«Немесе дін тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдыр үшін күйзелтуші азап бар» (42-21) Бұл аяттың үгіті бойынша шариғат Алланың парыз қылып бұйырған үкімдерін іске яғни намаз орындауға айналдыруды ескертеді. Біздің мұсылманның 5-парызы масһабтық дін ұстанымызды шариғат ісінің ережесі деп түсінгеніміз дұрыс. Ал, «Бекіген Алланың шешімі» дегеніміз бұрыннан басқа елдерге көрсетілген жол-жобаларды яғни таихат, мағрипат және ақиқаттың шешімдерінің бекігендігін яғни кітаптарының түсірілгендігін, ол кітаптарды оқыған пайғамбар, әулилердің болғанын ескертеді. Олай болса әрбір дәуір, заман өзінің белгілі тарихи оқиғалардың қайталануымен адам қызметінің, шаруашылықтың және табиғат өзгерістерін тудыратыны сөзсіз. Оны енді 1000-жылдық уақытпен қайталануымен 5-реттен қайта қайталанып отырса, ішкі сыры 50, 100, 350 болып ақпаратық тарихи оқиғалардың алмасымы болып отырады. Әлем 6-түрлі үннен, қуаттан тұрып жетінші орын тағдырға айналып, осы алтының алты түрлі әсердің бір бірімен алмасуынан уақыт, қозғалыс, оқиғалар туындап отырады. Алда жеке-жеке талдап отырармыз әзірше осымен тоқталып; «Елу жылда ел жаңа жүз жылда қазан» деп және аталарымыз бұрынғы дәуірлерде жерге қоныстаудың тұрақты қала салудың осындай мерзімге тәуелділігін ескеріп бір жерде бір ру, тайпаның, ұлтың 300-350 жылдан артық отырғызбай орындарын алмастырып отыруының өзінде шариғаттан да жоғары Алланың шешімдерін білген деп ұғынуға болады. Абай атамыз; Аманту (аманат, парыздар кітабы) оқымаған кісі бар ма? Уәктубиһи (наным, сендім, иман келтірдім) дегенмен ісі бар ма? Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер, Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға. Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез-кезімен нәби келді. Қағида шариғаты өзгерсе де, Тағриф (хақиқат түсінігі) алла еш жерде өзгермеді.» Абай атамыз шариғаттың күнде яғни 1000 жылда заман, шаруа өзгерісіне қарай өзгеріске түсіп отыруын ал негізгі Алланның жолы өзгермейтінін адамзатқа ортақ үкім екенін ескертеді. Аманат парыздарды «Аманту» деп атап, әрбір халыққа берілген, көрсетілген ереже ұстанымдарды ескертеді. Сонымен нәби яғни елші, пайғамбар келмеген ел болмайды және оның да қағидаларының өзгеруі 1000 жылда яғни бір күнді құрап отырады екен. Ал «Бес күн жалған!» деген аталар аманаты осы шариғат және жол-жобаларды қамтитын нақыл, діннің жалауы деп түсінгеніміз ақылға лайық. Енді кейбір дінді меңгердім деген оқырмандар бұл пікірмен келіспеуі де әбден мүмкін және ақылға да солай болғаны дұрыс. Оған себеп шариғат діншілері яғни масхабшы ғалымдар тек бұрынға құранның түскен уақытындағы сахабалар насихатымен ғана пәтуа шығарып солай иман келтіреді. Бірақ ғылым-білім бір қалыпта тұрып адамзат оны ұзақ уақыт пайдаланса яғни Кеһф сүресіндегі «Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Тоғыз арттырды.» (18-24) деген адам білімінің табиғы ортаның дәуірлік өзгерісін ескерткенін еспке алмайды. 9-саны тәубенің толық қабылдануымен ақпараттық дәуірлік мезгілдің жартысын ескертеді. Ал тәубе сүресінің құпия белгісі 45-санымен белгіленіп Абай атамыздың 45-қара сөзі қазақ халқының тәубе намаздарын орындау сипатын білдіреді. Ғылымда 18-саны яғни құрандағы бұл санды сүре «сорос» қайталану деп аталады. Енді аяттағы 24-саны құрандағы көрсетілген пайғамбарлар саны мен және парыз етілген нұр сүресін кітапқа айналғанда жоғарыдағы шура сүресін 42-санын және ішкі қуаттық шамасы құпия мәні 300-ді көрсетіп тұр. Ал жоғарыдағы аяттың 21-саны Алланың жолын түсіндіретін бекіген шешімі кітаптың саны 21-ші сүрені ескертеді және бұл құранның ішкі үндік оқылу сыры болып табылады. Барлығы 42+21=63 санымен Мұхаммед пайғамбарымызға оқылған тағдыр кітабының замандық санын көрсетеді. Әрі 63-ші кітап (2016-27=Зәбур) адамзаттың «Жұмасы» тазартушысы «Масіх, Ахмет» болып есептеледі. Пайғамбарымыз бүкіл құранға дейінгі шариғат кітаптарының басын қосып, сонымен бірге әлемге келген адамзатқа ортақ қағида кітабтарының жинағы құранды алып, жалпы келген діндердің бәрі ислам болып бірігетінін ескертіп, ортасын (намазбен оқылуын) белгілеп, көптеген өзі меңгерген тарихат, мағрипат, ақиқат құпия сырларын санаулы ғана сахабалар біліп және толық меңгермегендері де бар дінің тура жолын бастап көрсетіп кетті. Енді аятта; «Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Ендеше (Мұхаммед) олар, сенімен бұ іс жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің.» (22-67) Енді ғылым бойынша әлемде 22-түрлі ағаштың негізі болып, барлық ағаш тұқымдас өсімдіктер осы санға тәуелді тамырлас болып табылады. Сондықтан хаждың да ақпаттық өзгерісі 22-түрімен осындай ереженің яғни ғұрыптардың бар екенінен хабар береді. Ал 67-саны сол дәуірдегі тура жолдың пайғамбарымызға оқылған негізгі қағидасының кітабы болып әлемдік бірлігі 89-шы кітаппен түсіндіріледі. Бұл кітапты ислам дінінің толық ережесі деп атауға болады. «Алла, қиямет күні, араларыңдағы қайшылыққа түскен нәрселер жайында үкім береді» (22-69) Бүкіл қайшылықтарға үкім кітабы 69-шы санмен белгіленіп пайғамбарымыздың да 69-шы сан қауіпті сан деп ескерткен өсиеті бар. Құранда 69-шы сүре; «Болуы анық қиямет..» (Хаққа-1) деп ескертумен Ғиса пайғамбарымыздың мүғжизалы істерімен өлімнен кейінгі тірілу және Алла жолындағы мал-жаныңмен соғысудың басты белгісі, кедергілерден, сынақтардан өту мен рухтан толық хабар алып, ақталу кітабы болып табылады. Осы кітапты толығымен әлем діндерін 4-кітаптың бар амалын бір ислам туының астына біріктіруді пайғамбарымыздың көрсетіп кеткен, қабырғасын қалаған тура жолының шатырын, төбесін жапқан Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыз болып табылады. Ал Ясауи бабамызға түсірілген толықтырылған 69+1, 70-ші кітап Құранның 10-білімін, жеті үнімен дәрежелену белгісін мөрін қайта өрнектеп пайғамбарымыздың миғраж мұғжизасын қайталап, «Жаннан безіп жан ананы көріп, астанаға басты қойып» жоғары дәрежелі Алланың достарының кітабына қосылуын көрсетеді. Бірақ бұл кітаптың ақпарттары құпия болып, аян арқалы бабамыздың шәкіртеріне және қазақ еліндегі жүздеген әулиелердің шығуына осы кітаптан тылсым арқылы үлес алып, пайғамбарымыздың шапағатына бөленгендер болып есептеледі. Енді жалпы діннің ірге тасы шариғат болып оның ұлттық шаруашылық амалдарының әр түрлі, сан қилы әдет ғұрыптарына байланысты ережесі болып осы ережеден барлық дінінің ұстанымы анықталу керек. Сондықтан шариғат ұлтық тәрбиені яғни әдетті істерді, ғұрыпты қалыптастырып, барлық шаруашылық тіршілік, діни рәсімдік істерді қамтитын тұтас әдет-ғұрып болып, оны құранда намаз орындау деп атайды. Дінде бұл амалдардың таза діни рәсімдік намаз орындау қағидаларын тарихат деп атайды. Ал тарихаттың жалпы көрнісі жазушылардың, ақындардың, ғалымдардың тарихтың терең қойнауына үңілген істері осы діннің тарихатының хақиқатының шынға айналуы болып табылады. Енді сөз құпияларын меңгерумен, философиялық білімді дамытумен және жан сырының, психологияның түрлі құпияларын меңгерумен ел істерін, рухани, мәдениет, ғылым-білімінің өркениетін қалыптастыру барысындағы салттық, ел басқару, түрлі билік т.б істердің көрнісін мағрипат білімі болса, ал діни рәсімдік көрнісін де мағрипат деп атап, намаз орындау көрністері түрлі емшілік істері мен абыздық, сәуегейлік т.б амалдар жатады. Ал күнделікті дүние тіршілігінде тарихатты яғни намаз орындауын меңгергендер жазушы, ақын, сазгер және елдің түрлі саладағы әдебиет, тарих, саясат т.б саласындағыларды атауға болады. Әрбір нәрсенің жұбы, пары болатын болса әзірше діни рәсімдік жағымен дәрежеленгендер ілімділер болып, ал білімді меңгерумен жеткендер ғалымдар болып есептеледі. Енді Алла Тағаладан ерекше дарынмен туылып өмір сүру барысында білімді немесе ілімді деп аталған жоғарыдағы мағрипаттықтардың мыңның бірінің ғана үлесі болып табылатын ақиқаттан тура хабар алатын арнаулы ғылым түскендер, ерекше мұғжизаларды меңгергендер ақиқаттан үлес кітап алғандар болып табылады.Ондай мұғжиза қазақ елінде ілім жағынан иманы жолдас болсын! Ақ ұлдың жүрек ашу мұғжизасын айтуға болса ал ғылым жағынан немесе шаруашылық істерінен ел басының тылсым үніне, көрсетілген нұсқауларға құлақ түріп, Астананы тұрғызуы және көпшілік саясатшы ғалымдардың қарсы болғанына қарамастан көптеген жоспарларды дәлелдеп жаратқанның ақиқатын білдіру болып есептеледі. Бұған көп діншілердің жүректерінде қарсылығы пайда болып, ол қалай намаз оқымай немесе өздері сияқты сәлде орап, таспих ұстап, зікір салып сопы аталмай ақиқатқа жетеді деп наразылық білдіруі қазіргі таңдағы дін дегенді тек намаз оқу деп түсінетін, дін яғни өмір мен өлім мектебі мемлекеттен бөлек өлмейтін шайтандар елін тұрғызамыз деген діни жалпы надандықтың заманында сөзсіз. Бұған болашақта арнаулы жан сырынан бабаларымыздың меңгерген психология ғылымынан және құран құпияларынан хабардар етеміз. Енді 69 санының ішкі сырынын екілік дәрежемен қайта белгілесек; 15; 6 сандары жиыны шығады. 15 саны жүректі толық тазарту мен нәпсіні жеңіп шайтанның басын шауып, жүрек көзінің толық ашылып, иманның зейнетеліп, тақуалықтың және шабытың жоғары сатысына көтерілуі болып есептеледі. Бұл сан туралы «Сабыр түбі сары алтын» атты басылымда Мәшһүр Жүсір атамыздың Ғиса пайғамбармен шайтан арасындағы саудаласқан қисадан баядағанмын. Бұл белгілерден қазақ аталарымыздың діннің яғни тура жолдың бар намаздық амалдарын қарапайым дүние тіршілігіне, салтымызға айналдыра білгендігінен нақты дерек. Енді біздің салт-дәстүріміз осы мағрипат амалдарының айнасы болып шығады. Ал ақиқатымыз, ғылымымыз әулиелермен бірге жерленіп, енді пайда бола бастағанының өсіп өнуге мұршасын бермей Абай атамыздың, «Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтінтұғының, рас сөзі аз болатұғының, қызметке таласқыш болтұғының, өздерінің жалқау болатұғының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз надан келеді; әрбір ақылсыз надан арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.» деп біздің өтпелі кезеңде тозған білімді өлшеусіз жинап, мал тапқыш, кісі аңдығыш, өнерсіз жапарқұл жарамсақтардың қазаның құлағын ұстап алып, екіншіден тек арап тілін білген ілімнің білімге айналған кітабын жатап алған және өздеріне ұқсаған кітапты талғамай оқыған жалған ғалым ой тапқыштардың, заң тапқыштардың дәрежелі орындарынан айрылу қаупінен, қызметке таласқыш әдетімізбен, ғылым ізденбейтін жалқаулығымыздан, қазіргі таңдағы жан ашымастық, бір-қазақ бір қазақты атып тастау қалыпты, ойдан шығарған сауатсыз негізсіз заңмен құдай үкімдерінің атын жамылыған ата заңымызбен сотап жіберу құдайдан қорықпай әлем алдында бедел жинайтын мақтанышымызға қалыпты жағдайымызға айналды. Демек Абай атамыздың әулилігі мен ескеруі яғни аталарымыздың тура жолдың кітаптарын меңгергендігі дәлелденіп жатыр.
Жолдар мен жобалар.
Қазақ елінің ойшылдық қасиетінің ғалымдығы да европа кеселіне ұшырап сондықтан атақты ғалымдарымыздың жазған философиялық еңбектері осы келтірген дін шежіресін өркендеу тарихын келтіргенмен өздерін діннен яғни философияның тамырынан бөлекпіз дегенен, өз жазғандарын өздері салыстырып баға бере алмайтын ой кеселіне бүкіл оқыған саясаткер, ел басқарушы азаматтарымыздың түгелге жуық «ой тымауымен» сырқатанған. Сондықтан дін филолсофиясы мен философия білімі өзеннің екі жағында отырып бірінің бірі айқайын түсінбеген бір ауылдың адамдары сияқты. Сол екі араға сөзбен көпір салуға ниетенгендіктен кейбір ойларды жан-жағынан және қайта-қайта түрлі көрністермен суреттеп отыруға тура келеді.Сондықтан енді дінші қауымға да арнап аталар ұғымымен жолдарға қарай із салып өтейік; Жол ұғымы Інжіл кітабында Құдайдан келетін сөздер тізбегін атаған. Құранда; «Үстеріңде жеті жол жараттым» және жеті жер қабатымен және адам баласының ішіндегі жеті желдің санымен барлығы 21 санымен осы жолдардың бірленуін құранда 21-ші сүремен түсіндіреді. Қазақ еліне түскен 21 жұлдыздың белгісімен Айша анамыздың туы осы белгіні береді. Бұл жеті үннің, сөзбен араласып бейнеленуін яғни жеті мөрдің адамзат жан дүниесімен бейнеленуіп құранның кіші бейнеленуін білдіреді. Олай болса жол- Адам атамызға берілген кітаптан басталып соңғы қиямет-қайымға дейін толықтырылып, ауыстырылып, түсіріліп, оқылып отыратын сөздер тізбегінің жолдардың 7-үні 3-түрлі қуаттық шамасы бар. 3-түрлі қуатық шаманы Ясауи бабамыз хикметінде «Дар» немесе дарға асылу деп түсіндіреді. Болашақта қалай сол дарға асылуға яғни құлшылық арқылы жетуге, рух негізіне жалғанып қуатануға болатын нақты намаздық сипаттарын түсіндіре жатармыз, әзірше көктен түсетін періштелік қуат деп ұғынғаныңыз абзал. Енді діннің басы яғни жолы Адам атамыздан басталып, Мұхаммед пайғамбарымыз толық жобасының белгілерін жеке-жеке жобасын белгілеп, көрсетіп, өсиеттеп кеткен болса, оны ішкі мәндерін толықтырып амалдарға айналдыруға әрбір елге тіліне, ұлтық ерекшелігіне байланысты жолдарға ұлттық ерекшелігіне, сөзіне шаруашылық, тіршілік айырмашылығына қарай жалғану қағидасын жобасын түсіргенін елшілер келгенін ескертеді жаратушымыз. Жоба- дегеніміз үнемі заманына ғылым жетістіктері мен шаруашылық істерінің өзгерістерінен сай өзгерістерге, толықтыруларға ұшырап отыратын салтық заңымыз яғни мемлекеттік «конститутциямыз» қазіргі біздің ата-анасынан айырып бөлек елде тәрбиелеген жетім баладай ғана түсінігі бар өмір сүріп жатқан, ата салт-дәстүрінен жұрдай ата заңымыздың, негізгі дін шариғатымыздың, тіршілік қылықтарымыздың шектің сызығы, мәдениетіміздің көрнісі. Оған тек дәстүрлік, әдет-ғұрыптық негіздермен толықтырылса ғана дінімізбен бірігетінін әзірге ел басшылырының ақылына симай жатыр. Ал біздің елдің мүфтиятының ұсынып отырған шариғаты тек қазақтың тарихи елегінен өткен, санамызда зейнетелген істерге және ар-ұят заңдылығымен қамтылған өзіміздің қанымызда бар қалыптасқан білімізді қайтадан ұлтық ерекшеліктерімізге сай келмейтін намаздарды, маңызын жоғалтқан істерді қайта тықпалап, түбі тесіліп тозған мазһаб білімдерін де қайта жаңғыртумен және салттық бағытын араби қылықтармен бейнелеуге ғана тырысып, екі арадағы мың жылдық ұлтымыздың діни білімімен тәжірибесін жадымыздан алып тастауға ғана бағытталған. Енді жол мен шариғаттың яғни мазһабтың айырмашылығы да шектеулі мен шектеусіздігінде. Шариғат-шектеулі көкке бағынышты тәрбиені, ұстанымды қалыптастырса, жол-шектеусіз көлденең кеңістікке бағынышты арада шекара болмай бүкіл әлем халықтарын өз ара біріктіруге ғылымның, сөздің, ойдың дамуын қалыптастырып, соған сай дарындылық қасиеттердің хикметті істердің білініп, көрсетілуімен ерекшеленеді. Сондықтан; Алланың сөзі 7-теңіз (жол) сия болып ағаштың бәрі қалам болып жазса да таусылмайды-деп ескерткен. Ағаш қалам-хаж болып адам тағдырына, жанына ішкі жеті желіне жазылып отырады. Хаж амалдары өз туған жеріңнің бүкіл жаратылыс, киелі жерлерімен бес күніңді жалғап барып, сосын дін қандас елдердің киелі орындарымен 6-мен жалғану арқылы жүзеге асу арқылы көлеңкеңді, серігіңді өсіріп соңы қазығы қажылықпен кестіріп «бөрік» алу яғни 7-мен аяқталу керек. Аталарымыз бұл жан сырын; «Жеті рет өлшеп бір рет кес» деп ескерткен. Ал енді қарапайым философиялық түсініктермен бейнелесек; жалпы дін қағидасы әрбір адам баласының өмірге келгенен бастап енді қияметке дейінгі тіршілігіне берген басты бағдарлама болса және еңбегінің нәтижесіне қарай өзіне тән сыйларды немесе басқалай өмір өзенімен, жолға (жеті теңізге) яғни ақыл-ойдың мұхитына қосылуға қайыққа мініп сапар шегіп, қолына сол сапардың заманына қарай жобасын, бағдар сызбасын беріп, үлкен кеме тоқтайтын бекетті іздеп шықан жолаушы сияқтымыз. Біріміз өзіміз есіп еңбектеніп, шаршап, шалдығып жетсек енді біріміз біреулерге мінгесіп, болмаса ескексіз қайықпен ұйқымыздан ояна алмай жетеміз. Енді сол бекеттен ұзақ алыс жолға шығатын кеме керуеніміз мемлекетіміздің жалпы ақыл-ой білімінің, ғылымының жетістігінен ұлтық ерекшелгімізбен әрленген, тіліміз, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізбен қозғалатын, ана тілімен басқарылатын ақыл-ойдың кемесі болып шығады. Ал ондай ашық теңізге шыққан кеменің мынау араптың болмаса европаның кемесінің ізі сонымен жүріп бағытымызды табамыз десек адасып, кемемізді қиратып өзіміз де шығынға ұшырауымыз, суға жұтылуымызда әбден мүмкін. Теңізде із қалмайтынын ескеріп, халқымыздың керуенін белгілі бағытта жолдан адастырмай, қиындық сынақтардан, кедергілерден айналып, тау тастарға соқтырмай, негізгі бағытынан жаңылдырмай аман есен өткізуге жаратқаннан несібесін артығымен беріп сынға түскен ел басшысы мен, уәзірлері, ғалымдары болып есептеледі. Сол керуен көлігіміздің енді алдын көріп бағдар алып отыратын терезесі (компас, картасы) шариғатымызбен, ата заңымыз болып қаншалықты дұрыстығына тазалық дәлдігіне байланысты керуеннің де межелі жеріне аралық бекеттерге азық алып отыруға уақытынан кешікпей жетіп отыруына тәуелді. Енді жарықпен, қараңғылықтын бірін –бірі алмастырып отыру заңдылығы болса, сол қараңғылық мезгілі келгенде тоқтап қалып уақытымызды, алатын несібемізді жоғалтпай, халықты қиындыққа, аштыққа т,б келеңсіз жағдайларға ұшыратпай жолды, ізімізді тауып керуен жүрісін тоқтатпау үшін алдын көрсетіп отыратын шамы-ғылым, біліміміз. Аспандағы құс жолының бір шексіз сапарға кетіп бара жатқан жұлдыздар тізбегі сияқты әрбір ел, заманына қарай бірінің артынан бірі тізіліп сол керуенге өз көліктерімен тіркеліп, өзіне сай ізімен жолға сапарға шығып отырады. Бұл адамзатқа берілген негізгі жоспар ортақ дініміз. Сол жолға қосылуға көкке көтерілуге әр елдің өзіне тән дін көлігі болып, сол көліктің көштен, уақытынан қалмай қозғалысқа түсуін қадағалап жүргізіп отыратын ел басқару ісіне бағдар беріп, ел мұқтажын қорғап жоғалтқанын түгендеп, барын бағалап, жол азығын, ақыл-ойын сөзін дамытушы философия мектебіміздің аты бар болғанымен заты мүлде жоқ. Ал әлемде теңдесі жоқ сөз байлығы мен жан сырынан хабар беретін ой байлығымыздың қазынасы жаратқаннан молынан берілген. «Түгел білім қайда екен деп іздеген, Жапа-жалғыз білімнен бақ шықпайды, Өлшеусіздің сыймасын бір сезбеген.» деп Абай атамыз ескерткендей білім ілімнен бөлек деген ұғымнан, өлшеусізді (жол, сөз) іздеуден бас тартқан ғалымдарымыз мисыздық, ойсыздық, қайғысыздық дертіне шалдыққан. Сондықтан қазақта даналық әулилермен бірге өлді! Ал егер байқамай тірілтуге қадам жасасаңыз «араби діни намысты» «мазһабты» бұзып, ойлап тапқан қырық жамау ата заңды бұзушы, дінде «серік қосушы» деп соттап жібереді, болмаса әкім қара, ояздардың Абай атамыз айтқандай бағып жүрген бір-бір иті бар, дереу қолдан заңға айналдырып, соңыздан қосып жібермесін десеңіз ондай аруағын соттаған «антұрғандардан» әзірге абай болыңыз есіңіз толық болса. «Сүйтсе де жамандыққа бір тоймаған, Антұрғандық қылығын еш қоймаған. Баяғы алдау, ескірген кәрі иттікпен Не қылдым не бітірдім деп ойлаған…Күніне жүз қуанып, күліп жүрген Осы адам уайымсыз не еткен пенде?» Негізінен қазақ елінің ғана емес бүкіл түркі әлемінің діннің толық жол-жобасын қалыптастырып қазығын қаққан Ясауи бабамыз. Және әлемдік 11-философиялық мектебін біріктіріп мөрін қалдырып; «Менің хикметерім оқыған адамға құран» деп ескерткен. Ол құранды енді қалай оқу керек?- деген сауал әрбір иманды қазақтың көкейінде тұру сөзсіз. Ясауи бабамыздың хикметерінің сырын құранмен және пайғамбар сүнеттерімен салыстырып қана оқу жеткіліксіз оған адамзатқа, данышпандарға, пайғамбарларға құпия оқылған кітаптарды яғни аяндарды Ясауи бабамызға ғайыптан берген көмес кітаптарды оқып үйрену керек. Яғни құранда ескерткендей жер бетін кезіп, есіктерін іздеп тауып, жаратқанға дұға жасап, зияраттап аян алуыңыз керек. Ал ондай берілген аяндарды түсініп оқу үшін ұлттық адамгершілік ар-ұяттық болмысты табуымыз керек. Олай болса жобамыз ата заңымыз қазаққа тән шариғатымызды яғни әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді меңгеру керек. Оған да да нұрландырушы құран кітабы яғни философиялық, психологиялық тұжырымдар кітабы болу шарт. Ясауи бабамыздың қазіргі таңдағы белгілі болған хикметер жинағы 70-кітапты қамтып, Нұх пайғамбарымызға дейінгі діндердің бәрін жалғап, бүкіл діндердің бірлігін ашып көрсетіп кетсе Абай-Шәкәрім атамыздың еңбектері осы кітаптың ішкі сырын философиялық, психологиялық «ғылымхалын» толық ашып көрсетеді де қазіргі заманымызбен жалғануға мүмкіндік береді. «Біреу үшін үйренсең, Білгеніңнің бәрі- тұл. Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма. Шын сөз қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма…Ақымақ көп, ақылды аз, Деме көптің сөзі пұл…Надандықпен кім айтса, Ондай түпсіз сөзге ерме,..Шын сөз қайсы біле алмай, әр нәрседен құр қалма… Мұны жазған білген құл-Ғұламаһи Дауани. Солай депті ол шыншыл, Сөзін оқы және ойла,..» деп Абай атамыз Ясауи хикметерінен үлгі алып ойды дамытуды және өзі де хикметтен сөз шындығын алып насихатын жазғанын, түсіндіргенін ескертеді. Ал егер осы шығармаларды мағынасына қарай санмен белгілесек Інжіл, Құран, Тәурат, Зәбур қазақша қарапайым түсініктермен Абай-Шәкәрім еңбектері құран аятарының сырларын түсіндіріп сөйлеп шыға келеді. Абай-Шәкәрім танушыларының таба алмай жүрген сырларының өзі аталармыздың заманына сай әлемде теңдесі жоқ заманына сай дінің жоғары сатысын меңгеріп, Құран насихатын ашып көрсете білуінде. Ал енді осы еңбектерге бүкіл қазақтың даналық сөздерін, түсірілген кітаптар нақылдарын електен өткізіп Ясауи бабамыздың хикметерін және Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеттерін бірлеп қоса білсек, әлемнің болашақта үлгі алатын теңдесі жоқ қазақтың ата заңының шежірелік философиялық, психологиялық мектебінің нұрландырушы тура жолдың кітабы шығады. Енді арап елінен оқып келгендер Құран және пайғамбар өсиетерімен, сүнеттерін және олардан кейінгі дінді меңгерген ғұламалардың философиялық тұжырымдарын, пәтуаларын құран түсінігі яғни осы сенің құраның деп ұсынса, онда қазақ әулиелерінің еңбектерімен, ата салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымызбен оған байланысты мақал, нақыл жырламен, өлеңдермен, әр түрлі мысалдармен берілген шығармалар, шежірелік қағидалар, тарихымыз қалай құран емес болып табылады? Араптардың сахабалардың тарихы құран да солардың негізгі аталары құраннан бөліп тастау зұлымдық болып шықпай ма? Ақылы сау адамға өзінің заманына сай киімін шешіп, өзге жұртың жыртық тозған киімімен құдайдың тойына баруға қалай кеңес бересің? Егер иман ақылмен бірге ғана келетін болса;
Жол-тарихат, жоба- күнәдан ақталу.
«(Мұхаммед) саған шынайы түрде Құранды өзіңнен бұрыңғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсірілгенімен үкім қыл. (Берілген уахи, аян түс бойынша) Өзіңе келген шындықтан (Аяннан) айрылып олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба (уахимен нұсқау) қойдық. Егер Алла қаласа еді барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда Алла сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа (уахимен тапсырма алуға) жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48) Жаратушы иеміз істеріңді шариғаттарыңды пайғамбарға берілген, түсірілген нұсқаулармен бекітіп және әрбіреулеріңе яғни тек пайғамбарымызға ғана емес сендерге де солай, шариғаттан бөлек –бөлек жолдарыңды жоба түрінде көрсетемін, сонымен сыналасыңдар деп ескертеді. «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғижа неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы (ескертушісі) бар.» (13-7) Әрбір ұлттың өз ескертушісі жолбасшысы болатынын және жеті жолмен жалғануға мұғжизалар беріліп, хикметтер көрсетіп шариғатын қалыптастырушысы және дін ғылымын жетілдіруші өз ғалым-сопылары уахимен берілетін нұрландырушы кітабы болатынын ескертеді иеміз. Сондықтан Яссауи бабамыз; тарихаттың белгісін шариғаттың базарын аралап барып керегіңді «жобаңды» алып, жолға шығасың» деп ескертеді сәни дәптерде. Енді жоба шариғат істерінің жетілген ұлтық түрі яғни дәстүрі болса онда жолы нешеу? «Оған екі көз жаратпадық па? (8) Әрі бір тіл екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады.» (90-11) Сонда әрбір құлына орындайтын екі жол, бір жоба бір тіл арқылы адам баласының жеке діні философиялық түсінігі, білімі қалыптасу керек. Жол дегеніміз көктегі сөздің «философиялық» қабаттарын айтады. Әрбір елдің ана тілімен байланысты, жұлдыздармен, көктегі жарық құстармен, құс жолымен байланысатын күміс жіптерді ұстап тұратын жердің есіктерін, киелі жерлерді құранмен суарып тұруды намаз орындау деп атайды. Әрбір адам баласы өзіндегі екі «менімен» атман арқылы көктегі жеті жолға «Брахмаға» жалғану арқылы 9 жолмен яғни тәубалық амалдармен тура жолға шығады екенбіз. Ал «ханфи масхабын» шариғаттың орындау негізін тура жол, яғни шексіздік-жол деп түсіндіруші мейлі хазірет, шейх болсын Аллаға серік қосып, аяттарға ортақ қосушылар, залымдар болып саналады. Ислам діні негізгі 4-дінді және 5-ші Ақиқатты біріктіруші діндердің ортасы «Жұма». Тура жолды табу ата-баба тарихына жалғану үшін кейін шегініп, хаж амалдарымен Алла достарынан жол-жобаңды көрсетіп, аянмен жетелейтін піріңді тауып, мұсылмандық бес парыздық шариғатыңды үнемі орындап отырумен ғана оңға сенбіге 6-ға (тәуратты меңгеру), сосын тағы оңға жексенбі 7-ге (інжілді меңгеру), сосын солға бейсенбі 4-ке (забурды жынды меңгеру) қайтып келіп барып «Төртеуді түгелдеп» бесіншіні төбеден алуға күн жұмаға келеді. Тәубаның 9-баспалдағы дегеніміз де осы жол-жобалық қағидаларды қамтиды. Оны қазақ даналары өлеңмен де мысал әңгімелер, тәмсілдермен де жазып айтып, әулие-әмбилеріміз көрсетіп салт-дәстүрімізге айналдырып кеткен. Пір Бекет бабамыздың Шопан ата басына түнеп бағыт-бағдармен бірге пырағын мініп дінді меңгеру жолындағы амалдары осы белгіні растайды. Қазіргі таңда қай қазақ мұсылманының да қанында тарихат, мағрипат білімі зейнетелген, ал оны оқу үшін ұлттық шариғатты жас кезінен тәрбиемен беріліп тек заманға сай ақылды біліммен өсіру алу арқылы тарихат, мағрипат рух дәнінің жеміс беруін қамтамасыз еткенде ғана сана жетіліп ғылымнан түрлі жаңалықтар ашып, ғалым болуға әрбір қазақ жастарының мүмкіндігі толық дін-жанында шежіре- тағдырымен жазылып қойған. Осындай заманның ғылым жетістігіне қарай діннің даму сатысын өз дәрежесінде қабылдамай және жастарға қабылдатпаудан тек шариғаттқа байланып қалудан, рухтың егінін өсірмейтін бес парызбен арап мемлекеттерімен ислам әлемі де қасіретке ұшырады. Абай атамыз; «Басында әке айтпаса ақыл жарлық, Ағайын табылмаса ой саларлық, Қалжыңдасып өткізген қайран дәурен, Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?» Таза дініңді ата аманаты мен өз ағайыныңның арсынан салт-дәстүріңнен жасыңнан іздеп әдет қыл десе; «Таза ақылдан жоқ сұрақ. (Аян, уахи) Пәнші нанды бес сезімге, Дінші адасты жолынан, Сал ақылға, дұрыс не? Дәлелін тап жақсырақ.» Шәкәрім атамыз Алла досынан таза ақылдан сұрамай құр намаз оқыған бес сезімді тазалай бергенен дінші шариғатшылардың адасуын ескертеді. Жаратушымыз дінді жол-жобасын, дәлелін әрбір пендесіне көрсетіп кеңес арқылы яғни «БІЗ» бен ақылды басқарады екен. Біз-деп аспандағы бүкіл көктің мүлкін айтады. Қазақта; «Менде бес бересің, алты аласың бар ма?» деген астарлы сөз бар. Рухты 3-жол-жобасымен жұбымен 6-мен 3-рет (18) аласың. Бесті жұбайыңа қалың мал-47сін төлеп, мал(жын) қылып берсің. Малыңның (еркек ұрығы, нәсіл) қалың болуы киіміңнің толық болып, тәніңнің иістен тазаруына дәмге байланысты. Жалаң бас, жалаң аяқ еркектің малы түгел болмайды. Басында жаулығы, етегінде байлығы жоқ (екі аяқ арасының өрістік тазалығы) шалбар киген әйелдің аяғының арасына жала бітіп жанына торсық байлатпайды. Еркекқұмар әуейі болып кетеді. Адам баласы (кісі) көкте өмір сүреді. Сондықтан ата-ана баланы таңдай алмайды, бала ата-ананы таңдайды. Көктегі сайрандардың, «ұшпақтың» ең жерге жақын келетін киелі орындары қазақ жерінде. Сол жерден пайғамбарларды іздеп табасың, көке жалғанып таза ақыл аласың. Жұлдыздардың ең жақын келетін қарапайым көзбен-ақ, әлем құралмен көре алмайтын жұлдыздарды бақылайтын киелі орындар қазақ жерінде жеткілікті. «Үстеріңдегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құсты (құс жолын) көрмей ме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, (Біз,Рабб) әр нәрсені толық көруші.(19) Сендердің Алладан өзге көмек беретін жасақтарың (құстарың, жұлдыздарың) кім? Кәпірлер алдануда ғана» (67-20) Аспандағы құс ол біздің мылтықпен атып тоқтата алатын құс емес. Барлық нәрсенің өлшемі сандық мәні бар. Алланың құдірет қолы Аруақты іздесеңіз құранды сан мәнімен зерте. Және ол қазақтың нақылында тұр. Әлем іздеген жан ғылымы дегеніміз сол. Онанда сол құстың сәулесі түсетін жерлерді былғап, күміс жіпті үзуге жанталасып жатқан, арсыз қатындармен, кәпір еркектерге тиым салатын зираттаудың жарғысы заңы керек! Ол біздің көктегі мұра асыл қазынамыз екенін мемлекетіміз болып қолға алып, түсіндіргеніміз ақылға, дінімізге лайық болар. Бұл мақаладағы деректер болашақта қазаққа ғана емес әлем алдына шығаратын аруақтың үйретіп жатқан ақылдарының 1000-нан бірі ғана. Білім тау-тастан келеді. Қанша ғалым болғаныңмен таудан бойың аса алмайтынын білгеніміз абзал. «Бізі» түгіл, «менін» білмейтін қазақтың ел басқарушылары төраға сайлап, Құдайдан да ақылдары, білімдері жетілгендігін заңмен көрсетпек болып жатыр. Қазаққа жалаң бас төрге шығаратын аға емес, төбесінде жол көрсетіп, аянмен жетелейтін ағасына жалғануды түсіндіретін жағалы сопы-ғалымдар керек. Дінді таза ақылға (рухқа) сұрақ қойып, жауап ала білетін, құдайдың сүйген құлдарымен, ғалымдар кеңесі арқылы, төраға сайлай ма, қожа сайлай ма және халыққа жариялықпен, сұхбат арқылы басқармаса бәрібір жаратқанның сынағынан құтылу мүмкін емес.Абай: «Қазақтың малын сапырып, Көп бәлеге шатылып, Кесапатқа жолықты өзінен шыққан жақсылар Түзей алмай зорықты. Бөтен елдің адамы Тынбаған соң арамы, Көңілі әбден торықты… Нанымы жоқ анты бар, Ел нұсқасы кетті ғой, Елмін деген салты бар, Әлі күнге уайым Қылған жан жоқ ұялмай.» атымыз ескерткендей құдайдан ұялу, қорқу дегенің сенімің өзіңнің ата-баба аманаты мен ана тіліңді яғни уәдеңді, елдігіңді қалыптастырып сыртың сөзінен, ақылынан тәуелділіктен құтылуға уайым қыл деп ескертеді. Сондықтан әзірше осы арадан тоқталып, болашақта бұл тақырыптарға қайта оралып, қазақ философиясының, жан ғылымының бүкіл әлем құндылықтарын біріктіретін дінді бірлеуші саясатының негізі болатынын алысқа бармай-ақ Абай-Шәкәрім теологиялық танымымен дәлелдеп береміз және оған лайық көрсететін хикметті істеріміз де бар. Қазақтың білімді әкімдері мен ғалымдары, діншілері түсінбесе де европа білімді жұрт бәрібір түсінеді. Бір қазақ бір қазақты мұқатудан басқа жол қалмаған сияқты. Егер қазақ елінің бүкіл діндерді бірлеуші дәстүрін ғалымдардың, діншілердің өзге діндерді пайғамбарларды мазақ қылған кітаптармен, мақаларды аударып, жариялап және құранның ғылымдық, сандық, сызықтық мәндерін бүкіл әлем діндерінің тазасын қорғайтын мақалаларды жариялайтын болсақ әлемге масқара болғанда сосын қайда көшіп, өз елінен қалай, қайда тығылады? Әлем алдында тірнектеп жинаған беделімізден ғалымдарымыздың, ел басшыларының бір мезетте айрылғанынан кімге пайда? Қол сынды аруақты қорлап, жең ішінде жазылар. Басты жардыңдар, әулиерімізді мазақтап, өзгенің айтағына еріп, ұяттың қасиетті бөрігін кисек жарамыз жазылып, ауырғаны да басылар. Онан да тереңге кете бермей ортақ шешімге келейік. Ештен кеш жақсы, әлде де ойланып, аруақтың пәтуасына, әулиелер батасына, аянына жүгінейік.