Алдыңғы басылымда (жазбада) айтылғандай әрбір пенденің дін-жаны болып соған байланысты қабілет, қасиет ерекшеліктерімен туылса «Өзін тусам да мінезін туғаным жоқ» деп әжелеріміздің айтқанындай адам баласымен бірге, ана сүтімен ділдік белгісі сөз сөйлеу қабілеті қоса жаратылады. Сол қасиетті тәрбие тәлім, білімге байланысты жетілдіруге немесе қайта хайуанға ұқсатуда адам баласының ата-ананың қоғамның ара қатынасына өмір сүру тәртібіне салт-дәстүріне тәуелді жетіліп өніп өсіп өркендейді. Өркениет ұғымы сөз өнерінің, жалпы халықтық философиялық түсінігінің, рухани кемелденуіне діни наным, сеніміне толық тәуелді. Әйтпесе әр тілде сөйлеп және бір тілдің өзінде бірін-бірі түсінбейтін пейілі тар өз ара бақталасқан, әр түрлі ойлап, пайымдайтын қоғамда дінде, өркениетте толық болмайды. Оған нақты дәлелді философия тарихынан көз жеткізуге болады. Мысалға орта ғасырларда европа елдері християндық діни ілімінің Рим шіркеуінің басшысы әулие Августиннің «Сенім мен ақылдың үйлесімділігі», «Құдай қаласы» т.б еңбектерінің негізінде ертедегі гректердің ойлау тәсілдерін игере отырып және кемшіліктерін теріске шығару арқылы көптеген ақыл-ойдың дамып ғылым-білімнің өркендеуіне, соған байланысты шаруашылық жаңа әдістердің қалыптасуымен халықтың көптеген ғасыр тыныш бейбіт өмір сүруіне қол жеткізді. Сол сияқты әрбір киелі кітаптардың, пайғамбарлардың келуіне байланысты жаңадан ақыл-ойдың жетіліуімен, ақыл-ойдың жаңадан ойлау мәдениетін қоса қалыптастырып, тек ақылдың дұрыс пайымдауы қозғалысы ғана жаңадан сол замандарға сай халықтар өркениетін қалыптастыруға себеп болғанын көруге болады. Халықтардың шежіре тарихын, ақыл-ойдың шежіресі философиялық ағашынан бөліп алып, басқа елдің дін ұстанымдық философиясына күштеп таңудан ақыл-ойдың тежеліп, жерден тамырымен қазып алып ыдысқа отырғызылған жеміс ағашы сияқты дұрыс гүлдеп, жемісін еркін сала алмайтыны даусыз. Яғни мал екеш малда туған жерінен басқа жерге, табиғатын ауыстырғанға жерсінбейтін, көнбейтін қарсылығы сияқты адам санасының, рухани есінің осындай қарсылығын, санаға теріс сөздерді қабылдамай керісінше адам баласының жүрегінде қарсылық пайда болып, жүрек көздерінің жабылуын «философиялық ревлексия» деп ат қойыпты. Ал енді біздің «философиялық ревлексиясы» (философия оқулығынан) өлген кейбір ел басшылыларымыздың біздің мемлекетіміз дінен бөлек «зайырлы», «светский государствоға» яғни жан жағына нұр шашқан әлем үлгі алатын, ақыл-ойы, дін-ниеті біртекті «хайырлы» еліміз және өркениетті сөз ғылымы, мәдениеті, әдебиеті және халқымыздың ойлау қабілеті бірдей жетілген елміз деген ұғымды білдіреді. Олай болса сол елді басқарушылар есті, әділетті, ғылымды және сондай әлемге үлгі көрсетерлік діні бар деген ұғымды білдіреді. Бірақ іс жүзінде олай емес екенін әрбір сауаты бар, есті еліміздің әрбір парасатты тұрғынына анық жағдай. Бұндай жағдайды Абай атамыз: «Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады. Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол- надан, ләқин надан да болса адам. Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса, я ауылына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол-наданның наданы, ләкин өзі адам емес.» (21-сөз) Осы үш мақтанда қазақтың ел азаматтарының тұрақты кәсібіне айналғаны қашан. Бірінші мақтанымыз қалайда өзге жұртың арсыздығын да, әдетінде қоса алған мәдениет, баспасөз, діншілердің қатарынан көрніс береді. Ал екінші мақтан біздің ғалымдарымыз, философ, психолог, теолог, саясатшы, діни сауатты мамандардан көрінеді. Ал үшінші мақтанды көбіне депутатар, партияшылар және молдалар, имамдар мен әкім қараларды да арасынан кездестіруге болады. Діннен мемлекетіміз бөлек дейтіндердің өзі осы мақтанның әсерінен «Мақтаған қыздарымыз тойда иіс шығарады» дегендей нәрселерден, дінсіздіктерінен яғни жындылықтарынан пайда болып жатыр. Болмаса жаратқан барлық жанды нәрселерге жан-дінін беріп сөйлетіп, түрлендіріп оған қоса теріс дінді шайтанмен ібіліске беріп, олардың өзі адам баласының денесіне қосылып барып, көбейю арқылы тазарып рухпен, жанмен бірігу арқылы дінге кіруін бұйырған болса, онда біздің мемлекетіміз ел басшылыларының бұндай астарлы ойымен әзірге шайтандық ел қатарында болып, бәрімізді кәпір атағандары ма, әлде өздерін адам қатарына санамағандары ма деген ойдың есті адамның мазасын алары даусыз. Сондықтан осындай жындылыққа түскендерге; Бір алты алаштың ұрпағымыз бөлінбеңдер «Бөлінгенді бөрі жейді!» ата дінімізге қайтыңдар дегіміз ғана келеді. Діннің басты талабы адамдардың, мемлекет тұрғындарының ұлтына, руына, тегіне, жынысына қарамай өз ара түсіністігін қалыптастыру сөз құпияларын меңгеріп, бір сөзбен-ақ көп нәрсені аңғарып, астарлы сөзді шеше білетін кемел, зайырлы, парасатты адамды қалыптастыру. Діншінің кемелденуінің белгісі халықтан бөлінбей ұлтық, отандық, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда алдыңғы сапта тұратын ең кемел тұлға пайғамбарлық қасиетті меңгеру болса ал ондай дәрежесінің де ең басты белгісі сәуегейлік және абыздық қасиеттер болып табылады. Сондықтан сөз құпияларын жетік білген шешендік өнерді меңгергендерді, әрбір себептің философиялық түсінігін, ішкі,сыртқы сырын айқын білген және әдеби тілмен көркем түрде ойын жеткізе білетін пендесін діни сауатты деп атаған шындыққа лайық, қандай діндерде де солай ескертіледі. Бұрынғы тарихымызда бұндай қызметтерде абыздарымыз, би шешендеріміз, ишандар тұрса, ал ендігі заманымыздың діни сауатыларына жататындар философ, психолог, саясатшы және діни қызметкерлер болуға тиіс. Шындығында жағдайымыз солай ма? Сондай бәрі шешен, сәуегей ел тыныштығын халықтың бейбіт өмірін қалыптастыруға аянбай еңбек етіп, соның нәтижесін көрудеміз бе? Жоқ, ондай философиялық даналықта, ақыл-ойдың біртектілігін қалыптастыратын ғалымдықта, дүниетанымдық бүтіндікті дін тұтастығын да қалыптастырушы даналық әзір қазақта жоқ. Керісінше ондай даналыққа жол көрсететін аталарымыз аманаты жанды сөзді өлтірумен айналысатын өздерін өздері марапатап «професор, доктор, акемедемик, теолог, хазірет, дін ғалымы» т.б дегендерді анықтау үшін енді сөз, тіл ғылымын меңгерудің, білімнің қажеті де шамалы. Әйтеуір қазақ тілінен жан-ашыр шамалы сауатыңыз болса жеткілікті. Бұндай жағдайды жаратушымыз; «…Адамдарды мас түрінде көресің, бірақ олар мас емес. Алланың азабы қатты.» деп хаж сүресінің беташары етіп үкім берген. Енді сондай мастардың яғни елдегі негізгі тұрақты жындыларды қалыптастырушы немесе жындылар мектебінің өкілдері діншілеріміздің намаз оқығанды «намазхан» яғни өзінің ойын толық басқаратын кісілікке парасатылыққа және сөз өнерінің бигіне жеткендер деп мадақтауды әдетке айналдырған. Ал, шындығында таза надандық және құдайға да қарсылық. Аятта; «Баланы екі жасқа дейін емізіңдер, қырыққа келгенде ақылы толады» деп кісіліктің, ақылдың тоқталуын, нәпсінің тежелуін ескерткен. Енді дін ғалымдарына, имамдарымызға ақылы толмаған рухани егінін егіп, ғылым-білімін жетілдіріп, өнер үйренуге тиісті жастарды көзін ашпай жатып күнәкар болып, күнәларынан кешірім сұратыңдар, намаз оқытып хан атаңдар деп, Құдай солай түстерінде көрсетті ме немесе солай аталдыңдар деп уахи келді ме? Хан сөзі- адам баласына берген жататушының бір нығметі және отбасын құрып, «Он тоғызын» түгелдеп, жерін өртеп, екі теңгеге бес қуаттын сатып алып, салт-дәстүрін толық меңгерген, есі толысқан, кісілікті, сөз өнерін меңгерген, халыққа жөн сілтеуші адам баласына тән қасиет.Ал, есті адам ар-ұятқа, ынсапқа есті болып, өзін мақтамақ түгіл «мені десін» дегенен де бойын таза ұстайды. Онда ислам әлемінде қулық, сұмдық, арамдық, бауырына да қастық ойлау, сол намаз оқуға естілердің арасынан неге шығып жатыр? Барлық киелі кітаптар болсын және құранда 19-санын сендерге естілерге сынақ қылдым-деп ескерткен. Бұл сан адам баласының жер емшегін емген атаның белімен келген шал емшегінен пайда болған киеліктен тұрса, енді ана сүтімен даритын жер ананың тілінің де өз үні болып; төрт жұбы болып, төрт жетіден тұрады. Бұл «мандар» жан тазалығын қалыптастырушы, сақтаушы сандар тізбегін құрайды. Бірінші жұбы некеде жыныстық қатынас қуаты. Екінші жұбын азықтық ретінде тамақ арқылы алады. Үшінші жетіні намаз оқу арқылы жинайтын жерден бөлінетін қуаттық шама. Үшіншісі зираттау арқылы жан бойыңа өріс киімі болатын және барлық үш жетінің де негізі болып табылатын «зейнет» атты қуатық шама. Сондықтан «намазхан» атану үшін 19+7+7+7= 40 ты меңгеруді атаған абзал. Ал 19 санмен қандай қатынаста болу керек деген жан сырының ғылыми ахуалын (ғалымхалын) және бұл саның құпиясы туралы жан сыры (психология) ғылымымен салыстыру арқылы болашақта ашып көрсетеміз. Қазақ еліндегі қан, сусамыр, жүрек талмасы т.б ауруларға әлсіздіктің басты себебі осы ана тілін толық және көркем сөйлемеуден, ділді меңгермеуден пайда болып жатыр. Өзге тілде шүлдірлеп өз тілін менсінбейтіндердің ғұмыры қысқа және ұрпақтары жеті атаға дейін өнім бермей, болшақта тұқымдары азып, өмірден мүлде жоғалып кетуі даусыз. Ұрпақтары да рухани әлсіз азғыруға, азғындауға дайын келеді. Тіл жоғалса нәсілдік белгі жоғалады. Ондай әйелдің де, еркектің де ұрықтық қуаттары жетілмей және жұбайлық сәйкессіздіктермен олардың арасында ажырасу жыныстық әуесқой азғындықтар көп кездеседі. Пайғамбарымыз; «Дүниеде екі тілді болған, екі түрде сөйлеген адам кісіге қиямет күнінде Алла тағала оттан екі тіл береді» деген» (9-өсиет) Және осындай бір мезгілде екі тілді қатар пайдаланып ана тілін шұбарлап жер емшегін еміп, жерін өртеп, кісілігін іздемейтін пендені пайғамбарымыз; «Жақсы мінезді болуға ұқыпты бол және үнемі аузыңды бақ. Жаным құдірет қолында болған Алла тағалаға ант етемін. Әлеумет бұлар тәрізді ғамал істемеген» деп бұйырды.» (44-өсиет) Өз ата-баба әлеуметтік істерінен бөлініп,діл аманатын сақтамай (көркем бекіген сөз түсініктерен бұзу) өзге елдің жақсысынан еліктеген, екі беткейлік мінезді болып және бұндай екі жүзділіктің айқын көрінетін, жындылықтармен, шайтандық суайттық азғырушылық әрекетерімен бірге ең қауіптісі дінші, ғалым, ел биліктеріндегі өздерін жақсылық істеуші, ізгілікті жақтаушы етіп көрсете білетін бірақ шындыққа қарсы, жақсылыққа тиым салушы болатынын екі жүзділерді аятта; «Мұхамед егер қаласақ, мұнафықтарды саған көрсетер едік те оларды бет бейнелерінен таныр едің. Әрине оларды сөз аңғарынан танисың Алла істегендеріңді біледі.» (47-30) Сөзі мен ісі алшақ жүретін мұнафық, екі жүзді және сөз ұғымын бұрмалап Алланың үкімдерін бұрмалаушы мұнафық екі жүзділердің болатынын ескертеді. Аталарымыз; «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» деп екі жүздінің бір түрін астарлап ескертсе, ал Абай атамыз бұл аятты; «..Біреу үшін үйренсең, Білгеніңнің бәрі –тұл. Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма. Шын сөз қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма. Мұны жазған білген құл-Ғұламаһи Дауани, Солай депті ол шыншыл. Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл-гүл.» Дінің ұғымды сөзін, түсінігін кезінде пәлен сахаба, немесе арап ғұламасы айтты екен деп соңына түсіп, санаң жабылып, бар нәрседен құр қаласың барлық қазаққа керек шын сөз Ясауи ғұламадан іздеп, бірақ жастықтың буына түсіп өзге елдің жақсысына еліктеп гүліңді, тіл, сөз бақшаңды жойып алма деп ескертеді. «Мұнафық екі қора қойдың арсындағы бұралқы қой сияқты. Бұл қораға бір, ол қораға бір кетеді.» (Мүслимнен) Демек тіл, сөз ғылымындағы мұнафықтық мас адамша сөйлеп, мас адамша жазып немесе өзге тілді білгенін мақтанға айналдырып, өзге елдің сөз атауларымен өз тілін шұбарлаушылыр жындылырдың бастықтары болып саналады. Қазіргі тіл ғалымдарының философиялық сауаттары жетімсіздігінен және осындай екі беткейлік, екі жүзділіктіктің салдарынан тілдің негізгі қасиеті мен маңызы әлі жетім баланың күйінде деп айтсақ жаңылмаймыз. Ал ана тілін дәріптеп жолға салатын философ ғалымдарының өзінің осы «он тоғызы» түгел емес, мастардың, жындылардың сөзін сөйлеп солай жазып та жүр. Ал енді сол жынды, мастардың қатарын толықтыруға жан аямай кірісіп жатқан «намазхандардаң» басшылары имамдармен сұхбаттаса қалсаңыз әуелі жынын шақырған бақсыдай сізге түсініксіз тілде дұға ма, әлде дуа ма сиқырлы сөздерін айтып жаныңды түршіктіру (философиялық ревлексия) ақылы ақылы сау қазақты жирендіріп алмай әңгімесін бастамайды. Әңгімесінің өзінде пайғамбарымызға байланысты сөз кездесе қалса «салақ салау, ғалейки салам т.б» деп және арапша амандаспаса жанатқа кіргізбейтіндей мешітке барып уағыз тыңдай қалсаңыз «аллаққа құлшылық жасап, аллахым деп мағпират етіп, тәуесіл жасап, иқтикафта болдым.. радиоалаху әнқудің айтқанмен жүріп, ыстықпар жасап намазхан атанған т.б» әйтеуір оны айтпаса күнәкар болатындай сөздің парқын жүйесін бұзып, жүрекке түрпідей тиетін атаулармен тыңдаған құрлы мазаң май ішкендей болып, шығып кетуге құдайдан қорқып, ал қатесін айтсаң арап тілін білмейтін діни сауатсыз атнып, өзіңнің балаңдай жастардан сөз естіп, ақылы сау адамды «дінің осы болса..күйсегеніңді..» ислам дінінен қашыратын, әрбір сөз қадірін білген, қазақ тілін құрмет еткен әрбір пенденің басында болатын жағдай. Сондықтан біз сияқты амалсыз пақырлар болмаса, сөз қадірін білетін ақын, жазушыларымыз жұма намазы түгіл сол діншілермен сұхбаттан жиреніп қашып жүреді. Жазбаша сауаттары басқа әлемнен келген планета тұрғындары сияқты. Жазатайым арап тілін сол қалпында «Кер» жазуымен таңбалайтын болса, таңба үстіне үтір, болмаса таңба арасын арасын ашып, сызық қойып, астын, үстін сызып қалай оқитынын өзі білмесе оны түсіндіретін тіл ғылымының қағида шартын ғаламтордан да әлемнен іздеп таба алмайсыз. Бұл шатпақтарыңды қалай оқиық деп сұрайтын, немесе бір заңға бағындыратын ғалымда басшы да жоқ, діни сауатымыз иесіз қалған. Үйдің иесі, басшысы жаман болса қонағы билейді дегеніміз осы болар. «Жүрегі қатып мұз болған. Майда тілі біз болған. Қызтеке еді қыз болған. Бейне алдамшы сопылар. Бар ма маған бір сын деп, Ұстағағаным не дін деп, Ойламайды кіммін деп, Жүрегінде тоты бар.» Шәкәрім атамыз екі тілді қатар пайдаланып, тілі уланып, сөздің жаны кетсе жүректі тот басып қарапайым діншілік түгіл, намаздың майын ішкен сопылықтың өзінің ғылымы жалған, жан өнім бермейтінін ескетеді. Сондықтан қазақтағы қазіргі таңдағы дін ғалымдығы деген бөлек бір ғылымдыққа жатады. Сұхбаттасу қасиетін меңгеруді Інжілде дарындылық деп атаған: «Сүйіспеншілік жолын қуыңдар! Рухани дарындарға Құдайдың хабарын жеткізу дарынына, ие болуға тырысыңдар! Бөтен тілде сөйлейтін кісі адамдарға емес, Құдайға арнап сөйлеп ешкім оны түсінбейді. Ол өз рухымен құпияларды айтады. Ал Құдайдың хабарын жеткізуші адамдарға арнап сөйлеп, оларды нығайтып, жігерлендіріп, жұбатады. Кім бөтен тілде сөйлесе сол өз сенімін нығайтады, ал кім Құдайдың хабарын уағыздаса сол қауымды нығайтады… Бауырластар, мен сендерге келіп, алдарыңда бөтен тілде сөйлей берсем, бірақ Құдай ашқан құпия, не білім, не құдайдың хабары, не тәлім арқылы түсінік бермесем, онда сендерге не пайда? Мысалы жансыз күй аспаптары-сыбызғы не жетіген анық дыбыс шығармаса, қандай күйдің ойнағанын қайдан білеміз?.. Дәл осы сияқты, сендер өз тілдеріңде Құдайдың хабарын түсінікті қып айтпасаңдар, тыңдаушылар не туралы айтқандарыңды қайдан білмек? Сөздерің желмен ұшып кетті ғой.» (Корытындықтарға; 14-т. 1-9) Енді біздің діншілерміз жұма намаздарында да халықты жинап мақұлдатып өзіне, сенімін бекітуге арнап дұға жасап тілек тілейді және елдің рухынан алтын, күмісін мақұлдатып жинаған ақыл-ойын саусқан болып білдіртпей ұрлайды. Оған біздердей момын қазақ мейлі сол молдамыз аман болса болды деп бетімізді сипап көп нәрсе тындырғандай риза болып жұмадан қайтамыз. Құран оқып, өлгенге бағыштап дұға жасап, тәубеге келуді яғни Алла жолында мал жұмсау амалдарының бірі болып аятта; «Әй мүміндер! Ғалымдармен машайықтардың көбі, адамдардың малдарын (жан өрісін) бұзықтық арқылы жейді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосады. (Мұхамед) сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле.» (9-34) Жаратушымыз ғалымдардың, машайықтардың құпия дұғалармен адамдардың қуаттарын пайдаланып, өздерінің ғана жан өрістерін қалыптастырып, оны игілікке, сауықтыру, емшілік істерге жұмсамай ақырында өздері азапқа ұшырайтынын ескертеді. Інжілден; «Біреудің бұрынғы сыйынғандарын қайталап отыру соған құлдыққа түсу. Өзіңнен бұрынғы сыйнуыңды құдайдың еркіне қалдыр, ал өзің қайтадан және басқа жайлы сыйын.! Ақылдың айқындығы мен жанның саулығы жайды, сонан кейін ғана деннің саулығы. Құдайдан қашанда батыл сұра; сен басқаның ештеңесін сұрамайсың. Ал халық үшін құдайға әлденені сұрап сыйынуға тура келгенде жұртың бәрі еститіндей әрі түсінетіндей етіп сыйынсаң ғана барлық тілектерден еркін болатыныңды біл» Ал біздердің арап тілінде қандайда оқыған намазымыз, жасаған дұғамыз өз сенімізді ғана нығайтуға, тұрақты ұстап тұруға септігін тигізіп, ал елге халыққа дұға жасау тілек тілеу үшін ана тіліңде қонымды көркем сөз сөйлеу қажет. Ал діншілердің әңгіме бастар алдында арапша дұға жасауы өз сенімін шақыру яғни жынын шақырған бақсылық амалдары болып шығады. Сондықтан енді садақаңызды беріп құран оқыта қалсаңыз, сондай діншілер сізге арап тілінде дұға жасаса сенбеңіз де, ол халыққа болмаса сізге емес өзіне ғана сенім шақырып отыр деп іштей өзіңіз үшін жаратқаннан тілек тілеуді ұмытпаңыз. Жаратушымыз; «Егер аяттарды ауыстырсақ оны өзгертуші жоқ» деп шариғат үкімдері яғни жобалардың да өзгеріске түсуіне жолдардан хабар түсетінін ескергеніміз жөн де, заманына қарай дұға-тілектің де ұғымы кеңіп, сөзді жетілдіріп отыру шарт. Сондықтан да жалпы діни сауаттылықтың негізгі өлшемі пайғамбарлық қасиет яғни көркем мінезбен көркем таза сөз өнерін шешендікті сөз, сұхбат жұмасын меңгеру болып табылады. Әрбір өзін діни сауаттымын деп есептеген адам баласы егер ислам дінінде болса пайғамбарымыздан арнаулы уахи-батамен бір сүрені яғни құран кітабын алу шарт. Және мұндай қасиеттің діни сауаттылықтың басты белгісін аятта; «Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына береді. Алла зор кеңшілік иесі.» (62-3) Олай болса муфтият дін ғалымдары, құранмен пәтуа беруші имамдарымыз түгелдей Алланың қалаған құлдары яғни әулиелік дәрежемен, құл қожалық қасиеттердің иесі болу керек. Пайғамбарымыз; «Ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі» (2081-өсиет) Демек 46-түрлі пайғамбарлық қасиеттердің жинағы, кітабы болып соның бір бөлігі ғана түс көре білу болып табылады. Ал 46-кітапты толық түгендеген, хабар алған адам баласы пайғамбарлық дәрежеге даналыққа көтерілу тиіс. Оған негізгі шарт түсінде пайғамбарымызбен жүздесіп батсын алу керек. Сонан кейін ғана белгілі бір көрсетілген мезгілде әрбір құл өзіне тиісті кітаптарға жалғану шарт. Бұл белгіні құранда; «Сол уақытта Мұсаға (Тұр тауында) қырық кеш уәде берген едік…» (2-51) Аталарымыз жермен,сумен байланысты 40-әулие бар деп ескерткендей осы белгінің бәрі таумен байланысты яғни алғашқы 40-кітап, киелі жерде 40-күн аянды үзбей алып, және қалған 6- кітапты 6-шы сүре «Әнғам» деп аталып; «Күдіксіз менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Басқа жолдырға түспеңдер, сонда сендерді Алланың жолынан айырады. Сендерді осыларды Алла нұсқады. Сақтанарсыңдар.» (6-153) Жоғарыда көрсеткендей иман 60 және 70 бұтақтан тұрса соның 46-шы бұтағынан бастап пайғамбарлық қасиетті толық меңгеріп, пайғамбарымыздың шапағатына жалғанғанған яғни кітап алған «қожа» болып табылады. Сондықтан Шәкәрім атамыз; «Пайғамбар қыл ақылды! Сол табады мақұлды!» аянмен келген ақыл сенің пайғамбарың деп ескертеді. Олай болса дұрыс түс көре білген адам баласы діни сауатты болып ал 46-дан бастап пайғамбарлардан келетін хабар болып есептелмек. Бұл жан сырының құпиясын аталарымыз; «Төртеу (ішкі үн, 40-үй) түгел болса, алтау (сыртан үн, иман жолдас) араз болса ауыздағы кетеді» деп тұжырымдаған. Бұл мысалдармен діни сауттылық деп құранды арапша жатап алу емес керісінше намаздарды торлық орындау және ғайыптан келетін хабарларды дұрыс шеше біліп белгілі бір қасиетерді меңгеру яғни рухани дарындылықты меңгеру болып табылады.
Сөз мінезі- ой тазалығы, тілдің тазалығы-діл жемісі.
Пайғамбарымызға да жаратушымыздан «Мұхаммед саған Құран оқытамыз; сонда оны ұмытпайсың. Бірақ Алланың қалағаны басқа. Негізінде Ол, көрнеу, көместі біледі.» (87-6,7) «(Мұхамедке) өлең үйретпедік әрі оған, ол лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана» (36-69) Құран аяттары адам баласында өрістік сипаттарда мал болып бейнелетінін, сондықтан өлеңге айналдырып, есепсіз жатауға болмайтынын ескертіпті аяттарда. Және пайғамбарымыз құран аяттарын жатқа алу түйе баққан кісімен бірдей үнемі қарап, күзетпесе қашып кететінін ескерткен. Ал түйені жындар орны деп тағы ескерткен. Қазіргі таңдағы ғылым, білімінің жетістігі және адамзаттың ойы да, аспан кеңістігі де кеңіп, соған байланысты айқын болған құран аяттарына қарсы күнәнің шамасы артып, адам білімінде соншама теріс ақпараттардың көбейген шағындағы қарилық тек адам баласының жындылығын, мәңгүттігін, санасыздықты ғана туындатады. Құранды толық жаттау үшін нәпсіні мүлдем тежеп қанды бірқалыпты салқын ұстау керек. Сондықтан бұндай жағдай адам сыртқы өрісінің теріс қуатарымен толықтырып, перілігін, бой өрісін, жан киімін сынап буымен (апсын) толықтыру арқылы яғни жындылығының басымдылығын қалыптастыру арқылы мүмкін болады. Сол үшінде қосымша құран аясынан тыс арапша дұғалар мен дуаларды, түрлі мұсылман қорғаны сияқты қара бақсылық амалдарға жүгіну керек. Бұл жағдай жүрек салқындығын және араптан өзге тілді ұлт өкіліне екі есе ауыр болып, екі тілде сөйлеуін қалыптастырады да, сезім тежеліп тек түйсік арқылы ойлану қалыптасып, таза ақылдан мүлде ажырайды. Ал пайғамбарымыздың және сол кездегі сахабалардың құранды жатауы бөлек жаратқаннан келген үкім және рахмет арқылы жүзеге асқан. Сондықтан көптеген хафиздардың үйленбей, нәпсісін мүлде тежеп, құранды сақтау үшін үнемі өзімен-өзі соғысуына тура келген. Ал пайғамбарымыздың мұндай жүгін жеңілдету үшін, көптеген әйелдермен некелесіп, керісінше аналарымыздың жан-діліне құранды жазып, арап халқының иман бақшасының гүлденуіне себеп болды. Құранды жаттаған арап тілді дінші үшін ой тежелгенмен тіл ойдан бөлінбейді, ал қазақ тілді діншіге қазінгі таңда керісінше жан бақшасы суалып, дін-жаны артық жүктелуден діл бақшасы жемісін бермейді. Осындай жағдайдан пайда болған перінің ықпалына түскен елді кереметермен таң қалдырған; «Хорасанда төрт жүз жасты жасады, Жиырма төрт ағаш әр күн ұшар, достар. Есітті Баба Мәшін ол заманда, Ахмет атты бір шаих шығар деп Түркістанда. Сұхбат құрмай қыз-келіншектермен онда, Тиым салғалы Түркістанға келді, достар.» Исламдағы екі түрлі шариғат яғни масһабтың көрнісі таза арап үлгісін пайғамбарымыздың көзін көрген сахабалардан үйренген 400-жыл меңгеріп сақтаған сұлтан дәрежесіне жеткен Баба Мешін атты шейхтың Арыстан бабамыз арқылы дәл сондай бірақ 500-жыл жасап, пайғамбарымыздан тікелей дәріс алып 33-түрлі дін ғылымын меңгеріп, құрма мұғжизасымен тура жолды жалғастырған Ясауи бабамызбен кездеспек болған. Түркістанда қыз келіншектерді де оқытып, қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрін ұстанып, Аллаға серік қосушылар болып жатыр дегенді естіп, тиым салып жөнге келтірмек болып Ахмет Ясауи бабамызды іздеп келіп ақырында 500-қамшы жеп перісі қашып кетіп, өзі бабамыздың аяғына жығылып, мүрид(шәкірт) болған екен. «Дию-пері арқасынан кеткен сәтте, Бір қамшы оған тиді, білгін, достар. Баба Мәшін: «өлдім-деді, уа, Ахметім, Келе алмасам халайыққа қара бетпін. Өлер едім осылай болса халім, Зар еңіреп арыз-халін айтты, достар.» (40-хикмет) Және тағы кітап ілімін, мазһабты жатқа жетік білген 12000 кітабын қашырға артып арап шариғатына тізе бүктіріп, мазһабты мойындатамын деп келген ғұламаның да бар кітабын хауызға салып, құранға, пайхамбар өсиетерімен, киелі кітаптарға теріс пікірлердің бәрі өшіріліп қалып, Ясауи бабамыздан діннен толық мағлұмат алып шәкірт болуына тура келген. Осындай жағдайларды ескерген Абай атамызда; «Сезімпаз көңіл жылы жүрек, Тападым деп түңілмес. Бір тәуір дос тым керек, Ойы мен тілі бөлінбес.» Әуелі тарихыңа жалғанып, таза ақылды ана тілің арқылы, тылсыммен жалғанып піріңді-досыңды жол көрсететін әулиеңді тап деп ескертеді. Ой мен тілдің арасын берік ұстау кісіліктің, зайырлықтың белгісі екенін ескертіп; «Мақтан қума, керек қу, Ойсыздарға қосылма. Қойыңда ақша, қолда қой, Күзетке оңай шошыма!» деп пайғамбарымыздың өсиетін кеңітіп, астарлап өзге елдің түйесін баққанша өз еліңнің діл-қойын, ата-баба ақыл-ойын, рухын бақ- деп, ал құранды құр жаттаған сананың жабылып және жаратушымыздың; «Аяттарымды арзан ақшаға сатпаңдар» деген астарлы сөзін ; «Жатқа ал, ақырында босқа қал!» «Жұртың бәрі сөз сатқан, Сатып алып не керек? Екі сөзді Тәңір атқан- Шыр айналған дөңгелек.» Ата ұрығымен, ана қанымен берген Тәңір сыйы екі сөзің-діл бақшасымен және оны суғаратын азығы ана тіліңді қадірлесең тағдырың, өмірің сонымен дөңгеленеді, шариғатыңда сол деп ескертеді. Екі сөз-ана тілі мен ата аманаты өсиет сөздері тәңірдің адам баласына атқан сыйы және ең басты жол-жобасы тіл мен ойдың бірлігін қалыптастыруға берілген сынақ болып табылады. Аятта; «…Сендердің әрбіреулерің (жеке-жеке) бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет (бір тілді) қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларыңмен (сал-дәстүрлеріңмен, тілдеріңмен) сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48) Ислам әлемінің масһабтарға бөлініп таласқан нәрселеріңді өздеріңнің тарихыңнан, салт-дәстүріңнен іздеңдер деп ескертеді. Және 48-саны жер бетіндегі 48-қыбыла есігін тілдің негізгі қуатын білдіріп тұр. Мұсымандық қарызды өтеу деген бес парыздың негізгісі осы 5-сүремен және осы аятпен анық ескерткен. Абай атамыз бұл үшін; «Жалыны қайтар дененің, Үнемі тұрмас осы шақ. Талайғы кәрі дүниенің Бір кетігін ұстап бақ»-деп әдет-ғұрып, салт-дәстүріңнің, тарихи шежіреңнен ішінен ізде керек дүниеңді қойың да, ақшаң да сонда жүр, тауып алда бақ дейді де «Артағыға сөз қалсын. Мендей ғаріп кез болса, Мойын салсын ойлансын. Қабыл көрсе сөзімді, Кім таныса сол алсын. Не пайда бар-мың надан Сыртын естіп таңдансын. Онан дағы бір есті Ішкі сырын аңғарсын.» Бар іздегендерің «қойларың-ойларың» менің сөзімде тұр, құр сыртына мәз болып надандықпен жатқа алма, араларыңнан естіні тауып ішкі сырын ойын ал- деп өсиеттеп кетіпті. Енді бір өкініштісі осындай құранды жатқа алған, құранды жатауға болшақ мәңгүт жастарды қалыптастыруға арналған медіреселерді көбейтіп, мақтан мен мастың тірлігі, жын адамдарына тән ауру қазақ елінде жемісін беріп және сөздің астарына мән беріп ұялатын бір сөзге уәжге келетін құдайлық салтымыз жайына қалды. Яғни қазақта Шәкәрім атамыз ескерткендей; «Сөз мінезі құбылса, Ар, иманы жоқ деп біл. Аулақта жемтік сырыса, Оны ойыңмен айуан қыл.» деп ана тілінен жерініп өзге тілді дәріптегендерді хайуанға теңесе, Абай атамыз; «Ақылдан бойы қашық тұр, Ойында бір-ақ шаруасы. Кітапты молда теріс оқыр дағарадай болып сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр, Бүркіттен кем бе жем жесі?» деп қолына түскенін таңдамай қылғыта беретін тышқан, хайуан аулаған бүркітке теңейді біздің дінші, европашыл сөз мінезі құбылмалы «білдіман» ағайындарымызды. Пайғамбарымыз: «Кісінің ислам дінін көркемдегенің бір оның ұнамсыз сөздерді тастауы» (Әбубәкірден 33-өсиет) «Кімде кім айтылған сөздері әр дайым есепке жазылатынын білсе, ол кісі жаман сөздерден аулақ болар еді.» (828-өсиет)
Тіл-уәде, сөз-ант,көркем сөз-аманат және ділдің жемісі.
«Алла тағалаға сиын. Айтқан сөзің істеген ісің Алла тағалаға ұнайтын болсын…жұртқа ұнайтын мәміледе (таза сөйлеуші) бол, сонда сен де жұрқа ұнарсың. Жұртқа жақпайтын іс істеме.» (129) «Шын сөз Алла тағалының кітабында Тура жол сенімді сөз Ибраһим Халилла ұлтынан (ар мен ғұндар, номадатар) құрметті ұлт жоқ…Білімнің жақсысы пайдалысы, әділет жолымен жүру. Көз әлсіздігінен, көңіл әлсіздігінен, көңіл соқырлығы жаман… Қателердің қатесі өтірік сөйлеу.Байлықтың үлкені ой өрісінің кеңдігі…Біреуден естіген сөздің мағынасын өзгертіп айту жасан нәрсе…»(184) «Алла тағала үмметерім үшін жүз жылда олардың дүние түсінігін жаңартатын затты жаратады. (Үнді кеңітіп, сөз ұғымын ашады)» (198) «Адамдарды күлдіру үшін кейбірде айтылған сөз үшін, ол адам Алла тағаланың мейрімінен жерден аспанша ұзақтайды.» (273) «Әрине мағынасыз сөздер мен дем салу, тұмар тағу, әйелдердің күйеулерінен суыту дуаларын оқумен айналысу Алла тағаланың бірлігіне күмән келтірумен бірдей.» (215) «Әрине жағымсыз істермен сөздер исламда жоқ нәрселер, оны істеген адамдар жақсы адамдар емес. Момын адамдардың тәуірі-жақсы мінезге ие адамдар.» (219-өсиет) Осындай пайғамбарымыздың сөз сөйлеуші, сұхбат беруші туралы жүздеген өсиетінен хабар беруге болар еді бірақ қазіргі таңда пайғамбар аяттары түгіл құранан жаратқан үкімінің өзіне қалың көпшілік күмәнмен қарайды сене де бермейді. Бұндай жағдай қазақ елі түгіл ислам әлеміне келген ібіліс әскерлерінің лаңы болып, құранды арапша оқып тек арап сөзі құрметті болып саналу керек басқа ұлтың тілдері одан дәрежесі төмен деген пікірден пайда болған. Оған бірден-бір себепшісі құранды арап тілінен төте оқумен айналысқан аздаған топтың өз үстемдігімен билігін қалыптастыруға тырысқан надандық әрекетері жемісін беріп, енді парасаты, ақыл сау азаматардың араптың тілі түгіл құран сөзіне күмәнмен қарайтын жағдай қалыптасып, ондай адамдардың мешіттен көркем сұхбаттан қашықтап, немесе бас басына би болып, түрлі ағымдар арқылы ізденіп, діннің бөлшектенуіне әкеліп тірелді. Ғылымның беделін түсірудің ең нәтижелі құралы; қарама-қарсылық заңдылығын жойып, сұхбатта пікірталастың яғни бәсекенің болмауын қалыптастыру. Бұндай жағдайға шетен келген сұрқия саясаттың қақапанына ел басшыларымызда қалай түскенін білмей қалып, сондықтан діншілер өз үстемдігін қазақ елінде заң арқылы қорғап, қалыптастырып үлгірді. Сондықтан дінде ғалымдықта, сын да болмайды тек «мүфтият» деген жалған құдайға ғана табыну керек. Онда: «Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің түстеріңнің, қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгі бар.» (30-22) Яғни тілдің қарама-қарсылығы да ақ пен қараның қарсылығындай жермен көктің айырмашылығындай деп қатаң ескертеді. Сондықтан аталарымыз; «Атың шықпаса жер өрте» де тақуа болу үшін әуелі таза сөйлеп жер, сумен байланысты шайтаныңды өрте, тазала деп астарлаған. Бұл аяттағы 22-ші сан хаждың «білгендер үшін белгі бар»деп жер есігімен, жер ананың жатырына, киелі жерлерге жалғануды ескертеді. Сондықтан; «Расында кітап иелеріненің бір бөлімі, Кітапта болмағанды Кітапта бар екен деп ойлауларың үшін тілдерін бұрмалап оқиды да: «Осы Алланың қасынан келді» дейді. Бірақ ол Алланың қасынан емес. Сондай-ақ олар біле тұра өтірік айтады.» (3-78) Осындай сөздің құпия астары, сөз байлығы бар елдің діншілері өз ұлтының тілін, сөзін зертемей бізге де араптарға түсіндіргендей солай деген деп өтірік айтушы жалған тіл ғалымдары серік қосушылар пайда болатынын ескертеді. Бұл аяттың сандық мәнін зертеген ғалым болса, Ыбырайым және Мұса пайғамбар нұсқаларын алған үмметерді яғни сақтың негізгі ұрпақтарын біздерді ескертеді. Сондықтанда пайғамбарымыз; «Тура жол сенімді сөз және Ыбырайым ұлтынан құрметті ұлт жоқ» деп ескерткен. Ал біздер қалай Ыбырайым ұлтына жатамыз десеңіз Ыбырайым, Ысқақ пайғамбарлар мен Сара, Әмина, Рахия-Рабиға аналарымыз Маңғыстауда жерленген және қабірлерінде ерекше белгілер де бар. Жақып пайғамбарымызда қазақ жерінде теріге оралған және ұстаған саймандары да қоса көмілген. Осындай әлемді таң қалдыратын қазақ елінің сөзінің қадірі алдында тізе бүктіретін дәлелі бола тұра еліміздің дүние түсінігін ақирет ұғымын, жұртың дін-пейілін тарылтудан енді үлкен зұлымдыққа тап болдық. «Елу жылда ел (үндестік заңы) жаңа, жүз жылда қазан.» деген үндердің, нәсілдердің 50-жыл сайын бірігіп соған байланысты сөздердің бір қазанға түсіріп, ұғымдардың кеңіп отыратынын сөз ғылымынның дамуын бір-ақ мақалмен ескертіп кетіпті. Сондықтан пайғамбарымыз; «100-жылда дүние түсінігі жаңартатын нәрсені жаратады» деп, жүз жыл сайы үндестігі өзгеріп сөз байлығы, ұғымы кеңіп отыратын халық бар екенін ескерткен. Ал жүз жыл сайын үні, таңбасы үнемі өзгеріске түскен қазақ елінен басқа әлемде қандай ел бар, қандай дәлел бар? Абай атамыз «Мен» деген ұғымды адамның ішкі жан сарайының тіл, сөз ойдың бірлігі ақылың деп ескете отыра «…Негізінде азықтың жақсысы тақуалық. Әй ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар» (2-197) Алланы ұлықтау дегеніміз көркем сөз мінезі деп; «Жылуы жоқ бойының, Жылмиғаны неткені? Құбылуы ойының-Кетпей құйтың еткені. Мұңлы, жылмаң пішінін Кезек киіп, ел жиып, Болыс болса, түсінің Түксігін салар тырсиып. Бір көрмеге тәп-тәтті Қазаны мен қалбаңы, Дөң айналмай ант атты, Бүксиіп, бықсып ар жағы. Сенен аяр түгі жоқ, Бүгін сыйлас көрініп, Бүгін жалыр ертең шоқ, Сөзімен өзі бөлініп. Әлі үміт, әлі серт, Жын сықылды бұзылып. Қулық емес, бұл-бір дерт, Тұрлауы жоқ құбылып.» Адам баласының он күнәсінің тоғызы тілден болып, тақуалықты меңгеру, ұлтына тән адамгершілік ұстанымдарды, салт-дәстүрлерін толық сақтап, жұртқа, ортасына жағымды көркем мінезімен және сөз мінезінің нәтижесінен қалыптасады. Сөз мінезі құбылып тұрған адамды; екі беткейлі, екі жүзді құранда мұнафақтық деп атайды. Сөздің көркемдігі ұлтық үндестіктің ділдің талабын бұзбай әрбір сөз өз орнымен сөйлем ішінде өз орнын тауып, біртұтас үндер бірлестігінен тұрғанда ғана тыңдаушының жүрегіне жылы тиіп жадына ес болып тоқылады. Ал қазіргі таңдағы ел басқарған және мәдениет құзырлы орындағы ақылшылар мен діншілердің сөйлеу өнері мақтан аралас тілді өзге елдің сөзін сол қалпында пайдаланып, қазақ сөздерімін араластырып сөйлеуден дін көңілінің тарылуы мен жүректердің мөрленіп, қан азуын ғана қалыптастыратын жындылық әрекетер болып табылады. Абай атамыз бұндай жағдайды; «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар, Көңілінің көзі ашық, сергек үшін…Таң қаламын, алдыңғы айтқанды ұқпай, Және айта бер дейді жұрт тыным бермей…Болсын денім жоқ жігіт арсыз. Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз, Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз. Батырдан барымташы туар даңғой, Қызылшыл да, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой..» «…Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ, Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ, Моласындай бақсының Жалғыз қалдым-тап шыным!». Төртеу түгел болу ана тілінің тазалығынан, алтауды араздырмастырмау ата аманаты сөз өнерін меңгеру деп ескерте келе, сөз түсініг қазақта жоғалып бәрі маскүнем-жындыларша сөйлеп бақсы сияқты жындылар арасында жалғыз қалдым деп, сөзімді болашақ ұрпақтар түбіне терең бойлап зертеңдер деп амантапты. Енді пайғамбарымыз ескерткен кітап берілген тура жолдың негізін қалаған құрметті ұлттың тілімен сөзін-ойын, қазақтың діни ғұламаларымыздың, ойшыл абыз, хакімдердің дайын құран насихатын жоққа шығарған діншілер бұрынғы замандағы арап, түрік дін танушыларының өздерінің білім, ғылым жетістіктеріне халықтың нанымына (білімі) қарай ықшамдап, қарапайымдап түсіндірілген тәпсірлерді дайын аударылған атаулармен сөздерді пайдалана отыра, құранды ғылыми емес әдеби тілге аударып, неше түрлі арап сөздерін сол қалпында пайдаланып, арап таңбаларымен аяттарды сол қалпында қайта-қайта өрнектеп, қағаз санын көбейтуге тырысып әйтеуір ғалым, діни сауатты «десін» деген атақты, мәртебе дәрежені алу мақсатында пайғамбар сөзінен кейін беймәлім ғылыми ешқандай мәні жоқ және тіл ғылымына қайшы келетін мөр салып немесе (с.а.у) деген пайғамбарымыздың жынды болмағанына куәлік берумен яғни діни сауатты жоқ «демесін» деуге ғана жұмыс істейді. Өзін өзі мақтанның дәрежесіне көтеріп, елден, басшылар, ғалымдар арасынан бас изегіш қолпаштаушыларын «жапар құлдарды» іздеп тауып алады да кейін пір атанып өзінің адасқанымен тұрмай соңына ергендердің бәрін орға апарып жығады. Сонан барып Алланың 8-сипаттық себептік байланысын жаратушымен арада «делдел» жоқ деп серік қосып, құран аяттарына ортақ қосып, артына ерушілердің,зұлымдыққа ұшыраушылардың санын көбейтумен ғана айналысады. Оған қолдау берген үкіметтің, ғалым, жазушы, тілшілердің әрекетіне қазақ еліне дін сынағының түсуіне ғана себепші болып, зардабын халық көріп жатқан жайы бар. Бұндай жағдайға түсуге біздің қазақ халқының сенгіш, аңқаулығымыз да Абай атамызша; «Жаттың бір тәуір кісісін көрсе, «жарықтық» деп жалбырап қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам болса да танымайтұғыны қалай?.. Кей жұрт ақыл айтарлық кісіні іздеп таба алмайды. Қылығының қылшығын танитұғын (әуле-әмби) кісіден қашық жүретұғыны қалай?..Нәпсісін тыйып, бойын тоқтатқан кісінің жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, пәле шығарған кісі мықты болатұғыны несі?… Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай?» (40-сөз) Осындай көп нәсілдік белгіні, қылықтарды (шеріктерді-теріс сөздерді) есепсіз қосып қанымыз, дін-жанымыз азғандықтан, ендігі халықтық сипатымыз; «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді-біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз..» (24-сөз) Шындығында жындылығымыз өзге әлден басым елміз. Осындай кісілігі аз ақылы яғни қулығы мол, дүние тапқыш бірақ адамгершілік есі кем қазақтарымызды ғалым, дінші, ел басқарушы әкім сайлап алдықта, өнерімізді әрі қарай жетілдіріп к..н көрсетіп сөз сатып, ән салғанды ессіз серілерді «жұлдыз» яғни толық жетілген, Бақара сүресінің мөрін алған әулиемен теңдестіріп, шет жұртқа, болмаса өз елінде хайуандық өнерін, әдетін асырып үстем болып келсе батыр атап, төрге шығарып, жазатайым өле қалса ескерткіш сарайлар салып, енді қатындарымыз ондай ұл тумайтындай қайғырып, ал рухани егініміздің бақташысы нағыз әулиелерімізбен, ел қорғаған батыр, ақын, ғұламаларымыздың үстіне жын ойнақ салып, басына барып құран оқып садақаға мал шалып, дін дәстүрін жалғастырғандарды құдайды әлсіретіп және серік қосып ақылдарың азып маймылға айналасыңдар деген желеумен үкіметен тиым салған заң-зәкөнді ойлап тауып, ал сол ел басқарған данышпан, ақылшыларымыздың онда да халықтан ұялғандары көшенің ортасына аталарымыздың, жақындарының ескерткішін тұрғызып гүл қойып қалай тасқа, мүсінге табынуды, үлгі тұтуды дәріптеген екі есті ақылдыларымыздың арқасында өзге елдің дінін ұстануды үлгі қылып, марапаттап және арнаулы салтымызға да айналдырып алдық. Ендігі біздің Алламен екі ортадағы сиыну амалымызда, көкке көтеретін көркем сөзіміз де тамырынан ажыратып «осы гүлдей көктей сол!» деген жалған ырымымыз, шоқынуымыз тілегімізді жаратқанға жеткізетін көрінеді. Бұл біздің Абай атамыздан кейінгі салтымыздың жаңа қазақтық түрленген кейпіміз яғни дін-иманымыз, еске жиғанымыз. Енді осындай «философиялық» көрегенділігіміздің арқасында жұртың ішкен жегенімен, тышқанына дейін аңдып көріп қоятын, қазаның қақпағын күзеткенен басқа мақсаты жоқ, сасық ми дүниеқоңыз бір білгішімізді, қуымызды, сондай дүниетапқыш, байқағыш партияшыл ақылдымызды таңдап, адамгершілік, парасаттылық есін қалай өлшеуді қоғам болып ұмытқан жындылықтарымыздың арқасында, өзіміз сияқты бір масымызды ел басы сайлап алмасақ болғаны. Ақылыңыз толық, есіңіз бүтін болса әзірше жаратқанан осы ел басымызға, зор ден саулық және орта топтағы өсіп жетіле алмай жатқан ақылды жастарымыздың естері толып жетілгенше ғұмыр тілейік! Құдай ондайлардан, есі кеміс дінсіздерден, ішектегі, бастағы тері арасындағы сілелері қатқандардан сақтасын қазағымызды-деп тілеңіздер ағайын!