«Бұл кездегі діндердің, бәрі нашар, Ешбірі түзу емес көңіл ашар. Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді, Тексерсең, ойың түгіл жаның сасар. Әлемдегі діндердің түп мақсұты Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар: Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын, Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар. Дін адамды бір бауыр қылмақ еді, Оны бөліп, дұспандық қару жасар. «Інжіл» «Құран»-бәрі айтып тұрса дағы, Адасып ардан күсіп қара басар. Сөйтіп бұзып бүлдіріп, есіл дінді, Дін десе білімділер тұра қашар. Ешбір дін айтып дұспан бол демейді, Кәнеки бұл сөзіме кім таласар?» Шәкәрім атамыздың ой-танымымен дін дегеніміз өмірді, тіршілікті, адамгершілік ұстанымдарды қадірлеп, амалдарын берік ұстанып, өз ара бауырмалдық қатынаста өмір сүруді қалыптастыратын, барша адамзатқа ортақ дүние танымдық қағида, ереже нақылдардан құралған тіршілік ету ережесі. Олай болса дін дегеніміз адамзаттың жаралыс басынан бастап ұжымдық тіршілік қамында ақылды жетілдіріп, шаруашылық істердің дамытып, пайда зиянын ажыратып, білімділікпен, біліктілігін қамтамассыз етіп, адамзат ақылының, ойлау тәжірибесінің жемісі болып қалыптасқан белгілі бір деңгейдегі шектеулер, тыйымдар, сақтану шаралары болып, адам баласының ден, тән саулығын жетілдірумен және адамзат өркениетін қалыптастыруға, адам жан дүниесінің өзгерістері мен ауысуларын белгілі бір бағытқа қарай тәрбилеуге, өмірдегі өзгерістерді, жан ахуалдарын түсіндіре білетін, заман өзгерісіне қарай жетілдіріп отыратын тілдік, ұлтық, шаруашылық жерлік айырма ерекшеліктеріне қарай берілген халықтардың әлеуметтік даму өсіп-өну жол-жобасы. Сондықтан мейлі жеке адам баласы болсын жалпы ұлтық, елдік, халықтық сипатта болсын жинаған ақыл қорының таразысы мизанды сол адам баласының немесе қауым, ұлтық, мінездік, қылықтық ерекшеленуімен көрніс беруін адам баласының дін-көңілі яғни жан қалауы деп атауға да болады. Демек жанды нәрселерге өсіп өнуге берілген жаратушыдан белгіленген белгілі бір тағдырлық жобаны сол жанды тіршілік егесінің діні деп атауға болады. Ал адам баласының бойында кісілігін, өзіндік ерекшелік адамдық қабілетін қалыптастыратын дін-жанының көлеңкесі ар-ұжданы болып, жалпы қылықтық көрнісін ес-деп атайды. Әрбір пенденің дін-жанының қандай дәрежеде өсіп-өнгендігін, қуаттық шамасын байқау үшін естілігі, ессіздігімен анықтаймыз. Ессіздік ақылдың, білімнің тәрбиенің жетіспеушілігінің көрнісімен адамдық құндылығының хайуандық қылықпен бейнелеуімен анықталаса, ал естіліктің екі түрлі көрнісі болады. Бірінші жағдайда ақыл-білімнің өмірлік тәжірибенің, қасиеттік, қабілеттік шамалардың адамгершілік ізгілік жаратушыға махаббатық құштарлықтармен көрнісін береді. Екінші жағдайда осындай қасиет, қабілет білімпаздықты дүние тіршілігімен өзгелерді құлданып, тек пайда табу адамзатқа үстемдік жүргізумен өзгелердің арасында ғұлама десін, бастық десін, жақсы десін, сопы десін, бай десін т.б толып жатқан десіндер үшін ес қуатын қулыққа, залымдыққа жұмсайды. Ал, ұлттың, елдің жалпы естілігі яғни дін-жанының көрнісін мәдениет, әдебиет, өнер, ғылым-білім, шаруашылық істерінің дамыту барысындағы өзара ұжымдық, туысқандық, әйел-еркектік кәсіптік (гендірлік) ара қатынастарының сақталу құндылықтарымен яғни ар, ұят, ынсап, ұждандық сипатымен өлшеуге болады. Енді бұл ұғымдарды қарапайымдасақ естің шамасын анықтау үшін адам баласының талаптылығымен яғни тіршіліктің қандай жағына құштарлығын айқындауды Абай атамыз адам баласының дін-жанының тазалығын, шамасын талаппен анықтауды ұсынып кетіпті. «Адам баласының ең жаманы (дінсізі) –талапсыз. Ал талап қылушылар да (дінді меңгерушілер) неше түрлі болады… Яғни адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдені» керек қылмайтын болмайды. Әрдайым, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңілі (діні) іздеп тұрады. Адам баласы өзі қай жолда (дін ұстаным), қай майданда (өнер, ғылым, шаруа, т.б) жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады. Ол үшін өзге жолдағылардан (дін ұстанымынан) «бәрекелдені» оңды күтпейді. Маған «бәрекелде» десе, осы өзіменен серіктес, сырлас осылар «бәрекелді» дер дейді.» Абай атамыздың пайымдауымен дін көңілдің қалауынан пайда болып, адам баласы нені кімді, қай ұлтың елдің әдетін жақсы көрсе тек солай болуға тырысып мақтанды да солардан күтеді. Діншілердің «шерік қосу» деген ұғымының өзі осы өзге майданнан серік-иман іздеп, өзге ұлтың әдетін, мәдениетін, қылықтарына еліктеп, өзге ұлттың «бәрекелдесін» іздеуден ұлтық ерекшелік еске нұқсан келтіріп, діни еркіндіктің сыртқы өзге елдің ақылдыларына тәуелділікті қалыптастырумен, ұлтқа тән естіліктің ағашын (хаж) шежіре, ақыл тамырынан ажыратып дін-көңілін аздыру амалдарын көрсетеді. Сондықтан әр халықтың да әрбір пенденің де өз қауымы өткені, болашағы бүгіні болып сол шежіренің ақпарттық сөз қорын майдан деп атайды. Сол майданан өз еркін, шеріктерін жеңу арқылы елдік ортақ майданды дінді табу керек. Енді қазіргі таңда біздің үкімет саясатының яғни дініміздің бір көрнісі; шаруашылығы, өнеркәсібі дамыған елдердің бар талабын «майданын» меңгеруге тырысып, әкім қараларымыздан бастап, мәдениет майталмандарына дейін шеттің «бәрекелдесін» алуға құштармыз да солармен серіктес болу үшін шақырып алып немесе қайта-қайта барып сырласуды әдетімізге, дінімізге айналдырып алдық. Бұл біздің жалпы елдік талабымыздың (дініміздің) көрнісі. Ал біздің дін деп мұсылмандық шарт деп бес парыз деп бөлектеп алғанымыз, ол діннің тек ырымы мен рәсімдік шартары яғни «атрибут» болып қана табылады. Ал Ханафи масхабын шариғат ережесін шексіздікке жол немесе ұлттық ерекшелік ақталу заңдылығымыз жоба қылып алуымыздың өзі дінді бөлшектеп, кері өкше ізімізге қайтып, орта топқа қайта қосылуға талаптанумен және өзге діндегілер түгіл ислам дініндегі қауымдастықтар, үмметтер арасына сына қағып бауырластықты үзуге ғана себебін тигізеді. Оған дәлел тек ханафи масхабын ұстанып шариғи заңдылықтамен өмір сүру заманға қарай жетілген ғылыми құндылықтар мен сөз, үндердің жетістіктерін философия, психология (жан сыры) ғылымдарын толық қамтып, адам баласының жан құмарлығын, (кармасын) рухани жетілуін толық қамтамассыз ете алмайды. Керісінше кері тартпа шетеулермен ескірген тәпсір, ертегі айналған тұжырымдармен надандықты көрсетіп ислам дінін білімді халықтармен, өзге діндегілер алдында бейшара қылып көрсетуге ғана септігін тигізеді. Әрбір құранның ашылған, түсінікті болған аяттары заңға және білімге айналып соған байланысты қарсылықтың күнәлардың да сол шамада көбейіп жетілуін қалыптастырады. Аталарымыз бұл заңдылықты; «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деп атаса құран ғылымының дәрежеленуін, кітаптардың қайта ашылуын; «Олар 300 жыл жатты 9 артырды.» деп 300 жылда 9-рет ақпараттық өзгерістердің, естіліктің, білімнің қуатының өзгеріске түсетінін ескерткен. Сондықтан кезінде ханафи масхабы сол заманның ғылым, білім, шаруашылық жетістіктерін қамтығанымен қазіргі заман ақыл-ой жетістіктерін, әлем мәдениеттерінің бәрін қамтып соған байланысты пайда болған қарсылық күштермен, бұрын ислам елдерінде болмаған түрлі талаптармен өзгерістер және ауру, қайғы-қасіреттердің себеп салдарын тауып жанды тазару амалдарын ділді рухани жетілдіріп, философия, психология ғылымдарының ескіргенін алып тастап, қайта жаңа ұғым, әдістердің ашылуын қамтамасыз етуі мүмкін де емес және тек масхаб талабымен ақылды шектеумен өмір сүрсең бақытқа жеткізер деген түсінік ақылды, білімді адамның санасына да кірмейді. Сондықтан бұндай діннің бөлшегі адамзаттың ақыл-ойының дамыған заманында, рухани жетімсіздікті туындатып, дін сектасы дәрежесінде ғана қабылданып, ал жетімсіз дін «кармасын» өзге діннен ізденіп немесе дінді түрлі ағымдарға түрлендіруге ғана ықпал жасап және жәрдем де береді. Ал адам баласының дін-жаны заман жетістігіне қарай әуелі тал бесікпен жер бесік арасындағы тағдырын және ғылым- білім, шаруашылық әдістерінің, тән, жан саулықтарын сақтау жолдарының өзгерістерін толық қамтуы шарт. Заманға сай адам қажетін қамтамассыз ететін намаз талабы шариғат ережелерімен тұрақты болғанымен құлшылық ауқымының кеңіп, жаңа біліммен қаруланып өзгеріске яғни өркендеуге тиісті. Шариғат заңдылығы яғни Ханафи масхабы намаздардың оқылуын, орындалуын қамтамасыз еткенімен намаздарды толық орындауын қамтуы мүмкін емес. Намаздарды толық орындау құлшылық істерінің, адамзаттың бір-біріне ізгілікті қызметінің заман талабымен сәйкестеніп, ғылым-білім дамуымен, заман талабымен байланысты. Ал, заман талабы сол уақыттағы өмір сүрген адамдардың дін-жанының айнасы. Сондықтанда; «Енді талаптың ішінде адам баласы көбіне өз басына қадір іздеп сол талапта болады. Біреу мал (дүние) қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» дейтұғын, «Малдының (қалталы, ақшалының, байдың) беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп, халықтың түріне қарай, ит те болса, малдыны сөге алмайды (аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін) деп, бұл мал (дүние) һәм пайда, һәм қасиет (қызмет, атақ т,б) болады бойыма дейді. Мұнысы рас, қазақтың өз құлқынына қарағанда. Бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгіл, көңіл (дін ділі) жиркенетұғын іс. Осыған орай біреу ер (лауазымды) атанамын, біреу қажеке атанамын, біреу молдеке (имам, дінші) біреулер білгіш (философ, политолг, социолг, ғалым), қу (күлдіргіш, әртіс), сұм атанамын деп сол қарекетте жүр… Мұнысы қазақтың өз бетінен оқып, ізденген талап (дін) болмаса, кітап бетінен (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, қүран, інжіл) оқып ізденген талап (дін) емес. Ал кітап сөзімен ізденген талап шарты бойынша, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат (намаз, ораза, хаж) қыл дейді. Қазақтың бетіне (тәпсірлерге, құранды теріс оқып) қарап, содан оқыған болса, ол талабыңды (дін ұстанымыңды, намазаңда оқи бер) қыла бер, көкіректі тым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп болмаса (сары уайым), құт-берекеге жағымды болмайды дейді. Енді осыған қарап, қайдан оқып, біліп, ұмтылған талап (дін) екенін білерсің.» Абай, Шәкәрім аталарымыздың дүние танымдық (философиясын) көзқарастарына ішкі сырына терең үңілген қазақ баласына қалай бақытты болуға болады деген өмірдің мағынасын іздеуге жол көрсететін қажеттіліктерді анықтауға негізделген. Өлмейтін жоғалмайтын жаратылыс, нәрсе жоқ бәрі де жоғалады, жойылады тек адам баласының жаны мен рухы мәңгілік құдайға барып қосылатынын нақты дәлелдермен көрсете білген. Яғни киелі кітаптардың қарапайым қазақша түсіндірмесі. Абай-Шәкәрім аталарымыз дін-дегенімізді адамдардың Құдайға игі істермен бармақшы боп ниетенгендегі әрекеті яғни талабы деп қарапайым ұғыммен түсіндіреді. Біздің қазіргі заманғы философ, данышпандардың адамгершілік қасиет тек білімге ғана байланысты деген тұжырымдарын теріске шығарады. Егер халықтың адамгершілік қасиеті тек білімге байланысты болса, онда білім ордалары және білімді аталған елдер мінез-құлық жағынан ең жоғарғы дамыған ортаға айналған болар еді. Шындығында керісінше тек білімнің соңына түсу адамзатты азғындықа ұшыратуда. Сондықтан адамгершілік қасиетті тек ислам дініменен қалыптастыру керек деп, араптардан алған ілімнің тәжірибесімен шариғатты жол қылған діншілердің дүние танымдық ұстанымдары заман талабына және ақылы сау адамға тек дін іліміне деген күдік пен сенімсіздікті ғана қалыптастырады. Дін-жаны, шежіресі ислам дінінің арап елдеріне келуінен бұрын шариғаты, дін ұстанымдары қалыптасқан елдерге ондай біржақты қатігездікпен, білімсіздік, надандық қазіргі заман ұғымына, талабына мүлде симайды. Адам баласының ақыл –ойының мұраты, дін-жанының қалауы тек «бостандық» деген ұғымның сырын түсінумен, сол бостандықтың дәмін татуға ғана құлшынады. Ол үшін ең ерікті, азат адамдардың бірі болғысы келмейтін жер бетінде адам жоқ деседе болғандай. Сондықтан соған жету жолында түрлі діндерге ұстанымдарға бөлініп әр қайсысы еркіндік, бақыт деген осындай болады, маған ерсең мәңгі бақытты боласың, деп өздерінің адасқанын білмей, соңынан көптеген елдерді де адастыру салты әлемдегі көптеген елдердің дін-жанының көрнісі болып табылады. Бұрынғы өткен тарихымызда бұндай жағдайда әуелі сөз шеберлері пайғамбарлар, онан кейін философ, ғалымдар елшілікте тұрып халықты бір бағытқа ерте білген. Енді ондай жаратушыдан берілетін қабілет, қасиетті қолдан жасаған ғалымдыққа, кітаптан оқыған, бір-бірінен көшіріп үйренген даналыққа айырбастап алған әлем жұрты кімнің соңынан ерерін білмегесін, әрбір ел, қауым өз ойларынан немесе білімділік, білгіштіктен пайда болған жасанды «бостандық» ұғымын ту қылып, қазіргі заман дүниетанымында «қайда барам десең, сонда болу, не істегің келсе соны жасау» деп түсіндіреді. Мұндай ойсыздық әрекетерді жасауға кірісіпте кетік, осылай жасап жатырмыз да. Ал аталарымыздың дүниетанымында; «шын бостандық-өзің борышым деп есептейтін нәрселерді істеу қабілеттілігің» деп түсіндіреді. Ал кімнің қандай борышы, мұсылмандық, адамгершілік қарызы бар және оны қалай орындау туралы мағлұматтарды адам баласының ұлтына, жеріне нәсілдік ерекшелегіне сай жол-жобасы яғни шежіре дастандарымен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі ғана айқындап береді. Әрбір елдің өз ұлтына нәсілдік ерекшелігіне сай жол-жобасы болып, сондықтан жер бетінде мыңнан астам дін талабы да бар. Бірақ әр ұлт өзіне сай не істеу қажеттілігін білгенімен оны орындауға күш-жігері жетпейді. Басқаша айтқанда аяқ-қолы тұсаулы сияқты өмір кешеді. Бұндай тығырықтан шығу үшін адамзатқа түгелдей күш-жігер беретін ортақ төрт қағида бар. Негізінен сол төрт шежірелік дастанға және философиялық нұсқауларға қосылу үшін, әуелі отбасылық, қауымдық, ұжымдық, елдік, халықтық арнаулы берілген жобаларды орындау талабын меңгеру арқылы адамзатқа ортақ дүние танымды қабылдау шарт. Адамзат баласы өмірге не үшін, қалай келгенін, жаратылыс сырларын анықтап, білімін меңгеру арқылы жаратушы негіздің сырын ғылымынан үлес алумен әр пендесіне жеке-жеке берілетін нұсқаулар мен тапсырмаларды орындау арқылы күш-жігер, шабыт және бақыттылық сезімдеріне қол жеткізумен өмірге деген құштарлық, ғашықтық қуаттарын меңгере бастайды. Жаратушы ғылымына, тылысымның хикметті құпия сырына ғашықтық сол жаратушының өзіне деген ғашықтық болып табылады. «Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі-неше мың жылдан бері әркім әр түрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаділет (әділеттілік), махаббат (сыйлау, жарату, мейрімділік) құдайға лайықты дегендігі. Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетін пендеміз. Сол махаббат пен ғаділетке (әділдік, шындық) қарай тартпақпыз (өлшейміз), сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады (дәлелденеді). Инандым, сендім (иман келтірдім) демек-иландырамын, сендіремін деген емес. (Яғни өзің ғана иланғаннан адамгершілігің пайда болмайды) Адамгершілік алды-махаббат (сыйластық, жаратушыға ұқсауға құштарлық), ғаділет (шындық, әділдік), сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтін де жері жоқ. Ол-жаратқан тәңірінің ісі (қуат). Айғыр биеге ие болмақ та махаббат (жаратуға құштарлық, сыйластық) пен сезім (жақсы көру) бар. Бұл ғаділет (шынайылық, әділдік) махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі-ғалым, сол –ғақыл (дана). Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен білеміз.» (45-ші сөз) «Қазақ жылқы мінезді» деген нақылдың сырын Абай атамыз қарапайым түсіндіріп кетіпті. Өмір сүруге құштарлықтан, жаратуға құштарлық пайда болып онан жақсы көру мінезі (ғашықтықпен пен сезім) өз үйірін күзеткен айғырлыққа ғана ұқсас болып тек сезімдік махаббатқа құрылған тіршілік жылқы мінезді хайуандық өмір салтына ұқсайды. Ал толық адамдыққа махаббат (сыйластық, мейрімділік, шүкірлік және жаратуға ғашықтық) пен сезімді жетілдіруге қажетті әділеттілікті яғни шындықпен, шынайылықты меңгеріп қана адамгершілікті қалыптастыратынын ескертеді. Қазіргі таңдағы ойшылдарымыз бен, ақындардың жырлайтын махаббаты сезімі тек көбеюге ғана бағытталған зорлықшыл айғырдың мінезін көрсетеді. Бұндай шала қазақтық шетке еліктегеннен қалыптасқан. Ал ғалым болу үшін білімге, білуге деген сөзді меңгерудегі (сөз бағу 1-сөз) айғырлық қасиет сезімге қоса махаббат пен әділеттілікті, шындықты жетілдірумен ғана адамгершілік, ғалымдық қасиет пайда болады екен. Енді қазақтың сөз даналарының, сөз үйірін күзеткен айғырлығы қандай, қазақи жылқы мінезімізбен сөзімізді сыртқы жаудан қоритын айғырлығымыз қалды ма екен, соған қысқаша тоқтала кетейік. Ол үшінде; «біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезіп, көзбен көріп, ақылмен ғана анықтаймыз». «-Ей, Аристодим! Қалайша сен бір өзіңнен, яғни адамнан басқада ақыл жоқ деп ойлайсың?-деді. –Адамның денесі өзінің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас емес пе? Денеңде болған дымдар жердегі сулардың бір тамшысындай емес пе? Жә, сен ақылға қайдан ие болдың? (жеріңмен, суыңнан келмесе) Әрине қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де, сонан соң ие болдың. Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, (бастапқы жанмен келген қысқа ақыл) келісті көркемдігіне һәм қандай жарастықты ақылмен жаратылып, оның ешбір бұзылмайтынын көресің. (Білімді меңгердің) Бұлардың бәріне ғажайып қаласың һәм ақылың жетпейді, осылардың бәрі де кез келгендіктен бір нәрседен жаратылған ба, яки бұлардың иесі өлшеусіз ұлы ақыл ма? Егер ақылмен болмаса, бұлайша бұл есебіне, өлшеуіне ой жетпейтұғын дүние әрбір керекке бола жаратылып һәм бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын мықты көркем законге қаратылып жаратылды,-дейді.» (27-сөз) Әрбір жаратылыс жан иесі сол жаратушыдан келген жанмен бірге ақыл жарығын көретін бір күнін, жарығын қоса сыйға алып келеді. Ал енді хайуан сол бастапқы ақылымен өзіне берген ризығын тауып тіршілік етсе, адам баласына көріп, сезіп, естіп білу арқылы 3-күніне қосылып, төртеуін түгелдеп төбеден келетін таза (5-ші қуат) ақылға жалғануды бұйырылған да жүректен бейнесін табады, көңілге сөзбен өз өрнегін салады. Сондықтан ақылдың қозғаушы қуатық саны алты. «Алтау араз болса ауыздағы кетеді.» деген аталарымыздың даналығы ақымақ болсаң несібе ақылың да сөзіңде аз болар деген мағынаны білдіреді. «Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, осы күнін-үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ.» Дінің тұрақты қағидасы осы ұғымнан пайда болады. Адам баласының дін-жанының хайуаннан ерекшелігі сол болжампаздықпен, көріпкелдік сезімдік ақылды жетілдірумен айналысуы шарт. Олай болса артқы күніңе ақылға жалғану үшін өткен тарихыңды, ұлтық шежірені меңгеру шарт. Бүгінгі күнің алған білім, ғылымың жер бетіндегі көрінген, айқын болған нәрселердің сырын (зайырын) ұғынуыңнан пайда болады. Ал болашақты болжап жоспар құру үшін жаратушы ақылын, киелі кітаптарды зерделеп тылсыммен сырласу қабілетін меңгеруің керек. Енді осы Абай атамыздың көрсеткен дүние танымдық ойымен қазіргі біздерге ұсынып отырған діншілер мен ойшыл-философтардың ұсынып отырған дін танымы құлдықа яғни біреулердің айтқанымен жүріп айдағанына көнетін хайуандық бастауға апарып тірейтін дін. Философ ойшылдарымыз бен ел басқарған саясатшыларымыз; бүгінің европа, америкалық ал болашағың ойыңа не келсе соны істейтін еркіндіке жету, өткенің ескірген, заманға сай келмейді дейді. Ал дін ойшылдары ғалымдары өткенді тек араптан алсаң онда да діннің өркендеу тарихын мүлде алып тастап, тек ортасынан шариғат діңгегі ханафи масхабынан таратады. Сондықтан бүгінің көптеген сұрау белгілермен толтырылған; қысқа көрпесін я басына яки аяғын жабуға жеткізе алмаған қыстың күнгі кедейдің көрген күніндей, ал болашығың тек өлім, ар жағы ертегі, ғажайып әлемге топ ете түсесің мәңгілік өмір деп түсіндіреді де, адам баласын тек өлімге қарсы тұрып тіршілік үшін ізгіліктермен күресуге емес, қиялдың жетегіне 5-сезімге нанған өлуге деген ғана құштарлығын артырады. Адамдық, жерлік, елдік ата-аналық борыштар маңызды емес, ең маңыздысы тоңқаңдап жерге көбірек маңдай тигізіп, діни жоралғы ырымдарын (атрибут) орындап, түк істемей дұға жасап сұрампаз болсаң болды дұрыс өліммен, ертегіге бергесіз жанаттық өмірмен қамтамассыз етілесің. Жастарға жалығу мен асығу жарнатылыстан тән болғандықтан, енді жастарымыз тек тезірек өлуге асығып, болмаса ұнамаған біреуді өлтіруге құштарлық талаптылықтарын дін ғалымдарының бірінен-бірі тәпсірлеген көшірме кітаптарының көмегімен жылдан-жылға дін азғындығын, надандық амалдарын ғана жетілдіруде. Өйткені болашақты болжауға, жаратушыдан үздіксіз түсіріліп тұратын кітаптар мен аян-үкімдерді, тылсымға құлақ түріп үндерді (бата) тыңдап, амалдарды жетілдіріп, күнәлардан заман талабына сай қалай тазаруды үйренуге, соған байланысты емшілік істерді үйреніп жетілдіруге болмайды. Ханафи масхабына іс әрекеттерің сәйкес келмесе жын-шайтанға айналасың, ата-баба аманатын да, қариялардыңда ақылын алуға болмайды адасып кетесің «серік, шерік, ширік, харам» деген жалған өздері мағынасын киелі кітаптан толық меңгере алмаған атаулармен қорқытып, үркіту қазақтың қазіргі таңдағы дін-жанының амандығы. Бұған басты себепшілер несібесін жаратқаннан артығымен берген, арғы жағын қойғанда Абай, Шәкәрімдей даналарының ақылын меңгере алмаған ел басқарушы, сөз қорушы философ ағайындарымыздың дін-жанының, білімдерінің жетілмей, ақылдарының тоқтамағандығының, естерінің қалыптаспағанының бірден-бір көрнісі. Сондықтан жоғарғы лауазым тақтарын қорғау үшін және өздерінің дінді түсінбейтін надандықтарын жасыру үшін, «Қотыр атқа соқыр ат үйір болатындай» ел басқару орындарына тек өздеріне лайықты «Жапарқұл мырзаларды» мақұлдатып, Абай атамызды дінші емес яғни дін адамы емес деп түсіндіруге шешім қабылдапты. Кітаптан ғана оқып сонымен ғана иман келтірген, болмаса арапша сауатанса болсы «Фиқһ» деген жалпы іргелі ғылымдардың қай саласына жататыны белгісіз, негізінен дін философиясына жататын сөздерді түсіну, астарлы сырларын аңғару болып осы мәселемен айналысатындарды «фиқһ» ғылымы деп атайды да, ал қазіргі таңдағы кітапты жаттап алған дінші немесе толып жатқан атаққұмар пәнші, тәпсіршілер негізінен философия, психология ғалымдардың саласына кіріп, қазақша шешендік, билік, сәуегейлік, абыздық, сұлтандық қабілеттеріне қарай белгіленетінін білмеу үшін арапта қалай аталса солай пайдаланғандықтан оны жалпы халық бұл діннің ерекше қол жетпес бигі қазақта болмаған қасиет егесі деп түсінеді. «Шүбәсіз, фиқһ ілімінің мақсаты-амалдың кәміл болуын, яғни «Алаһ??» алдында қабыл болатындай орындалуын қамтамасыз ету… бір адамды діннің рухани ақиқаттарының ең жоғары дәрежесіне көтеру болғаны тәрізді оның барлық амал мен іс-әрекетерін де кемелдікке жеткізу болып табылады.» (Тасаввуф-89 бет) Олай болса «Фиқһ» ғылымы ақыл-ой даму заңдылығын қалыптастыратын, жаратылысқа және тіршілік заңдылықтарына философиялық көзқарастардың, дұрыс пайымдаулармен және сол көзқарастарға сай өмір сүру амалдарын көрсетіп сол заманның, елдің, мемлекеттердің дін ұстанымын қалыптастыру керек. Демек «фиқһ» құдай емес бірақта құдайдан былай емес деген ұғым пайда болады. Енді жалпыға бірдей, ұлттық, таптық, жыныстық жас ерекшелікпен, жан күйлік, жан сырлық мезгілдік ғылым-білім өзгерістеріне күнәнің дәрежеленуі мен түрлі сынақтардың пайда болуын 10-14 ғасыр бұрын жазылған құран насихаты қамтамасыз етеді деп дінде шектеулі пәтуамен, шариғи іс әрекетермен ғана тарихатқа, мағрипаттқа, ақиқатқа жетіп жаратушыға қосыласың деп түсіндіру таза надандық қана. Осындай «кинизмдік» ойшылдықпен, ғасырлар бойы халықтардың діни тәжірибелерін, сынақтардан өтіп қалыптасқан амал-әрекеттерін, дін өркениетін қалыптастырған ақпараттарды санадан шығарып, діннің ортасына қайта оралу (фундаменталистік) әрекетінен және белгілі бір заманына сай философиялық, дүние танымдық көзқарасы жоқ дін ұстанымымен құлшылық амалдары халықтың надандануы мен арты соғыс, табиғи апатар арқылы сол елдің жер бетінен жоғалуына әкеліп соғатынына тарихи шежірелерден айғақтар жеткілікті. Қазақ діни хал ахуалының яғни қазақ муфтиятының діни саясаты «Дін-Ғалымхалының» бүгінгі жағдайы осы мемлекетіміздің ұстанған «кинизм», «фундаментализм» философиялық көзқарасын нақты көрсетеді. Жоғарғы оқу орындарына арналған философиялық және психология оқулықтары және мемлекет ел басқарушыларының жүргізіп отырған саясаттағы философиялық ұстанымдары біріне-бірі сәйкес келгендігі сонша халықтың рухани байлығын соңғы 1000 жылдық философиялық жетістіктерін мүлде тізімнен шығарып тастаған. Оған дәлел Ясауи бабамыздың дінді жетілдіріп, түркі халқының философиялық өмір мектебін қалыптастырып, ғылымда, мәдениетте әлем алдыда ислам дінінің шынайылығын рухани шексіздігін көрсетіп, дәлелдеп кеткен философиялық өмір мектебінің амалдарымен, дін ұстанымдық негізін мүлде есепке алмай, толық өркениетті қалыптастыруға өрісі тар, мәдени ұстанымдары шығыстық адамгершілік ар-ұяттық қағидаларын қамти алғанымен басқалай адам баласының тіршілік ету барысында өзгерістерге түрленуге және толықтырылып ескіргенін алып тастап, жаңадан ұғымдардың тіршілік ерекшеліктердің, шаруашылық әдістер мен ғылым-білімді меңгеру жолында кездесетін түрлі сынақтар, кедергілерден өту амалдарын мүлде қамти алмайды. Сондықтан дінді ғылым-білім заман өзгерістеріне сай пайда болған әлемдік жалпы адамдық ортақ қағидаларды біріктіру әдістерін бөлшектеп, тек шаруашылықты, еңбекті дамытып, сыртқы еркіндікке тәуелділікті қалыптастыратын ой танымдық саясаттарын алып, ал адамгершілік ар-ұяттық тәрбие қағидаларын исламның ескі дәуірлерде өзіндік өркендеу қабілеті болғанмен, қазіргі заман талабына, ақыл-ойдың жетістігіне сәйкес келмейтін ұстанымдарын және психологиялық амалдарын (намаздарын) жан тану дін амалдарын насихаттауды жөн көреді. Ал жалпы түркі халқын былай қойғанда әлемде жан тану өмір мектебінің мол тәжірибесі қанында тағдырмен жазылған (карма заңы) қазақ халқының сөз ұғымдары мен ақыл-ой даналығын жоғалтып, рухани азғындап, түрлі ағымдарға түсіп, ділдің азуына жағдайды қолдан жасауға діни ғұламалар мен философ, психолог және ақын, жазушы, ел басшыларымыз үлестерін қосуға жан сала кірісіп, енді оның жемісін қазіргі таңда көре бастаған жағдайымыз да бар. Өзге елдің ақыл-ойы түгіл, сол елдің тамағына тәуелді болу да сол елдің сөзіне, рухани жетістіктеріне жалғанумен рухани құлдықты қалыптастыруға бірден-бір себеп болары даусыз. Үндестігімен қоса алған сөз атаулары түгіл, өз жерімізде еңбек етіп өсірмей дайын азықтарын пайдаланудан да сол халықтың дін-жаны мен нәсілін, қылығын қоса қабылдайтынымызды әзірге жан сырын меңгерген ғұламаларға белгісіз.
Кітаптар
- Ақиқат бастауы. 1-кітап. 1-бөлім. 2004 жыл.
- 1. Бабалар салған сара жол «Алла жолы»! Аманаттар айнасы
- 2. Иман ақтың бастауы.
- 3. Кітаптарға иман келтіру.
- 4. Тіл және жан ұя.
- 5. Тіл үндердің көрнісі
- 6. Тіл қабілеті өсу
- 7. Тілдің үш қасиеті
- 8. Тіл еңбегі
- 9. Тіл ішкі жан дүние-ұят
- 10. Тіл бейнелеуші, бояушы- үннің сәулетшісі
- 11. Тіл теңдіктің, еркіндіктің жаршысы
- 12. Тіл айнасы-Діл
- 13. Сөз түзелмей ел түзелмес
- 14. Сөз тазалығы халықтар бірлігі дінің жемісі
- 15. Сөз тегі-таңбада
- 16. Сөздің өлшемі
- 17. Сөз сарасы немесе үш талап
- 18. Мықты сөз- таңба тегі
- 19. Сөз сыры, сөйлем дәмі
- 20. Әліптің артын бағу
- 21. Ой қолқабыс- құл, сөз анасы-ақ. Сөз сағасы-құлақ.
- 22. Сәжде- сөз патшасы. Сәлем сөздің атасы!
- 23. Иман-ес-қуаты және ақыл қуаты
- 24. ҚҰРАН ҮГІТТЕРІНІҢ ОҚЫЛУ ЖҮЙЕСІ
- 25. Сандар әлеміне саяхат
- 26. Сандыбад сарайы
- 27. Таңбалар һандисаты
- 28. ҚҰРАН –жаратылыс тану ілімі
- 29. Кеңістік - өлшем-мизан
- 30. ЖЕТІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЖЕР
- 31. Жаратылыс негізі-түр, рең, бояу
- 32. Жаратушы- баураушы, жаратқан- түрлендіруші
- 33. Бірліктер қағидасы және бүтіндікпен бөлшектер
- 34. Тәңір- біртұтас періштелер
- 35. Тәңір негізі бірліктегі бес қуат
- 36. Киелі рұх және қанаты періште. Кісі және құран.
- 37. Рұхтың иелігі және Жан ғылымының негіздері.
- 38. Адам ата, Хау ана, жер ана, су ана.
- 39. Жаратқан Құдай жар бол!
- 40. ДІН-сыры. Түгел сөздің түбі бір. Құран-хақ.
- 41. Ортақ- Дін, Рұх, Құдай! Рұхтың иелігі.
- 42. Дін сыры.
- 43. Шерік, серік, ортақ ұғымдары.
- 44. Рұқ және құдай патшалығы.
- 45. Елшілік немесе жынды меңгеру.
- 46. Ақыл ес және дін мен діл.
- Ақиқат бастауы. 1-кітап. 2-бөлім. 2004 жыл.
- 1. АЛҒЫ СӨЗ.
- 2. ТІЛ МЕН ЕРІН. ТІЛ БЕЛГІСІ - СӨЗ.
- 3. ЕСЕП – БОЛЖАМ КІЛТІ. ҚҰРАН ҮГІТТЕРІНІҢ ОҚЫЛУ ЖҮЙЕСІ.
- 4. ОЙ, белгісі ҚҰЛАҚ.
- 5. ҚҰРАН –жаратылыс тану ілімі. КЕҢІСТІК - ӨЛШЕМ. ЖЕТІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЖЕР.
- 6. САНДАР ӘЛЕМІ.
- 7. ЫҚЛЫМ - КЛИМАТ. Жер ортасы - Көктөбе.
- 8. БЕЛГІ – ҒЫЛЫМ ДЕРЕГІ АЛЛАНЫҢ ІЗІ.
- 9. Адам – Зат.
- 10. Ібіліс сарбаздары немесе шайтан.
- 11. Тәндік түрлену – рең. Тұлғалық түрлену.
- 12. Жын – періште және Кісі. Жын – мал және бала.
- 13. Алла тағала мөрі мал – жан. Жан бағбан, тән бақша.
- 14. ЖАН САУЛЫҚ, ЗОР БАЙЛЫҚ. Өлім белгісі –ұйқы, тұрағы – жан.
- 15. Түс – ахирет терезесі.
- 16. Ахирет қақпасы белгісі – Ажал. Өмір тозақтан бастау алады. Өмір тозақтан бастау алады.
- 17. Адам сезімдерінің, қылықтардың жәндікке айналуы. Адам мал-жаны жан-жануарлар әлемінде тазартылады түрленеді.
- 18. Тән қорушысы түккене.
- 19. Алақан – Алланың ізі. Алланың жібі – он саусақ.
- 20. Жан көлігі – пырақ. Ғайып көлігі – аян.
- 21. ЖАННЫҢ ЕСЕП БЕРУІ.
- 22. Ай – өмірдің бұлағы. Ай - жан несібесі. Жанның сыры - Ар.
- 23. Әлем тағдыры жеті жол.
- 24. Ғайса пайғамбар аманаты. Ғайса пайғамбар жерге түсті. Сыр ашу.
- 25. Рух таразысы сынақ. Ой, ес, ақыл, ар және Рух танымы.
- 26. Ар сынағы - Ажал. Тәндік дағдарыс. Жандық дағдарыс.
- 27. Бақыт өлшемі - сабыр мен қанағат.
- 28. Пайдаланылған әдебиеттер.
- Ақиқат бастауы. 1-кітап. 3-бөлім. 2004 жыл.
- 1. Сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа !
- 2. Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей.
- 3. Рух еңбегі-ғибадат.
- 4. Шайтанның саудасы.
- 5. Мұңлы шал-мұтылғандармен сұхбаттасу.
- 6. Ата жолының басты парыздары мен бабалар аманаты.
- 7. Оян қазақ! Ата жол келді еліңе, дәстүрмен кірер еліңе бақпен дәулетің!
- Құлшылық құпиясы немесе Құраннан үзік бір сыр. 2-кітап. 2007 жыл.
- 1. Алғы сөз.
- 2. Құлшылық танымы.
- 3. Құл туралы әл қиса.
- 4. Құлшылық құпиясы.
- 5. Құран үгітін меңгеру амалдары.
- 6. Сана қуаты ұжмаққа көтерер баспалдақ.
- 7. Құран ғылымы.
- 8. Дін және жол.
- 9. Гендірлік ауру белгілері.
- 10. Әйелдер туралы әл қиса.
- 11. Мінез тегі қасиет.
- 12. Ой –көлік, әйел-гүл, адамзаттың діл бақшасы.
- 13. Құран - Бәйшешек бақшасы!
- 14. Сөз түзелмей ел түзелмес.
- 15. Надандықтың басты белгісі-қылық, көрнісі жындылық.
- 16. Дін мен ел.
- 17. Мұсылмандық па әлде надандық па?
- 18. Керуенші ата жолының сарбаздарына насихат. (Астарлы ақиқат).
- 19. Қылықтар нәтижесіне рухтың жауабы.
- 20. Қиямет немесе адамзатқа ортақ азаптың белгілері.
- 21. Басылымға андатпа-түйін сөз.
- Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар. 3-кітап. 2011 жыл.
- 1. Бабалар өткен сара жол Ата жолы- «Алла жолы»!
- 2. Дін ниеті және намаздар сипаттары.
- 3. Философия ғылымы- дінінің айнасы.
- 4. Психология-жан сыры рух қызметшісі.
- 5. Дін талабы мен адам мақсұты.
- 6. Философия- сөз тарихының дін талабының шежіресі.
- 7. Әлемге түсірілген кітаптар және құран.
- 8. Құлшылықтар құпиясы мен құран сыры.
- 9. Құран және кітап берілгендер.
- 10. Шариғат- ережесі және жол мен жобалар.
- 11. Рух- дінің бұлағы, иман- дінің жемісі. Ақыл- иман күзетшісі.
- 12. Ислам діні-бастапқы және кітаптарды бірлеуші соңғы дін.
- 13. Қазақтың ескі даналығы мен бүгінгі заман ойшылдығы!
- 14. Діни сауаттылық дегеніміз не?
- 15. Психология-жан сыры дін суаты, ғылым қуаты.
- 16. Адамзаттың мінезімен ақылының көрнісі-зейнеті.
- 17. Үлкендіктің әдебі туралы ғибрат.
- 18. Киім ақыл сауыты жанның сыры-зейнеті.
- 19. Сөз сарасы- Ар мен ақыл сапасы. Таза ойдың қазынасы-даналық негіздері.
- 20. Жан сырын меңгеру-шопандық яғни жанға, сөзге толық қожалық.
- 21. Сөз сарасы ой мен тілдің арасы.
- 22. Мазһабтың талабы және діни жол.
- 23. Ой бағушы есепшілер мен сөз сатушы есекшілер.
- Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар. 4-кітап. 2011 жыл.
- 1. Сенім-жан шуағы-шам.
- 2. Құлшылық негізі-үш талап.
- 3. Ата-заң және жол-жоба діни салт-дәстүр, бәйшешек бақшасы.
- 4. Аллаға құлшылықтың намаз орындауы туралы ғибрат.
- 5. Жастық-мастық-жындылықтың жалпы ұғымдары.
- 6. Жын-шайтанға айналу немесе шайтанның жамағаттары.
- 7. Шеріктер және серік қосу туралы.
- 8. Аллаға құлшылық пен табыну және сиыну.
- 9. Жынды пенделер туралы ғибратты әңгіме.
- 10. Сеніміздің серігі - иманың жартысы-Діл!
- 11. Жын-шайтаның патшалығы мастар елі. Тәңірдің Құдайлық болмысы.
- 12. Діни сауаттылық және діншілердің жындылық көрністері туралы.
- 13. Тәпсір мен қазақ діни танымы. Қазақ елінің діни мазһабтық нанымының ғылымдық көрнісі.
- 14. Діни сауаттылық және Құдайдың құлы болу туралы насихат.
- 15. Құран кітаптардың жинағы-Құдай сөзі.
- 16. Таудағы саудадан ғибратты әңгіме және ата-жолының негізгі қағидасы.
- 17. Тарихат-төртеуді түгелдеу, масһаб- шариғат білімі, бағдар.
- 18. Дін ниеті-пейіл кеңдігі, тарихты меңгеруден басталады.
Басқы бет › Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар. 3-кітап. 2011 жыл. › Дін талабы мен адам мақсұты. › Дін талабы мен адам мақсұты.