«(Мұхаммед): «Әй адам баласы! Менің дінімнен күдікте болсаңдар. Ал мен, сендердің Алладан өзге табынғандарыңа табынбаймын; бірақ сендерді өлтіретін Аллаға құлшылық қыламын және иман келтірушілерден болуға бұйырылдым» де.» (10-104) Бұл аяттың астарына үңілсек; Табыну-өлтіретін Аллаға яғни тәңірлік сипатарға табынып, құлшылық істеріне берілген бұйрықтарды толық орындау болып саналады. Аятта; «Аладан өзге табынғандарың, сендерге ризық бере алмайды. Онда ризықты Алланың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарылыласыңдар.» (29-17) Жаратушымыз өлімге, иман келтіріп Алланың қасындағы сендерге ризықты үлестіріп беруші себептеріне, хикметеріне табынып, өздеріңде соларға яғни өлілерге қосыласыңдар деп ескертіп, рахметтеріңді яғни шүкірлік құлшылықтарыңды сендерге түсірген, берген жаннатыма, жанаттықтарға арнаңдар деп ескертеді. Аятта; «Ол Алла, түнді күндізге кигізіп, күндізді де түнге кигігеді. Сондай-ақ ай мен күнді игерді. Бәріде белгілі мерзімге дейін жүріп тұрады. Біртұтас осылар, Рабыларың Алланыкі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабына да ие емес. (13) Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Мүбада олар естісе де сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан танады. Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді.» (35-14) Бүкіл қозғалып, уақытты, мерзімді туындатып және сендерге ақыл беріп тұрған біртұтас Рабыларыңа иелеріңе табыныңдар яғни Алланың сендерге түсірген таза рухына, нұрына Құдайға табыныңдар деп ескертеді. Ал кімнің дұрыс жауап бергенін, қайсысы таза ақыл, қайсысы теріс ақыл екенін ажыратуды құпиялап; «олар естісе де жауап бере алмайды» деп ескерткен. Ал ондай білімге, ілімге теріс ақылды тыңдағандар ортақ қосушы болып табылады екен. Олай болса түсірген кітаптарға, періштелерге, Алланың сүйкті құлдары достарына табыну керек, бірақ арасын ажыратып шоқынып кетпей, біртұтас Раббылық сипатына табыну керек. Барлық шатақта, діндегі надандықта, бөлшектену де енді осыдан пайда болады. Сондықтан құранды сандармен белгілеп әр үмметің құлшылығы, шүкіршілігі және адасуын да неден қалай пайда болтынын және қиямет-қайымға дейін қандай нәсілдік белгіні алған үметердің тура жолда болатына дейін алдын ала белгілеп көрсетіп қойған. Барлық құлшылықтардың тағат-сағатын 11-санымен белгілеп «ҺҰД» сүресін жер имамы етіп белгілеген. Ислам әлемінің жерден Мәді шығады дегеніміздің өзі осы сүренің хикметті істері арқылы көрінуін есертеді. Аятта; «Мұхамед; онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрынан табынғандары құсап табынады. Әрина біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (11-109) Бұл аятың пары және жұбтары осы аятың негізінен тәурат үкімдеріне қосымша Мұса пайғамбарымызға берілген кітаптың, нұсқауларға байланысты екенін және оны исрайылдықтардың орындай алмағанын ескертеді. Олай болса Мұса пайғамбардың негізгі шықан тегінде сақтарда бұл табыну құлшылығының сақталғанын көрсеткен 109 санмен белгіленген аяттың сырынан іздеу керек. Бұл аяттың түсу себебінің өзі Мұхаммед пайғамбарымызға қыпшақ елінен Укаша атамыздың апарылып оқытқан «Бестаңба» кітабына берілген насихат деп біліңіз. Енді табынудың бір сипаты түс көріп, оны жоруды меңгеріп, аяндарды-аяттардан уахи алып, оны іске айналдыруды Алланың өзіне құлшылық қылу деп атайды. Аятта; «Алла (Т) ол күні, оларға; «Елшілерімізге не жауап бердіңдер?»,-деп, дабыстайды (65) Сол күні оларға хабар естілмейді де өз ара сұраспайды. (66) Ал енді кім тәуба етіп, иман келтіріп ізгі іс істесе, құтылушылардан болуы үміт етіледі.» (28-67) Әрбір пендесіне Алла тағала елші жіберіп яғни аяндармен не істеу керек екенін көрсетіп, батамен жетелейді. Ал ондай елшілеріне аян болып көрінген періштелеріне іспен жауап қатпаған пенделерінің жүректерін бітеп, олар құлақтары созылып, аян түгіл түсте көре алмайтын кереңге айналады яғни «Хабар естілмейді өз ара сұраспайды» Иесімен Рабымен тілдесу мүмкіндігі тоқтайды. Аталарымыз; «Аруақ атқан оңбас» деген ондай пенделерді. Бірақ тәубаға келіп, кешірім сұрап, Алла достарына құрбан атап, жаратқаға жалбарынып, ізгі істер істесе құтылуға мүмкіндік беретінін ескертеді. Енді олай болса табыну деп Аланың өзіне құлшылық жасауды атап, ал Алланың өзін қалай анықтаймыз? Аятта; « Расында сендерге Ыбырайым және онымен бірге болғандар, бір көркем өнеге болды. Сол уақытта, олар елдеріне; «Сендерден де Алладан өзге табынғандарыңнан да бездік. Сендермен армызға мәңгі дұшпандық, өштік басталды. Сендерге Алланың бірлігіне иман келтіргенге дейін қарсымыз» деген. Бірақ Ыбырайымның әкесіне; Әрине сен үшін жарылқау тілеймін. Дегенмен Алладан келетін нәрсеге шамам келмейді» деген болатын. «Рабымыз, Саған тәуекел еттік, Саған қайттық, әрі барар жеріміз Сен жақ.» (60-4) Бұл сүре иманың негізгі көрсеткіші болып табылады. Олай болса табыну амалдарының негізгі белгісі Ыбырайым жолы деп аталатын белгіде. Алланың бірлігі рухани қазынамыз 18-ғаламның періштелері, пайғамбарлары сахабалары, Алланың сүйікті құлдары болып оны көктегі қазына «Отан» деп атайды. Кәпірге айналған туысқандарыңа, ата-аналарыңа да жарылқау тілеп дұға жасау керектігіне осы аят «сендерге көркем өнеге» деп ескеруімен бірге тіптен пайғамбар дәрежесіндегі құлының өзінің де Алладан тұрақты түсірілген азапты қайтаруға, жеңілдетуге шамасы келмейтінін ескертеді. Олайболса ол Алланың бірлігі арқылы атқарылады. Аятта: « Сондай ғаршыны көтерген және оның маңындағы періштелер үшін: «Рабымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сидырып, ішіне алған. Сондықтан тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!»,- деп тілейді. (7) «Раббымыз! Оларды әрі аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, оларды өзің уәде еткен Ғадын жаннатарына кіргізе көр. Күдіксіз Сен өзің тым үстем, аса данасың… (8) Оларды жамандықтарынан қорға. Ол күні кімді жамандықтан қорғасаң, сөз жоқ, оны мәрхаметіңе бөлеген боласың. Міне сол, зор қол жеткендік» (40-9) Бұл аят бойынша адам баласының дұғасын періштелер естіп, біліп барып Раббына дұға жасау керек екен. Сондықтан аятта; «Мұхаммед; «Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейрімді» де (54) Өздеріңе апат келуден бұрынг Рабыларыңа қайтыңдар, Оған бой ұсыныңдар. Кейін жәрдем көре алмайсыңдар». (39-54) «Алла тек біртұтас күнәларды ғана жарылқайды» деп имамдарымыздың ислам тәпсіршілерінің тура Аллаға ғана табынып сұрап дұға жасау керек дейтін сөздерін жоққа, жалғанға шығарады. Олай болса; «Ол-рахмет» -Раббымыз болып, Рабымыз тек біртұтас періштелер арқылы құлдарының дұғаларын, тіліектерін қабылдайды деп түсіндіреді жоғарғы аятта. Демек адам баласының әрбір үметерінің ерекшеліктеріне қарай періштелермен құлшылықтарын жалғанатын намаз орындары болу тиісті. Соның бірі мешіт болса енді тек мешітте ғана дұға тілектер есіледі десек онда «Барлық жаратылыс нәрселерін жұбымен және парымен жататтым» деген аятың ғылымына қарсы шығып, серік қосып, аяттарға ортақ қосумен Алланың бірлігіне қарсы болумен кәпір болып шығамыз. Енді «Рабымыздың ғаршысын 8-періште үстіне көтерді» деген ескертуді назарға алсақ жерге байланысты адамзаттың дұғаларын алғашқы қабылдайтын 8-періште болу керек. Бұл періштелелер Алла әмірін жеткізуші пенделермен тұрақты байланыста тілдесуші болып, оларды Алланың сегіз сипаты деп атаған аталарымыз. Аятта; «Қылмыстылар жек көрсе де хақиқат шынға шықсын да бұзықтық жойылсын.» (8-8) Демек әуелі Алланың хақиқатына табыну керек! Бұл жағдайды Абай атамыз: «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу-болыс, біреу-би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үгіт беріп, ақыл айтарлық деп сайланады… Андайлар анандай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын! Және білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ; «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!»-дейді.» Ақыл мен ғылым, білімді меңгеріп жаратқаның насихатын тыңдай білуді хақиқат деп; «Жас өспірім замандас қапа қылды, Сабыр, ар жоқ, аял (аян) жоқ, ілді-жұлды, Тұрлау қылып еш нәрсе басқара алмай, Сенімі жоқ серменде өңкей жынды. Жамандақ, жақсылық пен-оған бір бәс, Дін ісін, Құдай ісін айыра алмас. Арын сатып, ант ұрып іздегені-Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас.» Құдайдың жіберген үкімдері мен нұсқауларын ажырата білмейтін аянды ескермейтін арын сатқандардың көбейгенін, жеген, ішкеніне, дүниеге табынғандардың ант атқандардың елді бұзатынын ескертеді. Ал Шәкәрім атамыз; «Тән көретін бастағы көз Байқамайды жан сырын. Көр де ақылға сал деген сөз Көз керек қой ойлырақ. Хақиқатты дәл көруге Жан көретін көз керек. Бас көзімен сенделуге Бізге рұқсат жоқ, шырақ!» Жүрек көзін ашып хақиқатты-тәңірді ой көзімен көріп, таза ақылдан сұрақ сұра деп ескертеді. Ал құранды арапша оқып қана хақиқатты көресіңдер деген тәпсіршілер ұстанымын; «Пәнші нанды бес сезімге, Дінші адасты жолынан. Сал ақылға дұрысы не? Дәлелін тап жақсырақ.» Қандайда бір жаратылыстың да, жандының да түп негізін ғылымын сегізін ізде деп ақыл береді. Аталарымыз ондай ер азаматты «Сегіз қырлы бір сырлы» деп атаған. Енді ғаршыны көтеретін 8-періштені әзірше біздер үшін жаратқан 8-түрлі себептер деп оның көрнісін бейнеленуін салт-дәс-түр деп атайды екен. Олай болса хақиқатың негізін, дәлелін; «Алла (Т) бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немес перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) Бұл аятың шешімін Шәкәрім атамыз қалай іздеуді; «Мен болсам Толстойдай арманым жоқ, Шатасып ақылымнан қалғаным жоқ. Сырымды білетұғын сендер емес, Өлейін деп елсізге барғаным жоқ. Таза ой ойламай алмас үйде басым, Ойсыз сіңбес бойыма ішкен асым. Ой жемісін теремін өлгешенімше, Өсектесін, күндесін мейлі қасым. Надандардың сөгуі айып емес, Мен ешкімге байлаулы зайып емес. Хақиқатты жырлаған келешекте Мерзім болып шығуы ғайып емес.» Хақиқат мерзім яғни аруаққа айналып сол хақиқатты жеткізуші болады деп түсіндіреді. Ал ен даладан бәйшешек бақшасының жемісін іздеуді; «.. Ал енді құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер (зиратағандар), тағы басқа Алла жолында соғысқандар (хақиқаты шынға шығарып іс қылғандар) Аллаға мәлім. Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Алла үшін көркем қарыз беріңдер. (Құрбан шалып, зиратаңдар, өлілерге құран бағыштаңдар). Және өздерің үшін алдын ала хайыр істесеңдер, оны Аланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде (сегіз сипат) табасыңдар. Аладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейрімді.» (73-20) Бұл сүре тура жолға түсірілудің алғашқы шарты болып осыдан кейін ғана тақуалықты меңгеру басталады. Ал бұл сүренің үкімдерін орындаудан серік қосылады деп зиратап жер жүзін кезіп, құрбан шалып, зекет беріп артық хайыр жасаудан бас тартқандар жоғары Ыбырайым жолының иман келтіру ісінен бас тарту болып; «Әй мүміндер! Аланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгендей олар, ақиретен үміт үзген.» (60-13)
Шеріктер және шерік қосу мен шерік қату.
«Расында адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық. (26) Жындарды (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік.» (15-27) Бұл аяттан адамдық негіз сүйекке байланысты болса, жынның негізі түтінсіз оттың жалынынан, сүйектер қалыптасудан бұрын пайда болатын еттердің негізін құрап; қозғалыс, қимыл қуатары болып табылатын табиғат жаратылыс әлемдерінен, жан жануарлар және адамдар тіршілігі нәтижесінде пайда болған шеріктердің яғни қимыл егелерінің жиынтығы деп түсінгеніміз абзал. Адам-ата, Хау анамыз жаннатта өмір сүрген кезде материалдық негізде емес денелік сипатта болғанын ескерсек, бұл аят кейінгі жер бетіндегі тәндік материалдық негіздегі екінші ұжмақтық жаратылу туралы ескертеді. Яғни көбейіп өсіп, өну үшін адамзатқа «жын» мен «ыс»-нәпсі қуаттары яғни «ағашын» қоса берді. Адам баласы яғни сүйектер алты күннің жарықтың, нұрдың әсерімен байланысты қалыптасса, ал жын түтінсіз оттың негізі 7-түн қараңғылықтан пайда болған да отпен байланысты тіршілік егесі болып табылады. Енді шайтан оттың тегінен пайда болып, барлық жаратылыс нәрселеріне әсер беріп қосылу қабілеті бар негізінен сумен байланысты тіршілік егелерінде болады. Жын суға қосылудан қорықса, шайтан оттан қашады. Ал ібіліс осы жын-шайтанның түп негізін құрайтын періштені айтады. Егер жын-шайтан деп атайтын болсақ онда осы жанаттан қуылған ібілістің бейнесін айтамыз. Енді осы үш негізден тұратын адамзат таза рухтан үлес алу 8-түрге біріктіріліп, іс қимыл әрекеттер арқылы бір тұтас тұтас адам баласына 9-шы бейне кісіге айналу шарт. Осы адамзаттың тіршіліктегі өнімі кісінің де 18-негізгі сипаты болып оң қолдағы 18-саны осы біртұтас кісілікті меңгеруді көрсетеді. Адамзаттың жаратылыс ортасымен қарым-қатынаста тіршілік ету барысында пайда болған түрлі толық кісілікке жетпеген жанды көрінбейтін, жанды тіршілік нәрселері арқылы қосылып түрлі қимыл қозғалысқа айналатын жетілмеген жаратылыс егелерін шеріктер деп атайды. Шеріктердің біздерге білінетін, ғылым біліммен анықталатын және біз білмейтін сан алуан түрлері бар екенін кітаптарда ескертеді. Бірақ барлығы да белгілі бір ақыл егелерінің басқарылуында болып оны құранда Алланың әскерлері, жасақтары, ләшкерлері деп атайды. Адамның белінен алып, Раббымыздың уәде алған белгілі үн, мінез егелері яғни нәсілдер де осы шеріктер тобына жатып оны жүк, немесе жүктелу деп атайды. Негізгі біздердің жер жүзінде тіршілік етумізге байланысты тікелей адамзат өнім болып табылатын, өлімнен кейін бөлініп, қайта адамзатқа қосылып ақыл, сөз арқылы кісіге айналып бейнеленетін ең төменгі ақыл, қозғалыс егелері шеріктер болып; бес түрлі қуатық шамадан тұрып, ол, адам баласының тағдыры «бес күнге жалғану» арқылы жұбайлық, жұптасып тіршілік ету барысында көбейіп өмірге ұрпақтар әкеліп «бесті» бір біріне беріп «алтыншы күнді» алмасу арқылы Рабымыздың нұрына қайта қосылып, бірлену арқылы 7-ші толық періште пайда болады да оны адам баласы деп атайды. Адам баласы періштені қол қанат деп қолдың жеті мүшесімен байланыстырады. Енді пенденің тіршілік ету барысындағы жоғарыда қысқаша мысал келтірген алды артындағы күзетші көлеңкенің өсу дәрежесімен солға қарай айналып, істі жазушы оң, сол қанат бейнесіне қосылу арқылы толық адам бейнесі, екі көшірмесі яғни иман серігі пайда болады. Бұл қысқартылған түрде адам қуатарының сипатамасынан енді шерік қосу мен, шерік қату ұғымдарынан нақты түсінік беруге болады. Шеріктер адамзаттың өмір сүрген ортасына байланысты тамақтану тәсіліне, жеген азығына байланысты қуат болып еніп сөз, іс қимыл арқылы бірленіп, дәрежеленіп, негізгі жынға яғни мінездің қайрат болып қалыптасуына және де іштегі періштелердің, малдардың қозғалысын өз ара үн алмасуын қалыптастыратын ағзадағы сөздердің қозғалысын яғни жеті желдің де пайда болуына себеп болады. Тамақты талғамай дұрыс өңдемей жеуден және белгілі жаратушы тарапынан нәсіліне қарай ағзада қортылмайтын тағамдар түрлерін харам деп, онан теріс қуатың шеріктердің шамадан тыс көбейуімен тән арамданып арты ауруға және мінездің, қылықтың өзгерістеріне ақылдың да азуына әкеліп соқтырады. Барлық жаратылыс нәрселерін жұбымен және пар-парымен жараттым деген жартқан үкімін естен үнемі шығармасақ, енді ібіліс екі нәрседен жын мен шайтанан тұрса, енді балшықтан пайда болған адам баласы ақыл мен жаннан тұрып, жанды шайтан аздырып, ақылды жын аздыруға негізделген. Адам баласынан дінін жетілдіру арқылы білім-ғылымды меңгеріп, ақылды жетілдіріп, жынды өзіне бағындырып, өмір базарын жүргісе, ал жанын жетілдіріп ағарту үшін, шайтанды тәрбиелеу, тек діннің белгілі шектерін, рәсімдерін орындау арқылы ғана нәтиже береді. Бірақ бұл әрекеттердің бәрі адам баласының негізгі жаратқанмен арадағы елшісі ой қуатының естілігін жетілдіру арқылы ғана мүмкін болмақ. Сондықтан жоғарыдағы 4-сөзден тпайда болған тағдыр негізін бір жүйеге қалыптастыру арқылы төбеден келетін бесінші таза ақылға басқартқан яғни көрсеткен, білдірген Раббымыздың хабарларын, баталарын тыңдау арқылы ғана адам баласының парасатты ұжмақтық бақытты өмірін қалыптасыра алады. Енді адам баласында осы басқару орталығын «Мен» деп атап және ол да жұп болып, Абай атамыздың «менікі екі» деген философиялық пайымдауы шығады. Біреуі төбеден болса екіншісі табанан келетін жоғарғы ақыл қуатын аятта; «Мұхаммед көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ,төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз, Алла әр нәрсені толық білуші.» (58-7) Бес қуаттың алтыншы Алла нұры кісімен бірлігінен қайрат пайда болса, ал 3-кісі; көру, есту, ойлау сезімдерінің Алла нұры кісімен-таза ақылмен, рухпен бірленуі арқасында адамзатың ар-ұят, жан қуаты қалыптасады. Осы екі меннің бірлігінен 46-саны пайғамбарлық қасиет пайда болады. Аталарымыз: «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп осы аяттың тәпсірін нақылға айналдырған. Олай болса алтыншыны несібені жоғалтпау үшін табанан жер тесіктерінен яғни намаз орындарын табуды аталарымыз құпиялап ескерте білген. Алда әлі талай құпия сырларын талқылайтын жан ғылымының негізгі сыры мен есебі осы аятпен және сүре орнымен тікелей байланысты. Сондықтан бұл санға мұқият балыңыз. Егер осы сандармен сүренің өзіне аталарымыз меңгерген жан сырынан тәпіштеп түсіндіретін болсақ, бірнеше том кітап жазу керек. Әзірше әзірше осымен тоқтап басылым барысында қайта-қайта себеп-салдарына оралып отырамыз. Ал ислам діншілердің «шерік қосу» деп халықтың қаралай үрейін ұшыратын сөздері осы шеріктерден мүлде бас тарту емсе керісінше бір біріне қоспай алу керек. Онсыз адам баласына қуат қайдан келеді? Аталарымыздың «Менде бес бересің алты аласың бар ма?» деген нақылдан осы қағиданың шарты шығады. Ғиса пайғамбарымыз; «Бес торғайды екі теңгеге сатып алмайсыңдар ма?» деп астарлап ескерткен екен шәкіртеріне. Тек қалай алу керек бар шатақ осыдан туындайды. Әрине әулие-әмбилердің киелі жерлерден жүз жыл өткен «қазаннан», ойпаттардан тазарған және өз ақылына сыйатын шеріктерді алу арқылы керісінше адам баласының түрлі жұқпалы аурулар мен теріс қуатардың әсеріне, шайтанның азғыруына деген табиғи қарсылығы және жанның тазаруымен рухтан өз үлесін алып, дарындылық қабілеттерін, шабыт қуатының пайда болуымен ой қуатының артуын ғана қалыптастырады. Шеріктер отегінің бос иондарымен байланысты шамасынан артық қосылса адам баласының мастығын жындылығын қалыптастыруы сөзсіз. Бұндай жағдайды «У ішсең руыңмен» деп аталарымыз өз руына, туысқандық кіндігімен байланысып «у»-ды ішіп үйреніп, сонан кейін ғана сатылап көтерілетінін ескерткен. Бұл жан ғылымы білімге айналып түрлі аңдар, құстар жаратылыс егелеріне пайда болатын індетерге қарсы «вакцина» «у»-ы, осы аурудың қарсы тұратын шеріктер азығы болып, адам жынының яғни етпен тері арасындағы белден төмен орналасқан негізгі жынның қуатануын қалыптастырып ауруды кіргізбейтін бой өрісінің қалыптасуын туындатады. Бұл негізінен діндерді бірлестіруші ортақ қағида Ыбырайым жолы деп аталады. Сондықтан аятта: «Негізінде Ібілістің оларға ешбір ықпалы жоқ еді. Бірақ ақиретке сенген кісімен, одан күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың әр нәрсені қорғаушы.» (34-21) Раббымыз адамзат арқылы тозаққа түсіп тазарған ақылды сөзге қосылған жындардың кісіге айналуымен, керісінше сыртқы қара күштердің себепсіз енуінен шеріктердің себепсіз қосылуынан қорғайды. Сондықтан аятта: «Мұхаммед бір кезде саған; «Негізінде Раббың адамдарды баураған» деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді және Құрандағы қарғалған ағашты адамдарға бір сынақ қылдық. Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырады.» (17-60) Осы аяттан–ақ масһабшылар мен қазақтың муфтияттық ғалымдыры түгіл, бүкіл ислам діншілерінің жын туралы үлкен қателікке ұшырап, зұлымдыққа түскенін ескертеді. Болашақта сыртқы әсерлермен ішкі жан қызметерін көлемді түрде жаза жатармыз, ал енді «шерік қосушы» деп, жан тәні арамаданған түрлі ауруларға, семіздікке ұшыраған, қаны азған және рухани жетіспеушілікке ұшыраған пенде болса, «шерік қатушы»- деп мағынасы өзгерген (жаргон) қыстырма жынды сөздер айтып, елді дүрліктіретін пенделерді айтамыз. Шерік қатушыларға арам жемегенмен сөзі дұрыс емес шала қазақтармен, дінді теріске алушылар, баспасөз мамандары, тілшілер, ақындар, философ, саясатшылар яғни сөз астарын білмей ой жорумен сөйлейтіндер кіреді. Және ата салтын дәстүрлі дінін мойындамай өзге елдің қосын жегіп, тура жолды «мазһаб» деп атап, Раббысының жолын ұстамайтын, аруақты мойындамайтындар да осы шерік қатушылар болып жындылар қатарынан табылады. Оған дәлел аятта: «Мұхаммед сенен бұрынғы алғашқы топтарға да елші жібердік. (10) Оларға келген пайғамбарды, олар, мүлде тәлкек қылар еді. (11) Осылайша мазақтаған нәрселерін (жындарын, шеріктерін) күнәкардың жүректеріне кіргіземіз. (12) Сонда олар оған сенбейді. Расында бұрынғылар да сөйтіп өткен болатын. (15-13) Бұл аятта 11-саны сақ ұрпақтарының негізгі пайғамбары, елшісі Һұд туралы ескертеді.