Мұса пайғамбардың заманында бір патша перзентке зар болып, Аллаға жылда жалбарынады екен. Бірақ оған Алла перзент жазбапты.
Аяңдай Тор тауына келді Мұса,
Тоқсан ауыз сөз айтты енді Мұса.
«Бұл құлың сізге зарлық етер тілеп,
Бір ұл берсең нетеді?»-дейді Мұса.
Құдайым пайғамбарға берді жауап,
«Мені ойласа, тапқаны оның сауап.
Бір ұл бердім енді оған, Мұса,
Өмірі үш күн болар оның бірақ».
***
Мұса қайтты тәңірмен сөйлесіп сөз,
Алдынан тағы патша жолықты кез.
«Бір бала берді,-дейді,-сізге Алла
Өмірі қысқа-үш күнде алады тез»
«Шын ба екен естігенім осы сөзің,
Перзент деп сарғайды менің жүзім.
Бергені маған бала рас болса,
Бермеспін оны қайтып құдайға өзім.»
***
Падиша бұл сөзімен келді үйіне,
Бір қиял түсіп оның және ойына.
Халқын жинап падиша той қылады,
Келеді көп халайық бұл тойына.
Той қылап қазынаның кілтін ашты,
Ғаріпке, мүсәпірмен қайыр шашты.
Бір кезде ханымы да буаз болды,
Падишаның мұны көріп көңілі тасты.
***
Күнде есіктен кетпейді көп халайық,
Жатады ғаріп-мүскін алтын алып.
Тоғыз ай, он күн тамам болған шақта,
Ханымнан туды айдай боп бала ғаріп.
Әкеліп Мұсаға да тағам қойды,
Бір бала қызмет етіп алдында жүр
Пайғамбар мұны көріп ойлайды енді,
Баланың падишаның енді білді.
***
Аяңдап Тор тауына келеді енді,
«Не себепті бұл жеті жасқа келді?»
Деп сауал бір аллаға береді енді.
«Айтады мұнше неге жасы ұзақ,
Айтып едің өмірі үш-ақ күн-ақ.
Пенде өтірік айтса егер, Алла тағалам,
Айтасың орның дозақ, қатты ғазап.
Келіпті патша ұлы жеті жасқа,
Деп едің үш күн өмір әуел баста.
***
Я, раббым өтірік сөз сіз айтсаңыз,
Жалған сөз неғып айтпас сізден басқа?!»
Құдайым пайғамбарға жауап берді,
«Ей Мұса, жауабым тұр тыңдап деді.
Садақа қайырымен ол падиша,
Зияда үлкен сауап тапқан деді.
Естігеннен ол патша той қылып жүр,
Шығарды садақамен патша көп пұл.
Әр адам ұлының өмірін тілеуші еді,
Көп тілеумен өмірі ұзарған сол!