп, «діни сауатсыз» деп аталған бұқара халықтың көкейімізді тесіп жатқан мұқтажыдықтармызды да кім түсініп, тыңдар десің? Ел билігімен, сөз басшылары да анасының ақ сүті мен, ата-бабасының ақ батысының қадірі кетіп, ата салтын сатқандарды ардақтап, «жұлдыз» қылып төрге шығарған бұл заманда? Жаратқанның шапағатымен тура жолын тапқан, кешегі өткен; Абай-Шәкәрім аталарымыз да осындай мыңмен-екі жүзділермен жалғыз арпалысып; «Сөз түзелмей ел түзелмейді» деп қазақтың онсыз «светский, зайырлы» ел бола алмайтынын қайғырып жазып, өздерін тура жолымызды таптық деп мақтанып айта алмай кеткен. Ал халыққа несібесін артығымен берілгендер ойымен, тілі араздасқан, екі жүзді сөздерді бағалап, «бөле берсең, бөрі болып жейсің» деп харам-адалға бөліп, көркем сөз, астарлы жан сырларын «аяттарды арзан ақшаға» ұғымсыз атауларға айналдырумен, яғни халыққа «сөз сатып» соған өздерін шен, дәрежелерін көтеріп, бірін-бірі марапатаудан, яғни Абай атамызша дін ниеттерін дүниеге арнап, жұртты алдамақ үшін ғана жұмсап жатыр. Әрбір айтылған, жазылған сөздің әуелі халықтың, сосын құдайдың алдында сұрауы бар. Енді менің де сол халық алдында осы уақытқа дейін сын айтқан жазбаларыма жауап беретін дәлелдейтін мүмкіндікте болшақта туар деген үміт қана бар.
Кітаптар
- Ақиқат бастауы. 1-кітап. 1-бөлім. 2004 жыл.
- 1. Бабалар салған сара жол «Алла жолы»! Аманаттар айнасы
- 2. Иман ақтың бастауы.
- 3. Кітаптарға иман келтіру.
- 4. Тіл және жан ұя.
- 5. Тіл үндердің көрнісі
- 6. Тіл қабілеті өсу
- 7. Тілдің үш қасиеті
- 8. Тіл еңбегі
- 9. Тіл ішкі жан дүние-ұят
- 10. Тіл бейнелеуші, бояушы- үннің сәулетшісі
- 11. Тіл теңдіктің, еркіндіктің жаршысы
- 12. Тіл айнасы-Діл
- 13. Сөз түзелмей ел түзелмес
- 14. Сөз тазалығы халықтар бірлігі дінің жемісі
- 15. Сөз тегі-таңбада
- 16. Сөздің өлшемі
- 17. Сөз сарасы немесе үш талап
- 18. Мықты сөз- таңба тегі
- 19. Сөз сыры, сөйлем дәмі
- 20. Әліптің артын бағу
- 21. Ой қолқабыс- құл, сөз анасы-ақ. Сөз сағасы-құлақ.
- 22. Сәжде- сөз патшасы. Сәлем сөздің атасы!
- 23. Иман-ес-қуаты және ақыл қуаты
- 24. ҚҰРАН ҮГІТТЕРІНІҢ ОҚЫЛУ ЖҮЙЕСІ
- 25. Сандар әлеміне саяхат
- 26. Сандыбад сарайы
- 27. Таңбалар һандисаты
- 28. ҚҰРАН –жаратылыс тану ілімі
- 29. Кеңістік - өлшем-мизан
- 30. ЖЕТІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЖЕР
- 31. Жаратылыс негізі-түр, рең, бояу
- 32. Жаратушы- баураушы, жаратқан- түрлендіруші
- 33. Бірліктер қағидасы және бүтіндікпен бөлшектер
- 34. Тәңір- біртұтас періштелер
- 35. Тәңір негізі бірліктегі бес қуат
- 36. Киелі рұх және қанаты періште. Кісі және құран.
- 37. Рұхтың иелігі және Жан ғылымының негіздері.
- 38. Адам ата, Хау ана, жер ана, су ана.
- 39. Жаратқан Құдай жар бол!
- 40. ДІН-сыры. Түгел сөздің түбі бір. Құран-хақ.
- 41. Ортақ- Дін, Рұх, Құдай! Рұхтың иелігі.
- 42. Дін сыры.
- 43. Шерік, серік, ортақ ұғымдары.
- 44. Рұқ және құдай патшалығы.
- 45. Елшілік немесе жынды меңгеру.
- 46. Ақыл ес және дін мен діл.
- Ақиқат бастауы. 1-кітап. 2-бөлім. 2004 жыл.
- 1. АЛҒЫ СӨЗ.
- 2. ТІЛ МЕН ЕРІН. ТІЛ БЕЛГІСІ - СӨЗ.
- 3. ЕСЕП – БОЛЖАМ КІЛТІ. ҚҰРАН ҮГІТТЕРІНІҢ ОҚЫЛУ ЖҮЙЕСІ.
- 4. ОЙ, белгісі ҚҰЛАҚ.
- 5. ҚҰРАН –жаратылыс тану ілімі. КЕҢІСТІК - ӨЛШЕМ. ЖЕТІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЖЕР.
- 6. САНДАР ӘЛЕМІ.
- 7. ЫҚЛЫМ - КЛИМАТ. Жер ортасы - Көктөбе.
- 8. БЕЛГІ – ҒЫЛЫМ ДЕРЕГІ АЛЛАНЫҢ ІЗІ.
- 9. Адам – Зат.
- 10. Ібіліс сарбаздары немесе шайтан.
- 11. Тәндік түрлену – рең. Тұлғалық түрлену.
- 12. Жын – періште және Кісі. Жын – мал және бала.
- 13. Алла тағала мөрі мал – жан. Жан бағбан, тән бақша.
- 14. ЖАН САУЛЫҚ, ЗОР БАЙЛЫҚ. Өлім белгісі –ұйқы, тұрағы – жан.
- 15. Түс – ахирет терезесі.
- 16. Ахирет қақпасы белгісі – Ажал. Өмір тозақтан бастау алады. Өмір тозақтан бастау алады.
- 17. Адам сезімдерінің, қылықтардың жәндікке айналуы. Адам мал-жаны жан-жануарлар әлемінде тазартылады түрленеді.
- 18. Тән қорушысы түккене.
- 19. Алақан – Алланың ізі. Алланың жібі – он саусақ.
- 20. Жан көлігі – пырақ. Ғайып көлігі – аян.
- 21. ЖАННЫҢ ЕСЕП БЕРУІ.
- 22. Ай – өмірдің бұлағы. Ай - жан несібесі. Жанның сыры - Ар.
- 23. Әлем тағдыры жеті жол.
- 24. Ғайса пайғамбар аманаты. Ғайса пайғамбар жерге түсті. Сыр ашу.
- 25. Рух таразысы сынақ. Ой, ес, ақыл, ар және Рух танымы.
- 26. Ар сынағы - Ажал. Тәндік дағдарыс. Жандық дағдарыс.
- 27. Бақыт өлшемі - сабыр мен қанағат.
- 28. Пайдаланылған әдебиеттер.
- Ақиқат бастауы. 1-кітап. 3-бөлім. 2004 жыл.
- 1. Сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа !
- 2. Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей.
- 3. Рух еңбегі-ғибадат.
- 4. Шайтанның саудасы.
- 5. Мұңлы шал-мұтылғандармен сұхбаттасу.
- 6. Ата жолының басты парыздары мен бабалар аманаты.
- 7. Оян қазақ! Ата жол келді еліңе, дәстүрмен кірер еліңе бақпен дәулетің!
- Құлшылық құпиясы немесе Құраннан үзік бір сыр. 2-кітап. 2007 жыл.
- 1. Алғы сөз.
- 2. Құлшылық танымы.
- 3. Құл туралы әл қиса.
- 4. Құлшылық құпиясы.
- 5. Құран үгітін меңгеру амалдары.
- 6. Сана қуаты ұжмаққа көтерер баспалдақ.
- 7. Құран ғылымы.
- 8. Дін және жол.
- 9. Гендірлік ауру белгілері.
- 10. Әйелдер туралы әл қиса.
- 11. Мінез тегі қасиет.
- 12. Ой –көлік, әйел-гүл, адамзаттың діл бақшасы.
- 13. Құран - Бәйшешек бақшасы!
- 14. Сөз түзелмей ел түзелмес.
- 15. Надандықтың басты белгісі-қылық, көрнісі жындылық.
- 16. Дін мен ел.
- 17. Мұсылмандық па әлде надандық па?
- 18. Керуенші ата жолының сарбаздарына насихат. (Астарлы ақиқат).
- 19. Қылықтар нәтижесіне рухтың жауабы.
- 20. Қиямет немесе адамзатқа ортақ азаптың белгілері.
- 21. Басылымға андатпа-түйін сөз.
- Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар. 3-кітап. 2011 жыл.
- 1. Бабалар өткен сара жол Ата жолы- «Алла жолы»!
- 2. Дін ниеті және намаздар сипаттары.
- 3. Философия ғылымы- дінінің айнасы.
- 4. Психология-жан сыры рух қызметшісі.
- 5. Дін талабы мен адам мақсұты.
- 6. Философия- сөз тарихының дін талабының шежіресі.
- 7. Әлемге түсірілген кітаптар және құран.
- 8. Құлшылықтар құпиясы мен құран сыры.
- 9. Құран және кітап берілгендер.
- 10. Шариғат- ережесі және жол мен жобалар.
- 11. Рух- дінің бұлағы, иман- дінің жемісі. Ақыл- иман күзетшісі.
- 12. Ислам діні-бастапқы және кітаптарды бірлеуші соңғы дін.
- 13. Қазақтың ескі даналығы мен бүгінгі заман ойшылдығы!
- 14. Діни сауаттылық дегеніміз не?
- 15. Психология-жан сыры дін суаты, ғылым қуаты.
- 16. Адамзаттың мінезімен ақылының көрнісі-зейнеті.
- 17. Үлкендіктің әдебі туралы ғибрат.
- 18. Киім ақыл сауыты жанның сыры-зейнеті.
- 19. Сөз сарасы- Ар мен ақыл сапасы. Таза ойдың қазынасы-даналық негіздері.
- 20. Жан сырын меңгеру-шопандық яғни жанға, сөзге толық қожалық.
- 21. Сөз сарасы ой мен тілдің арасы.
- 22. Мазһабтың талабы және діни жол.
- 23. Ой бағушы есепшілер мен сөз сатушы есекшілер.
- Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар. 4-кітап. 2011 жыл.
- 1. Сенім-жан шуағы-шам.
- 2. Құлшылық негізі-үш талап.
- 3. Ата-заң және жол-жоба діни салт-дәстүр, бәйшешек бақшасы.
- 4. Аллаға құлшылықтың намаз орындауы туралы ғибрат.
- 5. Жастық-мастық-жындылықтың жалпы ұғымдары.
- 6. Жын-шайтанға айналу немесе шайтанның жамағаттары.
- 7. Шеріктер және серік қосу туралы.
- 8. Аллаға құлшылық пен табыну және сиыну.
- 9. Жынды пенделер туралы ғибратты әңгіме.
- 10. Сеніміздің серігі - иманың жартысы-Діл!
- 11. Жын-шайтаның патшалығы мастар елі. Тәңірдің Құдайлық болмысы.
- 12. Діни сауаттылық және діншілердің жындылық көрністері туралы.
- 13. Тәпсір мен қазақ діни танымы. Қазақ елінің діни мазһабтық нанымының ғылымдық көрнісі.
- 14. Діни сауаттылық және Құдайдың құлы болу туралы насихат.
- 15. Құран кітаптардың жинағы-Құдай сөзі.
- 16. Таудағы саудадан ғибратты әңгіме және ата-жолының негізгі қағидасы.
- 17. Тарихат-төртеуді түгелдеу, масһаб- шариғат білімі, бағдар.
- 18. Дін ниеті-пейіл кеңдігі, тарихты меңгеруден басталады.
Басқы бет › Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар. 3-кітап. 2011 жыл. › Діни сауаттылық дегеніміз не? › Діни сауаттылық дегеніміз не?