«Жұмақ әйел затының табан астында» деп дана аталарымыз өсиетеп кеткен. Бұл мақал біздің ата салт-дәстүріміздің әйел теңдігін сақтау мен, құрметеудің көрнісі мен жалауы десекте болады. Сондықтан гүлді жұлмауға, гүл өскен жерді себепсіз басып ластамауға тиым салып отырған. Гүл ұжмақтың белгісі –деп түсінген аталрымыз. Қыз баланы да гүлге теңеп өлең жырдың арқауы қылған. Түбі жат жұртық деп болашағын болжап, қырық түрлі зиянды қылықтардан сақтануды бесіктен бастап үйретіп, болашақ өмірге таза қасиетті ұрпақ әкелуін ана болып құрметелуін, ден саулығының мықты болып, өмірдің даналықтарын бала кезінен меңгеруді қалыптастырған. Қазағымыздың қазіргі жаратқанның сыйына бөленіп, дайын байлыққа белшеден батып, өз ара бөлісе алмай ұрлап, тығып шетелге асып жатуымыздың өзі осы дана бабаларымыздың, қасиетті аналарды тәрбилеп әйел затын табиғатына қарай сақтап, тәрбиелеп біздердей артында ұрпақты қалдырып көктегі несібебіз сөз бақшамызды өсіріп болашаққа аманат етіп қалдыруында. Шәкәрім атамыз; «Ал және сондай иман келтіріп, түзу ғамал істегендер, ұжмақтық болып, олар онда мәңгі қалады.» «Кім өсиет етушінің қателескенінен немесе кінәлы болатындығынан сезіктенсе, араларын түзелтіп қоюдың оқасы жоқ. Расында Алла аса жарылқаушы, ерекше мейрімді» «Енді, Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік қылыңдар да қарсы болмаңдар.» (2-82, 2-152) Құран аяттарын сана-сезімді, есті қалай жетілдіруді астарлап, өлеңмен өрнектеп түсіндіріп және орыс империясы кезінде ашықтан-ашық баспасөзге де жариялауға беріпті.
Жемісті, жақсы иісті бұл бәйшешек,
Аралайық, пайдасын көрем десек.
Ұғымды, милы жастың ойын қозғап,
Ұқтырар талай тәлім, талай есеп.
Болса да кейі ұсақтау, кейі кесек.
Тікенсіз гүл, жылансыз кен болмайды,
Тікеннен жиіреніп жеміс жесек.
Жақсы мінез, жаман ой айқындалар,
Осыны ұғайық деп ентелесек.
Тәтті жеміс, нұрлы гүл керек қылмас
Боққа төккен саламға тойған есек.
Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық,
Ақылдың шолғыншысы –ойқұмарлық.
Таза талап талпынып ойды айдаса,
Байқалар-көрнеу таса, жоқ пен барлық.
Азат ақыл ойланбай мида жатса,
Шіріп, тозып тартқызар ол бір зарлық.
Сырын сынар талапты ер табылғанда,
Бұл бақшада мысал көп ой қозғарлық.
Өкініштің үлкені- ойы тарлық
Ондай да ақыл болмас жұбанарлық.