«Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек.» «Бөрік-адамға көрік». «Ескі киімді баптағаның жаңа киімді сақтағаның». «Ескісіз жаңа болмас, жаңасыз ескі болмас.» Етігі жаман төрге шыға алмас, жеңі жаман табаққа да кіре алмас.» «Жыртық етік аяқ қажар.» «Киімі жаманды ит қабады, ниеті жаманды құдай табады.» «Орамал тон болмайды жол болады.» «Сөз бергенге ерме, бөз бергенге ер, сөз бейнет болар, бөз көйлек болар.» «Қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды.» «Тоғыз қабат торқадан тоқтышығым терісі артық.» «Киіміңе қарап қарсы алар, ақылыңға қарап шығарып салар.» Бұл аталарымыздың аманатынан киім хақысы жайында аз ғана белгі болса; «Үмму Халладтың орамал тағып алғанын көрген бір кісі таң қалып; «Халлад өлді ғой! Сен әлі де (шашыңды жаймай) орамалмен жүрсің бе?-деп сұрады. Сонда Халладтың жесірі; «Халладтан айырылғанмен ұятымнан айрылған жоқпын ғой!»депті. Бұл сөзді естіген пайғамбарымыз: «Халад үшін екі шейіттің сауабындай сауап бар» деді.» Бұрынғы ислам дінін қабылдамайтұрған кездегі араптардың салтында әйелдердің күйеуі қайтыс болғанда орамалын шешіп, қазіргі әлем әйелдерінің сәні болған шашын жайып жүру салты болған. Яғни жесір қайғыға түскен деген белгі екен. Пайғамбарымыз мұсылман әйелінің де еркектің де киімінің дұрыс тәнін толық жабуын қатаң ескертіп бұндай надандық қылықтарды дінен аластауға көптеген өсиеттер мен үлгілер қалдырған. Айша Анамыздан; «Пайғамбарымыздың; «Киімін үйінен басқа кез келген жерде шешкен әрбір әйел-Алламен өзі арасындағы пердені жыртқан болады.» дегенін естігенмін.» (4010 термизи) «Ұзақ сапарға шықандықтан үсті басы шаң тозаң,басы ұйпа-тұйпа ашық және қолдарын аспанға көтеріп; «Уа Раббым, Уа Раббым!» деп дұға еткен бір адам туралы; «Бұл адамның ішкен жегені харам, кигені харам, хараммен қоректенгесін дұғасы қалай қабыл болады?» дейді.» (Мүслим 65) «Егер жаннат тұрғындарынан бір әйел жер тұрғындарына қараса аспан мен жердің арасын жарық етіп, иісі жайлап алар еді, ал оның орамалы –дүние мен ондағылардан хайырлы», -деген.» (2796-өсиет) Адам баласының киімінің ақылына және жан тазалығына тәуелді және Алла мен арадағы перде зейнет киімін, азығын жұпар иісін қалыптастыратынын пайғамбарымыз қарапайым ашық түсініктермен ескертіп кетіпті. Құранда да жаратушымыз еркек әйелдің бір-біріңнің киіміңсіңдер-деп ескертіп тән тазалығының некелік, жұбайлық өмірде ерекше орын алатынын астарлап ескерткен.
Інжілден ғибрат. «Менің Масіхтен үлгі алғанымдай, сендер де менен үлгі алыңдар! ..Енді мынаны білулеріңді қалаймын; әрбір еркектің басы Мәсіх, әйелдің басы-күйеуі, ал Мәсіхтің басы-Құдай. Солай болғандықтан, ер адам Құдайға сиынған немесе Оның хабарын жеткізген кезде басын жаппаса, өз басын (яғни Мәсіхті) құрметтемегені. Ал құдайға сиынған немесе Оның хабарын жеткізген кезде жалаң бас тұрған әйел өз басын (яғни күйеуін) құрметтемегені. Бұл шашын тықырлап алып тастағанмен бірдей. Себебі бір әйел басын жапқысы келмесек, онда неге шашын қиып, алдырып тастамасқа? Ал егер әйелдің шашын қиып немесе басын тықыр етіп алып тастағаны ұят болса, онда ол басын жапсын. Сонымен еркек (басы) рухани жағынан Құдайға ұқсас жаратылып, Оның ұлылығын бейнелейді. Әйел болса, күйеуінің ұлылығын (рұхын-ұрығын) бейнелейді. –Құдай еркекті әйелден (ұрығынан) емес, қайта алғашқы әйелді еркектің сүйегінен (сүйектен шыққан ұрықтық судан) пайда қылды. Ол еркекті әйелге бола емес, әйелді еркекке бола жаратты. Сондықтан әйел өкілеттігінің белгісі ретінде басын жауып, періштелер назар аударатын тәртіпті сақтауы керек. Дегенмен Иемізбен байланысымызда (рухани қасиеттерді меңгеруде) әйел еркектен, еркек әйелден тәуелсіз емес. (Тәуелді!) Алғашқы әйел еркектің сүйегінен жартылса да, еркек әйелден туады, ал екуін де жартқан –Құдай. Өздерің пайымдап, ақылға салыңдаршы: әйелдің басын жапай Құдайға сиынуы әдепке жата ма? Табиғи түйсіктеріңнің өзі сендердің ұзын шаш еркек үшін ұят, әйел үшін мақтаныш деп үйретпей ме? Ұзын шаш әйелге басын жабатын жамылғы ретінде берілген. Егер біреу бұл туралы айтысқысы келсе, бізде де Құдайдың өзге қауымында да мұндай салт жоқ.» (Корытындықтарға; 11-тарау) Ғылым, білімнің жеткілікті дамымаған заманында да әлемде дін қауымдарында әйелдің жалаңаш жүруі түгіл басын жапай жүрген салты болмағанын ескертеді. «Жалаңаштықтан сақтаныңыздар! Қасыңызда мүлде жандарыңыздан айрылмайтын періштелер бар. Ол періштелер тек әжетханаға кірген кездеріңіз бен жұптарыңызбен қосылатын кездерде сізден айрылады. Олардан ұялыңдар әрі оларға жақсы қарым қатынаста болыңдар.» (Термизи 42\2800) деп жалаңаш адамнан періштелердің қашатынын, жан киімінің періштелерін тек киім ғана ұстап тұратынын қатаң ескерткен. Бұрынғы қасиетті аналарымыз; «Жаманның қойнында жатқанша, жақсының аяғында жатайын» деп жақсы еркектің қасиеті, періштелігі барлық тәннің тазалығының ең соңғы тірегі аяғыныңың тазалығымен, киелі ағашы «таяғынан» екенін ескертіп, жаман ойсыз еркекке бәйбіше болғанан, сондай ойының қожасы, шопаны болған еркектің тоқалы болған тұқымның азбауына, жанның жетілуіне абзал деп жан сырын жетік білгенін түсінуге болады. Абай атамыз бұндай жан періштелігінің тазалық сырын; «Бас жоғары жаралған, мойы төмен, Қарашы дене біткен ретіменен. Істің басы-ретін танымақтық, Иман білмес тағатты қабыл демен. Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған, Хуснизан (көркем пікір) мен иманды білді ойлаған. Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған.» деп «Әйел затының еркектің ішінен жаралғанын ескертіп, сондықтан; « үйі, жыныстық қуаты лас және әлсіз болса еректің мойыны жіңішкереді» деген аталарымыздың даналық жан сырының ғылымынан берген нақылын өлеңмен өрнектеп түсіндіреді. Пайғамбарымызда «намаз оқушы араптардың көбінің иманы мойынан садақтың оғындай ұшып шығып кетеді» деп осы әйелмен еркек арасындағы неке төсегіне қырау тұратынын, иман келтірудің әйелдің жан, тән тазалығына да тәуелді болатынын ескерткен.