Ислам дінінің негізгі қағидасы мұсылмандықты меңгеру. Ақылмен иман келтіру. Құранда; «Бәдеуилер: «Иман келтірдік» деді. (Мұхаммед) оларға: «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбасыз Алла, аса жарылқаушы, тым мейрімді» де.» (49-14) Олай болса «Алладан басқа тәңір жоқ Мұхаммед оның елшісі!» деп куәлік беруіміз мұсылмандықтың негізгі шарты болып, қазақ муфтиятының ұсынған «мәсһабтық», бес парыздық- мұсылмандық шартымен иман жүрекке кіріп зейнетелмейді тек мұсылман болып қана аталамыз да аяттың 14-санының мәні де тағы 9-тәубелік амалдарды орындау керек екенін және ішкі мәнінде 59+14=73 санының құпиясын шешу керек. Ал бұл сандардың құпияларын шешу үшін Құранды арапша ерекше бір кітап деп қарамай қарапайым тарихи шежіре деп болған оқиғаларды мән жайын қазақша оймен түсініп оқып көрсеңіз, әлемдегі мұсылман болу тарихы Нұх пайғамбарымыздан яғни «хұндардан» (ғұндардан) басталады және негізгі қағидасын 71- ші сүремен аяттар шегін белгілеп қойған. Енді Нұх пайғамбарымыздың негізгі дін ұстанымы көк тәңіріне құлшылық ету, барлығын көк тәңірі жаратып басқарып тұрады деп түсіну. Олай болса Ислам мұсылмандықты қалыптастыру діні- тәңір діні! Себебі ислам қағидасы Бір аллаға құлшылық-деп аталса онда; «Алладан басқа Тәңір жоқ!» яғни Бір Тәңіріміз-Алланың бізге білдірген құдіретті сипаты. Сондықтан тәңірлік діндер жаратылыс басында да исламдық болып, сондықтан діндердің бәрі исламға бірігіп тәңірлік қуат- Бірге оралуы тиіс. Кейбір дін танытушылардың тәңірлік дінге құлшылық жасаған дұрыс емес және оның құлшылығының кітабы да қағидасы да жоқ деуі мүлде жалған негізсіз. Жалпы ислам дін ғалымдары негізінен дінді таратушы 23-пайғамбар екі елші бар деп есептейді. Енді Құранда негізгі пайғамбарларымыз Нұх, Ыбырайым, Жүсіп, Жүніс, Мұса, Һарұн, Дәуіт, Сүлеймен, Ғиса, Шұғайып, Салих, Ғұзайыр, Әлисақ т.б пайғамбарлардың бәрі мұсылман болып табылса ал, олар әкелген насихаттаған дін сонда мұсылмандық емес деп ойлаудың өзі серік қосудың, дінге қарсылықтың өзі болып шықпай ма? Ал ислам діні мұсылмандар Ыбырайым пайғамбар жолын ұстанушы болып онда Ыбырайым атамыз арилық тайпасынан шығып, көк тәңірінің жолын ұстанушы, бір тәңірге табынушы болған жоқ па? Сол сияқты құранда Ғиса пайғамбарымызды мұсылман деп жаратушымыз аятпен көрсетіп ескертіп кетсе қалай онда християн діні мұсылмандық яғни тәңірлік діннің бір тармағы болып есптелмейді? Абай атамыз: «Жұртың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қайта жібермейтұғынын. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп нанбайды. Және һәмманы жаратқан құдай бар, ақиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылқайды, жазғыруы да, жарылқауы да пендек ісіне ұқсамайды, бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек еспсіз жетістіруі де бар деп-бәріне сендік дейді.» мұсылмандықтың өлімге наныммен, ақирет өмірінің бар екендігіне, құдай сотының әділдігіне сенуді дін деп ескертеді. Олай болса ақирет, өлім туралы наным мен сенімді уағыздайтын діннің бәрі мұсылмандық, тәңірлік дін болып табылады. «Жоқ, онысына мен сенбеймін. Олар сендім десе де, анық сенген кісіге уайым ойлап не керек? Осы екеуіне лайықты жақсылықты өздері де іздеп таба береді. Егер де осы екеуіне (өліммен, ақирет өміріне) бұлдыр сеніп отырса, енді неге сендіре аламыз? Оны қайтіп түзете аламыз? Оларды мұсылман деп, қалайша иманы бар ғой дейміз?» (34-сөз) Бұл сөзбен Абай атамыз осы сөзімен, біздің қазіргі таңдағы діншілерімізбен, үкіметіміздің ұстанған екі жүзді сенім, нанымын көрсеткен. Ақирет бар деп сене отыра, адамның өлімнен кейін аруақ болып, жамандыққа есеп беріп, жақсылықпен ұрпақтарымен бөлісетінін жоққа шығарып және халыққа ақшаны босқа жұмсады деп дүние қайғысын уайымдатып және өлімді ойламауға шақырудан, ондай пенделердің иманын да жоғалтып, мұсылмандықтан да шығатынын түсіндіріп кеткен. « ..еш адамның көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы –олар да бірдей болмайды. Мұндай екі нәрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін емес. Олай болғанша, қай адамның көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ақирет қуанышынан артық болса-мұсылман емес» Міне бұл біздің муфтият діншілеріміздің, үкімет басшыларының халыққа ұсынған дін саясаты. Егер дінің қандай бір амалы дүниеге зиян келтіретін болса, немесе ақирет қайғысын, ақирет қуанышын іздеп ел кезу, зиратаумен айналысатын болса «секта» деген үйғарым шығарып халықты да солай сендіріп қойған. Сондықтан тек мешітке келіп тиын-тебен садақа беріп тек намаз оқып, ораза ұстап дүниенді шашпа алданба-деп, екі қуаныштыда, екі қайғыны да дүниемен, ақиретті қатар ойлауды ұсынып, тек бес парызбен жаннатқа төте жол тартасың деп сендіреді. Яғни мұсылмандық қарыздың хаждың орнына, қаж-ды парыз қылып, оған ақылы толмаған, бойы қалыптаспаған, наным, сенімі екісі-оң мен солы бекіп қалыптаспаған пенделерді алдап апарып, бұл дін ұстаным «мәсһабшылдықтан» мұсылмандықтан шығаруға ғана септігі тиеді екен. Қазақ халқының дін ұстанымында шежіре-тарихымызда жаратылыстан мұсылман болып, ақирет өмірінің қағидасын аруақ заңдылығын толық меңгерген ислам негізінің ірге тасы бабаларымыз сақтардан бастап болған және әлі де негізгі құндылықтар араптан көрі бізде толық сақталған. «Бес таңба» деген болашақта табылатын теріге жазылған кітабымыз да бар. Екінші адам рухы мен жанының тазаруына жетілуіне негізделген ислам дінінің бір ішкі тармағы құдайлық таным. Ол ежелгі тибет халықтарынан, индиялықтардан, кришналықтардан басталып оныңда тұрақты кітабымен әдебі қазақ халқында түрлі бақсылық, емшілік тазарту негіздерімен әдет-ғұрып болып сақталған. Осылай жер бетінде діндердің халықтардың ақыл ой шамасына қарай, қадым, құс ілімі болып түсіріліп, олар жаратылыс нәрселеріне бүкіл ғарыш, табиғат, жан-жануарлар әлеміне кітап болып жазылып, қайта жарық болып түсіп, азық болып өсіп, қуат болып өніп, әлем сол діндермен өсіп, өніп белгілі бір қатаң жүйелі есепке ақылға бағынады. Сондықтан сол діндердің тәңірлік қуаттарды меңгерудің жинағы Тәурат болып, ішкі сырын үнін, жан тазалығын меңгеру Зәбур болып, сөз сырын тылсым үнін толық меңгеріп тәңірлік қуаттарды сіңіріп, рухын басқаруға жету Інжіл болып кейінен осы кітаптардың негізгі ұстанымдарын ірге тасын көрсетіп, барлық жер бетіне түскен діндердің негізгі қағидасының бірлігін көрсеткен, тіршіліктің ақырына, қияметке дейін барлық діндерді адамзат рухына сіңіріп біріктіруге арналған Құран кітабы түсірілді. Араптардың арасына келу себебінің өзі бұрын араптарда тек тәңірлік ұстаныммен яғни тәураттықтардың теріс бағытқа бөлініп кеткен топтары болып, бірақ бір тәңір емес тек сыртқы тәңірлік күштердің, себептердің әсеріне ғана бағыну болды. Құран негізінен Тәуратты қайталайды-деп ескертеді. Ал Тәурат болса от және тау, тастар, өзендер, табиғи күштерді меңгеру арқылы рухани тазару амалдарын ұштастыруға негізделген көк тәңірлік ұстанымдарды біріктірген бір тәңірлік дін қағидасы болып табылады. Оған дәлел Мұса пайғамбарымыздың «Раббым (Ием) нұрыңды көрсет» деп жалбарынғанда көктен тауға найзағайдың түскенін, онан Мұсаның талып қалып, артынан кешірім сұрағанын, жаратушымыз мені көрем деп сұрамаңдар деп ескертуі дәлел болады. Ал Дін мен Діл кітабында мынандай мысал бар; «Менің бір күңім бар еді. Қойларымды Ұхұд пен әл-Жауания таулары жақта жаятын. Бір күні жайып жатқан қойлардың біреуін қасқырдың сүйреп жатқанын байқадым. Адам баласымын ғой, ел секілді мен де ашуланып, қайғырамын. Әлгі күңімді бір қойдым. Сосын пайғамбарымыздың жанына келдім. Ол маған бұл істің үлкен күнә екенін айтты. Мен: «Уа, Алланың елшісі! Күңімен азаттығын берейін бе?»,-дедім. Ол маған: «Күңіңді алып келші.»,-деді. Сөйтіп мен күңімді пайғамбарымызға алып келдім. Пайғамбарымыз оған: «Алла қайда?»,-деп еді, ол: «Аспанда»,-деп жауап берді. Пайғамбарымыз: «Мен кіммін?»,-деді. Ол: «Сен Алланың елшісің» деп жауап берді. Содан кейін пайғамбарымыз маған: «Басына азаттық бер, мұсылман екен», деді» Бұл өсиетпен «Алладан басқа тәңір жоқ Мұхаммед оның елшісі!» деген куәлікті яғни көк тәңірлік ұстанымды пайғамбарымыздың үлгі қылып кеткенін растайды. Енді үкіметіміз бен муфтиятымыздың мойындаған атақты дін ғалымыз; «Міне, осындай қым қиғаш кезеңде қарапайым мұсылмандардың санасына сызат, көңілдеріне күдік түсірмеу үшін философиялық пікірлерге ислами қисын жолмен жауап беру қажеттілігі туындады.»(133-бет) деп бұл хадис туралы пайымдауға сол замандағы, надандық дәуірлердегі пайғамбарымыздың дінді елдің сауатсыздығын ескеріп, қарапайым түсіндіргенін дін ғалымдарымыз қазіргі 21-ғасырлық адам баласының ғарыштық және атомныңның да ішкі нәзік сырларына сүңгіп ойлану, пайымдауларына тықпалауға ой жоруға тырысып баққан екен. «Пайғамбарымыз «Алла қайда?» деуі арқылы оның бір Аллаға сеніп, сенбейтінін анықтағысы келді. Яғни, барлық жаратылысты басқарып әрі барлық істі істеп тұрған жартушының жалғыз Алла екенін, намаз оқығанда кісінің қағбаға бет бұратынын секілді, дұға жасаушының тілегенде қолын аспанға көтеру арқылы мінәжат жасалатын бір Аллаға сеніп, сенбейтіндігін білгісі келді…Немесе пайғамбарымыз оның жердегі пұттарға табынушылардан болып, болмағанын білгісі келді. Ол: «Аспанда» деп жауап бергенін кейін оның пұтқа табынушы емсе, бір Аллаға сенетідігін айқындады.» (141-бет) Қандай ойшылдық!! Бұндай жарым ес пайымдаулар тек құлағы созылып кеткен біздің ел ағалары мен, дін ағаларына ғана лайық. Егер бұндай философиялық ойларды өзге европалық тілдерге аударса қазақ ел басшыларының қандай адамдарға табынып жүргенін білер еді. «Тәпсірші- деген атақ бар, Қарсы айтсаң, молда қақақтар. Анығын тапай айтылған. Тәпсірде талай шатақ бар. Ой-жотамен адасқан.» (Шәкәрәм ата) Бір Алла деп барлық бірліктердің нәтижесін яғни Алланың 99+1 жүзін айтатынын біздің философтарымыз жазып, бірақ түсіндіруді немесе құранды, пайғамбар хадистерін зертемегендіктен осындай ойымыздың тілден ғана емес сөзден де арасы алшақ кетіп, жапай құран аяттарына ортақ қосушы елміз. Алла деп таңбалағанмен түп негізді жаратушымызға әзір ақылымыз жетпейді де оны ғалымдар «черная дыра» яғни барлығын жұтып, жоғалтып жіберетін тұңғиық деп дәлелдейді. Ал Алла деп сол тұңғиық қуат негізінен жаратылыстың бәрін баурап, орап, өсіріп, өндіріп, бақылап тұрған тәңірлік негізгі қуаттың көрнісін айтамыз. Қазақтың дін ұғымында бәрін басқарушы көк тәңір деп онымен арадағы үкімдерін, істерін орындаушы періштелердің барлық аралық сипаттарын аруақ деп атаған. Аруақ— бір періштенің сипаты емес бүкіл қозғалыстың қолқабыстық егелері бүкіл жанды жаратылыс егелерін толық қамтитын ұғым. Енді кейінен киелі кітаптардың түсуімен жалғыз көк тәңірлік ұғымның аясы кеңіп, жер жүзіндегі барлық жанды қозғалыс егесін басқаратын таза ақыл иесі «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген түсінік қалыптасты. Тәңір ұғымына Бір яғни рух- таза ақыл-иман дегенді қосып Бір Тәңірге құлшылық қылу деген ұғым енді. Сол Бір Тәңір ұғымын қарапайымдап Құдай деп аталды. «(Өйткені) Яһудилер: «Ғұзайыр Алланың ұлы» деді. Және Християндарда: «Ғиса Алланың ұлы» деді. Бұл, бұрынғы кәпірлердің сөзіне ұқсатып, ауыздарымен айтқаны. Құдай атқырлар, қайтып алданып отыр» (9-30) Бұл аятпен жаратушымыз Алланың бір сипаты яғни рухы- Құдай дегенді ескертіп отыр. Енді Інжілден: «Құдайдың айтқандарын құр естіп қана қоймай, іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар. Тәңірдің хабарын естігенмен, іске асырмайтын әркім айнаға қарап, былай шыға бере-ақ өз түрін ұмытып қалады.» (Жақыптан; 1-тарау) Аланың хабар беруші қуаты Тәңір, ал адам баласынымен тілдесуші, аян, түспен көрсетуші құдай деп түсіндіреді, құдай сенің түсіңде көретін жүрегіңнің айнасы, түсіңді жоры ұмытпа деп ескертеді бұл аятта. Олай болса «Бір Аллаға құлшылық қылу» дегеніміз бүкіл діндерге ортақ тәңірлік қағида деп түсінгеніміз ақылға да санамызға да сиымды болады. Бір Алла деп үнемі бірге айналған жандылардың қосылып кеңіп, үлкейіп, өсіп барлығын басқарушы ақыл, ғылым сипатын яғни жәннаттық көрнісін айтады. Сондықтан тәңірдің тозақтық қуаттарына емес жаннаттық көркем сипатына құлшылық, қызмет, табынумызды осы бір Аллаға сиыну деп атаймыз. Ал біздің дін ғалымдарымыз, теолог, философтарымыз тек араптарға қарапайымдап үгітелген негізді барлық діннің көрсеткіші етіп насихаттауды әдетке айналдырған. Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Алланы танытуға сөз айырмас… Замана, шаруа, мінез күнде өзгереді, Оларға кез-кезімен нәби келді. Қағида шариғаты өзгерсе де, Тағриф (философиялық түсінік) алла еш жерде өзгермеді.» Тағриф алла деп адамзатқа берілген ортақ көркем түсінік философиялық пайымдаулардың өзгермейтінен шариғатпен бірге сөзді де, ойды да қоса алмауымызды атамыз ескертіп, рас сөзді, өзіңнен яғни сөзіңнен ата-баба аманатынан ізде деп ескерткен. Сондықтан адам баласының дінінің жетілу үшін ішкі күштердің құдайлық қуаттардың да бар екендігін арап халқы бұрынғы ата-бабаларының әдет-қылықтарын қайталау әсерінен жан ғылымын толық мойындамай, философиялық дүние танымы толық жетілмеген тек діннің ортасын ғана ұстап қалған халық болып есептеледі. Оған ең басты себептің өзі аятта; «Мұхаммед олар сенен жан туралы сұрайды; «Ол, Раббымның әмірінен. Сендерге аз мәлімет берілді» де» (17-85) Осы аяттан арап аліне жан ғылымынан түсініктің және ол туралы құран үгіті мен пайғамбарымыздың өсиеттерінде толық мәлімет болмай және; «(Мұхаммед оларға) айт: «Әй Кітап иелері! (Хазірет, шейх, имам, ғалым-сопы, ойшыл, психологтар) Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгендерді (аян, уахи, түс және салт-дәстүр) толық орындағанға дейін дәнеңе емесіңдер! Әрине саған түсірілген Құран (хадис, сүннетер) олардың көбінің азғындығын, қарсылығын артырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) деп ескертуіндегі астарлы сырдың өзі, жан қағидалары туралы кітап берілгендерден үлгі алуды, насихаталуды арап дін ғалымдарына да ескерткендігі ашық дәлел. Пайғамбарымызға түсірілген шариғат істері бес кітап яғни бес парыз және тура жол қағидасы 68-кітап болып, 68+5 парызбен барлығы 73-кітап тура жолдың қағидасын қосымша беріліп оны араптардың көбі мойындап қабыл алмайтынын ескертеді. Ал қазақ елі бастан кітап берілгендер (тәурат, Забур, Інжіл) яғни 72-кітапты жынды меңгеруші бақсылар елі болып кейінен тек бес парыздық намаз оқудың бір кітабын араптардан алған және жанның тәңірлік қуат болып бәрін қозғаушы күш екеніне бұрыннан ақылмен иман келтірген елдердің негізі болып табыламыз. Ислам дінінің негізгі ірге тасы тән, жан және рух туралы мәліметтердің және тән ғылымының мед-тинаның жоғары дәрежеде дамыған емшілік істерін, түрлі ауру сынақтардан сақтану шараларын, ырымдарын толық меңгерген елдер қатарында болғандығымызға айқын белгілер әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді және ұмыт қалған шежірелік салтарымызды зертей білсеңіз толық мағлұмат алуға болады. Енді оған нақты бір мысалдардың бірі қазақтың ескі жырлары мен дастандары, аңыз, мысал әңгімелер мен емшілік, бақсылық, жұлдыз жорамалдық ауа райын бақылап соған сай амалдардың болуы мен табиғатқа, жан-жануарлар әлеміне қатысты істер, ырымдар айқын дәлел болады. Өтеубойдақ атамыздың 15-ші ғасырларда жазылған «Шипагерлік баянында» бұрынғы дін ұстанымыздың кітабынан мағлұмат беріліп кетіпті.; «Дүние бір қисық жол бұраңдаған, Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған. Басыңа таудай ауыр қайғы түссе, Несібі жазып қойған бір Алладан» деп аталарымыз ой қортындылаған. Сонымен бірге дәурендеуіш кезде де (жақсы замандар кезінде, алтын ғасыр) етектеуіш (ереже, жоба) салттық борыштар ибағаты (шариғаты) сақталған. Бұған ол 91-ді жеуден тиым, 85-ті теуден (терістеуден, жоққа шығарудан) тиым, 41-ге жұғыспау (бүлдірмеу, сақтау, қадірлеу) 7-ге тиіспеу, 12-ден айрылмау құтты түйін ел санаты (қадірлейтін дәстүр кітабы), күнби салтнамасы (Қазақ қаһаннан, алты алаштан бастап, Нұх пайғамбар заманынан) еді. Ислам діні өзінің Алла жаратқан қасиатымен (құранан өсиет, үгітімен) тыймдарымен (шариғатымен) 91-ді жеулен тиым, 85-ті теуден тиым хараммен һалалды айқындап, шектеп, тектеумен ескіріп, ауызға алынбайтын көнергіге айналыпты, тіпті ұмыт болыпты. Өзімде есіме түсіріп мандыта алмадым.» деп өкінішін білдіріп 7-ге тиіспеу, 41-ге жұғыспау, 12-ден айрылмау туралы толық болмаса да мағлұмат беріп кетіпті. Енді құранның сандық мәнімен келсек бұл жан, рух, тән бірлестігінің кітабы болып шығады. 85-санымен рух қағидасының куәлікте тұрудың «Бүруж» бұрынғы ұлы негізгі құранды сипаттайды. Ал 41 -санды «Фұссилат» сүресі адамзатқа берілетін ашық дәлелдерді растап қазақтың «Ғайып ерен қырық шілтен» атты ұстанымын растайды. 91-санымен тақуалық қабілетерді меңгеру және тән тазалығы туралы қағидаларды «Шәміс» 19-«Мәриям» сүрелері растайды. 12-санды «Юсуп» сүресі адам атадан бастап келе жатқан діннің негізгі қағидасы болып табылады. 7-санымен тылсымның жандар қағидасы «Аруақ» заңдылығын «Ағраф» сүресі растайды. Ал енді осы сүрелердің тылсымнан 58, 14, 21 болып оқылатынын және осыдан құрандағы көптеген сүрелердің аят есептерінің бір-біріне қатысты үгіттерінің пайда болатынын ескерсек онда құран бастан бар ол қазақ елінде болған. Құран негізінен «НАС» сүресімен нәтижеленеді. Ал нас-сан атаулары Бабыр Алым Бақанас ата, Анас (сан) сахаба, Сансыз баба, Сандыбат сарайы, Михсан ата, Ыбырайым ата, Дәуіт ата, Шұғайып ата, Құт баба, Салих ата т.б және құранның діңгегі «Бақ» пен «Ара» сақ дәуірінен келе жатқан түркілік төл сөздеріміз болып табылады. Кейіннен араптардан құран оқылуымен берге келген бес парыздық амалдар орындау жағынан жеңіл әрі тұрмыста ыңғайлы болғаннан кейін көп кітаптар әулие-әмби, би-абыз, хандарымызбен бірге көміліп ұмтылып отырған. Бірақ қазақта; «Өзі өлсе де әкеңнің көзі өлмесін» деген мақалдың бір сыры осы рух пен жанның «көзінің», ойдың бейнеленіп өлмейтінін онымен бірге таза ақылда қайта көрінетінін білдіреді. Осы негізгі ақпарттардың ғұламаларымызбен бірге жазылған кітаптардың құпияланып оны кез келген адам білмегендіктен тек көшірмесі Мұхаммед пайғамбарымызға Укаша сахабаның апарып оқытуымен араптардың шариғаты солай қарапайымдалып қалыптасқанын біле білмейміз. Енді оған бір дәлел Әл-Бұхари атамыздың пайғамбар өсиетерімен, құран аятарын бір деп алып оған осы 91+1 қосып 92-санды хадистер жинағын қалдыруы нақты дәлел бола алады. Бұл кітап негізінен тән мен жан бірлестігін, сүннетелуі қалыптастыруды баяндайды. Діннің тазалығы шежірені меңгерумен ақиқатын таза сақтаумен өлшенеді. Ал енді бүкіл ислам танушы ғалымдарымыз қазақ жерінен барып Мұхаммед пайғамбарымыздың қасында болып батасын тікелей алып келген көптеген сахабаларымызды былай қойғанда ислам тарихынан нақты орын алып, басы пайғамбарымыздың аяқ жағына жерленген атамызды ислам тарту тарихынан шығарғанымен бірге Арыстан бабамыздың да ең сауатты сахабаның бірі болып 33-дінді біріктірген және 450 жыл ел кезіп, сапар шегіп михнат көріп, ислам дінінің тазасын таратып және сол бұзылмаған қалпымен пайғамбарымыздың аманатын жеткізген тура жолдың жалғануын тарихтан сызып, исламдық намаз оқуды, құранды, дінді басынан емес беріден тарқатып дін тарихына ашықтан қарсы болып, өздері серік қосып аяттарға ортақ қосады. Сонда қалай пайғамбарымыздың тура жолды Укаша сахаба елі жалғастырады деген батасын қалай өтірікке ұйғарып мұсыманмын деп куәлік береді дінші қауым? Ал қазіргі таңдағы мүфтияттың ұсынып отырған бес парызы дегендері негізінен төрт парыз. Абай атамыз арап халқымен дін ұстанымен келеген шариғаттағы үлкен қателікті; «Ел жайын біліп, қансаңыз, Айтайын құлақ салсаңыз: Кейбіреуі дүрсіп жүр, Жер тәңірісін кер маңғаз. Кейбіреуі-зәкүншік, Оңдырмассып, берсе арыз. Кейбіреуі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз. Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қашан ол қарыз?» Негізгі ислам бес парызының бір парызын жоғалтып орнына қажды парыз қылу осы біздің сауатты деген елдің несібесінен күн көріп елдің мұқтажын, дінін тазартуға аманатталған дін және философия абыздарымыздың тек сыртында ғана абыздық іштерінде не бар екенін өзіңіз байқап көріңіз оқушым. Жазған кітаптарынан, шығармашылықтарынан, ел алдында айтқан абыздық ойларынан барлық іштегі дүниелері көрінетін есте ұстасаңыз болды. Бұрынғы замандарда дінмен, ел мәдениетін қадағалайтын абыз, билеріміз өздері таңдап ханды да философиялық (ойшылдық) сынақтарынан өткізіп, сенім артатын болса ал қазіргі сауатты деген заманда шет елден дәреже беріп, сайланып келетін болды немесе халыққа көпшілікпен яғни біздермен, шаруалармен салыстырып өздерін ғалым, сопы, хазірет, дінші атап абыз, пір, философ, психолг атанып қазанның айналасынан ең болмағанда қақпағын күзететін орын алса болды елдің рухани қойын бағатын «Шопан» аталатын болды.
Ислам дінінің таңбасы туралы ғибратты әңгіме. Әрбір жаратылыс нәрселерінің мейлі ол жанды, жансыз болсыз белгілі бір кеңістікте бейнеленуімен басталып артынан өсіріп, кеңіп қандай бейнеге айналғанмен түп негізгі таңбасына тәуелді және бағынышты болмақ. Сөздің өзі түрлі тілде үн арқылы таңбаланғанмен түп негізі санға айналып сол санмен ұғымдары өлшеніп отыру шарт.Ал сол сияқты діннің де өзіндік таңбасы яғни мөрі болу шарт. Христян діні ағаш кресті өздерінің таңбасы ретінде қабылдап ал сол крест неден қалай пайда болған жаратылыс себептері мен түп негізнің ғылымын анықтаса, сол сияқты әрбір дін белгілі бір таңбалары мен ғылыми шарты мөрі болса қазіргі таңдағыдай қарам-қайшы пікірлердің бәріне жауап та табылар еді. Қайсысы қай діннен тарайтынын және қай діннің секта немесе жалпы жеке дін болып табылмайтынын білуге де болар еді. Ал секта деп саналып муфтият ғалымдарымен теріске шығарып, үкіметімізбен қудаланған Ата жолының құран сүресіне байланысты ғылыми бір мағына ұғымды білдіретін таңбасы, мөрін санмен есептеп сызықтық бейнесінің білімін анықтау әзір ешбір ғалымның да дінші теологтың да ойына да кірмеген шаруа. Енді басты ислам дінінің таңбасына келсек, жаңа басталған айдың сабы жоқ орақ тәрізді бейнесін исламның мөрі емес дейтін әлем бойынша мұсылман бола қоймас. Онда бұл таңба мұсылманның негізгі мөрі болып табылса, қандай мағына береді деген сұрақ туындауы сөзсіз. Оны негізінен зейнет деп аталып сөздің нұрға айналғанын немесе алғашқы Адам атамызды жаратқандағы үрленген рухтан пайда болған сөздің нұрын белгілейді. Немесе бір тамшы судың да сызықтық бейнесін көрсетеді. Ілім теңіз болса сол теңізден алаған бір тамшы білім. Енді қазақтың әлі түркі елі болып тұтастығын сақтап түрлі нәсілдерден және қазіргі арап елдері сияқты көптеген тайпалардан тұратын кезінде Александр Македонский немесе Ескендр Зұлқарнайынның әлемде дін тарту және шағын бытырап жатқан мемлекеттерді, тайпаларды бір орталықтан басқарып, өркениетті қалыптастыру соғысы түркі еліне қазіргі қазақ, түркімен, тәжік, өзбек жерлеріне де келіп жетті. Ондай қаруланған темірдей тәртіпке бағынған түрлі тайпалар соғысуға төтеп бере алмай, орталық аудандарға солтүстік бағытқа қарай бытырай көшіп қашып келе жатқанда алдарынан өз әскерімен қазіргі Тараз- Шу өлкелерінің патшасы, Құлтегін әулетінен тарайтын Амур Дария Забур патша алдарынан шығады. –Сендер сонша үрейленіп, ата-баба қоныстарыңды тастап кімнен қашып келе жатырсыңдар?-деп сұрағанда. Халық; -Екі мүйізді бір күшті патша шығып, жолында кездескен елдің бәрін өзіне бағындырып көнбегендерін қырып келеді –деп жауап береді. Оған Амудария Забур патша бір топ шоқтанып өскен ағаштарды нұсқап; -Анау ағаштағы құстың ұясын көрдіңдер ме, ол қандай құс екен?-деп сұрайды. Сонда халық шулап; -білеміз құрқылтайдың ұясы-дейді. Патша тұрып;-құрқылтай өзі кішкентай әлсіз құс болса да өрт болса да ұясын тастап қашқанын көрдіңдер ме?-деп сұрайды. Сонда халық бір ауыздан-Жоқ деп жауап беріпті. –Онда біздер, артық ақыл беріп жаратқан Құдайдың құлы бола тұра өз отанымызды тастай қашатындай не күн туды, келіңдер онан да жауға қарсы тұрып құрқылтай соғысын ашамыз-деп бытыраған халықты жинап, ішінен көріпкел, бақсы, жұлдызшы, тыңшылардың бөліп, жаудың бүкіл қозғалысын алдын ала болжап оңтайлы жерлерде қапысын жібермей соғыс ашып, Ескендір патша әскерін әбден титықтатып, шөлдерге қамап жеңілуге кейін шегінуге келісімге келуге мәжбір еткен екен. Сонда әбден титықтаған Ескендір патша –Мынау қандай ел, құдайдың еліне тап болған жоқпыз ба?-деп таң қалған екен. Сонда сақ ұрпақтарымен келісімге келген жер қазіргі Сары-ағаш ауданына қарайтын «Дарбаза» деген жер еді. Сол дарбазадан Ескендірдің қолына қойдың қисық қабырғасын ұстатып әскерін кейін қайтарған Амур Дария Забур патша атамыз Новаиде жерленген дерек бар. Ал Ескендір Зұлқарнайын патшаның жанында Аристотель сияқты ғұлама философ діншілер болған екен. Сол қабырғадан көп нәрсені түсінген Ескендір патша кешірім сұрап әскерін еліне қайтарып өзі Самарқан қаласын салып беріп, кейінен өзінің сүйегін де аманатпен сол жерде жерлеткен екен. Бұл сүйек туралы түрлі аңыз, хикаялар жазылған. Бірақ құдай қақпасының алдында алған бастың көз сүйегі деп айтылады. Мейлі ол да қабырға сүйекке ұқсас жарты ай ислам таңбасын белгілейді емес пе? Бұдан ислам таңбасы жартушымыздың Бақара сүресінде бір-біріңе қас болып түсіңдер деген жарты ай қастың сызықтық бейнесі яғни адам баласының ақирет несібесі зейнет сызығы ислам дінінің адамзатпен бірге жаратқаның дәлелі емес пе? Ал ислам дінің таңбасының негізгі мұрагері «қастардан» пайда болған «САҚ» нәсілі болып табылмай ма? Енді қисық қабырғадан Хау ана жаратылды деген дін тарихында түсінік бар. Құран үгіті бойынша адам баласының яғни еркектің ұрық суы төс және бел сүйектерінің арасынан пайда болады деп түсіндіреді. Ал төс сүйегі мен бел сүйегінің арасын қабырға сүйегі жалғап тұрса онда адам ұрығы сол оң жақ қабырға сүйектерден шығады. Олай болса Хау анамыз қабырғадан жаратылды дегеніміздің астарында атамыздың ұрық суынан жұмыртқа түрінде яғни қазіргі ғылымдағы қолдан ұрықтану тәсілі негізінде пайда болғанын көрсетеді. Енді таңбаға жүгінетін болсақ ислам бір тәңірлік дін болып жаратылыс басынан бастап, адамзатқа түскен бар діннің түп негізі, бір көк тәңіріне сиыну болып, оның басты мұрагерлері сақтың ұрпақтары қазақтар болып саналады. Тағы бір бұлтартпас дәлел: Қажы баба туралы қазақ елі діншілердің «серік қосу» деп дінді терістеуінің арқасында көптеген халық хабардар деп білемін. Қажы бабамыздың сүйегін шет елдің ғалымдары көріп, зертеп 10 мың жыл бұрын өмір сүрген деп шешім шығарыпты. Сондықтан қабірді тапқан азаматтардың Нұх пайғамбарымыз деп тұжырым жасауына себеп болған. Ал Алладан келетін аянды арапшыл діншілер және европалық білімшілер мойындамағанмен, есі толық қазақтың қай баласының да ақиқат хабар екеніне иман келтіру хақ. Аян бойынша негізінен 0037 жылдары қайтыс болған Дәуіт пайғамбар ұрпағы болып табылады. Сондықтан бұл мезгіл Інжілдің әлемге таралу уақытына сәйкес келеді. Ол кісінің өзін басындағы шырақшыға айқын түрін көрсетіп және; «Менің басыма мұсылман таңбасын қой!» деп аян беріп, шырақшы кісінің ислам таңбасын басына бекітіп қойғанын көрдім. Екінші ислам белгісі аттың тағасы! Бұл туралы бөлек әңгіме жазармыз. Ал енді бұдан қандай ғибарат алдыңыз?