Сыртқы сансыз адам баласының қажетін өтеу үшін қызметке тұрған жаратылыс нәрселерінің біздерге өз заманымызға сай ғана белгілерінен аз ғана хабарды дінімізді жетілдіру барысында Раббымыздың көрсетуімен, пайғамбарлар өсиетері және кітаптармен салыстырып қана мағлұмат аламыз. Сондықтан екі аралықтағы, көктегі сыртқы жаратылыс егелерінің адам тәніне, жанына әсерлерін зертеу бүкіл әлем ғалымдарының ортақ ісі және өз ара пікір таластар арқылы ғылымен жүйеленетін де уақыт жеткен сияқты. Әзірге біздің білетініміз өзіміздің көзбен көріп, қолмен ұстағандай ауруларды, рухани дерттенгендерді емдеу барысында жинаған аздаған тәжірибелер ғана. Сонда да болса аз да боса мағлұмат бере кетейік. 17-ғасыр мен 18-ғасырдың бас жағында ағылшын ғалымдары адам асқазаны, ішектерінде болатын; «хлористий натрий», «натрий хлориді» деген қышқылдардың адам іш құрлысында көбік және күйдірген кірпіш түсті, түрде болып адам баласына теріс ақпарат беретін, мінез құлқын өзгертетінін ескертіп, оны болашақта ислам ғалымдары себебін табатынын, емдеу жолдарын ашатынын ескерткенін, сопылық кітаптарды заертеу барысында оқыдым. Қазіргі таңдағы жалпы әлем халқының есі кетіп, мас адамдай сөз түсінуден қалып жындану себебі де осы іш құрлыстағы өмір сүру ережесін бұзудан пайда болған құбылыс. Оны аталарымыз кезінде «жын-шайтанға» (шизофрения) айналған адамдарда болатын іштегі жылан деп атаған. Бұндай дыбыс беруші жыландар адам асқазанында, іш құрлысында 40-қа дейін болатынын оны қалай тазарту амалдарынан да аздап тәжірибе жинадық. Ондай кеселге түскен әйел еректің мінезі бүгінгі таңда көпшіліктен ажырату қиының қиыны тек құран аятарын оқу барысында, және сұхбат барысында анықтауға болады. Ең оңай жолы аруақпен байланысып сұрау арқылы тез нәтиже береді. Бұған енді «белорус» ғалымдары егеуқұйрықтың ішегінің сыртқы сілекей қабығына дәрі егу арқылы жынданып, еш нәрседен қорықпай кететінін тапты. Осы сілекей қабығына іштен ас арқылы немесе зина жасаудан кірген теріс ақпараттар, шеріктер ішек құртарына айналып ішек сыртының кілегей ақпарат жүйесіне жалғанып, енді өңеш арқылы тамақтан миға жалғану үзілгенде адам сол сәтте жындардың басқаруына көшеді яғни жынды адамға айналады. Бұл әйелдердің жалаңбас басын күтпеуінен және ішімдіктерді пайдалануына тамақ сілекейі кеуіп ми ажырап, ойлану қабілеті жойылып азғындаған сайын азғындыққа түсе бастайды. Еркектерде сол сияқты әсіресе шылым тартатындар арасында осындай жындылық қылықтар көп кездеседі. Қазақта «Ішек сілесі қатып күлу» деген сөз бар. Ішектегі осы ішкі сілекей қабатын және ет пен тері ішек сырты «гель» жын үйін «сіле» деп атап, «сілесі қатып» науқасқа шалдығатынын ескерткен. Яғни осындай рухани дерттердің дүние қайғысын ғана ойлайтын ақиретен өлім заңдылығынан қайғысыздан пайда болатынын «Қайғысыз қара суға семіреді» «Көп күлген бір жылайды» деп осы заманға жастардың шектен шыққан мастығына қоса мас болып жынданған үлкендеріміздің де тәнінде «сілесі қатып» асқазандарында жыландар ұя салғанынан болады. Енді «дін апиын» дегеннің астарында да дінді тек намаз оқу және түрлі «мұсылмандық шарт» деген және құранан тыс арапша аятарды пайдаланып, екі тілде ысылдап сөйлеп, құранды бас аяғына дейін жатап, тән тазалығы сақтамайтындар арасында да осындай ордалы жыландар пайда боып, бір сәл нәрсеге ашуланғанда немесе жаратқаннан сынақ келгенде өзін-өзі өлімге байлау немесе бүлікшіге айналуды осындай діни надандықтан пайда болатын кесел. Бұл мақаланы қозғап отырған себептің өзі алда осындай қазақ еліне үлкен қасірет төніп тұрғаны даусыз. Оған енді мазһабшыл имамдарымыз, молдаларымыз, намазхан жастарымыз жапай науқастана бастағанда үкіметің ойдан шығарған заңы түкке де аспай қалатыны даусыз. Және оған енді ең басты себеп шаруашылық әдістерінің дамығыны соншалықты адам баласы бәрін өзіне пайдалы деп есептеп тәнді өзінің еркіне беріп қойғандай, аздырғандықтан жас күйеуге тимеген қыздарымызда сасып, шіріп, ауру иістерді кетіру үшін түрлі иіс сулармен жын-шайтаның иісімен араласып, енді оны тамақпен қоса жеп, хайуан сияқты кез келген жерден, кез келген ыдыстан тамақтанғасын дәретін, киімін, етегін қалыптастырмаған әйел затының арасынан іш құрлысында жыланы жоғын табу мүмкін емес. Бұндай жағдай енді етегін жауып басына орамал байлағандар арсында тек намаз оқып тазарасын деген қызылбастық намазға жүгінгендер, және зікірші, түрлі сопылық ағымдар арсында да жеткілікті. Жын-шайтанан құтылатын амал киелі жерлерден бұлақтардан суға шомылыу және қамшымен емделу ғана. Бұрақ бұған жын-шайтанға көмекке тұрған діншілерімізде, ел басындағы, сөз басындағы бастықтарда қарсы соғыс ашып, енді өздерінің жан-ұяларына, бастарына түскен азап, түнектердің оралып жатқанын сезер де емес. Бұл жағдайда дәрігерлер қауымы да заң және сақшы қызметіндегілерге қашып құтыла алмайтын, от бастарына да сынақ келіп тұр. Енді бұндай пенделерді үш топқа бөліп қарауға болады. Шайтаны басым, жыны басым және жын-шайтаны қатар яғни іштегі жыланы өскендер. Негізгі ортақ белгісі сөздің бұзылуынан және екі тілді екі жүзділік істерінен байқауға болады. «Пайғамбарымыздан: «Дүниеде екі тілді болған, екі түрлі сөйлеген кісіге қиямет күнінде Алла тағала оттан (шайтанан) екі тіл береді.» (Әнестен 9-өсиет) Екінші белгісі күншілдік, іштегі сілінің қатуынан пайда болатын іштарлық, қызғаншақтық. Бар жақсылықты теріске бағалап, дүниемен ақшамен есептеп, артын тексеріп, үнемі күмәнданып, болмаса түзетуші болып байбаламға басып жүру қалыптасады. Бұндай жағдайды пайғамбарлар өсиеті философиясына жүгінсек; Ала тағала тағдырына қол сұғу, құлдарына берген нығметін қызғану, не рухани бағын көре алмай, ол игіліктер одан кетіп, маған болса екен деп ойлаудан, сондай-ақ мансап, дәрежесін басқалардан көрген құрметін қызғану, біреулердің ілгерілеуін, рухани өсуінде қаламау яғни қара түнектің қақпанына түскен мұндай пенделер шындықты көрмейді. Сондықтан жүректері жабылып, жаратқанан келетін аян, уахилар тоқтап зұлымдықтар істеп, өтірік айтып, тіптен дүние үшін, кісі өлтіруден де тайынбайды. Тағы ерекше белгісі еркек пенденің әйел мінезді болып, иіс сумен, түрлі жылтырақтарға құмар және қазан ошаққа араласып, іші тар дүние қоңызға айналуымен керісінше әйел адамының еркеке еліктеп, мінезінің іріленіп, боқтықпен аузын былғап және атақ, дәреже құмар, тәкәпар, қатігез аналық мейрімнен әйелдік жіңішке мінезінен жұрдай болуынан айқын болады. Бұндай адамдар ғалымдардың да, сопылардың да, әкім ел басшылардың да, ақын жазушылардың да арасынан көптеп кездесіп бұлар толық мұсылман болып табылмайды. «Пайғамбарымыз сахабаларына: Сендерге сендерден бұрынғылардың күншілдік, дұшпандық ауруы жүктелді. Бұл тақырлап шашты қырған демеймін, бірақ дінді тақырлап жояды. Басқаша айтқанда, сендерден бұрынғылар бірін бірі көре алмастық, қастандықпен діндерін жойған еді. Соларшы сендерде бір-біріңе қызғаныштық, көре алмастық істеп, діндеріңді жоймаңдар.» (4-ші өсиет) Осындай жағдай муфтият діншілері арсынан белең алып, көре алмастықпен жақсылыққа тиым салып, құдайдың атын жамылыған, ойдан шығарған өтірік тәпсір сөздермен, ел басында, заң орындарын да алдап соғып, ақыры ата -салт дінімізді қудалаумен енді елді жапай қасіретке тіреп, дінің жоғалуына әкеліп соқтырған себепті қанша дәлелдегенімізбен оны түсінетін халқымыздың философия, телогия, психология даналық мектебіде жалған тәңірге табынып, бастарын күте білмегендіктен, милары сасып, күзетші кісілерін өздері қолдарымен өлтіргендер қатырынан болып табылады. «Пайғамбарымыз: Әр адамның басында бір жағы періштенің қолында болған тізгін бар. Адам кішілік қылса тізгінді тарт делінеді. Тәкапарлық етсе «тізгінді қоя бер» делінеді.» (19-өсиет) Демек бұл қауым өздерін төмендегі біздермен салыстырып мақтанға, тәкәпарлыққа түскесін тізгінін шайтанға ұстатқанда болашақта атақ абыройдан жұрдай болатынын сезер де емес. Жаратушымыз осындай жынданған елге қиямет мезгілін түсіріп; «Мұхаммед: әрбір көп ант ішкен ынжықтарға бой ұсынба (10) Өте айыптағышқа да, (11) Жақсылыққа тиым салушы, шектен шығушы күнәкарға да, (12) Сотқар, сондай-ақ тексізге да,(13) Бұлар малды, балалы болса да. (14) Оған аятарымыз оқылған сәтте: (өліктерден, түс, аян көрсетіліп бата, уахи оқылғанда) «Бұрынғылардың ертегісі» (аруақтар сөйлемейді) деді. (15) Жуырда оның мұрнына дақ саламыз. (16) Бұларға бақша иелеріне пәле бергендей пәле бердік...» (68-17) Мұрынға дақ түсу денгеніміз мұрының үстігі жағындағы екі қас арлығындағы (индиялықтардың бояу жағатын, баларға күйе жағып ырымдайтын орны) жоғарғы жүйке орталығынан теріс қуаттардың шеріктердің, тіл көздердің еніп, іштегі құрттардың жыландарға айналып өсуімен, адам баласының түрлі індет, тымау ауруы мен, есінің айрылу, жындану, тәнің шіріп, терілердің іру дертіне ұшырауын туындатады. Енді бұлардың негізгі себептеріне тоқтала кетейік:
Тәңірдің Құдайлық болмысы.
«Жаралыс басы қозғалыс қозғалысқа керек қол қабыс..» (Шәкәрәм ата) Бүкіл жанды жаратылыс сөзден бастап жаратылды десек онда осы жаратылыс басын қозғалыс қуатын Тәңір деп атаймыз. Қозғалыс бар жерде сол қозғалыс егелерінің де сипаты айқын болмақ. Аятта, «Алла бар. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан мүміндер, Аллаға тәуекел етсін.» (64-13) Бұл аяттан Алланың барлығы, қандайда бір сипатта болмасын жарық, қараңғылық, ыстық суық, қатты, жұмсақ, ақ, қара, көрнеу, көмес т,б мейлі бір қандай бейнеде болсын барлық сипаты яғни бүкіл жаратылыс қозғалысын тәңір деп тәуекел етіп яғни нануымыз керек. Абай атамыз; «Аланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, соның төрті Алланы танытуға сөз айырмас.» Олай болса Аланың барлығы Тәңірлік белгісін рас сөзбен анықталып, оны 4-кітаптан толық ұғына аламыз. Адамзат баста Алланың барлығына яғни Тәңірге жалбарынып, бірақ жаратылыс егелерінің ішкі сипаттарын білмегендіктен барлық көмес қозғалыс егелерін тәңір деп атап, оны қайсысы шапағатты қайсысы кесапатты екенінің ғылымын толық түсінбенуден, және оймен бағалап құлшылық етіп жаңылысудан түрлі діндерге бөлшектену пайда болды. Сондықтан жаратушымыз әрбір елдерге жеке-жеке пайғамбарлар, елшілер жіберіп түрлі қағида шариғаттар түсіріп отырды. «Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез-кезімен нәби келді. Қағида шариғаты өзгерсе де, Тағриф (рас сөзі) алла еш жерде өзгермеді.» Олай болса өзгермейтін Тағриф алла- Алланың өзі яғни Бір Алла ешқашанда өзгермейді, өзгерту мүмкін емес. Енді онда Алланың рас сөзі яғни өзі дегеніміз Адам атаны жаратқандағы періштелерді жинап алып берген үкімі мен және ібіліс періштемен бірге жанаттан қуылып, ал кім тура жолын тауып, Алланың жарық нұрынан үлес алып, сөздері растыққа –ақиқатқа айналып, жаннатына кіретін болса, сол жаратқан жанаттарын және жаннатық сипат бүкіл жаратылыс егелерін Бір Алла немесе Алланың өзі деп атаймыз. Енді осыАлланың рахмет сипатын Құдай деп атаймыз. Шәкәрім атамыз; «Шынан өзге құдай жоқ, Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кім құдай?» Олай болса Құдай-ақиқат өзгермейді сондықтан Алланың бізге білінетін-ӨЗІ! Құлшылықта құдайшыл болу дегеніміз шындықпен өмір сүруді ескертеді. Олай болса, Құдайды қалай сезіп біліміз? Оның белгісі; әрбір ақылды адам баласының ішкі «Мені»- таза рухы мен жаны! Жаралыс басы қозғалыс! Тәңіріміздің ішінде барлық жаратылыс егелері қамтылады да онда тозақта жаннат та, түнекте жарық та бар. Сондықтан тәңірлерің бір-ақ тәңір немесе Құдайға-Бір Аллаға яғни Алланың бірлігіне және «Соған» сендерге көрсеткен, білдірген хикметті, мұғжизалы дәлелдеріне яғни өздеріңде тұрған Құдайдың 8-сипаты «Маған» құлшылық етіңдер»- деп бұйырады. Әрбір жаратылыс нәрселерінің адам баласына қызмет етіп, оның зиянды пайдалысы және зияны мен пайдасы қатар болтын сипаттары да бар. Адамзат сол нәрселердің білімін анықтап, зиянынан сақтанып, пайдалысына табыну керек яғни соған ұқсап еліктеп, қайталап үлгі ғибрат алу керек. Табыну дегеніміз ғибрат, үлгі алып ұқсауға, тырысу «Менге» айналуға тырысу болмасаңда, ұқсап бағу. Абай атамыз; «Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға. Екі көзің аларып, Құр қарайсың аспанға. Бір ғылымнан басқаның, Бәрі кесел асқанға. Өйткен адам жолығар Кешікпей-ақ тосқанға.» Әрбір нәрсенің құлшылық қылып, табыну үшін ғылымын біліп, құр аспанға қарап намаз оқи бергенмен түбінде ібіліс-тосқанға, алдарыңда тура жолда отырып алушы, азғырушы ағайыныңа тап болсың, сақ бол деп ескертеді. Адам баласының білімінің жетілмеуінен және иманының, ата-бабадан келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің сақталамауынан заман, шаруа өзгеруіне қарай шариғат амалдары өзгеріп, ақырында жартқанға жеткізеді деген ниетпен, әр түрлі тәңірлік жеке белгілерді немесе адам ойынан шыққан түрлі заң, білімдерге жүгініп, кейбір қасиетті, қабілетті, дәрежелі пенделерді пір тұтып, құдайдай көріп табынудан жалған тәңірге табыну яғни шоқынушылық амалдары пайда болады.
Жалған тәңірге табыну.
Жаратылыстан адам баласына тіршілік ету барысындағы өнімін, көлеңкесін, ақылын жолдас қылып, яғни серігін қоса жаратып, оны құлшылық әрекеттеріне қарай таза ақылмен, іс әректермен, өнер-білмен толықтырып отыруды адам баласының ниетіне қарай несібе қылып дінін көрсетіп, біліміне қарай азғындап кетпеуі үшін жеке-жеке нұсқаулар беріп; жамандығын түспен көрсетіп, жақсылықтарын аянмен құпиялап, ілім-білімін толықтыруға батамен, уахимен бағыт сілтеп, әрбір адам баласын өз дін-жанын жетілдіріп отыруға міндеттеген. Жаратушы иеміздің саны жетпес тәңірлік несібе қуаттарды адам баласы үшін жаратып, сол қуаттарды ақылмен біріктіп, бір тәңірлік қуатқа иман арқылы басқарылуға беріп, жинаған несібесімен түп негізге нұрға қосылып отыру шарт. Енді осы жаратылыс қуаттырын біріктіріп, жүйелі қозғалысқа айналдырып отыруға адам баласына ақыл- білім қуатын берген. Ақылдың жетегімен ғылым- білім арқылы адам ақыл-ойы түрлі қосымша қуаттарды белгілі таңбалармен, сандармен белгілеп, шаруашылық әдістерімізді меңгеріп, тозғанын ауыстырып, жетілдіріп тіршілік базарын жүргізіп, өмірден өз үлестерімізді алуға талпынамыз. Ең басты тәңірлік қозғалыс қуаты ол-сөз. Сөздің де үндік, түр-түстік тіршілік ерекшелігімізге байланысты сан жүздеген ұлттарға бөлінеміз де және сөзді басқару үшін таңбалармен белгілеген және тәңірлік сипатарымыз да алуан түрлі. Әрбір таңба жасырын тәңірлік қуат егесі болып табылады. Сол сияқты адамдар арасындағы алыс беріс, азықтармен, түрлі өнімдерді өлшеу үшін де белгілі таңбаланған тәңірлік қуат шамасын белгілейтін ақша және сол қуаттардың өзі малмен де өлшейміз. Барлығы біздің бұл дүние тіршілігін жүргізу үшін жаратқан тәңірлік қуат өлшемдері яғни серігіміз, ақыл-ойымыздың өнімі болып шығады. Сондықтан осындай дүние тіршілігінің қызығына түскен адам баласының білімі тозып, жаратқанның берген несібе білімі, ақылы арқасында қолмен жасаған өнімімізге яғни ойымызға табынып, шерік қатып, серік қоса бастаймыз. Бұндай жағдайға себеп жаратылыс себептерін, яғни адам баласының қалай жаратылып, қандай мақсатпен өмірге келгенін, өлім, ауру, күнә, өтірік, надандық т.б көптеген қайғы қасіретке апрып соқтыратын қылықтарымыздың қалай сұралып, қалай ақталып және түпкі нәтижесінің қандай болатынын білмей, білгеніміздің өзі ғылыми негісіз, ергіге ұқсас болғандықтан, осы өмірден басқа тіршілік болмайды деген ұғымен барлық шектерден, тиымдардан аттап өтіп, көбірек қамтып қалуға тырсқан қомағайлық, ынсапсыздық әрекетермен нәпсінің қалауымен ғана тіршілік етуді әдетке айландырып аламыз. Яғни ақылымыз азып, кедейліктен, жоқшылықтан, ауырып қалудан, жақсы әдемі-әсем көрінбеуден, сүйгенің тастап кетуден, түрмеге түсіп қалудан, біреулердің жамандап өсектеуінен, ерте өліп қалудан, кәріліктен де қорқып немесе өзімізді өзгелерден үстемдігімізді көрсету үшін байлығымызға, тәніміздің әдемілігіне, күшімізге, айлакерлік амалдарымызға, таққа отырған таныстарымызға, өзгелерден ақылдырақ болуға тырысқан білімізге, жүйесіз түсініксіз сөзімізге, қалтамыздағы ақшамыздың көптігі ғана бар қайғы-қасіреттен және мәңгі өмір беретіндей табына бастаймыз. Абай атамыз; «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа, Аларында шара жоқ алдамасқа. Табысына табынып, қалтаң қағып, Тойғанымен қалғанын берсе алашқа..Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар Сорпа-сумен сүйекпен сүйдірмекке…» Осындай ақыл-ойдың төмендеуінен енді адам баласына сыртан келетін рухани азығымыздың да дәрежесі төмендеп, денемізге (ақыл-ой өрісі) шеріктер еніп, көлеңкесі тәнімізде түрлі элементермен бейнеленіп, құрттарға айналып, өсіп-өніп, ішкен асымызға ортақ болып, тәніміздің семіргенімен тұрмай ойымызда семіре бастайды. Енді оқушы ағайын ислам уағызшылырының жалған тәңірге табыну дегеніміз пұтқа немесе, аруақтардан сұрау деген ұғымға ақыл ойыңыз байланып жүрегіңізде қарсылық ниет пайда болса онда Інжілге жүгінейік; «Иеміздің атынан сендерге мықтап ескертемін: бұдан былай құдайсыз қылықтардан түкке тұрғысыз ойларына сай өмір сүрмеңдер! Олардың санасын қараңғылық басып, жүректері шындықты білгілері келмей жақсылық атаулыға қасарысқан, сөйтіп Құдай беретін шынайы өмірден құр қалған. Мұндайлар ұяттан әбден безіп, жүгенсіздікке салынып, тойымсыз нәпсі құмарлықтарымен әр түрлі азғындық істей береді. Араларыңда неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық пен ашкөздіктің (дүние, ақша құмарлық) тіпті аттары да аталмасын. Құдайдың адамдарына бұлардан аулақ жүру лайық. Сендерге әдепсіздік жасау, ақымақ сөз бен тұрпайы қалжың айту емес, шүкірлік ету жарасымды. Мынаны біліп қойыңдар: неке адалдығын бұзатындар, ұятсыздар мен ашкөзділер-жалған тәңірлерге табынушылар, мұндайлардың бәріне де Мәсіхтің және Құдайдың патшалығында орын жоқ.» (Пауылдан; Ефестік-4-5 тарау) Енді талдап көрсек; пұтқа табыну жалған тәңірге табыну болмайды өйткені (алда арнаулы түсінік береміз) пұттар адам өнімі, қуаты болып бірақ ештемені өздігімен жарата да алмайтын періштелер тобына жатады. Сондықтан оны шоқынуға жатқызамыз. Ал жалған тәңірге табыну дегеніміз тәніміздің, дүние тіршілігінің қажетілігін, пайдасын өтегенімізбе ақыл-ойымызды аздырып, рухымызға және жанымызға теріс ықпал беретін әрекет- әсерлерге, қуатық шамаларға табыну қылықтарды айтамыз. Мысалға ақша, мал-дүние қаншалықты көп болғанымен адам баласының ақыл-ойын рухын өсіру мүмкін емес. Егер бәрін ақшамен, дүниемен өлшеп, солай әрекет етуді әдетке айналдырсаңыз онда ашкөздікпен, түрлі зұлымдық, ала аяқтық әрекетерді қоса туындатып тәніңіз өсіп, көркемденгенмен рухани азғындықпен дін-жаныңыз өспей, ұрпақтарыңыз рухани кеміске айналып, жалған тәңірге табынғаныңыз болып жаратқанан түрлі сынақтармен жазалана бастайсыз. Сол сияқты әйел мен еркек арсындағы жыныстық қатынастан бар тіршіліктің нәрі де ұрпақтарды көбейтіп, тәрбилеу арқылы ғана өмірдің қызығы да пайда болады. Ал неге бір ғана неке деген сөзден яғни тәңірлік қуаттан бақыт пен күнәнің яғни өзіңе жасаған зұлымдықтың арасын бөліп қойған? Жыныстық қатынас екі жаққа да пайдалы болса келісіммен болса жарасымды емес пе деген ой әрбір өзін білімді санаған әйел, еркектің де ішінен сыбырлап көрніс беріп тұратыны сөзсіз. Біздің рух, сана, жан білімдеріміздің бұрынғы надан, білімсіз деп атайтын аталармыздан әлде қайда төмен тұрғанын және мыңдаған жылдар адамзаттың ақыл-ойының тәжірибесінен өткенін есімізге тұрақтату әрине қиынның қиыны. Бірақ қазір жан ғылымының көптеген құпиясы ашылып, барлық жанды нәрсенің негізі судын басталып, адам баласының сыртқы өрістерінің және басқа да сыртқы күштердің әсеріне қатысты болатыны нақты дәленденіп жатыр. Ұлықсат берілген, келісім шартары сақталған жыныстық қатынас арқылы ерлі-зайыптылар тұрақты ақпарат алмасуымен, жарықтың, қараңғылықтың адамзат бойынада қалыптасатын уақыт өлшемдері, тағдырдың негізгі кітабы жазылып, оқылып рухани жетілуге, иманның кемелденуіне тығыз байланысты болып, оны аталарымыз; «Екі жарты бір бүтін болу» деп ескерткен. Және еркек үшін некесіз жыныстық қатынас «бой суыту» болып, өзінің рухани азығынан, сыртқы өрісі, күміс буынан, несібесінен айрылуымен, ақылдың жетілмеуі мен жанда қараңғылықтардың пайда болып, мінездегі жындылық қылықтардың өсуімен, қаны азып, салқындықа ұшырауымен, зат алмасу бұзылып, тәннің шіріп иістенуінен түрлі «ИТ» аурулары пайда болса, әйел заты үшін жеңіл жүріс, жез өкшеге айналу яғни теріс зиянды ақпараттармен жүктеліп, тұздардың қалыптасуын жетілуі тежеліп, керісінше маталл қалдықтары артып, қызу қанды ашкөздік пен жанының шайтанға айналуымен өмір жасының қысқаруына, түрлі ауруларға әкеліп тірейді. Әйел заты екі жартыдан яғни етектен яғни екі аяқ арасы күміс буы (киіз қазық, адал бақан) -жан үйі, жарық «қос»-тан (сәукеле) тұрып және баспен жалғанған (жаулық жарығы) киіз қазығы, адал бақаны толық болған ары жетілген әйелзатының басында дуылға (Сәукеле) сияқты басында екі белдеу шашақ үнемі айналып тұрады да алтын өріс бой өрісіне жалғанып «бойжеткен», етекті (үйлі, қосты) аталып адамзатың рухани несібесіне айналады. Негізінен сәукеле екі аяқтың арасындағы қалыптасқан еректің несібесі, жан азығы ар қуаты-етек! Еркектің етікті аталуы себебі; балтырдан төмен бөлігі жын-шайтан жалған сөз иістернің үйі болып сондықтан пайғамбарыз: «Аяқтың тобықтан төмен бөлігі тозақтық» деп ескерткен. Құранда ескерткен «Сәлуа» несібесі басты жауып тұратын йыққа дейін жалғанған жарты ай тәрізді нұр өрісі болу шарт. Бұндай нұр тек басын күте білген жылы ұстаған, киім, дәретін сақтаған, намаздарын толық орындайтын рухани қасиетті меңгерген еркектерде ғана болады. Бұл сәлуа жан өрісімен, боймен жалғанып және етікпен қорғалып жабылу шарт. Некемен төсекарқылы еркек бас өнімі сәлуа (нұр) әйелге жаулық болып оралып,ал керсінше «мәруа» (сәукеле) еркектің артқы мишығына қарай өтеді де, ойлау қабілетін артырып, шабыт сыйлайды. Сондықтан шараптың ыдысы екі аяқтың арасында болады. Ал басын қорғап және сондай бой, жыныс қуатын тазартып, сақтай білген, шалбар киген етікті аталмақ. Ал әйел затының жын қуаты белмен табанға дейін арлықты толық қамтып, етекпен жауып тұрмаса, сандағы жан ұясының сарайы, шайтан үйіне айналып, аналық, жыныстық сүтті ашып, әйелдің жыныс қуаты әлсіреп, өмір жасы қысқа болады да күйеуінің азғындауына, денсаулығының әлсіреуіне, жындылығының басым болуына, теріс қылықтарға түсуіне ғана себепші болады. Әйелдің шайтан өнімі, иісі бастан бөлініп, жаулығы жоқ қатындардың төбесінде түйе өркеші болып, құйрықтан бөлінген натрий өнімінің жиналып, иісі жан-жақа тарап, құранда ондай қатындар тозаққа отын арқалап кіреді деп ескерткен. Сондықтан шашты әйел затына киім, әрі май иісінен пайда болатын өркешті жағып тұру үшін қорған етіп жаратқан. Шашы ұзын басын жылы ұстайтын әйелдің жыныс қуатының, бала көтеру қабілетінің артықтығымен, тәндегі алтын қорының басымдылығымен және қолдың тазалығына тікелей әсері бар. Шашты қысқартып жалаңаштықтан тәндері сұқтанудан, әйел затында алтын қоры азайудан және терінің азып, отегі қорегінің жетіспеуінен алтын орнына жез пайда болып, тәндегі ісіктер де осындай рухани жезөкшеліктен, қатындықтан, отындыққа айнауынан болады. Және тәнінде алтын қоры кеміс әйцелзатынан іштен баланың шашы жетілмей немесе қасқа бас таздардың яғни діні кем, күдікшіл, қу, зымиян ұрпақтарды өмірге әкеледі. Дінсіз қу, шайтан адамын аталарымыз тазша бала деп атаған. Осындай рухани жиналған отынды жағу үшін некелі тұрақты жыныстық қатынастан әйел заты негізінен үш түрлі қуатты еркекке сыйласа, төртінші аналық сүті ұрпақтың адамдық қасиетін қалыптастырады ал рухани тазарған, қасиетті еркектердің шауқаты арқылы берілетін 5-қуатық шамадан әйел затының негізгі мал қуаты жетіліп және еркектің білімділігі, өнерлі, қасиетілігінің нәтижесі ақиретік тағдыры, әйел жан сырының кітабы болып жазылып, болашақ тағдыры да неке тазалығы, еркек шауқаты арқылы діні қалыптасады. Еркектен шауқат арқылы білім, ғылымы май болып әйелдің білегіне жазылып, ал әйел тұзы еркектің қарын, етін тазартып, діл болып, басқа шабыт қуатын сыйлайды. «Қатын өлді қамшының сабы сынды» деп аталарымыз мақалдағанда; қамшы-білек, сабы-қар, бұлшық ет және артқы желке мишығына тәуелді. Онда қатын өлсе қасірет дегенді ескертеді. Еркектің жыныс қуаты таза болмағанда әйел затының шынтағы кір, түрлі белгілер болса, ал керісінше әйелдің жыныс май тазалығын күйеуінің шынтағынан көруге болады. Шәкәрім атамыз; «Атаның шауқатының көп қой мәні, Ананың құрсағында қан болғаны…Сезімнің зорайып, азаймағы-Қандай түрде болғанан оның тәні..» Әйел және ұрпақтың сезімінің жетістігі де, жетімсіздігі де ата шауқатына тәуелді екенін ескертеді. Сондықтан некесіз жыныстық қатынасқа түскен еркек өзінің денесін, күміс ақшасын, теңгесін жоғалтып, кейін ақирет азабынан бұрын сыртан кірген «иттерді» қоса алып, дүниенің базарын да жоғалтатын болса, некесіз жыныстық қатынасқа түскен әйел заты өзіне қаншама керек емес азықтарды,сезім- шеріктерді жан сарайына жинап алып, соны түгел жеп тауысқанша басқа азық бермей байлап қойған хайуанға ұқсап болашағы, ақирет өмірі де мүлде күмәнді болары сөзсіз. Және көп еркектердің білмейтін жан ғылымының бір құпиясы өздерінен бөлініп, әйел жатырына қосылмаған ұрықтың, шауқаттың кеңістікте бейнеленіп, шеріктеге азықтарға айналып, тамаққа қосылып тас болып қайта келеді яғни өз етін өзі қайта жейді. Әйелзатының жыныстық шауқатын қабылдамайтын сақтану шараларын жасап, қатынасқа түсуінен, тәнен пайдаланылмаған жанбаған артық натрийдің түзіліп бөлінумен, өзіне бар кір қоқысты жинап, артынан май қабатарын түзіп, семіздік және шайтаның өсуін қалыптастырып, іштегі жыландарға азық болып, ішектері құртап, өмір жасы қысқарып, немесе қасіретпен аяқталатыны даусыз. Осындай жағдайға ертерек кірген америка, европа елдерінің неке өнімі тұздары сорға айналғаннан, әйел, еркегі семіздіктің жапай дертіне ұшырап, оған енді қуып жетуге, азғындаған әдетерін салтына айналдырған азия мемелекетері де белсене кірісіп кетті. Бұл азаматтық неке, әйел теңдігі деген жалған тәңірге табынушылық болып, адамзаттың генінің тозып, көктегі несібелерінің таусылып, керісінше қара күштердің ықпалына түскенен, енді болашақта бүтіндей халықтардың ұлттардың жер бетінен жойылуына әкеле жатқан үлкен қасірет екендігі даусыз. Абай атамыз; «Қара қатын дегенде қара қатын. Ізіп-жұлып алып жүр қанағатын. Ала жаздай, байың кеп бір жатпайды, Қазақтың не қыласың шариғатын.» Арғы беттен қызылбастан келген шариғаттың бұрынғы қазақ салтына қайшы келетіні ескете отырып және «Құйрығы шаян, беті адам Байқамай сенбе құрбыға! Жылмаңы сыртта, іші арам Кез болар қайда сорлыға..» Шаян құйрық отынын арқалаған қыз, қатынан да абай болуды ескерте отыра және ондайлардың іші арам болып; «Шыдармын ба, япырай, Жатуға шықпай үйде енді? Қатыныңның ойнасын Көрсең, білсең қоймасын, Не ойлар едің өз басың, Сонымен тең бе біз енді.» деп қазіргі қатындар еркіндігінің түбі жындануға апарып, жынмен түсінде ойнас жасап, сезімдерінің азатынын енді соның жолын үйде жатып, құр мүлгімей жер кезіп іздеу керек деп ескертеді. Бұндай жағдайдан еркек, әйел ұрықтарының босқа шеріктерге айналып, өзіне «кір» болып қайта жүктелуінен тек қазақтың бұрынғы салты ғана құтқарады. Енді бір жалпы адамзатқа ортақ жалған тәңірге табынудың түрі және осындай табынудан үнемі апатар мен түрлі азап ауру зұлымдықтармен жердің бетінде белгілері қалса да, қайталаудан жалықпайтын жалған тәңіріміз; ол, ойын-сауық, түрлі құмарпаздық, мақтан қылықтарымсыз. Соның негізі қазіргі таңдағы қаңқылдап ән салғанды «жұлдыз», біреудің қылығын қайталап әртіс (ойынпаз) аталып, сайқымазақ болғанды да «жұлдыз» (әулие) атайтын табыну түрін шектен шыққандарын жынданғандық, жындану –деп атайды. Тек сондайлар ғана елге рухани қуат, рух егінін өсіріп, жарық нұрын шашып, қалаған халық сонымен жүріп бағытын межелеп тіршілік ететін яғни жұлдыз еместер түнекте, қараңғылықта өмір сүріп жатқандаймыз. Жаратушыға теңдестер жасаудың, жалған тәңірліктің де үлкендерінің бірі. Өнерге табынбаса Құдайды тануда мүмкін емес. Бірақ қандай өнерге табыну керек? Абай атамыз; «Түбінде баянды еңбек егін салған,(рухтың егіні) Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.» Егін салу ол шаруашылықтағы егін емес рухани егін салу яғни өмірге қасиетті ұрпақ әкелген, дарындылықты ғылым-білімді меңгеру ең баянды ақиреттік еңбек деп ескертеді. Ондай егінді аятта; «Тура жолын тапақан мүміндер бір бас бидайдың жеті сабақ шығарып, әр сабағында 100-дәнен өнім бергені сияқты» деп ескертсе Інжілде ағашқа, жүзім бағына теңейді. Олай болса жеті сабақты егін егуді қазақ аталарымыз некені жеті атамен шектеген, жеті өзенен өткізіп қыз алып, қалаң мал беріп, құда түсіп, жетімін жатқа бергізбей. Жесірін басын бос қоймайтын рухани егіннің бағбаны, дінің шопаны болған салтымызды әлемге үлгі етеуге болады. Енді бір сипаты тамаққа тойғызып, үпілеп, үкілеп хайуан сияқты баптап, біреуден күші немесе жиналып алып амалын, қулығын асырған пендесін тағы «жұлдыз» елдің рухын яғни санасын, ғылым, білімін, иманын жетілдіріп қазақтың туын көкке көтерді деп, асыра марапатап зейнетақы тағайындап, тіптен ақылы толық болғанымен есі кеміс болса да ел басқаруға да тағайындаудан қысылмаймызда. Бұл да ақылдың азғындығы жаратқанға серік қосудың өзі яғни жалған тәңірге табынушылық. Егер иман, ақыл күштен пайда болса түйемен, пілден және құмырсқадан ақылды жаратылыс болмай, қулықпен байланысты болса сауысқаннан өткен ақылды, балықтан өткен ойынпаз, маймылдан өткен сайқымазақ «жұлдыздар» болмас еді. Абай атамыз; «..Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанын мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі-қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді біреу ызаландырмақ-шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. … Жүйрік ат-кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те-кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнерімен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бәрін де біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шықандай несіне ұялып, қорланады екен? Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не айтып, не қойғандарын, не қығанын білмей есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды…» Олай болса, ұят-ұжданға байланысты болып, адамгершілікке табиғатымызға жат істердің, жалған ұят қылықтардың бәрі надандыққа жатып, жалған тәңірге табыну болып шығады. Табыну әсерінен адам баласы өзіне бір әсер, мақтаныш сезімдер алып соның әсеріне үнемі құмарлықтан бір мастық яғни жындылық пайда болады. Қазіргі таңда әлемді былай қойғанда қазақ елінде ел басқарушыларымыздан бастап, бүкіл жастарымызға дейін мастықта яғни жынданбағанымыз кемде –кем. Бәріміз белгілі шамада өз орнымызға, жеткен жетістігімізге, жартқанның берген несібесіне кенеліп, мастық кіріп жынданған елміз. Нақты таза сөздің бұлағы философиялық мектебіміз өлген, сөзге ғалымдығымыз тек сыртқы бейнесі жат елдің мәнді сөзіне, білім жетістігіне табынудан басқа түгі жоқ. Оған күнде баспасөзде жазып, көгілдір терезеден айтып, мақтанып жатқан жынды сөздеріміз нақты дәлел. Тек ел басымыз ғана қашан тағы да бізге бір сау сөз айтып жолға салар деп, жалғансыз табынған шүкіршілігіміз жаратқанның үлкен жазасынан ұстап тұр. Ал енді бұндай жағдайдан құтқаратын дініміз шариғатымыз яғни муфтият ғалымдарымыз, діни сауатты имамдарымыз не бітіреді -деп сұраңыз? Жалған тәңір жасап алудың екінші сипаты бар. Ол енді бір-бірімізді құдайдай сыйлап, бірақ Құдайдың бұйырған шектен шықпауды ұмытып ғалым, білімді, ілімді, лауазымды жаратқанның пенделерін құдай көріп, пір тұтып, жазасынан қорқып, тақтан түсіріп тастауы мүмкін деп не айтса соны мақұлдан жатсақ та, тұрсақ та сол пенделердің амандығын тілеп құдайдың емес адамның құлы яғни «жапарқұлдарға», кейбіреулеріміз бұрынғы небір білгіш айтты, жазды деген ұстаныммен сөзін тексермей, өзіне шеніне, сол замандағы дәрежесіне кісілігіне қарап сөзін алған, кітап арқалаған есекке айналып алдық. Араптың тілін құранның өркендеуімен, үнінің құпия сырына, тылсым үніне құлақ салып, сөзін санмен өлшеп алудың орнына, арап сөзі десе құдай айтқандай таңданып, жабыла көшіргендіктен, жалған тәңірлік құлшылығымыздың бір бейнесі: Дін имамдарымызбен, ғалымдарымыз құранды арапша оқып түсінбесеңдер адасасыңдар, аталарымызда бұрын түк білмеген, дінді біз сияқты арап тілін меңгерген ғалымдармен, бұрынғы арап ғұламаларынан ғана үйрену керек деген мақсатпен өздерін құдайдан да былай емес дана, пайғамбар санаған ағайындарымыз, ақылы толмаған жастар түгіл, ел басқарған, сауатты ғалымдардың өзін өздеріне және құраның насихат ғылымына емес, арап тіліне, сөзіне табындырып үлгіргені сонша, тіпті енді жасырын, құпия білдіртпей серік қосып, ортақ қосқан, Құдайдың хикметерімен, мұғжизаларын ашықтай теріске шығарып жатқан еңбектерін де халыққа жапай таратуға жәрдем беріп, сондай жалған тәңірлерімізге заңның да, ел басқару істерінің де тізгінін беріп қойып, түшкірсе «жәрәкімалда» деп басымызды изей бергеннен басқа құлшылығымыз қаламады. Сондықтан аятта: «Алла бір адамға кітап, даналық және пайғамбарлық берген болса, сонсоң оның басқа адамдарға: «Алланы қойып маған құл болыңдар» деулері лайық емес. Бірақ: Кітапты үйретулерің, (өздерің түсініп, ғылымын біліп) оқуларың бойынша нағыз Құдайшыл болыңдар» деулері лайық.» (3-79) Пайғамбарлық қабілетке жеткен пенденің өзі, пір болып, тек мені тыңдаңдар деген өзін құдайға айналдырған болып табылады деп ескертеді. Әркім өзі оқып пікір талас арқылы отрақ шешімге келіңдер деп түсіндіреді. Олай болса тек мүфтият ғалымы немесе хазіреті ғана жалпы ғылымдар кеңесі арқылы және халықпен санаспай пәтуа шығару да серік қосу болып табылады. Ал Інжілде; «Ешкім сендерді амалын тауып алдап кетпесін. Себебі иеміз келер алдында адамдар Құдайдан безіп, Оған қарсы шығады және әділетсіздіктің қолдаушысы, кейін мүлде құритын кісі пайда болады. Ол Құдайға және Оның ұлылығын білдіретін нәрсеге (рух заңдылығы, аруаққа) бар нәрсеге қарсы (әули-әмбилерге) тұрып, өзін олардан жоғары қояды, тіпті Құдайдың киелі үйінде (мешіт, шіркеу) отырып алып, «мен құдаймын»(пірмін, ғалыммын) деп жариялайды. Ол кейін құритындардың бәрін күллі жамандақтармен тура жолдан адастырады. Себебі олар өздерін құтқаратын шындықты (аянды, уахи-батаны) жақсы көрмей, жүрегіне жолатпады. Сондықтан Құдай оларды өтірікке иланып, түзу жолдан оп-оңай адасатын қылып қояды. Сонымен шындыққа (аруаққа,батаға, уахиға) сенбей, әділетсіздікке құмартқандардың бәрі сотталатын болады.» Қазіргі қазақ дін ұстанымындағы болып жатқан рухани сүнетелуге қарсы жағдай інжіл тарихымен байланысты «уақиға» 75-сүреге жүректің тазаруына қарсылық яғни кезекті құран аяттарының уахи болып түсіндіріліп оқылуына парызшылар тарапынан қарсылықтың себебі де осы қиямет мезгілінің көрінуі болып табылады. Аятта; «Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет. (17) Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес. (18) Сосын оны түсіндіру Бізге міндет.(Өліктер арқылы көрсету, бата) (19) Жоқ олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсы көресіңдер. (20) Ақиреті тастап, қоясыңдар» (75-21) 21-санмен аяттарды түсіндіріп жүректер ашылып, бата, уахи түскенде дүниенің қызығын артық көріп, ақиретті еске алуға, зиратауға тиым саласыңдар, құр кітаптың біліміне ілесіп кетесіңдер деп ескертеді. Бұндай теріс ықпалдарға және адасуға себепті өз ұлттының тарихынан ажырататын яғни бүгінмен кешегінің арасына жік түсіретін ықпалды ілімдердің пайда болатынын ескертіп: «Кейбіреулердің басқа ілімдерді үйретулеріне және аңыздармен, ұлан-ғайыр шежірелермен шұғылдануына тиым сал. Бұлар сенім арқылы (аруақ) білінетін Құдайдың ісіне қызмет етудің орнына көп дау-жанжал тудырады. Осы бұйрықтың мақсаты-пәк жүрек, таза ар-ұждан мен шынайы сенімнен бастау алатын сүйіспеншілікті ояту. Кейбір адамдар бұлардан бас тартып, көп мылжыңдыққа түсіп кетеді, адасып кетті. Олар Тәурат (Құран) заңының (шариғаттың, мазһабтың) ұстаздары болғылары келеді, бірақ өз сөздерін де, табандылықпен пайымдап жүрген ілімдерін де өздері дұрыстап түсінбейді.» (Пауылдан хат; Елші істері) Осыдан екі мың жылдың тұсында болған уақиғалар қазақ жерінде дәл көшірмесі болып қайталанса, ал әлемде сол кездегі надандық пайымдауларға, арсыздық-ұятсыздық жалған тәңірлерге табынушылық онан да бетер ушығып тұр. Қазақтың жаратылыстан бері қаншама ұрпақтардың қаны да тері де сіңген аманат дінімізді Алланың ақ үйіне кіріп алған теріс пиғылды, пейілі тар кісілер үкімет, ел басқарушылырының сеніміне кіріп алды да халқыңның дінін соттап, отанынан (көк несібесі) шығарып, арап елінің отанына жалғап, жастардың жындануына себеп болғанын өздері енді ажырата алмай діңкелері құрып және ата заңға сынақтар келіп, енді мойындауға жалған тәңірлерінен ұялып, жүректеріндегі кіріп алған қыңырлықтары халық тағдырынан жоғары болып тұр. «Бүлінген елден бүлдіргі де алма!» деген аталар аманатын тәрк еттік. Әліде сол «құдайларының» ырқынан шығуға қорыққан баспасөз майталмандары да, көгілдір терезе мамандары да бұрынғы әдеттерінен арыла алмай, әсіресе «Алматы» каналы құранды мазақтаған хабарларды таратудан бас тартар емес: «Халық әлі зиратауын доғарар емес» деп, енді көрсете –көрсете жауыр болған бейне таспаны КТК-арнасына беріп, зиратшылырдың ішінен әйтеуір бір осы халықтың ызасын келтіреді-ау деген көрнісін түсіріп алып, жүрегі ата-баба салт-дәстүріне бұрыла бастағандарды қайтадан шайтанның азғыруына жол ашқан көрністерді қайталаудан жалығар емес. Жүргізушінің «Астарлы ақиқат» деп атаған бағдарламаның өзі ақиқатқа қарсымыз яғни шайтан сөзі деген ұғымды береді. Ақиқатта яғни шындықта-Құдайда астар болады дегенді кім қандай жалған пайғамбар ойлап шығарды? Ақиқатта емес ақиқатты түсіндіретін насихатта астарлы сөз болады. Ақиқат әлем халқына кәпірге де ортақ ашық мұғжиза, көрніс, уахи тек оны құлағы созылып, жүрегі мөрленгендер ғана естіп, біліп көріп түсіне алмайды. «Хижап кисе де сектадан құтыла алмады»деп өзінің бұтын ашып, халықа к..н көрсетіп, шайтанды бейнелеп, шашын жайған ата дініңді мазақтағанан ақылы сау халықтың қарғысы түгіл, жаратқанның лағнеті осы бейнені ұйымдастырған басшылардың да басына түскеніне жуық арада орындалуы айқын және куә болатындарыңызға құран ұстап ант беруге тұрады. Астананның 20-жылдық мерекесінде жүргізуші әйелдің «Біздер әркім өздерінше көптеген құлайларына табынса да, мақсатымыз бір» деген сөзінен мәдениет саласының басшыларының, мамандарының құдайсыздығы мен елді апатқа, зұлымдыққа азғарған философия мектебіміздің надандықтарының көрнісі деуден басқа уәжіміз жоқ. Ал зиратау яғни хаж адам баласының көктегі үйі отанымен және жер бетінбегі ділінің қазығы «ОПА»-сымен Тәурат үкімдеріне байланысты болып, ал қажылық бір рет хажбен ғана жасалатын 29- шы санды орындағы зиярат болып, ал қалған 21-ін ұмыттыруға тырысқан мұндайларды әзәзіл шайтанның көмекшілері, «отан ыстық ойпаттарын» мазаққа айналдырып, отанын сатқан опасыздар деп айтқанан басқа амал жоқ. Және «Жұртты қажыға апарып жүр болмаса да ол парыз.» деген Абай атамыздың өсиетін және құрандағы «Әли-Ғымыран» сүресінің 97-аятындағы «.. Оның жолына шамасы келген кісілер, Алла үшін Қағбаны зират ету керек…» деп адам баласының кісілікке (аян сырына) Ыбырайым пайғамбардан шақыру хабар алуға жеткен яғни өмірдің ыстық суығын көріп, батамен жүрегін тазартып 75-ші сүрені меңгеріп, даналыққа жетіп 76-шы сүреден хабар алған сүйген құлдарына ескерткен аятты «Қажылық жасау парыз» деп Рабымыздың аяттарын мазақ қылған Алматы теле арнасының; «бес парыз» бағдарламасында, ой жорыған, жалған тәңірге табынуды уағыздайтын хабарлар нақты дәлел бола алады. Өтірікшінің куәсы қасында жүреді дегендей осы қазаққа танымал атақты дін ғалымы деп, куәлікке дәлелдеуге шақырып, өздерін ғана халықтың алдында дана етіп көрсетуге тырысқан Аллаға ашық жала қойғаннан, теңдес жасау әрекеттерінен ел басқарушылырының діни сауатылығы қарапайым халықтан әлде қайда төмен және азғырылуға, адам жейтін аюлардың тұзағына түскені деп біліңіз. «Берген бе тәңірім саған өзге туыс?(арапты) Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс.(өзге елге пайғамбар келіп дін үкімі түспегендей) Шарықтап шартараптан көңіл сорлы Таппаған бір тиянақ не еткен қуыс?..Ақылдың жетпеген арман емес, Құмарсыз құр мүлгуге (намаз оқу) тоя алмаймын. Мекен (отан) берген, халық қылған ол ләмәкән? Түп иесін көксемей бола ма екен?..Дүниеге дос, ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей боп орныға алмас. Дүниеге ынтық, машғарға (ақиретке, өлілерге) амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.» Осындай қарапайым ашық аяттарды көркем сөзбен өрнектеген Абайын, Шәкәрімін оқып түсіне де алмаған философ, теолог, дін ғалымдарының Құраның терең сырлы және хикметі арқылы сөз астарын киелі жерлерді «ойпаттарды» аралап, «ОПА»-сын аямен көруге болатындығынан хабар болмай Құдайын соттаған, серік қосып, Аллаға ортақ қосып зор зұлымдық жасаған заңгерлер, діншілер қалай теологиялық сараптама жасап, «Ясауи» атты топтың басшыларын әдейі кісі өлтіргендей жазамен соттап, өздерінің кісі (бейнеленген аяндарды, аяттарды) өлтірушіге айналып, өздері қазған орға құлайын деп тұрғанын сезіп, білетін де емес. Әділдік болмаған жерде дін де, дұрыс сөзде, ата заңда жоқ! Сөзі дұрыс емес елдің, дін дұрыс болып жынданудан, мақтан мастықтан аман қалуы мүмкін емес! Ал жын дегенімізде періштелер болып оны «Әліф» деп атап мыңмен белгілеген. Сондықтан әліптің артын бағу үшін Абай атамыз осындай бұзық сөздерді түзеп, жақсымен жаманды айрып, қарттықты меңгеріп барып қажы бол!-деп; «Жұртым деуге арлымын, өзге жұртан ұялып. Барымта мен партия-Бәрі мастық, жұр құмар. Сыпыра елірме, сұрқия, Көп пияншік нені ұғар? Татулықты, тыныштықты Қоңыр көрер, кем көрер. Ұрлық пенен қулықты Қызық көрер, өңі енер. Мұндай елден бойың тарт, Мен қажыдым, сен қажы! Айтып-айтып өтті қарт, Көнбеді жұр, не лажы?» «Талай сөз бұрын көп айтқанмын, Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын Ақылдылар арланып ұялған соң, Ойланып түзеле ме деп айтқанмын» Сөздің нәрін түсінбей қалай махабат таппақсың, ал махаббатыңды әуелі досыңнан ақиреттен ізде деп ескертеді. «Махаббатсыз дүние дос-хайуанға оны қосыңдар, Қызықтан өзге қалсаң бос, Қатының, балаң, досың бар. Жүрегі жұмсақ білген құл Шын дос таппай (әулие-пір) тыншымас, Пайда, мақтан –бәрі тұл, Доссыз ауыз тұшымас.» Досың дәмі екі ерніңмен, екі көзіңмен белгіленген екі жолың және «Алтауың ( жұбайыңның, өзіңнің екі үш жұртың) араз болса, ауыздағың кетеді» деп ескертеді. Бұл жолдың белгісін Майлықожа атамыз; « Алла берді екі жол Бірі оңда, бірі сол. Ойланыңдар, бауырлар! Дүние қысқа, ақырет мол». Абай атамыз; «Сөзімде жаз бар шыбынсыз, Тыңдаушымды ұғымсыз Қылып Тәңірім берген-ді. Осы жасқа келгенше, Өршеленіп өлгенше, Таба алмадық бір адам Біздің сөзге ергенді. Өмірдің өрін тауысып, Білімсізбен алысып, Шықтық міне белге енді. Енді аяңда, жығылма, Сыймас жерге тығылма..» «Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен (жынмен)жалғыз алыстым, кінә қойма!.. Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті, Сен есірке, тыныш ұйқтат, бақ сөзімді». «Ал сөз түзелді, енді сенде түзел қазағым» деп Шәкәрімдей ғұлама шәкіртіне қалғанын «Лам мен Мим»-ін жетілдіруін табыстап, біздерге қойын бағуын аманаттап қалдырыпты. Бүгінгі шынымыз, қойымыз, «Ләм миміміз» түгіл кешегі шын әліптің артың бағуды, аталарымыздың аманатын ұмытып мекенінде, отанында тыныш жатқызбай, қызық көретін мұражайға айналдырып, басына барып зиратаудың орнына, жалаңаш, жалаң бас баларды жинап алып, басына мініп, қаңқылдап ән салып, ал әулиелігін мойындамақ түгіл, қалдырған асыл мұраларын зертеп білмей алыстан сермеп, діншілерімізге, философ жазғыш, айтқыштарымызға мазаққа айналдыруға беріп қойдық. «Бұрын шын бар, бүгін шын Ертең шын бар- үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың Бұзылмайтын шын керек! Шын махаббат қылуға Шын сабырың жетер ме? Көрінген әрбір сұлуға (жалған тәңірге табыну, ойдың бұзылуы) Көңілің толқып кете ме? Олай болса таза ақыл, Әулиелік сенде жоқ. Баянсызға бәрі құл Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықтың Қасиетін былғайсың. Қызығын қылып жастықтың Бір қалыпта тұрмайсың Әлде сайтан, әлде жын, Бірін тастап, бірін мін. Адам емес, айуансың, Неге тұрсың, сен де шын?!» (Шәкәрәм ата) Егер әділеттілігің болмай, 5-күнің түгіл үш-күніңді тарихыңды білмей, өзге жұртың қызығын қуып өз отаныңа көгіңе жалғанбаған қандай дін, ондай жерде сенде шын жоқ жынмен сайтан ғана бар, екеуін кезек мініп еліңді жынды сөздермен азғыр, азғыр! Егер әділеттілік болып құран насихатымен таразылап өлшесек, аруағын әулиесін қорлаған бар муфтиятық, мазһабтық және жалпы аруаққа қарсы шығып дінін сотауға берген қазақтың діншілеріне, заңшыларына ату жазасын беруге болады, ал ясауи тобының ғылыми пікірталастың болмағанынан сүрінген, жаңылған діни істерін 9-14 жыл жазаға кесілсе, онда алдағы дәлелденетін нақты құраннан ақпаратқа жүгінсек, мүфтият ғалымдары мен хазірететін, бүкіл ислам шейхтарымен қосып, мәңгілікке соттау керек болады. Керейхан атамызбен, Жәнібек сұлтан атамыздың әділеттің хан жамбысын ортаға тастап қазақ деп алғашқы рет ұран қылып көтеріп, осындай азғындыққа түсірген қызылбастан, арап жұртынан келген және солардың соңына ерген алаштан тараған ұрпақтарды, туысқан, туған ағаң болса да қарнын жарып өлтіріңдер деп бұйрық беріп, діннің әділдігін күшпен орнатып, дін сатқындарын қызыл теңізге дейін қуып барып, кешірім сұратып енді келместей уәдесін алып, қылышын қызыл теңізге тастаған екен. Құдай үшін үкім шығарудан аулақпыз, бірақ әрбір істің нәтижеленетін мезгілі келді, бабаларымыздың асыл сөзін қаптан жарыққа шығарып, ұғатын құлағы, көкірегінде сәулесі бар азаматтарға және халыққа таратсақ құдайдың үкімі де надандардың басында алмас қылыштай жарқылдап, әулиелер батасы найзадай өкпелеріне қадалып, азған ойдан пайда болған қанды сасық іріңдерінің сыртқа шығарып, әділдіктің ақ туы астанада ақ орданың үстіне тігілетін уақытың да мезгілі таяғанын қазақ елі емес қазақ әулие-әмбилерінің мұғжиза кереметерінің көрініп, оны әлем халқы біліп, жақында түсінетін болады.