ЖАН САУЛЫҚ, ЗОР БАЙЛЫҚ. Өлім белгісі –ұйқы, тұрағы – жан.

ЖАН САУЛЫҚ, ЗОР БАЙЛЫҚ.

«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық» деп те мақалдаған дана қазақ. Үш кие. Жаулық әйел киесі, ал сол саулықтарды қорғап тіл көзден, сұқтан сақтайтын кие етек. 100 саулық он киеге бөлінеді. тоғызы сөз киесі. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» — деген аталарымыз. Тәнге де, жанға да ырзық сөз арқылы келеді. Тегі рух. Енді жіктеп көрсек. Адам тәні үш қараңғылықтан тұрса, сүйек майы және сыртқы етпен бөліп тұратын қараңғылық көру киесін құрайды.Сүйек майы азайса көзді де қараңғылық басады. Іш құрылыс, сыртқы ішкі май қабаттары есту киесі болса, тері мен ет арасы ойлау қабілеті болады. Бастағы тері мен сүйек арасындағы қышқыл түсіну киесі болып табылады. Осы киелердің баста, бетте, кеуде тұстарында белгілері бар. Сол таңбалардан пұттар белгісін жасап, Адам-Ата қауымынан бастап жындарға шоқыну пайда болған. Сол киелердің тобық, тізе жаурын, шынтақ жамбас, білезік т.б. тұстарында түйіні көз есіктері бар. Көлденеңнен пендені жіктесек 8 түр болып жіктеледі. Балтыр, сан, қой, ешкі.( Бала). Себебі ризықтық несібе аяққа беріп қойған жүру жүгіру, жем несібе іздеу. «Жүгіргенге жүргем ілінер» деген қазақ. Қарын, кеуде сиыр. Тойғанын білмей бүкіл нәрсені қарнына жинап сол арқылы сүт береді. Сусыз өмір сүре алмайды. Жауырын, қол – түйе.(Бала) Ылғал да тамақ та көп керек етпейді. Жүк көтеріп тек қимылға, жұмысқа жазып қойған. Осы жүйенің бір-біріне қосылуын «Қаралық» деп атаймыз. Қаралық ауру тегі. Ең ауыр түрі ойлау жүйесінің көру, есту жүйесіне тікелей қосылуы. Тек көріп ойланатын, болмаса естігеніне сенетін енді малдармен араласса сиыр сияқты қарын қамын ойлайтын, немесе ешкі сияқты ұрлық ауырдың асты жеңілдің үсті, немесе түйе сияқты күшіне ғана сенетін мінездер туындайды. Бәрінің күзетшісі мизан, ол да түсіну қабілетіне (бастағы қышқыл құрамына) тәуелді. Басты бағаламай,шашты қиып жалаңбас жүретін миы ашыған әйелге түсіндіріп көр. Себебі малдар жекке жеке бөлініп бір пенде баласында төрт түрлі малдық қыймыл әдет пайда болып, сегіз түрлі ойлау жүйесі қалыптасып, өзін кім етіп көрсеткісі келмейді. Яғни жұлдызшаға айналады. Ондай пенделерге тек европаша айлакерлік қағида керек. Ол тәсіл нәпсі ғана. Бүкіл өмір сүру қажеттілігі рухани ләзатты , нәпсі қажеттілігіне ғана бағыттау керек. Бір малға су керек, бір малға иіс жем керек , біріне сыланып өзін керемет көрсету керек болса бірі тек жатып алып жей берсем демек. Солардың бәріне азық беретін босқа мақтан арзан сөз керек. Сол сөздердің түйіндері буындарда тоғысады да сол жердің ойлау қабілетімен байланысын (жол өрісін) ғылымда «плазма» деп атайды. Кейде байланыс өрісіне қарай «цикоплазма» деп те атайды. Жүйке түйіндерінде пайда болатын қараша өріс. Сыртқы өріс арқылы кеңістіктегі өмір сүретін жындармен байланысқа түссе түйсік сезімдері пайда болып көріпкел атандырады. «Жолыңды ашамын» деп көріпкел болып, өзіде өзгені де әуреге түсіріп қояды. Себебі жаһаннам тіршілік иелерімен ғана байланыста болып негізгі жаннат әлемінен толық мағлұмат ала алмайды немесе мүлдем ажырайды. Құпия өсіп өркендеуге байланысты мағлұмат тек жаратушымыздың ұлықсатымен шапағатшылар арқылы ғана жүзеге асады. Сопылық жолды толық меңгере алмаудан да өріс бұзылып, аян тоқтап сана жабылу да осы қаралықтың әсері. Қарапайым халық арасында сол қаралық қоздырғышқа айналып жазылмайтын ауруларды туындатып жатыр. Ғылымда толық емі табылмай америкалықтар адамды қыздырып шала өлтіріп емдеп жатыр. Оның кілтін жаратушымыз қазақ халқына беріп отыр. Негізі Яссауи жолында қаланған. Бірақ оған тәрбие, тәлім және шариғат істерін сонан соң негізгі шарттарын толық меңгеріп барып, сатылап жетеді. Бұрынғы ғұламаларымыз жүріп өткен із, бірақ қағидасы өзгерген. Себебі адам жан сарайының тербелісі сол қалпын сақтағанмен сыртқы кеңістік және жындар әлемінің тербеліс жиілігі өзгерді. Әлем аспандары кеңіп қаншама жұлдыздар пайда болып жыл сайын өзгерістерге түсіп жатыр. Сондықтан аятта: «Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз ол, залымдықтың зиянын тым арттыра түседі». (Ісра -82) Құран аяттарынан басқа барлық түрлі дұға жалбарыну түрлері, ем-шипа дұғалар зиянкестерге айналып кесірін тигізе бастайды. Арапша сөздердің оқылу және әріп таңбасымен үндестік есебі бар. Араптар үшін қатынас тіршілік құралы болса өзге тілдік жүйесі бөлек елдер үшін зікір. Зікірдің де есеп жүйесі өзгерді. Оған да себеп тіл және үндестіктің өсіп, дамып кеңуі болып табылады. Тек араптар үшін ғана тұрақты болып қала бермек. Сондықтан Құраннан тыс аяттар, дұғалар мәнін өзгертті, арапша дұға тілек айтуға құмар діндарлар абайламаса болмайды жалбарыну, тілек тек жүректен шығу шарт. Адам баласының ішкі тербеліс жүйесімен сәйкес келіп үндестік болуы керек. Құран аяттарының да жиілік өрісі кеңіп құпиялары маңызы болашақта жоғарылап ашыла бермек. Сондықтан ана тілді меңгеру нағыз ғалымдықты қажет ете бастады. Себебі тілдің дамуы мен үндестік тербеліс те күрделенді.Арап тілінің сөз қоры сол қалпын сақтағанымен тербеліс мағынасы дәрежесі өсті болашақта өсе де бермек. Тек құран аяттары ғана шипа рахмет деп ескертіп отыр Алла тағала. Рахмет сол жалбарыну, зікір, дұға арқылы болатын Алла тағала тарапынан келетін құбылыс. Жұртқа түсініксіз былдырламай тілек тілеуді өз тіліңде жүректен шығарып жалбарынып сұрағанға не жетсін ,ешқандай жасандылықсыз аталарымызша!

Өлім белгісі –ұйқы, тұрағы – жан.

«Әркім өлімді татады. Сендерді сынап, жаман жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар (19) Әрине оларды да аталарын да ұзын бір өмірге дейін пайдаландырдық». (Әнбия-44) Жаратылған нәрселердің бәрі бір жағдайдан бір жағдайға өтеді деп ескертеді жаратушымыз, сол өткелді өлім деп атаймыз. Тек уақыт айырмашылығы ғана салыстырмалы. Барлық құбылыс, жағдай 4 бөлікке бөлінеді; қатты, сұйық, бу, ауаға араласу (эфир). Бұл қарапайым құбылысты судан байқауға болады. Қандай нәрсе болсын бір жағдайдан екінші жағдайға өту үшін екінші, үшінші нәрселер әсері одан шығатын, бөлінетін нәрселер керекті, керексіз т.б. қасиеттерімен айқындалады. Бәрі әртүрлі жиіліктегі тербелісті құрайды. Бірден басталып 60 сек, минут, 60 минут, сағат, 24 сағат тәулік, 367 күн жылды құраса, адам өзгерісі де осындай тербеліске бағынады. Кіші тербеліс арасы ұқсас сосын ара қашықтық ұлғая береді. Енді соған ой жүгіртіп ақылмен барлап ақиретпен өлшесек, секунд дәрежесіне тең өлім тербелісі ұйқы. Күніне бір өліп қанша жыл өмір сүрсең, соншалықты күн өліп тірілу бар.Оған дәлел аятта: «Өлер уақытта жанды Алла алады. Сондай-ақ өлмегендердің жанын ұйқыда алады. Сосын өліміне үкім берілгендігін тоқтады да басқалардікін белгілі мерзімге дейін жіберіледі. Сөз жоқ мұнда түсінетін елге ғибадаттар бар» (Зүмәр-42) Ұйқы мезгілінде көру, есту, ойлау қабілеттері тоқтайды, кейбір сезім мүшелері ажыратылып, бірақ ұйқы уақытында сапар шегуге болашаққа, өткен шаққа не бір оқиғаларды бастан кешуге болады. Бірақ барлық пендеде бірдей емес. Неге? Кейбіреулер дым сезбей шынымен өледі? Немесе қорқынышты арпалыстарға түсіп болмаған соң шошып оянуына тура келеді? Осыны ахирет, деп екінші бір жиілікке өтуді айтады. Кіші өлім «ұйқы» жанның қаншалықты қандай дүние жинаған көрінісі. Аятта: «Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтады. Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру үшін күндіз оятады. Соңыра қайтіп барар жерің сол жақ. Одан кейін істеріңді түсіндіреді» (Энғам – 60)

Күндізгі істер өлшеніп есепке алынып, жаманды жақсы күйге түсіп, немесе керексіз мағлұматтар өшіріліп келесі күнге жан өзіне бағдар тапсырмалар алып отырады. Демек әр пенденің жанының ұйқы кезінде баратын өз орны кеңістігі есеп беретін орны болып бүкіл тағдыр жазылып отырады. Есте сақтау қабілеті жанда болады. «(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның мәрхаметін олар бөліп бере ме? Олардың дүние тіршілігіндегі несібесін араларында Біз үйлестірдік. Сондай-ақ бір біріне бағынсын деп, бірінен бірін дәрежеде көтердік.Раббыңның мәрхаметі олардың жиған тергенін артық».(Зұхрұф 32) Адам баласының бүкіл өмірлік ризықтық несібесі жан қуатына тәуелді болмақ. Сол үлесін тек ұйқы кіші өлім кезінде жинайды. Олай болса пенденің жарты ғұмыры қалай ұйықтауға немесе қалай өлуге тәуелді болмақ. Демек ұйқы немесе өлім келесі өмір жалғасы. Сондықтан да жан өзіне тек ақиретке өткен жандарға тәуелді түрде ғана несібе жинайды.

Жалпы өлім белгілі мезгілге және уақытқа тәуелді құбылыс. Мезгіл өз дәрежесінде 4 кезеңге бөлініп отырады. Өлімнің де пенде үшін сондай белгіленген мезгілдері болады. Енді сол мезгілдер іщінде қиямет сағаты сосын қиямет күні және қиямет қайым болып, бір мезгіл есеп уақыты болып тұжырымдалып отырады. Жанның үлкен өлімі,(өмірден озу) жалған өмір есебімен қиямет мезгілі ақиреттің басы болып есептеледі. Ақирет тіршілігі басталып өлшемді берілген жылдардан соң өлім сағаты, күні және қиямет қайым болып барып ұзын өмірге өтеді. Бір сағат ішінде қанша минут болып тербелсе, ақиреттік уақытының өзіндік ұзындық өлшемі бар. Бұл әрине өз парызын өтеген жанның рух белгісіне тәуелді түрде өмір сүрген жандар үшін есеп бағдар. Өлімді түсіну үшін жан ғылымынан хабардар болу керек, ал жан ғылымын меңгеру үшін тәнді білу шарт, сондықтан да әулие бабамыз:

Ғалым тән мен жан екеуіне басшы болар,

Жан ғылымы Хазіретіне жақын тұрар,

Махаббаттың шарабынан ішіп тұрар.

Ондай ғалым, ғалым болар достар — ә.

Яссауи бабамыз жан ғылымын меңгерген және түрлендіру.(тазару) рухтан қосымша белгі алу, (махаббат шарабы) байланысқа шығу тәсілін меңгерген ғұлама. Сол салған ізбен бабамыздың іздегенін іздеп көрелік, енді мұқият болыңыз оқушым.

Жан тазалығының соңғы шегі Алламен жүздесіп мәңгілік бақыт ләззатына кенелу. Бүкіл жеген тамағыңның нәтижесі тек ауызда қалған дәмі ғана. Қалғаны малдың ләззаты немесе қозғалыс қуатына айналар, оны нәпсі дейміз. Адам жанын ғана Алла тағала бөлек ерекше жаратқан, бүкіл жаратылыс тек соған қызмет етеді. Сол үшін оған керекті жоспарды есту, көру, ойлау қабілетін берген, сонан сезім, түсіну белгісі қалыптасып сөз болып шығады. Сөз соңғы нәтиже. Ахиретке өтетін басты белгі. Ахиретке өту тек өлім арқылы ғана іске асады. Яғни бір жағдайдан екіншісі бір жағдайға жиілік өмірге өту. Жалғыздық тек Алла тағалаға тән сипат. Сондықтан барлық жаратылған нәрсе жұп, міндетті түрде екінші болмысы болады. Көрінбейтін (көмес) өмір деп екінші бір жиілік тіршілік ортасын айтады. Екінші өмір жиілігінде, жақсылық істер жарық болып тағы оған көбейтіліп өседі дамыйды, ал жаман қылық істер қараңғылыққа айналып сол қалпында тазаруға тозаққа өтеді. Тазарған жандардың ұжмақ, бейіш, сосын жаннатқа өту кезеңдері басталады. Әр қайсысының өз уақыты жиілігі есебі бар. Қиямет қайымға дейін адам жанына қайта-қайта мүмкіндіктер, түрленуге жоспарлар есептер беріліп отырады. Адам жанына өсіп өну үшін әр түрлі нәрселер жаратқан. Жалған өмірде көркемдеп тәнді берсе, тозақта түрлі жаратылыс егесіне байлап қойса, әрі қарай күрделене бермек. Бірден жәннатқа жетіп барып кейін бірден тіріле салу ол надандар ойлап тапқан ертегі. Сондықтан қашанда жан жұмыс істейді үнемі қозғалыста болады. Жалпы төрт кезең мезгілден өту шарт! Сынақтардан өтіп, қиындығына төзіп, жеңіп шықсаң келесі белеске өтесің. Сынып кетсең өзің сияқты жандармен топтасып тағы мүмкіндік беріледі. Үштің бірі сосын бестің бірі … әрі қарай мыңның бірі болып жалғасып кете береді. Демек жан мәңгілік өмір сүреді тек қайда бұрылу болашағыңның бір кірпішін құюды өзіңе беріп қойса, қалайтын құдай шебер!