Тарихат-төртеуді түгелдеу, масһаб- шариғат білімі, бағдар.

«Оқуың, дінің дағдың көп, Не бір білгіш айтқан деп, Кетпесін сол жетелеп, Жарамас өйтіп ой көму. Ақылыңа ұстат қол, Тура апарар сені сол. Жардың жолы қиын жол: Шытырман тоғай, қалың ну!» ( Хазіреті Шәкәрім сопы).

«Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген аталар аманатының астарында адам баласының тал бесіктен жер бесікке кіргенше өмірінің барлық саласын қамтиды. Ғылымда да бесінші нүктені табу сол арқылы қандай да жаратылыс нәрселерің ақпартты басқарылуын қамтамасыз етуге болатынын дәлелдейді. Бесінші сан Әл Фараби атамызға дейінгі уақыттарда қауіпті, теріс «магиялық» әсері бар деп көп ғалымдар бұл саннан айналып өтуге тырысқан. Әл-Фараби атамыз осы бесінші санды музыкаға да ғылымға да толық енгізіп дәлелдеп шыққан. Оған болашақта арнаулы тақырып арнауымыз сөзсіз. Енді жер бетіндегі 4 пен 5-тің қатынасынан арналған Мысыр мұнаралары дәлел бола алады. Төрт мұнараның 4-қабырғаларының бесінші нүктелерінің аспан сайрандарымен байланысып және салынып жатқан 5-ші мұнараның құлатылып тек 27-метірлік адам бейнесіндегі арыстанның қалдырылуы осы бесінші күш қуат және патшалықтың, биліктің жер бетінің халифалығын бейнесін көрсетеді. Сондықтан құрандағы әрбір сүрелердің аттарына, сандардың мәндеріне байланысты жасырын құпия сырлары бар. Адам баласының бүкіл жаратылыс басы да тіршіліктік несібе азығы 24-сүре «Нұр»-ға тәуеді. Барлық іс әрекеттеріміз, құлшылық намазымыз, өліміміз, ақиретте сұралуымыз осы нұр сүресімен нәтижеленіп өлшенеді. Сондықтан адам баласының тағдырына жазылған 4-сөз 24 санымен беріліп, осы 24-санын қалай толықтырып отыруына байланысты тіршілік тағдырының себептері белгіленіп отырады. 24 санының 20х4=80 періштенің адам баласына қызметке берілгендігін көрсетеді. Бұл белгі сол қол алақанында 80+1 болып, жер бетіндегі түсірлген бар пайғамбарлар санын береді. Енді құранда; «Лат пен Ғұззаны көрдіңдер ме? (19) Үшінші басқа Менатты? (20) Еркек сендердікі де ұрғашы Алланыкі ме? (21) Онда бұл, орынсыз бөліс.» (53-22) деп ескертуінде адам баласының рухы мен жанында қыз және еркек періштенің бірдей болатынын ескерткен. Ал, 22-санымен енді осы 4-періште тағдыр жазуының белгісін көрсетеді. « Патша: -Көп пе, үй ішіндеге адамдарың? —Екі ұлым, екі қызым бар. –Олай болса, артық көп емес екен. Сен тапқан ақшаңды не орынға жұмсайсың? –Мен тапқанымды үшке бөлемін. Бір бөлімін борышыма беремін. Бір бөлімін қарызға беремін. Бір бөлімін суға тастаймын. Патша ойлайды-ойлайды таба алмайды да: -Бұл не деген сөз; борышыма беремін, қарызға беремін, суға тастаймын деген? Мұжық: -Борышыма беремін дегенім-әке шешемді асыраймын.(құрбан шалу, құран бағыштау) Қарызға беремін дегенім-ұлдарымды тәрбиелеймін.(рухты меңгеру) Суға тастаймын дегенім-қыздарымды өсіремін(жанды жетілдіру) Патша айтады:-Нендей ақылды бас.» Құранда ескерткен «адам баласы» деген ұғым неке арқылды еркек, әйелдің ортақ өнімі емес әрбір пенденің өнімі періштесі екі ұл, екі қыз болатынын және ата-ана періштелерінен беретін борышын «бодау төлеу» деп атаған. Адам баласының мейлі еркек мейлі әйел болсын екі көзі екі қыз, екі құлақ ұл болып табылады. Және адам тәніндегі «гормон» яғни үндік, әуездік қабілеттері де осы мүшелерге тәуелді. Қыз құлақты еректер ойсыз, мінезі» де қыз сияқты боласа, керісінше ерекек құлақты әйелдерде еркек мінезді болып келеді. Көздің жаратылуына қарай бадырақ көз еректердің де қыз сияқты үркек болып келетіні де, еркек көзді қыздардың да керісінше еркек мінезді болуы да көп кездеседі. Бірақ осы жаратылыс ерекшеліктерін өз жыныстық қабілетімен сәйкестендіріп, тәрбиелеу ұлтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтауға тікелей тәуелді және төбеден келетін, бейнеленетін бесінші періштенің сипатына естіліктің нәтижесі де тәуелді болады. Сондықтан аталарымыз; «Ой анасы құлақ, су анасы бұлақ, жол анасы тұяқ» деп мақалдаған. Ұл бала естуші, қыз бала көруші. «Қатын қағыс естіп, еркек түйені де көрмей» өтетініміз сондықтан. Абай атамыз; «Күшік асырап, ит еттім, Ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, Ол мерген болды, мені атты.» Ұл періштеңді ит қылып, қыз періштеге еркектің ісін үйретсең артынан жаның жаралы болар деп ескертеді. «Қара қатын дегенге, қара қатын, Үзіп-жұлып алып жүр қанағатын. Ала жаздай байың кеп бір жатпайды, Қазақтың не қыласың шариғатын.» Нәпсіні «қара қатынды» тәрбиелеу некелі адам жар, ерлі-зайыпты өмірдің мәні шариғатың басты талабы екенін, 62-санымен, ортақ өнім ұрпақ сабақтастықтың, қанды тазартудың маңыздылығын ескертеді. Сондықтан әрбір жер бетіне келген пенде енді құранның 20-шы сүресіне дейінгі аяттармен белгіленіп, туған күніне, жылына, айына және қойылған атының, ныспысының таңбалық сан мәндерін қатысты 4-аятты періштесін еншілеп, нұр сүресінен өз белгісін алып, бесінші ата-анаға бодау төлеу арқылы төбеден келетін кітабын «бірін» түгелдеп отыру шариғат талабы болу шарт. Әрбір ұлттың өздерінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрі осы 24-ші сүренің кітабы болып, тәрбиемен оқылып ер жетіп, бой жетіп өз жүзін толықтыруды шариғат тағаты деп атаймыз. Және бұл әрекеттердің бәрі 11-санымен басқарылып нәтижеленіп отырады. Енді алдығы басылымдағы патшаның орман ішінде адасып ағаш шауып жүрген мұжықтан жол сұрап; «әуелі тура жүресің сосын, оңға тағы оңға сосын солға» деген нұсқауы осы шариғаттан қалай жол тауып масһабыңды алып орманан яғни тура жолыңа, көктегі еліңе халқыңа қосылуды астарлы түрде көрсеткен. Әрбір адам баласы өз ұлтына сай әуелі тура жүріп төртеуін төрт парызын түгелдеп, шариғатын ұлтық кітабын нұрын қалыптастыру керек. Солдан оңға қарай оң бағыт болып, 24-сүре 42-санын беріп әрбір адам өз 42-сін меңгерумен 23-ші сүре 32-ге яғни сәждеге айналып, Алла үкімдерін орындаумен, 22-сүрені хажды меңгерумен, зираттаумен тарихыңа жалғанып; 42+32+22=96-ға толтырып қалған төртеу некемен жұбайыңмен тату-тәтті өмір сүріп, өмірге ұрпақ әкеліп мұсылмандық қарыздарды өтеумен 100-ге толтырып барып қалған екі жүзді меңгеруге жол ашылады. Осы ерекшелікті Абай атамыз; «Әй қайдам, 100-қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой» деп қазақтың шариғатында қалай орындауын білмей адасатынын уайым қылған. Бұл мұсылмандықтың 4-парызы және бесінші қарызымен 25-сүрені яғни солға қарай бағытты аламыз. Пайғамбарымыздың «Адам денесінде 100-бұлшық ет бар, соның біреуі басқарушы» деп ескерткен өсиетіндегі тәндегі 100-бұлшық ет пен жүректі меңгеру, сананы қалыптастыруды тәнің сүнетелуін айтамыз. «Үш күн арқаң босаса, Бола қалдың бас асау… Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау… Жетілсеңде, жетсеңде, Керек күні бір бар-ау.» Абай атамыз осы 100 меңгергендердің өздерін «намазхан, сопы, тақуа» атап бесеуіңмен, алтыңды қалай түгендейсің, бәрібір ақиреттеде, тіршілікте де алдыңнан шығады деп ескертеді. Шәкәрім атамыз шариғатты меңгеруді; «Бойың жалдап қор болма, ойың жалда, Түк өнбес алты ай жүріп алған қойдан. Онан да өнер үйрен тек жүрсең де, Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсеңде. Өнер білсең-он күнде жүзді аласың, Басында пайда алмай-ақ көп жүрсеңде…Аз ойна да, көп ойла, осынымды ұқ, Өкінбе жастық бойдан серілгенде.» Адам тәніндегі басты қозғалыс негізі 100-бұлшық еттің басқарушысы жүректің тазаруы, қалған 99-ның тазалығына тәуелді болып, сондықтан өзіңдегі 5-күнге, сыртан 5-қуатты бой жалдап, намаз оқып, сопылық қуып емес тек өнерді меңгеру арқылы нәтиже беретінін ескертеді. Сондықтан осы өнерді меңгерудің нәтижесі, насихаты; 25-ші сүре қанның тазалығымен құлшылық істерінің яғни намаздарды толық орындаумен, бойды меңгеріп қалыптасуымен бастың тазарумен төбемен толық жалғануымен байланысты болып; «Қартайып тозған Бой денең, -Айрылман өлмей сенен. Мида жоқ бұзық қан. Ақылың таза, Не себептен боласың Ойды бұзып. Күдер үзіп наза?.. Толғанып, Сынға алып, Танығын тастап, Анықталған хақиқат Тура жолға салушы еді-ау бастап.» «Ғылымға қанағатсыз болу керек, Бес түгіл разы болмай алтыға да.» деп атамыз шариғатың базарынан төртеуіңді түгелдеп, бесіңді үлесіңді алып тарихыңнан, тарихаттан хақиқатты анықтап тура жолға түсуді ескертеді. Бестің базары 25-сүренің жұбы 52-ші сүре болып «Тұр» сүресін қалай алуды Шәкәрім атамыз; «Қырық жылдан өтіп жасым, Ақылым болды сырласым. Отыз жылдық замандасым, Иманым-басшы жолдасым. Оқи алмай ғылым тілін, Тұман болып жарық күнім, Қасықпен аршыдым жылым, Не көрмеді ғарып басым. Әлемді ойлап кездім, Перевод малтасын ездім. Жарымның сәулесін сездім. Моланың ақтарып тасын. Қабірден шықты көп нұрлар, Нұры өлшеусіз сұлу бір жар: «Деме-деді-ғылымым тар,-Ерінбесең, мені аласың…».

Құран-рұх-иман-кітап-кісі.

«Мұхаммед сондай саған біз уахи еткен Құран, ол хақ. Алдыңғыны растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. (31) Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағандарымызға мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет» (35-32) 35-кітап 45 аяттан тұратын елшілік құраны Мұхаммед пайғамбарымызға уахи-батамен берілген кітапты яғни пайғамбарымызға берілген құранның насихатын түсіндіретін ғылым кітабын пайғамбарымыз өмірден өткенен кейін де тура жолды көрсететін кітап болып, бұл сүренің 32 амалын орындау арқылы кейбіреулерінің осы аяттың білімі сәждені ғана орындау арқылы дінің ортасын ұстап, ал кейбіреулері оны теріске алып, өзіне кесірін тигізіп меңгере алмайтынын ескертеді. Енді ортада болушылар; 35+32=67-ші кітапты меңгерушілер болып көктер мүлкімен байланыс кітабы Ыбырайым жолын ұстанып, бірақ толық меңгермегендіктен тек діннің білім жолын ұстанушылыр яғни қазіргі масһабшы, сопы, «мұсқаб» ұстанушы бұрынғы сахабалар, табиғиндар мен дін ғалымдарының өздері таңдағандарының соңынан еріп, сопылық, тақуалық жолдамыз деп көбі тура жолдың қисығын ұстанушылар болып табылады табылады. Тақуалық жолға түсіп тура жолды іздемейді керісінше тура жолға түсіп барып тақуалық, сабырлық қасиеттерді меңгереді. Ислам діншілерінің де муфтиятық бауырларымыздың да ең басты қателігі осында тұр. Енді сандардың сүремен байланысын ғылымынан жүгінсек 32-ші аят 23-ші сүренің 35-ші сүреге қосылуын осы екі аралықты яғни оңға қарай 12-сүрені меңгеріп, жүріп өтуді меңзейді. Ал жалпы пайғамбарымызға түсіндірілген құран насихатын яғни алдыңғы кітаптардың да үгітін толық қамтып білімінің меңгеру үшін жоғарыдағы 23-сүреге дейін меңгеру мен бірге 35-ші сүренің барлық аят саны 45-ке 35+45=80 санымен яғни тағы оңға қарай 8-ші сүреге дейін 23-8=15-сүрені қосымша меңгеру яғни жүріп өту керек. Бірақ әрбір дінді меңгерушілердің 24-сүреге дейінгі аралықтағы сүрелерден белгілі аят сандарынан бір үлесін алу арқылы шариғат базарынан «Нұр» сүресінен өз нұрын алу шарт. Ол енді Алланың кеңшілігі рахметі деп аталады. «Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхеметі болмаса, Рас Алла өте жұмсақ, ерекше мейрімді.» (24-20) Рас Алла деп әрбір үмметке жіберілген пайғамбарлары яғни Алланың ең жақын сүйікті құлдары арқылы көрсетілген нұсқаулармен, рухани дәлелдермен берілген кітаптарды ескертеді. Сондықтан Мұхаммедтің үмметімін деген әрбір мұсылманға тура жолына бағыт, ұлықсат алу пайғамбарымыздың шапағаты арқылы яғни аян арқылы кездесіп, пайғамбарымыздан тікелей батасын алу керек. «Ол, өте жұмсақ мейрімді!» Бұл жағдай сөз өнерін, асатарлы сөздерді және мінездің алты сатысын толық меңгеріп; Алтауды араздастырмағандар, «жер емшегімен, шал емшегін» толық емген құлдары үшін; «Кітап бергендер, оны (Мұхаммедті) ұлдарын танығандай таниды. Сондай өздеріне зиян еткендер, олар сенбейді.» (6-20) Ал ұлдарын тану дегеніміз дүниелік қатыныңның туып береген балаң емес, рухани өміріңдегі нәпсіңмен, жыныңды мінезіңді қоса тәрбиелеп шығарған періште балаң иманыңды ескертеді. Иманыңды тану үшін немесе адасып кеткен ұлыңды табу үшін түс ғылымын меңгеру шарт! Пайғамбарымыздан; «Мені түсінде көрсе, шын мәнінде көреді, ал шайтан менің бейнеме кіре алмайды» (2085-аят). Енді бұл хадистің екілік жүйедегі мәні 15 санын беріп жоғарыдағы 15-сүрені ескертіп тұрғанын білуге болады. Ал пайғамбарымыздың исламды толықтырған негізгі сүресі «Бақара» болып; «Біз өзіне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтірген. Кім кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер.» (2-121). Екілік жүйеде бұл кітап әрбір тура жолға түсірілген мүміннің ортақ кітабы 31, 13 сүрелер, кітаптары болып табылады. 13-ші сүре 13-түрлі қасиеттерді меңгеру мен әулиелік сатыларды иманды, ізгілікті істерді толық меңгеріп тақуалық, сабырлықтың шыңына шығу боса, 31-сүре «Лұқман» емшілік, даналық, пайғамбарлық қасиеттерді толық меңгеру болып есептеледі. Бұл есептік жүйемен әулиеліктің, әмбилік мұғижалармен, бақсылық істерді меңгергендер Алланың сүйікті құлдары, достары яғни «құл қожалар» деп аталады. Оған себеп бұл қағидалар тура жолға түсірудің пайғамбарымызға және үмметтерге берілген ортақ кітаптардан үлес алу болса, енді құран ішінде пайғамбарымызға және құран түсірілгенге дейін келген пайғамбарларға берілген мұғжиза,жасырын ғылым кітаптары да бар. Сол көмес жасырын кітаптарға жалғанып, өзінің жеке үлесіңді, несібесібеңді кеңітудің шарты яғни бұрынғы надандық дәуірлерде тек керемет істер арқылы көрсетілген кітаптардың егелеріне, сүйікті Алланың достарына иманыңды жалғану арқылы енді олардың нақты сан ғылымын, білімін алып оны сөзге, насихатқа және адам жан сырының құпияларын, емшілік шипалары меңгеру арқылы көрінеді. Демек әрбір мұсылманның дін жолында іздену еңбегің арқасында Алланың сүйікті құлы «қожа» болу әрбір пендеге ортақ нәсіп болып есептеледі. Ал мен туғанан қожа болып немесе, қожа руынанмын дегеннің өзі Аллаға серік қосып, құран аяттарына, кітаптарға күдіксіз ортақ қосып өзіне зұлымдық жасау болып есептеледі. Оған себеп, егер қожамын десең онда жаратқанан алған жеке кітабың дәлел, хикметерің болып және оны іс жүзіне асыра білген құл қожа- мүміннің көрсететін кереметтері мен ғылымы да қоса болу шарт. Сондықтан аятта; «Кімге ғылым берілсе, онда оған мол игілік берілді» деп ескерткен де ал ғылым берілу көп кітапты талғамсыз оқып білімді аталу емес, онымен қоса Алладан түсетін құпия аяттарды аянмен көріп, уахи-батамен естіп, алған жинаған біліміңнің ақ-қарасын ажыратып, екшеп, салыстыра отыра құран аятарының құпия сырларын меңгеру деп біліңіз. Сондықтан аятта; «Мұхаммед: осылайша саған кітап түсірдік. Сондықтан өздеріне кітап берілгендер оған сенеді. Және осылардан ( араптар??) оған сенетіндер бар. Аяттарымызға кәпірлер ғана қарсы келеді (47) Сен бұдан бұрын бір кітап оқымаған едің де оны қолыңмен жазбаған едің. Егер ондай болса еді, әрине бұзықтар күдіктенер еді. (48) Олай емес. Негізінде Құран, өздеріне ғылым берілгендердің көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді. (29-49) Бұл аяттан пайғамбарымызға ғылым жеке кітап болып аян, уахи-батамен оқылғанын және оның бұрынғы түсірілген кітаптармен және өзге елдердің дін істерімен, ғұрыптарымен сәйкестік болып бірақ пайғамбарымызға жаратқаннан берілген екеніне дәлел пайғамбарымыздың сауатсыз және арап тілінен басқа тілді білмеуімен көрінеді және білімділіктің белгісі көңілдің кеңдігінде тазалығында болатынын ескертеді. Бұл аяттардың түсуіне негізгі себеп сақтардың тікелей ұрпақтарының Укаша сахаба басшы болып «Ізбөрі, Бестаңба» кітабының көшірмесін апарып көрсетіп таныстыруымен және оған дейін пайғабарымыздың келтірген хадис-аят, араптарға үйреткен сүннетерімен сәйкес келуімен араптардың имандарының бекуіне хақиқаттың ақталуына үлкен негіз болған. Енді аят ішіндегі тәпсіршілердің осылардың деген сөздің жақша ішіндегі (араптар) деп аудармашының түсіндірмесіне қосымша сөздегі сұрау белгісін қойған себебім, бұл ұғым аяттың сандық мәнімен мүлде сәйкес келмейді. Жалпы арап халықтарына арап тілімен ортақ кітап 104-ші болып арап елдеріне ескертулер болса ал құрайыштарға, Меккеліктеге 43;143 санды аятармен ғана осылардан (араптардан) деп түсіндірілуі керек. Ал 47; 147 санды аяттар негізінен түріктердің номадтық нәсілдеріне-(47) оның негізі қазақ елі біздер болып құранда түсіндіріледі. Мұхаммед пайғамбарымыздың құрандағы меншікті сүресінің өзі 47;74 ал екілік жүйеге қайта түрлендірсек 11-сүре «ҺҰТ-аб» болып Мәдінің (Мағди) сипатын Нұхтың ұрпағы Алты алаштың негізгі пайғамбарын көрсетеді. Олай болса ғылым берілгендерге кімдерді жатқызу керек екенін ақылыңызды еркіне жіберіп, аяттарды санап және ойлап көріңіз?

Ғылым берілу және даналық негіздері.

Қазақ еліне келген құранда арнаулы кітаптармен көрсетілген пайғамбарларымыз; Һұд, Юныс, Юсып, Ыбырайым, және Лұқман елші болып 31,14,12,11,10-сүрелер біздердің ата бабаларымыздың шежіресі мен дінінің негіздері болып есептеледі. Қазақ елі үшін әуелі 31-сүре қырыққа толған даналықтан оң бағытқа қарай тура жолдың нәтижесі Бақара сүресіне жалғанамыз. Бірақ оның да адам баласының білімділігі қасиетілігі және туғанан берілген кітап сандарынга қарай белгілі жүретін жолдары бар. Негізінен 24-сүреден нұрымызды алып әркім дінді меңгеру барысында құранан өз кітабы арқылы қалған сүрелерді меңгеру керек. Оған кейін жалпы құлшылық түсініктерін бере жатармыз әуелі жоғарыда жазылған періштелік кітапты 35-сүре 32-аят арқылы меңгерген және 45-аятын толық меңгеру арқылы құран ғылымын меңгерен Абай-Шәкәрім атамыздың алған құран насихатын зертеп көрейік. Абай атамыз 45-аятты толығымен қара сөзбен өрнектеп және 23-сүре мүміндікті қалыптастыруды 223-аят өлеңмен өрнектеп көрсеткенін, осы уақытқа дейін бірде-бір дінші немесе ғалым біле білмейміз. Оған себеп құранның аудармасын қазақшасын оқып зертемей діншілердің арапшадан өздері аудармалаған шала тәпсірінің кесірі бүкіл сауатты қазақты алжастырған себебінен қазақи аңқаулығымыздан пайда болған. Құран сүрелері болсын, аяттары болсын тақ сандар ішкі құдайлық ақпараттар болып, ал жұп сандық мәндер сырқы жаратушы себептік қуаттармен қосылу болып есептеледі. Сондықтан аятта; «Үш кісі сыбырласса төртінші Алла, бес кісі сыбырласса алтыншы Алла одан көп не аз..» деп ескерткен. Құрандағы әрбір сүрелердің орнына байланысты және оң солына байланысты екінші үшінші сандық мәндері шығып отырады. Мысалға 35-сүре солға қарай 53-ші сүренің де мәнін берсе, 11,22,33,44,55,66,77,88,99 санды сүрелер де аяттарда құранның тұрақты аяттардың дәрежеленетін асулары болып саналады. Бірақ бұл сандардың бәрінің негізі 11-санымен дәрежеленіп 11-санды аяттармен сүре бүкіл құранның қозғалысының негізін құрайды.Адам баласының несібе, рухани ризығы 24-санымен белгіленіп; 35-24=11 санының өзі осы аралықты меңгеруді яғни нұр сүресінің бір есігін айқындайды. 35+11=46;57;78;89;100-ге толтыру осы сандармен берілген сүрелерді меңгеруге тәуелді. Сол сияқты сүрелер ішіндегі 24 аралық белестер сопылық, тақуалықты меңгеру жолындағы негізгі кедергілер, сынақтар болып есептеледі; 24+24=48;72;96 санды сүрелердің «тарихат», «мағрипат», «ақиқат» деп аталуымен ішкі сырларын меңгеріп тағы төртеуді қосып түгелдеп 100-ге толтырумен сопылық жол деп атайды. Оны Ясауи бабамыз көрсетіп белгілеп кеткенімен, кейінен ислам сопылары құранан емес бұрынғы ұстаздардың еңбегінен, сахабалар істерінен іздеп бір-бірден таңдап алып, құдайдай ие тұтып 72-топқа бөліну себебі де осыдан шығады. Болашақта жеке-жеке сандар мәндерінің құпиясына тоқтала жатармыз, енді Абай атамыз бұл Алладан берілген мәрхамет кітабын толық меңгеріп жалпы қазаққа керекті тақуалықтың, даналықтың ғылым-білімді меңгерудің насихат құранын айқындап көрсеткен. Абай атамыз сыртқы бейнесін жазып, рухани сырын ашып сөзбен, өлеңмен бейнелесе, Шәкәрім атамыз ішкі жан сырын көрсетіп, сопылық жолдың белестерімен, құранның ғылымдық сырларын тереңдеп түсіндіріп, кейде Абай атамыздың көрсеткен құпия ішкі сырларының сыртқы бейнесін немесе қарам-қарсы жақтарын көрсетіп отырған. Бұндай ақпарттың сырын ашу үшін Шәкәрім атамыздың еңбегін құран аяттарының мәнімен санмен белгілеп шығып, құран аяттарының сандық құпияларын ортасын тауып, екі кітаппен біріктіріп оқып көрсеңіз ғана толық қанды құранның қазақша тәпсірі пайда болады. Ғылым келумен тура жолды өз заманына сай толық меңгерудің нақты көрнісін ислам елі де әлем халқыда болашақта қазақ философиясымен, психологиясынан нәр алары даусыз тек оған діншілеріміз, ғалымдарымыз, әкім қараларымыздың көздеріндегі бөренені алатын және мәдениетімізді қазақтың ұлттық шариғатымен достастырып, қауыштыруға ел басымыздың қожалығынан хабар келіп, арнаулы пәрмен болса деген арманымыз ғана бар ата-жолдық өгей баланың күйін кешкен қауымның. Аталарымыз қазақ шариғатын; «Батыр болар жігіттің көбеде болар жұмысы, Қызық көрер жігіттің Бүркітте болар жұмысы. Жаман болар жігіттің Жалаң аяқ, Жалаң бас Итте болар жұмысы. Би болатын жігіттің Төбеде болар жұмысы.» деп ескерткен әулиелігі қазақ басына өтіп жатқан жайы бар. Жалаң аяқ жалаң бас «намазхан» жастарымыздың иттері (жындары) тез жетіліп, енді елді талауды бастады. Байдалы шешен Абылайхан атамыз қайтыс болғанан кейін; —мені қинап тұрған бұл емес. Таққа ие болу-хандыққа ие болу! Еліме екі емшекті қабат емізсем дегенді ойлады. Бірақ сол Абылайдан сыңар емшекке қарап ел де қалды, Шөлдеп жаздан таяқ жемесе, жұтап қыстан таяқ жемесе, ел ерні кезермесе, менің де ернім кезермес еді. Жазғы шөл. Қысқы жұттан елді құтқаратын қамқоршының қайда екенін білмеймін...» деп толғанған екен. Ана тілі үстемдік құрса жер емшегін емгені халықтың, ата аманаты орындалса шал емшегін емгені халықтың. Болашақ хан болуды армандаған ағайын әуелі уәзірлігін дұрыс атқарып, жер анасының сыңар емшегін де дұрыс еме алмай жатқан халықты рухани шөлін қандыруға, екі емшекті қатар емуге ел басына жәрдемге қатарға тұрғаны қазағымыздың салтына да лайық болар еді. Екі емшектің белгісін құраннан ізщдесеңіз; «Және де: «Әй Адам! Сен де жұбайың да жәннәтте тұрыңдар, ерікті түрде қалағаныңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік.» (2-35) «Және тура жолға келулерің үшін Мұсаға Тәуратты жақсы-жаманды айырушы нұсқауды бердік.» (2-53) Осындай көптеген аяттарды және 35-ші, 53-ші сүрелердің насихатын Абай атамыз 35-ші қара сөзімен; «Ақылды кісімен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. Әуелі-пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызық нәрсесін іздген кезі өмірінің ең қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күніне айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші жоқ болады екен. Есер кісі орнын тапай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын ит қорлықпен өткізіп алады екен дағы, күніне өкінгені пайда болмайды екен…»деп әрі қарай естің қалай қалыптасатын жан сырларын ашып көрсетіп және бұл сандық аяттарды тағы өлеңмен өрнектеп естіліктік өмірдегі қазақша салттық сипатын көрсеткен. Мысалға: «Мынау келген Назар ма, Ақсақалды ауыл азар ма? Сұрағаның бір-ақ тай, Бермейді деп сазарма!» «Кешегі Оспан ағасы Кісінің малын жемепті. Мал сұраған кісіге Жоқ қайтемін демепті. Қуаты артық, ойы кең, Жұртың бәрін шенепті. Досына дәл жаз, жауға аяз, Алысқанды дендепті. Адамдық үшін алысып, Жегішке ақы төлетті…» «Жалын мен отан жаралып, Жарқылдап Рағит (періште) жайды айдар, Жаңбыры жерге таралып, Жасарып шығып гүл жайнар…Жалын мен оттан жаралған Сөзді ұғатын қайсың бар? Партия жиып пара алған, Пейілі кедей байсыңдар. Қулық пенен құбылдан Жалықсаң, жақсы жансыңдар. Түзелмесе шұғылдан, Арсылдар да қалшылдыр...» Ал Шәкәрім атамыз бұл сүремен аяттарға өз өмір баянын арнап үлкен насихатын арнапты. Қысқаша үзіндіден; «… Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыныштпайтын осы сұрақтар…біреулер адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Біреулер бай кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі –тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаралыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған…Бізше, адам өмірін түзетуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ…» деген естілікті, 35-сүре 32-ші аятағы кітапты алудың, меңгерудің нақты жолынын көрсетіп еңбексіз жанатта тұрып қалағанынша жеген атамызбен анамыздың шайтанның құрығына түсіп жанаттан қуылғанын да астарлап ескертеді. Және бұл сүремен аяттарды «Қазақ айнасы» «Қайтқан шал» деген өлеңдермен өрнектеп 45- санды аяттардың жан сырын да басқалай өлеңдермен суретеп көрсете білген. Аз ғана үзіндіні келтіре кетсек; «Қаның қашып, жасаурап екі көзің, Не болды деп табалап өзіңді-өзің. Өткен іс ойға түсір ұялтады. Қисынсызды қызық деп қуған кезің…Енді қайтір сен мықты бола алмасың, Жас күндегі тұғырға қона алмасың. Кейін баспай, ентелеп ілгері бас. Құр айналсаң, еш жерде оңалмасың. Соны ойла өзге қызық істі ойлама, Біреуге айла, біреуге күшті ойлама. Кеткен қайта келмейді кейісең де, Түнде көрген көлеңке –түсті ойлама.» деп «Қазақ айнасын» жалпы естілігін, дінін бейнелесе, ал шариғаттың базарын «Қайтқан шал» деп; «Күнде керуен келеді бір сарайға, Неше бөлек үйі бар әрбір жайда… Нені іздесең бәрі бар сол сарайда, Кейі залал үйренгенмен, кейі пайда. Сан керуен қылады сауда –саттық, Не боларын көбі тұр байқамайда…Жақсы қымбат, жаманның бағасы арзан, әркімнің өз сүйгенің болар дұрыс…Кейбіреу жүр асыл деп арамды алып, Өз қылғанын демейді ешкім бұрыс…Мен де жүрдім ол жүрген сол сарайда, Тамағым тоқ, қайғы жоқ, төсек майда. Аздан кейін азайды жолдас сиреп, Кетіп жатыр, білмеймін, әлдеқайда…Кейінгіге сәлем айт біз байғұстан, Бұл сарайда көп екен бізге дұспан. Қызықтырып, қыздырып алдайды екен, Біреуі іштен болады, бірі тыстан… Мал да бар лапкесінде, мақтан да бар, Көзіңше мақтан алып жатқан да бар, Көңілдің жұбатқаны-көп ойын бар, Ұстайтын дұспаныңды қақпан да бар…Жар да көп жалындаған жан құмары, Жақындасаң әкетер онан әрі. Жаду көзбен сиқырлап жаныңды алып, Ішіңді елжіретіп тұрғандары… Айрылап серігімнен (ақылымнан, рух) қалдым нағып, Мұңымды ұқтырайын кімге шағып. «А, құдай, өзің оңда»-дедім-дағы, Жөнелдім жапа-жалғыз бүкең қағып. Жігіттер жалған емес, мұным анық, Бұрыннан осы сарай елге қанық, Қайта келмес қақпанан әрі өткізіп, Шығарып салып мені қайтар халық.» Атамыз бұл сүренің өліммен байланысты болып, ұйқы кезінде сол сарайдан малыңды, несібеңді, көретін жарығыңды алып өлімге де осы сүре арқылы атанатыныңды ескертеді. Бұл сүренің сандық құпия сыры 30-парамен мұсылмандық бес парыздың бірлігін көрсетіп, ал бірлік дәрежеде 8-кітапты барлық 4-кітаптың нұсқауларының жинағын яғни ішкі рухтың сегіз қырын, ер азаматың барлық өнерлерді, естілікті меңгерген «Сегіз қырлы бір сырлы» (се-гіз, ес-егіз) аталып шариғат істерінің шектерін толық қамтиды да 10-шы кітап, «Юныс» сүресіне жалғанып 18-санымен Інжілдің өлімді жеңудің, қайта тірілудің рухтың дәрежелену сипаттарын көрсетеді. Екінші жағынан пайғамбарымыздың «Барлық нәрсенің де, құлшылықтың да ортасын табыңдар» деген өсиетіне сүйенсек Ясауи бабамыздың меңгерген 70-кітаптың дәл ортасы 35-ші хикметің намазының орындалу амалдары болып есептеледі. «Махабаттың шарабын ішіп рахатқа батқан, Дуананың мақамына кірді достар. Аш пен тоғын, пайда-зиян еш білмеген, Сауық-сайран, қызықпенен жүрді, достар… Шәблі ғашық сайран салды нұрын көріп, Мұстапаны енді көріп, сауал беріп. Дүние азабын артқа тастап, көзін жұмып, Сондай құлдар сауық сайран құрды достар.» (35-хикмет.) Бұл тақырыпты «Ғылым келу мен ғалым болу» деген халық арасына 2010 жылы қыркүйек айынан бастап үн парақтармен таратқан басылымға түсіндірме деп және Абай атамыздың; «Ғылым көпке келіп пе? Бірден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма? Бір үйдің іші түгел ауырса, жеңіл тие ме? Жер білмеген (дін білмеген) көп адам адасып жүрсе, бір жер білетұғын (дінді білген) кісінің (аруағының, кітаптың) керегі жоқ па екен?…» (23-сөз) мүміндік қағиданың қалай қалыптасуын түсіндірген кітапқа жалғау деп ұқаныңыз да абзал.

Ғылым берілу мен кітап берілу.

Алдыңғы бір «Ғылым берілу мен ғалым болу» деген басылымда ғалымдықтың қазақ жерінде көрністеріне тоқталып өткенмін. Енді құран арқылы аз ғана мағлұмат алып көрейік. Әрбір жаратқан пендесіне жаратушымыз 4-сөзбен кітабын, әлемнің жарығын беріп сол кітаптар арқылы тағдыр кітабын қоса меңгеруді үкім еткен де ол кітапты «Бол» деген 3-кітаптан тұратынын және жереге қайта кіргенше сол кітабымыз арқылы тіршілік несібеміз берілетінін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Бұл құпия кітапты адам баласының жанына рухпен жазылатынын; «Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма?» (68-47) деп «Қалам» яғни шармен жанға жазылған ғылымды оқушылар шабыт иелері; жазушы, ақын, философ, психолог, шешен,би,көріпкел, ғалымдар, ел басқарушы билік иелері яғни төрелер болып есептеледі. Бірақ ата аманаты «шал емшегін» ембей, сөз құпиясын меңгеру үшін «жер емшегін» анаға деген үш парызын өтемеген тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін яғни ұлтық дінін меңгермеген осындай төрелер білімнің соңына түсіп кәпірге айналып; «Олар, Алланың нұрын (дінін) ауыздарымен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла (Т) мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды.» (9-32) Осындай жаратылыстан берілген құдайдың сиын біреулеріміз жазғыш атанып, ойымызға келгенді жазып, ақындарымыз ғашықтық пен асықтықтың ауылынан шыға алмай, философтарыз европаның біліміне еліктеп, елді діннен теріске азғырып, діншілеріміз, сопыларымыз, тиелогтарымыз араптарға табынып, ғалымдарымыз дінді теріске шығарумен шариғатты меңгеру түгіл берілген кітабымыз нұрымызды өшіріп 7-атамызға дейін ұрапақтарымыздың мәңгүтеніп немесе мүлде жоғалуына қызмет жасайды екенбіз. Оны бірақ бұл дүние тіршілігінде байлыққа, дүниеге, атақ шенге айырбастап алғандықтан өлгенен кейін құдай алдында бір-ақ білеміз. Болмаса 50-100 жылдан кейін сондай пенделердің ұрапақтарының азып-тозып, кейбіреулері тұқымымен түгел жоғалғанда ғана білеміз. Аятта; «Әр адамның қылығын мойына қоямыз. Сондай-ақ қиямет күні оның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі. (13) «Кітабыңды оқы. Бүгін есеп көру тұрғысынан өз-өзіңе жетесің» (17-14) Әрбір адамның 13-ші қылықтар кітабы мойынмен және әйел затымен некелік өмірімен, ұрпақ сабақтастығымен байланысты болса, 14-ші кітабы Ыбырайым жолы-түс көріп, оны амалға айналдырумен, тылысымнан уахи, бата алып мойын ұсынып, іс-әрекеттерге, ел игілігіне айналдыруға арналған. Қазақ елінде осы қиямет кітабы ашылып әрбір пендесіне батамен, аяндармен зираттау арқылы оқыла бастап еді оны жоғарыдағы аяттағы ескерткен пенделер ауыздарымен Алланың нұрын өшіріп үкіметіміздің қолдауымен атасын, ата заңымен соттап қудалап үлгірді. Бірақ бәрібір Алла нұрын тамамдайды деген жаратқаның үкімін шақырып, елімізге келген жалғасты апаттар сынақтар, бір-бірімізді өлтіру мен себепсіз ажалдарға әкеліп тіредік. Құдаймен соғысудың соңы қасіретпен аяқталатынын мойындағымыз келмей үкіметіміз түрлі заңмен, күшпен тоқтатып әділеттілік орнатамыз де бастарына қайта әлекті сатып алып жатқанын сезер емес. Бұған негізгі себептің өзі муфтият дін ғалымдарының таза надандығынан, тілдерінің азғындығынан құр діннің білімінің соңына түсіп кітаптарын жалпы құранды теріске алуынан пайда болды. Осындай құдайдың үкіміне, дініне емес арапқа табынған ел билеушілері, жазушы ғалымдар мен дінші қауымы жек көріп теріске шығарса да аталарымыздан қалған ислам діншідерімен «серік қосу» деп қудаланған санмен, аятпен жору жұлдыз жорамалы білімінен аз ғана мағлұмат беріп кетейік. Аруақтардың жаратқаннан елге қатаң сынақ түседі деген ескертуінен кейін 2010 жылғы тамыз айында призидентімізбен ел ағаларынан «Жолдау хат» деген айдармен үндеу жариялап, көптеген басылымдарға, құзырлы орындарға жіберіліп әлі де халық арасынан үн парақтар түрінде таратылып жатқан мақаладын үзінді; «Қазіргі таңда әлем алдында қазақ дәстүрлі дінінің нақты тура жол екендігінің көрсететін амалдары мен нақты ғылыми деректер және тек қазақ әулие-әмбилері білген меңгерген, нақты ғылыми ақпараттарда әлем алдында мақтанышпен көрсетуге болады. Бірақ ол үшін адасып жүрген дін танытушылардың қосақ арасында, халықтың назына қалып, тарихта босқа таңбаланып кетпеуі үшін сол ақиқатты ғылымдарымызбен бірге өзіміз түсініп, халық болып талқыласақ, ең болмаса жартысымыз ақылға жүгініп иманға кесек, сонда ғана әлем алдында мақтана жариялауға болар еді. Осы хатымның бос сөз емес екендігіне дәлел ретінде Құранның қарапайым ғана құпия белгісінен жұлдызнама тізбегінен, сіздің өмірге келген «Әліф лам мим» гендік кодыңызды ұсынамын; 13 сүре 42, 51(6,8), 65 (11, 22)-ші аяттар үкімімен дүниеге келіп ел басқару себебіңіздің өзі сіз туылмай тұрғанда жаратушыдан бұйрық етілген. 13-сүре Ясауи бабамыздың жаратушыдан құрмамен алған қожалық кітабының белгісі бұрынғы жер бетінен жоғалған мая тайпаларының білімінің ғылыми негізі. Құдайдан берген жаныңыздың жағасы-«ағасы» 12-ата кер абақ, Ер Дәуіт бабаның ұрпақтарының ұсталықтың жалғасы болған, жағаңыз- «мылтық» Мағыстау жақта жайлауда жатыр. Бұл, белгі сіз тумастан бұрын иманы жолдас болсын анаңызға аямен көрсетілген. Сіздің қала салу ұсталығыңыздың жаныңыздың негізі Укаша сахабамен Пайғамбарымызбен жалғанып, Ер Дәуіт бабамызбен Жүніс пайғамбармен жалғанған. Меккеге барған сапарыңызда Раббымыздың жаңбырмен қарсы алуында осы жандағы белгілерге байланысты. Бірақ ол кісілерге «жол қартасын», белгілерін былай қойғанда, жерді жекеге алған бір надан Ер Дәуіт баба әулие бұлағына қой қора салып, енді елді келтірмеуге басына итін байлап қойғанына біраз уақыт болды. Дінің тура жолдың нақты көрнісі; 5-күн «жалғану» яғни 5000 мың жылдық тарихтан хабар алу болып есептелген. Кәзіргі таңда бабалар батасымен нақты аманаттарды орындау арқылы 7000 жылдық тарихтан хабар келді! Өмірге әлемде әділдіктің туын тіккен Қазақ, Созақтай пайғамбарлар және сақтардан, сібір халықтарынан тараған бүкіл европалық елдердің рухани анасы Құзын СауғаЗейнеп анамыздың аналары; Ұлсай Емер анамызды «Алтын адам» деп елге ұсынатын сыйлықтан ары аса алмай жатырмыз. Зертелмеген әлі ашылмаған бабалар аманаты; дуылға, қалқан, белдік, семсерлер және құпия отырар кітапханасынан да хабар бар! Шаң топырақ арасында қалып, әулие қорымдары да жекешеленіп, үстіне үй салып жатырмыз. Дін уақытпен ғана үндесіп, заман жетістігінен білім болып, өз көрнісін бейнесін табады. Уақыттың сипаты да; ғайып, көмес, көрнеу болып және тұрақтылық шамасы үш өлшемнен ғана құралады. Кеше, бүгін және ертең! Тарихынан айрылған, ертеңін ойламаған ел қашанда қасіреттермен жер бетінен жойылып отыратынын ұмытпайық ағайын!» Бұл жоғарыда көрсетілген призидентіміздің құран арқылы жұлдыз жорамалынан туғанан ел басқаруға төрелікке жаратушымыздан «Бол» деген үкіммен келіп, жанға жазылған кітабын оқып ел ісінің, шаруашылығымыздың алға басуы да Құдай қалауымен болып жатқан іс екені көрінеді. Бірақ өкінішке орай призидентіміз дінін жетілдіріп, қосымша кітаптарға қожалығын алып, халық рухын жетілдіруге уәзірлердің діни сауатсыздықтарының, шешендік, философиялық, психологиялық Ясауи бабамыз түгіл Абай-Шәкәрім аталарымыздың құран кітабын түсіне алмай адасулары себеп болып жатыр. Ал болашақ ел басқарамын деп шешенсігендердің жұлдыз жорамалы да, пайымдаулары да, амалы да қарапайым ақылы сау қазақтың ызасын ғана келтіреді. Бұл қазақ ел басқарушы, ақын жазушы, ғалымдардың бәрі ақымақ деген пікір емес, керісінше тақта отырған аз ғана топтың орта деңгейде жүрген кітабы барлардың өзін көрсетуге, рухани жетілуіне кесірін тигізіп, өшіруге тырысқан өз-ара саяси рухани соғыс жүріп жатқанын сыры көзге және қарапайым халыққа да айқын көрініп тұр. Бірақ Құдай әділ соттаушы, үкім беруші екенін білетін уақытта бүкіл қазақтың басына төніп келеді: «Зер ұстаған зердің жайын біледі, Жақсы басшы елдің жайын біледі. Басынан көп өмірді өткізген жан, Қайғымен жердің жәйін біледі…Ой дүние-ай, дүниесің, Дем алғанша құбыласың. Шаң жұқтырмайтын кейде тұлпар, Кейде орға жығыласың. Кеше көл еді бүгін тақыр, Кеше бай еді бүгін пақыр, Ар сатуға ақырын келе жатыр.» Көбей би т,б аталарымыз қазағымыздың бүгінгі жағдайын да күн ілгері толғап кетіпті. 50-мемлекеттің қатарына қосыламыз деп солармен дүниемізбен бірге орға жығылғанша ар-ұятымызды түгелдейтін ата заңымызды қайта қарағанымыз ақылға, иманға дұрыс болар еді. Болмаса бесіктен белі шықпаған қызымыз қатынға, қатындарымыз, «қаралысында семіріп» отынға айналған, ел қамын ойламаған ел басшыларының семірген заманы да, елге үлгі айтар ойшыл, шешен би ерлеріміздің азуынан елімізге берілген жаратқанның сыйы «құт-берекенің» де құтаймауы мүмкін. «Не іс қылса артын ойлар адамзаттың данышпаны, Иттің бәрі тазы болмас, Еттің бәрі қазы болмас. Тойғаныңша жасық жесең Бір асаған майға жетпес. Әр нәрсенің болжауы бар ши жуандап қамыс болмас» Бұндай рухани құлдыраудан: «Есті жи, ел шаңына ер, мұны тастап, Қайғы жоқ басқа жатсаң ғылым жастап. Сен-батыр, мынау білгіш, анау есті, Апардың қазақ көшін қайда бастап?… Бәрің есті, батырсың, айлалысың, Қазақтың түзеттің бе жалғыз қылын?» деп Шәкәрім атамыз, әр пенденің өзіне тән ғылымын, басына жастап, кітабын түсінде оқу арқылы ғана естің түзелетінін сананың ашылатынын ескертіпті. Әрбір өмірге келген адам баласына өткен тарихқа, шежіреген жалғану үшін жаратқаннан жан, сөзбен, құран аяттарымен белгіленіп, сол сөздің кітабын меңгерген бұрынғы ата-аналарымызбен тіршілік қаректіміздің, тәрбиеміздің, шариғатымыздың толысуымен ұйқы кезіндегі уақытша өлім арқылы жалғанамыз. Ал түс көре білу және оны меңгеріп аянға, сосын уахи алуға жету мыңның бірінің ғана қолынан келетін шаруа. Мағжан атмыздың да рухтың түске кіріп, шабыт беріп, желеп жебеп тұратынын яғни жаратқаннан берілген көңіл кітабын оқи білгенінен аз ғана мысал берсек; «Күштейсің ғой, Құдірет, Періштеңе әмір ет! Қантпен бір сипасын, Жазылсын ішкі-тысқы дерт. Болмаса, өмірді маған көп көрсең, Лағнет деп мені жек көрсең, Өлейін, тез өлейін, Келсін ібіліс, у берсін! Түсірме қысым жаныма, Тұншықтым ғой қаныма! Ием болсаң, Жаратқан, Салсаңшы құлақ зарыма… Берді Тәңірім тілегім, Қуан енді жүрегім! Не періште, не ібіліс Келеді ұшып-керегім!..Азамат! Анау қазақ қаным десең, Жұмақтың суын апар, жаным десең. Болмаса, ібіліс бол да у алып бар, Тоқтатам тұншықтырып зарын десең!..» Ал Жүсіпбек Аймауытов атамыз; «Ақын қандай әлеумет ортасында туып, қандай ортада жүріп, тәрбие алды? Қандай тұқымнан, қандай таптан жаралды? Оның пікірі де сол әлеуметтің құрлысына байланысты…Адамның пікірі қай уақытта өзгереді? Әлеумет құрлысы, әлеумет ортасы өзгерсе. Сонда әлеумет ортасы қашан өзгереді?… Күшті ақын-әлеуметің тіл қамшысы, сайламаса да, табиғатымен сайланып шығарылған уәкілі, мұңын-зарын айтатын елшісі… Өзі өмірді анық, жете біліп, өзгелерге жөн сілтеп, қараңғыны жарық, бұлдырды ашық көрсете алмаған ақын-ақын емес!..» Осындай өмірден тәңірісін аузынан тастамай өткен арыстарымыздың жиған, қалдырған сөздерін санмен белгілеп, халыққа жарияласа, ислам тәпсіршілерінің еңбектерінің аз ғана бөлшегінен басқасы жарамсыз болып, діншілеріміз байқамай ібіліс болып, еліне жанаттың суының орнына у беріп жүргенін түсінер еді. Ал қазіргі таңда көңіл кітабын оқу арқылы алтауын татуластырып; ақын, жазушы, ғалым болып шаруашылық істерін жетілдіріп жүрген ағайындарымыз жеткілікті арамызда. Иманы жолдас болғай Қадыр Мырзалы ағамызда қолынан қаламы түспей, ұйқы кезінде қағаз, қаламын басына жастанып кітабын оқыған кісілердің бірі. Бірақ толық оқып қосымша кітаптарға жалғана алды ма оның болашақ еңбектерінін саралануынан көре жатармыз. Осындай кітап берілудің дәлелінің нақты оқиғаның куәсі болдым. Бірде аян арқылы бір бөгде тілде оқытып, кейінен ұзақ уақыт өткенен кейін шағатай тілі екенін «Сани дәптерді» зертеп оқу барысында түсініп, көптеген сөздердің мағынасының алшақ екенін ескертуге бұл аударманы өлеңмен өрнектеуге ат салысқан Есенбай Дүкенбай ұлымен, (иманы жолдас болсын) жолығып сұхбатасуға себеп болды. Бірақ ол кісінің; Сәни дәптерді шағатай тілінен түрік азаматының аударғанынан, оны қайта қазақшалағанда, өлеңнің мақамы бұзылатындықтан, көп сөздердің өзгеріске түскенін мойындаған. Ол кісіге құлшылық істерді дін рәсімдерімен толықтырып, кітапқа жалғанып, қайта сараптан өткізуді, қателіктерді көп болып түзетуді ұсындым. Бірақ өкінішке орай, әуелі дін-жанын тазарту үшін тақуалық діни рәсімдерін жетілдіріп, тау-тасты кезіп, құлшылығын толықтыруға үлгіре алмай кетті. Сол кездегі жазған көп өлеңдері дүние тіршілігімен сыртқы бейнелерін суреттесе, өлер алдындағы өлеңдерінде пайғамбарымызбен кездескенін және өмірдің баянсыздығы мен тозақ, жаннат тіршіліктеріне ой толғап; «Ақындықтың толқынында жүріп адастым» деп өсиет қалдырыпты. Бұдан ақын ағамыздың өмірінің соңғы жағында ғана кітабын көріп, аз ғана аяттарын оқып үлгіргенін көруге болады. Ақындық құдайдан берілген ерекше сый болып, пайғамбарлық қасиетке, зәбурлік ұстанымға жатады. Сондықтан «Ақындарға азғындар ереді» деп жаратушымыз бұл қасиеттің егелерінен қатаң ескерткен. Бұл жағдай қазақ халқындағы жалаңаш, жалпы дін-жанын тазарта алмағандықтан ғашықтықпен, асықтықтан аса алмай «тақ, тұқ» өлеңдер мен ән шығарып жүрген уақытша жұлдыз аталып жүргендерге үлгі болсын деп ізгі ниетпен ғана жазып отырмын. 4-5 жыл болды үнемі кейбір жазбаларымыды Мұқтар Шаханов ағамызға міндетті түрде таныстырып жүрдім. Бірақ «бұны мен түсінбеймін» деген уәжін естігеннен кейін және бірде: «Махаббат деп асықтықпен айырбастап, ел сөзден азды, тілмен күрес сөзден басталмай ма?» деп сауал қойғанымда «Махаббатың аты махаббат» деп күшенгесін іштей; Алла иманын толықтырып, кітабын оқытса екен деген тілек қана болды. Бұндай жағдайға, ел ағаларының жан сырын меңгермей адасуына, психоллогия ғылымының мешеулігі де себеп болуда. Тағы бір мысалмен әзірше бұл тақырыпты аяқтасам; Бірде жақын туысқан үлкен жасы келіп, отағасын арғы дүниеге шығарып салған, бейнетінің зейнетін көреп, немере, шөбере сүйіп отырған кемпір түс көріп маған жорытты. Түсінде асапанда ұшып жүрген тауды көріп; «Япырым-ай тауда аспанда ұшады екен» деп тұрғанында сол таудан мемелекетіміздің ел таңбасы түсіп, жарқырап жанып сонан бумен жан жаққа тараған түтінді көріпті. Мен бұл түс емес аянды мемелекетіміздің жалпы елдік рухы тазарып, халқымыз жер емшегі мен көктің шал емшегін қатар еметін заман келе жатқанын және құдайдың тәураттықтардан алған уәдесінің қазақ жерінде қайталануына жорыдым. Осыдан біраз уақыттар өткенен кейі «Қазақ әдебиті» басылымда атақты ақынымыз Исраил Сапарбай ағамыздың Мұқағалы Мақатаев аруағына арнаған тау адамы туралы «Тәңір тау» деген өлең поемасын оқыдым. Таудың аспанда адам бейнесінде көрініп, ұшып жүргенін жазған және астарлы сөздермен жоғарыдағы аяның жору сырын қайталапты; «Тау жылжып келе жатыр! О, сұмдық-ай! Кім көрген алапаттың тасын бұлай?! Алыптың әр аттамы-апат, апат.. Жалбарын жан иесі, Шошын, Құдай!.. Адымдап келе жатыр Тау қалаға, Алматы, тау қозғалса сау қала ма? Жапырып, езіп, жанжып, басып өтпек, Басыңды сауғала не, сауғалама!..Таудың да бар деуші еді аруағы.. Туралап келеді ме, әлде Тәңір оғы? Жамағат, Жанұшырған, Жанталасқан, Жан-жаққа жау қуғандай жамырады!.. Кім түсер тай таласқа, ерегеске? Не болмақ бір қаланың дерегі өшсе? Адамзат апатының бір айғағы, Помпейдің соңғы түні келеді ескеКимеген аруақтың кебін көптен, Қайтадан Тау орнына шегінді епен. Тау емес, Тау дегенім- Ақын екен, Жазасын талайлардың жеңілдеткен! Кім көрді? Кім байқады? Тау ма? Ақын ба? Оқиға болды осындай Алматымда. …Түсімнен шоршып-шошып оянғанда, Таялып қалған екен таң да атуға.» Бұл шағын ғана үзік мысалдардан қазақтың әлемдегі бар дінің нәтижесі тура жолының дәстүрін санадан өшірмек болып жан беріп, жан алып жатқан «аруақ жоқ» деген надан діншілерге қазақ аталарымыздың меңгерген сопылық даналық істері «Сәни дәптерлері» кітап болып жалғанып, пайғамбарымыздың өсиеттері мен Ясауи бабамыздың рухының оқылуы басталып; білімге, философиялық тұжырым ғылымға айналып жатқанына тек қуанғанан және қатарларының көбейе берсін деген тілектен басқа айтарымыз жоқ. Негізінен ақын ағамыз құранның мына аятын тәпсірлеген екен; «Тауларды көріп, тапжылмай тұр деп ойлайсың. Негізінде ол бұл тәрізді жүреді. Бұ әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі. Күдіксіз Ол, жасаған нәрселеріңді біледі.» (27-88) Бұл аятпен әрбір жаратылыс нәрсесінің біздер көре алмайтын көлеңкесінің болатынын, адам істерінің нәтижесі осы таулардың періштелік көлеңкесіне жалғанып, өрістік сипатына айналып және бұлт сияқты қозғалыста болатынын ескертеді. «Сол уақытта сендерден уәде алған едік. Үстеріңе Тұр тауын көтеріп тұрып. «Сендерге берілген (Тәуратты) мықты ұстап, ондағы әмірлерімді елеп, ескеріңдер әрине сақтанған боласыңдар» деген едік» (2-63) Мұхаммед пайғамбарымыздың; «Мен өмір бойы сендердің іштеріңде болдым, сонда да түсінбейсіңдер ме?» деген аяттың құпия сыры 63-санды тау кітабын, тәуратты және пайғамбарымыздың аруағын да алған, меңгерген әулие аталарымыз қазақ еліне уәденің сұралатын, тәурат әмірлерінің құран арқылы орындалатынын ескертіп жатқанын және сол кітаптарды оқушы әулие бабаларымыздың ұрпақтарының да рухани ұйқыдан «Тұр!» деген дауыс ескертумен оянып жатқанын білдіреді. Бұл мысалдардан 2-сүре пайғамбарымызға ең соңғы толықтырылған кітапқа, шапағатына, екі игілікке жалғанып, 27-сүре намаздарды толық орындағандарға Раббымыздан хабар келуін муфтият, масһаб діншілердің «Алла тағала адам баласымен сөйлеспейді» деген тұжырымдарын жалғанға шығарып ондай пенделердің күдіксіз серік қосып, аятарға ортақ қосушы зұлымдыққа ұшырағандар екенін дәлеледейді. Сондықтан; «Оян қазақ ата-жолы келді еліңе!»